Жағымды жаңалық

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕР КОДЕКСІ МОРАТОРИЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Президент Н.Назарбаев кеше Астанада өткен жиынды қоғамдық резонанс тудырған Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий жариялаған еді. Бүгін арнайы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы akorda.kz хабарлайды.

 Abai.kz

 

«Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Жарлық

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабына, 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1. 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін мыналарға:

1) «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдануға;

2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге;

3) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге мораторий жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер енгізуді қамтамасыз етсін;

2) жер реформасы жөнінде Комиссия құрсын;

3) Осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды қамтамасыз етсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы  6 мамыр

3136 рет оқылды Қосылған: 06.05.16
    • #1
    • АҚЫН
    • жм, 06/05/2016 - 14:45
    Пікір алынып тасталды!
    • #2
    • Мақаншы ШҚО
    • жм, 06/05/2016 - 15:30

    Ешқандай жерді ешкімге сатуға болмайды. Референдум арқылы шешілетін мәселе ғой өркениетті елде. Сол өркениетті елдерің 30 елдің қатарына кірмей ме деп ойлаймын.

    • #3
    • #
    • жм, 06/05/2016 - 15:55

    Түсінбейтін не бар?
    Жерден айырылсақ жүреміз қаңғып күрд, сыған, ұйғырлар сияқты.
    Одан да Қытайдан неге соншама миллиардтаған доллар алдық, ол ақшалар қайда пайдаланылды немесе кімнің қалтасында кетті соны түсіндірсін халыққа. Түсіндіруді осыдан бастасын.
    Ал жерден айырылғанша өлгеніміз артық.

    • #4
    • Сәмен. Өскемен.
    • жм, 06/05/2016 - 15:58

    Жері бар адамдай сөйледі ғой мыналар.

    • #5
    • *
    • жм, 06/05/2016 - 16:32

    Менің телефоныма смс келді Ақордадан, мораторий жариялады деп. Қарақасқалар, телевизордан да көріп отқан жоқпыз ба, смс жібергені несі ақшаны далаға шашып!

    • #6
    • ҚАЗАҚ
    • жм, 06/05/2016 - 16:35

    21 де шеруге шығу керек әйтпесе кешегі айтқандары бәрі бекер бәрібір жер сатуды тоқтату деген сөз жоқ қой және Ұйғырды кетіру керек қой осының бәрінің қасында сол пәле тұр ғой біріншіге керемет ақыл айтып отыр.

    • #7
    • МЕН
    • жм, 06/05/2016 - 16:40

    Елбасы әр қазаққа тегін жер үлестіріп,әр жан басына 200 000 теңгеден үлестіріп халықтың шегіне жеткен ашуын басайын деп жатыр екен.Осы уақытқа дейін бас көтергеннің бәрі құртылды немесе тоз-тозы шығып кетті, немесе қайтадан билікке қайтар жол тапты. Опоозицияның үні солай өшті. Ендігі жүріс халықтың (қазақтың)көңілін табу: Шетелдіктердің қанжығасын майлап жатқан кен орындарын халыққа қайтарады, олигархтарды халықтың сотына береді, өзінің жақын-жұрағаты демей, жемеңқорларды көгендеп, көптің үкіміне береді.Сонымен, оппозицияның үні біржола өшеді.Халық риза болса, биліктің оппоненттері айтарға дәнеңе таппай, іштен тынады. Не болса да, халықтың көңілін табатын уақыт келгені анық. Ал,Нұр-аға болса, ендігі қолдауды жалған сайлаулардан емес, шынайы жүректерден таппақ екен.Оянып кетсем, түсім екен...

    • #8
    • Халық
    • жм, 06/05/2016 - 16:44

    1.Жерді шетелдіктерге саудалауға біржола тыйым салынсын.
    2.Бір емес, бірнеше рет халықтан оңбай жеңілген, бюджетті тығырыққа тіреген, айтқанының бәрі өтірік болып шыққан, бүкіл пәле-қазаның бәрі соның үкіметінің тұсында болған Мәсімов кетсін!

    Болды.

    • #9
    • АНАРБЕК
    • жм, 06/05/2016 - 16:54

    Құрметті кеудесін ыза мен кек, күмән мен сенімсіздік
    билеген бауырлар маратория заңды түсіндіру үшін жасалынатын
    шара емес, керісінше өршіп бара жатқан халықтын жүрек
    қалауының шешімін бейбіт жағдайда реттеуге жасалынған игі
    шара. Біз нені қаламадық соның барлығына тиым салынды, енді
    біз қасиетті жерімізді ешкімге, ешқандай жағдайда бермейтіні-
    мізді бүкіл адамзатқа паш еттік, бірақ жерді халқымыздың
    игілігіне пайдаланудың жолын біз ұсынбасақ, осындай жағдайға біз тағы да душар болуымыз әбден мүмкін. Сондықтан бауырлар өткен 20 ғасыр қалдырған ғылыми және практикалық, жетістіктерімізді ортаға салып, саналы ұрпақты оятып,
    бағыт бағдар жасасақ, дегенімізге жетеміз. Құрылған комиссия-
    ның талқылайтын мәселесіне халықтың қалауына қарсы болатын
    жағдайлардың қайталануына жол бермейік.

    • #10
    • Өмірдің өлшемі.
    • жм, 06/05/2016 - 17:34

    Жоғарыдағы заң баптарында, "шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын" заңды тұлғаларға,-депті. Ал, егер шетелдіктердің үлесі ЕЛУ ПАЙЫЗДАН ТӨМЕН болса, мысалы: шетелдіктердің (біріккен) үлесі-49 немесе 40 пайыз болса жерді жалға алуға (яғни уақытша мерзімге сатып алу) құқығы бар деген сөз ғой.

    • #11
    • Ерлан
    • жм, 06/05/2016 - 17:37

    Жерді жалға бергісі келсе, 100пайыз қазақстан жұмысшыларын алуды ұсынамын

    • #12
    • Есенғали, Антакиядан
    • жм, 06/05/2016 - 17:41

    әй, албастылар, Мұқаң айтпақшы "МОРДИЯЛАРЫҢ" белгілі болды ғой !

    • #13
    • Болат
    • жм, 06/05/2016 - 17:42

    Актөбедегі мұнайшылардың жағдайын кім ойлайды 01 халыққа қатты жаны ашыса солардың жан айқайын шешпей ме Қара қытайға команда бергізбей!!!!! Кешегі айтқанның бәрі көз бояушылық қой тірі болсақ алдағы уақытта бәрін көреміз ғой құдай соған жеткізсін.

    • #14
    • жүрегім қазақ
    • жм, 06/05/2016 - 17:43

    1 ЖЫЛДАН КЕЙІНДЕ САТЫЛМАСЫН ХАЛЫҚ ҚАРСЫ ТҮСІНДІРМЕЙАҚ ҚОЙСЫН. ҚЫТАЙЛАР АЗЫҚ ТҮЛІКТІ УЛАЙДЫ КИІМДЕРІДЕ УЛАНҒАН

    • #15
    • Есенғали, Антакиядан
    • жм, 06/05/2016 - 18:02

    "BERIK SKO1 деген жынды бар.
    Ермұрат деген ешкімге бағынбайтын журналист інім бар,
    демократия үшін көтін ашуға таяр құрдасым бар ( Гүлжан ) маңқа қазақты "демократияға" жеткізем деп , шашы ағарған інім бар (Әміржан),
    Мына "кемеңгердің" қулығын күнде ашып отырған Есенғали Құлжанұлы деген 50 "проценттік" ҚАЗАҚ БАР.

    • #16
    • Есенғали, Антакиядан
    • жм, 06/05/2016 - 18:05

    Қарап отырсам, менен бай адам жоқ екен !

    • #17
    • Че
    • жм, 06/05/2016 - 18:25

    Мұртты бәрін құртты. Масимов жазанды кашан аласың қазақтың басына бәле болдыңғой

    • #18
    • али
    • жм, 06/05/2016 - 19:20

    ендиги амалы билик референдум откизеди сосын нур отан партиасынын женисиндей етип отирик шешим шыгарады референдумнын кортындысы оз колдарында

    • #19
    • мурат рамазан
    • жм, 06/05/2016 - 19:27
    Пікір алынып тасталды!
    • #20
    • Серікжан
    • жм, 06/05/2016 - 20:10

    Қазірдің өзінде ең шұрайлы жерлер жеке меншікте емес пе. Жер үшін оның иелері қолына айыр, күрек, балта алып күнде соғысып жүр ғой. Сататын жер де қалмаған да секілді. Қазақтың даласында араламаған жерім жоқ шығар. Осындайды әр ауылдан көріп жүрмін, әсіресе өзен жағаындағы, қара топырақты жерлер баяғыда сатылып кеткен.

    • #21
    • Сәуле
    • жм, 06/05/2016 - 20:16

    заңды өзгертпейінше, ештеңеге сенуге болмайды..

    • #22
    • Қазақ баласы!
    • жм, 06/05/2016 - 20:47
    Пікір алынып тасталды!
    • #23
    • жүрегім қазақ
    • жм, 06/05/2016 - 21:16

    КЕРЕК ЕМЕС 1ЖЫЛ БОЙЫ ТҮСІНДІРМЕСІН ВООБЩЕ АРЕНДАҒА САТЫЛМАСЫН ЗАПРЕТ ЖАСАСЫН ХВАТИТ УЖЕ

    • #24
    • жүрегім қазақ
    • жм, 06/05/2016 - 21:21

    ГМО ТАМАҚТАРЫН БІЗГЕ САТЫП ЕЛІМІЗГЕ КІРІП АЛЫП ҚАЗАҚТАРДЫ ҚҰРТАДЫ ТЕККЕ. СОСЫН ӨКІНГЕННЕН ПАЙДА БОЛМАЙДЫ

    • #25
    • жүрегім қазақ
    • жм, 06/05/2016 - 21:25

    ОДАНДА ОВОЩИ ЕГІП ОЗІМІЗ ГМО ҚОСПАЙ ЗАТО БІЛЕМІЗ НЕ ЖЕП ОТЫРҒАНЫМЫЗДЫ

    • #26
    • жүрегім қазақ
    • жм, 06/05/2016 - 21:30

    ҚЫТАЙ БІЗГЕ ЕШҚАШАН ЖАҚСЫЛЫҚ ОЙЛАМАЙДЫ. ҚЫТАЙЛЫҚТАРДА ЖЕРЛЕРІ ТАР СОНДЫҚТАН СОҒЫССЫЗ БІЗДІ ТАМАҒЫМЫЗДЫ УЛАП КИІМДЕРІ ТОЖЕ УЛАНҒАН

    • #27
    • Қуандық
    • жм, 06/05/2016 - 21:35

    Қуандық
    Мам 6, 2016 at 13:33
    Аллаһқа сансыз шүкіршіліктер мен мадақтар болсын!!! Халықтың бейбіт шерулерін бүліксіз аяқтаған қалауы үшін, қазаққа берген бейбітшілік нығметі үшін! Ұлтым,жерім деген ұрпақтың алғашқы жетістігі баршамызға құтты болсын! Жағдайды ушықтырмай, халық пен билікке үзіліс берген Елбасына Аллаһ разы болсын!
    Намыс, Абай, Қамшы, Ұлт, Қазақ үні ұжымдарына, т.б. осы нәтижеге жетуге үлес қосқан әр азаматқа мың да бір алғыс.Халықтың жан айқайын билікке шынайы түрде жетуіне мүмкіндік туғызып, бірден-бір себепкер болғандарыңыз үшін, сайт ұжымдары, сіздерден де Аллаһ разы болсын. Сіздерден мүйіздері қарағайдай БАҚ-тар үлгі алса нетті.
    Ерекше алғыс-ризашылығымды Атырау халқына, Макс пен Аянға, қасындағы достарына білдіремін.Және де басқа да қалаларда бас көтерген бауырларға, ауыл-қаладағы ұлтжанды азаматтарға алғысым шексіз.
    Бауырлар, сіздерге алғысымды айта отырып, жеңіс сөзін әдейі қолданбай отырмын.Себебі,бұл жеңіс жолындағы азаматтық қоғамға қарай жасалған алғашқы қадам ғана. Ұлт жанашырлары Ашық хат жариялағаннан бері айналдырған бір айдың ішінде қазақ қоғамы ірі әлеуметтік қозғалысқа келді, намыс оянып, рухымыз жігерленді, күшіміз қайраттанды.Біріксек қоғамды өзгерте алатын алып күшке ие екенімізге сеніп те, сезініп те отырмыз. Билік те көрді, сенді, сезінді.
    Сондықтан, мараторий сықылды уақытша қадамға баруға мәжбүр болды. Амалсыздан.Байқасаңдар Елбасы сөзінде де, үнінде де зіл бар, ал бұл жақсы ишара емес. Ақиқатында, “асфальтқа шығып айқайлаушылар” жер туралы сұрақты түсінбегендіктен емес, керісінше, жақсы түсінгендіктен шықты емес пе?!
    Сондықтан, алғашқы жетістігімізді жер қылмайық десек, қол жеткенге тоқмейілсімей, сен алаңға шықтың-шықпадың демей, батыс-шығыс, оңтүстік-солтүстік демей, іштарлықтан аулақ болып, іс-шараларды заң аясында ,өркениетті түрде жалғастырайық. Уақыт өте аз, бір-ақ жыл!!! Кімде қандай ұсыныс бар, сал ортаға!!!
    Ағайындар, бұл менің бүгін түс мезгілінде Намыс.kz. жазған пікірім болатын. Енді, қызықты қараңыз!!! Тәулік өтпей Елбасының дүиім жұртқа төрт саусағын көрсете отырып Жер кодексінің дау туғызған 4 бабына мараторий жариялаймын дегені 3 бапқа айналды және бір жыл емес алты-ақ ай. Тәулік өтпей!!! Әлде мен, менің Президентім айтқандай дұрыс түсінбейтіндер қатарынан ба екенмін?! Анығын айтшы, ағайын!!!

    • #28
    • Қуандық
    • жм, 06/05/2016 - 22:04

    Жоғарыда жазған пікіріме қосымша: Елбасы кешегі сөзінде мараторий "келесі жылға дейін" деді. Жыл аяғына дейін деген жоқ. Көп орысты Қостанайданмын,сондықтан, Жер туралы кодексті "түсінбегендіктен" қазақ тіл қолдану ережесін де дұрыс "түсінбей" тұрмын-ау шамасы.

    • #29
    • жүрегі ғана қазаққа
    • жм, 06/05/2016 - 22:33

    сөзің шұбар ала екен.

    • #30
    • #
    • жм, 06/05/2016 - 23:04

    Ел басындағылар халыққа қызмет етуі керек. Қарсы болғандарды жестоко жазалау керек деген басшы бізге қажет пе? Осы күнге дейін айдағанға жүріп келді ғой қазақ. Енді осы төзімділігі үшін "тупой, түк түсінбейтін топас" деген сөз естіді. Астарында "бұлар кім соншама" деген емеурін жатқан сияқты.
    Төзімде де шек болады. Ми болса баста ойланыңдар жоғарыдағылар.

    • #31
    • Зәуре
    • жм, 06/05/2016 - 23:07

    Жер шетелдіктерге берілмесін! Қазақ тілі мәселесі шындап қолға алынсын!

    • #32
    • Бауыр
    • жм, 06/05/2016 - 23:17

    Мәсімовтің көзіне қараңдар, ашудан жарылайын деп отырғандай. Оның билікке келудегі ең басты мақсаты, өмір бойы талпынған главный задачасы орындалуға жақын қалғанда, мына қазақтар бәрін бүлдірді деп отырғандай...Ұйғыр бауырым-ай.Жаным ашиды.Бірігіп, бір ел бола салайықшы онан да, бәрібір түбінде қазақтың қаны жеңеді. Қазаққа айналып кетесіңдер, қожа мен төрелер секілді.Қожалар деген мүлдем қазақ емес қой, таза арабтар, қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, бірақ, қазіргі қожаларға қарап кім оларға қазақ емессің деп айтады. Қайта қазақтың қамын ойлағанда, ешкімнен кем емес, жандарын салады.Сондықтан, ең дұрысы, Қазақстандағы барлық түркі текті ұлттарды қазаққа айналдырып жіберу керек, бөлініп, басты қатырғанша.

    • #33
    • графен
    • жм, 06/05/2016 - 23:36

    Протонның ұшырылуын бейбіт шеруге шығып тоқтатпасақ, ендігі нағыз апат халыққа содан келеді.

    • #34
    • Арда
    • сб, 07/05/2016 - 0:57

    Арқаны кеңге салуға болмайды. Бұл кезекті қойлым немесе биліктің бір адым артқа, екі адым алға жүрісі болуы әбден мүмкін. Жер мен тіл мәселесінде бүгежектемейтін мамандар пікірі жетекші болуы қажет.

    • #35
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 07/05/2016 - 5:43

    # 20, СЕРІКЖАН ІНІМ !
    Мені экспедицияңа жұмысқа ал, аспаз бола аламын (ет асып, қамыр илеп білемін, өзбектің 40 түрлі палауын таярай аламын, украинның борыщын қазақтың асындай қыла аламын) тапқан артефантарыңның суретін салып бере аламын.

    • #36
    • Жан
    • сб, 07/05/2016 - 8:02

    ал тіліміз не болды...жұлымданған тілім жырымға түскен жерім.поезбен келе жатқанда қазақтың көсілген даласына қарап кімдердің көз құрты болмадың сен қасиетті жерім.деймін.31мамырда аштан қырылған Баба Қазақтарға құран бағыштаңыздар лауазым иелері..аруақтарға тие берсін.шамамыз келгенше сіздер қорғап кеткен жерді біз де құс құсап шырылдап қорғармыз деңіздер халық.

    • #37
    • Төре
    • сб, 07/05/2016 - 9:52

    Ал "Жер енді адамға табын", деген "философияны" қайтеміз, қайда жібереміз? Бір Алла кешір?

    • #38
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 07/05/2016 - 10:08

    Төре ! Оны Алжас деген көкеңе жібересің.

    • #39
    • Қуандық
    • сб, 07/05/2016 - 10:44

    Президент мырза! Елге қылған қызіметіңіз Алтын әріптермен жазылып (фильмдер,кітаптар)жатқаны хақ, егер пәрменіңізбен халықты алаңдатқан жер сатуды біржола жоймасаңыз, уақыт өте қарт тарихтың қойнауынан" Жерін сатқан Президент" деген қара тасқа қашалған сөздер шығатыны да анық.

    • #40
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 07/05/2016 - 11:05

    Қуандық қарағым, жағымпаздықтың шыңына шыққан екенсің ?
    Сені "І-Президент" орденімен 3 рет марапаттау керек !

    • #41
    • Қуандық
    • сб, 07/05/2016 - 12:38

    Есенғали мырза! Әркім өз өресі жеткен деңгейде пайымдайды ғой. Менің ой-пікірімді, ұстанымымды толығырақ білгіңіз келсе басқа сайттардағы, тіпті, осындағы #28,#29 жазбаларымды шолып шығыңыз. Қаласаңыз, тура хабарласыңыз тел.+7-701-257-60-01 мүмкін көзқарасыңыз өзгерер. Ізгі оймен, Қуандық.

    • #42
    • #
    • сб, 07/05/2016 - 12:44

    Қуандық, жер сатылып кеткен соң "жерін сатқан сұмырай", "елді құртқан, тілді құртқан сұмырай" деп тарихқа жазудан Алла сақтасын! Оған дейін жібермеу керек.
    Жер кетсе күнің қараң, сан жағынан бар-жоғы үлкен бір қаланы да толтырмайтын қазақ ұлты жойылып кетеді шүршіт болып.

    • #43
    • Қуандық
    • сб, 07/05/2016 - 14:24

    #47 Бауырым Аллаһты аузыңа алып айтқан тілегіңе қосыламын және пікіріңді толық қолдаймын. Сіздер, Есенғали мырзадай жаңсақ пікірге ұрынбас үшін, менің #44жазбамдағы Алтын сөзін тырнақшаға алып оқуларыңызды өтінемін. 50 жасқа келгенде пернетақтаны бір саусағыммен басып енді үйреніп келемін, қателік менен кетті.

    • #44
    • кезекті алдауда
    • сб, 07/05/2016 - 18:36

    төзбейміз.

    • #45
    • Алтынбек
    • сб, 07/05/2016 - 19:37

    Ағайындар, көпсөзділікке салынбай, бір пəтуаға келетін кез туды. 1-пікір ұсынысты қолдайық. Мәсімов отставкаға кетпесе, бір жылдан кейін бəрі кеш болады.Сорлы басымызға орыстар да жетеді.

    • #46
    • Төре
    • сб, 07/05/2016 - 22:05

    Өткен ғасырдың екінші жартысында Қазақ ССР-нің Министрлер кеңесінің төр ағасы СҰЛТАН Жұмабек Тәшенов -ТӨРЕ өз басын өлімге тігіп, КПСС - тің бас хатшысы Никита Хрущевтің Қазақстанның біраз жерін көршілес Республикаларға бермек болғанда, жанын шүперекке түйіп арашалап қалғанын біздер, Қазақ халқы ешқашанда ұмытпаймыз және ұмытуымыз мүмкін емес! ... Сондай тұлғалар жоғарғы билікте барма, бар болса, қайда олар?...

    • #47
    • қараша
    • жб, 08/05/2016 - 0:32

    Екі елдің азаматтығы бар Машкевичке жер сатылама, екінші қазақ қыздарына үиленген қытаиларға жер берілеме

    • #48
    • графен
    • жб, 08/05/2016 - 0:42

    Машкевич ордалы жылан патшасының сыбайласы ғой. Оған сатылмаған жер кімге сатылады? Ал қытай қазақтың қызын алса Қазақстан азаматтығын да ала алады, ал Қазақстан азаматы шүршіт болса да, қытай болса да, орыс болса да, яхуди болса да аукционда артығырақ ақша төлесе жер сатып ала алады, тек мораторий аяқталғаннан кейін.

    • #49
    • жүрегім қазақ
    • жб, 08/05/2016 - 2:17

    ҚЫТАЙ БІЗГЕ ЕШҚАШАН ЖАҚСЫЛЫҚ ОЙЛАМАЙДЫ. ҚЫТАЙЛЫҚТАРДА ЖЕРЛЕРІ ТАР СОНДЫҚТАН СОҒЫССЫЗ БІЗДІ ТАМАҒЫМЫЗДЫ УЛАП КИІМДЕРІ ТОЖЕ УЛАНҒАН

    • #50
    • Жан
    • жб, 08/05/2016 - 20:40

    Жұмабек Тəшенов дəл кəзір болса ғой шіркін. сондай бір адамның өзі 100адамға татитын заман боп тұр.білген ерге құн жетпейтін күн туар деген ғой

    • #51
    • Адайшал
    • жб, 08/05/2016 - 22:26

    Осы жаңа ғана бар еді, жоқ боп кетіпті, Косаревтің мәлімдемесін айтам Мәсімов кетсін деген.

    • #52
    • Антақияға
    • жб, 08/05/2016 - 22:30

    Сен өзіңді сила,елді силата біл.Сонша шыжың болармысың.

Кіру