Мәйекті

ҰЛТШЫЛДЫҒЫҢДЫ СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН ДӘЛЕЛДЕ!

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Биыл ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы. Осы мақсатта «Алашорда» қоғамдық қоры қазақ баласына қайырылып, Әлекеңнің мерейтойы аясында қолға алынатын, атқарылатын іс-шара, жұмыстарға деп қаражат жинап жатыр. Мұның себебі, Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына Үкімет қазынадан қаржы бөлінбейтіндігінде болып отыр.

Қайырлы істен қалыс қалмайық, ағайын!

Алашшыл, Абайшыл болайық!

Abai.kz

Әлиxанға, Алашордаға деген маxаббатымызды Сөзбен емес, іспен дәлелдеп, Әлиxан бабамыздың тойына әрқайсымыз 1000 теңге аударсақ та, көмек берейік, қайырлы іс, сауапты іс, Алла разы болсын!!! (егер счетқа ақша аударсаңыз, чегін бізге жіберіңіз) Достар, таяуда біздің БАҚ Әлихан Бөкейханның 150-жылдығына қаржы бөлінеді деген мәдениет министрінің сөзін жер жаһанға жайды. Неткен аңқаулық десеңші! Министрдің құр сөзіне сенейік пе әлде Премьер-министрдің 2015 жылғы 12 қарашада депутаттарға ресми түрде берген мына жауабына сенеміз бе: «Қазіргі уақытта қаржы-экономикалық ахуалға және бюджеттің қысқартылуына байланысты 2016 жылға мерейтойлық іс-шараларды өткізуге арналған мақсатты қаржы қаражаты көзделмеген. Осыған байланысты, мерейтойлық іс-шаралар мемлекеттік органдардың ағымдағы жұмысы шеңберінде және бюджеттен тыс қаражатты тарту есебінен өткізілетін болады. Әлихан БөкейханОВтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында мемлекеттік органдарға тарихи тұлғаның мерейтойы құрметіне БАҚ-тарда кеңінен жариялай отырып, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мәдени-көпшілік және басқа да әлеуметтік маңызды іс-шаралар өткізуге тапсырма берілді». Байқасаңыз, хатта Алаш көсемінің 150-жылдық мерейтойы халықаралық маңызы зор оқиға деп қарастырылмайды. Естеріңізге салайын: 2015 жылдың қарашасында ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы Әлихан Бөкейханды «шынайы бүкіл дүниежүзілік даңқты тұлға» деп мойындап, оның 150-жылдығын өз аясында (ЮНЕСКО) тойлау туралы Қарар қабылдады. Ал енді мәлім болғаны: Әлиханның 150-жылдығы министрліктердің іс-шаралар жоспарына да кіргізілмеген, яғни 2016 жылы оларды қаржыландыру да қарастырылмаған. Бүгін «Алаш» институты «Әлихан Бөкейхан. Шығармаларының 16 (18) томдық толық жинағын» және Ә.Н. Бөкейханның өмірі мен тарихи қызметі туралы туралы 2-томдық монографияны баспаға дайындады. 1917-1920 жылдары Қазақ-Алаш мемлекеті исі қазақтың, бай-меценеттардың қаражатына құрылып, іс атқарғаны тарихтан мәлім. Қадірлі достар, Отанымыздың тарихына, жерінің, ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын қиып, қазіргі Қазақстанның қалыптасуына өшпес үлес қосқан тарихи тұлғаларға немқұрайды қарамайтын әрқайсыңыз, Әлихан Бөкейханның есімін мәңгілік есте қалдыруға үлес қоса аласыз.

«Алашорда» қоғамдық қоры

ИИН: 000940007148

КБЕ: 17

Есепшот №: KZ86914398416BC11601 (KZT),  KZ19914012203US000VR (USD)

Құрметпен, Сұлтан Хан Жүсіп «Алашорда» қоғамдық қорының директоры

11 пікір 2439 рет оқылды Қосылған: 01.03.16
    • #1
    • Алтай
    • сс, 01/03/2016 - 14:58

    Кандай Банк?

    • #2
    • шешен
    • сс, 01/03/2016 - 15:48

    Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.

    • #3
    • Бір қазақ
    • сс, 01/03/2016 - 18:13

    Халық қолындағы азын-аулақ тиынын берер-ау! Көп түкірсе көл деген. Ал енді ұлтшыл, қазақ десе жанын беретін қалталы азаматтар не дейді? Олар меценат болуға жарамай ма? Біреуі бастап үлгі көрсетсе, қалғаны қоштайтын шығар. Қазақтың көсемі Әлиханныңаруағы үшін... Зиялы топ, зиялы болғанда бір бармағын ішіне тығып, жоғарыға жалтақтап, есебін түгендеп жүргендер емес, менмін деген ірі жігіттер, аптал азаматтар қайдасыңдар! Ал көрсетіңдер елдігімізді....

    • #4
    • Ергелді Тілеміс- ұлы
    • сс, 01/03/2016 - 18:28

    Құрметті қазақ қауымы!!! А.Бөкейханның ұлы тойы (Алаш-Арыстарының тойы депте түсінуге болады)тойланбайтыны бесенеден белгілі.Неге екендігі азда болса саяси түсінігі бар азаматтардың барлығына түсінікті.Ал енді осындай ұлы тұлғаның тойын қайыр тілеп жинаған қаражатпен өткізу МАСҚАРА.Биліктің жанындағы ұры қарылардан ақша сұрағанша,Алладан иман сұраған жөн сияқты.Сондықтан А. Бөкейханның 13 томдық еңбектерін әрқайсымыз жағдайымыз келгенше окып,түйгенімізді бала шағаларымызға насихаттап,жан дүниемізбен тойлағанымыз дұрыс сияқты.Басқа амалда жоқ қой деймін.Бұл менің жеке пікірім. Қателессем айып етпеңіздер.

    • #5
    • 56
    • сс, 01/03/2016 - 23:08

    ТЕЛЕГРАММА ТУРГАЙСКОГО ОБЛАСТНОГО КОМИССАРА А. БУКЕЙХАНОВА МИНИСТРУ ВНУТРЕННИХ ДЕЛ ВРЕМЕННОГО ПРАВИТЕЛЬСТВА УРУСОВУ С ПРОСЬБОЙ О РАЗРЕШЕНИИ НА АРЕСТ АМАНГЕЛЬДЫ ИМАНОВА
    г. Оренбург

    23 мая 1917 г.

    В 1916 году в связи набором киргиз на тыловые работы часть киргиз Тургайского уезда восстали с ноября до марта [1917 г.]. Карательная экспедиция разоряла мирную часть уезда, которую грабили и восставшие. Во главе последних стали профессиональные конокрады Абдулгафар и Амангельды. Они амнистию и отмену набора рабочих поняли как свою победу над государственною властью. Сторонники Абдулгафара продолжали свои грабежи после амнистии. Один из них — Бегежан убил киргиза Сеиля Кабакова 6 марта. Желая прекратить грабежи, я созвал в гор. Тургай стариков обеих сторон и предложил им ликвидировать взаимные гражданские претензии мирным путем. Абдулгафар с Амангельды, не желая принять участия в совещании, выехали из Тургая. Успокоение уезда требует ареста их. Из-за них я держу в уезде четыре сотни казаков. Прошу вашего разрешения арестовать Абдулгафара и Амангельды впредь до разъяснения его сторонникам смысла амнистии и свободы занятия, для чего мною будут командированы особые лица в Тургайский уезд. После ареста Абдулгафара и Амангельды казачьи сотни будут возвращены на фронт. 797.

    Тургайский комиссар Букейханов

    • #6
    • Бар
    • сс, 01/03/2016 - 23:19

    1917-1920 жылдары Қазақ-Алаш мемлекеті исі қазақтың, бай-меценеттардың қаражатына құрылып, іс атқарғаны тарихтан мәлім.

    Құрметпен, Сұлтан Хан Жүсіп «Алашорда» қоғамдық қорының директоры.
    ----------

    Мынаны жазып отырған директор тарихтан сауатсыз екен! Өйткені1917-1920 жылдары Қазақ-Алаш мемлекеті исі қазақтың, бай-меценеттардың қаражатына құрылған емес! Бізде ондай мемлекет болған емес! 1917 жылы желтоқсанда өткен екінші жалпықазақ съезінде Алаш автономисын құру туралы міселе көтерілген. Бңрақ оны тез арада жариялауға Ә. Бөкейханның өзі қарсы болған. ... Осы съездің қаулысын мұқият оқып шығуды біріңізге ұсынамын!

    • #7
    • Жақан
    • сс, 01/03/2016 - 23:29

    Әлиxанға, Алашордаға деген маxаббатымызды Сөзбен емес, іспен дәлелдеп, Әлиxан бабамыздың тойына әрқайсымыз 1000 теңге аударсақ та, көмек берейік, қайырлы іс, сауапты іс, Алла разы болсын!!
    -----
    1916 жылы көтеріліске шыққандарға деген махабатымызды Сөзбен емес, іспен дәлелдеп, Амангелді бабамыздың 1916 жылы жасаған әрекетіне 100 жылуына орай әрқайсымыз қолдан келгенше ...

    • #8
    • Сай баласы
    • сс, 01/03/2016 - 23:39

    Алла разы болсын!!! (егер счетқа ақша аударсаңыз, чегін бізге жіберіңіз) ...
    ----
    1914 жылы өткен мұсылман съезіне қатысқан Ә.Бөкейханов қазақтарды мұсылман емес деген жоқ па?! Ол жөнінде "Айқапта" айтылған!

    • #9
    • Мәлік
    • сн, 02/03/2016 - 0:37

    Сұлтан Хан Жүсіп мырза! Айлық алмағанымызға екі айдан асып барадыІ
    ... Сіздің есеп шотыңызға ақша аударуға қол келте болып тұр.! Тарихшылар сенделіп, тентіреп кетудің сәл-ақ алдында тұр!

    • #10
    • Бектемірге қазақ
    • сн, 02/03/2016 - 12:19

    Шындық еріксіз соған тіреліп тұр ғой. Уақытша үкіметтен ала алмаған рұхсатының есесін қайтарып, он тоғызыншы жылы алашорда Аманкелдіні және басқаларын аюандықпен өлтірді. Оған өлім жазасын кескен Торғайдағы алашорданың "әскери кеңесінің" мүшелері Міржақып Дулатов, Мырзағазы Есполов т.б. Шындықты, ащы болса да, мойыдасақ, Алашорда деген жеке мемлекет мүлдем болмаған. Бүгінгі тарихты бұрмалаушы әпербақан өтірікшілердің фантазиясы таусылар емес, күн өткен сайын өршіп келеді. Алашорда мемлекет те, жеке үкімет те емес, ол тек жалпы халық кеңесі деп, болашақта барша қазақты басқару үмітімен жарияланған еді ғой, оның сьезіне делегаттар демократиялық жолмен сайланбаған, көбі сырттай тізіммен шақырылған, оның құрметті делегаттары ішіндегі бай, болыстар, билер он алтыншы жылы патшаның жазалау отрядтарын ертіп жүріп халықты қырғызған жуан қарындар. Алашорданың басқарған біртұтас және бірыңғай территориясы да, халқы да болмаған, ендеше сондай "мемлекет" болушы ма еді? Семейде бір топ қана алаш отырса, Торғай Қостанай жағында Колчакка жалынып Дулатовтар жүрсе, Жымпитыда Досмұхамедовтердің тобы ғана болған. Ал Қазақтың Түркістанға қараған жерінде қызылдар өкіметі азамат соғысы кезінде құлаған жоқ. Солтүстігінде де ойдым-ойдым қызылдар тұрды. Осылай өтірік айтудың құны не сонда? Ол амалсыздан халықты, оқырманды осындай өтірікпен шынайы алаш тарихынан түңілдіруге тіреу, алашордаға болмағанын болды ғып таңу - оған халықтың қарсылығын, сенімсіздігін тудыру, санада кері реакция тудыру екені айқын . Онанда шындықты жасырмай айтып, алашорданың сәтсіз тірлігін түсіндірсе, аюандығының да себептерін азамат соғысына байланысты халықтың екіге жарылған себептерімен түсіндірсе - бұл баршаға түсінікті болар еді. Ал былайынша алашорданы бүкіл қазақ жұрты қолдады, оны жақтамаған "бұралқылар"ғана, қазақтың бірен-саран сатқындары деп сандырақтау алашордаға қарсы өшпенділік тудырады. Сондықтан халықтың өз тарихын осылай жасанды түрде жікке бөлу, өтірік айту - алашшылдар тарапынан баяғы азамат соғысын жалғастыру сипатына ие боп кетті.. Тарихтағы қызылдар мен ақ-алашордашылардың нендей мақсатты ұстанғанын түсіндіріп, халыққа екі жағының да кемістігі мен артықшылығын дәлелдеп, жақындастырса - бұл әлдеқайда пйдалы болар еді. Қоғамды жікке бөлмей, біріктіруге қызмет етер еді.
    Ал Ақылшы ұстаздың Аманкелді көтерілісті бекер бастады деуі қате, тарихта болып өткен оқиғаны жүз жылдан кейін "түзетуе" болмайды, ол нәтижесіз тірлік. Көтерілісті жалғыз Аманкелді бастаған жоқ, ол Шу-Талас өңірін, бүкіл Түркістанды жайлады. Ол халықтың стихиялық қарсылығы, бас көтеруі. Сонда Аманкелділер "Итбайлардың" тірлігіне көніп, Бөкейхановтардың ақылына сеніп, моп-момақан күйінде қайда айдаса да жүре беруі керек екен ғой...

    • #11
    • Еркин
    • сб, 05/03/2016 - 20:22

    Осылай да акша жинай ма екен? Бул жарнама макаланы коп болса 1 .-2 мын адам окиды. Онын ушеуи берер. Одан да духтарын жетсе Елбасыдан сурандар, комектессин. Уры биснесмендерден сурап, талап етип ашык хат жазындар. Султанхан ,олай жасай алмасан кайыршы болып озиннин де, Бокейхановтын да абыройын тусирме...

Пікір қосу

  • 1 + 42 =

Кіру