Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3900 0 пікір 11 Ақпан, 2016 сағат 14:37

АЛДАҒЫ КҮНДЕР КҮН -20 ГРАДУСҚА ДЕЙІН СУЫТАДЫ

Кейінгі күндері қаһарына мінген аяз әлі бірер күн сақталып, тіпті кейбір аймақтарда одан сайын күшейе түспек.

Атап айтқанда, еліміздің орталық және шығыс аймақтарында сынап бағанасы -30 градусқа дейін төмендейді деп хабарлайды 24 арна.

Мұндай салқындық батыс өңірлерде де байқалады. Бірақ ешқандай жауын-шашын мен желдің күшеюі болмайды.

"Таяу аралықтағы тәулікте Қазақстанның көптеген аймағында ауа райы жауын-шашынсыз, ашық, аязды болады. Батыс өңірлерде ауаның түнгі температурасы 5-10 градус аяз болады. Солтүстікте 10-15, кей жерлерде – 18 градус аяз. Орталықта және Шығыс Қазақстанда – 20-25, кей жерлерде 30 градус аязға дейін барады. Ал оңтүстікте 20 градус аязға дейін барады", - дейді  «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Ләззат Керімова.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621