Дей салдым-ау

ӘБЛӘЗОВТІ ФРАНЦУЗДАР БОСАТПАҚ...

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Бүгін Францияның Лион қаласындағы аппеляциялық сот қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әбләзовтің шағымын қарастырады. Қомақты қаржымы жымқырып, елден қашып кетті деп айыпталған Әбләзов Лион сотына түсірген аппеляциялық шағымында өзің қамаудан босатуды талап еткен.

Осының алдында Франция үкіметі Мұхтар Әбләзовті Ресейге экстрадициялауға басымдық беретін шешім шығарған болатын. Бұл туралы әуелде Франция Премьер-министрі Мануэле Вальсом мырза мәлімдеген. Алайда Әбләзов қорғаушылары Францияның Мемлекеттік кеңесіне қайта қарастыруын өтініп, шағым түсірген. Бұл туралы «Форбес» сайты жазады.

Ал 8 наурыз күні экс-банкир қорғаушылар сотқа қайта шағымданып, Әбләзовті қамаудан босатуды талап еткен.

Адвокаттардың айтуынша, Франция үкіметінің Мұхтар Әбләзовті ұзақ мерзімге қамауда ұстауына еш негіз жоқ. Өйткені, ресми билік тарапынан (Франция билігі – ред.) Әбләзовқа қатысты ешбір шағым, айыптаулар түспеген. Десе де, "Қазақстан мен Ресей қаржысын қолды қылып кетті" деп айыпталған экс-банкир, кейбір деректер бойынша саяси диссидент Мұхтар Әбләзов Франция түрмесінде 2 жыл 7 айдан астам уақыт отырған.

Өз кезегінде Францияның Бас прокуратурасы  Әбләзов ісіне қатысты көптеген шикіліктер туындағанын және Франция билігі қазақстандық экс-банкирге сенімсіздік танытатынын айтқан. Прокуратура келтірген мәліметтерге сүйенсек, Мұхтар Әбләзов қорғаушылары айыпталушыны қамаудан босатқан күннің өзінде оның елден тағы қашып кетпесіне кепіл болатын нақты деректер келтірмеген.

Естеріңізде болса, БТА банкінің экс-директоры Мұхтар Әбләзов француз Альпісінде 2013 жылдың маусым айында тұтқындалған-тын. Қазіргі таңда экс-банкир Париждің оңтүстігіндегі Флери-Мерожиде қамауда отыр.

Әбләзовтің қаржылық «махинациясының» негізінде Қазақстан, Ресей және Украина билігі экс-банкирдің үстінен қылмыстық іс қозғаған. Десе де, Астана мен Париж арасында экстрадициялау туралы келісімдердің жоқтығынан,  Әбләзовті Ресей мен Украинаға ғана экстрадициялауға мүмкіндік бар екен.

Тақырыпқа тұздық

Осы уақытқа дейін Әбләзовті Қазақстанға қайтаруға барын салып келген ресми орындар енді оның елге әкелуіне бей-жай қарай бастаған сияқты. Әйтпегенде, осыдан бес жыл бұрын БАҚ пен биліктің негізгі нысанасына айналған банкир мырзаның ісіне қатысты қазір сирек жазылып жүр.

Расымен, шет мемлекеттердің абақтыларында немесе белгіленген аумағында жазасын өтеп жатқан, яки жазасын күтіп жатқан қазақстандық саяси тұтқындар туралы әлемдік және қазақстандық БАҚ жиі жазып келді. Солардың ішінде әлемдік БАҚ назарын тіккен, 3 бірдей пост-кеңестік мемлекетті тақырға отырғызып кетті деген – атышулы экс-банкир Мұхтар Қабылұлы Әбләзов та бар екені әмбеге аян.

Кезінде «БТА» банкінің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы туралы қоғамдық ортада түрлі дақпырт тарағанымен ресми билік пен құзырлы органдағылар – Әбләзовты қазіргі саяси жүйенің басты оппаненті деп танитыны жасырын емес. Сондықтан да, оның прото бейнесін – ұры-қары образында көрсетеді. Мысалы, Бас прокуратураның тергеушілері БТА банкының бұрынғы басшылығы оффшорлық компанияларға ешқандай кепілсіз берілген несиелер арқылы Қазақстаннан 10 миллиард АҚШ долларын жылыстатқан дейді.

Тәуелсіз кәсіпкер өзінің ашық сындары арқылы көптеген қазақстандық шенеуніктердің қытығына тиетіні де жасырын емес еді. Тіпті, Мұхтар Әбләзов биліктің биік дәлізінде жүрген кезде де  кемшілікті бетке айтудан тартынған емес-ті. Ол Қазақстанның жаңа өнеркәсіптік  концепциясын құрып,  ҚР Энергетика министрілігін басқарды. Ал 2001 жылы 33 жастағы Мұхтар БТА директорлар кеңесінің төрағасы болды. Иә, біреуді әсіре мақтағанымыз емес, бірақ Мұхтардың басшылығы тұсында БТА ТМД елдеріндегі ең үздік банктердің қатарында болған-тұғын. Мұхтар сол кездің өзінде Қазақстанның экономикалық нарығы құлдырап бара жатқанын жақсы білетін.

Саясаттанушы Виктор Ковтуновскийдің айтуынша, 2000-жылдардың бас шенінде қазақстандық саясаткерлер, тәуелсіз қозғалыс жетекшілері, кәсіпкерлер мен шенеуніктер Қазақстандағы саяси  жағдайды өзгерту үшін қандай да бір либералды, демократиялық партия құру жобасын бастап кеткен болатын.

Ал 2001 жылдың 18 қарашасы күні Ғалымжан Жақиянов, Мұхтар Әбләзов, Ораз Жандосов бастаған бір топ азамат «ДВК-ны» құрды.  Бұлардың сапында Әлихан Байменов, Болат Әбіловтер бар еді. Осылайша, жоғарғы билікте біраз жүрген Мұхтар – экс-шенеунік, экс-банкир, экс-министрі атанып шыға келді. Павлодар облысының экс-әкімі Ғалымжан Жақиянов пен экс-банкир Мұхтар Әбләзовқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, саяси қудалауға түскені туралы қазақстандық БАҚ аз жазбады. Ал қазақстандық оппозиция аракідік Мұхтарды ақтауға тырысқанымен нәтижесіз еді.

Қазір Франция соты Қазақстаннан өзге Мұхтар Әбләзовты экстрадациялауға қатысты берген Ресей Федерациясы мен Украина Жоғарғы Прокуротурасының өтініштерін қарастырып жатыр. Әзірге экс-банкирді Украинаға жіберуі мүмкін деген сыбыс тарай бастаған. Ал Франция соты Әбләзовты  Қазақстанға беру туралы ұсынысқа назар да салмаған. Саяси тұтқынның өміріне қауіп төнгізетіндіктен әзірге оны Францияда ұстай тұру туралы шешім күшіне енген де.

Ендігі шешім Францияның қолында болып отыр...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

42 пікір 1849 рет оқылды Қосылған: 11.03.16
    • #1
    • графен
    • жм, 11/03/2016 - 16:35

    Өз кезегінде Францияның Бас прокуратурасы Әбләзов ісіне қатысты көптеген шикіліктер туындағанын және Франция билігі қазақстандық экс-банкирге сенімсіздік танытатынын айтқан.
    **

    Әблязовтан да зор Ұрылар мында отырғанда оны босатқаны дұрыс. Ол ең болмағанда оппозициялық жалғыз телеарна ашып шындықты таратқан адам ғой.

    • #2
    • Ергелді Тілеміс- ұлы
    • жм, 11/03/2016 - 17:14

    Бүгінгі таңда Әбіләзов менің қаржымды жымқырды деген айыппен бірде бір Қазақстан азаматы сотқа шағымданған емес.БТА банк Әбләзовтың жеке меншік банкі.Сонда ол өзін өзі тонағанба?Өкіметтен ол бір тиында инвестиция алмаған.Олай болса бұның жазығы не? Жазығы біреу,ол оппозицияны қаржыландырғандығында.20 жылдың ішінде елден 300 миллиард доллар жымқырылып шет елдердегі офшорларға шығарылған.Оны іздейтін ешкім жоқ,өйткені олар биліктің өз адамдары.

    • #3
    • Нураткатбай
    • жм, 11/03/2016 - 17:54

    Құтырған мол мұнайдың ақшасы бітті, енді Аблязовтын шын азамат екенін көрсетсе опозитсяны қолна алып, мына іріп шіріген жұиенің тәубәснә тұсіруге болар

    • #4
    • Невроз казак
    • жм, 11/03/2016 - 18:01

    Бта банк аблязовтын жеке банки болса, онда оны булай кудалау уятсыздык екен! Бэсе, бир адам арызданбайды, менин акшамды алып кетти деп. Франция да соны билип калган екен гой.

    • #5
    • графен
    • жм, 11/03/2016 - 19:02

    Әблязов періште қылып құлдық ұрып табына кетпеңдерші. Ұрлық жасамаса жеке банк иелену қайда. Ол үкіметте жүргенде жеке компания құрып Қазақстанның біраз кәсіпорындарын жекешелендіріп тонап алғандардың бірі. Кейін соларды сатып жеке банк құрып алды.

    • #6
    • графен
    • жм, 11/03/2016 - 19:03

    ӘблязовТІ періште қылып құлдық ұрып табына кетпеңдерші. Ұрлық жасамаса жеке банк иелену қайда. Ол үкіметте жүргенде жеке компания құрып Қазақстанның біраз кәсіпорындарын жекешелендіріп тонап алғандардың бірі. Кейін соларды сатып жеке банк құрып алды.

    • #7
    • Айша
    • жм, 11/03/2016 - 19:08

    Қазақты отбасының езгісінен бір құтқарса осы азамат құтқарады.

    • #8
    • pikir
    • жм, 11/03/2016 - 19:12

    abai kz quasyndar demokratiadan qabary zhoq qazaqstandyqtarga bul koteretin matin emes pikir bildirushiler mesheu qalgan

    • #9
    • 5-6 шы графенге!
    • жм, 11/03/2016 - 19:49

    Ррафен-ау, Әбләзов мына біздегі нән жемқорлардың қасында, шынында да періште емес пе?! Бастапқыда(90-шы жылдары) қолы жеткендердің бәрі де ішті-жеді, олардың 80 пайызы әлі де халықты қанауда, қомағайлана жұтып жатыр! Ешқайсысы да тойынар емес! Ал, Мұхтар Әбләзов болса , әйтеуір жиған-тергенімен азда болса оппозицияны қаржыландырып, қара халыққа пайдасын тигізді ғой? Қайталап айтайын, ол бас жақта отырғандардың қай-қайсымен салыстырғанда да ПЕРІШТЕ!

    • #10
    • Cерік
    • жм, 11/03/2016 - 20:54

    Аблязов - өз бизнесін нөлден бастаған тұлға. Кеңес үкіметінен қалған банкті жекешелендіріп, миллаиардер атанған емес. Түрмеге де шыдады. Ақылы да мол. Оны Еуропа соты босатуы керек. Әділдік бар деп сенеміз.

    • #11
    • Мақсұт
    • жм, 11/03/2016 - 21:45

    Қазақстанда артына шала байланған адамдар аз емес. Алайда Билік осы М. Әблиязовтың соңына өршелене түсті Неге? Қазақтың тағы бір дарынды ұлы М. Жәкішовты да түрмеге шықпастай етіп тықты.Оған қарағанда ұрлығы айқын да көлемдірек жылпос шенеуніктер сытылып кетіп жатыр. Неліктен? Өйткені "пигмейлер" билік еткен қоғамға тұлғасы зор, мықты адамдар көзге шыққан сүйелдей болған шығар. Бірақ "Алмас кездік қын түбінде жатпас" -деген бар емес пе? Аман болсақ Олардың даңқына әлі куә болармыз. Биліктегі кәрілер базардан қайтып жатқанда Мұхтарлардың базары әлі алда ғой.

    • #12
    • Мақсұт
    • жм, 11/03/2016 - 21:45

    Қазақстанда артына шала байланған адамдар аз емес. Алайда Билік осы М. Әблиязовтың соңына өршелене түсті Неге? Қазақтың тағы бір дарынды ұлы М. Жәкішовты да түрмеге шықпастай етіп тықты.Оған қарағанда ұрлығы айқын да көлемдірек жылпос шенеуніктер сытылып кетіп жатыр. Неліктен? Өйткені "пигмейлер" билік еткен қоғамға тұлғасы зор, мықты адамдар көзге шыққан сүйелдей болған шығар. Бірақ "Алмас кездік қын түбінде жатпас" -деген бар емес пе? Аман болсақ Олардың даңқына әлі куә болармыз. Биліктегі кәрілер базардан қайтып жатқанда Мұхтарлардың базары әлі алда ғой.

    • #13
    • графен
    • жм, 11/03/2016 - 22:19

    Әблязовтан күдер үзілді.

    • #14
    • Балшы
    • сб, 12/03/2016 - 0:15

    Мұқтардай маңдайы кере қарс адамдар өте ақылды болады дейді, бір ретін табатын шығар.

    • #15
    • Әбіл Қайрат
    • сб, 12/03/2016 - 0:34

    Ей, "графен", егер сен билік жалдап алған қу болмасаң, түзу сөйлесеңші. Үнемі қисық сөйлеп, пысықайланып жүруден бір уақ ұялу да керек қой?! Мұхтар Әбіләзев осыдан үш жыл бұрынғы мақаласында өзінің сенімді екі досымен келісіп, үкімет банкінен көп ақша қарыз алып, жеке банк ашқанын, яғни нөлден бастағанын дәлелмен айтты. Банкінің жақсы атағы шыға бастасымен оған әуелі Рахат Әлиев сұқтанғанын, оған бой бермеген соң "өкіл қайыната" қол салғанын, одан да жасқанбаған соң сотты болғанын түгел жазды, тәуелсіз қазақ, орыс гәзеттерінде шыққан сол мақаласын сен шынымен оқымадың ба? Әлде арандатқыш әдетіңмен әләуләйіңе хәләуләйіңді жалғап жүрсің бе? Солай ғой, бірақ сен, әрине, мойындамайсың.

    • #16
    • 15 ке
    • сб, 12/03/2016 - 2:16

    Басына шалма орап, сақалы бар мұрты жоқ біреу болғанда Графинің ендігі ашудан шатынап бытшыты шығар еді.

    • #17
    • Түңіліп табалаушы
    • сб, 12/03/2016 - 4:34

    Иә, қазақтың бетке ұстар, сүйеніш болар білімді, адал да, әділ ел бастар ұлдары болмағаннан соң ұрыны да, қарақшыны да, рэкетерлерді де, барымташыларды да, қарымташыларды да, басбұзар тентек "батырларды" да "тондарын айналдырып кигізіп", әспеттеп, өздерінің ішіндегі шерлерін тарқатып, ғасырлар бойы орындалмай жатқан асыл-армандарын қанағаттандырады ғой!!!!!
    Күні қараң, алауыз қазақ сараңданған шонжарларына сөздерін жүргізе алмай ұры, алаяқ, қу Алдаркөсеге де күні қараған.
    Қыз Жібектің әкесі амалы жоқтықтан Бекежанға да күні қарады.
    Қырық өтіргін сапырған "Таза баланы" да тәрбиелеп өсірген қазаққа не айтуға болады?
    Халқын тауға көшірудің орнына, жаңбыр жаудырам деп, тауды есік алдына көтеріп әкеліп, астында қалып өлген тормоз Толағай да осы қазақтың баласы.
    Қазақ қайда барса да, жол таппай, "Қорқыттың көріне" тап болады.
    Бір жағынан көтінен кері жүретін қазаққа да сол керек.

    • #18
    • графен
    • сб, 12/03/2016 - 8:34

    Мұхтар Әбіләзев осыдан үш жыл бұрынғы мақаласында өзінің сенімді екі досымен келісіп, үкімет банкінен көп ақша қарыз алып, жеке банк ашқанын, яғни нөлден бастағанын дәлелмен айтты.
    **

    ол лапша сіз сияқты аңқауларға құлақтан тебілген лапша ғой. Банк ашу түгілі тұтыну заттарын сатып алатын қарызды кепілсіз бермейді, ал оған миллиардаған теңгенің кепіл заттарын қайдан алыпты? Жалақысынан жинап па? Сіз неге үкімет банкінен көп ақша алып ашып ала қоймайсыз?

    • #19
    • графен
    • сб, 12/03/2016 - 9:16

    Әблязов ұсталмай шетелде қашып жүрген кезінде "билік оппозицияны қудалауын тоқтатпаса билікті исламшылдар басып алады" дегендей мәлімде жасап өзінше баланы қорқытқандай билікті қорқытпақ болып еді. Онысынан түк шықпады қалды ау. Кімнің қауіпті екенін билікте білетін шығар, жалаңаяқ, бытырап өз-өзді айтысып тартысып жүрген исламшылдар қауіпті ма, алаяқ, бәрін сатып ала алатын, бәрін айдап сала алатын миллиардер Әблязов қауіпті ме.

    • #20
    • Әбеу Шаған-Тоғай
    • сб, 12/03/2016 - 9:31

    Бұл саясаттың құдіреті ғой.Ресей мен Украина текетіресінің арқасында Қазақ банкирі екі жыл жеті ай бойы Франсуз түрмесінде отыр.Егер осы саяси жағдай болмағанда ол әлдеқашан осы екі елдің біріне беріліп кетер ме еді.Ең шытырман қылмыстың шешілетін уақытын(2 жыл 7ай)саясат деген құдіретті күш азсынатын сияқты.

    • #21
    • шындық
    • сб, 12/03/2016 - 11:45

    АТАҢ ҚАЗАҚ ОРЫСТЫ МЫҢ МАҚТАСАДА КӨЗІ КӨК ДЕГЕНДЕИ ӘБЛӘЗДІ МЫҢ МАҚТАСАҢДА ҚАЗАҚТЫҢ ТІЛІМЕН ДІННЕ ҚАРСЫ ШЫҚҚАН АДАМ СОЛ ҮШІНДЕ ҚАЗАҚ НЛІНДЕ ҰРЛАМАИӨЗ ЕҢБЕГІМЕ БАЙЫҒАН ПЕНДЕНІ КӨРМЕДІМ ПЕНДЕДЕН ПЕРІШТЕ ЖАСАҒАНДАРЫҢДЫ ҚОИЫҢДАР БІРАҚ ЕНДІ ТӘУБЕСІНЕ КЕЛІП СОЛ ТЫҚҚАН ДАРЫН ХАЛЫҚТЫҢ ИГЛІГІНЕ ЖҰМСАСА ЖАҚСЫ СОЛ МҰХТАР

    • #22
    • сенбес қазақ
    • сб, 12/03/2016 - 12:12

    Жәйдән жәй ешқандай іс қозғалмайды. Әбләзов Қазақстанды ғана тонап қоймай, Украйна мен Ресейді де тақырға отырғызып кетіпті. Дұрыс, ұры түрмеде отыруы керек. Ұрлап, ұрлап, қылмыстық жауапқа тартса өтірік оппозиционер болып шыға келеді мұндайлар. Ал ұсынып жүрген реформалары тек заңсыз баюшылар пайдасына ғана қызмет ететін "өзгерістер". Ал оны мақтауға тұратын ең басты қасиеті: ҚАЗАҚТАН ОСЫНДАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНЫЛАТЫН МОШЕННИКТІҢ ШЫҒУЫ. ӨТЕ СИРЕК ЭКЗЕМПЛЯР. Мақтаншақ қазақтар осынысымен мақтаныңдар, ал қылмыскерді ақтауға негіз жоқ.

    • #23
    • Бектас
    • сб, 12/03/2016 - 14:09

    Ұры қайда болса да ұры. Қайдағы сандалған оппозиция? Бұл ұрыдан басқа да елдегі ұрылар жетерлік. Ешқайсысын да ақтап, жақтап жатудың не қажеті бар? Ешқайсылары да елге жаңа реформа жасап, жемқорлар, парақорлар, ұрыларға тосқауыл қоюды, ел экономикасын дамытуды ойлаған жоқ, ондай саясат та жүргізген жоқ. Тек бірінің жегенін бірі көре алмай, бірінен бірі көбірек асап қалуды ойлаған тоғышар нақұрыстарды қолдаудың елге беретін пайдасы жоқ. Бұл системаға айналған жазылмайтын ауру. Бұл ауру саяси жолмен жазылмайтын сияқты. Тек табиғи жолмен гүлденіп барып қуарар. Бұл ұзақ уақытты талап етеді. Бұл өмірге талай адам келіп өмірден өтеді, ел байлығының жақсылығын көрмей. Өкініште әрине...

    • #24
    • ибн Бааз және әл Фаузан - уахаби шейхтары
    • сб, 12/03/2016 - 15:54

    Құрметті жамағат! Осындағы графен (бұрыңғы zheltocsan) деген біздің мүритіміз, бұрын осы Әбләзовты "ұры" деп көп қаралаған еді. Соған байланысты біз, адасып жүрген графен - мүритімізге арнап жаңа пәтуа қабылдап соны ескертпекпіз. Ол мынау.
    Жаңа Пәтуә.
    "саяси қуғындағы банкир өз ақшасын сыртқа шығарып оппозицияны қаржыландырса, ол ақша харам болып саналмасын. Нүкте.
    Егер ол ақша ұрланған ақша болса да оны иесі игі іске жаратып жатса ол ақша харам болып саналмасын. Нүкте. Егер ол ақша игі іске жұмсалмай банкте жатып қалса, ол ақша харам болып саналады. Нүкте.
    Құрметпен, Жәзирадан екі шейх ибн Бааз, уәссалату уасала,
    шейх әл Фаузан уәссалату уассала.

    • #25
    • графен
    • сб, 12/03/2016 - 15:55

    бір ұры бір ұрының артын ашып, бірін бірі көбірек ұстап беріп, бірін бірі көбірек талап жатса қазаққа сол жақсы. Сол үшін Әблязовтың босап шығып өзінің жау ұрыларынан кегін қайтаруға жұмыс жасағаны дұрыс. Аллаһ күнәһар адамды бұл дүниеде басқа күнәһар адамдар арқылы да жазалайды ғой.

    • #26
    • Кенел
    • сб, 12/03/2016 - 15:59

    Мақала жазу үшін де сауатты болу керек қой. Балдыр-батпақ адамды ұялтады

    • #27
    • Бату хан
    • сб, 12/03/2016 - 16:11

    бір ұры бір ұрының артын ашып, бірін бірі көбірек ұстап беріп, бірін бірі көбірек талап жатса қазаққа сол жақсы" депті графен деген......

    Осы графендерің түк білмейтін қырттың бірі ау деймін. Біз қаласақ та қаламасақ та біздің еркімізден тыс Әбләзов те, мына билік те елдің басында жүрген тұтқалары ғой... сондай кісілер тек "ұры қарылардан болсын" деп тек иісалмас надан ғана айтады немесе тек сол ұлттың жауы - дұшпаны ғана айтады.
    Енді бұларды өзгертіп орнына "тазалау ғой әйтеу" осы графеніңді қояйық десек бұл графендерің қу тақыр кедей, ал саясатта қаражатсыз шөптің басын сындыра да алмайсың. Содан амалсыз Алладан, "уа Жаратушы, келісті басшы бер" деп тілегеннен басқа қаямды да істей алмайсың, ниет түзу болу керек, оны үйдегі итім Ақтабан да біледі.

    • #28
    • графен
    • сб, 12/03/2016 - 17:19

    оттаған екенсің, Бату хан атын жамылған Қырт құл. Бәрі Аллаһтың қалауымен болады. Каддафи миллиардтарын шетел асырып тыққанымен сол миллиарды оны билік басында ұстап қала алды ма? Одан бір тиын да бұйырмай кетті ғой.

    • #29
    • Бату хан
    • сб, 12/03/2016 - 17:49

    Графеннің көмейі белгілі ғой - мына билік біржақты боп кетер жеріне кетсе ағаш мылтық ұстаған сақалды браттарым таяй ма мында деген есек дәме ғой байғұстыкі. Айтпады демеңдер ағайындар, графеннің браттары бері таяса мына тақта отырған шалдарыңмен жылап көрісесіңдер. "Әбләзов ұры!", "шалдікі жемқорлар" деп сол кезде билікке шариғи браттарын тықпалап бірінші өңештейтін осы графендерің болады.

    • #30
    • Графиня
    • сб, 12/03/2016 - 18:05

    Графенге тиісебермеңдерші . Соңғы кездері сопылармен айтысам деп
    шаршап жұр.

    • #31
    • графен
    • сб, 12/03/2016 - 18:52

    өзі қашып жүрген Әблязов байғұс та осындай қауіппен қорқытпақ болды ғой билікті.

    • #32
    • Бату хан
    • сб, 12/03/2016 - 19:33

    Графендеріңді қазірден бастап көгендеп зынданға қамап қоймасаңдар кейін қапы қаласыңдар, сыртына пенсиядағы Есенғали шалды күзетке қойыңдар, отырсын екеуі керілдесіп... әйтпесе графендерің оңтүстіктен таудан бастарын қылтитқан шошаңдаған сақал көрсе атқып шығып шығайын деп тұр, графен елегізіп жүр, тау - тас арасынан адасқан ешкі көрсе де қатты елеңдеп, браттарымен шатастырып алады ау осы...

    • #33
    • Бату хан
    • сб, 12/03/2016 - 19:39

    графен, Сұрия мен Шам шаһарының ауа райы жақпады ма, ол жаққа желание болмады ма әлде, отырып қалыпсың ғой, кәрі қыздай...
    баяғыда көкезу қырт едің, әлі сол қалпың, ауызбен орақ орған бездельник еді бәтшағар, көкбеттігі де қалмапты....
    графен дүниені екі бөліп қана қарайтын - піштірілгендер және піштірілмегендер деп, әлі солай, өзгермепті..

    • #34
    • графен
    • сб, 12/03/2016 - 21:52

    сасық неме, өзінше зор ат қойып алыпты соны істесе сасықтығы кетіп патша бола қалатындай. Жаман иттің атын бөрібасар қояды.

    • #35
    • графен
    • сб, 12/03/2016 - 23:41

    әйтеуір біреуге табынып, ауыздары ашылып, таңырқап, табынып жүрмесе кейбіреулерге ас батпайды ғой деймін. Аллаһты қойып адамға табынушылық бұндай құлдық мінез-құлық қазаққа қай заманнан бері жабысты екен? Әйтеуір 21 ғасырдың өзінде қалмай қойды.

    • #36
    • Адайшал
    • сб, 12/03/2016 - 23:49

    Осы діннен сабақ үйретуден мәстірсің, сол оқыған кітаптарыңда кісі сыртынан асылық айтып жала жабу тақырыбында ешнәрсе жазылмағанба? Өзіңнің ақшаң БТАдан қолды болса ашық жаз, болмаса оттамай отырғаның жөн, қолың ұстап көзің көрмеген нәрсені өзеуреп қоймайсың, сөйтетұра құраннан, һадистен елге ақыл үйретесің, сонда сені кім дейміз? Биліктің езіп берген малтасын езіп жүрген тоғышардың бірісің-ау, басқаша қалай.

    • #37
    • графен
    • жб, 13/03/2016 - 1:03

    дінде бай адам көрсең табына кет, жылмаңдап жағымпазданып қал деген қағида жоқ. Дінде Әблязов сияқты Аллаһ қатал тыйым салған өсімді жегендер тозақта қарнымен сүйретіліп жүрілетіні туралы айтылады. Өсім жеудің ең зор күнәсі өз анасымен ойнас жасағандай ауыр нәрсе. Өсімқор алаяқ ұрылардың тар қуыстарына сендер-ақ кіре беріңдерші.

    • #38
    • Ақылшы ұзтаз
    • жб, 13/03/2016 - 7:44

    графенге ризамын, көзі ашық, көкірегі ояу, ұстанымына мығым.

    Шіркін, қазақта осындай трезвый жігіттер көбейсе, "не рыба, не мясолар" азаяр еді.

    • #39
    • Түңілген
    • жб, 13/03/2016 - 7:52

    Демек, "Бату хандарда" "менікі, немесе сенікі" деген екі-ақ вариант қана болғаны ғой!
    "Оныкі" деген үшінші вариант санасына симайтын болғаны ғой.

    Қандай өкінішті!

    • #40
    • Антакияға жедел
    • жб, 13/03/2016 - 10:32

    Есенғали-ау, қайдасың?! Анау #32 Бату хан дегенге жауап қайтарсайшы, сені күзетшілікке түсіріп қырып барады ғой!

    • #41
    • Антакияға жедел ға
    • дн, 14/03/2016 - 0:01

    Ол шалың Антакиядан Венаға көшіп кетті. Сол жақты қой сойып ел жұртты қонаққа шақырып жатыр.

    • #42
    • графендердікі ақиқат емес
    • дн, 14/03/2016 - 8:29

    графендердікі ақиқат емес сыяқты, себебі олар өздеріне ұнамаған іске жолықса боқтай жөнеледі, бейуаздарды жарып жібереді, тіпті адамдарды бауыздай салады.

Пікір қосу

  • 7 + 4 =

Кіру