Тарих

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІНДЕГІ ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ АТА ТЕГІ (жалғасы)

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Қазіргі маңғол халқы жөнінде бір-екі ауыз сөз айта кетелік. Кезінде, Си-Ся атанып жүрген таңғұттарды, Үгедей хан бағындырып, оларға да, маңғол деген атау берген. Олармен қоса манчжурлар (жужандар) тунистер, тунгустар, кейбір тибет тайпалары да маңғол атанған. Қазргі Маңғолияда тұратын халық осылардың ұрпақтары. Қойшығара ағамыздың айтқанындай, бұлардың аты маңғол болса да, заты кешегі мыңғұл емес. Бұлардың Шыңғыс ханның шығу тегіне, түбі түрік Созаққа, Қарақалпаққа, Қиятқа, Қоңыратқа,  ешқандай да, қатыстары жоқ. Қазіргі маңғолдардың орман, Тибет халықтарының ұрпақтары болған соң, бұлардың өткен тарихында неше ғасыр өмір сүрген қағанаттар құру, мемлекетшілдік болу, заң шығару, ең алдыңғы қатарлы әскер қалыптастыру тәжірбиесі болған жоқ. Бұндай бай тәжірбие тек қана түрік халқында болды. Ордада он төрт жыл өмірін өткізген Марко Поло өзінің жазғандарында, Ұлы маңғол хандығында, ханның да, қараның да түрік тілінде сөйлейтіндерін айтқан. Осыдан артық қандай дәлел керек?  

     Меніңше, бүгінгі таңда, Шыңғыс ханның түрік екенін дәлелдеп бас қатырып жатудың ешбір қажеті жоқ. Өйткені, белгілі ғалым-жазушы, Қазақстан республикасы Мемлекеттік сыйлығының және «Күлтегін» сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғараұлы өзінің жазған «Мыңғұл, мен Маңғол және үш Шыңғыс» атты кітәбінде тарихтың, шежіренің жілік майын шағып тұрып, Шыңғыс ханның түрік халқының перзенті екенін, оған ерген тайпалардың түрік тайпалары екендерін жете дәлелдеп, енді бұдан былай Шыңғыс хан түрік пе, маңғол ма? деген сұрақтың туындауына мұрша берместей етіп нүктесін қойған. Баяғыда, Қаздауысты Қазыбектің ұлы Бекболат би, өзінің алғырлығы жөнінде Абылай ханға айтқанда: «Орал таудың ор түлкісі, Айнала қусаң ит жетпес!» деген екен. Қойшығара ағамыздың тарихті сөйлегендегі алғырлығы, басқалардан оқ бойы озық екені айдан анық.

     Ғалым-жазушының бұл еңбегіне біздер Рашиденнің, Әбілғазының еңбектеріне қарағандай, дереккөз ретінде қарағанымыз жөн болады. Сондықтан, көшіріп алып жазғандай болмай, осы еңбекке дереккөз ретінде сілтеме жасап, бұрын-соңды айтылмаған бір қызықты қосымша дәлелді келтіргім келеді. Қойшығара Салғараұлы өзінің еңбегінің «Қазіргі маңғолдар» атты тарауында былай деген екен:

     «Ресейдің ресми тарихында орыс халқының үш ғасырдай татар-маңғол басқыншыларының езгісінде болғаны айтылады. Бір емес, үш ғасыр, яғни, 300 жыл! Осыншама уақыт қожалық жасап, өз үстемдіктерін орнатқан елдің бүгінігі орыс тілінің сөздігінде маңғолдың бір сөзінің немесе маңғолша бір кісі атының болмауын, бұған керісіне түрік сөздерінің, түрік есімдерінің қаптап жүргенінің себебін калай түсіндіруге болады?! «Ат аунаған жерде түк қалады, нар аунаған жерде жүк қалады» қағидасы бойынша бір белгі қалуы керек қой. Бірақ жоқ! Ендеше бұл да Шыңғыс хан маңғолдарының, яғни, көнемоңғолдардың біріңғай түрік тілінде сөйлегенін барынша дәлелдеп тұрса керек. Бұдан кейін Шыңғыс ханның да түрік халқының перзенті екеніне ешкімнің дауы болмаса керек».

     Иә, Шыңғыс хан түрік, оны хан көтерген түрік тайпалары бүгінгі қазақ тайпалары. Шыңғыс хан ұлылардың ұлысы, ұлы әскери ғұлама, бүгінгі қазақ тайпаларының аталарының ұлы көсемі болған. Сондықтан да, біздер ешкімнен де, қымтырылмай, қысылмай, Астананың төрінде Шыңғыс хан бабамыздың аттың үстінде отырған алып ескерткішін орнатып, оның астына: «Шыңғыс хан. Ұлы әскери ғұлама. Қазақ халқының аталарының ұлы көсемі» деп жазып қоюымыз керек.  Сонда бұл ескерткіштің, күйреп қалған Түрік қағанатын қайта жаңғыртқан Шыңғыс хан сияқты, кезінде бодан болып егемендігінен айырылған қазақ халқын бодандықтан алып шығып, Қазақ мемлекетін қайта жаңғыртқан ұлт ағасының ұрандаған «Мәңгілік ел» идеологиясының темірқазығы болып тұратыны сөзсіз.  Өйткені, Мұхтар Мағауйннің айтқанындай, Шыңғыс хан болмаса, Қазақ деген ел де, Қазақстан деген мемлекет те, ай астында болмас еді.

       Асқақ Темірді ешбір негізсіз өзбек қылып алған өзбек құрлы болмағанымыз ба? Өзбек ұлты - 1428-ші жылы құрылған Көшпелі Өзбек хандығына қатысты қалыптасқан. Ал енді, бұдан ертерек, 1405-ші жылы дүниеден озған түбі қыят Асқақ Темірдің өзбекке де, Өзбек хандығына да, ешқандай қатысы жоқ. Бар болғаны, Барластардың өзбек халқының құрамында қалғаны, және де, Асқақ Темірдің қазіргі Өзбекстан жерінде дүниеге келгені ғана.   Өзбектер Тәшкенде, Самарқанда, Шахризабста Асқақ Темірге ескерткіштер қойдыртып тастаған. Ал біздер болсақ, сол баяғы, «Бас-басына би болған өңшең қиқым» болып, әр ру, өз батырларына ескерткіш қойғандарымызға мәз болып жүрміз. Біздің Ұлттық идеологиямызға бүкіл қазаққа ортақ тұлға керек. Өзбектерде ондай тұлға Асқақ Темір, қырғыздарда Манас. Жәнібек пен Керей хандар, Абылай мен Кенесары хандар біздің егемендігіміздің символдық тұлғалары. Ал енді, түрік аталарымыз аңсаған «Мәңгілік ел» атты қазақ халқының идеолгиясының тұлғасы болуға, заты жартылай түрік, жартылай қазақ Шыңғыс ханнан артық кім бар? Басқаларға қарағанда ұятымыз бар, иманымыз жоғары екен деп, рухани көштен қала береміз бе?

     Көшпенді түрік тайпаларының күштілігі, олардың бұл дүниеге, ең жоғарғы сатыдағы таңғажайып тұлға,  Шыңғыс ханды әкелгенінен білінеді. Шежіре деректерінің негізінде мыңғұлдың түбін Су сақ десек, онда Шыңғыс хан атауының – Теңіз хан деген нұсқасы дұрыс-ақ деймін. Осымен қатар, калай болса да, Шыңғыс ханды Қоңыратсыз, Қоңыратты Шыңғыс хансыз айту мүмкін емес сияқты.

      Мұхтархан төре досым: «Шыңғыс ханның түрік болғаны жеткілікті» деп маған екі қайтара айтқан еді. Алай да, қазақта: «Қанына тартпағанның қары сынсын!» деген бар. Шежіре танудағы әкеміздің ұстазы, ғұлама атанған ойшыл шежіреші, осы мақаламның әу басында аты аталған Ғұлам Қадырдың: «Шыңғыс ханның заты қазақ» дегеніне «Құпия шежіреден» бір дәлелді келтіруді жөн көрдім. 1992 жылы Пекиндегі «Ұлттар баспасында» жарық көрген Шыңғыс ханның шежіресінің аудармасын Міркәмәл Жәлелханұлы мен Әбдрешит Тойлыбайұлы деген қандастарымыз жасаған екен. Сондағы Дай шешеннің жырында былай деп айтылған:

                              Біз Һоңграт елінде (Коң қырат. Қ.З.),

                             Шарапат бар тегінде,

                             Қыз өсіріп әдемі,

                            Ұмытпаймыз кәдені.

                            Қара бура жүргізіп,

                            Хасак арба мінгізіп,

                           Қаздаң-қаздаң жүргізіп,

                           Ханым етіп береміз,

                           Халық сүйген адамға.

    Тілеуберді Әбенай, жалғыз ол ғана емес, көптеген зерттеушілер бұл шежіренің түрік тіліндегі түпнұсқасының жоғалғанын айтады. 19-ғасырда табылған бұл шежірені Тілеуберді «маңғолша балама» дейді. Яғни, қазіргі маңғол тілін айтып тұр. Қазіргі маңғол тілінде Хасаг гер дегені – қазақ үй, Хасаг тэргэн дегені - қазақ арбасы. Демек, жоғарғы Хасак арба дегендері – қазақ арбасы деген сөз. Шежіренің «Сокровенное сказание» деген орысша аудармасында: «В одноколку казачью верблюд вороной, Запряжен и рысью пустим его» деп айтылған. Ал енді, Тілеуберді болса: «...сіздердің Қазақ-Тергенге түсіп салтанат құруда» деп қара сөзбен аударған. Бұл жердегі Тілеубердінің «сіздердің Қазақ-Тергенге» дегені, ақиқаттан аулақ сияқты. Бұл қазіргі замандағы  қалыңдықты өз көлігіңмен барып алып келетін дәстүрге келеді. Ал ескі замандарда, Дай шешен сияқты дәулетті адамдар қыздарын өздерінің арбасымен, жасауымен, күң-құлымен бірге ұзататын. Қазақта, Кенесарының заманына дейін осындай дәстүр сақталған болған. Меніңше, Тілеуберді Кыят пен Қоңыраттың екеуін екі бөлек тайпа деп санап, қанына тартып қазақ арбасын Қыятқа жазған.

     Шыңғыс ханның шежіресінде қазақтың арбасы, ол туралы айтылған аңызда қазақтың домбырасының жүргендері, шежіренің: «Қазақ-Созақ ағалы-інілі дегенінің дәлелі болып тұрғандай. Бұлардың әкелері деген Жайылхан, дала ауыз тарихының дерек беруіндегі шежірелік тәсіліне сай, Шыңғыс хан мен Қазақтың түбінің бір екенін білдіретін символдық тұлға.

     Қойшығара Салғараұлы Бөрте бөрінің Ергене қоңнан шыққан кезін х.э. кейінгі сегзінші ғасырдың ортасы дейді. Қазақ атауы «Таң патшалығы тарихында», яғни, 7-8 ғасырларды «хаса, «қаса» түрінде жазылған. Керейдің ұлы Нығмет Мыңжан осыны «өте дәлелді» деп айтып кеткен еді. Ал енді, Түркия тарихшысы Зәки Уәлиди Тоған: «Қазақ» деп асылында бір саяси мақсатты көздеп, саяси көтеріліс жасау нәтижесінде салт яки үй ішімен бірге өз қауымынан бөлініп шығып иенге кетіп, өкімет билігін қолына алғанға орай күтіп, тау-тасқа бекініп, оқшау өмір өткізген адамдарды айтқан еді. (Нығмет Мыңжан. «Қазақтың қысқаша тарихы»). Тау-тасқа бекініп оқшау өмір сүрген Ергенеқоңдықтар еді ғой.  

     Абақан өзенінің бойындағы Ашурадан табылған Найманның таңбалы тасында: «Еліңіз үшін қазғану... жауыңа тиген әскеріңнің саны жеті мың ұлан еді» деп жазылған.  Бұл жерде «қазғану» деген сөз – «еркіндік үшін күресу», талпыну, соған ұмтылу  дегенді білдіреді. Осымен қатар, «қазғандұқ», «қазғантұқын», «қазғанмасар» деген сөздер Тонікөк пен Көлтегіннің де ескеркіштерінде жазылған.  Бұл сөздердің түбірі – «Қаз», яғни, еркін, өз бетімен деген сөз. Қазақтар жас сәбидің өз бетімен аяғына еркін тұрғанында - «қаз» тұрды дейді. Жоғарыдағы қара бураны «қаздаң-қаздаң» жүргізіп дегендері – «аяғына ерік беріп, армансыз бір жүгіртік» дегендері еді. Енисейдегі түрік дәуіріндегі бір таста «Қазғақ оғлым» деген сөз қашалған. Онысы «Ержүрек ұлым» дегенді білдіреді. Біздер тоңатын адамды «тоңғақ дейміз, айдай анық дәлелді айғақ дейміз. Осы сияқты, Қаз (еркін) жүрген адамды Қазғақ дейміз. Қазақ деген сөз көне түріктің Қазғақ, яғни, «Ер жүрек», «Еркін» «Өз бетімен» дегенінен қалған.   Ергене қоңға кетіп, билікті алудың орайын күтіп, тау-тасқа бекініп оқшау өмір өткізген теңіз ұлдары Қиян мен Нүкүз де, кейін, таудың тасын бұзып шыққан олардың ұрпақтары Қоңқырат елі де, осы Қазғақтар еді. Сондықтан, сақау қытайлар оларды «хаса», «каса» деп атаған...

 

Қайрат Зәріпханұлы Дәукеев.  Шежіре жазушы. 

Өскемен қаласы.

abai.kz

153 пікір 4506 рет оқылды Қосылған: 06.05.16
    • #1
    • жалыққан
    • жм, 06/05/2016 - 10:23

    Япырай, құтылалмас қас бәлеге қалдықау, апта сайын тықпаласаңдар сендерге көмген алтыны қайда екенін аян береме.

    • #2
    • Серікбай
    • жм, 06/05/2016 - 10:37

    Алдымен халықаралық конференцияда шешім шығарып,содан кейін Астананың төрінде Шыңғыс хан бабамыздың аттың үстінде отырған алып ескерткішін орнатып, оның астына: «Шыңғыс хан. Ұлы әскери ғұлама. Қазақ халқының аталарының ұлы көсемі» деп жазып қоюымыз керек.

    • #3
    • Қазақ
    • жм, 06/05/2016 - 12:01

    ия.өте дұрыс! адай болама басқа болама Шыңғысқан біздің қазақ! енді Найманнан шыққан Әмір-Темірді қайтару керек.бұлда әбтен дәлелденген!...

    • #4
    • Ұсынхан Дәукеевке
    • жм, 06/05/2016 - 12:27

    Наполеонда қазақ екен, тезірек дәлелдеші, бірәнсыздар босқындармен әуре боп жатқанда меншіктеп алайық.

    • #5
    • Дәукеев пен Қожырбайұлына
    • жм, 06/05/2016 - 12:38

    Путинде қазақ екен, айтып тұр ғой пұт деген сөздің өзі, екеуің тез ақылдасып дәлелдеңдер.

    • #6
    • Серікжан
    • жм, 06/05/2016 - 12:44

    Қият - монғол-нирундардың, ал Нукуз - монғол-дарлекиндердің арғы аталары ғой. Бұлар - 179 жылы Сәнбилерден жеңілген Солтүстік Ғұндардың екі тайпасы. Бұл шайқас Тарбағатай мағында болған. Бұл - енді мектептен білгілі тарих қой.

    Сонда деймін-ау. Қият - Қарақалпақтың белгілі руы. Қоңырат та солай. Сосын Нукуз (Нөкіс) Қарақалпақтың бір тайпасы ғана емес, Астанасы. Қарақалпақтар қалай шыдап отыр десеңші, Шыңғысханды Қазаққа беріп қойып.

    Құтылмайтын бір пәлеге қалғанымыз рас. Әмір Темір Барлас болса, онда Найман (Дүрмен-Барлас - Төрт Барлас) екендігінде де сөз жоқ. Шыңғысхан мен Әмір Темірден Қазақты құтқара гөріңдер. Бізге осы Жошы хан мен Алаша хан, Бату хан мен Бейбарыс та да жетпей ме. Жошы хан мен Алаша хан сүйектері Ұлытауда, Бату хан Атырауда (Сарайшықта) жатыр. Сол аз ба.

    • #7
    • Серікжан
    • жм, 06/05/2016 - 12:51

    2 ғасырда өмір сүрген Қиян мен Нукуздың, 2 мың жыл бұрын сүйегі қурап қалған, артынан қуалап жүріп, б.з.б. 3 ғасырдағы Ғұндардың Хуян және Лакиназ тайпаларын әрең таптық. Оларда билеуші төрт тайпа болған. Тағы екеуі Лан (Бугу, Бұқа, Бұғы) және Сюйбу (Бөрі) тайпалары. Шыңғысханды Қалмақтар еншілеп кеткелі не заман.

    • #8
    • жанашыр
    • жм, 06/05/2016 - 13:01

    Қытай түсірген Шыңғысханның киносын көрсеңіз қазақ екендеп ойлайсыз олар біз алтындармыз дейді алтын деген қай жүздің руы

    • #9
    • калбит
    • жм, 06/05/2016 - 13:34

    кул казах халкына алемдик дарежедеги бир тулга керек ак болып тур Петр Наполеон Македонскии казах деин десек олар слишком жанаспаиды ен тоте жакынырагы кошпенди тури уксас болган сон осы Шынгыска таласып кориндер может атын казахша озгертип аласындар Шынгыс Казахбаев Есукеев деп атана налет оншен ездер

    • #10
    • ел жақ
    • жм, 06/05/2016 - 14:01

    Қоңырат руы Жезқазғанда көп..8ші жанашыр алтын деген Кіші жүздің руы.қытайлар түсірген Шыңғысхан киносындағы киіз үй қазақтың үйі.ал сонда киіз үйде өмір сүргенШыңғыс хан қалай қазақ емес.

    • #11
    • Серікжан
    • жм, 06/05/2016 - 14:36

    Жанашыр Шыңғысхан Қытайға шабуыл жасап, Журжендердің Қытайды билеп отырған Алтын патшалығын құлатып, Юань империясын құрған. Юань империясын Мәнжулер құлатып, Қытайды 550 жыл бойы билеген. Қытайды 3 мың жыл бойы көшпелі халықтар мен тайпалар билеп келген. Небәрі сол.

    Кіші жүздегі "Алтын" (Жаппас) деген тайпа. "Алшын" деген сөздің өзгерген бір түрі негізі. Шежіреде Алтын атты әжейден таратады. 10-шы ол заманда көшпелі халықтардың бәрі бәрі де киіз үйлерде тұрған. Монғолдар, Қалмақтар, Қазақтар, Қырғыздар, Башқұрттар т.б. Шыңғысханның Қалмақ (яғни Монғол) екенін әлем түгел біледі. Қалмақтың Шыңғысханына таласатындай не көрінді. Шыңғысхан - Қалмақ. Дүние жүзі солай мойындаған.

    • #12
    • Cерікбай
    • жм, 06/05/2016 - 14:51

    Серікжан,тарихтан хабарың бар жігіт едің, қарақалпактар қазаққа жақын халық. Жошы хан мен Алаша хан, Бату хандардың бабасы Шынғыс емес пе. Кіші жүздегі "Алтын" (Жаппас) деген тайпа. "Алшын" деген сөздің өзгерген бір түрі негізі. Сенің сөзің,Алтындар қазақ болса онда Шынғыс та қазақ болады.Монголдың құпия шежіресін білесін.

    • #13
    • каракалпак колдаулы
    • жм, 06/05/2016 - 14:52

    шынгыс хан неге керек бизге курсыншы керек болса алынлар олген адам керек емес бизге дурыс кыят бар даже кыят кала дегенде бар бизде

    • #14
    • Серікбай
    • жм, 06/05/2016 - 14:59

    Серікжанға! Кіші жүздегі "Алтын" (Жаппас) деген тайпа. "Алшын" деген сөздің өзгерген бір түрі негізі. Алтындар қазақ болса онда Шынғыс та қазақ болады.
    Онда Мухамадкәрімнің Шыңғысты адай дегені дұрыс болып шығады.
    Монголдың құпия шежіресінде алтындар мен Шыңғыс ханның руының туысқан екені айтылған.

    • #15
    • проф. Совет-Хан Ғаббасұлы
    • жм, 06/05/2016 - 15:06

    Мынау - ҚАЙРАТ ЗӘРІПХАНҰЛЫНЫҢ - деректері де дәлелдері де... өте сенімді де орынды. Анау - Тілеуберді Әбенай - жазбаларының қате екенін дұрыс көрсеткен. Бұл адамның жалған сөзіне сенген... ЖАЛАЙЫРЛАР - оның кітаптарын көпіртіп шығарумен болды. Рушылдық - ХАЛЫҚТЫҢ ШЫН ТАРИХЫНА - қиянат жасамау керек. Себебі - ТАРИХТАН ҰЛЫ ҰСТАЗ ЖОҚ - Ұрпақ тәрбиесінің сапасына, тек ШЫН ТАРИХ қана керек !!.. Осы қағиданы ұққан жөн...

    • #16
    • ШАЛА Казахпын
    • жм, 06/05/2016 - 15:51


    #11 Серікжан
    .....Шыңғысхан - Қалмақ. Дүние жүзі солай мойындаған......

    Жок Шынкысхан аспаннан тускен, Отырыр каласына, оны быт шыт кылып содан кейiн Киевты алды, содан кейiн Москвага барып шенiлiп кашып кеткен ......

    • #17
    • Батур хан
    • жм, 06/05/2016 - 17:48

    Серікжан:
    Шыңғысхан мен Әмір Темірден Қазақты құтқара гөріңдер. Бізге осы Жошы хан мен Алаша хан, Бату хан мен Бейбарыс та да жетпей ме. Жошы хан мен Алаша хан сүйектері Ұлытауда, Бату хан Атырауда (Сарайшықта) жатыр. Сол аз ба.?
    Серыкжан сен куасын. Сонда Жошы хан Батур ханың әке атасын мойындамайсынба ? Өз айтканына өзің қарсы келесің. Странный ты.

    • #18
    • 10 ел жаққа чукча
    • жм, 06/05/2016 - 18:32

    Ойбайау бораттарда, иәкөтте, тувада, қалмақта, ненецте, шукшада бәріміз киіз үйде тұрдық, кейін тундрада жүн тепкілеп жүретін жағдай болмаған соң бұғының терісінен күрке, тері үй жасадық, бізде қазақпыз, бірақ Қожырбайұлын мойындамаймыз, біздің шежіреде Шыңғысхан Енесай қырғызы, иәкөттің қызынан туған.

    • #19
    • Серікжан
    • жм, 06/05/2016 - 18:33

    17-ші, онда тұрған не бар. Ол заманда қазіргі ұлттар жоқ. Ру-тайпалар ғана бар. Шыңғысхан - қалмақ. Себебі, қазақтар Монғолдың бәрін қалмақтар деген. Қазіргі Қазақтың көптеген рулары ол заманда "Монғолдар" деп аталған: Жалайыр, Үйсін, Дулат, Ысты, Қоңырат, Албан, Суан - әлемге "монғолдар" деген атпен танылған. Кейін Керей, Меркіт, Уақ, Найман, Қаңлы, Барлас - осы аталған тайпалар да "Монғолдар" деп аталған. Оны араб-парсылар осылай деп атаған. Ол кезде қазақтар да, қазіргі халхалар да жер бетінде жоқ болатын. Жалайыр, Найман, Керей, Қоңырат - қазіргі монғолдарда да бар тайпалар. Бұл тайпалар Түркі халықтары мен Монғол халықтарына бөлініп түскен.

    Шыңғысханның баласы Жошы және немересі Бату хандар барлық тарихта "Қыпшақ хандары" деп аталады. Тіпті Хамаг Монғол Улустың Ұлы хандары Төле хан мен Мөңке хан, Хұбылай хандардан қалған Ұлы құрылтайлардың жазбалардың өзінде де бұлар "Қыпшақ хандары" деп аталады. Арабтар мен Парсылар, Орыстар да осылай таныған. Сондықтан Жошы хан мен Бату хандар "Қыпшақтар" деп танылады - қай елдің ханы болса, сол халыққа жатады. Ал Жәнібек пен Қасым хандар Қазақ хандары - сондықтан Қазақтар. Дешті Қыпшақтың өзінде "Бату хан" деген сөз болмаған, оны Қыпшақ даласы "Ер Сайын" деп атаған. Жошы ханның Хиуа мен Бұқарды билеген тұқымдарын "Өзбектер" деп тану қажет. Ноғай Ордасы мен Қырым хандығын билеген ұрпақтарын "Ноғай-татарлар" деп тану керек; Қазан хандығын билеген ұрпақтарын "Татарлар" деп тану қажет. Қарапайым дүние ғой. Киев Русін құрған Рюриктерді ешкім де скандинавиялық варягтар деп айтпайды, "Орыстар" деп атайды.

    Қазақ мемлекеттілігінің тарихын былай дәуірлеу қажет: 1) Қазақ халқының Түргеш, Қарлұқ, Қимақ мемлекеттері. 2) Қазақ халқының Қарахан, Оғыз, Қыпшақ хандықтары. 3) Қазақ халқының Найман, Керей, Меркіт, Қарақытай хандықтары; 4) Қазақ халқының Ақ Орда, Алтын Орда мемлекеттері; 5) Қазақ халқының Көшпелі Өзбек, Моғолстан мемлекеттері; 6) Қазақ халқының Қазақ хандығы мемлекеті; 7) Қазақ халқының Қазақ Кеңестік мемлекеттері; 8) Қазақ халқының Қазақстан Республикасы мемлекеті;

    ** Қазақ халқының Сақтар мемлекеті, Қазақ халқының Ғұн мемлекеті деп айтуға болмайды. Себебі оған Қазақтан басқа халықтар да ортақ.

    • #20
    • серікжанға
    • жм, 06/05/2016 - 20:13

    қуып кеттің, Шыңғысты қалмақ етіп оның ұрпақтары Керей мен Жәнібекті қазақ еткенің қай сасқаның. Бұрынғылар емес қазір де 1925 жылғы дейін кейбір халық бізді қырғыз атаған оны айтасың жириктер немесе путиндер қазақ хандығының 550 жылдығын мойындамай отыр, сен бәлкім қазаққа қиялап қосылған китайозаның тұқымының бірі емессің бе, сен сияқтылар бұзады түбінде

    • #21
    • Ерлан
    • жм, 06/05/2016 - 21:19

    Шыңғысхан қазақ емес. Қазақ болса ақын ,жырау ерлігін мақтар еді.Қазақтық талай қалашықтарын жермен-жексен қылған.

    • #22
    • серікжанға
    • жм, 06/05/2016 - 21:32

    Шыңғысханды қалмақ деп айдаладағы моғолстанды қазақ дегеніңе жол болсын, осы қазақтар өздеріңе тиімді жақты ала бөлмесеңдерші трайбалдық жақсылыққа апармайды

    • #23
    • тауарих
    • жм, 06/05/2016 - 22:19

    Біз Һоңграт елінде (Коң қырат. Қ.З.),
    Шарапат бар тегінде,
    Қыз өсіріп әдемі,
    Ұмытпаймыз кәдені.
    Қара бура жүргізіп,
    Хасак арба мінгізіп,
    Қаздаң-қаздаң жүргізіп,
    Ханым етіп береміз,
    Халық сүйген адамға.
    Қазақ сөзін іздесек ең ескі саналатын осы шығармадан бастау керек болар

    • #24
    • Емші
    • жм, 06/05/2016 - 22:33

    Массовый психоз....Ужассс...

    • #25
    • алмас
    • жм, 06/05/2016 - 22:41

    қазақ Шыңғыс ханның кезінде бар болғаны рас, бірақ алғашқы қазақ хандығын 550 жыл бұрын құрған арғындар, наймандар, уақтар, керейлер, ал қыпшық пен қоңыраттар кейіндеу қосылған

    • #26
    • Қытайлар қаптап кетіпті
    • жм, 06/05/2016 - 22:42

    https://www.youtube.com/watch?v=LXr-eJnOAUQ

    • #27
    • .
    • жм, 06/05/2016 - 22:56

    Ұлты монғол Шыңғыс ханды Қазақ дегендерге АДОЛФ ГИТЛЕР де Қазақ шығар дәлелдеп көріңдерші. Голошокин де Қазақ шығар. Ол да Қазақты Шыңғысхан сияқты қырды ғой аштықпенен.

    • #28
    • Серікжан
    • жм, 06/05/2016 - 23:31

    22-ші, пікіріңді жазбас бұрын тым құрыса мектепте оқытылатын Қазақстан тарихын білуің керек қой. Мектеп бағдарламасын да білмейтіндер тарих туралы пікір айтға қандай шебер. Ұлы жүздің ежелгі рулары Қазақ хандығына Моғолстаннан қосылған. Керей мен Жәнібек хандар Моғолстанға қашып барып, одан жер сұрап алып, Қазақ хандығын құрған.

    Шыңғысханның Қытай болып кеткен ұрпақтары да бар, француз болып кеткен ұрпақтары да бар, парсы, орыс болып кеткен ұрпақтары да бар. Олар өз шежірелерін жақсы біледі. Кәдімгі тікелей ұрпақтары олар - Шағатай мен Төледен тарайтын. Алайда ең көбі Монғолдардың өз ішінде. Қазақта тек қана Жошының ұрпақтары. Төрелер онша көп емес.

    • #29
    • Ғылым
    • жм, 06/05/2016 - 23:39

    Біз қазақтар 300 жыл Моңғолға құл болдықғой.
    Содан кейін Жоңғар деген атаңа нəлет келді. Оларғада құл болдық. Орыстар құтқармағанда кұніміз не болушыед.
    Онан соң Романовтарға құл болдық. Онан соң большевиктер , қызыл империя.

    • #30
    • шөпір
    • сб, 07/05/2016 - 0:03

    Боқтайынба? Өкпелесіндерау. Босқа кеткн кайран уақыт, жалко.

    • #31
    • серікжанға
    • сб, 07/05/2016 - 0:50

    біздің тарихты жазған адамдар қазақты бір болсын деген болар кім ұрпағы кім болмай жатыр қыпшақтың бір бөлігі украин болды деп енді бүкіл қыпшақты украин қылмаймыз, жаугершілікте балалары басқа сіңіп кеткендер көп мысалы Бейбарыстың өзін қазақ дегеніміз бен араб болған ұрпағын қазақ деп айта алмаймыз бірақ Бейбарысты өзекке теуіп жатқан жоқпыз ғой. Шыңғыс хан қазақ оған сөз жоқ. Сондықтан менің атам қазақ басқасын басқарақ деп күлтелектемей ақ қой. моғолдың қазаққа қосылып қазақтанып кеткен руларын қазақ деп таныймыз, қалған шүршіттерін, шүршіт, немесе жоңғар деп атаймыз

    • #32
    • Таңатар
    • сб, 07/05/2016 - 8:49

    Іргелі елі,тұрақты қаласы,жүйелі білім ордасы бар,ондаған ғасырлық жазылған тарихы бар Өзбекті күсталанып не көрінді.Елді басқа жолға салып жібергеннен,басқаны күндегеннен не утып жүрміз.Ақсақ Темірдің Қулпы тасындағы жазуды оқыған адам жетесі болса Алып тұлғаны Қазаққа қоса қоймас.Ақсақ Темірдің тарихын Немересі ұлы ғалым Ұлықбектен артық еш кімде білмейді.Ұлық бек не деп жазып кетті,алды мен біліп алсаңдаршы.Шыңғыс Ханға Қытай тарихы,Бурияттар,Сахалар қалай қарайды.Алаң Куа-Боданшардан тартып айтылған жайларды зерделеп алмай болмайды ғой.1570-жылдары жазылған Хасан қожа Нисори деген ғалымның Мазаккури Ахбаб деген кітабы бар(Достар тұралы естелік)
    Сол кітаптың 34-бетін ашып көріңдер.Кітап 1993-жылы Ташкент қаласынан өзбек тілінде шыққан.Қаламмен жазылғанды балта мен шауып өшіре алмайсың деген ата бабамыздың ұлағатын естен шығарып жібердік.Тұран халқының 2000-жылдық тарихында өткен хандарының есебін Өзбектер кітап етіп шығарып қойды.Олардың(өзбектер)жазба тарихын жоққа шығарып "біреу былай деген екен" дей беру абырой әпермейді.Ел болып шулағанша бір неше ерді шығарып елдіктің тархын бүкпесіз бір шығарып алайықта.

    • #33
    • Серікжан
    • сб, 07/05/2016 - 9:55

    Таңатар, "Қастерлі шежіре" бойынша "Шыңғысханның ата-бабалары алыстағы көк теңіздің арғы жағынан келген". Көк теңіз деп отырғаны - Байкал көлі. "Ергенекөн" деген жер қазіргі Ресей аймағында, Бурятиядан солтүстікте. Бодончар бір кездерде Қимақ даласынан кеткен, бұл да тарихи ақиқат. Қазіргі Саха халқы да солай, бір кездерде Қимақ (Омбы және Кемер - Омск және Кемеровск) даласынан кеткен. Тарих бойынша бұлар Монғол тілдес тайпалар (Шыңғысханның 11-ші атасы). Бұдан басқа анық дерек жоқ, Бодончар туралы.

    • #34
    • #30 шөпірге ммм
    • сб, 07/05/2016 - 9:55

    Өй, жарықтық, осындай реті кеп тұрғанда айызымызды қандырып, бір боқтап-боқтап жіберші. Сенің бетің қайтып қағанба? Соңғы кезде боқтай алмай жүрсің.

    • #35
    • Көпжасар
    • сб, 07/05/2016 - 9:58

    Сіздер, яғни тарихтан ақиқат іздеушілер! Мына дүниеге көңіл бөліңіздер. Сонда бәрі түсінікті болады.

    Адам Ата қауымы Нұқ пайғамбар заманында топан суға қарық
    болып, сол қауымнан Нұқтың отбасы (бір баласынан басқасы) және мұсылмандықты мойындаған азғана (бір кемеге сиятындай) адам аман қалған. Нұқ кемесінің тоқтаған жері осы біздің қазақ даласы. Ол жер күні бүгінде де Қазығұрт, яғни Қазық жұрт деп аталады. Ежелгі шежірелердің бәрінде бұл бүкіл әлем елдерімен толықтай мойындалған.

    Бүкіл әлем елдері осы қазық жұрттан, яғни қазақтан бөлініп, енші алып, отау болып бөлініп шыққан.

    Қожырбайұлының айтып жүргендерінің бәрі ақиқат дүниелер. Ол кісінің еңбектерін зер салып, дұрыстап оқу керек. Сонда бәрі түсінікті болады.

    • #36
    • Көпжасарға
    • сб, 07/05/2016 - 10:02

    Сіз Қожырбайұлының өзі емессізбе? Тым белсенді және дәлелсіз қорғай жөнеледі екенсіз.

    • #37
    • Көпжасар
    • сб, 07/05/2016 - 10:27

    Шыңғыс қағанды өз заманы ең адал және әділ адам деп жазған. Жауыз деп жазып жүгендер соңғы ғасырлардағы тарихты саясатқа айналдырып жібергендер. Сенбесеңіздер өздеріңіз зерттеп көріңіздер.

    • #38
    • Көпжасар
    • сб, 07/05/2016 - 10:33

    Сіз қызық екенсіз? Сонда не Сіздіңше Қожырбайұлының жазған ақиқат дүниелерін шындық деп танығандардың бәрі сол кісі бола ма? Олай болса ондай кісілер өте көп. Оны санап тауыса алмассыз.

    • #39
    • Көпжасар
    • сб, 07/05/2016 - 10:38

    Мен ол кісіні бекерге жақтап отырғаным жоқ. Оның жазғандары ежелгі шежіре-тарихтарға толықтай сәйкес келеді. Мысалы, Нұқ жайлы:

    «Нұх пайғамбар үш ұлын үш тарапқа: Хам атты ұлын Үндістан жаққа, Сам атты ұлын Иран жаққа, Иафес атты ұлын солтүстік жаққа жіберді. ...Иафес атасының әмірімен Жуды тауынан кетіп Еділ мен Жайық суының арасына қоныс тепті. Иафестің Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих атты сегіз ұлы болды. Иафес өлерінде өз орнына үлкен ұлы Түрікті отырғызып, өзге ұлдарына: «Баршаңыз Түрікті патша біліп, оның сөзінен шықпаңыздар», - деп өсиет қылды, оған Иафес ұғланы деген лақап ат қойды. ...Түріктің төрт ұлы болды: Түтік, Хақал, Барсажар, Амлақ. Түрік өлер шағында үлкен ұлы Түтікті отырғызып, қайтпас сапарға кетті. ...Түтік заманында асқа тұз салу әдеті қалыптасты. Түтіктен кейін әке тағына Елше, одан кейін Деббақой, одан кейін Күйік хан отырды.
    Күйік хан ата тағына отырып, бірнеше жылдар әділ патшалық құрып, алтыншы ұлы Алыншаны өз орнына отырғызып, халық баратын жерге кетті.
    Алынша хан көп жылдар патшалық қылды. Нұх пайғамбар заманынан Алынша ханға шейін барша Иафес әулеті мұсылман еді. Алынша хан заманында жұрт байып дәулеті тасыды. «Ит семірсе иесін қабар» деген өзбек мақалы бар еді. Әр кісі өзінің ең қимас адамы не ұлы, не қызы, болмаса аға-інісі өлсе, соған ұқсатып, қуыршақ жасатып қоятын болды. «Бұл-пәленшенің суреті» деп оны сүйер еді, ас келгенде оның алдына ас қойып, оның жүзін өбіп, көзін сүртер еді, оған бас ұрар еді. Бұндай әдет қайталана-қайталана пұтқа табынуға әкелді (Әбілғазы «Түрік шежіресі» 12-13 беттер).

    • #40
    • ШАЛА Казахпын
    • сб, 07/05/2016 - 10:38


    #33 Серікжан
    Cен Орыс жабаларына суйендiм деп шындыгынды жаз.

    • #41
    • Сөлтек
    • сб, 07/05/2016 - 10:53

    Иә, Әбілғазы Атамыздың жазған шежіре тарихына күні бүгінге дейін күмән келтірген бірде-бір тарихшы жоқ. Олай жасау мүмкінде емес.

    Көпжасар! Дұрыс айтып отырсыз. Сіздің сөзіңізді ары қарай мен жалғастырайын. Әбілғазы Баһадүр хан - Шыңғыс қағанның тікелей ұрпағы. Басында Арал-Каспий өңірі қазақтарының, кейіннен Хиуа ханы. Өз еркімен тақ билігін баласына беріп осы шежірені жазуға отырған. Шежіренің соңғы жағы аяқталмай қалып, оны кейін баласы аяқтаған.

    Қандай керемет! Балаң болса осындай болсын.

    • #42
    • Шылым
    • сб, 07/05/2016 - 11:00

    Пікір таластарыңыз керемет. Міне таза қазақи пікірталас. Тарихтың ақиқатын да, Ұлы аталарымызды да, олардың адами қасиеттерін танып біліп жатырмыз.

    Шамаларыңыз жетсе соғыс жайлы "жырлауды" доғарып, адами жақсы қасиеттері мол Аталарымыз бен олардың ұрпақтарын (бүгінгілерімен қоса) жырлаңыздар.

    • #43
    • Еврейдiн касиеттi кiтабынан
    • сб, 07/05/2016 - 11:09

    Сіздер, яғни тарихтан ақиқат іздеушілер! Мына дүниеге көңіл бөліңіздер. Сонда бәрі түсінікті болады.

    Адам Ата қауымы Нұқ пайғамбар заманында топан суға қарық
    болып, сол қауымнан Нұқтың отбасы (бір баласынан басқасы) және мұсылмандықты мойындаған азғана (бір кемеге сиятындай) адам аман қалған. Нұқ кемесінің тоқтаған жері осы біздің қазақ даласы. Ол жер күні бүгінде де Қазығұрт, яғни Қазық жұрт деп аталады. Ежелгі шежірелердің бәрінде бұл бүкіл әлем елдерімен толықтай мойындалған.

    Бүкіл әлем елдері осы қазық жұрттан, яғни қазақтан бөлініп, енші алып, отау болып бөлініп
    Қожырбайұлының айтып жүргендерінің бәрі ақиқат дүниелер. Ол кісінің еңбектерін зер салып, дұрыстап оқу керек. Сонда бәрі түсінікті болады.
    -------------------
    Нух топан судан кеиiн фермер болат, жузIМ осiрет. Бiр кунi бормотухага тоиып алып жатканда бiр баласы нухты атек кылып тыстайт. Нухын оны сезбейт те, мастыгы тарап есiн жиган сон болган жагдайды корiП жанагы баласын ужасно каргайт. Алып ендi осыны отiрiк деп айтындар?

    • #44
    • тауарих
    • сб, 07/05/2016 - 11:43

    қазақтар бұзылмайтын бүртұтас халық. Оның бір бөлігі Моғолстаннанбыз немесе ноғай хандығынанбыз деп өзіне комплеск ететіндер түсінбейтіндер, қазақтың Шыңғысханын басқаға телімекші болғандар қателеседі. енді өмірде көріп отырғанымыздай билікке өзінің жүздес тайпаластарын тықпыштап отырғаны алысқа бармайтын трайбалдық жүрістер ешкімге абырой әпермейтіні анық.

    • #45
    • Түгел
    • сб, 07/05/2016 - 11:51

    43-ке! Інім! Сен біздің бәрімізді "Еврейдің киелі кітабын" бар жерге тықпалап әбден шаршатып жібердің. Міне бұл жерге Еврейдің кітабын тықпалап отырсың.

    Англия елінің атауы Аналық текке жатады. Англияның сөз түбірі Ан (ана). Оларды біздің аталарымыз кезінде Ағылшын (сөз түбірі Ағ (Ақ, Ақиқат, Аға) деп атаған. Сөз құрамы Ақ, Ақыл, шын (сын). Олар кейіннен Ебрейлердің ықпалымен Аталық тектен безіп Англияға айналып кетті. Оны біз Англияның тағы бір атауы Британия (Ұлы Британия) дегендерінен да айқын аңғара аламыз. Сөз құрамы Бір, Ит, Ан, Тан, Рита және Ия. Демек, еврей текті семит тайпаларының алғашқы «әлемдік» аренаға шыққан жері осы. Өздеріңіз көріп отырғандай бұл ұғымның сөз түбірі ит (семит) және ан (Ман). Англия да, Америка да, Адам атаның орнына Еваны (бізше әйел, ұстанатын діні кітабы Евангелие) қойып, Әз (Азия, Қазақ) аталарынан безіп, өздерінің тегін Атадан емес, маймылдан таратты. Егер, олар осы бағытпен кете берсе, олардың біздің мәдени деңгейімізге жетулері үшін әлі алда бірнеше ғасырлар, тіпті бірнеше мыңжылдықтар қажет болары сөзсіз.
    Тарих тағлымы: Атаға қарап бой түзеудің орнына, маймылға қарап бой түзеген елдердің келешегі болмайды.
    Евангелие демекші, Евангелие Жаңа Өсиеттің құрамына кіреді, яғни Библияның бір бөлігі саналады. Онда Иса пайғамбардың (Иисус-Христос) өмірі, күресі, көрген азабы, яғни өлімі және оның қайта тірілуі баяндалады. Ең ежелгі дерек көздері Апостол ережелері (1Ү ғасыр) және Ладокий хабары (364 жыл) болып табылады. Арнайы басылымдардың барлығы Евангелие гректің қуанышты (жақсылық) хабар дегенін білдіреді деп жазады. Бірақ ақиқаты олай емес.
    Евангелиенің Би білімінен (Бибілиядан) бөлініп, айрылатын жері осы жерден басталады. Библия (Би білімі) Адам атадан басталса, Евангелие ол ілімге қарсы бағыт ұстанып өздерін әйелден таратады. Ев, Ева, Еван, Евангелие, (Ива, Иван), Еврей, (Иврит), Европа, Евгеника, Дева Мария, девушка (ивушка, ивушка плакучая), евнух бәрінің бір түбірден болатыны осыдан. Сөз түбірі жаңылыспайды. Қазақтардың тегін атадан, Ебрейлердің қыздан туған жиендерінің де бәрін Ебрей деп атайтындарының сыры осы. Бір қызығы олар Еваға, біздердің Ауа ананы Ауа Ана, деп құрметпен атайтынымыз сияқты, құрмет көрсетпейді. Мүмкін, олардікі дұрыс та шығар. Шынында да, шешең сені маймылдан туса, сен оған қалайша Адам Ата – Ауа Ана деп құрметпен атарсың. Бүгінгі Европа, Америка, Англия, Франция ілімдерінің (қозғаушы күші Еврейлер) шыққан «шыңы» осы. Өздеріңіз көріп отырғандай, осы төрт елдің сөз түбірлері Ева (Еврей, Европа), Ам (Амур, Амазонка, Америка), Ан, Ана (Англия мен Франция) бәрі синоним сөздер болып табылады. Ресей бұлардың қатарына Еврейлердің ықпалымен кейіннен қосылды. Сондықтан, оларды біздің аталарымыз, ежелгі Орыс деген аталық текті білдіретін атауларын қолданыстан шығарып, оның орнына аналық текті білдіретін Раша (Ресей), Ева (Ива, Иван) деп атап кетті. Қазақта «Ш» мен «С» дыбыстары ауысып қолданыла береді. Сонда Ресей мен қазақтың Шешесі бір ұғым болып шығады. Бұл төртеуінің (Англия, Франция, Америка және Ресейдің) бірінші дүниежүзілік соғыста да, екінші дүниежүзілік соғыста да жұптары жазылмай, Ұлттар мен Дінге және Аталық текке қарсы айқасып жүргендерінің негізгі сыры осы. Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда олардың бұл әрекеті «шашы ұзын, ақылы қысқа» шайпау әйелдердің ісінен аумай тұр.
    Бұлар қазір төртеу емес бесеу болды. Бұл төртеуінің қасына соңғы ғасырда, яғни 1947 жылы БҰҰ-ның шешімімен дүниеге келген Израил (Еврей) мемлекеті қосылды.
    Евангелиенің төрт авторы бар. Матвей (Матай), Марк, Лука және Иоанн. Христиандарда осы төрт автордың төртеуі де киелі саналады. Төрт Евангелиенің төртеуі төрт түрлі болғанымен, Матай, Марк және Луканың Евангелиесінің ұқсас жерлері көп, яғни оқиғалар мен өсиеттер қатар өріледі, ал Иоанн (Йохон, Жохан) Евангелиесі кейіпкерлерінің аты бір болғанымен мағынасы басқа. Ол жөнінде әңгімеміздің басында айтқанбыз, сондықтан оның бәрін қайталап жатпаймыз.
    Ескі Өсиет пен Жаңа өсиет Христиан Библиясының ең біріншісі және оның бір бөлігі болып табылады, ол ежелгі Еврейлердің киелі жазбасы, ол Иудаизм мен Христиандарға ортақ дүние, Ескі Өсиет б.з.д. Х111 ғ-дан 1 ғасырға дейін ежелгі Ебрей тілінде жазылған, оның ішінде тек қана екі кітап (Даниил мен Есора) арамей тілінде жазылған делінеді. Ал, шындығында олардың ежелгі Еврей тілі деп отырғандары бүгінгі қазақтың Ана тілі. Себебі, бұл тілде Адам Ата мен Ауа Ана және Нұқ пайғамбар қауымы сөйлеген. Бүткіл жер бетіндегі әлем елдері осы қауымнан тараған.
    Б.з.д. 111 ғ-дан б.з. 1 ғасыры аралығында Ескі Өсиет қазақтың ана тілінен ежелгі грек тіліне аударылған. Осы аударма ең алғашқы Христиандармен мойындалды.
    Иса пайғамбардың жазбасы жоғалып кеткеннен кейін Иса аңызға айналды. Әр түрлі белгісіз авторлар, Исаның жалған шәкірттері Иса білімінің жинағын жасады. Б.з. 60 жылдарына дейін Исаның жолын қуушылардың ішінде қазіргі Евангелие жобасы болмаған, Исаның өз шәкірттері Ежелгі Пайғамбарлардың заңы мен кітаптарын (Ветхий Завет) айтып жүрген. Евангелие одан көп кейін жазылған. 1Ү ғасырдың аяғында крестяндық автор Фауыт:
    «Евангелие 12 Апостолдан көп кейін Қара ниетті адамдармен ойдан шығарылды. Олардың сөздеріне ешкім сенбейтін болғаннан кейін, олар өз ойларын Апостолдың атынан жариялады. Бұл кітап ақымақтық пен қарама қайшылыққа толы.
    Бұл еңбек Исаның және оның 12 әріптесімен жазылған емес. Жартысы Ебрейлердің қолынан шыққаны қазірдің өзінде дәлелденіп отыр. Олар өздерінің бар қателері мен ойларын Исаға жапты».
    «Ақиқатында, олардың ішінде Кітапта жоқ нәрсені Кітапта бар деп есептеулерің үшін Кітапты тілдерін бұрап (өзгертіп) әрі Аллаһтан болмаса да: «Бұл – Аллаһтан», - деп айтатын бір топ бар. Олар біле тұрып Аллаһ атынан өтірік айтады» (Құран Кәрім. «Әли Имран сүресі» 78 аят).
    Тәпсір: Егер адамдар дінді дүниелік нәрселер үшін сататын болса әрі келісімдерін бұзып, өтірік анттармен дүние тапса, онда Қайта тірілу күні аса ұлы Аллаһ оларды ауыр азапқа салады. А.Саъди.
    «Иудейлердің әділетсіздіктері себепті және олардың (адамдарды) Аллаһтың жолынан көп тосқандары себепті, оларға рұқсат етілген (халал) жақсы нәрселерді өздеріне тыйым еттік. Сондай-ақ, өздеріне тыйым салынған болса да өсім алғандары және адамдардың мал-дүниелерін жалғандықпен жегендері себепті. Біз олардан кәпір болғандар үшін күйзелтуші азап әзірледік». («Ән-Ниса сүресі» 160-161 аяттар).
    Тәпсір: Иудейлердің істеген қылмыстары үшін Аллаһ Таһала рұқсат еткен дүние игіліктерінің кейбірін оларға тыйым салды. Бұл тыйым оларға адамдарды тура жолдан бұрғандығы және өсім алғандықтары үшін жаза ретінде берілді. А.Саъди. Демек, бүгінгі халықты тура жолдан аздырып, арам жолмен (пара, бопсалау, ұрлау, тонау т.т.с.) мал табушыларды осы ауыр азап күтіп тұр деген сөз.
    «Батырдың (Бауыржан Момышұлының М.Қ.) дін туралы пікірі, ойы еркін, сыни болатын. «Христиан дініндегі қасиетті кітап Інжіл Алланың сөзімен бірге, там есть слова правителя мира», - деді. «Неге?» деп сұрадым. «Олар жер-жерді жаулап, билеушілері өздерінің ойын салып жіберген тұстары бар. Сондықтан бұл кітаптарда қайшылық көп. Ал Құранда бір грамм қайшылық жоқ. Өзің салыстырып қара деді», - деді. Мұсылман дініне тақ тұратын. Әкесі молда болса, Баукең қайда барады?» («Үш Қиян» газеті. Мекемтас Мырзахметұлы, Абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор. «Елдегі діни ахуал, өзгерістер біздің бағытымыздың дұрыс екенін көрсете бастады» № 32. 29.09.2011 жыл).

    • #46
    • #45 ке 44
    • сб, 07/05/2016 - 12:02

    Міне, түгел дегеніңіз нағыз Қожырбайұлы, дәл өзі болмасада соның сөзді талқылауының прөдукті. Өкірайнның Харьковіде қазақтың қаласы, қар көп деген сөзден шыққан. Мәдияр боса бомаса қазақ. Оның Будапеші қазақтың жүкті буда шеш деген сөздерінен шыққан.

    • #47
    • Серікжан
    • сб, 07/05/2016 - 12:22

    40-шы, Орыс жазбаларында және қазіргі Ресей тарихында Шыңғыс ханның арғы аталары Соғды жерінен шыққан деп көрсетіледі, оқып көрсеңіз де болады Ресей тарихын. Монғолдардың атасы Бодончар Қимақ даласында өмір сүрген деп танитын Монғолдардың өздері.

    Ал мен Қимақ даласында монғолдар өмір сүрді деп ойламаймын. Ал Саха халқының Қимақ даласынан кеткенін білемін. Себебі, Сахалар өзінің ата тек шежіресінде Мейрамсопы, Кенжесопы, Ақсопы, Қарасопы дейтін Сопылардан тарайды. Қазақта Сопылардан тарайтын ру - Арғындар. Қимақ даласының тұрғындары қазір де Арғындар. Ал Бодончардың өзі Сопылардан тарамайды. Тайдчиут бірлестігінің Хияд руынан шыққан, ол кісі.

    Мұхамбеткәрімнің "Тайдчиут" деген сөзді "Адайжұрт" деп түсіндіруі ешбір ақылға да сыймайды, ешқандай қисынға да келмейді. Алайда, Адайлардың да бұдан 1500 жыл бұрын Қимақ даласынан, Алтай жақтан шыққан ру екенін, одан 8 ғасырда Кап тауына қарай аттанғанын тарихтан білемін. Хазар қағандығының жеріне (Каспий мен Қара теңіз аралығы) барып тоқтаған, содан кейін 11 ғасырларда Дешті Қыпшаққа кері қайтқан. 15 ғасырларда қазіргі Тараз жерінде өмір сүрсе, 18 ғасырда Маңғыстауға келеді. Адайлардың табаны, қара шаңырағы қазір Жамбыл облысында тұрады. Осы бары.

    • #48
    • Серікжан
    • сб, 07/05/2016 - 12:34

    М.Қашғари Қимақ даласындағы халықтар туралы айта келіп, олардың түркі тілінде сөйлегенін анық көрсеткен, сосын: "Йемек және Қыфчақ - екеуінің тілі бір" ,- деп көрсетеді. Яғни, "Қимақ" деп жүргеніміз - баяғы сол "Қыпшақ" деп аталған халық. Қыпшақ деп аталатын халық қазір жоқ: қазіргі Татар, Башқұрт, Қарақалпақ, Құмық, Ноғай, Қарашай, Балқар, Қазақ, Қырым татары, Сібір татары, Қуманлығ, Шор, Чұлым, Қырғыз сияқты халықтарының барлығының атасы болған ол халық. Тоныкөктің өзі Қыпшақ болған. Білге қаған - Қыпшақ емес, Қапаған қаған - Қыпшақ. Бейбарыс - Қыпшақ, Қасым хан - Дешті Қыпшақтың ханы т.с.с. солай кете береді.

    Мүмкін Боданчар Қимақ даласынан кетіп Монғолдардың тайшысы болған шығар. Бірақ, ол ештеңені де білдірмейді. Шыңғысханның тұқымы, Тәуекел ханның шөбересі Тевкелев деген орыс 18 ғасырда Қазақ жерін Ресейге қосып берді. Ал Шағатай ханның тұқымы, тағы бір орыс Чаадаев 19 ғасырда ақ патшаға қарсы дворяндар көтерілісіне шықты. Бұлар да ештеңені білдірмейді.

    • #49
    • серікжанға
    • сб, 07/05/2016 - 13:08

    Ұлы жүздің ежелгі рулары Қазақ хандығына Моғолстаннан қосылған. Керей мен Жәнібек хандар Моғолстанға қашып барып, одан жер сұрап алып, Қазақ хандығын құрған..........
    қашып барды ма басып алды ма ол тарих қойнауындағы әңгіме, өзіне тиімді етіп алу тарихты бұрмалау қашаннан да болған. Қазір үкіметтің құрамын талдасаңыз тегіс ұлы жүз тайпаларының адамдары, мысалы Д.Назарбаева, Сұлтанов-қаржы министрі, Бишимбаев Экономика министрі, Мырзахметов - ауылшаруашылығы министрі, Дуйсенова - әлеуметтік қамсыздандыру министрі, Бұрынғы алиев болған қазіргі - мәдениет министрі, Қасымов ішікі істер министрі, Бозымбаев - энергетика министрі, Мәми -сот төрағасы, Тоқаев, Есімов, Абықаевтар бар, сонымен қатар Шукеев - самрук қазына президенті, Келімбетов - финансовый орталықтың басқа жүздерден Тасмағамбетов қорғаныс министр және исекешев - Инвестиция кіші жүздер. сағынтаевты білмедік бітті жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін

    • #50
    • Н.М.М.
    • сб, 07/05/2016 - 14:04

    Шыңғысханның арғы тегі Түрік,қазақ,дүние жүзі қалмақ десе,дей берсін бабамызды танимыз.Ал Ақсақ Темірдің Найман екенін,СССР кезінде-ақ жазып кеткен..Серікжан Төртуыл,Төртқара найман екенін түсіндіріп отыр.

    • #51
    • Н.М.М.-ға әбден шатасқан рушыл
    • сб, 07/05/2016 - 14:38

    Апырай не істедік енді?! Шыңғысхан керей деп Мағауин деген біреу жазды деп шулады жұрт, онан жоқ ол жалайыр деп Бексұлтан Нұржекеев пен Марал Ысқақбаев "дәлелдеді"дедік.Қожырбайұлы деген Шыңғысхан адай деп шықты. Енді келіп сен Шыңғысхан найман дейсің! Қойсайшы, үндемегенге басына бермей, ол біздің төртқара руынан шыққан! Оған келіспесеңдер онда Шыңғысханды моңғолына қайтарып берейік дұрыстап ие болсаңдаршы деп.

    • #52
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сб, 07/05/2016 - 14:43

    Сіздер Атам Қазақтың Ата салтындағы өте, өте, өтеден де өте қарапайым қағидасын түсіне алмай жүрсіздер.

    Сонау бір өте ескі замандарда ҚАЗАҚ атамыздың Ағарыс (Аға Арыс), Жанарыс және Бекарыс атты үш баласы болған.

    Өздеріңіз көріп отырғандай, ең бірінші дүниеге келген үлкенін Аға Арыс - ҰЛЫ ЖҮЗ, яғни екі інісінің Ағасы, яғни үш жүздің ішіндегі ең ұлысы деп атаған.

    Екі інісі Аға Арысын дәл қазіргі үйіміздегідей үлкен деп сыйлап, айтқандарын екі етпей, қолдан келген барлық құрметін көрсеткен.

    Ортаншы, яғни екінші дүниеге келген ұл Жанарысты екі ұлдың ортасында дүниеге келгендіктен ОРТА ЖҮЗ деп атап, Ағасы оларға ағалық ілтипатын жасап, барлық жақсы істеріне қолдау көрсетіп отырған. Кіші інісі інілік ілтипатын жасаған. Қиналған сәттердің бәрінде ағаларының қасынан табылған.

    Ең кіші кенже ұл Бекарысты - КІШІ ЖҮЗ деп атап, Атамның қарашаңырағы деп, екі ағасы оларға әрқашанда қамқорлық жасаған. Қандай ма бір қиын жағдайлар болмасын Аталарының шаңырағының күйреп ортаға түсүіне жол бермеген.

    Ал, біз қазір осындай қарапайым ғана дүниені түсіне алмай руды, жүзді ауызға алуды жүзге, руға бөліну деп күстаналап жүрміз.

    Атаны силауды, Ағаны силауды, Ініге Ағалық ілтипат білдіруді қойып, Жаттың жазған жалған тарихына сеніп бір-біріміздің жағамызға жармасып жүрміз.

    Мұның бәрі Ата мен Ағадан безіп, маймылды Ата деп мойындағандықтың салдары болып табылады.

    Ағайындар Әлі де кеш емес. Жүрегіміздегі тумаластарға деген мейірім деген сезімді өшіріп алмайық.

    Анау 5 наурыз 2016 жылғы Қытайда өткен Әлемдік ережесіз жекпе-жекте финалға шыққан екі баламыздан: Айбек Нұрсейіт (Қазақстаннан) пен Ғабит Тұрғанбек (Қытай қазағы) үлгі алыңыздар.

    Екі бауыр бүкіл Қытай, бүкіл әлем елдері алдында өз тумаласына қол жұмсамады. Тумаласы (қандас қазағы) үшін екеуі де чемпиондық атақтан да, сан миллиондаған ақшадан да бас тартты.

    Барлық қазаққа Сендердің жүректеріңдегі ағайындық, тумаластық, мейірім деген сезім жұғысты болғай.







    • #53
    • Дуст
    • сб, 07/05/2016 - 15:04

    Дуст деген Жаксы дарi бар. Коржонбай сиякты ертекшiЛерге себу кажет.

    • #54
    • Қожырбайұлына бұрынғы студент
    • сб, 07/05/2016 - 15:17

    Оқып жүргенде Дарвин ілімін айтқан мұғалімге бір қылжақ студентіміз: еее, енді ұқтым, арғы атам орангутан, бергі атам төленгутан деп күлдіріп еді. Өзі төлеңгіттен екен. Дарвиннің ілімі бәрібір өлмейді.

    • #55
    • Жан
    • сб, 07/05/2016 - 16:21

    53-ке! 25 жылда ел азды, жұрт тозды, маймылға бала болып, үлкенді силау, есті сөзге тоқтау, қандас бауырлардың арасындағы туысқандық мейірім деген жіптің үзілгенін Сіздің сөзіңізден айқын көріп отырмын.

    Қожырбайұлының айтып отырғандары күні кешегі өмір шындығы еді. Жиырма бес жылдағы жеткен жеріміз осы болған екен.

    Ол Кісі айту міндетінен құтылды. Қазіргі заманда маймыл түгілі, итке бала болсаңда адамның өз еркі ғой.

    • #56
    • Жан
    • сб, 07/05/2016 - 16:30

    54-ке! Шайтани ілім ғой. Ол өлмейді. Бірақ, Аллаға иман келтіріп санаңнан қуып жіберуге болады. Қожа Ахмет Иассауи мен Пір Бекет Аталар осылай жасаған. Олар Алланың аты ауызға алынған жерге жоламайды. Аталарымыз Зікірді "Маңымнан шайтан қашсын" деп салған. Сосын Шындық айтылған жерде Аталарымыз "Шайтан шыңғырады" деген. Мына "дустың" пікірі соған ұқсайды екен.

    • #57
    • Н.М.М.
    • сб, 07/05/2016 - 18:13

    51, Шыңғыс хан найман емес,дұрыстап оқы.

    • #58
    • Н.М.М. - ға шатасқан рушыл
    • сб, 07/05/2016 - 18:52

    Қап, Шыңғысқан найман деп сеніп қасам, ол нағыз қалмақ, жоңғар екен ғой, атасына нәлет, өзімен кетсін оңбаған қалмақ пен жоңғар, ақтабан шұбырынды солардың ісі еді ғой. Енді есіме түсті. Бірақ Шыңғысқанның шөберелері біз шыңғысқандар төртқарамыз деп қазақтан кешірім сұрап еді кезінде біздің Шалқардың жағасына келіп. Не заман боп кеткен бәрі өтірік айтатын, сөзінде тұрмайтын. Моңғолдар Шыңғысқанын қайтып асыншы, біз оны өтірік керей, өтірік жалайыр, өтірік адай, өтірік тағы бірдеңе ру қып қайтеміз. Бар кәп бізде Қожырбайұлы сияқты судай сапыратын мен Мағауин сияқты кәніспекшіл тариқшылдар болмай тұрғанында ғой. Әйтпесе Шыңғысқанның Төртқара екені рас қой, бәрі біледі.

    • #59
    • Н.М.М.
    • сб, 07/05/2016 - 18:55

    58,дұрыстап оқы аптықпай,қуа бермей.

    • #60
    • Н.М.М.-ға шатасқан рушыл
    • сб, 07/05/2016 - 19:03

    Өзің қуып кеттің ғой, Шыңғысқан найман емес депсің. Төртуыл, төртқара найман дейсің, сонда Шыңғысқан неқып найман емес, егер ол төртқара боса, некеден тыс туғанба, бәсе біреулер оны шүршіт дейтін еді.

    • #61
    • Н.М.М.
    • сб, 07/05/2016 - 19:24

    Шыңғысхан төртқара емес Қият -боржигин.Ал Темирлан,Ақсақ Темір-Найман,төртқара,төртуыл.Ұғынықты айттым ба?

    • #62
    • Н.М.М. - ға шатасқан рушыл
    • сб, 07/05/2016 - 20:26

    Қият-боржигин нағыз моңғол ғой. Ол сонда төртқараның қалай ағайыны болады?

    • #63
    • Шындық
    • сб, 07/05/2016 - 20:56

    Шыңғысыңды қай ру десең де,тек Найман демеңдер.Принимать қылмаймыз.Шыңыстың тұқымы болғанша,қара қазақ болып,Отанымның
    текті ұрпағы болайын.

    • #64
    • Н.М.М.
    • сб, 07/05/2016 - 21:04

    Туй өзі,62 рушыл.Ру тап-таза болмайды ғой.Найман руының құрамында да Ғұн,Қыпшақ,Моңғол т.б,рулары да бар.

    • #65
    • Н.М.М.
    • сб, 07/05/2016 - 21:06

    Сунақ тайпасы
    Сунақтар Найман тайпасына жататын Дүрмен-Барлас руының бір тармағы. Қезінде Барлас руы Үлытау, Қызыл Арай тауларының бөктерін жайлаған деген дерек бар. Ол деректі айқындай түсетін бұл өңірде Барлас, Барлық, Дүрмен деп аталатын жерлер бар. Дүрмен-Барлас руынан атақты әмірші Темірлан көреген, Үлықбек, Бабырлар шыққан. Өзбектер әлі күнге өздеріне кірген тармағын дүрмен наймандар атайды.

    • #66
    • Бекжан
    • сб, 07/05/2016 - 23:38

    #114 Юрий.
    Чингиз-хан жил задолго до появления народа "Казахи".
    Ескі күндері, термин «Қазақ» әр түрлі мағынасы болды.
    Исследователи пишут о том, что мусульманские кочевые племена стали осознавать себя единым народом в самом конце 19 века. А православные кочевники - в 17 веке. А до этого уровень экономики был доиндустриальный, поэтому достаточно было идентифицировать себя с родом и племенем.
    Разберитесь с омонимом «Қазақ»

    Юра великий перс Фирдауси жил 10 м веке и всем известно его произведение о "Богатыре Рустаме". Вот на этом дастане Фирдауси указывая в сторону Аралского моря показал что там находятся Казахская Ханства и его народ боевой кочевой народ КАЗАХИ. Это в 10 ом веке он указывает не только на народа Казахов, он показывает что у народа казахов есть государство с названием Казахская Ханство. А Чингисхан жил позже этого, он жил 13 веке.
    Русские правители специально все исказили чтобы скрыт о древности Казахов и поэтому русские ученые подготовили фальшивую книгу якобы написанной Дулати и наши историки досих пор верит этому ложу. Поэтому не только ты русский вериш тому что Казахи якобы появилис после Чингисхана, этому ложу верит многик казахи воспитанные во времена господства русских империи.

    Китайцы досих пор называет наш народ искаженно "КАСА" или "ХАСА". Вот китайские источники еще 7 ом веке указал народ живушии в районе Кашкарии названием "Каса".

    Откуда появился или как появился названия ҚАЗАҚ или ХАЗАХ ("казах" неправильно)?
    Как известно из истории Хуньская Империя пала под натиском Китайской Империи и их союзников Сяньби с Уйсунами. Основная часть хуньского народа ушли на запад на територии нынешней Казахстана. Это было 1 век нашей эры и в те времена в нашей територии жили народ Саки (скифы азиатские). В те времна над народом Саков главенствовали племя Кангью (канглы) и они опиралис на союз с Хунской Империей. То есть племя Кангью главенствовал над своим народом Саков с помощью Хуньских правителей. Пришедшим Хуннам подчинился Сакский народ и соседы Огузы начали называть нашу землю ҚҰҢЗАҚ или ХУНЗАХ. Смысл названия получается "сторона хуньов" или "хуньская земля". То есть на место казахского "жах" использованно "зах" и разница тоько в этом. Сторону Астану казахи назовут "Астанажах", а по огузскому получилос бы "Астаназах". Историкам известно что хуньская племя Абар первоначально жил в районе Тарбагатая и в 4 веке они переселилис на Кавказ. Нынешние Авары в Дагестане потомки тех Абаров и их дагестанская родина досехпор называется ХУНЗАХ. Русским ученым известно что смысл аварского названия ХУНЗАХ означает "сторона хуньов" или "хунская земля". Всем известно что Венгрия было центром Аварского Каганата существовавщего в Европе с 6 века по 9 век и историки того времени указали что Авары были тюркоязочным этносом. Вот Венгрии тоже сохранился названия КУНЗАК в нескольких вариантах. Получается названия единого народа состоящихся из вчерашних саков и хуньов была ХУНЗАХ и так было еще 4 веке. Абары ушедшие на запад как войска Жужанского каганата туда отвезли свой народный названия ХУНЗАХ и она сохранился на Дагестане и на Венгрии.

    А 7 веке названия ХУНЗАХ видеизмеился на ХАЗАХ из-за выхода из употредбление двух букв "ун". То есть ХУН-ЗАХ укоротился сначало на Х-ЗАХ и после на Ха-ЗАХ.

    Названия ХУНЗАХ доказывает что наш народ является прямым непотерянным продолжением двух великих народов Хуннов и Саков. Став единным народом они называлис ХУНЗАХ и позже в 7 веке названия народа укоротился на ХАЗАХ.

    • #67
    • ШАЛА Казахпын
    • жб, 08/05/2016 - 0:51


    #43 Еврейдiн касиеттi кiтабынан

    “Раббым! Жер жүзінде кәпірлерден ешбіреу тұрғын қалдырма” деді. (26)
    “Егер оларды қалдырсаң, құлдарыңды жолдан адастырады да бұзақы кәпір балаларды ғана тудырады; (27)

    Құран. Нух сүресі. Аят 26,27

    • #68
    • Елден Серікжанға қазақ емес қалмақ дегенге
    • жб, 08/05/2016 - 7:36

    Шыңғыс хан Ұлытаудағы Алаша хан.Əлкей Марғұлан ның өзі соған күмəндəніп кеткен.сонымен Ұлытаудан іздесе болады.Шыңғыс хан батып бара жатқан күнге қарап тұрып тілектерін сұраған. ал сондай ғұрып оны менің шешем де балалары ауырып қалсақ батып бара жатқан күнге қаратып ұшықтау тек қазақта ғана. бар

    • #69
    • ШАЛА Казахпын
    • жб, 08/05/2016 - 11:08


    Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені: Бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен туысқа айналдыңдар........

    Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне соларға зор азап бар.

    Құран. Әли Имран сүресі. Аят103-105.

    • #70
    • Адай баласы
    • жб, 08/05/2016 - 11:09

    "Мұңалдың құпия шежіресінде" Шыңғысхан елінің келіндері "бас табаққа" және жұбайының жасы үлкендерінің бәріне иіліп сәлем етеді. Бұл дәстүр қазақтан басқа ешбір елде жоқ. Бұл дәстүрдің үш жыл бойғы бодандық кезінде де бұзылмай сақталған жері Маңғыстау.

    • #71
    • Серікжан
    • жб, 08/05/2016 - 11:11

    68-ші, бәріміз де соған күмәнданғанбыз. Алайда дәлел жоқ. Негізі ондай күмбездер тек қана мұсылман баласына тұрғызылады, яғни кім болса да, Алаша хан мұсылман болған. Күмбез Жошы хан күмбезінен 150 жылдай кейін тұрғызылған, Ақ Орда (Урус хан немесе Арыс хан) дәуірінде. Соларға таяу тұрған Домбауыл кесенесі рас, Жошы хан күмбезінен 350 жылдай бұрын соғылған және бұндай кесене Тәңіршіл-Бақсылық ұстанымға тән. Тұрғызылған жылдары кесенелердің құрылыс материалдарын радиактивтік екшеу бойынша есептеледі.

    Шыңғысханға күмбезді кесене тұрғызу мүмкін емес, ол мұсылман болмаған. Қалмақ, Хошеуіт, Жоңғар, Халха (Мұңғұл), Ойрат, Бурят - осы алты халықты "Қалмақ" деп атаймын. Яғни, қазіргі мағынасындағы Қалмақ емес. Соны түсінсе болды, Шыңғысхан - қалмақ. Бурджигин. "Бурджигин" деп Хабул ханнан тараған ұпақты ғана айтқан. Хабул ханнан бұрын "Бурджигин" деген ата болған емес.

    "Әмір Темірді еншілеп алған Өзбектер құрлы жоқпыз ба" - дейді автор. Келісемін, Әмір Темір турасында емес, олар өздерінің және өзбек мемлекеттілігінің тарихын ешқашан "Өзбек" деген сөзден іздеген емес. "Өзбек" деген сөз - күні кешегі Алтын Орданың Өзбек ханының (1283-1341) есіміне байланысты қалыптасқан. Ұлы ханның есімі "Огуз+бек" деген сөзден қойылған, бар ғой қазір де Арғынбек, Найманбай, Дулатбек, Адайбек, Қыпшақпай деген жігіттер. Бары осы ғана.

    Сол сияқты Қазақ мемлекеттілігінің, қазақ халқының тарихын да "Қазақ" деген сөзге жабысып алып іздеген жөн болмайды.

    • #72
    • Серікжан
    • жб, 08/05/2016 - 11:24

    "Мұңал" деген сөздің "Моңғол" деген сөз екеніне ешкім дау тудырған емес. Сол сияқты Өзбектегі "Минг" және Ноғай-қалпақтағы "Маңғ-ыт" руларының да сол Моңғол сөзінен екендігін бәрі мойындайды. Оған дауласып отырған ешкім жоқ. Қият деген ру Қазақта Кіші жүз Байұлы Адайдың Мұңал атасында бар, сосын Ұлы жүз Қатаған Шанышқылының Балық атасында бар. Одан Шыңғысхан Адай немесе Шыңғысхан Қатаған деген қорытынды шықпайды. Мысалы, Қарақалпақтың Қияттары Қоңыраттың ішінен табылады. Ешқашан шықпайды.

    Мүмкін, қазақтағы барлық Шыңғыстың ұрпақтарын Төре дейміз ғой, сондықтан "Шыңғысхан - Төре" деп шартты түрде айтуға болатын шығар. Ол үш жүзге жатпайтын ата. Мүмкін, кезінде Бөржігіндер Қоңыраттан бөлініп шыққаны рас шығар. Ол заманда Төрелер қара халықтан қыз алмайды, қара халыққа қызын бермейді. Ал Шыңғысханның - шешесі де қоңырат, бәйбішесі де Қоңырат, келіні (Жошыханның бәйбішесі) де қоңырат.

    • #73
    • 73
    • жб, 08/05/2016 - 14:31

    Сіздердің ойлау жүйелеріңіз бір түрлі екен. Сіздерге орыстың оқуы әбден өтіп кеткен. Қоңыратты таза қазақ деп мойындай отырып, оларды мәңгі бақи жау қалмақпен құда қылып қоясыңдар. Атасы Шыңғысханды тағы да жау қалмақ қылып, оның тікелей ұрпақтарын Керей мен Жәнібектен бастап қазақтың барлық хандарын қазақ деп мойындайсыңдар.

    Мұның бәрін не үшін істеп жүрсіңдер. Қаз Адайды қазақтың қарашаңырағы ретінде мойындамау үшін бе?

    Кім қанша жерден қай жаққа бұрмаласа да шындық деген біреу болады. Одан ешкім, яғни ақыл-есі түзу адам ешқайда қашып құтыла алмайды.

    Шындыққа көздеріңіз жеткен күні бәрің Қожырбайұлы айтқан жерге барасыңдар. Шындықты басқа жақтан іздеп әуре болмаңдар. Басқа жақтан ештеңе таппайсыңдар. Оған көздеріңіз толық жететін күн алыс емес.

    • #74
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • жб, 08/05/2016 - 16:35

    71-Серікжанға! "Сол сияқты Қазақ мемлекеттілігінің, қазақ халқының тарихын да "Қазақ" деген сөзге жабысып алып іздеген жөн болмайды".

    Ел тарихын атаудан іздемейтін болсақ, елге ат қоюдың қандай қажеті бар?
    «ҚАЗАҚ» СӨЗІ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН?

    Ежелгі шежіре, ежелгі тарихи жазбаларды парақтасаң әлем картасында «Қазақ» жайлы ой толғамаған, жазбаған бірде-бір ел, «Қазақ» деген сөздің мағынасы жайлы қалам тартпаған бірде-бір қаламгер жоқ.
    Ежелгі шежірелерге үңіңлсек, Сонау түптегі Адам Ата мен Ауа Анадан бергі сан мыңдаған жылдар бойы (ежелгі жазбалар да 70 000 жыл делінеді, шындығын бір Алла біледі) бүкіл әлемді Қазақтың хандары мен қағандары билеген. Жер бетінде қазақтан басқа елде «Хан», «Қаған» деген лауазым атаулары және «Қағаннан» ұлы лауазым болған емес. Қазақтың әйгілі қағаны Шыңғысханның мөріндегі «Аспанда Құдай, жерде Қаған, әлем иесінің таңба-мөрі» деген жазбаның болғаны осыдан.
    Ал, кейінгілердің жазбаларында Қазаққа – кеңпейіл, адал, бейбітшіл, әділ, қонақжай, өзге елге бағынбайтын, еркіндікке аса құштар халық деген мағына берілген. Сұлтан Бейбарыс заманында жасалған «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ сөзі – еркін адам, ерікті жауынгер» десе, көптеген көрші елдердің сөздік қорында «қазақшылық құру”, “қазақы әскер”, “қазақы соғыс өнері” деген жолдарды оқимыз. Қасиетті Құран Кәрімде әйгілі Газа (Қазақ) пирамидаларының иесінің сарбаздары «Қазық» деп аталыпты. Иран елінде, күні бүгінге дейін, әскери жатақхананы “қазақхана” деп атайды екен. Қазақ сөзі көне түріктің «жауынгер», «батыр» деген ұғымдарымен қатар қолданылған.
    Ноғайдың «Батырлар жыры» Қазақы жыр деп аталған. Тек қана Маңғыстаулық Қаз Адайлар арасында жырланып әйгілі Мұрын жырау Сеңгірбекұлы арқылы бүгінгі күнге жеткен «Қырымның қырық батыры» атты батырлық дастан, «Ноғайлы жырлары» деп те аталады. Манқыстаулық Ман Адай мен оның ұлы Көгедей (Көкше батыр) жайлы, Алтайда «Ма Адай-Қара» батырлық дастаны күні бүгінде де жырланады. Енді осының үстіне бүкіл әлем елдері өздерінің мәдениеттерін Алтайдан тарататынын қосып қойсаңыз тіпті де жаңылыспайсыз.
    Бүгінгі Түріктер (Түркия) «Қазақ» деген сөзді - жүннен тоқылған, немесе басылған барлық бұйымдарды (киім, орамал, байпақ, киіз т.т.), бір ауыз сөзге тоқтап, сөзінде тұратын, яғни екі сөйлемейтін мәрт адам және жиһангер мағына да қолданады. Олар өздерінің Қазақтан тарағанын кәміл мойындап, Қазақстанды Ата жұрты санайды. Қазіргі Татарстан ежелде Қазан (Қазақ хандығы) деп аталған. Сонау Ү ғасырдың басындағы бүкіл Еуропаға (Римімен қоса) билігін жүргізген Қазақтың әйгілі патшасы Еділ қағанның елі «Қазар қағанаты», соған сәйкес сол кезде қазіргі Қасби (Каспий) теңізі, Қазар теңізі деп аталған. Шындықтың аты шындық, ақиқаттың аты ақиқат. Одан ешкім ешқайда қашып құтыла алмайды. Бүкіл Азия халқы өздерінің Қазақтан тарағанын толықтай мойындап, өздерін Азиялықтармыз деп атап жүргендері осыдан. «Қазақияның» сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) «Азия» болатыны да осыдан.
    Тарих тағлымы: Еске ұстайық! Атам Қазақтың Сөз түбірі және оның құрамы ешқашан жаңылысып көрген емес және ешқашан жаңылыспайды да. Жаңылысатын тек қана адамдардың санасы, яғни ақылы мен білімдерінің деңгейлері ғана.
    Дәлел ме? Тыңдап көріңіз? Қазақ халқы бүгінгі күнге басында Аз-Ата (Әз-Әке), Азақ, Азан, Азар, Азық, Азау, Азаулы, Азия, Қаз, Қазақ, Қазан, Қазар, Қазық (Түп қазық), Қазақия, Қазақ ССР-і, Қазақстан болып бүгінгі күнге жеттік. Сан мыңдаған жылдардан бері қазақ халқы «мың өліп, мың тіріліп» осы түп атасының атынан айрылмай келеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, Қазақ елі атауының сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) «Аз». Қазақтың ауыз-екі әңгімелерінде олар «Әз әулие» делінеді. Күні бүгіндегі тарихта аттары қалған Аз, Азаулы елі мен Азау (Азов) теңізінің аттары да солардан қалды. Әлемдегі ең үлкен құрылықтың Аз-ия (Иә, Қазақтың ұлы қағаны Шыңғысхан шыққан Қиян (көпше атауы Қият) руы атауының сөз түбірі, бұл жерде сонымен бірге «Иә, дәл солай» деген мағынада қолданылып тұр) аталуы да осыдан. Ежелгі жыр-дастандардың бәрінде де, тіпті күні бүгінгі жергілікті қазақтардың сөзінде Манқыстауды мекендеген 360 әулиенің ішіндегі ең ерекше қастерлісі осы «Әз әулие» делінеді. Күні бүгінгі сөздік қорымызда да «Ол не соншама, Әз әулие ме?», «Ол Әз Әулие емес қой», «Неге сен оны соншама, Әз әулие қылып отырсың?», немесе «Тасташы әрі, Әз әулие қылмай?» деген сөз тіркестерін жергілікті халық жиі қолданады. Демек, осы әулиелердің ең біріншісі де, ең ұлысы да, ең қасиеттісі де, ең ардақтысы да Қазақ деген атпен бүгінгі күнге жеткен елдің негізін қалаған, түп атамыз осы Әз әулие. Қазақта осы атамыздың есімі данышпан, әзіз (ең аяулы) жан деген мағына да қолданылады. Қазақтың асыл ұлдарына халықтың құрметтеп берген лақап (мадақ) аты осы «ӘЗ» атамыздың есімі. Мысалы, Әз Наурыз, Әз Түрік, Әз Жәнібек, Әз Тәуке, Әзіреті Сұлтан (Қожа Ахмет Яссауи), Әзіреті Расул (Мұхаммед Пайғамбар), Баба Түкті Шашты Әзиз, Әбдул Әзиз Баб, Қарабура Әз әулие (Бурахан Әзі) т. б. болып жалғасып кете береді. Әз атамыздың әулеттері көбейіп ел аталып, әлемдік ұлы қағанатқа айналған кезде олар өздерін енді «Аз» емес «Қаз» деп атап осы сөзге бүкіл елдің, мемлекеттің негізгі айрықша белгілерін сыйғызды. Ал, Аз-дың алдында тұрған «Қа» буыны Қар мен Қара деген мағына береді. Себебі, біріншіден Қар (ақша қар) Аға мен Ақиқаттың (шындықтың) балама атауы, екіншіден Қара (қар (ақ) мен қара) аралас, ала деген мағынада қолданылады. Қазақтың Алаш, Алты Алаш ұғымдарының бастауы осы. Міне осылайша, «Қазақ» деген бір ауыз сөзге осы сөзді ойлап тауып дүниеге әкелген елдің барлық болмысы, шежіре-тарихы, мемлекеттік құрылымы:
    - Қаз тұру, қаз басу, қаз-қаз басу, қаза болу (адам өмірі);
    - Қазық (а. Қағылған орнынан қозғалмайтын қазық; ә. Орнынан қозғалмайтын қазық жұрт, яғни мәңгі ел);
    - Түп қазық (Қазақ елі бүкіл әлем елдерінің түп қазығы);
    - Темірқазық – а. Орнынан қозғалмайтын аспандағы жұлдыз. Қараңғы түнде адасқан жандар осы жұлдызға қарап жол табады. ә. Балама мағынасы, мәдениеті адасқан (азған) елдер қазық жұртқа (қазаққа) қарап жол табады. Адамның (елдің) ұстанған бағыты (адам баласы бірігіп ел болуға тиіс. Мақал: «Жалғыз ағаш орман емес»);
    - Қазы (мемлекеттегі (қағанаттағы) әділ билік). Адасқан елдерге де, адамдарға да біздің аталарымыз ғана төрелік жасауға құқылы болған;
    - Қази, қазірет (дін, ар, иман);
    - Қазине (құдірет);
    - Қазауат (Ғазауат, мұсылман діні үшін жүргізілетін қасиетті соғыс);
    - Қазына (мемлекет мүлкі, байлығы);
    - Қазу (құдық қазу, арық қазу яғни елді сумен қамтамасыз ету);
    - Қазба (жер асты байлығы);
    - Қазбалау (өткен тарихқа үңілу);
    - Қазғану (Көне Күлтегін жазбасында «күресу» деген мағына да қолданылған);
    - Қазір (уақыт өлшемі, қазірге дейін (өткен шақ), қазір (осы шақ), қазірден кейін (келер шақ); Қаз бір, Қаз пір деген екі біріккен сөзден құралған.

    Тарих тағлымы: «Қазір (Қаз бір, Қаз пір)», «дәл қазір» және «бүгін» деген уақыт өлшемдері Қазақтың және Нұқ пайғамбар атамыздың және оның қауымының лақап аттары. Қазір деген уақыт өлшемінің Қазақпен, бүгіннің Нұқпен түбірлес болатыны осыдан. Бүгінгі күн (Нұқтың алдындағы қауымдар сияқты, Нұқ қауымы да) өтеді, ал қазіргі уақыт (қазақ) ешқашан өтпейді. Сол үшінде Аталарымыздың таңбасы «Тіл» болып, оларды бүкіл әлем Тау би, Көп би, Қас би (Каспий) деп, ал мына батыстықтар (соның ішінде орыстарда) дәлдеп тұрып ең алғашқы тілі шыққандар (тілділер, язычники) деп атаған.

    - Қаз-қатар (ең бірінші дүниеге келген қазақ елінің артынан қаз-қатар тізіліп өзге елдердің дүниеге келуі, қатардың басында орыс, орман, қырым, қытай, арап, парсы сияқты өзге елдер емес Қаздың тұруы тек қана осыны білдіреді). Бұл сөздің басқа мағынасы жоқ;
    - Қаз-қалпында (айнымайтын алғашқы бейнесінде. Қаз елінің мемлекеттік құрылымы әу баста қалай болды, күні бүгінде де сол қалпында, ештеңе өзгерген жоқ);
    - Қазақи (қазақ үлгісі бойынша жасалған);
    - Қазар (а. Қаз – ар (Қаз ардың, яғни сөз түбірінде Ар деген ұғымы бар барлық рулар, тайпалар, елдер мен мемлекеттердің атасы. Мысалы, Ақ (аға) Арыс, Жан Арыс, Бек Арыс, Арап, Армян, Парсы, Қазар қағанаты, Қазар (Қас би) теңізі т.т. );
    Түсініктеме: Адамның қорғауға тиіс ары: Ар-иманы (сенімі), Атамекені (Отаны) және отбасы). Осы үш ұғымдағы көрсетілген дүниелер адамда түгел болмаса, немесе оны қорғамаса ол адамды Арсыз (имансыз) деп атаған.
    - Қазан (а. Күз айы: егіннің пісіп, малдың семіріп қоймаға, қазанға түсетін мезгілі, яғни адамның да, мемлекеттің де әл-ауқаты, ішер асы; ә. Отқа шыдамды ас пісіретін ыдыс; б. ел, жұрт (Қазан қағанаты, (хандығы));
    - Қазанат (қолға үйретілген алысқа жүруге шыдамды мініс аты);
    - Азан-Қазан – барлық әлем елдері, яғни Қаздың інілері мен ұрпақтары, бастау кезеңнен ғасырлар (100 жыл) мен дәуірлер (1000 жыл) өткен сайын аралары алшақтап, тілдері бөлектеніп бірін-бірі түсінбей, у-шу болып кеткен кезеңі), Азан – а. таңертеңгі мезгіл, баламасы бар дүниенің бастауы, ә. Азан шақыру (намазға шақыру), б. Азан шақырып сәбиге ат қою;
    - Қазан-Қазан (өте көп, мол);
    - Қазақ (Қаз ақ (аға)- Әлем елдерінің ағасы;
    - Қазақ (Қаз ақ (ақиқат) – Қазақ елі Ақиқаттың атасы);
    - Қаз - сөз түбірі (өз түбі, өз атасы, яғни бүгінгіше айтқанда «авторы» Аз. Басында Атамыздың ұрпақтары «аз» болды, кейін көбейіп «Қазға» айналды.
    - Қазақ – Қаз ақ (Ақ Қаз – сыңары үшін жанын қиятын, ең ару, ең сұлу, ең қасиетті, киелі құс). Атам Қазақтың «Ақ Қу менен Қаз, Адай менен Таз егіз» дейтін мақалдарының сыры осы. Қазақтың адами қасиеті осы ару құсқа ылайық болғаны үшін қойылған. Авторлық құқық сақталып тұр;
    - Ата Қаз – (Ақ Қаздарды бастап ұшатын Ата Қаз, ал елге байланыстысы Қазақ әлем елдерінің атасы);
    - Қапқаз (Кавказ) – (а. Сөз түбірі Ап (апа) пен Аз (Қаз), яғни қазақтың апасы (анасы) мен атасының атындағы тау. ә. Жерді қоршап тұрған ұлы биіктік, Қазақтың ұлы тауы; б. Қапы, Қазақтың қақпасы) түгел сыйып тұр. Сөз түсінген адамға бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?! Жер бетіндегі қай елдің атауы дәл осындай мән-мағынаға ие бола алады?! Жарайсыңдар, Аталарым! Сөз жасасаң, осылай жаса! Тарих жазсаң осылай жаз!
    - Қаз би. - а. Ең алғаш тілі шығып, өз тілдерін Ана тілі деп атаған ұлы халық. Бұл тілде Адам Ата мен Ауа Ана сөйлеген. Бізден және бізге ең жақын туыс елдерден өзге елдер тілдерін Ана тілі деп атамайды. Олар туысқан (родной) немесе орыс тілі, арап тілі, парсы тілі, қытай тілі т.т. деп ұлттарының атына байланысты ғана атайды. Себебі, Олардың өз тілдерін Ана тілі деп атауларына құқықтары жоқ. Авторлық құқық тек қана қазақта. Сондықтан, Қазақтың Ана тілі дегені, бұл бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз; ә. – Адамзаттың рулық шежіресін, яғни өткен тарихты толық меңгерген би адам; б. Адамдар, рулар, тайпалар, елдер арасындағы дауларға билік айтушы адам; г. Билік жасау (ел билеу); Сол үшінде ғой, ежелгі Қазақтарды бүкіл әлем елдерінің Қаз би (Қас би) деп атап жүргендері!
    Түсініктеме: Каспий (Қас би) теңізі атауының шығу тегі осы.
    Бұл жерде арнайы атап өтілуге тиісті басты бір мәселе бар. Ол қазақ халқының өз елінің орталығын Астана, Астана жұрт деп атайтындығы. Өздеріңіз көріп отырғандай, А-стан-а атауының құрамында, яғни қақ ортасында Стан деген түбір сөз тұр. Демек, «стан» біздің төл сөзіміз. Бұл атау кезінде қазақ даласының орталығы, яғни Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт (Қазық жұрт) тауында дүниеге келген. Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған осы Қазығұрт тауының (Жуды деп те аталады) басы ең алғашқы «стан» (екі-үш күрке және уақытша тұрақ) болды.
    Қазақта «Стан» деген түбір сөз тек қана екінші буында қолданылады. Астана, астан (ауру астан, дау қарындастан), дастан, жастан, бастан (О, бастан-ақ), оқыстан, ұстану, ұстанбау, бостандық, ластану т.т. болып кете береді. Яғни, адам баласының мынау тіршілігі қайдан? басталды деген сұраққа Нұқ пайғамбардың алғашқы тұрағы «Станнан» - Түркістаннан басталды деп жауап береді. Олардың (Қосайлардың) сол кеме тоқтаған жерден кейінгі қоныстанған жері, яғни қос-қостан үй тіккен жері Қостанай. Сол қосты тіккендер Қаз Адайдың үшінші буын ұрпағы және екінші немересі Қосайлар. Бұл ұғымдардың барлығының сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) Ос болатыны осыдан. «Ос» - өзек. Мысалы, «Жер өз осінде айналады», Қос нүкте – Қосай Нұқтың лақап аты. Космос – Қосай мост (Қосай көпір). Бұл дауға да, күмәнға да жатуға тиіс емес. Енді осының қасына Қостанай қаласының ортасын қақ жарып өтетін өзен атауының Тобыл (Тобыш - Адай атаның тоғызыншы буын ұрпағы) және сол облыста Адай атты жер мен Адай атты елді мекен бар екенін қосып қойыңыз.
    Соған сәйкес, орыс тілінде «станица» (үй саны 2-3 үйден тұратын кішкентай елді мекен) және уақытша тұрақ «станция» (поездардың 5-10 минут аялдап өтетін жері), полевой стан (егіншілердің уақытша тұрағы), «охотничьи стан» (аңды бір жерде жатып мәңгі ауламайсың), «сенокосный стан» (бір жердің шөбін мәңгі шаппайсың, 2-3 күннен кейін басқа жерге ауып қонасың) делінсе, бұл сөз парсы тілінде сол елдің шет аймағындағы көлемі кішкентай елді мекен (провинция) дегенді білдіреді.
    Осыған сәйкес ең алғашқы кеме тоқтап, кемедегілердің тұрақтаған жері мен елі Астана жұрт деп аталып келеді. Осы үлгіні басшылыққа алған бүкіл әлем елдері өз елдерінің басқару жүйесі орналасқан қаласын Астана немесе Бас қала деп атайды. Астанасы (бас қаласы) жоқ ел болмайды.
    Демек, келешек те Қазақ елін, оның Ана тілін, теңдессіз Ұлы мәдениетін сол ежелгі Ұлы Аталарымыздай бүкіл әлем елдерінің рухани астанасына айналдыру және оны мойындату келер ұрпақтың абыройлы борышы болмақ.

    Тарих тағлымы: «Қазақ» деген бір ауыз сөзге адамның да, осы сөзді ойлап тауып дүниеге әкелген елдің де барлық болмысы, мемлекеттік құрылымы: Қаз тұру, қаз басу, қаз-қаз басу, қаза болу (адам өмірі); Қазық, түп қазық (Қазақ елі бүкіл әлем елдерінің түп қазығы), Темірқазық - ұстанған бағыты (адам баласы бірігіп ел болуға тиіс. Мақал: «Жалғыз ағаш орман емес»), Қазы (мемлекеттегі әділ билік), Қази, қазырет (дін, ар, иман), Қазине (құдірет), Қазауат (мұсылман діні үшін жүргізілген қасиетті соғыс), Қазына (мемлекет мүлкі, байлығы), Қазу (елді сумен қамтамасыз ету), Қазбалау (өткен тарихқа үңілу), Қазғану (қазақ болу үшін күресу), Қазір (уақыт өлшемі), Қазан (а. Күз айы: егіннің пісіп, малдың семіріп қоймаға, қазанға түсетін мезгілі, яғни адамның да, мемлекеттің де әл-ауқаты, ішер асы; ә. Отқа шыдамды ас пісіретін ыдыс; б. ел, жұрт), Қаз-қатар (ең бірінші дүниеге келген қазақ елінің артынан қаз-қатар тізіліп өзге елдердің дүниеге келуі), Қаз-қалпында (сол алғашқы өзгермеген бейнесінде қалуы), Қазақи (қазақ үлгісі бойынша жасалған), Қаз би (адамзаттың бүкіл шежіресін білетін, әлемді билеуші және оларға билік айтушы ең ұлы ел) түгел сыйып тұр. Сөз түсінген адамға бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?! Жер бетіндегі қай елдің атауы осындай мән-мағынаға ие бола алады?! Бүткіл жер бетінде атауы дәл осындай мағына беретін бірде-бір ел болып көрмеген, бола да алмайды.

    • #75
    • Серікжан
    • жб, 08/05/2016 - 21:02

    Монғолдардың өзінің Қоңыраты бар. Қоңырат деген ру қазіргі Монғол халқында әлі де бар. Қазіргі монғолдың өзінде Қоңырат та бар, Найман да бар, Керереіт те, Жалайыр да бар, олар - түркілер емес. Баяғыдан сол монғолдар. Біз бұларды Түркі-монғол тайпалары дап атаймыз. Өзбектер өз халқының тарихын ешқашан Өзбек деген сөзден іздеген емес, сондықтан оларды Өзбекстанды күллі әлем кем дегенде 7 мың жылдық тарихы бар көне мәдениетті ел деп таниды: Соғды, Хорезм, Бактрия. Бұл елдер парсы патшаларының жорығы мен Ескендір Зұлқарнайын жорықтарын басынан өткерген көне қалалардың мекені.

    Ал бізді жалба тымақ көшпенділер деп таниды. Қазақ хандығы 1465 жылы ғана құрылған, одан әріде Қазақ деген мемлекет болмаған.

    • #76
    • Досмұқан
    • дн, 09/05/2016 - 11:05

    Шыңғысхан қағанатының ақшасы (валютасы) теңге деп аталған, онда "Қазақ", "Алаш", "Аға хан" деген жазбалар болған.

    Бізде де солай, ақшамыздың теңге деп атап, оған "қазақ (қазақстан)" деп жазып қойдық.

    Олар (қазіргі моңғолдар) ақшаларын "тугрик" деп атайды. Бұған не айтасыз?

    • #77
    • Болат
    • дн, 09/05/2016 - 13:36

    Серікжан! Қалтаңнан теңге шығарып қарасаң болады ғой. Сонда көресің Шыңғыс қағанның кім екенін.

    • #78
    • 78
    • дн, 09/05/2016 - 13:40

    #20 Көпжасар дн, 09/05/2016 - 7:38
    "Мұңалдың құпия шежіресінде" Шыңғысханның таудың басына шығып "үш рет мойнына бұршақ салып, тәңірден тілек тілегені" айтылған. "Мойнына бұршақ салып Құдайдан тілек тілеу" қазақтан басқа ешбір елдің салтында жоқ.!

    • #79
    • 79
    • дн, 09/05/2016 - 15:26

    Серікжанға! Сол "Мұңалдың құпия шежіресінде" келіндердің бас табаққа сәлем еткені айтылған. Келіндердің күйеулерінің жасы үлкен туыстарына және бас табаққа иіліп сәлем етуі қазақтан басқа ешбір елдің салтында жоқ.

    • #80
    • ШАЛА Казахпын
    • дн, 09/05/2016 - 17:15

    #75 Серікжан

    Оларда 7 атасын бiледi деп соксаншы. Отiрiк айтсанда былай кыйсынын келтiрiп айтпайсынба. 2 000 000 монгол сол кезде канша болды деп ойлайсын. Алтай тауы толык Казахтардiкi болган, иван.г. ойныныа келгенiн iстедi, акыры Сталин 4-ке болдiде тастады. Алтай тауынын аржак бержагы барi Казахша атаулар.

    • #81
    • ШАЛА Казахпын
    • дн, 09/05/2016 - 17:26


    #75 Серікжан
    Информацияны кайдан алдын жазсаншы алде озiн барып зертеп келдiн бе??????



    • #82
    • ШАЛА Казахпын
    • дн, 09/05/2016 - 17:50


    Оларда Монголдын дымыда жок, за то Казахша атаулар толып жатыр...... https://www.youtube.com/watch?v=OHrf3QWtbPg

    • #83
    • Досмұқан
    • дн, 09/05/2016 - 19:22

    82-Шала Казахқа! Ата тарихтың жақсысы мен жаманын ажырата білетін адамды шала Казах деп атауға болмайды. Сен шала қазақ емессің. Нағыз қазақ Сендей-ақ болсын.

    • #84
    • Төре
    • дн, 09/05/2016 - 22:42

    Бисмиляһи Рахмани Рахим!
    Осыны айтқан мен емес. Содан бері Қазақ өзгерді ме?
    "Қазақ елі ұйқышыл, жалқау, жетімі мен жесіріне рахымы аз, жоққа сенгіш, жатқа жем, өзінен шыққан Жақсыны сыйламайтын, бақкүндес, бәсекешіл, айрақ көз, үйтентек, айтқанды ұқпайтын ақпақұлақтығымыз тағы бар, азған ел. Қазақты хан билеген кезде мұндай емес еді!". Жүсіпбек Аймаутов, 1927 жылы Мәшһур Жүсңпке жазған хатынан.
    Қуандық Жүсіпов, Адам Жүсіптің інісінің баласы.
    Осы мінездемемен келісесіздер ме?... Сонда біз кімбіз? Елге Ие болатын лайық тұлғалар барма, болса олар қайда?

    • #85
    • Мұқан
    • сс, 10/05/2016 - 0:31

    "Мұңалдың құпия шежіресінде" Шыңғысханның әйгілі 9 қолбасшысының лақап аты "Жебе". Жебенің шын аты Жорға Адай. Оған Жебе деген атты асқан мергендігі үшін Шыңғысханның өзі қойған.

    Ал, "Жебе" күні бүгінде де Адайлардың рулық таңбасы болып табылады.

    Мергенді мына көрші орыстар "Стрелец", ал жебені "Стрела" дейді.

    Адамдарға бағыт-бағдар көрсетіп, кез-келген жерде тұратын белгіні "Стрелка" дейді.

    Ал, біз оны "Жебе" дейміз.

    Жебені қазіргі маңғолдар "Сұм" дейді.

    Енді өздеріңіз осыған өз бағаларыңызды бере беріңіздер.

    • #86
    • Кенжебай
    • сс, 10/05/2016 - 0:41

    "Мұңалдың құпия шежіресінде" Шыңғысханға төрт атадан барып қосылатын онымен үш рет анттасып дос болған Жамұқаның атасында Жажир Адай деп жазыпты.

    • #87
    • ШАЛА Казахпын
    • сс, 10/05/2016 - 11:13


    #83 Досмұқан дн, 09/05/2016 - 16:22
    82-Шала Казахқа! Ата тарихтың жақсысы мен жаманын ажырата білетін адамды шала Казах деп атауға болмайды. Сен шала қазақ емессің. Нағыз қазақ Сендей-ақ болсын.

    ИШАЛЛА НАГЫЗ КАЗАХ БОЛДЫК ..........

    • #88
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 10/05/2016 - 16:27

    Шыңғысханның айналасындағы адамдардың көпшілігінің аттарының қасына «ад», «дай», «адай», «жары» деген тегі (казіргіше айтқанда фамилиясы) қосылып отырады. Мысалы, «Жажир-адай», «Туху-адай», «Бөрі-адай»(186 бет), «Нояқ-адай», «Қаран-дай», «Буда-ад», «Дахал-адай», «Арул-ад» (187 бет), «Дай-сешен» (190 бет), «Жаршы-адай» (200 бет), «Шырғы-адай Батыр», «Жажир – адайлық Жамұқа» (220 бет), «Жырғы адай (Жебе)» (223 бет), «Жүрме адай» (234 бет), «Жары адайлық Қарыдар» (239 бет), «Жүрше адай»(240 бет), «Бары адайлық Наяан» (251 бет), «Жүрже дай», «Долы адай» (259 бет), «Идік адай», «Қынкия адай» (260 бет), «Жары адай-Еген» (265 бет), «Алшы адай» (271 бет). (Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз» Моңғолдың кәдімгі жинағы. Алматы, 2002 «Көшпенділер баспасы).
    Дүбун-Баянның (Дүйім-Баян М.Қ.) екі баласының аты Білге-Адай, Бекже-Адай. (Әбілғазы. «Түрік шежіресі» 46 бет).
    Бұл жағдай ескі тарихи жазбаларда көптеп кездесетін «Ад», «Дай» тайпаларының Адайлармен бір тектен шыққанын және қазіргі Адайлардың сол «Ад», «Дай»-лардың заңды жалғасы, яғни бүгінгі ұрпағы екендігін көрсетеді.
    Сонымен қатар, Шыңғыс ханның ата-бабаларының және оның айналасындағы адамдардың есіміне қазақ халқында күні бүгінде де қолданыста жүрген «батыр», «мерген», «шешен», «бек, бегі, бекі», «хан», «қаған» деген елден ерек, бүкіл халық мойындаған құрметті атақтары мен лауазымдары қосылып жазылған. Мысалы, «Нашын-батыр», «Бұлтегі-батыр», «Бартан-батыр» (187 бет), «Есугей-батыр»(«189 бет), «Сүбетей-батыр» (210 бет), «Аушы-батыр» (220 бет), «Тақой-батыр» (225 бет), «Гүрі-батыр) (229 бет), «Қадақ-батыр (241 бет), «Мұқалы Шылайын-батыр» (264 бет) «Хорышар-мерген», «Боржығытай-мерген», «Добун-мерген», «Барқұдай-мерген», «Қорылартай-мерген» (183 бет), «Дүмбілай –шешен» (187 бет), (Дай-шешен» (190 бет), «Құйылдыр-шешен» (241 бет), «Тоқта-бекі», «Құдық-бекі», «Белгі-бекі» (220 бет), «Алақ-бекі» (276 бет), «Ван-хан» (202 бет), «Торуыл-хан» (204 бет), «Далдұр-хан» (212 бет), «Бұйрық-хан» (220 бет), «Таян-хан», «Күшлік-хан» (246 бет), «Алтан хан» (282 бет), «Қабыл-қаған», «Құтыла-қаған» (187 бет), «Амбағай-қаған» (192 бет). Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз». Сонымен қатар, осы еңбектің 19 бетінде: «ХІІ ғасырдың ортасында моңғол (мұңал) рулары бөлек-бөлек тұрған. Әшейінде олар әр түрлі топтарға біріккен: тайпаға, немесе ұлыстарға, халыққа, «халық иелігіне» бөлінді. Ұлыс үлкендігі мен күшіне байланысты әртүрлі болды: ұлыс иелігінен бастап алғашқы мемлекеттік құрылысқа дейін: «Ежелгі моңғолдарда, - деп жазды Б.Я. Владимировцов,-көсемге, ханға, ноянға, тайшыға, батырға, т.б. бағынышты болуына қарағанда, рулардың, тайпалардың, әулеттің біріккен құрылымы «ұлыс», ұлыс-«халық», «халық-ел», «осындай бір ұлысқа біріккен халық», немесе «ұлыс иелігін құрушы», «мемлекет-иелігін құрушы халық», «мемлекет» - деп аталды деп жазды. Моңғолдарды, нағыз көшпенділерді, бұл түсінікте оның территориясы емес, халқы қызықтырады». Ұлыс басында мал шаруасымен айналысатын атақты ру басылары тұрды. Құрметті атау иесі – нояндардан: баходыр – батыр, имен – ақылды, мерген – құралайды көзге атқыш, білген – ақылды, бүке «бұқа» - күшті, тайшы – ханзада, т.б.
    Мұндай ұлыс иесі, баходыр – батыр титулына ие болған, Темужиннің әкесі Есугей де болды» дейді.
    «216. Мұңал шындығы бойынша, бізде нояндық шен – бекі қоятын дәстүр бар. Боданшардың үлкен ұлы Баарынның тұқымдары осындай шенге ие болған...» (Құпия шежіре. 154 бет.) Маңғыстаудағы Жетібай кенті (Қарақия ауданы) мен Шетпенің (Маңғыстау ауданының орталағы) арасындағы елді мекен күні бүгінде де сол дәуірдің тірі куәсіндей «Бекі», сол сияқты Каспий – Арал аймағы Жем өзені бойында Казбек деген жер, қазіргі Грузияның Аландар еліндегі (солтүстік Осетия) тау мен елді мекен «Казбек», яғни Қазақтың бегі деп аталады.
    Шыңғысханның тегі Қазақ, Алшын, Байұлы, Адай екендігін «Асыл аңыздың» мына деректерінен де анық көруге болады: «Сонда Үрүйіттің Жүргетайы мен Маңғыттың Құйылдыры Жамуханың ол жерден кетуін күтіп, одан қалыс қалып, Шыңғысханға өзінің, Үрүйіттері мен Маңғыттарын бастап келді. Сондай-ақ бастапқыда Жамұха да өзінің жеті ұлымен Шыңғысханға қосылды» (Асыл аңыз. 215 бет).
    «...Бұл хабарды естіген Шыңғысхан: «Ұрытты» Жүрше Адай ағай, егер сізді алдыңғы шепке тағайындасам, қалай қарайсыз?»-деді. Жүрме адай аузын ашып үлгерместен, Маңғыттық Құйылдыр-сешен: «Андамның дәл алдында мен шайқасамын! Менің жетімектеріме қамқорлық жасау-анданың еркі» - деді. –Жоқ,- деді Жүрме адай, біз екеуміз де Шыңғысханның көз алдында шайқасамыз: «Ұрыт және Маңғыт!» Осы сөздермен Жүрме адай мен Құйылдыр Шыңғысханның бет алдына өздерінің Ұрыттықтары мен Маңғыттарын сапқа тұрғызды. Олар сапқа тұрып үлгерместен, жүркеліктер басқарған жау жағы келіп қалды. Ол келгеннен кейін Ұрыт пен Маңғыт соққы беріп, Жүркеліктерді таптап тастады. (Асыл аңыз. 234 бет). Адайымыз сірә Адай ғой. Ал, ол замандағы Маңғыт дегеніміз қазіргі Кіші жүз қазақтары құрамындағы тайпаның аты. Манғыт ежелгі Маңғыстауды мекендеген Мандардың, яғни Ман атаның ұрпақтары деген мағына береді. Маңғыттар кейін Ноғай хан билік жүргізгенде Ноғайлықтар, Маңғыттар және Қазақтар деп қатар аталды. Осы айтылғандардың толықтай дәлелдемесін атақты жыраулар Мұрат Мөңке ұлымен Мұрын жырау Сеңгірбекұлы жырлаған «Қарға бойлы Қазтуған» жырынан табамыз. Алтын Орданың соңғы билеушісі Адайдың Мұңалының ұрпағы «Ел қамын жеген ер Едіге» би осы Маңғыт тайпасынан делінеді.
    Шыңғысханның тегі Мұңалдың Қиян (Қият) руынан екендігін, оның Адай Байұлыдан тарайтынын «Мұңалдың құпия шежіресін де» анық көрсетілген. «Содан кейін Шыңғысхан Оңғыр (кейбір деректе Үңгір) – аспазшыға: «Сен менімен бір үйдің баласындай болдың. Сен, Мүнгеті – Қиянның баласы Оңғыр «Бұлтты күні – жолдан адаспадың, жекпе-жекте жеңілмедің, жаңбырлы күні бірге су болдық, аязда – бірге тоңдық. Қазір саған қандай сый керек?» - «Егер маған рұқсат етсең, - деп жауап қайтарды Оңғыр, - егер маған таңдауға рұқсат етсең, маған әр қиырда бытырап, жан-жақта шашырап жүрген Байұлы бауырларымды бір жерге жинап алайын». – «Жарайды, -деді ол, - Байұлы бауырларыңды жинап алуыңа рұхсат беремін сен оларға мыңбасы бол» (151 бет).
    Шыңғысханның Моңғолдың (Мұңал) Қият (Қиян) руынан екендігі бұл күнде бүткіл жер бетіндегі бірде – бір тарихшыға күмән туғызбайды. Бұл әлем мойындаған шындық. Енді мына сөзге назар аударайық. Оңғыр – аспазшының руы да Қият (Мүнгеті - Қиянның баласы). Ол Шыңғысханның рулас – бауыры, сондықтанда Шыңғысхан оған өзінің де, бүткіл әскерінің де өмірін сеніп-тапсырды, бас аспазы етті. Оңғыр жан-жақта шашырап жүрген Байұлы бауырларын Шыңғысханның рұқсатымен бір жерге жинады. Бұл жөнінде осы «Асыл аңыздың» 50 тармағында: «Бартан – Батырдың төрт ұлы болды Мүнгеті-Қиян, Некүн-Тайшы, Есугей-Бахадүр, Дәрітай-Отшығын. Құтықты-Мүңгірдің ұлы Бөрі-Бөке болды. Онон шатқалындағы тойда Белгітайдың иығын жарақаттаған дәл осы еді» дейді. Бұдан Үңгірдің әкесі Мүнгеті мен Шыңғыстың әкесі Есекейдің бір кісінің балалары екендігі анық көрініп тұр емес пе?! Тағы сол сияқты 120-шы тармағында «Түні бойы ұйықтамай жол жүрді. Жан-жағына қараған олар келесідей тайпалардың жақын келгенін көрді. ...Мүнгеті –Қиянның ұлы Үңгір өзінің Шаншуыттары және Байұлыларымен дейді.
    Осы деректен Шыңғысхан мен Үңгірдің бір-біріне немере туыс, Қияттың да, Мұңалдың да Байұлыдан тарайтыны «тайға таңба басқандай» болып, анық көрініп тұрған жоқпа?! Шежіре де Мұңалды Адайдың кенже немересі, ал Адайды Байұлының, сонымен қатар бүткіл қазақтың кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі делінеді.
    Осы тұжырымның ақиқаттығын ешқандай дау-дамайға жібермейтін деректерді Әбілғазының «Түрік шежіресінен де» табамыз. Онда Шыңғыс ханның тегі Қиян, Оғыз хан, Қарахан, Мұңал хан, Алынша хан деп көрсетілген. Бұған күмән келтіруге ешкімнің де құқы жоқ. Себебі, қазақ өз ата-тегінен ешқашанда жаңылысқан емес, жаңылыспайды да. «Тегін білмеген тексіз» деп ондайларды адам қатарына санамаған. Ал, бұл шежірені жазып қалдырған қарапайым адам емес, ХҮ11 ғасырдағы басында Каспий-Арал өңірі қазақтары, артынан Хиуа ханы әрі Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Әбілғазы болып табылады.
    Осы айтылғандардың топономикалық айғақтамасы Маңғыстаудағы Шайыр ауылы маңында Қиян атты алқап пен Жарты (Жары) атты әулие қорым күні бүгінде де осылай аталады. Осы көрсетілген деректер Алшын (Алаш) шежіресімен де 100 пайыз сәйкес келеді. Онда Қиянның (Қияттың) тегі Жары – Мұңал – Адай – Байұлы – Алшын делінген.
    Осы жерде бүкіл әлем тарихында өздерін Қиян, Қидан, Қимақ деп ататтырған ұлы елдің атасы осы Қиян атамыз болып табылады.

    • #89
    • Көпжасар
    • сн, 11/05/2016 - 9:03

    Қожырбайұлынша сөйлегенде: Мүнгеті Қиян мен Мұңал Қиян синоним болып тұр.

    • #90
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сн, 11/05/2016 - 9:27

    Көпжасар! Дұрыс айтасыз. Мүн, Мүнгеті, Мұн, Мұнал, Мұнғақ, Мұң, Мұңал, Мұңғақ, Мун, Мунал, Мунгал - бұлардың да бәрі синоним сөздер. Өздеріңіз көріп отырғандай, бәрінің сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) Мүн, Мұн, Мұң болып тұр.

    • #91
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сн, 11/05/2016 - 10:10

    Ал, Мүннің түбірі Үн, яғни ауыздан тілдің ықпалымен шығатын дыбыс. Тілің болмаса аузыңнан үн шықпайды, яғни мылқаусың. Күннің де түбірі осы. Гун, Ғұн, Ғұндар, Хұн, Хун, Хунну т.т. деп жургендерімізде осылар. Бәрінің түбірі бір. Үнділер, Үндістер, Үнді Арийлер деп жүргендерімізде осылар. Бәрінің түбі бір.

    Айырмасы, Қаз Адайдың Мұңалдары солардың бәрінің қарашаңырағын ұстап отырғандары.

    • #92
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сн, 11/05/2016 - 10:18

    Міне осы қағидаға сәйкес, бұл ұғымның баламасы ретінде қолданылатын Мұнның түбірі "ҰН" яғни бидайдың ұнтақталғаны. Неге олай? Себебі, Бидай деген сөздің өзі де Би Адай деген мағына береді.
    Атам қазақтың көп дыбысты сөздерінің бәрі осылай жасалады.
    Бұл жерде де қазіргіше айтқанда "авторлық құқық" сақталып тұр.

    Атам Қазақтың тарихат жолының Сөз жасау жүйесі осылай сөйлейді.

    • #93
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сн, 11/05/2016 - 10:25

    Ал, Мұңға, яғни Мұңалға келсек, Мұңның түбірі "Ұң". Ұңның баламасы өзек. Мысалы, іші түтік дүниенің ұңғысы (мылтықтың ұңғысы). Бұл дегеніміз Сонау бастаудағы Адам Ата мен Ауа Анадан басталған қандық (гендік) жүйе бұзылмастан, ешқайда бұрылмастан ұңғының ішімен тікелей келіп Мұңалдардан шықты деген сөз.

    Сіздердің Ат тондарыңызды ала қашып жүрген Атам Қазақтың рулық шежіресі менолардың Сопылық ілімі осылай сөйлейді.

    • #94
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сн, 11/05/2016 - 10:45

    Ал, оларды Моғол, Монғол деп атап жүргендеріне келсек. Мұның да өз себебі бар.

    Себебі, Қазақ атанып, Қазақтың құрамында қалу үшін, сол қазақ руларының құрамында қалуың керек. Қазақтан еншіңді алып, отау тігіп, бөлінгеннен кейін "түтіні бөлек шығатын" басқа елге, ұлтқа айналасың.

    Ұлт дегеніміздің өзі Ұл бала өсіп, өніп, жеті атаға жетісіп, одан ары сегізден (семиттер) өтіп, толып толысып, тоғыз деген сан атын иемденген "Т" дыбысы қосылып Ұлтқа айналып тұр. "Т" кез-келген дүниенің ең биік шыңы дегенді білдіреді. Сөз, сөйлемдердің барлық жерінде "Т" дыбысы тек қана осылай сөйлейді.

    Мысалы, Сүт (су ағарып сүтке айналған), Өрт (жанып кеткен) т.т.

    Моғолдың сөз түбірі Оғ, Оқ (садақтың жебесі). Жебе (жеті ата) үнемі қорамсақта Садақпен (Сақ Атасымен) бірге жүреді. Жебе Садақтың Адырнасынан атылып ажырағаннан кейін оққа айналады. Қазақтың ауыз әдебиетінде де, жазба әдебиетінде де ешқашан Жебе тиді деп, айтылмайды да, жазылмайды да. Оқ тиді делінеді.

    Демек, ұрысып, қырқысып, соғысып жүрген ру мен тайпалар ешқашан ҚАЗАҚ бола алмайды. Сол сияқты өзін қазақпын деп алып, ру мен руды, тайпа мен тайпаны, жүз бен жүздің араларына от салып, оларды рушыл, жүзшіл деп жазғырып жүргендерде Қазаққа қызмет етіп жүрген жоқ.

    • #95
    • Жанаш
    • бн, 12/05/2016 - 8:36

    Мұхамбеткәрім Аға! Моңғолды ұмытып кеткен жоқсыз ба?

    • #96
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • бн, 12/05/2016 - 14:50

    Жанашқа! Ұмытқаным жоқ. Дайындап жатырмыз.

    • #97
    • Бактияр
    • бн, 12/05/2016 - 21:23

    Сіздер бір сөздің мағынасын түсінбей қателік жасап отырсыңдар. Ол "қалбөсмақ" сөзі. Моғолстанда және Алтын Ордада халық исламды қабылдағанда сол қауымдардың едәуір бөлігі ескі дінінде қалған. Олар ру емес қауым. Сондықтан қалмақ атауы ешбір этникалық бірлестікті білдірмейді. Бірақ кейін олар Зая Пандита сияқты көсмдерінің үгіттеуімен ламаизге көшті де идеологиялық және этникалық тұтастыққа жетіп, қазақтарға және барлық мұсылмандарға жау күшке айналды. Ал Шыңғысханды қалмақ деп атау нағыз көрсоқырлық, өйткені ол заманда қалмақ деген қауым мүлдем болмаған. Қожырбайшыларға жауабым осы.

    • #98
    • Көпжасар
    • жм, 13/05/2016 - 9:21

    Бақтиярға! Ақылға сиятын, естияр бірдеңе ойлап таппадыңыз ба. Қожырбайұлы Шыңғыс ханды, яғни оның елі Мұңалдарды ешқашан қалмақ деп жазған емес.

    Сенің мына әрекетің Исаның Інжілін (Библия) өзгертіп, тонын теріс айналдырып қайта жазған Жөгіден (Жохон) аумайды.

    Айтпағанды айтты, жазбағанды жазды деу адами қасиеттің ең ТӨМЕНГІ САТЫСЫНЫҢ ТӨМЕНГІ БАСПАЛДАҒЫ болып табылады.

    Адам баласының азуы осындай әрекеттерден басталады.

    • #99
    • Көпжасар
    • жм, 13/05/2016 - 9:26

    "Қалмақ - (Қ-алма-қ) сөз түбірі алма, бұл баяғы Адам ата мен Ауа ананы ұжмақтан қуатын жеміс ағашы, яғни тұтас дүниені қақ жарған, яғни бөлінудің басы Алма деп тұр. Алма – аналық текке жатады. Адам Атаның ұжмақтан қуылуына да, Абыл мен Қабылдың жауласуына да себеп болған солар болатын". (Қожырбайұлының "Қазақ тарихының құпиялары" атты еңбегінен).

    • #100
    • Көпжасар
    • жм, 13/05/2016 - 9:32

    Сізге жауапты Аталар сөзінен іздесек:

    "Маңғыстаулық Түмен Балтабасұлының
    «Маңғыстау» атты жырында:
    …«Бұл жерден кімдер кетіп, кім қалмаған?
    Қара жер қаза жетсе кімді алмаған?
    Қызылбас, Қытай, Қыпшақ, Қырым, Қырғыз,
    Айладыр алтау болса, қалмақ жетеу —
    Ерлерден ертедегі қалынған жер».
    Аттары аталған елдердің ешқайсысы Маңғыстауға жаулаушы болып келген ел емес, отау болып кеткен ел ретінде жырланады. Әйтпесе, олар Ер (батыр) деп дәріптелмеген болар еді. Мысалы, Алтын Орда мен Осман империясын күйреткен Темірді, мына көрші өзбектер Әмір, Көреген, Сақыпқыран деп үлкен құрметпен атаса, біздің аталарымыз оны ауыл, үйдің тентек баласы іспетті, жай ғана Ақсақ Темір деп атаған. Қазақта дені дұрыс, құрмет көрсететін адамының дене кемшілігін есіміне қосып атамайды. Әйтпесе, ежелгі қазақта дене кемшіліктері (соқыр, шолақ, бүкір т.т.) бар билеушілер (хандар мен қағандар) аз болмаған". (Қожырбайұлының "Қазақ тарихының құпиялары" атты еңбегінен).

    • #101
    • Көпжасар
    • жм, 13/05/2016 - 9:35

    «Бүгінгі түстігі шешенмен, терістігі – ҚАЛМАҚПЕН, батысы – орыспен, шығысы – Каспий теңізімен – қазақтармен шекаралас аз ғана ноғайлардың құрамында: Дулат, Үйсін, Қаңлы, Арғын, Қоңырат болуы соның куәсі болса керек. Сондағы Ноғай өздерін «жембойлықпыз» десе, біздің Жем бойындағы қазақтар да «жембойлықпыз» дейді немесе отырған мекеніне қарай Кубань бойындағылар «кубандық ноғай», дала тұрғындары «Қара ноғай», «Қара татар» деген сияқты, Кавказ тауының бөктеріндегілер таулық ноғай деп аталады» (Б.Қ.Албани «Қазақия» Алматы. 1998. 149 бет).

    • #102
    • Болат
    • жм, 13/05/2016 - 10:32

    "Манқыстаудағы Қаратаудың да бұрынғы атауы Маңғыр болған.
    «Барысымды сұрасаң,
    Маңғырдың қырын жайлаған
    Көп қалмақтың елі еді.
    Етегінде аққан су
    Малға жайлы дер еді.
    Бұл қырымдық циклдегі Әмет батыр жырынан алынған үзінді. Бұдан басқа «Маңғыр» деген жер-су аты қырымдық эпикалық циклдегі Шора батыр жырында кездеседі.
    Қапталында бар еді
    Көлденең жатқан Қаратау.
    Қаратаудың басында
    Ол Маңғыр деген тау еді,
    Таудың аты сол еді...
    Тауға шығып батырлар
    Бүл не қара деп қарады.
    Ол қараға көз салса,
    Шыққан әскер сол екен.
    Баралық жауға кел деді.
    Маңғырлардың тауынан
    Екі батыр құлап жөнелді. Осы топонимді бүгінгі Отпан (Отман) тауының көне аттарының бірі деп шамалауға болар». (Серікбол Қондыбаев «Есен Қазақ» 159 бет).

    • #103
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • жм, 13/05/2016 - 10:54

    Бақтияр мырза! Тарихқа қалам тартып ортаға ой тастарда, Алдыңыз бен артыңызды бағамдап алуға кеңес беремін. Әйтпесе, ұятқа қалып, Ата Қазақтың шежіре-тарихынан хабарсыз екендігіңізді өзіңізге өзіңіз және бүкіл қазаққа дәлелдейтін боласыз. (Әлде де абыройыңыз бар екен, «лақап» атпен шығып отырсыз).
    ҚАЛМАҚТАР ДЕГЕН КІМДЕР ЖӘНЕ ОЛАР ҚАЙДАН ШЫҚТЫ:
    «Қалмақтар (өзд. атауы – хальмг) – Ресей Федерациясы құрамындағы Қалмақ Республикасының (Хальмг Тангч) жергілікті халқы. ТМД елдерінде 190 мыңдай, өз республикасында 170 мыңдай (2002), Қазақстанда 72,7 мың адам (2004). Моңғол-тунгус тілінде сөйлейді. Будда дінін ұстанады».
    «Қалмақ (моңғ. халимаг) - ұлт, Ресей Федерациясы құрамындағы Қалмақ автономиялы республикасының тұрғын халқы. Ламаизм дінін тұтынған. Тілі Алтай тілдерінің батыс-моңғол тобына жатады. Б. з. б. 1-мыңжылдықта қазіргі моңғолия жерін мекендеген. 15-16 ғасырларда жоңғар атырабында өз хандықтарын құрып, 17 ғасырдан бастап басқа жерлерді басып алуға кіріскен. 1723 ж. басталған жоңғар шапқыншылығы барысында қазақ халқы «Ақ табан шұбырынды» кесапатына ұшырады. Қазақтар мен қалмақтар арасындағы аласапыран арпалыстарға байланысты әңгімеаңыз, батырлық жырлар өте көп. Туған халқының тарихына елеулі әсер еткен басқыншы халық тарихын Абай терең білген. Ол өзінің «Біраз сөз казактың түбі кайдан шыкканы туралы» деген тарихи мақаласында қалмақ аталарын тәптіштеп таратады. «Қалмақтың төрт атасының бірі-хазар. Сол хазардан үш атаның ұлы парсы жұртында қалып еді: Қазар, Афшар, Үшташлы деген. Сол қызылбас, дүниедегі бір ескі патшаларының сарқыты - кәсірәй ғажам жұрты сол. Біздің қазақтың Амудариясынан қорқып қашып келіп, Сырдарияның аяғында қалмақтан жеңіліп, Ақтабан шұбырындыны көретұғыны Амудариядан қашамын деп болған. Сол Надыр Афшардан еді. Осы күнгі Нәсіридден шаһ Қажардан шыққан кісі» деген аса құнды деректер береді. Қазақтардың Бийск, Кузнецк қалмақтарын «білеуіт» деп атайтынын айтады» (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).
    Қазіргі Қалмақтар (Калмыкия) кезінде қазақ елінен бөлініп, отау болып шықты. Бұл бөліну Шыңғыс хан заманынан да көп әріде болған. Соңғысы, Шыңғысхан Алтайдағы (Мұңал даласы) қазақтардың басын біріктіріп, мұңал мемлекетін құрып, қытайды жартылай бағындыра сала, өз ата-бабаларының (Қарахан, Оғыз қаған т.б.) ескі қонысы Қазақ даласына қоныс аударғанда, сол Алтайда (қазіргі Монғолия) «көшкен жұртта қалып қойған алты түмен елді және мұсылман дінін қабылдамағандарды» - қалмақ деп атаған. Осылайша «қалмақтың» мағынасы – «жұрттан бөлініп қалған ел» болып табылады. Қалмақтың тегінің түрік (қазақ) екенін Әбілғазының мына сөзінен анық аңғаруға болады. «Бұл заманда түрік пен тәжіктің ішінде ол тілдерді менің білетінімдей кісі жоқ. Оның үстіне әр нәрсе себеп болып, бір жыл қалмақтың арасында болдым. Сонда моңғолдың «әдет – ғұрпын, тілін жақсы үйрендім» - дейді. («Түрік шежіресі», 30 бет).

    «Қалмақ – моңғол тайпаларының түрікше аты, өзінің аты ойрат» (Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди», 535 бет).

    «Қалмақ деген қалғандар деген сөз. Олардың ойрат қалмақ атанған себебі, мағолдар күнбатысқа қойған әскерлеріне ойрат деп атаушы еді. Соған араласқаннан ойрат атанды. Қалмақтың түбі ойрат деген сөз сонан шыққан. (Әбілғазы Баһадур хан сөзінше Шыңғыс хан кезінде ойрат ханы Қутукә, яғни Құтлық деген еді. Басында жау болып аяғында жарасып қыз алып, қыз беріп қарады)» (Шәкәрім Құдайбердіұлы «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі». Алматы-1991. 18 бет).

    Қалмақ – жұртта қалған ел деген мағына береді. Негізгі мағынасы дінге байланысты. Қазақтың аңыз-ертегілері мен Батырлар жырындағы қазақтың барлық жауларының тек қана жалпылама бір атаумен «Қалмақ» деп аталатынының сыры осы. Әйтпесе, олар мен бәріміздің түбіміз бір, кезінде бәрі бір діндегі бір ел, бір халық болған.

    Қалмақтың (қ-алма-қтың) сөз түбірі алма, бұл баяғы Адам ата мен Ауа ананы ұжмақтан қуатын жеміс ағашымыз. Тұтас дүниені қақ жарған Алма деп тұр.

    Алма атауы Аналық текке жатады. Алма деген есім тек қана қыз балаға қойылады. Қалмақ деген ұғымның да, ел атауыынң да тегі өте тереңде екеніне әйгілі «Алпамыс батыр» дастаны толықтай куәлік ете алады. Мысалы:
    «...Енді Алпамыс бақырып
    Алатау ұран шақырып
    ...Ауып келген халайық
    Мұнан да хабар алайық:
    «Шекті» деген ел еді,
    Алты Шекті Арғынның
    Дем алатын белі еді.
    Ә дегенде, мә дейтін
    Ішінде ерлер көп еді.
    Қанша батыр болса да,
    Қалмаққа әлі келмеді.
    Қорқыныш кетіп қазақтар
    Соңынан бәрі ереді.
    ...Кіші-гірім таудай боп
    Келеді қалмақ қуарып.
    Күлді: «Қазақ қайда?» - деп,
    Шұбар «атты бала» - деп?! (Алпамыс батырды айтып отыр).
    ...Құлар еді шапқанда
    Қойқаптың тауы, тасы да. (Капқаз тауы, Қазақтың Қап тауы М.Қ.)
    ...Жеті жыл ұдай серкенің
    Жүретін еді соңында.
    Ерте кетіп, кеш келіп,
    Жаятын еді Қырымға (Қыр (Маңғыстауда) мен Қырым (менің қырым, қазіргі Украина жерінде М.Қ.).
    ...Қарахан тауда бабамыз
    ...Байсын деген өз елім
    Жиделі-байтақ қаламыз
    ...Жиделі Байсын жерінде,
    Қоңырат деген бай еді,
    ...Ұлтан құл деген бек болды,
    Болғанына көп болды,
    Халыққа қорлық көрсетіп,
    Қазына малды жеп болды.
    Қарахан таудың түлкісі.
    ...Қарахан тауда қамалым,
    ...Қарахан таудың аршасы,
    ...Қара таудың шиесі,
    ...Қарахан тауда бабамыз,
    ...Қарахан таудың бұлағы, (қазір Қараған, Түпқараған, Қараған түбек деп аталады, Маңғыстау да)».

    Жарайды, осымен тоқтайын, әйтпесе олар (Қалмақтар) жайлы жазуға қалам да, қағаз да, уақытта шақ келмес.


    • #104
    • Сұлтан, Аман Шотаев
    • бн, 19/05/2016 - 7:29


    Бисмилляһи Рахмани Рахим! - БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА?
    Рабби ишрәк ли садри
    Уа йассир ли әмри
    Уа ахлул ғуқдәтән мин лисәни
    Йафқаһуу қаули (Таһа)

    О, Жаратқан Ием! Мені қуант
    Ісімді жеңілдет,
    Тілімнің байлауын шеш,
    Олар менің сөзімді түсінсін. (Таһа)

    Құрметті ағайындар, ҚАЗАҚ халқы ҮШ ЖҰЗГЕ БӨЛІНБЕЙДІ, ұш жұз ҚАЗАҚТЫҢ құрамы. "бөлінеді" деген пәлекеттен аулақ болайық?... Оның құрамында 95 - 105 руы бар, деп жүрміз, оданда көп болуы мүмкін. Әр руға тиесілі таңба - мөрімен нақтыланған. Кейбір таңба - мөрлері бірдей болып кездеседі. Рулар тізбегін ГЕНЕТИКА ғылымында АТАЛЫҚ тізбек дейді, кейбіріміз "аталық із" деп жүрміз. Сол аталық тізбек біздерше "рулық" тізбек ҮЛКЕН бір қасиетті, батыр, көріпкел, дана т.б. ерекше қасиеттерге ИЕ,
    көптеген ұрпақ қалдырған бабаларымыздан басталатынын бәрімізге белгілі. Кейбір руларларымыз жоғарыда айтылған қасиеттерге ИЕ, әуелі, қыз балалардан - АНАЛАРЫМЫЗДАН басталады. БҮЛ ҚАҒИДАҒА ғылымныңда, қазақтыңда дауы жоқ болуы керек. Жер бетінде АДАМ АТАДАН кейінгі соңғы ПАЙҒАМБАР - МУХАММЕД - алейһиссаламнан кейінгі БІР АЛЛАМЫЗДЫҢ ЖАРАТҚАН ҰЛЫ пендесі, ҮЛЫ ХАНДАРДҢҢ ҰЛЫСЫ, біздердің ҰЛЫ БАБАМЫЗ ХАН ШЫҢҒЫС туралы пікірлер, сараптамалар, дау - дамай тоқтамай тұр, ешқашан тоқтамайдыда. Бұл заңдылық... ЖАРАТҚАН ИЕМІЗ, БІР АЛЛА қүлың мені кешір? Менің айтпағым... ХАН ШЫҢҒЫС туралы кейінгі кездері менің ҚАЗАҒЫМНЫҢ ішіндегі айтыс - тартыс жайында ... Біздерге ол тартыс түсінікті... Олай дейтін себебім, кімнің ондай адамның ұрпағы болғысы келмейді... Біздің, төрелердің бабасын ХАН ШЫҢҒЫСТЫ ана руға, мына руға теліп, ИЕ болуға ұмтылу СІЗДЕРГЕ "жарасама"? - Бұл бір. Қазақ ішіндегі сүбелі рулардың бірі ХАН ШЫҢҒЫСТЫҢ тікелей ұрпақтары ТӨРЕЛЕРДЕН осы қалай, деп сұрадыңыздар ма? Біздер ТӨРЕЛЕР мына ұстанымды Мәлімдейміз! Біздер ТӨРЕЛЕР - ХАН ШЫҢҒЫСТЫҢ тікелей ұрпақтары (жолдан қосылғандар емес), ҚАЗАҚТЫҢ ең сүбелі руларының бірі ТӨРЕЛЕР өзіміздің - қазақтың қандайда болса руына кіруге, кіргізуге ҚАРСЫМЫЗ! Біздер ТӨРЕЛЕР, Қазақ халқының ішіндегі, бөлінбес бөлігі, АТА - ТЕГІ ХАН ШЫҢҒЫСТАН тараған ТӨРЕ руы болғанбыз, болып қала береміз! Оны ешкімнен сұрамаймыз! Түсініңіздер? Біздер ешқандай руға ЗӘРУ емеспіз! ХАН ШЫҢҒЫСТЫҢ ИЕСІ - ҚАЗАҚ ТӨРЕЛЕРІ, ҚАЗАҚ ТӨРЕЛЕРІ, ҚАЗАҚ ТӨРЕЛЕРІ! Кешіресіздер... Қазақ ТӨРЕЛЕРІНІҢ атынан Сұлтан Аман Шотаев.
    Пікір қосу

    • #105
    • Таңмұхамбет
    • бн, 19/05/2016 - 8:12

    Сіздіңше, Төрелерде Ата да, Ана да, әке де, шеше де жоқ екен ғой. Бәсе, "өткенде біреулер аспаннан аяғы салбырап" түсіп келе жатыр еді. Солар Сіздер екенсіздер ғой.

    Шыңғыс қаған өсиетінен: «Сөзді айттың ба – ол жақсы ма, жаман ба, әзіл ме, шын ба, бәрібір – оны қайтарып ала алмайсың; сондықтан әр сөзіңді безбенге өлшегендей салмақтап айт».

    • #106
    • Төре
    • бн, 19/05/2016 - 13:50

    Біздер Қиятта, Боржығынде емеспіз. Қазақтың сүбелі руларының бірі - Ата-тегі - Аталық тізбегі Шыңғысханнан басталатын Төреміз!

    • #107
    • Таңмұхамбет
    • жм, 20/05/2016 - 0:46

    Төре деген ұғым Шыңғыс ханнан да әріде болған. Осыған назар аудар.

    • #108
    • Сұлтан Аман Шотаев
    • жм, 20/05/2016 - 17:42

    Тұқым қуалау заңын зерттейтін-Генетика ғылымы. Аталық тізбек қатып қалған заңдылық емес. Оныңда, даму тармақтары - тармақшалары болады. Эволюция заңы. Бұл іргелі зерттеулерге жатады. Ары бармай-ақ қоялық. Сау болыңыздар! Аталық тізбек - Тікелей ұрпақ жалғасы, оның дәлдігі Р<0.95.

    • #109
    • Сұлтан Аман Шотаев
    • жм, 20/05/2016 - 17:59

    Өткен жылы маусымның 5-6 күндері Ұлы Тауда Шыңғысханға, Жошыханға Ас бергенбіз, 788 жылдан кейін. Сонда жарықтық Домбауылдың Кесенесіне әдейлеп барып 100-120 аса азаматтар (көбісі төре), Құран оқып, зиярат етіп қайттық. Ешкімнен бас тартпаймыз... Біздер ТӨРЕМІЗ, ТӨРЕМІЗ, ТӨРЕЛЕРМІЗ. Біздерге неге жабысасыздар, біздер ешкімге жабспай-ақ жүрміз ғой, Ағайындар!

    Сіздіңше, Төрелерде Ата да, Ана да, әке де, шеше де жоқ екен ғой. Мына сөз дүбәрә-дүмбілездің сөзі. Айқыш-ай...Кекесін сөзіңізге қарағанда, ойыңызда, қортық-қысқа сияқты, кешірерсіз... Сондықтанда біздердің көбіміз, жеті ата емес, F,-25-28 Атамызды білеміз!...

    • #110
    • Төре
    • жм, 20/05/2016 - 19:32

    Төре деген сөз Шыңғысханнан да бұрын болған. Осыған назар аудар
    Иә аудардым ... Сіздер мен біздердің ата-бабаларымаз, Шыңғысханның ұрпағын ерекшы қасиеттері үшін ТӨРЕ, деп атағанын сіз білсеңізде, қыңырлығыңыз айтқызбай тұр ғой "мырзам" ... Енді әлгі түс туралы айтарсыз... Сау болыңыз!
    Иттен Ияу-Мысықтан-Мияу...ал Төреден-ТӨРЕ!

    • #111
    • Таңмұхамбет
    • жм, 20/05/2016 - 21:15

    "Иттен Ияу-Мысықтан-Мияу...ал Төреден-ТӨРЕ!" Бірдеңе түсінген сияқтымын, түсінбеген де сияқтымын.

    • #112
    • Төреге
    • сб, 04/06/2016 - 0:23

    Ерекше қасиет-ол қандай қасиет ? Біліп жүрейік. Талай төрелермен табақтас болдық,еш нәрсе байқамадық

    • #113
    • инсайдер
    • дн, 06/06/2016 - 13:24

    Шынымен де, монғол Шыңғысхан ұлты жағынан қазақ болса, онда қазақ фольклористикасы мен аңыздарында, ертегілері мен батырлар жырында сақталып, ауыз әдебиетіне еніп, қазіргі заманға өліп-өшіп жетер еді ғой! Ол кісі туралы ауыз әдебиеті де, фольклористика да "жұмған ауызын ашпайды" яғни деректер жоқ! Оның үстіне, 12-ғасырда өмір сүрген кісінің мүрдесін табу қиын. Табылса, ДНК-тест алынып, осы "айқай-шу" басылар еді. Сондықтан, жабылып мүрдесін іздейік, Шыңғысханның! Шынымды айтайын, шежіреде - шындық ЖОҚ!

    • #114
    • Досмұқан
    • жм, 01/07/2016 - 1:13

    Шындық шежіреде жоқ емес, осындай сөз айтып отырған Сізде жоқ. Себебі, сіз келер ұрпаққа өтірік айтатыныңызды өзіңіз мойындап отырсыз. Ал, ежелгі қазақтар олай жасамаған. Қазақтың рулық шежіресі жайлы мұндай сөз айту нағыз білімсіз, надандықты білдіреді.

    • #115
    • Төре
    • жм, 01/07/2016 - 20:07

    ДНК-тест дегеніміз, негізгі (матрица) амин қышқалдары қартасымен салыстыру. Ол негізгі қартаны қайдан табасыздар? ДНК - сараптау дегенде - болжау... салыстыра болжау. Олда (Р=0,999), үшінші дәрежелік деңгейдегі дәлдікті көрсетпейді. Ол тұрмақ, (Р=0,95) бірінші дәрежелік деңгейдіде көрскте алмайды. Дәлдігі жоқ сараптамаларды генетика ғылымы мойындамайды...ДНК сараптау алып өздерін "төреміз" деп жүргендердің көбісі жолдан қосылғандар. Ренжіседе, ренжімеседе, шыны осы. Қателіктері болсада шежіре дұрыстау.

    • #116
    • Әбдияр
    • сб, 02/07/2016 - 9:46

    Сіздердің айтып отырған "ДНК" дегендеріңіз қазақ та ежелден бар дүние.

    Қазақтың "Діңкем" құрыды, шаршадым дейтіні осы сөз.

    Ежелгі қазақтар "ДНК" шаршаған кезде "сүйек жаңғыртып" отырған. (М.Қожырбайұлының "Қазақтың шежірелік және салттық тарихы" атты кітабынан).

    • #117
    • Бек
    • сб, 02/07/2016 - 9:53

    Әбеке! Сіздің пікіріңізге қосымша болсын. ДНК жайлы М.Қожырбайұлының "Маңғыстау һәм Қазақтың құпия шежіресі" атты кітабында мынадай деректер бар:

    "Ғылымның соңғы жаңалықтарының бірі ер адамның ұрығының хромосомолары әр түрлі он екі сақинадан тұратынын анықтады. Егер осы түстер түгелімен тепе-теңдігі бұзылса, дүниеге келетін баланың еркектік қасиеттері бұзылады. Ал сақина түстері он екіден артық немесе кем болса, онда қыз бала дүниеге келеді.
    Бұл Мендель заңы деп аталады. «Мендель тұқым қуалау материалының ата-енелердің екеуінен бірдей арақатынаста ұрпаққа өтетініне көз жеткізді. Жұмыртқажасушасы бар аналық дарақтан және шәуеті бар аталық дарақтан («тозаң дәні бар») ұрпақка көшеді. Мендель хромосоманың болатынын білмесе де, олардың саны туралы түсінігі болмаса да, әрбір ересек дарақтың жыныс жасушалары қосылуының нәтижесі екенін данышпандықпен болжады. Демек, кез келген ағзаның зигота түрінде пайда болу сәтінен бастап, өлгенге дейін ата-ененің біреуінен бір-бір фактордан, екі данада әркайсысында «тұқым куалау факторы» болады. Жинақтап келгенде тұтас ағзаның диплоидтығы он екі әріппен белгілене бастады. Ал гаметалар - жұмыртқажасушалар мен сперматозоидтар (өсімдіктерде аталық жасушалар) бір әріппен белгіленді, өйткені олар тек бір-бірден ғана «тұқым куалау факторларын» жеткізеді...» (Дерек Интернет сайтінен алынды).
    Қазіргі ғылыми тілде бұл «ДНК» деп аталып жүр. «ДНК» шаршамау керек, сол себепті де, қазақ баласы қанды таза ұстау мақсатында жеті атаға дейін «қыз алысып, қыз беріспеген». Текті жермен құда болысқан. Қан таза болуға тиіс. Қан ластанса адамның болмысы өзгереді. Қазақшалап айтқанда «Діңкесі» құриды. Демек, «ДНК» қазақ үшін жаңалық емес. Бұл қазақ ұғымында атам заманнан бері бар сөз.
    Бұл «ғылыми жаңалықты» (біздің аталарымыз үшін бұл жақшаның ішіндегі) қазақтың ата-бабалары бұдан бірнеше мыңдаған жылдар бұрын білген".

    • #118
    • Төре, 117 Бекке
    • сб, 02/07/2016 - 17:03

    Бек мырза, сіз неге білмейтін нәрсені айтып елді шатастырасыз? Г. Мендельлің негізгі 3 заңы бар. Ол гентика ғылымының негізі! 1 - заңы "Единообразие (F1) - первого поколение" - бәрінің түрі бірдей! 2-заңы, расщепление во втором поколении, (F2); - 3 : 1; үшеуі доминант (басым түрі), біреуі рецессив-әлсізі, үшінші заңы, (F3)-независимое расщепление. Ал, «ДНК» шаршамау "- емес. Діңкесі шаршамау емес... Дезоксирибонукленовая кислота (қышқыл) М. Қожырбай... данасымақтың осы туралы айтқаны, кешіріңіздер, ғылымға жатпайтын сандырақ. Нәрестенің жынысы - Х және У хромосомдарының алмасу заңдарына байланысты... Ол өте кұрделі? Әзірше сіздердің мыйларыңыз оған жетпес? Білиейтін дүмшелерден Абай-кз де шаршады. Оданда менің ұлы Бабам Хан Шыңғысты "Адай" дейтін сандырақты жалғастыра беріңіздер... Білмейтін іргелі ғылымда не құндарыңыз бар? Өңшең күйдіргі данасымақтар...

    • #119
    • Бек
    • дн, 04/07/2016 - 8:33

    Төре 118-ге! Жақында БАҚ-тар бүкіл әлемнің тіл ғылымы ғалымдары бұдан 6000 жылдан әрі де бүкіл әлем елдері тек қана бір тілде сөйлеген деген ортақ тұжырымға келгендерін мәлімдеді. Ол Адам Ата мен Ауа Ана сөйлеген тіл, яғни қазақтың АНА тілі. Ол жайлы осы саитте Қожырбайұлының "Адам Ата мен Ауа Ана қай тілде сөйлеген" деегн мақаласы бар. Тауып оқы. Білімің жетсе соны теріске шығарып мақала жаз.

    • #120
    • Қожырбайұлын қолдаушы.
    • дн, 04/07/2016 - 8:39

    Қазір Сіздерде ежелгі қазақтар ештеңе білмеген, тек біздер ғана жаңалық ашып бәрін біліп жатырмыз деп ойлайсыздар. Ақиқатында, Сіздер еш жаңалық ашып жатқан жоқсыздар. Сол ежелгі қазақтардың білгенін де түсіне алмай жатырсыздар.

    • #121
    • Асан
    • дн, 04/07/2016 - 16:29

    Солардың бірі бүкіл әлем елдерін таң қалдырып "Аузын аштырып, көзін жұмдырған" Шумерлер мәдениеті болып табылады. Әліге дейін олар жеткен ғылым деңгейіне қазіргі ғылым жетпек түгілі, соларды түсінуге де білімдері жетпей келеді. Қожырбайұлының айтуынша, олар өздерін ҚАРАБАСТАРМЫЗ деп атаған, домбыраның құлағында ойнаған. Арғы тегі Маңғыстаудан шыққан.

    • #122
    • Төре
    • сн, 06/07/2016 - 20:10

    Сайлыбай Бекболатовтың – «мәңгі қазақ календарын», Жаратқан Иеміз, Бір Алланың маған жасаған «құрметіме», деп ойлаймын, Сайлыбайдың өз аузынан, осыдан 13 (ұмытпасам) жыл бұрын, кешкі ақшамда Алматыда Қабанбай-Әуезов көшелерінің қиылысында естіп, таң қалған едім. Ол екеуміз бірге оқығамыз, жас күнімізде боксқа қатысқамыз… Сондықтан, денсаулығы «нашарлағанба» деген ойда қалғанымда бар? Үйге келгн соң, есептеп көріп едім (математикадан хабарым бар), бәрі дұрыс. Сонда айтқаным, (телефон арқылы) «Сайлыбай, Сен Дүниежүзілік» жаңалық аштың! Бірақ, есіңде болсын, осының нәтижесін тіршілігіңде көре алмауың мүмкін? деп едім. Егер Сайлыбай еврей болса, басқаша болар еді? Біздің қазақ оны әлі түсінбей жүр… Сол сөзім шын болып шықты? Жаңалықтың бар құпиясы (0) таңбасында тұр! Барлық сан сол (0) таңбасынан басталады емес пе? Қарапайым сызғышқа қараңызшы? Адам баласы 2 мың жыл дұрыс есептелмеген календарьмен өмір сүруде... Мына № 24785 «патентке» Министрліктің берген сараптамасында «Бұл календарды қабылдауға болмайды, өйткені қалыптасқан дұниежұзлік жұйені бұзады» деп жазылған. Оның жаңалығы осы, байқамай айтылған сөзде «дұниежұзлік жұйені бұзадыда» тұр ғой. Дұниежүзілік жүйені бұзған соң ғана, Ол әлемде «теңдесі» жоқ жаңалық болып тұр! Ол математика, дәлдігі Р=0,999 (үшінші деңгейдегі дәлдік). Оған дау айтылмайды, Оны Сайлыбайға Жаратқан Иеміз, Бір Алланың берген нәсібі! АМИН! Ал Сіздің айтпағыңыз "дәлдігі" төмен болжау ғана? Жұрт сену үшін дәлдік керек? Сөз жасаумен нағыз тарих жазылмайды. Бек мырза, сіздің көңіліңіз ұшін ғана мақаланы оқыдым, бүрында таныспын. Сау болыңыз!

    • #123
    • Маңғыстау Адай
    • жм, 08/07/2016 - 9:03

    Төреге! Егер де Сіз де "Адам" деген сөздің Атам Қазақтың Ана тілінің аясында дүниеге келгеніне ақылыңыз бен біліміңіз жетпесе, онда Сіздің жағдайыңыз қиын екен. Өзіңіз ойлап қараңыз, мына орыстар неге бірін-бірі "Адам" деп айтпайды. Себебі, Адам деген сөз олардың арасында дүниеге келген жоқ. Сондықтан олар бірін-бірі Адам деп айта алмайды. Немене, Маңғыстау қазақтарының бес жасар баласы да білетін осындай қарапайым қағиданы түсіне алмай жүргеніңіз қалай? Енді өз біліміңіздің деңгейінің бағасын өзіңізге өзіңіз беріп қараңыз. Сізде Сау болыңыз!

    • #124
    • Төре, Маңғыстаулық Адайға
    • жм, 29/07/2016 - 20:47

    Әй, Маңғыстаулық Адай, сіз мына менің білімімнің деңгейіне баға бермей-ақ қойыңыз... Менің білім деңгейім сіздің деңгейіңізден әлдеқайда биік. Оған сеніңіз! Белорустар балаларының атын Адам деп қоятынын білетін шығарсыз "асқан данышпаным", көрпеңізге қарай көсілерсіз. Бір адайдың сақау әйел айтқан деген сөз бар... "соғымға әйгім байын сояды" ! Барыңыз осы болғаны ғой? Сізде Сау болыңыз!

    • #125
    • Төре, 116 - Әбдиярға
    • жм, 29/07/2016 - 21:09

    Сіздердің айтып отырған "ДНК" дегендеріңіз қазақ та ежелден бар дүние. Иә, ДНК адам баласы, жан-жануаддың бәрінде бар. Ол сіз айтқандай, "Діңкем" құрыды, шаршадым дейтін сөз, еме?!. Осындай пікіріңізбен Абай кз-ға шықпаңыз! Ел-жұрт күлерінде-жыларында білмей жүр? Биология, биохимия, генетика, цитогентика деген ғылым салалары бар, естіппедіңіз? Онда Діңкем" құрыды, шаршадым, демейді, басқаша дейді. Ия, Жаратқан Ием, мына құлың меніде Әбдиярдыде кешір осынша сауатсыздығымыз үшін?

    • #126
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 02/08/2016 - 1:01

    113-Инсайдерге! ШЫҢҒЫСХАН ҚАЗАҚ ДАСТАНДАРЫНДА

    «Мұңалдың құпия шежіресі» (1240 жылы Шыңғыс қаған дүние салғаннан 13 жыл кейін Мұңалдармен жазылған, мұны білмейтін тарихшы жоқ) қазақ халқының ежелгі аңыз-әңгімелері не негізделіп жазылған және онда сол кездегі қазақтың ән-жыры, шешендік сөздері, термелері, мақал-мәтелдері кеңінен қолданылған. 12 бөлімнен тұратын осы шежіренің әр бөлімі сайын кемінде 20-30 өлең қамтылған. Сұхбаттар мен төл сөздер көбінесе өлеңмен жазылған. Сонымен қатар, бұл шығармада қазақ тілінің әуені, жыр ұйқасы (поэзия) және қара сөздік шығарма (проза) үлгісі кең қолданылған. Шығарманың бәрімізге бала кезімізден жақсы таныс «Батырлар жырынан» ешқандай өзгешелігі жоқ. Мысалы, күні бүгінде де ауыздан түспей келе жатқан «Ағасыз ел болмайды, жағасыз тон болмайды» деген қазақ мақалы Боданшардың аузымен «Ағай-ау, ағай! Адамның ағасы, тонның жағасы бары жақсы ғой!» - деп беріледі (30 бет). «Көлеңкеден басқа дос жоқ, Құйрықтан басқа күш жоқ» (41 бет). «Суда белгі, аспанда із жоқ» (44 бет). «Шын дос жол орта да қалмас болар» (46 бет). «Әй дейтін болсын ажасы, Қой дейтін болсын қожасы!. Күні бүгінде де бұл мақал «Әй дейтін Әже (ана), қой дейтін қожа (ер-азамат, ата) деген мағына да қолданылады (48 бет). «Досқа күлкі, дұшпанға таба болмай ынтымақтасып жүріңдер» (181 бет),
    ...Темір-болат – дәл маңдай,
    Тілі өткір – жез таңдай,
    Жүрегі алмас жаралған
    Жанары сұмдық қадалған.
    Құтырынған төрт арлан
    Қыруға дүйім пендені
    Шыққандай темір құрсаудан.
    Аузының суы шұбырып,
    Апшыны келед қуырып (126 бет).
    ...Өгедейдің жұрағаты «Шөпке ораса
    Сиыр жемес...
    Майға ораса
    Ит жемес
    Болып туса..(182 бет).
    Немесе, 195. «...Ашуы әбден кернесе,
    Ажал оғын алады,
    Толғай тартса жебені
    Талай жерге барады.
    Таудың арғы бетінде,
    Тажал оғы өтінде,
    Жүргендер де домалап,
    Жермен-жексен болады.
    Соза керіп атқанда,
    Сегіз жүз құлаш кетеді,
    Солғын керіп тартқанда
    Сонау жерге жетеді.
    Адам пішінді жалмауыз,
    Адам жұтар қанды ауыз,
    Дәу Қасар, әне, ұмтылды,
    Дәл кәзір жетіп келеді», -
    Немесе, тағы бір жерінде Белгітай ноянның сөзімен:
    190. «...Тірлік бізге не керек,
    Тәуекелден айнысақ?
    Тірі жүріп не керек,
    Туған жерден айрылсақ?
    Қорамсақты жастанып,
    Қан ғып ұстап садақты,
    Қу толағай бастанып,
    Құмға батсақ – сол жақсы...». Осы жыр шумақтарының «Қырымның қырық батыры», Қамбар батыр, Ер Тарғын, Қобланды, Алпамыс т.б. сияқты Қазақтың эпостық батырлар жырларынан не өзгешелігі бар. Бүкіл әлем тарихшылары, оның ішінде қазіргі моңғолдар да (Моңғолия) бұл шығарманың тілі «көне моңғол тілі» деп жазып жүр. Түп-тамырымен қате тұжырым, шығарма тілі жер бетінен жойылып кеткен тіл емес, қазақтың Ана тілінде жазылған.
    Себебі, ол кезде Шыңғыс қағанға бағынған елдердің бәрі осы біз сөйлеп жүрген тілде сөйлеген. Оны біз жоғарыда аты аталған "Мұңалдың (моңғолдың) құпия шежіресі" атты еңбектен айқын көре аламыз. Себебі, ол кітаптың бірде-бір сөзін бүгінгі моңғолдар түсіне алмауда.

    Шыңғыс ханды Қазақтың (Адайдың Қосайы) суырып салма, ақиық ақыны Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) өзінің «Адай тегі» дастанында былайша жырлапты:
    ...Кешегі Дүиім Баян кеткен соң
    Алты жыл анық өткен соң,
    Ар-сар болып жүрегі,
    Қанға толып білегі,
    Шыңғыс туды Арқардан?.(2)
    Оның туған тұқымы
    Патша болып таралған.
    Осы бір сөздер көңіліме
    Бұрынғы өткен үлкеннен
    Қағида болып қалынған.
    Шежіре болып жазылған
    Тілімі түзу бағытты
    Көңілім зерек қалыпты.
    Аңдаған жақын, алысты,
    Болжаған қисық, шалысты,
    Бұрынғы қарт атамның сөздерін
    Құлағым естіп, көргенін
    Осындай құралы келген жерлерде
    Шығарып жүрмін жарыққа.
    Шариғат қарап, жол пәмдеп.
    Мұсылманға үмбет деп,
    Атасын анық білмеген,
    Айтса болар мүрдет? деп..(3)
    2 – Шыңғыстың тегі туралы аңызды айтып отыр. Осы бір ауыз сөзбен Шыңғыс ханның тегінің қазақ екені анық көрсетілген. Себебі, ең алғаш рет дала аңы Арқарды қолға үйретіп, қой мен қошқарға айналдырған, бүгінгі күнде қой мен қойшының пірі ретінде дәріптелетін Қазақтың атақты ұлы Шопан ата болатын. Шыңғысхан елінің ұраны «Архар» болатыны осыдан.
    3 – Кәпір деп отыр.
    Қашаған атамыз Шыңғысты Адай ұрпағы және оны білмей ұмытсаңдар кәпірсіңдер деп анық көрсетіп тұрған жоқ па?!
    ...Он төрт қабат жер мен көк,
    Жаратылған нұрдан, - деп –
    Атамыз Сапи, Сапиолла,
    Жаралған топырақ, құмнан,-деп,
    Хазіреті Шейіш пайғамбар!
    О да жаратылған
    Бір алланың ішінен,
    Рақым еткен күшімен,
    Бір тамшы тамған судан, - деп,-
    Әр нәрсе солай болатын,
    Алланың еткен ісімен,
    Естуіңіз жоқ па еді;
    Хазіретті Айсаны
    Мариям ерсіз туған, - деп,-
    Ол күндегі пендеге
    Ғайыптан талай бала келіпті
    Мезгілсіз туған бір күннен,
    Жалтыраған сәулеге
    Жеті қабат жер астында
    Сарайдың іші толыпты
    Онан Дүйім Баян хан
    Бізге келіп жолықты
    Оның туған анасы...» (Ә.Жұмалыұлы «Сүйіндік Қосайұлы» Алматы, 2002. 77 бет). Шыңғысханның тегі Адай болмаса, Қашаған атамыз өз тегін жырлап отырып Шыңғыс ханды аузына алмаған болар еді.

    Қаз Адайдың әйгілі – жауынгер ақыны, Қосай ата ұрпағы Қалнияз жырау Шопықұлы (1816-1902), «Бұл Адайдың атасы» атты толғауында:
    «Ақ ордасы Адайдың
    Үлкен үйім Мұңалсың,
    Батырда өзің, пір де өзің
    Ұлы жиын құралсың,
    Төрт мұңалым тұрғанда
    Басқасы келіп Адайдың
    Қолынан қалай ту алсын?!! (43 бет). Өте әділ бағасы берілген, Шыңғыс ханды (мұңалдарды) әлемнің ең ұлы тұлғалары деп ЮНЕСКО да мойындаған жоқ па?!
    Шыңғыс ханның тегінің қазақ, оны хан көтергендер қазақтар екендігін Қалнияз атамыз Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Хиуа ханы Мұхаммед – Рахимге:
    ... «Аржағым Алаш ұранды
    Ел едік байтақ құралды
    ...Хан көтерген қазақпыз
    Шыңғыс хан – арғы бабаңды»... деп жырлаған. «Маңғыстаудың жыр-дастандары» (52 бет).
    «...Бұл Адайдың атасын,
    Төре сүйек, ер деген.
    Нәсілім төре болғасын,
    Қай жерімді кем деген?!
    Айбарлы тентек ел едік,
    Түркімен түгіл, қалмақ пен
    Орысқа да көнбеген.
    Төрелесіп келгенде,
    Дұшпанға теңдік бермеген! - деп шалқиды. Осы топтамаға кірген «Біссіміллә!» деп сөйлесем...» деген толғауының бір жерінде:
    Ар жағым – төре асылдан,
    Біз – Алашқа белгілі
    Адай едік дүбірлі,
    Дүбірі көпке білінді, - десе, тағы бір тұсында:
    Қызғанышпен осы жұрт
    Қазбалайды менің тегімді...
    Атам – Елтай, білмесең,
    «Төре» дейді тегімді...
    ...Білдірейін білмесең,
    Мұны айтқан кім?» десең,
    Мен Қалнияз өзім-ді, - деп асқақатайды. Ақынның бұлай сөйлеуіне толық негіз бар. Оның
    «Төре сүйек ер», «асыл төре» деп отырғаны әрине, Адайдың әкесі Елтай. Бұл сөздер қосымша түсінікті қажет етпесе керек» (Мырзатай Болат, «Адай төре тұқымы емес пе?», «Ар» газеті 23.09.2009 жыл №15 (126)).
    Бүгінгі өздерін біз жүзге жатпаймыз деп жүрген Төрелердің тегі осы. Олардың да ұраны «Архар». Хан Ордасы (Бөкей) ауылының қасындағы «хан зиратындағы» құлпытаста: «Арқар руғы Нұралы хан» деген жазба бар. Бұндай жазба сол қорымдағы құлпытастың бәрінде бар.

    Бүкіл әлемді мойындатқан Мұңал мен Шыңғыс ханның тегінің Қаз Адай екендігі Манқыстаудың өзге ақын-жырауларының шығармаларында да айқын көрініс тапқан. Мысалы, Адай-Мұңал-Жары-Тастемір ұрпағы Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876-1966) атамыз:
    «Атамыз Адай – Мұңалдың
    Кіші жүздің ішінде
    Қарасам қатар теңі жоқ,
    Шашылған дабыл-даңқыңның
    Баяны болса кемі жоқ.
    Бүгінгі жүрген адамнан
    Дәрежесі артық жаралған,
    Адайдан Мұңал болғанда
    Тұсында озған ешкім жоқ» (Жыр-дария 252 бет).
    ...Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,
    Қайран саланың жатқан аңғары-ай.
    Ақ шалмалы пірлердің
    Мешітке жаққан шамдары-ай!
    Кәпірден теңдік алуға,
    Қайтып та келер деймісің,
    Мұсылманның баласы,
    Шыңғыстан туған хандар-ай»… Бұл Қазтуған жыраудың атынан
    айтылған Мұрат ақынның зары. Біз бұдан бүкіл қазақтың 700-800 жыл бойы, Шыңғыс қағанды әулие деп қадір тұтқанын көреміз.
    Әділеттің ақ туын» құлатпай, биік ұстаған ел ғана мәдениетті ел болып аталуға құқылы.
    «Дүйімбаян, Шыңғысхан –
    Нәсілің нұрдан жаралған
    Халқына әділ қараған
    Ауыз тимей парадан,
    Пақыр-міскін, бай мен бек,
    Жарлы, жалсыз, аз бен көп
    Бәрінде бірдей санаған (115 бет).
    ...Шын ұлындай Шыңғыстың
    Сұрасаң асыл тектері,
    Ерлігін айтып мақтасам
    Толып жатыр еткені» (206 бет) деп, аруағын атап, бас иіп, тағзым етіп жүретін болған. Дүйім Баян дегені – Шыңғыстың арғы атасы, жазба деректерде Дубу Баян делінеді. Нұр деп Әлеуке (Алан-гуа) ананың нұрдан бала туғанын айтып отыр. Адам – Адам болғалы (70 000 жыл) бүткіл жер бетінде қазақ қағандарынан әділетті билік иелері болып көрген емес, - деп жырлайды дана ақын. (Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876-1966), «Аманат» Алматы-1996).

    Шыңғыс ханның тегінің қазақ екендігін Қазақ халқының ұлы ақыны Қазанғап (1889-1945) өзінің ата-тегі жайлы жырында:
    «Төле дейді ұранын,
    Қоғалы дейді тұрағым,
    Бақтиярдан ажырап
    Бәйдібек бай, Жәнібек
    Жалғыз ұлы Жарғышақ
    Домалақ деген ананың
    Албан, Суан, Дулат боп,
    Бөлініп бері шығамын
    Жарылғамыс, Жанту боп
    Жаныстан келіп тарады
    Патша менен ханы көп
    Ілгері өткен заманның
    Ұлы Шыңғыс ханыңды
    Алдымен баян қылайын» («Төле би». Алматы 1991.-18 бет.) Міне өздеріңіз көріп отырсыздар, Қазанғап атамыз Шыңғыс ханды Қазақтың ұлы ханы деп айшықтап айтып отырған жоқ па?! Егер Шыңғыс ханның тегі қазақ болмаса атамыз өз тегін баяндай отырып Шыңғыс ханды аузына алмаған болар еді.

    «Зұлқарнайын Ескендір»,
    «Әзірет Әлі», «Шыңғысхан»,
    «Қырық тарау ноғайлық»
    Дастандарым тағы бар,
    Бәрі бізден табылар.
    «Бұл да болмайд» десеңіз,
    Мына отырған жыршыңыз
    Жан қалтасын қағынар.
    Өздеріңнен аяйтын
    Жыршының не жаны бар?!. (Сұлтан Қадір «Бір тыңдауға бұл қалай?» Атамыз «Зұлқарнайын Ескендірді де», «Әзірет Әліні де», «Шыңғысханды да», «Қырық тарау ноғайлық (Қырымның қырық батырында» бәрінің тегін қазақ деп отыр. Әйтпесе, ол дастандарды жырлап не істесін, жырлағанда да оны кім тыңдар еді. Мысалы, сен өзің орыстың бірінші Петрі жайлы жыр жазып оны жырлар ма едің. Әрине, жоқ деп жауап береріңіз сөзсіз.

    Тура осындай деректі, яғни Шыңғыс ханның тегінің қазақ, оның «нәсілінің нұрдан жаралғандығын» Адай – Тобыштың - Зорбайы Бәйімбет Телеуұлы «Замананың құлқына» атты жырында:
    «Ертеде өткен ерлерден
    Ноғайлының Едіге,
    Шыңғыстың өткен заманы
    Асылы нұрдан жаралған,
    Таймаған жолдан табаны» деп жырлаған.

    «Шыңғыс, Бату хандық құрып тұрған ел,
    Қарақыпшақ Қобыландылар туған ел,
    Ерегескен дұшпан-жауын қуған ел
    Емес пе едің – жұртым саған не болды?!».. (Ғұмар Қараш). Қазтуған да,
    Мұрат та, Ғұмар Қараш та Шыңғыс ханды қазақ деп анық айтып тұрған жоқ па?

    «Кім білмес кешегі өткен Шыңғысханды,
    Жартысын дүниенің түгел алды.
    Талайын Европаның бас игізіп,
    Қорқытып Қытайға да алым салды.
    Қолына туып еді қан уыстап,
    Әлемді билейтұғын үлгі нұсқап.
    Қойылған Шыңғыстауға соның аты,
    Өзенін осы хақан кеткен қыстап.
    Ортасын араб, қытай түгел алып,
    Азия, Европаға жарлық салып.
    Мейірімді, алған елге әділетті.
    Кетеді, қарсыласса, қанға малып.
    800 туғанына жылдар толды,
    Темучин атын бұзып, Шыңғыс қойды.
    Шыдамды Шыңғыс деген мықты демек,
    Отызға келмей тұрып бақыт қонды.
    Ол туған Бүлүнжылдық деген жерде,
    Рахымды қол астында кірген елге.
    Не дінге, не ғұрыпқа қол сұқпаған,
    Ой жібер, міне, осындай кемеңгерге» (Ш. Құдайбердіұлы «Қазақтың түп атасы»).

    «...Танымадың атаңды,
    Қазақтың ұлы қағаны
    Шыңғысхандай бабаңды.
    Танымасаң атаңды
    Танытайын мен саған
    Атамыз Мұңал Жарыдан
    Мұңалжар деген тау қалған (Ақтөбе облысында орналасқан, орысша Мугаджар деп аталады).
    Ұлытауым ардақтым
    Сарыарқамның төсінде,
    Шыңғыстау деген тау қалған.
    Сол Шыңғыстың шыңында,
    Мұңал деген шың қалған
    Алтайдың арғы шегінде
    Мұңал деген ел қалған (қазіргі Монғолия).
    Тоқтамасаң оған да,
    Соншама милау болмасаң,
    Айтқан сөзге көнбесең,
    Ақиқат деген ауылдың
    «Қонағы» болып қонбасаң
    Ұрпағы оның мен қалғам.
    Атамыз Жары болған соң,
    Шыңғыстан әрі болған соң.
    Тоқтамыс-Табай шығады,
    Жошыдан бізге қалған жол» (Шыңғыс Хан ұрпағы; Жары-Тоқтамыс-
    Табайтегі; Аманжол Орынбасарұлы Шеркешбай. «Адай тегі» толғауынан үзінді).

    «Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
    Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.
    Шыңғыстай данышпанның құр аты да,
    Адамның жүрегіне жігер берер! (Мағжан Жұмабай).

    «Шатастырып тарихтан адастырған,
    Күнаһар қанша ғасыр аласұрған.
    Шатпақтап шындығымды шырылдатып,
    Алыпты «Зұлым» ол деп шатастырған.
    Не пәлені жаппады Шыңғысханға
    Халқы үшін жан пида соғысқанда
    Әлемде теңдесі жоқ қолбасшы ерен
    Жаһанға жақсылық деп тырысқанда.
    Қоймайсың тарихымды кейде тұсап
    Жата ма қап түбінде алмас пышақ
    Ашылды алтын белі ақиқаттың
    Егемендік еліме құшақ жайып.
    Таны елім Шыңғыстың кім екенін,
    Байтақ дала сағымды кең екенін
    Азаттық қойып жатыр өз орнына,
    Кімнің ез, кімнің кенен ер екенін.
    Теңдесі жоқ тарихта адамзаттың,
    Ел перзенті Шыңғысым ғаламатсың,
    Қайтарылды ұлтына заңғар тұлға,
    Биіктеп түра берер ғажап атың.
    Болмаса Шыңғыс бабам, сайын далам,
    Айдында, ай аманда қайырлағам.
    Тігіп кетті қағанның үлы туын,
    Бар әлем басын иіп мойындаған.
    Тарихымды түлеткен алып бабам,
    Қыранымсың мәңгілік қалықтаған.
    Көтерілді көгіме Шыңғыс туы,» (Айтмұхамбет ЕСІМҒАЛИҰЛЫ, ҚР
    журналистер одағының мүшесі).

    ««Моңғолдың құпия шежіресі» мен басқа да көне әдебиеттерде
    жазылған дерек бойынша, Шыңғыс ханның мүрдесін қазақ арбасына артып, өз еліне қарай алып жүреді. Арба қозғалған кезде Сөнид тайпасынан шыққан хас батырлардың біреуі Гөлуге жыршы (біздіңше Күшік деген есім) көзінің жасын көл қылып тұрып:
    Қайран да менің хан Ием
    Қаршыға құстың қанаты болып қағылып,
    Қазақы арбаның жүгі болып таңылып,
    Кеткенің бе, ел-жұртыңды зар қылып- деп басталатын ұзақ жоқтау-
    толғауын айтады.
    Жолда орман-тоғайсыз, тақыр бір белегірге келгенде, жауын-шашынсыз құрғақ жерде арбаның артқы екі дөңгелегі жерге кіріп кетіп, алып жүрген адамдар шығара алмай әбігерге түседі. Күштейін десе жерге батқан арба сынады, асықпай алып жүруге мүрдені жеткізу ісі уақытынан кешігеді. Сонда қолбасшыларының біреуі Көк тәңіріне жалбарынып дұға оқиды:
    …Тұтас елің, монғолың,
    Тума балаң, ханымың,
    Туысы бір ағайын,
    Туған Дэлуін-Болдығың,
    Тым ұзақта қалып тұр.
    Кер айғырдың кекілі,
    Кере істеген жалауың,
    Керней-сырнай ұраның,
    Керлен, Хөдө аралың,
    Кіл шалғайда қалып тұр.
    Ақтық демің бітсе де,
    Асыл туған ақ дене,
    Алып, қорғап барайын.
    Бөрткелжіндей ханымға,
    Бүкіл дүйім халқыңа,
    Бақыл етіп берейін» (Амантай Тойшыбайұлы «Шыңғысхан: Аңыздың
    ақырғы ақиқаты» Abai.Kz).

    ««Құпия шежіренің» қазақ халқының төл туындысы екенін дүние жүзіне ашық жариялауымыз керек.
    Бұл замана талабы, өткен аталарымыздың алдындағы борышымыз. Әр халықтың пір тұтатын ұлттық қаһарманы болады. Сондай адамдарға француздың Наполеоны, орыстың 1- Петр патшасы, индия халқы үшін Мхатма Ганди, дағыстан халқы үшін имам Шәміл секілді адамдар жатады. Ал қазақ халқының осындай ұлттық қаһарманы - Шыңғыс хан!
    Өз сөзімен айтқанда:
    «Алтын денем қалғыса да,
    Ардақты елім солмасын.
    Бүтін денем қажыса да,
    Бүкіл елім тозбасын.»
    Бұл жерде алып – қосар еш нәрсе жоқ.
    Шыңғыстың қазақ екендігін Кеңес үкіметінің оқуы мен тәрбиесі өтіп кеткен қазіргі қазақтар білмесе де ескі көздер білген. 1921 жылы Кеңес үкіметінің кезекті құрбаны болып атылып кеткен Пышан ақынның бір айтысын келтірейін. Пышан Жәлменде ұлы Жалайырдың Байшегір руынан. Қасындағы 30 жігітімен серілік құрып жүріп, Жалайыр – Андаста өткен бір тойда бір байдың апалы – сіңілі Әшіркүл, Зейнеп деген екі қызымен айтысады. Айтыстың аяғына таман Пышан:
    - Қыздардың сөзі өткенге құрсанмын ғой
    Қуанам айдағандай жүз сан, мың қой
    Қашанда қыз атаулы маған құмар
    Белгілі Жетісуға Пышанмын ғой.
    Әшіркүл, Зейнеп:
    - Біреуге жалынбаймыз, әзір тыңбыз,
    Атаңыз Байшегір – ді емес шың-құз.
    Кебесің Пышанмын деп, біз қайтпекпіз
    Бас ұрған барлық қазақ –атам Шыңғыс – деп салған. Осы кезде Пышанның жанындағы жігіттері де, Жалайырдың тойдағы игі жақсылары да Шыңғыстың аты аталған соң Пышанды «енді қой» десіп орнынан тұрғызыпты. Сондағы Пышаның түрегеліп тұрып айтқаны:
    - Cөзіңді өзің айтқан қайталайын,
    Ауылыңа қонақ болып жайланайын.
    Бабаны айтып қалдық, енді қойдым
    Шыңғыстың әруағынан айналайын!
    Сөйтсе бұл екі қыз Шыңғыстың тікелей ұрпағы болып келетін Құсбек, Жүнісбектің тұқымы екен. Осы екі ақын қызға арнап Пышан «Әшіркүл, Зейнеп» деген ән шығарған. Кейін осы әнді комазитор Евгений Брусиловский жазып алып «Жалбыр» операсына кіргізіпті. Қазақтың өз атасынан басқаның әруағына сиынбайтынын әркім – ақ білетін шығар. Шың – Құз Темірдің Лақап аты екенін осы айтыс та айғақтап тұр. (Ақылбеков Ш. М. «Шыңғысхан - Аңыз бен ақиқат»).

    « Мен, Мен, Мен едім!
    Кер Сақ Абтан тараған,
    Итжеккен мен Алтайдың
    Арасынан аң алған!
    «Керейлер қайда!»-дегенде,
    Үш Жүз Қырық қанат Ел едім!
    Ай, Шыңғысхан Қаһан Бабам-ай!
    «Бізге тоқтар жау жоқ!»-деп,
    «Ашамайлы ноқта!» -деп,
    Үш Жүз Қырық қанат Керейден
    Ордасын бөлдің Төренің!
    Керей ханның тұсында,
    «Он Екі Ата Абақ!»-деп,
    Он Екі Ата Байұлы
    Жиырма төрт қанат көтеріп,
    «Дау қайда?!-деп жөнедің!
    Ай Кенекем, Кенекем
    Сен билікке келгенде
    Ата сөзден іріді
    Бұлақ көзден бүлінді
    Абылайдан қалған Сара жол
    Қақ Ортадан тілінді
    Сары жолақ киіндің
    Ақмоладан бақ ұшты
    Тар қыспақта жер құштың
    Қолдан тайды берекең
    Уа Алты Алаштың баласы
    Ақ жолыңды ала етіп
    Ақ патша алтын аяққа у шашты
    Ащы зармен келесің
    Ащыға тәтті болсам деп
    Зарлыға қуаныш болсам деп
    Бекіредей бес қатар
    Иірімнен көкке атылған
    Екпініне жар құлар
    Жайықтың асау жайыны
    Маһанбет Ұраншы мен едім!
    Ата Жұртым Қазығұрт
    Ана Жұртым Өр Алтай!
    Атасы мен Анасына оқ атқан
    Азғындардың басын кессем деп едім.
    -Уа, Алты Алаштың Азаматы
    Атаң қазақ болғанда
    Алтын бұлақтан су ішкен
    Алтын жағалы тон киген
    «Зұлмарт» берен тартынып
    Төрт құбылысына Ту тіккен
    Қаһарынан жау қашқан
    Айбарынан от шашқан
    Қаһандардан туған жоқпа едің?» («Махамбеттің жырынан» Ілесбек Байжанов, Шымкент).

    «Қазақ сөзі ой жүгіртсең бес әріптен тұрады,
    Ой жүгіртсең тұнып тұрған тарих оның құрамы.
    Дүние тану тарихының ең басында орыны.
    Дүние жүзі әуел бастан болған оның тұрағы.
    Сенбесеңдер атласты қолға алыңда қараңдар,
    Қазақша атау жер бетінде қанша екенін санаңдар.
    Қазақ атам ат тұяғы баспаған жер кемде кем.
    Адам ата қазақ болған мейлің сенбе мейлің сен.
    Мағынасын ашып көрсек бес әріптің енді біз,
    Зейін қойып оқы ағайын қызығына келдіңіз.
    Сәби тұңғыш келген кезде дүние есігін ашады,
    “Қаз” тұрады, “қаз-қаз” аттап жер ананы басады.
    “Қазына”жинап, “қазы” болып әділ билік айтады,
    Адам ғұмыр “қаза” болып топыраққа қайтады.
    “Қазан” айы астық, өнім бабына кеп піскен кез,
    Жиған терген ырыс болып “қазанға” кеп түскен кез.
    Қазақ деген ғұмыр бойы “қазғанудан” тұрады,
    “Темір- қазық ” мемлекеттің бағыт бағдар тұрағы.
    “Қазан” деген о заманнан мемлекеттің атауы,
    Түсінгенге қазақ сөзі ата баба ұраны.
    Қазақ сөзі таусылмайтын кетпейтұғын жыр естен.
    Ата-бабам әуел бастан қас жауымен тірескен.
    Түсінгенге қазақ халқы өркениеттің басында.
    Қазақ болып қалу үшін ғұмыр бойы күрескен.
    Қазағымның даналығын ойға салып білсеңіз,
    Бес әріпке қанша мағына сыйып кеткен көрсеңіз.
    Өз тарихын бес әріпке қалай ғана сыйдырған,
    Қазақ атын ата-бабам қойып кеткен сенсеңіз.
    Өз бастауын алған екен сонау ықылым заманнан,
    Еділ менен Шыңғыстай ер қай ұлтта бар жарандар,
    Жирма миллион сөздік қоры қай ұлтта бар қараңдар.
    Қазағымның даналығынан ой өрісімді суарам,
    Мақтанышпен қазақ болып туғаныма қуанам» (Қ.Насыреддин).

    ...«Тапжылмай таққа отырып Ұлы Қаған,
    Топтасты бір ел болып Ұлы Далам.
    Шыңғысхан бар әлемді бағындырды,
    Жауына жүрегі оның жылымаған...
    Ешқашан елдік үшін аянбады,
    Алынды талай шептер қияндағы...
    Жүз елу, екі жүз мың әскерменен
    Сап құрды Шыңғысханның нояндары!..
    Бұл сапта Керей, Найман, Оңғыт, (Уақ) болды,
    Жалайыр, Арғын, Дулат, Маңғыт болды.
    Бұл сапта Татар, Меркіт, Қаңлы, Қыпшақ,
    Қырғыз бен Ойрат, Бурят, Якут болды...
    Бұл сапта болды Үйсін, Ноғайың да,
    Қоңырат, Қожа, Ұйғыр – талайың да...
    Айналған бәрі туыс, ағайынға,
    Бұл сапта Алшын – Мұңал-Адайың да!..
    Білсеңіз, Жебе ноян – Жорға Адай-ды,
    Шыңғысхан неге оны қолдамайды?!
    Қолдайды, өзі де Адай, тегі Мұңал,
    Ол қалай қазақ арын арламайды?!
    Халықпыз терең тамыр, дәбіміз бар,
    Халықпыз маңдайында бағымыз бар...
    Үш Жүздің кенжесі Адай-Мұңал болса,
    Қарашаңыраққа қалайша дауымыз бар?!
    Шыңғысхан орындалып мақсатының-
    Құрса егер мұңал (моңғол) патшалығын:
    Бұл өзі - кенже ұлдың шаңырағы,
    Қазақтың шыққаны ғой жақсы атының.
    Қазақтың туын көкке тіктегені,
    Қазақтың мойындалып мықты екені,
    Алтайда адайдың мол таңбалары,
    Алтайым қазағымның құт мекені!
    Бұл Мұңал кімді тегі құл етпеді,
    Түкті екен шеттерінен жүректері.
    Әлі де ұрпақтары өр мінезді,
    Іске асып ата-баба тілектері.
    Іске асып бүгінде елміз асыл арман,
    Халқымның келер туып асығы алдан.
    Шыңғысханға қытай, ойрат таласып жүр,
    Бір кезде бабаларым басып алған.
    Біз кезде бабаларым басып алған,
    Жауласқан қас дұшпанның басын алған.
    Бір кезде Еуропаң, Азияң да,
    Қазаққа басын иген орыс-орман...
    Дәуірлеп күн кешкен-ді халқым сонда,
    Дүрілдеп тұрған еді даңқым сонда
    Мәскеуді ортқа ораған Мамай, Орақ,
    Тоқтамыс, қандай еді Алтынорда!
    Жеттік қой Балтық асып ел шетіне,
    Үндістан, Ауғаныстан, Парсы еліне...
    Бәрі де бағынышпен күн өткізді,
    Шыңғыс-Жошы-Бату әскеріне!!!
    Салдырған мәлім сәнді сарайлары,
    Жанды ғой бұл қазақтың талай бағы...
    Қазақтың шаңрағына ие болған-
    Әйгілі Моңғол-Мұңал Адайдағы.
    Жайымды ұғарсың сен сезіп көрсең,
    (Жаулардан ұтыласың сезік берсең).
    Адай мен Қазақ қатар аталады,
    Кең байтақ даламызды кезіп көрсең.
    Мұңалжар, Мұңалошақ – тұлғаң бөлек,
    Сол ошақ Қазығұртта түрған дер ек.
    Алатау, Алтай, Сауран, Сырдың бойы,
    Тіл таңба, тас таңбаға тұнған дерек.
    Халық жоқ жер бетінде моңғол деген,
    Ру бар қазағымда мұңал деген.
    Жаралған сол Мұңалдан Шыңғыс қаған,
    Қазақты ел етудің қамын жеген.
    Демеңіз мынау неткен тосын сый ед,
    Адайлар – төре тұқым, асыл сүйек.
    Жаралған дейді бабам Күн нұрынан,
    Шыңғысхан Көктәңірге басын иед!
    Жаралған сонау дәуір Сақ жерінен,
    Тарихтың алып орнын қақ төрінен!
    Қазақты жер жүзіне мойындатты,
    Жаралып Алан Қуа – Көкбөріден! (Ғалым Әріп «Қазақ – менің ұраным».


    Ал, Шыңғыс қағанның өзі елінің амандығын ойлап, ұрпағына мынадай сөз қалдырыпты:
    «Құлаш бойымнан тұтамы қалса да,
    Сен аман бол, Төре елім!
    Тұла бойымнан қайратым кетсе де,
    Сен аман бол, Ұлысым!».

    «Алтын денем қажыса, қажысын,
    Алып төрім уыстан кетпесін!
    Тұла бойым шалдықса, шалдықсын,
    Тұтас ұлысым шашылып кетпесін».

    • #127
    • Төре
    • сс, 02/08/2016 - 13:49

    Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, сізге не болды, құпия шежірені көшіріп бергеннен не таптыңыз? Бояушы, бояушы десе, сақалын...

    • #128
    • Әбдияр
    • сс, 02/08/2016 - 16:07

    127-ге! "#113 инсайдер дн, 06/06/2016 - 13:24
    Шынымен де, монғол Шыңғысхан ұлты жағынан қазақ болса, онда қазақ фольклористикасы мен аңыздарында, ертегілері мен батырлар жырында сақталып, ауыз әдебиетіне еніп, қазіргі заманға өліп-өшіп жетер еді ғой! Ол кісі туралы ауыз әдебиеті де, фольклористика да "жұмған ауызын ашпайды" яғни деректер жоқ! " дегеніне берілген жауап қой. Қазақ та мұндай жыр жолдары өте көп. Орыс пен батыстың Қазақтар жайлы жазған жалған тарихын оқып алып қазақ жастарының бастарын қатырғанша, өзіміздің шежіре-дастандарымызды оқысаңдар болады ғой. Естеріңізде ұстағандарыңыз жөн. Өтірік ешқашан өрге баспайды. Ал, Қожырбайұлы сіздер сияқты ойдан шығарылған өтірік дүниені жазбайды.

    • #129
    • Сұлтан Аман Шотаев
    • сб, 06/08/2016 - 19:36

    Бисмиляһи Рахмани Рахим!
    Хан Шыңғыстың Қазіргі төрелерге тікелей қатысы бар! Мына мен ғылым докторымын гентика-селекция саласынан. Ғылыми жетекшім, Иманды болыңыз? академик Ф.М. Мухамедғалиев! Ал кандидаттык диссертацияныдв сол кісінің жетенкшілігімен таза "ГЕНТИКА" (мамандық, 015) саласы бойынша ) Қазақстанда алғашқылардың бірі болып) қорғағам. Бұны неге айтасыз, деп сөге-жамандамаңыздар? Оның себебі, тұқым қуалау заңдарын біршама білетін сияқтымын... Гентика бойынша ата-бабаның сандық және сапалык белгілері тұқымына тікелей беріліуі тиіс. Біздің Ұлы Бабамыз Шыңғысхан дүниеден өткелі 9-ғасыр өтті. Мен өзіме мынандай сұрақ қойдым; Мына менің және басқа ТӨРЕЛЕРДІҢ қанында Шыңғысханнан титтейде болса белгі барма? Бар болса ол қандай белгі? Жоғарыда айтылған сандық белгіні қайдам. ал сапалық белгілердің бар болуы әбнен мүмкін. Ол өте тұрақты, бөлінбейтін тұқым қуалайтын белгі, орысшасы "дискретный" сапалық, өлшемі түрі-түс, өлшеміі жоқ, тұрақты белгі - Ол дегеніміз, ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ҚАСИЕТТІ РУХЫ! Біздерде - ТӨРЕЛЕРГЕ Шыңғысханның бөлінбейтін "дискретный" РУХЫ тұрақты түрде тұқым қуалайды. Кейде дамымай қалуы мүмкін. Ол біздерде бар! Шыңұысханның ұрпақтары ТӨРЕЛЕР сол ұшін, қай кез болсада жапа шегіп, қорлық көрді. Ол рас, оған ешкімнің дауы жоқ шығар? Қандай қыйыншылық болсада бірде-бір ТӨРЕ, Шыңғысхан Басынан бас тарқан жоқ және тартпайдыда! Бұл не? Бұл ТӨРЕЛЕРДІҢ қанындағы Шыңғысханның РУХЫ. Сол РУХ жібермеді, әліде жібермейді. Басына іс түскенде кейбіреулердің туған әкесінен бас тартқанын сіздер мен біздер жақсы білеміз. "Қара болып қалғанша - ТӨРЕ болып кетейік!, Өлейік!" деген ТӨРЕЛЕР арасында мақал бар. Оған мысал жетерлік... Кәзіргі төрелердің Шыңғысханға тікелей қатысы бар! Оған қам жемеңіз, және оны ТӨРЕЛЕР өздеріне қасиетті бақ-дәреже санайды. Әуелі Еліміз ТӘУЕЛСІЗДІК алғаннан кейін, ол қатысы күшейе түсті! Сау бүтін болыңыз!
    Сәлеммен Сұлтан Аман Шотаев, Дұниежүзлік Шыңғысхан Академиясының академигі.

    • #130
    • Сұлтан, Аман Шотаев
    • бн, 18/08/2016 - 6:43

    Бисмиляһи Рахмани Рахим!
    Кейде өзім туралы "Әділетсіздікке" өкінемін? Іште жүрген "жара болар". Мына мен 1962 жылы Панфилов ауданы, Көктал кеңщарында Абай атындағы орта мектепті үздік бітірдім. Сынып толмай қалып, басқа мекткптен келген едім. Соғыс кезінде туған жетіммін, (шешелеріміздің айтуынша өз кіндігімізді өздеріміз кескендерміз ғой). Бірақ қандай себеп екенін ол кезде білмедім. Маған «Алтын белгі», ол кезде "Кұміс белгіде" бар болатын солардың біреуінде бермеу үшін, басқа сабақтардан түгел 5 (бес) маған қазақ тілі пәнінін, ауызша-жазушасы бойынша 4/5 деген баға қойып, жай аттестатпен жіберіп еді. Атын айтпай-ақ қойайын (ол кісі әлі тірі) ол кезде мектептің оқу меңгерушісі еді. Сонда маған мынандай бата берді "Неге жетісіп тұрсың, екі жылдан кейін түрмеге түсті деп естимін". Олай болмады!
    Бір Алла "жебеген" болар, бәрлық сабақты 5 (беске) тапсырып жоғарғы оқуға түсіп "ҚЫЗЫЛ ДИПЛОММЕН" бітіріп шықтым. Әуелі содан - соң аспирантурада оқыдым. ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ деген атақты Мәскеуде қорғадым. Атым Қазақтың ҰЭ үш рет енген. Бұлда кішігірім тағдыр... Жаратқан Ием жар бола гөр? Құранда айтылған "Өткенге өкінбе, келешекке алаңдама!" Кешірерсіздер... жай ғана еске түсті... Сау бүтін болыңыздар! ӘМИН!

    • #131
    • Қыр баласы
    • жм, 19/08/2016 - 20:45

    Қожырбайұлы деген тарих егістігіндегі інінен басын қылтитып, шығып алып би шаңқылдап отырған тышқан ғой, ол: мен агрономмын деп ойлайды өзін... Адай деген рудан Абай деңгейіндегі ақын, Қабанбай деңгейіндегі батыр, Төле би мен Қазыбек би деңгейіндегі би таба алмай, ах ұрып, алас ұрып өз руына қаһарман тұлға іздеп жүрген бейшара ғой. Шыңғысханға жармасады ешқандай тарихи дәлелсіз....Комплекс неполноценности дейді мұндайды. Алладан қорықпай ма екен өтірікті судай сапырғаннан, тым құрығанда!....

    • #132
    • Қыр баласы
    • жм, 19/08/2016 - 20:45

    Қожырбайұлы деген тарих егістігіндегі інінен басын қылтитып, шығып алып би шаңқылдап отырған тышқан ғой, ол: мен агрономмын деп ойлайды өзін... Адай деген рудан Абай деңгейіндегі ақын, Қабанбай деңгейіндегі батыр, Төле би мен Қазыбек би деңгейіндегі би таба алмай, ах ұрып, алас ұрып өз руына қаһарман тұлға іздеп жүрген бейшара ғой. Шыңғысханға жармасады ешқандай тарихи дәлелсіз....Комплекс неполноценности дейді мұндайды. Алладан қорықпай ма екен өтірікті судай сапырғаннан, тым құрығанда!....

    • #133
    • Сұлтан, Аман Шотаев
    • жб, 21/08/2016 - 20:17

    Біздер, Қазақ Тқрелері, таңқаламыз... Ұлы Хандардың Ұлысы Хан Шыңғысты және Сол Ұлы тұлғаның ұрпақтарын - Төрелерді өзіміздің Қазақтар неге, зиялысыда, сауатсызыда, соншалықты жамандауға әуес... Басқа Түркі Елдері, әуелі басқа діндегі Европа елдеріде, Оны осынша біздегідей ғайбаттамайды, қайта Хан Шыңғыстың даналығын, қолбасшылығын әйгілей түседі, үлгі етеді. Бұл не, осыны таптаурын әңгіме емес, басқа қырынан, түсіндіре алатын ғалымдар - даналар барма? Әлде бұл біздің Қазақи мінез - құлқымызба? Ағайындар ау айтыңдаршы,...

    • #134
    • Қыр баласы
    • дн, 22/08/2016 - 17:22

    Қожырбайұлының ғылыми дәлелдеу логикасының ізімен:

    Адам-Адай Ман
    Хауа Ана-Адай Манның жұбайы
    Адамзат-Адайлар заты(ұрпағы)
    Шыңғысхан-Адай
    Моңғол-Мұңал
    Қият-Қиян
    Каспий-Қас би(Адайдың атақты биі)
    Мұқалжар-Мұңалжар
    Үгедей-Ақ Адай
    Шағатай-Шақ Адай
    Алтай-Алты Адай
    Тарбағатай-Тарбаға Адай
    Мұқылай-Мұңал Адай
    Сүбедей-Сүбе Адай
    Жебе-Жебе Адай
    Желме-Желме Адай
    Корея-Керейия(Адайлармен одақтасып барып Керейлердің Қиыр Шығысты бірге жаулаған елі)
    Жапония-Жапандағы жалғыз үй(Адайдың ұмыт қалдырған бір үйі)
    Токио-Тақия(Адайдың тақиясы)
    Малайзия-Малай зияны(Адайдың бір батырына бір белгісіз малайдың у беріп өлтірген жері)
    Куала-Лумпур – Қуала жұлқы(Адайлардың жауларын қуалап жүріп жұлқыған, сабаған қаласы)
    Париж-Беріш(Европаны жаулаған кезде Адайлардың ағайындары-Беріштерге алып берген қаласы)
    Берлин-Берілген ел(Адайға берілген ел)
    Прага-Бір аға(Адайдың тарихта айтылмай жүрген бір ағасы)
    Бразилия-Бір аз ел(Адайлардың Оңтүстік Америкада қалып қойған ұрпақтары)
    Аргентина-Арғын елі(Адайлармен одақтасып барып Арғындардың Оңтүстік Американы бірге жаулаған елі)
    Албания-Албан елі(Адайлармен одақтасып барып Албандардың Европаны бірге жаулаған елі)
    Килиманджаро-Кел мұңалдың жарына(Африкадағы Адай-Мұңалдардың тауы, Африканың ең биік тауы)
    Америка-Әмір Әке(Адайдың тарихта айтылмай жүрген батыры)
    Африка-Әпір Әке(Әмір Әке батырдың інісі, ол да жүрек жұтқан батыр болған)
    Австралия-Ауыстыр Әлия(Әмір Әке мен Әпір Әкенің маорилерге ұзатылған қарындасы)
    Европа-Ебір Апа(Әмір Әке, Әпір Әке, Ауыстыр Әлияның анасы)
    Азия-Азулы Адай
    Уругвай-Ұрық Адай
    Парагвай-Парық Адай
    Перу-Адайлардың жауларын перуі, сабауы, додасын шығарған елі
    Эквадор-Екі Батыр(Адайлардың Оңтүстік Американы жаулаған жаугершілік заманда ерлікпен қаза тапқан екі батыры)
    Колумбия-Құлын, бие(Адайлардың Оңтүстік Американы жаулаған жаугершілік заманда құлын-бие байлап, қымыз сауып ішкен жері)
    Боливия-Болып, ия(Адайлардың Оңтүстік Американы жаулап болып, тоқтап демалған жері)
    Чили-Шиелі(Адайлардың Оңтүстік Американы жаулап болғаннан кейін Шиелідегі құдаларына тарту еткен жері)
    Венесуэла-Еміс Елі(Адайлардың Оңтүстік Американы жаулап болғаннан кейін барлық жаулап алған елдерінің ішінде ұмытылып қалып, артынан еміс-еміс есіне түсірген елі)
    Кейптаун-Кейіп тауы(Адайдың батыры Кейіп батырдың ту тігіп, дамылдаған тауы)
    Гвинея-Жиения(Адайлардың Африканы жаулаған жаугершілік заманда жиендеріне еншіге берген жері)
    Гвинея-Бисау – Жиендер бие сауған жер(Адайлардың Африканы жаулаған жаугершілік заманда жиендеріне еншіге жер беріп, бие байлап, бие сауған жері)
    Каир-Қайыр(Адайлардың Африканы жаулауды бастаған кезде база болған қаласы, Адай батырының құрметіне солай аталған)
    Буркина-Фасо – Бұрқанның басы(Адайлардың Африканы жаулаған жаугершілік заманда Бұрқан деген батырлары қаза тауып, басы қалған жері)
    Уагадугу-Уақ, Адай гуілдеген жер(Адайлармен одақтасып барып Африканы жаулаған жаугершілік заманда Уақтардың еншісіне берілген, соған қуанған Уақтар мен Адайлардың гуілдесіп, тойлатқан қаласы, қазіргі кезде Буркина-Фасо мемлекетінің астанасы)

    Тағы солай жалғастыра беруге болады, Адайлардың Жер жүзінде қалдырмаған ізі, таңбаламаған белгісі жоқ! Кез-келген ел-жер, қала, тау, өзен, көл, теңіз атауында Адайдың терең тарихынан сыр шертетін құпиялар жасырынып жатыр! Тек қазіргі ғалымдардың міндеті-сол құпияларды зерттеп, жұмбағын шеше білу!


    • #135
    • Алаш кызы
    • сн, 24/08/2016 - 23:25

    Шынгысхан казак емес. Тарихшы еместер барин булдирип, халыкты адастырманыздар. Казак болса казактар жырларын арнап курметтер еди. Елди адастырмау керек окыгандар! Шынгысхан казак болса Алаш зиялылары жазар еди казак деп. Не болган сиздерге?! Тус коргендей?

    • #136
    • Қыр баласы
    • бн, 01/09/2016 - 23:48

    135-Алаш қызына: Шыңғысханды Адай деп дәлелдемекші болып кітап, мақала жазып жүрген жарыместің аты М.Қожырбайұлы...

    • #137
    • Төре, төрелігін айтты! Болар...
    • сс, 06/09/2016 - 19:37

    Мына Қожырбайұлы деген Адай атаның ұрпақтарын әбден ұятқа қалдырып, Әруағын мазаққа айналдырды. Адай ағайындар! сіздер оған бас щұлғып, есіртпей, қоя-қой, енді дейтін уақыт келді!? Әруақты силайық?

    • #138
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 11/10/2016 - 13:04

    135 (Алаш қызы) мен 136 (Қыр қазағына)! СІЗ айтып жүрген АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ былай деп жырлап кетіпті:

    ҚАЗАҚ ТАРИХШЫЛАРЫ ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ҚАЗАҚ ЕКЕНІН БІЛЕ МЕ?

    Қазаққа Шыңғысханның туыстығы бар ма? деген сұраққа академик Оразақ СМАҒҰЛ былай деп жауап береді: «Алдымен Шыңғысхан моңғол ма, моңғол емес пе дегенді анықтап алу керек. Шыңғысхан, мәселен, ХІІІ ғасырда өмір сүрген адам. Бірақ, сол Шыңғысханның елі қолданған тіл мен сол тұстағы этникалық атауларды бүгінгі моңғолдар түсінбейді. Арада бар болғаны 800 жыл ғана өтсе де, олардың жазуын не оқи алмайды, не түсінбейді. Ал, біз түркі тектес халықтың біріміз, осыдан 700-800 жыл бұрынғы көне түріктердің жазуын ашып, оқып жатырмыз ғой. Сонда бұл жақындық пен айырмашылық нені білдіреді?.. Бұдан шығатыны, ол заманда, Шыңғыс заманында моңғолдар атты этникалық дара қауым болмаған. Атау болған, бірақ негіз болмаған. Ол заманда, тіпті түрік әлемі мен моңғол тектес халықтардың арасында айырмашылықтар да, қайшылықтар да болмаған болуы мүмкін. Оны жалған десеңіз, қазір барлық тарихи деректерде жазылып жүр, Шыңғысхан түркі әлемімен хат алысқанда тілмәш ұстамаған. «Мен моңғолмын» дегенмен олар түркі тайпаларымен барлығы бір тілде сөйлескен. Ал, енді бұл нені білдіреді? Әрине, негізі бір екендігін білдіреді. Шыңғысханның қоңыраттың қызы Бөртені алғаны да тегін емес қой. Ал, біз бүгін тұрақты этникалық топқа бөлініп алғаннан кейін оны анаған тартып, мынаған тартып, өз айтқанымызды растағымыз келеді. (Оразақ СМАҒҰЛ, академик: Шыңғысхан моңғол ма, моңғол емес пе дегенді анықтап алу керек).
    Түсініктеме: Өте дұрыс тұжырым. Ол заманда Мұңал (Моңғол) деген мемлекет болған жоқ, бірақ қазақтың кенжесі Адайда Мұңал деген ру болды. Мұңалдың, яғни өз атасының есімін мемлекет атауына айналдырған Шыңғысхан атамыз. Бұл сөз түсінген жанға бүкіл әлем елдерінің қалай дүниеге келетінінің айдай айғағы. Бүкіл әлем елдері осылай дүниеге келген.

    «Мәдениеті мен дәрежесі, әскери күш-қуаты мен мемлекеттік құрылымы жағынан Шыңғысхан мемлекеті Ұлы Түркі Қағанатынан заңды жалғасы болса да асып түсті. Себебі, Ұлы Түркі Қағанатының шеті Қырымға ғана тірелсе, Батудың сарбаздары мінген аттардың тұяғының дүрсілі мен жебесінің зуылынан европалықтар мен орыстар зәресі ұшып, қалтырай қорықты. Біз оларға, олар бізге ұнамсыз шетжұрттық тарихшылар тізбектеп жазғандай, адамзат цивилизациясын жоюға бағытталған қанды қырғын мен жаппай жер бетіндегі қалаларды жермен- жексен етіп қиратып, шектен шығу болған емес. Сол заманда Русь жерін аралаған Плано Карпинидің өз жазбаларында, мен орыс қалалары мен селоларында ешқандай соғыс іздерін көрмедім деген сөздерді таңқалыспен қалдырған.
    Алтын Орда мемлекетіне үш жүз жылдан астам бодан болған орыс мемлекетінің сол кездегі көне қалалары әлі күнге дейін қаз-қалпын сақтап тур. Ал енді Иван Грозныйдан басталған орыс шапқыншылығы айналасы бір ғасырға толар - толмас уақыт ішінде Алтын Орда мемлекетінің 200 астам қалаларын жер бетінен ізін де қалдырмай мүлде жойып жіберді. Тағылымы мол тарихи деректер қамтыған қаншама кітапханалар мен баға жетпес мұралар өртенгенін есептей беріңіз. Осы кезеңнен бастап Шыңғысханды қаралау үшін жаптым жала, жақтым күйе эрасы басталды.
    Біріншіден, оның тарихтағы орнын ақтан қараға ауыстыру пиғылымен ұлтын өзгертіп, түркі емес моңғол деп жария қылды. Моңғол деп көрсетудің тиімділігі, жабайы халықтың өкілі болғандықтан, ол жауыз әрі қанішер болуға тиіс деген ұғымды қалыптастырудың жеңіл-желпі оңайлығы, баспанасы тек киіз үймен ғана шектелген, мәдениеттен жұрдай, қалалары мүлде болмаған - деген пікірдің қолайлығы.
    Екіншіден, өздерінің дәл қазір қол астындағы түркі халықтарына кеше ғана өздері үш ғасырдан астам бодан болғанын мойындаудың мүмкін еместігі. Бұл әрине шовинистік пиғылдан туған – пікір. Еліміз егемендік алғаннан бері ақиқаттың ауылы жақындап көріне бастады, оған дәлел тарихтың қайта қаралу процестерінің басталуы. Бұл тарихи үрдіс ұрпақтан ұрпаққа жалғасады, тоқтату енді мүмкін емес.
    Үшіншіден, Марал Ысқақбайдың мынандай сөздерін қайталағым келеді, жиырмасыншы ғасырдағы «просвещенная Россияның» мансап иелері мен оқымыстылары жалпақ дүниені жайлап жатқан қазақты шөкімдей қырғызбен шатастырса, сонау сегіз ғасыр бұрынғы түркі жұртын моңғол атандырып жібергеніне таңдануға болмайды да» («Жәрдем» KZ газеті. 29.09.2013, Берден Қадыр).
    Өте дұрыс пікір. Орыстардың мұны түсінуге білімі жетпеген.

    «Қытай деректері былай деп жазыпты: Олар (мұңғылдар) Батыс өңірдің (Орталық Азияны қытайлар осылай атайды) көмегімен қытайларды езді, ұлт халқының қарсылығын әлсіретіп, өз үстемдігін нығайту үшін, Қытай халқының ішкі ынтымағына іріткі салды. Олар сондай-ақ, Қытайда жасайтын халықтарды төрт жікке (дәрежеге) бөліп қарайды.
    Бірінші дәрежедегілер - өздері (мұңғылдар); екінші дәрежедегілер – батыс өңірдегілер (түркі халықтары), үшінші дәрежедегілер – терістіктегі өзге көшпелі халықтар; төртінші дәрежедегілер – қытайлар мен түстік халықтар» (Б.Қ.Албани «Қазақия» Алматы. 2008. 214 бет). Шыңғыс ханның тегі Түрік болмаса, ол өзінен кейінгі екінші дәрежеге Түріктерді қоймаған болар еді.

    «Шыңғысхан ХІІІ ғасырда Моңғолия территориясында өмір сүрген қазақ тайпаларының тілінде сөйлеген.
    ...Моңғолдардың Шыңғысханға ешқандай қатысы жоқ. ...Әлем тарихындағы көрнекті тұлғаларының тым болмағанда үшеуінің біздің халқымызға тікелей қатысы бар. Бұлар – сақ патшайымы Тұмар, Ғұндардың көшбасшысы Еділ (Аттила) және біз сөз етіп отырған Шыңғысхан. Бұлардың бойында қазақтың қаны болды.
    Айтулы Ұлы моңғол империясы 1206 жылы құрылды. Оның құрамына қазіргі қазақ ұлтын құрайтын тайпалар мен рулар кіріп, бұл мемлекетті қазақ халқының даңқты ұлы – Шыңғысхан құрды. (Қайрат Зәкрянов. Шыңғысхан татар ма, моңғол ма, әлде қазақ па? «Қазақ үні» газетінен 20 тамыз 2014 жыл).

    «Біз ұлттық тарихымызды Шыңғыс хансыз елестете де алмаймыз. Сондай-ақ, қазақ тарихынан – Қазақстан тарихынан Шыңғыс ханды ешкім, ешқашан да алып тастай алмайтынына кәмел сенеміз! Ұлтымыздың соңғы 800 жылдық тарихын Шыңғыс хан мен оның әулетінен бөле қарау мүмкін емес. (Марал Ысқақбай, жазушы, Қазақстан және Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі).

    Шыңғысхан атамыздың тегінің қазақ екенін әйгілі қазақ жазушысы және қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза өзінің Тұрар Рысқұлов жайлы тарихи еңбегінде былайша суреттейді: Т.Рысқұлов бірде Сталин өткізген бір жиналысқа кешігіп келгенде, Сталин оған Шығыстың Шыңғысханы кел төрге шық дегенде, Тұрардың оған төрге Грузиннің князы жайғасыпты ғой, деп екеуінің сөзге келісіп қалғаны айтылады.
    Шерхан ағамыз Сталиннің аузымен Шыңғыс ханның тегінің қазақ екенін анық айтып тұрған жоқ па?!

    Қазақтың көрнекті жазушысы І.Есенберлин «Алтын Орда» атты тарихи триологиясында Шыңғысханның өзі де, одан тарап Қазаққа хан болған барлық қазақ хандарының тегі Қазақ екендігін жеріне жеткізе жазыпты.

    «Моңғолдың (Мұңалдың М.Қ.) құпия шежіресі» бұл Қазақ халқының «Батырлар жыры» дастандарының жалғасы (Қ.Данияров).
    Т. Әбенайұлының "Шыныңа көш тарих: Шыңғысхан кім?" деген кітабында Шыңғысханның тегі Қазақ деген тұжырым жасаған.
    Қарағандылық М.Қарғабаев «Көшпенділер атлантидасы» атты зерттеу еңбегінде Шыңғысханның тегі Қазақ екендігіне ешқандай күмән келтірмейді.
    Жазушы М.Мағауиннің төрт томдық «Шыңғыс хан» атты деректі тарихи романы Шыңғыс ханның тегінің қазақ екендігіне арналған. ...Шыңғыс ханның ең негізгі мұрагері – қазақ халқы. ...Шыңғыс қаған мөрінің беті түрікше жазылған. Оны ешкім теріске шығара алмайды. Ал енді ойлап қараңыз, Орыс мемлекетінің мөрі ағылшын тілінде, француз тілінде болуы мүмкін бе? Англия корольдігінің мөрі неміс тілінде болуы мүмкін бе? Түрік мемлекеті – түрік тілінде. Сол сияқты толып жатқан мәселелердің бәрін нақтылауға тура келді. (М.Мағауин).

    Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов: «Шыңғысхан Түрік. Түріктің ішінде қазақ».

    Тоқберген Байтасов: «Мен Қазақтың шежіресіне де Шыңғысхан бабамыздың қазақтың ұрпағы екеніне де күмәнім жоқ».

    «Шыңғысхан біздің бабамыз, біз түркілер, оның ішінде қазақтар Шыңғысханның ұрпақтарымыз!» (Қазыбек Иса).
    «Шыңғыс ханның ұрпағын шарқ ұрып іздеп жүрген қытайлықтар ұлы қаған ұрпақтарының қазақ жерінде өріп жүргенін білмейді-ау. Әйтпесе, бірден академик Шота Уәлиханов ағамызды іздеп келмей ме. Шота ағамыз қайбір жылы Моңғолияға барғанда, моңғолдар Шыңғыс ханның өзі тіріліп келгендей, жүректері жарыла қуаныпты. Өздерінде хан ұрпағынан тірі тұқым қалмапты. Соған қарағанда, «Шыңғыс хан - қазақ» деп жүргендер бір нәрсені біліп айтатын сияқты ма-ау...» (Төре ҒАЛИ).
    Өтеміс қажының «Шыңғыс-нама» шығармасында Шыңғыс ханның ұлы Жошы Ұлытауда аң аулаған кезінде аттан құлап, мойны үзіліп қаза тапқанын жазған (1-тарау). Тарихта оның әкесінен жарты жыл бұрын қаза болғаны айтылады. Қазақта «Ақсақ құлан– Жошы хан» деген аңыз, күй бар.
    «Адамзатта Шыңғыстай ер тумайды» (Мағжан Жұмабаев).
    «Шыңғыс ханның түркі халқынан шыққаны хақ. Қобыланды жырында «Қырық мың үйлі Қият» деген ел бар. Сол қияттың әулеті Шыңғыс ханның ата-бабалары. Мәселен айталық, Абақай, Есукей, Қабыл хан. Түгел түркі текті адамдар. Ал Шыңғыс ханның тоғыз өрлігі болған. Тоғыз өрліктің тоғызы да түркі текті адамдар. Мәселен, керейден Торқан Сары бар, жалайырдан Мұқалы бар. Түгел осылай болып келеді. Ал Шыңғыс ханның алған әйелінің бірде-біреуі моңғол емес. Ана атақты төрт ханымның төртеуі де түркі тектес.
    Шыңғысханды 10 жыл зертедім. Сондағы келген қорытындым – Шыңғыс хан асқан қырғыншы дегенге қосылмадым. Шыңғыс хан өз дәуірінде данышпан адам болған. Үлкен ұйымдастырушы, мықты саясаткер, әскери маман болған.
    ...Әл-Әсирдің сөзін оқып берейін: «Шыңғыс хан алғыр, ақылды, шешімді саясаткер, ұйымдастырушы еді. Ол ежелгі Шың (қытай), араб заңдарын аудартып, өз қауымына лайық келетін Яса, яғни Ясак деген заң жазды. Сол заң бойынша әрбір дін, әрбір қауым құрметті саналды. Сол себепті ол құрған мемлекетте, ең ірі империяда жасайтын сүниттер мен шейттер, буддистер мен яхудилер, христиан мен түріктер, армяндар бір әке, бір шешеден туғандай, тату-тәтті өмір кешті», – депті. Шыңғыс ханнан төрт жыл кейін өлген адамның сөзі. Осы адамнан артық Шыңғыс ханға баға бере алмаспыз деп ойлаймын. (Зейнолла Сәнік).

    «Дулатидың, Бичуриннің еңбектерінің бір жерінде Шыңғыс ханның түрік тілінде сөйлегені, мұсылман дінінде болғаны, бір баласының ораза тұтқаны, бір немересінің аты Мұхаммед болғаны айтылып кетеді. Моңғолдарда Мұхаммед деген есім жоқ қой. Осындай нақты дәлелдер бар. (Төреғали ТӘШЕНОВ, журналист, Алматы қаласы).

    «Шыңғысхандық маңғол тайпасы, Борджигин мен Тайджут тайпаларынан құралғаны мәлім. Борджиги дегені Бөріжігі, оны өздерін Бөрі (қасқыр) ұрпағы дейтін аңыздары да дәлелдейді. Ал Тайджут дегені Адайжұрт, оны осы тайпадан шыққан атақты Жебенің есімі Жорға Адай екені дәлелдейді (132 бет).
    ...Шыңғыс хан ұрпақтары өздері орнатқан мемлекетті, неге Қазақ хандығы деп атады дейміз? Өйткені осы аймақта, Шыңғыс ханға дейін Қазақ қағанаты өмір сүргенін олар жақсы білетін. Бұл атау барлық тайпаларға ортақ екендігінен атады, өздері де (Жәнібек пен Керей) Қазақ халқымыз деп білетін Шыңғысхан ұрпақтары еді. Қазақ тайпаларының 19-шы ғасырда ешқандай диалектісіз біртілді екені және өздерін бір халық санайтыны, сол замандағы Ресей адамдары көрсеткен» (Бекжан Аден «Қазақ пен Казак немесе Құпияланған тарих» Алматы, 2013. 158 бет).

    «Хан ордасында жоңғар елшісін қабылдау рәсіміне қатысып отырған барша ел ағалары шектерін тартты. Демдерін іштеріне алып, Тәуке ханға қарады. Сонда ол қазақ тағы биігінен бәрінің көкейінен шығатын сөз айтты. Ойрат Қалданның талабы Ұлы Шыңғыс ханның жолын бұрмалағанын көрсетеді деді. Елшісі оған мынаны жеткізсін – өзінен бұрынғы ізашарлары секілді, қазақ хандығының жаңа әміршісі Тәуке хан, жаһанды дірілдеткен Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болып табылады. Ал оның ұлы бабасы Шыңғыс қаһан әлемнің жартысын жаулап алғанменен, ондағы ел-жұрттардың жан-дүниесіне зорлық жасамаған. Ол өзі сыйынатын көк тәңіріне табынуды ешкімге тықпаламаған. Сондай тәртіпті жиһангер ұлдары мен немерелеріне де өсиет еткен. Ойраттар Шыңғыс әскерінің аса ержүрек, жауынгер қанаты болғанмен, ұлы қаһанның күшінің сырын ұқпаған екен. Елші қожайынына айта барсын, оның қойып отырғаны – ешқашан орындалмайтын және сол талапкердің өзін орға жығатын жөнсіз шарт. Қазаққа мұсылмандықты Мұхаммед пайғамбардың алғашқы жаушылары жеткізген. Бұдан пәлен ғасыр ілгеріде оны Қарахан әулеті, одан кейін Алтын Орда билеушілері мемлекеттік дін ретінде қабылдаған. Мұсылман иланымының ұлы уағызшысы Қожа Ахметтің осынау бас ордадан қол созым жерде тұрған кесенесін халықтың қастерлеп сақтайтыны сондай, бүгінде онда қазақтың күллі хандары мен игі жақсылары тыншыған. Жоңғар ханы қисынсыз талабын қайтып алсын, ондай орынсыз шарттар емес, достық қарым-қатынастар елдерімізді дәулет пен бақытқа кенелтеді...» (Бейбіт Қойшыбаев http://abai.kz/post/view?id=5256).
    «Шыңғысхан қазақ болмаса, неге онда қазақтың барлық хандары мен сұлтандары таққа талас кезінде тек Шыңғыс тұқымынан болуы міндет болды? -деген сұраққа ешбір ұлттың ғалымы жауап бере алмайды.
    Шыңғыс ханның өз руы мен халқына келетін болсақ. Оның аталары Мұңал-Жары тауында туылған (Ақтөбедегі Мұңал-Жары тауын орыстар Мугаджар қате жазған)...
    Бұрынғы Қыпшақ, Қаңлы, Үйсін т.б мемлекеттер секілді жер сол елдің басқарушы рудың атымен аталған.
    Сол себепті мұңалдардың аяғы тиген жердің бәрі (жаулап алған немесе өз еркімен қосылған ру, тайпа, халықтар жері) Мұңал жері деп аталды.
    Айта кетерлігі сол замандағы арыс, ұлыс деген ұғымдар қазір де сол Мұңалдар да, Адайларда сақталған. Мысалы: Адайдың сегіз арысы немесе төрт ұлысы: Қосай, Тобыш, Жеменей, Мұңал.
    Шыңғыс ханның қазақ екенінің тағы бір дәлелі Моңғол Империясында атақты Адай деген хан болғандығы және Моңғол (Мұңал) хандарының есімдері Адайлардың "й"-әріпімен аяқталатындығы. Қосай, Бегей, Жеменей, Шоңай, Жаңай т.б ру аттары секілді. Мысалы Шыңғысхан туған балаларына, немерелеріне де аттарын адайша қойған: Шағатай, Үгедей, Батый т.б.
    Адайлардың саң ғасыр бойы еш билікті мойындамағанын осыдан түсінуге болады» (Адай Елназар).

    «Шыңғысхан тарихын таразылаудың алғашқы сахабалары - деп Мухтар Мағауин, Тілеуберді Әбенайұлы, Қайрат Закирьянов, Марал Ысқақбай, Балтабек Умирьяев, Серікбосын Нұрқасымов, өзіміздің жерлестеріміз, жер жаннаты Жетісу өңірінің ардақты да аяулы азаматтары Әміре Әрін, Марат Жандыбаев, Бексұлтан Нұржекеевті атауға болады.
    ...Бүкіл әлем бас иіп, екінші мыңжылдық адамы деп құрмет тұтқан ардақты бабамыздан алыстамайық ағайын! Өз ұлын, өз жақсысын ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді – деп Илияс Жансүгіров айтпақшы, біреудің атасы біреуге ата болмайды өз атасы тұрғанда. Шыңғысхан адамзат тарихындағы ұлы тұлғалардың ең биігі, пайғамбарлар мен халифтардан кейін, біз үшін шеті жоқ, шегі жоқ мәңгілік мақтаныш.
    Шыңғысхан ұлысының тікелей мұрагері – қазақ халқы, бұл туралы бұлтартпас дәлелдер жарыққа шығып жатыр. Болашақта, әрі кетсе бес-он жылдың ішінде Шыңғысханның бізге кім екені әлемге әйгілі болуға тиіс. (Берден Қадыр, журналист).

    «Сонау алтын айдарлы Сақ-Тұмар ханшайым, Жаужүрек жеңімпаз - Еділ патша, түркінің тарландары Бумын, Білге, Күлтегін, айбарлы қолбасшы Шыңғыс хан, қос жасампаз билеуші Керей мен Жәнібек, жеріміздің кеңдігін аңсаған Қасым, Хақназар, Есім, Тәуке хандар, халқымыздың бірлігі мен берекесін ұйытқан Әбілқайыр-Абылай, елімізді жаттың уысына бермей түгендеген Жұмабай мен дана Дінмұхаммед сынды қазақтың біртуар ұлдарынан аманат қазақтың қасиеті көшін бүгінгі күні Нұрсұлтандай ел басымыз өзгеден көш ілгері жетелеп келеді. Бұған тәубә қылып, жаратқанға мың алғыс айтып, құдіретіне тағыда бас иеміз». (Қ.А.Серікұлы, БҚО, Орал қаласы «Түркілер Адамзаттың асылы» (--http://okok.kz/archives/59043 | okok.kz қазақи ақпарат ортасы).

    «(Орыс ғалымы Вельяминов-Зерновтың зерттеулері бойынша) 1397-1410 жылдары Қырым татарларының бір бөлігі Литван королдігіне көшіп келіп, почта қызметін атқарады. Осы Литван татарлары да өздерін қазақ деп атаған. (М. Тынышбаев «Великие бедствие» 48 бет).

    «Алтын Орданың барлық көшпенді халқы 13-ғасырда да одан кейін де өздерін қазақ деп атаған.
    Ұлы Петр патшаның кезінде Молдавияның господары (патшасы) болған, өте білімді, Осман империясы мен Молдаван тарихын жазған Шыңғыс тұқымы Дмитрий Кантемир өзі туралы-туған жерім қыпшақ даласы, ана тілім- қазақ тілі деп өз еңбектерінде жазып қалдырған. Бұл мәліметтерді татар тайпасына қайта айналып келмес үшін келтіріп отырмын.
    12-ғасырдың басында түркі тайпасы қарақытайдың (мұсылман авторларында -кідән.) Солтүстік қытайды 200 жылдай билеген Ліәу империясы құлайды. Бұл Шүршіт (чжурчжень) тайпаларының біріккен соққысынан болды. Шүршіттер –манчжур- тунгус тайпасы. Ал қарақытайдың түрік тайпасы екендігі «Құпия шежіреде» Шыңғыстың өз сөзімен келтірілген.
    «Біз кідән бауырларымызды шүршіт тепкісінен азат етуге барамыз.» Ұрыс барысында кідән армиялары өз еркімен Шыңғыс жағына шықты. Кідән империясы құлаған соң олардың Елюй Дашы (Мүмкін өз кезінде «Ел басы» деп аталған шығар) басқарған бір бөлігі Ұйғыр идіқұтының жерімен солардың көмегі арқылы өтіп, Жетісуға Үйсін жеріне келіп Батыс Ліәу хандығын құрады. Түрік тайпаларынан басқа халықтар мемлекетін - хандық деп атамайды. Үйсін, қаңлы тайпалары бастары бірікпей өзара соғысып жатқан кезі болғандықтан Елюй Дашы бұл тайпаларды тез әрі өз еркімен бағындырады. Л. Гумилев айтқандай бұл қатар өмір сүру секілді құбылыс еді. Уақытша бұл жағдай екі жаққа да тиімді болып көрінді. Жалайыр тайпасының Монғолия жеріне қоныс аударғанын тек қара қытайға бағынғысы келмегенімен түсіндіруге болады. Себебі Елюй Дашының келуімен Қарахандар заманынан бері билік басында болған Жалайыр тайпасы биліктен айрылады. Ол кезде қазіргі Монғолия үстіртін мекендеген Моғол тайпаларында хандық билік жоқ еді. Соғыс жағдайында ғана тайпааралық одақ (конфедерация) құрылып, гурхан сайланатын. Елюй Дашының да әкімшілік дәрежесі Гурхан болды.
    Лев Гумилевтың «Киял патшалығын іздеу» кітабындағы картада Яғма (жалайыр) тайпасының қоныстануы көрсетілген:
    8 – 9 – ғасырларда – Балқаш, Іле бойы.
    10 ғ – Қашғария жері.
    12 - ғасырда Жетісу да Қашғария да Батыс Ліәу хандығының құрамына кірді. Тәуелсіз тайпалар негізінен қазіргі Монғолия үстіртінде қалды. Жалайырлар да Онон, Керіөлең бойына қоныс аударды. Реті келгенде айта кетейік, Шыңғыстың найман ханы Таянмен соғысының негізгі себебі мынау еді:
    - Керей тайпаларын қосып алып күшейген соң Шыңғыс Таян ханға елші жіберіп, қарақытай тепкісінен Үйсін бауырларын азат етуге көмек көрсетуді сұрайды. Таян хан көмек бермек тұрмақ, найман жерінен Шыңғыс әскерін өткізуден бас тартады. Найман ханын жеңіп, халқын қосып алған соң ғана Шыңғыс Батыс Ліәу хандығына шабуыл жасауға мүмкіндік алды. Осы соғыста Ойрат тайпасы наймандар жағында соғысады. Батыс Ліәу билігін 1211 жылы найман Күшлік хан басып алған еді. 1218 жылы ол Шыңғыс жіберген, Жебе мен Сүбітай басқарған 20 мың қолына төтеп бере алмады. Себебі Үйсін тайпалары, Қашғардың мұсылман халықтары Шыңғысты қолдады. Себебі туыстықтан басқа ол кісі ешбір тайпаның немесе халықтың ұстаған дініне қысым жасамады. Дінге төзімділік қазақ халқының бойында әлі күнге дейін келе жатыр. Күшліктің жағында тек наймандар мен қарақытайлар ғана қалды. 2000 үй Қарлық тайпасы мен Ұйғыр идіқұты (ханы) да Шыңғысқа өз еріктерімен қосылды». (Ақылбеков Ш. М. «Шыңғысхан - Аңыз бен ақиқат»).

    Нәпіл БӘЗІЛХАН: Шыңғыс хан көшпелілер тарихындағы, біздің (қазақтың) ата-бабаларымыз ішіндегі бірегей дарасы да, феномені де, ең батыр, оның ішінде адал адам. Шыңғыс ханның империясындай адал мемлекет дүние жүзінде болған емес. Бұл осымен ғажап, қайталанбайтын дүние. Шыңғыс империясынан үйренетін заңдылықтар өте көп. Адалдығында шек жоқ. Оны әсіре шегелеп айту керек.

    «Біз, ғалымдар, саясатпен шұғылдан¬баймыз, тек ғылыми шындықты іздеумен айналысамыз. Сондықтан Тілеуберді Әбе¬найұлы¬ның кейінгі терең зерттеу жұмыс¬тары бізді қызықтырды. Бұрын да мил¬лион¬даған адамы бар түрік әлеміне шағын ғана әлсіз моңғол жұртынан шыққан адам¬ның хан болуы түсініксіз және шын¬дыққа ұласпайтын жай болатын.
    Хан тек қана күшті елден, күшті тайпадан шыққан. Шыңғыс ханның туған жері, өскен өлкесі Бұрқан және Түрген деген жерлерді қазіргі Моңғолия аумағынан да, солтүстік Сібір өлкесінен де таба алмайсыз. Ол жақта он¬дай жерлер бұрын да, беріде де болмаған. Керісінше, дәл сол Бұрхан мен Түрген де¬ген жер-су аттары Жетісу жерінде ежелден бүгінге дейін бар. Біз осындай дәлелдерге көңіл аудардық, бұл зерт¬теудің бастамасы деп ойлай¬мын. Мұны моңғол ғалымдары-мен бірге талқылап, пікірталас жүргізу ке¬рек. Шыңғыс ханның кеңселік құжат¬тары түрік тілінде жүргізілген. Моңғол бол¬са, неге моңғол тілінде жүргізілмеген? Моңғол ғалымдары бұл туралы: «Өйткені ол түріктердің арасында жүргендіктен де, оларға түсінікті болу үшін түрік тілінде жүргізді», – дейді. Ал жарайды делік, онда олар парсылармен соғыс¬ты, неге парсы тілінде жүргіз-бейді? Арабтармен соғысты, неге араб тілінде жүргізбеді? Ресейді, Қы¬тай¬дың тең жартысын жаулап алды, «неге орыс, қытай тілдерінде жүргізбеді?» деген сұрақтардың тууы заңды.
    Шығыс ханның өзі түрік тілінде сөйлегені тарихтан белгілі. Моңғол ғалымдары Шың¬ғыс ханды өз¬дері¬нің бабасы ретінде есептей берсін. Бірақ шындықтың есігін ашып қоюымыз керек. Шың¬ғыс ханды түркі әлемінің кө¬семі ретінде тануға келісуге тиіспіз. Шың¬¬ғыс хан – Алтай, Балқаш, Алакөл өңірінде өмір сүрген адам. Қазіргі Моңғолияның аумағында тұрмаған. Осыны ғалымдары-мыз дәлелдеп, мойындату керек. Бұл тез арада шешіле қоятын мәселе емес. Зерт¬теу¬ді әр түрлі тәсілдермен ары қарай жал¬ғас¬тыра беру керек. Дулатидың, Бичурин¬нің еңбектері¬нің бір жерінде Шыңғыс ханның түрік тілінде сөйлегені, мұсылман дінінде болғаны, бір баласының ораза тұт¬қаны, бір немересінің аты Мұхаммед бол¬ғаны айтылып ке¬те¬ді. Моңғолдарда Мұха쬬мед деген есім жоқ қой. Осындай нақ¬ты дә¬лел¬дер бар. Сондықтан Тілеуберді Әбенайұлын тыңдап, еңбегін ға¬лым-дардың талқысына салдық. ҰҒА-ның президиум мүшелері бұл еңбекті ары қарай да жалғас¬тырып, зерттеу керек деген қорытындыға келді». (Мұрат Жұрынов, Ұлттық Ғылым академиясының президенті, академик).

    «Ұлы империяны құрағандар қазіргі қазақ тайпаларының аталары. Орыстың қатын патшасы: «Если казахи узнают кто они на самом деле, то, они завоюют весь мир» деген екен. Ал енді тарихты жақсы білетін Лукашенко мырзаның: «Если вспомнить Золотую Орду, то казахам мы должны отдать всю Россию и половину Европы» дегені, бөтен елдің адамдарының өзі, мыңғұл империясы дегендердің бүгінгі қазақ екендерін білетінін айқындап тұр. Ал біздер, қазақтар болсақ, әлі күнге дейін жан-жағымызға жалтақтап: «Шыңғыс хан кім? Шыңғыс хан кім?» деп адасып жүрміз» (Қойшығара Салғараұлы).


    «Осылайша, менің жоғарыда көрсеткенімнен шығатын қорытынды, Шыңғысхан атамыздың тегі Қазақ, Кіші жүз, Алшын, Байұлы, Адай екені даусыз. Аспандағы ай менен күн қандай ақиқат болса, Шыңғысхан атамыздың тегі қазақ, Кіші жүз, Алшын, Байұлы, Адай екені де сондай шындық. Күннің бетін ешкім алақанымен жаба алмайтыны сияқты, бұл шындықты да мәңгі бақи жасырын ұстау еш мүмкін емес еді» (Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім «Шыңғыс ханның тегі Адай» Алматы-2010. 368 бет).
    Бұл тізімді әлі де, ондап, жүздеп жалғастыра беруге болады...
    «Қабылдаған шешімді өзінен бастап орындамаса,
    Ол адам елбасшысы емес, бишара» (Шыңғыс қаған).

    • #139
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 11/10/2016 - 13:06

    "СІЗ айтып жүрген АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ былай деп жазыпты" деп оқыңыздар.

    • #140
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 11/10/2016 - 13:10

    ӘЛЕМ ТАРИХШЫЛАРЫ ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ ҚАЗАҚ ЕКЕНІН БІЛЕ МЕ?
    - Белгілі ғалым Владимир Белинский бүкіл саналы ғұмырын Алтын Орда тарихын зерттеуге арнап, мынадай тұжырым жасаған. «Әлемді жаулаған әйгілі қолбасшы Шыңғыс хан моңғол болмаған, шын мәнінде, Шыңғысхан – қазақ». Ол өзінің бұл тұжырымын «Страна Моксель», «Москва Ордынская» атты тарихи кітаптарында келтірген.
    Оның айтуынша, Кеңестік тарихшылар қаншама бұрмалағанмен, Шыңғыс ханның қазақ екендігін дәлелдейтін фактілер жеткілікті. Шыңғыс ханның ұрпақтары, Алтын Орданың хандарының барлығы Моңғолстанда емес, қазақ жерінде отырғанының өзі-ақ осыны білдіреді, дей отыра Ұлы қолбасшының қазақ болғандығын көптеген нақты фактілермен дәлелдейді.
    «Моңғол империясының негізін қалаған наймандар, керейлер, қияттар мен меркіттер моңғол емес, түркі тайпаларына жатады. Олардың ұрпақтары қазіргі Қытай жерінде өмір сүріп жатыр, тілдері қазақша. Темуджиннің әкесі (қазақша Теміршін болып айтылады) Есүгей қияттардың ханы болған. Шешесі Оян меркіт руынан. Шыңғыс ханның әйелі - Бөрте қазақтың қоңырат руынан шыққан. Оның барлық ұлдары түркі есімдерімен аталды. Моңғолдарда ол кезде де, қазірде де ондай есімдер болған жоқ. «Хан» деген сөздің өзі моңғол емес, түркілердікі. Моңғолдар өздерінің басшыларын «қонтайшы» деп атаған. Шыңғыс ханды әдеттегі қазақтың құрылтайында хан көтерген. Ал моңғолдарда мұндай сөз жоқ. Тәңірге табынатын тек қазақтар ғана. Қайтыс болғандарды аз адам білетін, құпия жерге апарып жерлеген.
    Шыңғысхан Шығысқа жорыққа шыққанда түрік тайпалары оны бірден мойындады. Сондықтан ол Қазақстан жеріндегі көшпенділермен соғысқан жоқ.
    Наймандар және қазақтың басқа рулары Шыңғысхан империясына оның дүниеге келер тұсында қосылды. Оның Шығысқа жорығы Хорезм билігіндегі елдермен ғана болды.
    «Жақын арада Шыңғыс ханның қазақтан шыққаны ресми түрде мойындалады» деп мәлімдейді тарихшы Владимир Белинский.
    Түсініктеме: Қайтыс болғандарын жерлейтін, аз адам білетін құпия жер деп, қазақтардың рулық қауымын айтып отыр. Ондай қауымдарды, шындығында да сол рудан өзгелер біле бермейді.

    - Авар (Ресей) тарихшысы Мұрат Аджи: «Адайдың аса үлкен Мұңал деген бөлімі бар. Әртүрлі
    жазбаларда, соның ішінде Рашид-ад-Динде, моңғолдарды мұғал-мұңал деп жазған.
    Жауынгер дай – дах – адайлар жөнінде ежелгі жазбалар өте көп. Европалық Дақтар Римге қарсы тұрған аса ұлы держава болды, ал олардың Азиялық бөлігінде тұратын Дайлары б.ж.с. дейінгі дәуірдің 111 ғасырында аса қуатты Парфияны құрды, оларды Римнің ұлы қолбасшысы Помпейдің өзі сол дайларды "Патшалардың патшасы " деп мойындап теңдессіз баға берді. Мен осы жауынгер ұлы халық Адайлардың Х11 ғасырда Шыңғыс қағанды дүниеге әкелгеніне ешқандай күмән келтірмеймін.
    Адай руы. Бұл «Мұңалдың құпия шежіресінде» Байұлылар құрамындағы Шыңғысханның немере ағасы Оңғырдың елі. Менің дерегімде Х111 ғасырдағы Баяуыттың ұрпақтары Байұлы құрамындағы Адайлар болып табылады».

    - «Моңғолдар тайпасы Борджигин (Бөрі жігі М.Қ.) мен Тайджиут (Адай жұрт М.Қ.) руларынан тұрды. ...Тұтқындардың арасында Джиргоадай (Жорға Адай М.Қ.) атты жас адам болды, ол тайджиуттардың Иисут руынан еді. Оны Шыңғысханның алдына алып келгенде, ол жаулап алушының астындағы атты өлтіргендігін мойындады. Шыңғысханға жас жігіт ұнап қалды, оны кешірді және өзіне қызметке алды. Жаңа қызметшісін болған оқиғаның құрметіне Джебе (садақ оғы) деп атады. Джебенің маңдайына Моңғол Империясының жоғары қолбасшыларының бірі болу жазылды. («Шыңғысхан әлемді жаулаушы» Лео де Хартог).
    Түсініктеме: Жебе Адайдың рулық таңбасы болып табылады.

    - Орыстың белгілі ғалымы Л.Л.Викторова: «Сол кездің моңғолдары үшін ата-бабаларының өнегесі ұрпағының жадында жатталып қалуына ұмтылу, дәстүрге және туыстық қатынасқа ерекше құрметпен қарау тән болған. Өздерінің шыққан ата-тегін жаңылыссыз жатқа білетін білгір шежірешілер өз білімдерін балаларына ұқыптылықпен беріп отырған. Сол себепті де шежіре кітаптары бірінші дереккөздік мәнге ие».
    Түсініктеме: Бұл орыс ғалымының қазақ рулық шежіресіне берген бағасы. Бұл шынында да солай болатын.

    - «Жылнамалар жинағының» авторы «моңғолдың шыққан тегі - түрік» деп айқын көрсеткен.
    Түсініктеме: Еңбектің авторы Рашид ад-Дин Фаздуллах ибн Абул-Хаир Али Хамадани – Моңғол империясының дәуірлеп тұрған кезінің көз көрген куәгері, Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Ғазан хан мен Олжайту ханның уәзірі болған адам. Осы арада басын ашып айта кетер бір мәселе – бұл еңбектің авторлығы бір адамға телінгенімен, шын мәнінде, «Жылнамалар жинағы» (1300-1310 ж.ж.) – ұжымдық еңбектің жемісі. Заманында білікті билеушілердің бірі болған Ғазан хан ғұлама уәзірі Рашид ад-Динге арнайы тапсырма беріп, қасына мұңғұл халықтарының тарихын мейлінше терең білетін, даланың теңдессіз шежірешісі Болат бастаған алты моңғол шежірешісі мен сол кездің ең мықты деп есептелінетін бірнеше білікті тарихшысын (Абдуллах Қашани, Ахмед Бухари және т.б.) қосып, осы еңбекті жазғызған. Сондықтан да бұл еңбекті өз заманының білімді де білікті мамандары бірігіп шығарған энциклопедиялық жинақ деу артық айтқандық болмайды.
    Міне, осы энциклопедиялық еңбекте моңғол халықтарының шығу тегіне қатысты: «Барлық моңғолдар, түрік тайпалары және барлық дала тұрғындары Абулджа ханның тұқымынан тарайды», - деп, ақ қағазға қара сиямен ап-анық етіп жазылған. Автордың мұндағы «Абулджа-хан» деп отырғаны бүкіл түрік халықтарының түп атасы деп есептелінетін Нұх пайғамбардың баласы Йафет (Йафес).
    Арнайы тапсырмамен моңғолдар тарихын жазуға арналған шығарманың бірінші томының бірінші кітабының моңғол халықтарының пайда болуы мен олардың түрлі тайпаларға бөлінуіне арналмай, «Түрік халықтарының пайда болуы және олардың түрлі тайпаларға бөлінуінің жағдайы туралы» деп аталып, тек түрік халықтарына арналуы – сол түп бастаудың бірлігін, яғни мұңғұлдардың шыққан тегінің түрік және оның тарихи шындық екенін мойындаудан жасалып отырған іс екенін пайымдау онша қиындық туғызбайды. Егер сол кезде мұндай мойындау болмаса, Бірінші кітап түрік халықтарына арналмас еді...

    - Орыс генералы Иванин, монғолдарды – жартылай жабайы бақташылар деп бағалады. Оның пікірінше бақташы монғолдар, 1211-1216 жылдар аралығында Цзинь имепериясын жаулап алғаннан кейін олардан соғысу тактикасы мен стратегиясын үйреніп, бұл ғылымды жетік меңгергені сонша жарты әлемді бағындырып, өздерінің ұстаздарынан да асып түскен. (О военном искустве при Чингисхане и Тамерлане. Алматы. Санат. 1998. 28 бет). Осындай пікір білдіргенде Иванин, 100 мың ғана әскері бар, әскери ғылымды меңгермеген монғолдардың өздерінен 3 есе көп, соғыс өнерін жете меңгерген қытайларды қалайша жеңуі мүмкін екендігін ой елегінен өткізуге санасы, яғни ақылы мен білімі жетпеген. Логика бойынша соғысудың тактикасы мен стратегиясын білмейтін бақташы монғолдар, өздерінен 3 есе көп, әскери ғылымы мен техникасы дамыған, соғыс өнерін жете меңгерген қытай әскерін жеңуі, мүмкін емес. Олай болса, Иваниннің монғолдарды – жартылай жабайы бақташылар ретінде бағалайтыны және олар, соғысуды қытайлардан үйренген дейтін пікірі түп – тамырымен қате.
    Себебі европалықтар, Шыңғысхан басқарған монғолдардың Орта Азиядағы Хорезм мемлекетіне жасаған шабуылын, жабайы көшпелі тайпалардың өркениетті елге жасаған шапқыншылығы, деп қабылдады. Олар, монғолдарды дамымай артта қалған жабайылар, деп түсініп, олардың Қайырхан мен хорезмшах Мұхаммедті жазалау үшін Хорезм еліне жасаған жорығын, жабайы жыртқыш аңның адамға тарпа бас салатын шабуылына теңеді. Хорезм әскерінің Шыңғысхан әскерінен жеңілуін, хорезмшах Мұхаммедтің соғыс тактикасында жіберген қателігінен болған кездейсоқ жеңіліс, деп бағалады. Ал, Шыңғысханды – әлемді жаулап алуды мақсат тұтқан баққұмар, қанышер, жауыз, өзімшіл озбыр билеуші бейнесінде берді. Европа, араб және орыс тарихнамаларында білдірілген осындай пікірлер мен тұжырымдардың, теңеулер мен бағалаулардың Шыңғысхан мен монғолдар туралы шындыққа қаншалықты жанасатындығын тарихи-этнологиялық, археологиялық фактілер мен адамзат қоғамы өрістей дамуының тарихы негізінде қарастырып көрейік.
    Шыңғысхан басқаруындағы монғолдар, 1211 жылы Цзинь империясының Уша қаласына шабуыл жасап, төрт жылдың ішінде Қытайдың солтүстігін, Орта Қытай жазығындағы астанасы Пекинді, 1215 жылы басып алған кезде монғол әскерінің саны 100 мың ғана, ал Қытай әскері, олардан 3 есе көп болған. Монғолдар, 1219 жылы Хорезм мемлекетіне қарсы соғыс ашқан кезде олардың әскерінің саны 150 мың, ал хорезмшах әскері, олардан 3 есеге жуық көп болған. Осыған қарамастан Шыңғысхан әскері, Цзинь империясының астанасын алып, толық болмаса да жартылай бағындырды, ал Хорезм мемлекетінің әскерін күйрете жеңіп, оны да толық бағындырды. Ресейдің XIX ғасырдағы әскери тарихшысы, генерал М.И.Иванин, монғолдардың соғыс жүргізу тактикасын арнайы зерттеп «О военном искустве при Чингисхане и Тамерлане» дейтін зерттеу жазған (Алматы. Санат. 1998). Егерде монғолдардың соғысу тактикасына арналып зерттеу жазылған болса, онда монғолдарда әскери ғылым жақсы дамыған. Егерде монғолдарда әскери ғылым жақсы дамыған болса, онда олар, дамымай арта қалған жабайы халық болмаған. Қандай да бір ғылыммен айналысып оны дамыту, адам интеллектісінің бір деңгейде тоқырап қалмай даму үстінде болғандығын дәлелдейтін физиологиялық факті». (С.А.Козин. Құпия шежіре. М-Л. 1941. §200,201).

    - «Белгілі тарихшы Г.Н.Вернадский 1913 жылы Санкт-Петербург университетінде оқыған лекциясында Моңғол империясының 1331 жылғы картасында орыс жері де «Алаш» құрамына кіретіндігін, оның империяның Қиыр Солтүстік батыстағы ажырамас бөлігі екендігін атап айтады. Бұл дерек бізге «Алаш этнонимінің түп-төркініне бүгінгіден мүлдем басқа таным тұғырынан, мағына мұнарасынан қарауды талап етеді» (Т.Жұртбай. Түркістан газеті. №23 (653). 18.01.2007). Алаш пен Қазақ синоним емес пе? Моңғолдың тегінің казақ екендігіне бұдан артық қандай дәлел керек.

    - Орыс тарихшысы Александр Бушков «Шыңғыс хан және беймәлім Азия» кітабында: Моңғолдардың жартысынан көбі қазіргі кезеңде киіз үйді мекен етеді, ал тұрғындардың білім деңгейі өте төмен дәрежеде. Яғни, Шыңғыс ханның тегі түркі болғандығына сүйенейік… Шыңғыс ханның моңғол болуы еш мүмкін емес. Осы жерде түркілер жайында мәселе қозғалып отыр. Өте ірі көлемде дүниені жаулап алу үшін тек қана үлкен орда ғана емес, сонымен бірге бес қаруы сай, дайындығы мол әскер керек. Моңғолдар ұлттық салт-дәстүр мен мемлекеттіліктен жұрдай болғандықтан, олар аз уақыт ішінде әскер құрып үлгере алмас еді, осылайша бізде Азияда ХІІІ ғасырда мемлекеттілікті құру, кәсіби әскерді жасақтау, басқарушылық жүйені ұйымдастырудың тәжірибесіне кім ие болған деген ең қарапайым мәселенің шешімін тапқандаймыз… Бұл сұрақтың жауабын іздеп жатудың қажеті шамалы. Сұрақтың жауабы анық. Олар, әрине, сан ғасырлық қағанат пен мемлекет кұру тәжірибесі бар түркі тайпалары екені сөзсіз. Демографиялық есеппен XXI ғасырды ХІІІ ғасырмен салыстыратын болсақ, онда сол кездегі моңғолдардың саны 50-60 мың адамды ғана құрайтын. Ал Шыңғыс ханның әскері 300 мың адамға дейін жететін. Моңғолдарға ақиқатты ажыратып алудың уақыты келгендей, сондықтан да олар өзге халықтың тарихына таласпаулары тиіс.
    Одан әрі Александр Бушков былай деп жазады: “Моңғол жазуы ХVІІ ғасырда қалыптасты. Сондықтан да қазіргі кезеңде Шыңғыс ханға жақын болып келетін ешқандай жылнама деректер жоқтың қасы”.

    - 1950 жылдардағы Қытай қазақтары көтірілісшілерінің басшысы Оспан батыр жайлы ағылшын жазушысы Гофедей Лияс «Оспан батыр егер бұдан 5-6 ғасыр бұрын дүниеге келгенде аталары Мөңке, Шыңғыс, Темірлан деңгейлес ұлы қолбасшы болар еді» - деп жазыпты. («Намыс». №1 (60). қаңтар 2010 жыл). Ағылшындар Шыңғыс ханның тегінің қазақ екенін білмесе, Г.Лияс бұлай деп жазбаған болар еді.

    - ХІХ ғасырда жасаған орыс оқымыстысы Н.Аристов «...кейбірінің түп негізі мың, мың жарым жылға кететін, ежелгі тарихтан танымал белгілі тайпа, рулардың күні бүгінге дейін сол атаумен сақталып келгеніне таң қаламын. Яғни, қазіргі белгілі ру, тайпалардың көпшілігі ежелгі этнонимдерді кейінгі заманға жеткізуші ғана емес, сол ескілікті жұрттардың нақпа-нақ өзі болмаса да, түрленген, түлеп, жаңғырған анық мұрагері. "Арғы тарихта таңбаланған аталы рулардың барлығы дерлік бүгінгі қазақ арасынан табылады”.
    Түсініктеме: Бұл шынында да солай, бүкіл әлем елдерінің түп қазығы қазақтың рулық шежіресінде сақталып қалған.

    - 1984 жылдың тамызында Британия галымы Нортон Джефферсон Шынғысхан жайында мақала жазып, Шыңғысханды қазақ деп жариялаған.

    - «Шындық қап түбінде жатпайды» деген халық мақал-мәтелдеріне сәйкес Шыңғыс ханның
    әлем халықтары тарихындағы үлесі тиісті шындықта жазылуы тиіс. Шыңғыс ханға әділ баға беруші ғалымдардың бірі – доктор Эренжен Хара-Даван. Оның «Чингизхан как полководец и его наследие» (Культурно – исторический очерк Монгольской империи ХII-ХIII веков. – Белград, 1929) атты еңбегін атауға болады. Бұл туынды ертеректе жарық көрсе де, кітап авторының моңғол ұлтынан әрі оның Шыңғысхан өмірі мен ол құрған империяның ұзақ дәуірлегені туралы жазған шындығы Кеңес өкіметіне ұнамады. Сондықтан ол көпшілік оқырманның қолына тиген жоқ. Кеңес үкіметі ыдыраған соң, ол өз төл атауымен орыс тілінде, 1992 жылы Алматыда 100 000 данамен басылып шығарылды. Эренжен Хара-Даван Шыңғыс ханды данышпан қолбасшы, кемеңгер елбасы, көреген саясаткер деп сипаттай келе, оның білгірлігін, халықтардың әдет-ғұрыпын, мәдениетін сақтағанын, сонымен бірге өзі құрған империяның басқару жүйелерін, әскери құрылымы мен саяси қарым-қатынастарын қалай ұйымдастырғанын дәйекті деректермен береді. Шыңғысханға әділ әрі дұрыс баға берген ғалымдар Эренжен Хара-Даванмен ғана шектелмейді.

    - Олардың қатарында француз ғалымы Рене Груссе де бар. Оның «Империя степей: Аттила, Чингисхан, Тамерлан» деп аталатын еңбегі Ұлы даланың үш тарихи тұлғасына арналған. Еңбек Шыңғысхан империясының шынайы тарихын аша білген. Орталық Азия этностарын қайта біріктіруде Шыңғысхан ұшан-теңіз қажырлы еңбек етіп, әлемге өз империясын паш етті. Ол үш ғасырдай өмір сүрді. Бұл империяның басым этностары түріктер болғаны да баршаға мәлім. Олардың сол империяларды дүниеге әкелуде шешуші қызмет атқарғаны баршаға аян» деп, жазады.

    - Биылғы 2015 жылдың 1 қаңтарында «Жаңалықтарда» Британ газеті Шыңғыс ханды ҚАЗАҚ деп
    жазып жатыр деген айдармен мақала жарияланған.
    «Ағылшындардың “The Guardian” газеті “Постсоветтік әлем: Мұндағы 15 мемлекет туралы сізге ең алдымен нені білу керек” деп аталатын мақаласында Қазақстанға арнайы тоқталып өтіп, әлемге әйгілі тұлға Шыңғыс ханды ең танымал қазақ (император) деп жазыпты. Ал Боратты ойдан шығарылған кейіпкер деп атап өткен екен» … (http://www.theguardian.com/world/2014/jun/09/-sp-profiles-post-soviet-states).

    - Шыңғысхан – Еуропа төрінде (19 сәуір 2012 жыл). Жуырда ресейлік Даши Намдаковтың жобасы бойынша қоладан құйылған аттылы Шыңғыс ханның бес метрлік мүсіні Лондон жұртына ұсынылды. Тас мүсін Гайд-парктың солтүстік-шығыс бөлігінен «қоныс тепті».
    Шыңғыс қағанның ескерткіші буряттың суретшісі, ұста әрі зергері Лондондағы «Хэлсион» галереясында қойылған ретроспектив туындыларының құрметіне арналған. «Көшпенділер әлемі» атты көрме 5 мамыр мен 7 шілде аралығында жұртшылыққа кереге жаймақ.
    Шыңғыс ханның қысыңқы көзі жерге қараған күйі, алақандарын төменнен тіреген ауаға жайған бейнесі көз тартады.
    «Бұл жұмыс арқылы мен тарихи тұлғаны бейнелеуден гөрі, аспаннан түскен күйі адамдарға ҚАЙЫРЫМ МЕН ДАНАЛЫҚ сепкен тұлғаны көрсетуге тырыстым. Шыңғыс ханның тірі кезіндегі бейнесі қалған жоқ, оның үстіне деректі айғақтар бір біріне қайшы келеді, сондықтан мүсін-тұлғаны өз қиялымдағыдай етіп сомдадым».
    Мұңал (Моңғол) қағанатын құрған қаһарлы қағанның қола мүсіні ішкі қуатын сыртқа тебуімен аса ерекше. Шыңғыс қаған әскери жарақпен атқа қонған күйі аспаннан түскендей әсер береді. «Мен бұл мүсінді сынықтан жинап-тергендеймін. Шамасы маған эпикалық кейіпкерді сомдау бостандық берген сықылды. Өзім сондай мақсат қойдым, сол себепті де мүсін сондай аспандық, әуелік сипатқа ие болды», – дейді автор. (http://www.minber.kz/2012/04).
    Шыңғыс қаған атамыздың осындай мүсіні Қазақ даласында бой көтеруі керек еді. Дегенмен әлі де кеш емес.

    «Қазыбек бек жазғандай Шыңғыс хан қара қазақтың «қылшығын» қисайтқан жоқ, билікке таласқандарға, солардың соңынан ергендерге ғана қатты келді. Өз еркімен берілген Хорезм қалаларына да тиген жоқ. Үйсін тайпаларын қарақытай езгісінен азат етті. Ыдырап жеке – жеке хандық, уақыт өте келе жеке – жеке халық болуға бет алған қазақ ру – тайпаларын бір хандыққа біріктірді. Түрік қағанатынан соң ұлы дала тайпалары соңғы рет бастары қосылды. Ата мекенінде Моғолстан, Алтын Орда секілді іргелі мемлекеттер бой көтерді. Алтын Орда, Ак Орданың жалғасы болған қазақ хандығына кейінірек Моғолстан құрамындағы Ұлы жүз рулары қосылды. Орыс басқыншылары Қазан, Аштархан хандықтарын қиратып, Ноғай ордасын тоздырған соң, ноғайлардың бір бөлігі қазақ халқына қосылды, 500 мыңдай адамы Туркияға көшті. Шыңғыс хан атамыздың арқасында қазақ елі осы халге жетті. Ел тізгінін ұстағандардың санасы жетсе Қазақ елінің әр қаласында ең құрметті орында Шыңғыс хан ескерткіші тұру керек еді. Тәңірінің көзі түзу болса ұрпағы оны көретін де күн туар!» (Ақылбеков Ш.М. «Шыңғысхан - Аңыз бен ақиқат»).

    «Қазақтың ру, тайпаларының таңбалары, моңғол жылқыларының таңбалары, Моңғол Хандығының теңгелері, сондай-ақ, ұлттық ырымдары, мәдениет, салт-дәстүрлерін салыстыра қортындылап, Қазақ пен Моңғолдың арасында аса ерекше байланыс бар деген түйінге келген едім. Осы генетика зерттеуі деген нәрсе алғаш пайда болысымен, Қазақтарда Моңғолдардікі деп аталатын Гаплогрупп С3 неліктен сонша жоғары болады дегенді анықтау үшін Қазақстанның бір топ биологшылары, тарихшылары бас қосады. Кеңес Одағы тарапынан Қазақ ұлтын ерте замандарда сары шашты, көк көзді, ұзын бойлы Еуропа тұрпатты болған, Моңғол шапқыншылығы кезінде зорланып қыз, келіншектері көптеп бала көтергендіктен, Азия тұрпатына ауысты деген үгіт жүргізетін. Бұны Қазақстан ұлысы тәуелсіздік алып, жеке шыға бастаған кезден Қазақ ұлтын құртып, ұлттық азаттық пен мақтаныш сезімін жоюға арналған қасақана ми тазарту екендігін мойындайтын болды.
    Менің ойымша, шет елдіктер Қазақ, Моңғолдың тарихи байланысын ұмыттыруды қалайтын сияқты. 2009 жылы Орыстың зерттеушісі Сергей Каржавин: «Еуропа текті Қазақ ұлты Гаплогрупп С3-ті болуы – Жоңғар хандығына беріліп, зорланғаннан болған. Демек, бүгінгі күнгі Моңғолдар – ежелгі Моңғолдар емес, Мәнжі, Қытайлар болмақ» деген 56 беттік жалған зерттеу материалын жарыққа шығарды. Каржавин деген адамның басқыншылық көзқараспен мұндай нәрсе жасағаны анық еді. Неге десеңіз, әдеттегі зерттеу материалы 3-10, жоғарғысы 15-20 беттен тұрады. Және де, ешқандай биологиядан білімі жоқ адам болса да 12 бетті салыстыра қарауға өте оңай.
    ...Бірақ, көптеген Моңғолдардың Ү-ДНК Гаплогрупп-і С3 болады. Бұл Гаплогрупп С-дан шыққан. С және F осыдан 60 000 жыл бұрын ажыраған. Олай болса, талай жылдар бойы көршілес өмір сүрген Моңғолдар Қытай, Корея, Тибет, Жапон сияқты Азия елдерінің адамдарынан уақыт ағымымен тектік тұрғыдан қаншалықты алыс болса, соған сәйкес дүние-таным, салт-дәстүр, мәдениеті жағынан соншалық алыс тұратыны қызықтырады. Бір жылдың алдында ма деймін, Моңғол мен Корея шығу тегі жағынан бір деген мақала жарық көрген-ді. Енді сол мақаланы мен генетикалық зерттеуім арқылы жоққа шығарып отырмын. Моңғолдарға ең жақын ұлт – Қазақ ұлты. Жалпы дүниедегі адамдардың 90 пайызы Гаплогрупп Ғ-дан тарайды, біз қалған 10 пайызын еншілейміз десек, тіптен Қызыл Кітапқа жазылуға жақын тұрғанымыз жоқ па (күлді)». (Батбаярин Хэрлэн. моңғол тарихшысы 8.10.2015 жыл (http://ult.kz/?p=6233#comment-4417).

    «Төртеуің өзара тату болыңдар, бір-біріңе жаулық ойламаңдар».
    Қорамсасынан бір оқты шығарып, оны өзі сындырды, содан соң бірнешеуін алып, біріктіріп ұстап тұрып: «кім сындыра алады?» деп сұрады. Ешкім сындыра алмады. Сонда Шыңғыс хан айтты: «Міне, сендер де осы оқ сияқтысыңдар. Егер сендер орталарыңнан біреуіңді билеуші етіп сайлап, соның айтқанымен жүрсеңдер, ешкім де сендерді жеңе алмайды. Егер бірлік болмай, әрқайсың өз беттеріңше бір – біріңе жау болсаңдар, жаңағы жалғыз оқтай бәріңді де талқандайды» (Шыңғыс қаған өсиетінен).

    • #141
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 11/10/2016 - 13:20

    135 (Алаш қызы) мен 136 (Қыр қазағына)! СІЗ айтып отырған АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ былай деп жырлап кетіпті және сол зиялылардың ұрпақтары соны күні бүгінде де жалғастырып жырлап жүр.

    Шыңғыс ханды Қазақтың (Адайдың Қосайы) суырып салма, ақиық ақыны Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) өзінің «Адай тегі» дастанында былайша жырлапты:
    ...Кешегі Дүиім Баян кеткен соң
    Алты жыл анық өткен соң,
    Ар-сар болып жүрегі,
    Қанға толып білегі,
    Шыңғыс туды Арқардан?.(2)
    Оның туған тұқымы
    Патша болып таралған.
    Осы бір сөздер көңіліме
    Бұрынғы өткен үлкеннен
    Қағида болып қалынған.
    Шежіре болып жазылған
    Тілімі түзу бағытты
    Көңілім зерек қалыпты.
    Аңдаған жақын, алысты,
    Болжаған қисық, шалысты,
    Бұрынғы қарт атамның сөздерін
    Құлағым естіп, көргенін
    Осындай құралы келген жерлерде
    Шығарып жүрмін жарыққа.
    Шариғат қарап, жол пәмдеп.
    Мұсылманға үмбет деп,
    Атасын анық білмеген,
    Айтса болар мүрдет? деп..(3)
    2 – Шыңғыстың тегі туралы аңызды айтып отыр. Осы бір ауыз сөзбен Шыңғыс ханның тегінің қазақ екені анық көрсетілген. Себебі, ең алғаш рет дала аңы Арқарды қолға үйретіп, қой мен қошқарға айналдырған, бүгінгі күнде қой мен қойшының пірі ретінде дәріптелетін Қазақтың атақты ұлы Шопан ата болатын. Шыңғысхан елінің ұраны «Архар» болатыны осыдан.
    3 – Кәпір деп отыр.
    Қашаған атамыз Шыңғысты Адай ұрпағы және оны білмей ұмытсаңдар кәпірсіңдер деп анық көрсетіп тұрған жоқ па?!
    ...Он төрт қабат жер мен көк,
    Жаратылған нұрдан, - деп –
    Атамыз Сапи, Сапиолла,
    Жаралған топырақ, құмнан,-деп,
    Хазіреті Шейіш пайғамбар!
    О да жаратылған
    Бір алланың ішінен,
    Рақым еткен күшімен,
    Бір тамшы тамған судан, - деп,-
    Әр нәрсе солай болатын,
    Алланың еткен ісімен,
    Естуіңіз жоқ па еді;
    Хазіретті Айсаны
    Мариям ерсіз туған, - деп,-
    Ол күндегі пендеге
    Ғайыптан талай бала келіпті
    Мезгілсіз туған бір күннен,
    Жалтыраған сәулеге
    Жеті қабат жер астында
    Сарайдың іші толыпты
    Онан Дүйім Баян хан
    Бізге келіп жолықты
    Оның туған анасы...» (Ә.Жұмалыұлы «Сүйіндік Қосайұлы» Алматы, 2002. 77 бет). Шыңғысханның тегі Адай болмаса, Қашаған атамыз өз тегін жырлап отырып Шыңғыс ханды аузына алмаған болар еді.
    «Қатар-қатар ел де өткен,
    Сол ерлердің ішінде
    Әруақты ер де өткен,
    Жүсіптей болып нұрлы өткен,
    Шыңғыстай болып шың да өткен» (Қашаған Күржіманұлы «Жыр-дария (Маңғыстаудың ақын жыраулары») Ақтау-1995. 138 бет).

    Қаз Адайдың әйгілі – жауынгер ақыны, Қосай ата ұрпағы Қалнияз жырау Шопықұлы (1816-1902), «Бұл Адайдың атасы» атты толғауында:
    «Ақ ордасы Адайдың
    Үлкен үйім Мұңалсың,
    Батырда өзің, пір де өзің
    Ұлы жиын құралсың,
    Төрт мұңалым тұрғанда
    Басқасы келіп Адайдың
    Қолынан қалай ту алсын?!! (43 бет). Өте әділ бағасы берілген, Шыңғыс ханды (мұңалдарды) әлемнің ең ұлы тұлғалары деп ЮНЕСКО да мойындаған жоқ па?!
    Шыңғыс ханның тегінің қазақ, оны хан көтергендер қазақтар екендігін Қалнияз атамыз Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Хиуа ханы Мұхаммед – Рахимге:
    ... «Аржағым Алаш ұранды
    Ел едік байтақ құралды
    ...Хан көтерген қазақпыз
    Шыңғыс хан – арғы бабаңды»... деп жырлаған. «Маңғыстаудың жыр-дастандары» (52 бет).
    «...Бұл Адайдың атасын,
    Төре сүйек, ер деген.
    Нәсілім төре болғасын,
    Қай жерімді кем деген?!
    Айбарлы тентек ел едік,
    Түркімен түгіл, қалмақ пен
    Орысқа да көнбеген.
    Төрелесіп келгенде,
    Дұшпанға теңдік бермеген! - деп шалқиды. Осы топтамаға кірген «Біссіміллә!» деп сөйлесем...» деген толғауының бір жерінде:
    Ар жағым – төре асылдан,
    Біз – Алашқа белгілі
    Адай едік дүбірлі,
    Дүбірі көпке білінді, - десе, тағы бір тұсында:
    Қызғанышпен осы жұрт
    Қазбалайды менің тегімді...
    Атам – Елтай, білмесең,
    «Төре» дейді тегімді...
    ...Білдірейін білмесең,
    Мұны айтқан кім?» десең,
    Мен Қалнияз өзім-ді, - деп асқақатайды. Ақынның бұлай сөйлеуіне толық негіз бар. Оның
    «Төре сүйек ер», «асыл төре» деп отырғаны әрине, Адайдың әкесі Елтай. Бұл сөздер қосымша түсінікті қажет етпесе керек» (Мырзатай Болат, «Адай төре тұқымы емес пе?», «Ар» газеті 23.09.2009 жыл №15 (126)).
    Бүгінгі өздерін біз жүзге жатпаймыз деп жүрген Төрелердің тегі осы. Олардың да ұраны «Архар». Хан Ордасы (Бөкей) ауылының қасындағы «хан зиратындағы» құлпытаста: «Арқар руғы Нұралы хан» деген жазба бар. Бұндай жазба сол қорымдағы құлпытастың бәрінде бар.

    Бүкіл әлемді мойындатқан Мұңал мен Шыңғыс ханның тегінің Қаз Адай екендігі Манқыстаудың өзге ақын-жырауларының шығармаларында да айқын көрініс тапқан. Мысалы, Адай-Мұңал-Жары-Тастемір ұрпағы Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876-1966) атамыз:
    «Атамыз Адай – Мұңалдың
    Кіші жүздің ішінде
    Қарасам қатар теңі жоқ,
    Шашылған дабыл-даңқыңның
    Баяны болса кемі жоқ.
    Бүгінгі жүрген адамнан
    Дәрежесі артық жаралған,
    Адайдан Мұңал болғанда
    Тұсында озған ешкім жоқ» (Жыр-дария 252 бет).
    ...Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,
    Қайран саланың жатқан аңғары-ай.
    Ақ шалмалы пірлердің
    Мешітке жаққан шамдары-ай!
    Кәпірден теңдік алуға,
    Қайтып та келер деймісің,
    Мұсылманның баласы,
    Шыңғыстан туған хандар-ай»… Бұл Қазтуған жыраудың атынан айтылған Мұрат ақынның
    зары. Біз бұдан бүкіл қазақтың 700-800 жыл бойы, Шыңғыс қағанды әулие деп қадір тұтқанын көреміз.
    Әділеттің ақ туын» құлатпай, биік ұстаған ел ғана мәдениетті ел болып аталуға құқылы.
    «Дүйімбаян, Шыңғысхан –
    Нәсілің нұрдан жаралған
    Халқына әділ қараған
    Ауыз тимей парадан,
    Пақыр-міскін, бай мен бек,
    Жарлы, жалсыз, аз бен көп
    Бәрінде бірдей санаған (115 бет).
    ...Шын ұлындай Шыңғыстың
    Сұрасаң асыл тектері,
    Ерлігін айтып мақтасам
    Толып жатыр еткені» (206 бет) деп, аруағын атап, бас иіп, тағзым етіп жүретін болған. Дүйім Баян дегені – Шыңғыстың арғы атасы, жазба деректерде Дубу Баян делінеді. Нұр деп Әлеуке (Алан-гуа) ананың нұрдан бала туғанын айтып отыр. Адам – Адам болғалы (70 000 жыл) бүткіл жер бетінде қазақ қағандарынан әділетті билік иелері болып көрген емес, - деп жырлайды дана ақын. (Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876-1966), «Аманат» Алматы-1996).

    Шыңғыс ханның тегінің қазақ екендігін Қазақ халқының ұлы ақыны Қазанғап (1889-1945) өзінің ата-тегі жайлы жырында:
    «Төле дейді ұранын,
    Қоғалы дейді тұрағым,
    Бақтиярдан ажырап
    Бәйдібек бай, Жәнібек
    Жалғыз ұлы Жарғышақ
    Домалақ деген ананың
    Албан, Суан, Дулат боп,
    Бөлініп бері шығамын
    Жарылғамыс, Жанту боп
    Жаныстан келіп тарады
    Патша менен ханы көп
    Ілгері өткен заманның
    Ұлы Шыңғыс ханыңды
    Алдымен баян қылайын» («Төле би». Алматы 1991.-18 бет.) Міне өздеріңіз көріп отырсыздар, Қазанғап атамыз Шыңғыс ханды Қазақтың ұлы ханы деп айшықтап айтып отырған жоқ па?! Егер Шыңғыс ханның тегі қазақ болмаса атамыз өз тегін баяндай отырып Шыңғыс ханды аузына алмаған болар еді.

    «Зұлқарнайын Ескендір»,
    «Әзірет Әлі», «Шыңғысхан»,
    «Қырық тарау ноғайлық»
    Дастандарым тағы бар,
    Бәрі бізден табылар.
    «Бұл да болмайд» десеңіз,
    Мына отырған жыршыңыз
    Жан қалтасын қағынар.
    Өздеріңнен аяйтын
    Жыршының не жаны бар?!. (Сұлтан Қадір «Бір тыңдауға бұл қалай?» Атамыз «Зұлқарнайын Ескендірді де», «Әзірет Әліні де», «Шыңғысханды да», «Қырық тарау ноғайлық (Қырымның қырық батырында» бәрінің тегін қазақ деп отыр. Әйтпесе, ол дастандарды жырлап не істесін, жырлағанда да оны кім тыңдар еді. Мысалы, сен өзің орыстың бірінші Петрі жайлы жыр жазып оны жырлар ма едің. Әрине, жоқ деп жауап береріңіз сөзсіз.

    Тура осындай деректі, яғни Шыңғыс ханның тегінің қазақ, оның «нәсілінің нұрдан жаралғандығын» Адай – Тобыштың - Зорбайы Бәйімбет Телеуұлы «Замананың құлқына» атты жырында:
    «Ертеде өткен ерлерден
    Ноғайлының Едіге,
    Шыңғыстың өткен заманы
    Асылы нұрдан жаралған,
    Таймаған жолдан табаны» деп жырлаған.

    «Шыңғыс, Бату хандық құрып тұрған ел,
    Қарақыпшақ Қобыландылар туған ел,
    Ерегескен дұшпан-жауын қуған ел
    Емес пе едің – жұртым саған не болды?!».. (Ғұмар Қараш). Қазтуған да, Мұрат та, Ғұмар Қараш та Шыңғыс ханды қазақ деп анық айтып тұрған жоқ па?

    «Кім білмес кешегі өткен Шыңғысханды,
    Жартысын дүниенің түгел алды.
    Талайын Европаның бас игізіп,
    Қорқытып Қытайға да алым салды.
    Қолына туып еді қан уыстап,
    Әлемді билейтұғын үлгі нұсқап.
    Қойылған Шыңғыстауға соның аты,
    Өзенін осы хақан кеткен қыстап.
    Ортасын араб, қытай түгел алып,
    Азия, Европаға жарлық салып.
    Мейірімді, алған елге әділетті.
    Кетеді, қарсыласса, қанға малып.
    800 туғанына жылдар толды,
    Темучин атын бұзып, Шыңғыс қойды.
    Шыдамды Шыңғыс деген мықты демек,
    Отызға келмей тұрып бақыт қонды.
    Ол туған Бүлүнжылдық деген жерде,
    Рахымды қол астында кірген елге.
    Не дінге, не ғұрыпқа қол сұқпаған,
    Ой жібер, міне, осындай кемеңгерге» (Ш. Құдайбердіұлы «Қазақтың түп атасы»).

    «...Танымадың атаңды,
    Қазақтың ұлы қағаны
    Шыңғысхандай бабаңды.
    Танымасаң атаңды
    Танытайын мен саған
    Атамыз Мұңал Жарыдан
    Мұңалжар деген тау қалған (Ақтөбе облысы, орысша Мугаджар деп аталады).
    Ұлытауым ардақтым
    Сарыарқамның төсінде,
    Шыңғыстау деген тау қалған.
    Сол Шыңғыстың шыңында,
    Мұңал деген шың қалған
    Алтайдың арғы шегінде
    Мұңал деген ел қалған (қазіргі Монғолия).
    Тоқтамасаң оған да,
    Соншама милау болмасаң,
    Айтқан сөзге көнбесең,
    Ақиқат деген ауылдың
    «Қонағы» болып қонбасаң
    Ұрпағы оның мен қалғам.
    Атамыз Жары болған соң,
    Шыңғыстан әрі болған соң.
    Тоқтамыс-Табай шығады,
    Жошыдан бізге қалған жол» (Шыңғыс Хан ұрпағы; Жары-Тоқтамыс-Табайтегі; Аманжол
    Орынбасарұлы Шеркешбай. «Адай тегі» толғауынан үзінді).

    «Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
    Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.
    Шыңғыстай данышпанның құр аты да,
    Адамның жүрегіне жігер берер! (Мағжан Жұмабай).

    «Шатастырып тарихтан адастырған,
    Күнаһар қанша ғасыр аласұрған.
    Шатпақтап шындығымды шырылдатып,
    Алыпты «Зұлым» ол деп шатастырған.
    Не пәлені жаппады Шыңғысханға
    Халқы үшін жан пида соғысқанда
    Әлемде теңдесі жоқ қолбасшы ерен
    Жаһанға жақсылық деп тырысқанда.
    Қоймайсың тарихымды кейде тұсап
    Жата ма қап түбінде алмас пышақ
    Ашылды алтын белі ақиқаттың
    Егемендік еліме құшақ жайып.
    Таны елім Шыңғыстың кім екенін,
    Байтақ дала сағымды кең екенін
    Азаттық қойып жатыр өз орнына,
    Кімнің ез, кімнің кенен ер екенін.
    Теңдесі жоқ тарихта адамзаттың,
    Ел перзенті Шыңғысым ғаламатсың,
    Қайтарылды ұлтына заңғар тұлға,
    Биіктеп түра берер ғажап атың.
    Болмаса Шыңғыс бабам, сайын далам,
    Айдында, ай аманда қайырлағам.
    Тігіп кетті қағанның үлы туын,
    Бар әлем басын иіп мойындаған.
    Тарихымды түлеткен алып бабам,
    Қыранымсың мәңгілік қалықтаған.
    Көтерілді көгіме Шыңғыс туы,» (Айтмұхамбет ЕСІМҒАЛИҰЛЫ, ҚР журналистер одағының мүшесі).

    ««Моңғолдың құпия шежіресі» мен басқа да көне әдебиеттерде жазылған дерек
    бойынша, Шыңғыс ханның мүрдесін қазақ арбасына артып, өз еліне қарай алып жүреді. Арба қозғалған кезде Сөнид тайпасынан шыққан хас батырлардың біреуі Гөлуге жыршы (біздіңше Күшік деген есім) көзінің жасын көл қылып тұрып:
    Қайран да менің хан Ием
    Қаршыға құстың қанаты болып қағылып,
    Қазақы арбаның жүгі болып таңылып,
    Кеткенің бе, ел-жұртыңды зар қылып- деп басталатын ұзақ жоқтау-толғауын айтады.
    Жолда орман-тоғайсыз, тақыр бір белегірге келгенде, жауын-шашынсыз құрғақ жерде арбаның артқы екі дөңгелегі жерге кіріп кетіп, алып жүрген адамдар шығара алмай әбігерге түседі. Күштейін десе жерге батқан арба сынады, асықпай алып жүруге мүрдені жеткізу ісі уақытынан кешігеді. Сонда қолбасшыларының біреуі Көк тәңіріне жалбарынып дұға оқиды:
    …Тұтас елің, монғолың,
    Тума балаң, ханымың,
    Туысы бір ағайын,
    Туған Дэлуін-Болдығың,
    Тым ұзақта қалып тұр.
    Кер айғырдың кекілі,
    Кере істеген жалауың,
    Керней-сырнай ұраның,
    Керлен, Хөдө аралың,
    Кіл шалғайда қалып тұр.
    Ақтық демің бітсе де,
    Асыл туған ақ дене,
    Алып, қорғап барайын.
    Бөрткелжіндей ханымға,
    Бүкіл дүйім халқыңа,
    Бақыл етіп берейін» (Амантай Тойшыбайұлы «Шыңғысхан: Аңыздың ақырғы ақиқаты» Abai.Kz).

    ««Құпия шежіренің» қазақ халқының төл туындысы екенін дүние жүзіне ашық жариялауымыз керек.
    Бұл замана талабы, өткен аталарымыздың алдындағы борышымыз. Әр халықтың пір тұтатын ұлттық қаһарманы болады. Сондай адамдарға француздың Наполеоны, орыстың 1- Петр патшасы, индия халқы үшін Мхатма Ганди, дағыстан халқы үшін имам Шәміл секілді адамдар жатады. Ал қазақ халқының осындай ұлттық қаһарманы - Шыңғыс хан!
    Өз сөзімен айтқанда:
    «Алтын денем қалғыса да,
    Ардақты елім солмасын.
    Бүтін денем қажыса да,
    Бүкіл елім тозбасын.»
    Бұл жерде алып – қосар еш нәрсе жоқ.
    Шыңғыстың қазақ екендігін Кеңес үкіметінің оқуы мен тәрбиесі өтіп кеткен қазіргі қазақтар білмесе де ескі көздер білген. 1921 жылы Кеңес үкіметінің кезекті құрбаны болып атылып кеткен Пышан ақынның бір айтысын келтірейін. Пышан Жәлменде ұлы Жалайырдың Байшегір руынан. Қасындағы 30 жігітімен серілік құрып жүріп, Жалайыр – Андаста өткен бір тойда бір байдың апалы – сіңілі Әшіркүл, Зейнеп деген екі қызымен айтысады. Айтыстың аяғына таман Пышан:
    - Қыздардың сөзі өткенге құрсанмын ғой
    Қуанам айдағандай жүз сан, мың қой
    Қашанда қыз атаулы маған құмар
    Белгілі Жетісуға Пышанмын ғой.
    Әшіркүл, Зейнеп:
    - Біреуге жалынбаймыз, әзір тыңбыз,
    Атаңыз Байшегір – ді емес шың-құз.
    Кебесің Пышанмын деп, біз қайтпекпіз
    Бас ұрған барлық қазақ –атам Шыңғыс – деп салған. Осы кезде Пышанның жанындағы жігіттері де, Жалайырдың тойдағы игі жақсылары да Шыңғыстың аты аталған соң Пышанды «енді қой» десіп орнынан тұрғызыпты. Сондағы Пышаның түрегеліп тұрып айтқаны:
    - Cөзіңді өзің айтқан қайталайын,
    Ауылыңа қонақ болып жайланайын.
    Бабаны айтып қалдық, енді қойдым
    Шыңғыстың әруағынан айналайын!
    Сөйтсе бұл екі қыз Шыңғыстың тікелей ұрпағы болып келетін Құсбек, Жүнісбектің тұқымы екен. Осы екі ақын қызға арнап Пышан «Әшіркүл, Зейнеп» деген ән шығарған. Кейін осы әнді комазитор Евгений Брусиловский жазып алып «Жалбыр» операсына кіргізіпті. Қазақтың өз атасынан басқаның әруағына сиынбайтынын әркім – ақ білетін шығар. Шың – Құз Темірдің Лақап аты екенін осы айтыс та айғақтап тұр. (Ақылбеков Ш. М. «Шыңғысхан - Аңыз бен ақиқат»).

    « Мен, Мен, Мен едім!
    Кер Сақ Абтан тараған,
    Итжеккен мен Алтайдың
    Арасынан аң алған!
    «Керейлер қайда!»-дегенде,
    Үш Жүз Қырық қанат Ел едім!
    Ай, Шыңғысхан Қаһан Бабам-ай!
    «Бізге тоқтар жау жоқ!»-деп,
    «Ашамайлы ноқта!» -деп,
    Үш Жүз Қырық қанат Керейден
    Ордасын бөлдің Төренің!
    Керей ханның тұсында,
    «Он Екі Ата Абақ!»-деп,
    Он Екі Ата Байұлы
    Жиырма төрт қанат көтеріп,
    «Дау қайда?!-деп жөнедің!
    Ай Кенекем, Кенекем
    Сен билікке келгенде
    Ата сөзден іріді
    Бұлақ көзден бүлінді
    Абылайдан қалған Сара жол
    Қақ Ортадан тілінді
    Сары жолақ киіндің
    Ақмоладан бақ ұшты
    Тар қыспақта жер құштың
    Қолдан тайды берекең
    Уа Алты Алаштың баласы
    Ақ жолыңды ала етіп
    Ақ патша алтын аяққа у шашты
    Ащы зармен келесің
    Ащыға тәтті болсам деп
    Зарлыға қуаныш болсам деп
    Бекіредей бес қатар
    Иірімнен көкке атылған
    Екпініне жар құлар
    Жайықтың асау жайыны
    Маһанбет Ұраншы мен едім!
    Ата Жұртым Қазығұрт
    Ана Жұртым Өр Алтай!
    Атасы мен Анасына оқ атқан
    Азғындардың басын кессем деп едім.
    -Уа, Алты Алаштың Азаматы
    Атаң қазақ болғанда
    Алтын бұлақтан су ішкен
    Алтын жағалы тон киген
    «Зұлмарт» берен тартынып
    Төрт құбылысына Ту тіккен
    Қаһарынан жау қашқан
    Айбарынан от шашқан
    Қаһандардан туған жоқпа едің?» («Махамбеттің жырынан» Ілесбек Байжанов, Шымкент).

    «Қазақ сөзі ой жүгіртсең бес әріптен тұрады,
    Ой жүгіртсең тұнып тұрған тарих оның құрамы.
    Дүние тану тарихының ең басында орыны.
    Дүние жүзі әуел бастан болған оның тұрағы.
    Сенбесеңдер атласты қолға алыңда қараңдар,
    Қазақша атау жер бетінде қанша екенін санаңдар.
    Қазақ атам ат тұяғы баспаған жер кемде кем.
    Адам ата қазақ болған мейлің сенбе мейлің сен.
    Мағынасын ашып көрсек бес әріптің енді біз,
    Зейін қойып оқы ағайын қызығына келдіңіз.
    Сәби тұңғыш келген кезде дүние есігін ашады,
    “Қаз” тұрады, “қаз-қаз” аттап жер ананы басады.
    “Қазына”жинап, “қазы” болып әділ билік айтады,
    Адам ғұмыр “қаза” болып топыраққа қайтады.
    “Қазан” айы астық, өнім бабына кеп піскен кез,
    Жиған терген ырыс болып “қазанға” кеп түскен кез.
    Қазақ деген ғұмыр бойы “қазғанудан” тұрады,
    “Темір- қазық ” мемлекеттің бағыт бағдар тұрағы.
    “Қазан” деген о заманнан мемлекеттің атауы,
    Түсінгенге қазақ сөзі ата баба ұраны.
    Қазақ сөзі таусылмайтын кетпейтұғын жыр естен.
    Ата-бабам әуел бастан қас жауымен тірескен.
    Түсінгенге қазақ халқы өркениеттің басында.
    Қазақ болып қалу үшін ғұмыр бойы күрескен.
    Қазағымның даналығын ойға салып білсеңіз,
    Бес әріпке қанша мағына сыйып кеткен көрсеңіз.
    Өз тарихын бес әріпке қалай ғана сыйдырған,
    Қазақ атын ата-бабам қойып кеткен сенсеңіз.
    Өз бастауын алған екен сонау ықылым заманнан,
    Еділ менен Шыңғыстай ер қай ұлтта бар жарандар,
    Жирма миллион сөздік қоры қай ұлтта бар қараңдар.
    Қазағымның даналығынан ой өрісімді суарам,
    Мақтанышпен қазақ болып туғаныма қуанам» (Қ.Насыреддин).

    ...«Тапжылмай таққа отырып Ұлы Қаған,
    Топтасты бір ел болып Ұлы Далам.
    Шыңғысхан бар әлемді бағындырды,
    Жауына жүрегі оның жылымаған...
    Ешқашан елдік үшін аянбады,
    Алынды талай шептер қияндағы...
    Жүз елу, екі жүз мың әскерменен
    Сап құрды Шыңғысханның нояндары!..
    Бұл сапта Керей, Найман, Оңғыт, (Уақ) болды,
    Жалайыр, Арғын, Дулат, Маңғыт болды.
    Бұл сапта Татар, Меркіт, Қаңлы, Қыпшақ,
    Қырғыз бен Ойрат, Бурят, Якут болды...
    Бұл сапта болды Үйсін, Ноғайың да,
    Қоңырат, Қожа, Ұйғыр – талайың да...
    Айналған бәрі туыс, ағайынға,
    Бұл сапта Алшын – Мұңал-Адайың да!..
    Білсеңіз, Жебе ноян – Жорға Адай-ды,
    Шыңғысхан неге оны қолдамайды?!
    Қолдайды, өзі де Адай, тегі Мұңал,
    Ол қалай қазақ арын арламайды?!
    Халықпыз терең тамыр, дәбіміз бар,
    Халықпыз маңдайында бағымыз бар...
    Үш Жүздің кенжесі Адай-Мұңал болса,
    Қарашаңыраққа қалайша дауымыз бар?!
    Шыңғысхан орындалып мақсатының-
    Құрса егер мұңал (моңғол) патшалығын:
    Бұл өзі - кенже ұлдың шаңырағы,
    Қазақтың шыққаны ғой жақсы атының.
    Қазақтың туын көкке тіктегені,
    Қазақтың мойындалып мықты екені,
    Алтайда адайдың мол таңбалары,
    Алтайым қазағымның құт мекені!
    Бұл Мұңал кімді тегі құл етпеді,
    Түкті екен шеттерінен жүректері.
    Әлі де ұрпақтары өр мінезді,
    Іске асып ата-баба тілектері.
    Іске асып бүгінде елміз асыл арман,
    Халқымның келер туып асығы алдан.
    Шыңғысханға қытай, ойрат таласып жүр,
    Бір кезде бабаларым басып алған.
    Біз кезде бабаларым басып алған,
    Жауласқан қас дұшпанның басын алған.
    Бір кезде Еуропаң, Азияң да,
    Қазаққа басын иген орыс-орман...
    Дәуірлеп күн кешкен-ді халқым сонда,
    Дүрілдеп тұрған еді даңқым сонда
    Мәскеуді ортқа ораған Мамай, Орақ,
    Тоқтамыс, қандай еді Алтынорда!
    Жеттік қой Балтық асып ел шетіне,
    Үндістан, Ауғаныстан, Парсы еліне...
    Бәрі де бағынышпен күн өткізді,
    Шыңғыс-Жошы-Бату әскеріне!!!
    Салдырған мәлім сәнді сарайлары,
    Жанды ғой бұл қазақтың талай бағы...
    Қазақтың шаңрағына ие болған-
    Әйгілі Моңғол-Мұңал Адайдағы.
    Жайымды ұғарсың сен сезіп көрсең,
    (Жаулардан ұтыласың сезік берсең).
    Адай мен Қазақ қатар аталады,
    Кең байтақ даламызды кезіп көрсең.
    Мұңалжар, Мұңалошақ – тұлғаң бөлек,
    Сол ошақ Қазығұртта түрған дер ек.
    Алатау, Алтай, Сауран, Сырдың бойы,
    Тіл таңба, тас таңбаға тұнған дерек.
    Халық жоқ жер бетінде моңғол деген,
    Ру бар қазағымда мұңал деген.
    Жаралған сол Мұңалдан Шыңғыс қаған,
    Қазақты ел етудің қамын жеген.
    Демеңіз мынау неткен тосын сый ед,
    Адайлар – төре тұқым, асыл сүйек.
    Жаралған дейді бабам Күн нұрынан,
    Шыңғысхан Көктәңірге басын иед!
    Жаралған сонау дәуір Сақ жерінен,
    Тарихтың алып орнын қақ төрінен!
    Қазақты жер жүзіне мойындатты,
    Жаралып Алан Қуа – Көкбөріден! (Ғалым Әріп «Қазақ – менің ұраным».


    Ал, Шыңғыс қағанның өзі елінің амандығын ойлап, ұрпағына мынадай сөз қалдырыпты:
    «Құлаш бойымнан тұтамы қалса да,
    Сен аман бол, Төре елім!
    Тұла бойымнан қайратым кетсе де,
    Сен аман бол, Ұлысым!».

    «Алтын денем қажыса, қажысын,
    Алып төрім уыстан кетпесін!
    Тұла бойым шалдықса, шалдықсын,
    Тұтас ұлысым шашылып кетпесін».

    • #142
    • Асан би
    • сс, 11/10/2016 - 19:20

    135 (Алаш қызы) мен 136 (Қыр қазағына)! Бұл дүние де Сіздер білмейтін нәрсе өте көп. Сіздердің ақылдарыңыз бен білімдеріңіз жетпеген дүниелердің бәрі "ЖОҚ" деген сөз емес.

    Ауыздарыңызға ие болғандарыңыз да мынадай ұятқа қалып, өздеріңіздің білімсіз, надан екендіктеріңізді жұртқа өз қолдарыңызбен жарияламаған болар едіңіздер.

    • #143
    • Асан би
    • сс, 11/10/2016 - 19:23

    Сіздер ол кісінің атына қорлау сөздерді жазбағандарыңызда, мен бұл жолдарды Сіздерге арнап жазбаған болар едім.

    • #144
    • Асан би
    • сс, 11/10/2016 - 19:30

    Әлеуметтік желіге пікір жазар да қазақи мәдениет пен шыдамдылықты Қожырбайұлынан үйренгендеріңіз дұрыс болады.

    • #145
    • 145
    • сб, 15/10/2016 - 15:28

    Айтатын қарсы уәж таппаған білімсіз, ақылсыз, надан адамдар үнемі мақала авторының жағасына жармасып жүреді.

    • #146
    • Асан
    • жб, 16/10/2016 - 19:39

    Кейбіреулер тіпті боғауыз айтып, балағына да жармасады.

    • #147
    • Қыр қазағы
    • дн, 21/11/2016 - 0:02

    Қожырбай бастаған надандарға:
    Қожырбайұлының ғылыми дәлелдеу логикасының ізімен(жалғасы):

    Мәскеу-Масқар(Байұлы Масқарлардың Адайлармен бірігіп барып жаулап алған, Масқарлар тарихта өз аттарын қалдыру үшін солай атаған қаласы, қазір Ресей Федерациясының астанасы, орыстар Мәскеу атауы қайдан шыққан деп әлі бастарын қатырып жүр!)
    Санкт-Петербург – Саңғыт Петірдің аузына! (Адайлар қазіргі Ресейдің жерін жаулап алып, Петір деген патшаларын қолға түсіріп, байлап, жерге жатқызып қойған кезде аспандағы бір құс Петір бәтшағардың аузына саңғырығын тастап кеткен жері, қазір Ресейдің солтүстік астанасы болып есептеледі)
    Новосибирск - Ібір-Сібір (Адайлардың Сібірді жаулап алған жаугершілік заманда «ібір-сібір, ібір-сібір, ібір-сібір»,- деп, жағып қойған отты айнала жүгіріп, трансқа түсіп бір бақсыларының ұшықтаған жері)
    Магадан – Мақ Адай (Адайлардың Сібірден әрі, Қиыр Шығысқа дейін жаулап болып, тоқтаған жерлері)
    Чита – Шиті (Адайлардың Сібірді жаулаған жаугершілік заманда шиті мылтықтарын байқамай ұмытып кеткен жері)
    Иркутск – Іркіт (Адайлардың Сібірді жаулаған жаугершілік заманда бие байлап, қымыз ішуге мүмкіндік болмаған кездерінде сиырдың сүтін пісіп, іркіт қылып іркіт ішкен жерлері)
    Байкал – Байұлы көлі (Адайлардың Сібірді жаулаған жаугершілік заманда үлкен бабалары Байұлының құрметіне солай аталған көлі, әлемдегі тұщы су ең көп жиналған, таза көл, қазір Маңғыстауда тұщы, таза су жетпегендіктен Адайлар Байкалды қайтадан Ресейден тартып алмақшы)
    Кемерово – Кемірген (Адайлардың Сібірді жаулаған жаугершілік заманда иттері сүйек кеміріп, бір ырғап-жырғаған жерлері, қазір Адай ұрпағы Аман Төлеев басқарып отыр, губернатор болып!)
    Саяны – Сая тау (Адайлардың Сібірді жаулаған жаугершілік заманда салқындап, сая тапқан тауы)
    Хакасия – Қаракесекия (Адайлардың Сібірді жаулаған жаугершілік заманда Әлімұлы Қаракесекке енші ғып бөліп берген жері, айтпақшы Арғынның Қаракесегі де осы Әлімдерден шыққанын білмей жүр, Қожырбайұлына айту керек, ұмытып кетпей айтсын Арғынның Қаракесектеріне ескертіп, олар Әлімұлынан шыққандарын біліп жүрсін!)
    Ташкент – Таз кент (Адайлардың Орта Азияны жаулаған жаугершілік заманда Байұлы Таздарға алып берген қаласы, айтпақшы Найманның Терістаңбалы, Бағаналысының ішіндегі Таздар да осы Байұлы Таздардан шыққанын білмей жүр, Қожырбайұлына айту керек, ұмытып кетпей айтсын Найманның Таздарына ескертіп, олар Кіші жүздегі Байұлынан шыққандарын біліп жүрсін!)
    Ашхабад – Ашық Адайға құшағы! (Адайлардың Орта Азияны жаулаған жаугершілік заманда, түркімендерді жеңіп, болғаннан кейін түркімен ханының сұлу қызы Адай батырына құшағын айқара ашқан қаласы, қазір Түркіменстан Республикасының астанасы)
    Душанбе – Душаң бірге ме еді? (Адайлардың Орта Азияны жаулаған жаугершілік заманда тәжіктер тез, қарсыласпай беріле салып, содан Адайлармен достасып, душаң бірге ме еді деп тойлаған қаласы, қазір Тәжікстан Республикасының астанасы)
    Бішкек – Пішпек (Адайлардың Орта Азияны жаулаған жаугершілік заманда Қырғыздардың Қазақ ханы Кенесарыны сатып кеткендері үшін Қырғыз манаптарын қойдай тізіп қойып, пішкен қаласы. Сол замандардан Қырғыздар ол жерге барсақ бізді Адайлар пішпек!,- деп Пішпек атап кеткен, қазір Қырғыз Республикасының астанасы)
    Кабул – Қабыл (Адайлардың Ауғанстанды жаулаған жаугершілік заманда сол жердің тұрғылықты халықтары-Пуштундар мен Урдулар Адайлардың қойған талаптарын бірауыздан қабыл еткен қаласы, қазір Ауғанстанның астанасы)
    Папуа-Жаңа Гвинея – Папа, жаңа жиендер келді! (Адайлардың Тынық мұхит елдерін жаулаған жаугершілік заманда сол жердің тұрғылықты халықтары-папуастар Адайларды баяғыда ұзатылып кеткен қыздарынан туған жиендері іздеп келген екен деп қалып, балалары: Папа, жаңа жиендер келді!,-деп мәз болып жүгірген жерлері)
    Сингапур – Сен кәпір (Адайлардың Оңтүстік-Шығыс Азияны жаулаған жаугершілік заманда сол жердің тұрғылықты халқы мұсылман болмағаннан соң, ызаланып кетіп, сен кәпір деп айқайлаған жері)

    Тағы солай жалғастыра беруге болады. Бұлар ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін, айдан анық нәрселер! Адайлардың Жер жүзінде қалдырмаған ізі, таңбаламаған белгісі жоқ! Кез-келген ел-жер, қала, тау, өзен, көл, теңіз атауында Адайдың терең тарихынан сыр шертетін құпиялар жасырынып жатыр! Тек қазіргі ғалымдардың міндеті-сол құпияларды зерттеп, жұмбағын шеше білу!

    «МАД-Маңғыстаудағы Адайлар патшалығы»,-М.Қожырбайұлы.

    Мадрид-Адайлардың қаласы
    Мадагаскар-Адайлардың мемлекеті
    Мэдисон Сквэр Гарден-Адайлардың АҚШ-та салдырған спорт кешені(кейде Г.Головкин осында бокстасады)
    Мэдисон-АҚШ-тың Висконсин штатындағы Адайлар салдырған қала
    Мадлен-Адайлардың Францияға ұзатылған қыздарының жиынтық есімі
    Мадлен Олбрайт-Адайлардың АҚШ-қа ұзатылған қызы(АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы)
    Адыгея-Ресей Федерациясының құрамындағы Адайлардың автономиялық республикасы

    «Түздіктердің ең бір ержүрек тайпасы Адайлардың орыс бодандығына берілмеуі Орта Азия хандықтарын орыс отаршылдығынан бір жарым ғасыр бойы сақтап тұрды», — деп жазды Ф.Энгельс бұл туралы.

    • #148
    • Шыңғыс маскүнемнің досы
    • дн, 21/11/2016 - 15:53

    Негізінен, Шыңғыс - хан деген аздап жауыздау адам, қазақтың жиені болып жүрмесін?! Енді, бас жоқ - аяқ жоқ - оны Қазақ деу, шамалы ұяттау!!!! Қазақтың өткен тарихында Шыңғыс-хансыз да атақты адамдар жетіп-артылмай ма?! Әлде, бұл өздерін қазақ руларына кіргізбейтін монғол "төрелердің" пиары ма?! 12- ғасырдағы, туған тегі белгісіз (бір баукеспені) рэкитирді қайтесіңдер қазақ қылып, бәрібір монғолдар оны біздерге оңайлықпен "бере салмас"!!!

    • #149
    • қайрат зарыпхан
    • бн, 08/12/2016 - 21:06

    Әй надандарым ай, мұғал-маңғол деген қазақтың бір атауы еді, Рашиден бұл сөзді "будьте опечаленными" деп түсіндіреді. яғни "возьми печаль" деп тұр. Сонда бұл мұң+ал. Кейін, біздің ата-бабаларымыз қыпшақ даласына келгенде бұл атау жұртта қалған чукчаларға ауып кеткен. Сол заманның картасын қараңдар, қоңарттар ұлы қабарғаның ең төрінде солтүстікте отырған, одан бері уақтар, наймандар, жалайр, керейлер. Бәріміздің аталарымыз сол жақта жүрде емес пе?

    • #150
    • Бура
    • бн, 29/12/2016 - 18:59

    29 Гылымга
    Казахты калмактан куткарган орыс емес. Орыс кайта калмакка зенбирек пен мылтык берип артынан урлеп отырган. Кеин казахтар оларды талкандай бастаганда коширип апган. Казыр отырган Калмак автономиясы солар. Калмак боданында болганымыз жасырын емес Улы жуз алым-салык толеп турган. Енди Шынгысханга келетин болсак казах деп айтканымыз тарихка киянат болады, дурысы теги турки деп айтайык. Сосын казахка ен жакын халык ногай мен каракалпак. Ушеуи бир тилде сойлейды. Ногай Хакназардын тусында казах хандыгына кирген. Каракалпак Абылхайыр, Нуралы,Ералылар тусында киши жузге кирген. Каракалпак Кылыш би биздин уш бимен катар аталган. Типти кеиын Совет заманында да казах СССрыне киремиз деп Москвага хат жазган бауырларымыз.

    • #151
    • Уйсун Казак
    • сб, 21/01/2017 - 20:12

    #147 Қыр қазағы, қоямды жемеші. (Қоя - википедиядан қара). Саған айтуға басқа сөз таппадым қатты ренжіме. Ал ренжісең атамнан ары!

    • #152
    • Уйсун Казак
    • сб, 21/01/2017 - 20:12

    #147 Қыр қазағы, қоямды жемеші. (Қоя - википедиядан қара). Саған айтуға басқа сөз таппадым қатты ренжіме. Ал ренжісең атамнан ары!

    • #153
    • Уйсун Казак
    • сб, 21/01/2017 - 20:22

    Өзін өзі «казах», «Хазакстан» деп отырған мәңгүрт Шыңғысты қазақ дей қоймас. Мық қақсаң да мойындауы қиын. Аққұлдар өз дегеніне жетпіс-ақ жылда жетті. «Ардағы кетіп ауылдың, шобыры қалды-ау, о, Жалған!...» – деген қазақ Сралин мен Тақыршеке заманында.

Пікір қосу

  • 7 + 29 =

Вход