Өз сөзім...

АТАМЕКЕНІМ ДЕП КЕЛГЕН ҚАНДАС МЕМЛЕКЕТ ІСІНЕ АРАЛАСУЫ КЕРЕК

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

 

Қазақстан Республикасы

Президенті Әкімшілігінің

Басшысы Н.З.НЫҒМАТУЛИНГЕ!

 

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Өзіңіз жақсы білесіз, әлемдегі бар қазақтың жалғыз Отаны – Қазақстан!

Кешелі бері қандас бауырларыңыз Сізге хат жазып, алыстан оралған ағайындардан да келесі шақырылымда Мәжіліс депутаты болса екен деген өтініштерін айтып жатыр екен. Егер, бұл игі іс орындалатын болса, нұр үстіне нұр емес пе?! Соған байланысты, біз де өз тілегімізді жеткізгенді құп санадық. Қазақстаным, атамекенім деп келген қандас бауырларымыз да мемлекет шаруасына араласып, жұртына пайдалы істер тындырса, шын мәніндегі халық қалаулысы атанса, Алаш абыройы тағы бір асқақтай түсер еді деп ойлаймыз. "Алаш" демекші, кезіндегі Алаш ардагерлері халқы үшін ұшан-теңіз тірліктер атқарып кеткенін білесіз. Сол секілді, Қазақстанымызға оралған қаламгерлер мен ғалымдар, спортшылар мен  кәсіпкерлер, тағы басқа да қоғам ісінде белсенділік танытып жүрген бауырларымыздың депутат мандатына ие бола отырып, құрметті атты абыроймен алып жүретіндіктерін кәміл сенеміз.

Сондықтан да, Сізге шеттен келген ағайындарымыздың арасынан да үш-төрт депутат болса екен деген тілегімізді жеткізгіміз келеді.

Құрметпен,

Республикалық «Мәртебелі мамандық» журналының бас редакторы Ш.Әміржан,

Республикалық «Сақшы» газетінің журналисі Ғ.Ғалымбекұлы,

Республикалық «Шоқыр» спорттық журналының бас редакторы Б.Сегізбаев,

Тәуелсіз журналист Еркеғали Бейсенов.

20 пікір 2601 рет оқылды Қосылған: 24.01.16
    • #1
    • Оқырман
    • жб, 24/01/2016 - 20:49

    Қандай проблема? Ұсынсын өздерінің кандидатураларын, түссін сайлауға, жеңіп алсын. Осылай хат жазғанымыздың өзі демократиялық принциптерге сенбейтінімізді көрсептей ме? Біз зайырлы, демокртаиялы мемлекетпіз ағайындар.

    • #2
    • Азғындату саясатының нәтежесі
    • жб, 24/01/2016 - 22:17

    Қандай проблема? Ұсынсын өздерінің кандидатураларын, түссін сайлауға, жеңіп алсын.
    ***********************************
    Оқымаған оқырман, қандай кандидатураны айтып, боғыңды езіп отырсың?
    Сайлау туралы заңды оқымаған, ондағы проблеманы көрмейтін, сезбейтін қандай оқырмансың!?
    Партиялық тізім бойынша өтетін "сайлауда" депутаттық орындарға тағайындалатын адамның аты-жөні бір адамның көңіл-қошының "демократиялық принцепі" бойынша анықталатынын білмесең неменеге былшылдайсың, ішітар ақымақ!?

    • #3
    • Руза
    • жб, 24/01/2016 - 22:32

    Міндетті түрде араласуы керек! Бөтен елге келген жоқ! Ауыт бауырым секілді қазақ санын арттырса қанекей! Басты іс, біздей, территориясы алпауыт, адамдары жоқтың қасы мемлекетте сол болмақ!

    • #4
    • корипкел ванга
    • жб, 24/01/2016 - 23:09

    оралмандарга кандай депудаттык орын озимыздын улшылдарга орын жок сиздер келсениздер есик еки есе жабыккой мен билемын саилау калай отерин нуротан 92паиыз акжол 5паиыз компарти 3паиыз азатпен осдп га орын жок

    • #5
    • Нұротаншыл
    • дн, 25/01/2016 - 0:46

    әнші Майра сияқты подружкасына бір орын беріп қойса несі кетеді? Қайта елдің емес биліктің сөзін сөйлеп жүреді.

    • #6
    • Алаш баласы
    • дн, 25/01/2016 - 10:27

    егер парламентке ұлттық мүддені ту етіп көтеретін, ұлтшыл азаматтар депутат болып отыратын болса, шеттен келген қазақтардың депутаттық мандатты талап етуінің қажеті шамалы еді. өкінішке қарай биілыкк өз ана тілін менсынбейтын, салт -дәстүрін, мәдениетін силамайтын орыстылды тобырлар биілкке жемтыкке уймелеген қарғадай қаптап кетті. ұлт мүддесі, тіл, рух мәселесі осы тобыолардын кесірінен, жанталаса қарсы болуымен екінші, үшінші, тіпті күн тартыбынен алынып тасталды. қазақ рухының оянуынан, тілінің қалпына келуынен өлердей қорыққан осы сайланған топ, ақыры қазақ көшін тоқтатып тастады. қазіргі толықтырулар енгізіліп қабылданған заң 2007 -жылдары қолданылған заңның қарасын көрмейді. сол кездегі заң талаптарында бар баптар мен тиімділіктер бұл заңда қарастырылмаған. ол кездері бір айда ғана азаматтық алуға болушы еді. келе салып тұрақты тіркеуге тұратын болсаңыз, азаматтықка тапсырсаныз келесі айда қазақстан азаматы болып шыға келетін едіңіз. жалпы алғанда атқарушы билікке деген сенімсіздік қандастарымызды осы қадамға итеріп отыр. мәселе тек депутат болумен шешылмейды. шеттен келген бірде бір қазақты, мың жерден білімді, іскер болсада депутаттыққа өткізбейді. үйткені қазіргі жүйе, билік, жалпы қоғам бұндай ұсынысты қабылдауға әлі дайын емес. советтік көзқарас, сенімсіздік таныту, әсіресе қытай қазақтарына деген үрке қарау жерлік қазақтардың санасында әбден орныккан. кытайдагы қазақтарды ашаршылық жылдары осы жақтан қашып өткен қазақтардың ұрпақтары деп ойлайды. оларға солай уйреткен, санасына сіңірген. жергілікті қазақтардан басқа осында қоныстанып отырған өзге ұлт өкілдерінің де шеттен келген қазаққа буйрегы бұрып тұрған жоқ. сіздер сенбеулерыныз мүмкін, осы қазақстанда Зеки Пилген деген түрік бизнесмены бар. алпауыт туркуаз деген компанияны басқарып отырған. қазақ билігі шеттен келген бір милионнан асатын қазақпен емес, осы Зеки Пилгелмен санасады. шеттен келген кандастарымнын жан айгайын жан таныммен түсінемін, өзімде шеттен келген қазақтың бірімін. қазіргі билік қалталылардың билігі нағыз халықтық билік орнаган кезде, демократиялық құндылықтарды бірінші орынға қояйтын, тәуелсіз, ұлттық санасы оянган ұрпақ билікке келген кезде шеттен келген қазақ, жергілікті қазақ деп болынбейтын заман болады.

    • #7
    • Жәнібек
    • дн, 25/01/2016 - 10:35

    Оралман болғанда қалай егерде азаматтықты алса мен қарсы емеспін бірақ депутаттықа сай болулары керек деп ойлаймын.

    • #8
    • ауыл баласы
    • дн, 25/01/2016 - 11:32




    Қазақ топырағына, оның еліне, экономикасына тер төгіп, еңбектеріңді сіңіргеннен соң ҚР Заңнамалары аясында додаға түсіп, депутаттық мандатты жеңіп ал да, коррупция мен жағымпаздыққа жол бермей, "көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның" - деп басыңды шұлғып, (тізіммен өткен кейбір депутаттар сияқты) күніңді күнәмен өткізіп сығырайып өтірік күліп отыра бермей, Қазақстанның болашағына қауқарыңның барында ат салыссаң, құба құп деп қолдауға біздер, бауырлар жандарыңнан әрқашан табыламыз.



    • #9
    • Аслан
    • дн, 25/01/2016 - 11:36

    Саясатқа хабары бар азаматтар өз кандидатурасын ұсыну керек.

    • #10
    • казахстанскии казах
    • дн, 25/01/2016 - 12:11

    оралмандарды жолатпау керек лучшее биздин орыстарымызды саилау керек

    • #11
    • қазақ
    • дн, 25/01/2016 - 14:02

    Оралманның барша халықтан ерекше бөлініп өзіне депуттаттық орын сұрауы мұндағы бұрыннан тұратын халықтың құқын таптап, басынуы, басқаша бағалау мүмкін емес.

    • #12
    • ҒУЛЖЫЛЫҚ
    • дн, 25/01/2016 - 14:30
    Пікір алынып тасталды!
    • #13
    • Ауыл қазағы
    • дн, 25/01/2016 - 18:05

    Қазақ!Казахстанский казах!
    Елге оралған қандастардан не жамандық көрдіңдер,айтыңдаршы?Нағыз орысқұл екенсіңдер.Сонда қандас қазақтар басқа халық болғаны ма?Сен сияқтылар алауыздық тудырғаны үшін заң алдында жауап бреруі керек.

    • #14
    • Еркегали Бейсенов
    • дн, 25/01/2016 - 18:56

    Мында менин аты-жоним не истеп жур? Ким косты, оз руксатымсыз? (Телефонымда казакша арип жок. Айып етпениздер!).

    • #15
    • Қазақ
    • дн, 25/01/2016 - 19:15

    Міне Ауыт сияқты хатты ұйымдастырушылардың өтірігі шықты: хат соңында аты жөні тұрған Еркеғали Бейсенов оған қол қоймаған.14 ті оқы. Қандай аярлық, бұлардан бәрі шығады.

    • #16
    • Айту
    • сс, 26/01/2016 - 2:03

    Автор дурыс жазып отыр.Оралмандардан да койылу керек ....
    Олар болса,казах тiлiнде сойлеседi.
    Жане де неге сол да проблема болып калыппа?,5-10 турмак 100 i койылсада ,казах болса,онда турхан не тур.?.
    Тукке турмайтын бос соз куалаханша.
    Ане калмах тар,ойратт тар ,да отырхан жокпа ?,баска улттардан.тук бiтiрмей,не дiнiмiздi ,не казах тiлiн насихаттамай.
    Казах ша сойлемегендерiн шыхару керек оданда.

    • #17
    • жолдасбек
    • сс, 26/01/2016 - 9:08

    Өте оңды. тəжірибелі даукес, ұрда жық оралман Қабдеш Жұмаділов, Мырзатайдың көтенінен сығалап отырған жалбақпай Несіпбек Айытов, жағымпаздықтың қытайшасының түбін түсіретін Ауыт Мұқибектер өте лайық. Парламент жатсын боққа шыланып.

    • #18
    • Өтірікші
    • сс, 26/01/2016 - 10:30

    Еркеғали Бейсеновтің ғана қолын емес, басқа хаттардың астына кімдер қол қойғанын тексеру керек, себебі барлық сұраншақ хаттар бір біріне егіз қозыдай ұқсас, бір қалыптан, қулықтың түбін түсіретін бір алаяқтың қолымен жазылуы мүмкін.

    • #19
    • Алшын
    • сс, 26/01/2016 - 11:55

    #17
    Жолдасбек ке
    өте дұрыс бұған тағы Асқар Тұрапбаев , МС Сайлаубекті қоссаңыз қатып кетер еді.

    • #20
    • Қазақ
    • сс, 26/01/2016 - 15:20

    Өтірік жаны ашығансып, оралмандар демейік деп тұрып, олардың андай іске араласуына жол бермеи мазаққа айналдыру - барып тұрған топастық қой және. анау казахстанки казах деген мәңгүрт екен. оралман деп боліп отырған, тұрсынхан Зәкен болса да, кім болса да, пайдалысы өздеріңе емес пе сорлылар?!

Пікір қосу

  • 9 + 36 =

Вход