Саясат

ЖЕР РЕФОРМАСЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ТІЗІМІ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Жер реформасы жөніндегі комиссия құрылып, оның алғашқы отырысы 14 мамырда өтетін болып бекітілді. Үкімет комиссия құрамын жария етті.

 

Сагинтаев

Бакытжан Абдирович

Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, председатель

Кул-Мухаммед

Мухтар Абрарулы

первый заместитель Председателя партии «Нур Отан» (по согласованию), заместитель председателя

Ушкемпиров

Жаксылык Амиралыулы

глава крестьянского хозяйства «Жаксылык», общественный деятель (по согласованию), заместитель председателя

Абаев

Даурен Аскербекович

Министр информации и коммуникаций Республики Казахстан
Абасов
Кайнар Бегалиевич
директор товарищества с ограниченной ответственностью «Хлопковая компания» (по согласованию)

Абдигали

Берик

политолог (по согласованию)

Абдукаримов

Максат Серикович

председатель объединения юридических лиц «Ассоциация садоводов» (по согласованию)

Абенов

Мурат Абдуламитович

общественный деятель (по согласованию)

Айтаханов

Куаныш Айтаханулы

депутат Сената Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

Аким

Жанузак

руководитель международного института человека (по согласованию)

Альтаев

Нуржан Бауыржанович

заместитель председателя правления Национальной палаты предпринимателей «Атамекен» (по согласованию)

Ашимжанов

Жанарбек Садыкович

заместитель председателя правления союза писателей Казахстана (по согласованию)

Ашыгалиев
Катауолла Мералиулы

директор товарищества с ограниченной ответственностью «Агрофирма «Ақас»

(по согласованию)

Бабамуратов

Даурен

руководитель молодежного движения «Болашак» (по согласованию)

Баймолдина

Зауреш Хамитовна

заместитель министра юстиции Республики Казахстан

Бактыбаев                                     Саин Рысбаевич

председатель объединения юридических лиц «Казахская хлопковая ассоциация»

(по согласованию)

Батталова

Зауреш Кабылбековна

президент общественного фонда «Фонд развития парламентаризма в Казахстане»

(по согласованию)

Башимов
Марат Советович

директор экспертного института Европейского права и прав человека

(по согласованию)

Бектаев

Али Абдикаримович

председатель народной патриотической партии «Ауыл», депутат Сената Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

Бисетаев

Кайрат Серикбаевич

председатель объединения юридических лиц «Союз картофелеводов Казахстана»

(по согласованию)

Бишимбаев

Куандык Валиханович

Министр национальной экономики Республики Казахстан

Бокаев

Макс Кебенович

председатель неправительственной организации «Арлан» (по согласованию)

Буканов
Сайран Балкенович

директор товарищества с ограниченной ответственностью «Каркен»

(по согласованию)

Ган

Евгений Альбертович

президент объединения юридических лиц «Союз зернопереработчиков и хлебопеков Казахстана» (по согласованию)

Даринов

Ауезхан Камешевич

президент республиканского общественного объединения«Союз фермеров Казахстана»(по согласованию)

Досмухамбетов
Темирхан Мынайдарович

руководитель агропромышленного холдинга «Байсерке-Агро» (по согласованию)

Дуйсебаев
Жексенбай Картабаевич

депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

Еримбетов

Нурлан Кенжебекович

президент объединения юридических лиц «Гражданский альянс Казахстана»

(по согласованию)

Ерманов
Журсин Молдашевич
поэт, журналист (по согласованию)

Жангуразов

Ибрагим Даутович

руководитель производственного кооператива «Ижевский», представитель объединения юридических лиц «Союз птицеводов Казахстана» (по согласованию)

Жандосов

Ораз Алиевич

директор общественного фонда «Центр экономического анализа «Ракурс»

(по согласованию)

Жапаркул
Таскын Тургангазиевич

Руководитель крестьянского хозяйства «Ернар» (по согласованию)

Жексенбай
Бибигуль Нургалиевна

руководитель клуба главных редакторов

(по согласованию)

Жолдасбеков
Мырзатай Жолдасбекович

общественный деятель, академик Национальной академии наук Республики Казахстан, доктор филологических наук

(по согласованию)

Имандосов
Самурат Жұманұлы

президент акционерного общества «РЗА»

(по согласованию)

Искаков
Нартай Жуматаевич

директор товарищества с ограниченной ответственностью «Нарол», депутат Акмолинского областного маслихата

(по согласованию)

Калиев

Гани Алимович

председатель комиссии по интеграции аграрного образования, науки и производства, развитию кадрового потенциала агропромышленного комплекса при МСХ РК

Кожахметов

Асылбек Базарбаевич

президент образовательного учреждения «AlmatyManagementUniversity»

(по согласованию)

Косарев 
Владислав Борисович
почетный секретарь Центрального комитета коммунистической народной партии Казахстана (по согласованию)

Кравченко

Андрей Николаевич

заместитель Генерального Прокурора Республики Казахстан (по согласованию)

Куанбаев

Нурлыбек

руководитель народно-патриотического движения «Желтоксан» (по согласованию)

Кулкенов

Мереке

общественный деятель, член союза писателей Казахстана (по согласованию)

Куришбаев

Ахылбек Кажигулович

ректор акционерного общества «Казахский агротехнический университет имени Сакена Сейфуллина» (по согласованию)

Кушимов

Досмуханбет Калмаханулы

председатель общественного объединения «Ұлт тағдыры» (по согласованию)

Манатов

Саха Узакович

руководитель крестьянского хозяйства «Манат» (по согласованию)

Мырзахметов

Аскар Исабекович

Министр сельского хозяйства Республики Казахстан

Нурыпбаев

Максат Илиясулы

правозащитник (по согласованию)

Озганбаев

Омирзак Озганбаевич

председатель центрального совета республиканского общественного объединения «Организация ветеранов Республики Казахстан» (по согласованию)

Оспанов

Нурлан Елеусизович

президент объединения юридических лиц «Зерновой союз Казахстана»

(по согласованию)

Перуашев

Азат Турлыбекович

председатель Демократической партии

«Ак жол» (по согласованию)

Платонов

Артур Станиславович

депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

Поляков

Александр Владимирович

руководитель товарищества с ограниченной ответственностью «Победа

(по согласованию)

Рафальский

Анатолий Брониславович

руководитель товарищества с ограниченной ответственностью «Тайынша Астык»

(по согласованию)

Сабден

Оразалы Сабденович

президент союза ученых Казахстана

(по согласованию)

Сабильянов

Нуртай Салихулы

депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

Сагадиев

Кенжегали Абенович

общественный деятель, доктор экономических наук, профессор

(по согласованию)

Сагиндыков

Алик Сабырбекович

республиканская ассоциация сельскохозяйственных кооперативов «Агросоюз Казахстана» (по согласованию)

Сагиндыков

Елеусин Наурызбаевич

депутат Сената Парламента Республики Казахстан (по согласованию)
Сагитов
Абай Оразович

директор товарищества с ограниченной ответственностью «Научно-исследовательский институт защиты растений», академик Национальной академии наук Республики Казахстан

(по согласованию)

Сагналин
Нурлан

директор компании «АкТеп»

(по согласованию)

Сарым

Айдос

политолог (по согласованию)

Сауэр

Иван Адамович

генеральный директор агрофирмы «Родина», член президиума Национальной палаты предпринимателей «Атамекен»

(по согласованию)

Сейбагытов
Даржок

ветеран труда в сфере сельского хозяйства

(по согласованию)

Смагул

Бахытбек

депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

Султангали

Серик Султангалиулы

председатель партии «Бірлік»

(по согласованию)

Cултанов
Сабыржан Кыдырсихович

председатель производственного кооператива «Курмангазы»

(по согласованию)

Тайжан

Мухтар

президент фонда Болатхана Тайжана

(по согласованию)

Тлеухан

Бекболат Канайулы

депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

Торебеков

Абдолла Торебекович

председатель областного филиала общественного объединения «Союз фермеров Казахстана» по Карагандинской области (по согласованию)
Тумабаев
Мухит Тогусканович

руководитель товарищества с ограниченной ответственностью «Приречное»

(по согласованию)

Туякбай

Жармахан Айтбайулы

председатель Общенациональной социал-демократической партии (по согласованию)

Уразалиев
Рахим Алмабек-улы

академик Национальной академии наук Республики Казахстан (по согласованию)

Худайбергенов

Олжас

директор товарищества с ограниченной ответственностью «Центр макроэкономических исследований»

(по согласованию)

Шаханов

Мухтар

главный редактор журнала «Жалын»

(по согласованию)

Шибутов

Марат Максумович

политолог (по согласованию)


89 пікір 3967 рет оқылды Қосылған: 12.05.16
    • #1
    • Беріш Бай ұлы
    • бн, 12/05/2016 - 17:59

    Көк тиын пайдпапары жоқ Мырзатай мен Бекболаттың орнына Мұхтар Шаханов ағамызды қосу керек еді ғой. Бақытжан Сағынтаев азамат жігіт деп ойлаймыз. Әке көрген оқ жонар деген ғой.

    • #2
    • ШӘКІРТТЕРІ ұсынады
    • бн, 12/05/2016 - 18:04

    Cовет-Хан Ғаббасов
    Жазушы дәрігер, фантаст, драматург,
    Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері,
    Медицина жне Педагогика ғылымдврының докторы, профессор,
    КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі,
    Зайсан ауданының құрметті азаматы,
    Махамбет сыйлығының лауреаты.
    Халықаралық Нострадамус атындағы
    академияны толық мүшесі – Академик,
    "Алаш үні" қоғамдық бірлестіктер одағының Төрағасы. - міндетті түрде комиссия мүшесі болуы ауадай қажет !!!..

    • #3
    • Мен
    • бн, 12/05/2016 - 18:10

    Көпшілігі көңілге қонады. Бекболат Тілеуханнан басқасы. Әу дегенде ер сөзін айта алмаған адамнан енді не үміт? Мырзатай ағаң да сипай қамшылайтын кісі. Озғанбаев та, Сағадиевте сол маңайдағы адамдар. Биліктің ығындағылар жетерлік екен. Бірақ Жер үшін бас көтеретін азаматтар да бар. Халықтың талап-тілегін айтатын азаматтар бар. Соларға салмақ салынады. Егер комиссия адал жұмыс істесе.... Жер сатылмайды, арендаға берілмейді. Осыны ескеріңдер, азаматтар. тоқтау салыңдар. Әйтпесе, бағаларың жоқ ел үшін

    • #4
    • ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ
    • бн, 12/05/2016 - 18:29

    Мынау жазылған - үш пікірді де - ескерген жөн. Жер түгелдей нацианалзациялануы -ауадай қажет ! БИЛІКТЕГІЛЕР - Қазақпен ойнауды тоқтат !!.. Осы аптадан қалдырмай Кәрім Мәсімовтай -"нұрбану-шпион" ды - қамауға алып тексеру керек. Бұлай жасалмаса, оны ұстап отырған адамды да орнынан кетіру қарастырылсын !!!...

    • #5
    • Қуаныш
    • бн, 12/05/2016 - 18:33

    Комиссия тізімінде Мұхтар Шаханов, Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан секілді беделді азаматтардың болғандығын қолдаймын!

    • #6
    • Қазақбай
    • бн, 12/05/2016 - 18:35

    Мыналардың 60-70 пайызын билік "оброботка" жасап қойса, ( солай болар-ау) дауысқа салғанда жеңеді де отырады. Осылай бола ма деген күдігім бар. Сағадиев, Озғанбаев, Жолдасбеков, Сұлтанғали, Тілеухан, Е. Сағындықов, Перуашев, Сабильянов, Ерімбетов, Досмұхаметов, Дүйсебаев сияқты біраз адамдардың таразының қай басына жығылатыны бесенеден белгілі. Комиссия сол жағынан сенімсіз....

    • #7
    • Алашхан
    • бн, 12/05/2016 - 18:47

    Мына тiзiмде баскасын кайдам, Платонов неге жур. Онын откен жексенбiдегi "портрет неделясы" алi канымды кайнатып отыр. Анау Шаукентаева деген катын екеуiн косактап, елден куу керек.

    • #8
    • Күдікті қазақ
    • бн, 12/05/2016 - 19:00

    Көңілге қонбайтын тізім, ақындар жарайды, эмоциямен халық мүддесін қорғаған болар, ал қалған көпшілігі өздері латифундистер және солардың өкілдері. Таңдау дұрыс жасалмаған, әкімдіктермен, министрліктермен келісіп қана жасалған сияқты, халық өкілдері деп бірен саран ақын, депутат қосылған сияқты тізімге. Ақ жіппен тігілгені көрініп тұр. Сондықтан комиссия құрамын экономист мамандармен толықтырған жөн.

    • #9
    • А 2- А 4
    • бн, 12/05/2016 - 19:18

    Құрамына Шақанов пен Жолдасбеков кірген қай комиссия қай кезде, қашан халықтың мұңын жоқтайтын қарар шығарып еді? Тағы да мәселе су аяғы құрдымға тіреліп барып тынады - ау. Билік осылай "белгілі бекбикелердің" көмегімен, орыстар айтқандай, қайнаған қазаннан сәл "бу шығарып алып", халықтың ызасы тарқаған кезде тағы баяғы әләуләйіне басары анық. Дегенмен артын күтейік, жақсы-жаман болсын, елді ширек ғасырдан астам уысында ұстауға ақылдары жеткен биліктегілердің ендігі уақытта ескі соқпақпен шоқыта берудің қауіпті екеніне де ақылдары жетіп, ел мүддесіне сай шешім шығаруы да ғажап емес қой.

    • #10
    • Н.Қошаманұлы, Ақтөбе қ ҚР Журналистер Одағының мүшесі.
    • бн, 12/05/2016 - 19:34

    Мұхтар Шаханов міндетті түрде комиссия құрамында болуы керек. Қосымша ұсынарымыз: Жасарал Қуанышалин, Зинуллин Аманжол секілді азаматтардың комиссия құрамынан көргіміз келеді. Неге бұл азаматтар жоқ. Себебін білер ме едік?

    • #11
    • Алмас
    • бн, 12/05/2016 - 19:34

    Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
    Не тындырдың «басымды иемменен?»
    Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой,
    «Отан үшін өлемін, күйем» деген.
    «Жүз толғанып, күніне мың ойласам»,
    Ақ басты алып анаммен шырайласам.
    Қалай оны сүйем деп айта аламын,
    Бірге күліп, қуанып, мұңаймасам?!
    М.Мақатаев

    • #12
    • Адай
    • бн, 12/05/2016 - 19:47

    Советхан Хаббасов және Әміржан Қосанов комиссия құрамына алынсын. Олар болуы тиіс деп есептейміз. Бұл азаматтардың өздері бір себебін айтар деп үміттенеміз.

    • #13
    • Білгіш
    • бн, 12/05/2016 - 20:15

    Коммисияның 50% оппозициядан болмаса пайда жоқ.
    Бекболат, Мырзатай дегендер сарай бұлбұлдары. Оларға қазақты жерімен бірге түгел қытайға сатайық десе "лəббəй тақсырлайтындардың" қатарынан.
    Дауысқа салса солар жеңеді де отырады

    • #14
    • Білгіш
    • бн, 12/05/2016 - 20:17

    Жалпы мораторий, коммиссия дегендер халықты алдау, уақыт созу.
    Биліктің бар ойы түлкі бұлаңға салып 21-і халықты ереуілден тоқтату. Осыған АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗДАРШЫ ағалар!!!

    • #15
    • Ұрыларға қарсы, жер сатуды түсінбейтін миы жоқ адам
    • бн, 12/05/2016 - 20:42

    Мына комиссияда билікке қарсы көзқарастағы тұлғалар неғып жүр. Сонда олар да коммисияның бір міндеті болып табылатын "жерді сату мен шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзарту" туралы заңның "пайдалы жақтарын" түсінбейтін "миы жоқ халыққа" "халыққа түсіндіру" жұмыстарын жүргізетін болып сатылып кетті ма???!

    • #16
    • Бейбіт шеруге дайынбыз!
    • бн, 12/05/2016 - 20:45

    Ешқандай коммисия момиссия деген алдауларына көнбейміз! Жеріміз үшін атып тастап қанымызды суша ағызса да мейлі.

    • #17
    • үсен
    • бн, 12/05/2016 - 21:07

    бұл тізімге депутаттар неге кіреді олар баяғыда сенімнен кеткен. мырзатай,кенжеғали т.б биліктің итаршылары да керек емес билік халықты тыңдаймын десе қарсы болған өз ой пікірін айта алатын азаматтар керек мынау көзбояаушылық.

    • #18
    • Мыналардың басы қалай бір қазанда жүр
    • бн, 12/05/2016 - 22:13

    Қызыл көз коммунистер мен ауыл шаруашылығын өнімін өндіріп мемлекетті теспей сорып субсиядия алып отырған бұрынғы партократ - қазіргі кулактар.

    • #19
    • Нағыз коммунист
    • бн, 12/05/2016 - 22:15

    Помещиктер мен кулактар жойылсын!

    • #20
    • Мұрат Керей
    • бн, 12/05/2016 - 22:22

    Browse by country Kazakhstan --- https://offshoreleaks.icij.org/search?c=KAZ&cat=1 --- Қазақстандағы ҰРЫ-ҚАРАҚШЫЛАРДЫҢ қара дізімдігі...

    • #21
    • Намыс
    • бн, 12/05/2016 - 22:34

    мыналарды4 арасында оразалиннің де өнімі жүр ғой. шамасы бәрі белгілі болды. "жансыздықты" жақсы атқарады-ау

    • #22
    • Болат Кайратов
    • бн, 12/05/2016 - 22:37

    Осы Жер кодексi 2003 жылы қабылданған екен, сол кезден бастап жер Қазақстан азаматтарына сатылып, шетелдіктерге жалғп беріле бастаған. 2003 ж.Жер Кодексін қабылдаған депутаттар да осы Комиссия мүшелері болыпты: Жармаxан Тұяқбай,Зауреш Батталова. Мүмкін болғандары да дұрыс шығар,өйткені олар да өз жұмыстарынын нәтижесін көрсін.

    • #23
    • Мені өздері түсінеді
    • бн, 12/05/2016 - 22:53

    Маймылды ойнатып маймөңкелететіндер бұл тізімде неге тұр?

    • #24
    • Өмірдің өлшемі.
    • бн, 12/05/2016 - 23:15

    Бұл комиссия халыққа түсіксіз немесе мағынасы күрделі заң баптары арқылы халықты көндіруге тырысады. Егер, халық бұл комиссияның шығарған шешімімен келісетін болса, шетелдіктердің жер сатып алуына рұқсат (мүмкіндік) беретін (түсініксіз) заң баптарын қолдаған болып шығады. Халықтың ұтылып қалмауының ең дұрыс жолы жер мүлдем сатылмауы керек, және жалға да берілмеуі керек. Жердің иесі Қазақстанда тұратын басқа елде қосымша азаматтығы жоқ, қазақ тілді Қазақтар ғана болуы керек. Басқа ұлттар жерді уақытша пайдаланушы (құқықтары шектелге) болуы керек. Шетелдктерге Қазақстан азаматтығын бермеу керек. Қазақстан азаматтығын алса жерді жалға алу немесе сатып алу, сату мүмкіндігіне ие болып алады.

    • #25
    • Шашты
    • бн, 12/05/2016 - 23:19

    Мен мына тізімде халықты соңынан еріте алатын, үш төрт адамды оқыдым. Қалғандары толық биліктің адамдары. Мақсат інімізді тіл көзден сақтасын. Халқының ұлы.

    • #26
    • проф. Совет-Хан Ғаббасұлы
    • бн, 12/05/2016 - 23:23

    "ЖЕР РЕФОРМАСЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ТІЗІМІ" - деген жазбаны қарап шығып, таңқалмасқа болмайтындай... алдау мен арбау үшін құрылған ТОП - ФОРМАЛИЗММЕН қол көтеріп, ЖЕР МӘСЕЛЕСІН шешпекші БОЛУДЫҢ өзі - КҮЛКІЛІ және ҰЯТ-АҚ !!!... Себебі, тізімде - халық СЕНІМІНЕН АДА азаматтардың саны - көп екен деуші... пікір жазушыларға да мол. Оның үстіне - ПЛАТОНОВТАЙ - былжырақтың тізімде жүруінен - ӨРЕСКЕЛ де ... ӨКІНІШТІ не болмақ шы ?.. Қазақтың - ЖЕРІ мен ТІЛІНІҢ ТАҒДЫРЫН - ойыншық ету кімге керек ?.. Осындай ТАҒДЫРЛЫ МӘСЕЛЕНІ комиссия шешуш ме еді ?.. Топырлаған ТОП емес... менімше ХАЛЫҚ САЙЛАҒАН ПРЕЗИДЕНТ- ЕЛБАСЫ шешсе болар еді. Бұл ДАУ емес, анық айтып отырған ХАЛЫҚ ТАЛАБЫ ғой. ХАЛЫҚ - ЖЕР САТЫЛМАСЫН да... ЖАЛҒА да... БЕРІЛМЕСІН, - деп НАҚТЫ айтылған МӘСЕЛЕНІ ... комиссияға салу қажеті болмаса керек. ОЛАЙ БОЛСА, ХАЛЫҚ пен АҚЫЛДАСА отырып - ПРЕЗИДЕНТТІҢ өзі ШЕШКЕНІ - дұрыс болар...

    • #27
    • халық
    • бн, 12/05/2016 - 23:52

    Бекболат Тілеухан əшейінде сақалын сипап сайрайды,бұл халық деген адам екен деп бүйрегім бұратын еді,жай адам емес тұлға деп.Бірақ жер мəселесі туғанда дұрыс емес жер сатылмау керек деп айта алмады.Жылы орнын қимады.Жұмыстан кетседе аш қалатын адам емес еді ғой.Бірақ халық алдында абыройына нұқсан келді.Енді комисия тізімінде болғанын ешкім жақтырып отырған жоқ.Өйткені маскасы шешіліп қалды.

    • #28
    • Жер сату Бекболат сақалын сипағанша
    • жм, 13/05/2016 - 0:23

    Жердің сатылуы мен жалға берілуіне тыйым салу үшін соншама адам жинап комисиия құрудың не қажеті бар?

    • #29
    • тараздан
    • жм, 13/05/2016 - 0:50

    Коткекирер мырзатай мен Артурдын орнына баска казакты косу керек.

    • #30
    • Бірлік болмай тірлік болмас
    • жм, 13/05/2016 - 2:25

    Жолдасбеков.М, Тілеуханов.Б, Платонов.А сияқты және бірнешеудің есімін тізімнен көріп, жүрегім ауырып кетті. Бұрын Бекболатты қатты қолдаушы едім. Өткенде, данагөйсіп тілін безегенін, жер сатылмайды, тек, 25 жылға жалға беріледі деп сайрағанын көргенде көріп отырған көксандығымның алдына қалай барып, балалы үйрекпен ортантеректің ортасына қысқан бармағымды аузына қалай тақағанымды білмей қалдым.
    Бекболат, сен біттің! Саған сенген халықтың бәрі саған қарғыс айтуда. Мүмкін үйреншікті сөзіңмен өзіңді даттағанның бәрін "хауариж" санайтын шығарсың. Шындығында нағыз "хауариж" өзіңсің. Өйткені, сен сенген халқыңа қарсы шықтың. Ал, нағыз билік иесі, нағыз патша--халық. Бір кездері осындай сайттарда таңға дейін түн ұйқымды төрт бөліп, Бекболатқа қарсы пікір жазғандарға тойтарыс беріп, өлеңді де өруші едім. Текке кеткен қайран уақытым. Қияметте есебін сенен аламын. Сенен есеп алатын тек, жалғыз менемес екенін де білемін.
    Бекболат, есіңде болсын, "хауариж" деген сөзді халыққа қолданушы болма!!! Түсіндің бе?! Президент деген сөз Құранда айтылған әмірге жатпайды. Бұл заман басқа. Президент деген сөз халық өкілі деген сөз. Шын мәнінде президенттің артында халық тұруы керек. Халық басқарып отыруы керек. Өкінішке орай, бізде басқаша. "Араларыңнан болған әмірлеріңе бағыныңдар..." деген аяттың соңында, "Әділдікті айтыңдар..." деп Құранда да жазылған. Соны да зер салып оқығаның жөн болар. Сүннет бойынша да, ғұламалардың айтқан даналы сөздері мен кешірмелері де саған сабақ болмаған сияқты. Шындығында сенің өмірің Тазабековтың тақымындағы көкпар сияқты. Сенің ел білмейтін "идеолыгың" Мұхаметжан. Осы бетіңнен таймасаң әлі талай артыңды ашармын, Алла қаласа. Себебі, мен сен туралы көп мәлемет білемін. Елдің бірлігін бұзып отырғандар, елім, жерім деп шұрқырап шыққандар емес, сен және сенің қожаларың. Бірлікті бұзудан асқан ауыр күнә жоқ.

    • #31
    • "Әншіні байым бар деме, ешкіні малым бар деме" деген қазақ
    • жм, 13/05/2016 - 6:54

    Ән естіліп жатқанда Пайғамбарымыз с.ғ.с. құлағын басып қашан ән естілмейтін жерге дейін жеткенше қолын түсірмеген.

    • #32
    • Өмірдің өлшемі.
    • жм, 13/05/2016 - 7:03

    Бұл комиссияға мүше болуға болмайды, ешбір пайдасы жоқ. Себебі олар дауысқа салғанда, адам санының көптігімен жеңіп кетеді (яғни, халыққа пайдасыз заңды қабылдап жібереді).

    • #33
    • Жәй мұсылман
    • жм, 13/05/2016 - 7:21

    Бұлар сиқырмен ("Негізінде, шешендікте сиқыр бар" деген Муслим р.а. жинақтаған Пайғамбар с.ғ.с. сахих хадисінде) алдап "дем салып" енді жалғыз қалып тұрған қара жерімізден айырмақ па? Ондай басынуларына өлгенімізше жол бермейміз, иншаАллаһ!

    • #34
    • Хадисте "Негізінде, шешендікте сиқыр бар" деген
    • жм, 13/05/2016 - 7:52

    Ал Құранда Алла "Сиқыршы қайда барса да құтылмайды" деген.

    • #35
    • намыс
    • жм, 13/05/2016 - 8:32

    Әнебіреу "бетке күлгіш, көтке кіргіштің" қасына апарып Шаралтайдың көсемі Боқболатты "қосқандары" биліктің зымиян саясатының бірі. Алданып қалмай,атқа қоналық. Енді шегінетін жер жоқ.

    • #36
    • 18+
    • жм, 13/05/2016 - 8:43

    Бекболатты шынында да түсінбедім. Ана жолғы сөзінен кейін, әй еркек болса енді бұл тақырыпқа жоламайтын шығар деп ойлағам. Енді не бетімен ол жер мәселесі туралы бір шешім шығарып, иә болмаса біреуге ақыл айтады? Бет пердесі ашылып біржолата "какашка" болып қалды емес пе. Мырзатайды қойшы, қазақ билігінің "Кащей бессмертныйы" ғой ол. Сағынтаев мырза, бұл екі бұлбұлды комиссияға қосқандарыңыз үшін халық уже комиссия жұмысына сенбейді. Пікірлерден өзіңіз де көріп отырған шығарсыз...

    • #37
    • АРУАҚ - КИЕ
    • жм, 13/05/2016 - 9:24

    И-И 2016/05/11

    Бүкіл Қазақстанды білдірмей АЗДЫРУДЫ - Қазақты түп-тұқиянымен ҚҰРТУДЫ - жоспарлы түрде жүргізуші - тек Н.НАЗАРБАЕВ ЕКЕНІ - айдан анық ДӘЛЕЛДЕНІП болды. Тәуелсіздіктің бірінші күнінен - БҮТІНДІ БҮЛДІРІП ауылшаруашылығын быт-шыт қылып, сол сәттен-ақ ЖЕРДІ МЕНШІККЕ ТАРАТЫП БӨЛШЕКТЕЙ БАСТАДЫ. ЕНДІ БІР ҒАНА ШЕШІМ : - ЖЕР де... ұрланған МИЛЛИАРТТАР да... ХАЛЫҚТЫҢ МЕНШІГІ ЕКЕНІ - Аллаға да ... Адамға да аян !!.. Олай болса, осы ЖАЗҒА ЖЕТКІЗБЕЙ - ЖЕРДІ ДЕ... ұрланған МИЛЛИАРТТАРДЫ да... - МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕНШІГІНЕ... ЯҒНЫЙ, НАЦИЯНАЛИЗАЦИЯЛАУ КЕРЕК !!!.. БАСҚА ЖОЛ ЖОҚ !!!...

    • #38
    • Қазақтың бір азаматы
    • жм, 13/05/2016 - 9:26

    Комиссия мүшелерінің көпшілігі халық сенімін аяқ асты еткен, биліктің жемін жеп үйренген адамдар! Бұлар халықтың сөзін сөйлемейді. Мұндай комиссияның керегі жоқ! Халық өзі ұсынсын комиссияға мүше болатын адамдарды. Сағынтаев Масимовтың тапсырмасымен осындай комиссияны өзің құрсаң, онда дұрыс істемегенің. Елім дейтін тәуір жігіт сияқты едің. Жерге келгенде ешқайсымызда туысқан, бауыр дегген жоқ. Жер барша қазақтың меншігі. 75 адамнан өтірік комиссия құрып тағы да жерімізді бөліске салғыларың келеді. мынаның ішінде халық сенімінен шыққан депутаттар мен саясаткерлер, қайраткер аталатын жағымпаздар неге жүр? осы да әділеттік пе? Әлде халықты топас, тобыр көресіңдер ме? тағы ойын жүргізгелі отырғандарың белгілі болып қалды.

    • #39
    • Біз
    • жм, 13/05/2016 - 9:30

    Жер сатушы комиссияға жол жоқ! Қазақтың жері сатылмайды, арендаға берілмейді.

    • #40
    • Канат
    • жм, 13/05/2016 - 9:50

    Шаханов Батталова Туякбаевтар барго тизимде

    • #41
    • Қазақ үні
    • жм, 13/05/2016 - 10:30

    Қазақта "Жалғыздың үні шықпас" дейді. Комиссия құрамында халықтың ойын жеткізетін 3-4 адамның үндерін есіттірмейді!!! Комиссия өз жұмысын Жасарал Куанышалиннің "Жас алаш" газетінде жазған мақаласындағы Бұрынғы Ата Заңның 46 бабы қалпына келтірілуі тиіс дегеннен бастауы керек, яғни-“Жер, оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүние­сi, басқа да табиғи ресурстар тек қана мемлекет меншiгi болып табылады”

    • #42
    • Жарбосын
    • жм, 13/05/2016 - 11:12

    Мына тізімнің ішінде жылтыңдар көп екен. Соның ішінде әсіресе бір жылтыңды көріп қайран қалдым. Жер туралы, Ел туралы бүтін сөз аузынан шықпайтын байқұс мына тізімге де жылтыңдап кіріп алыпты. Құдай біледі, осыған тегі бәрібір. Қара шыбынның тізімі мен қоғамы құрылса да құнжыңдап барып кіріп алатын шығар?..

    • #43
    • Астаналық
    • жм, 13/05/2016 - 11:31

    Жалпы жаман емес .... Жанболат Мамай, Рысбек Сәрсебайұлы, Ермүрат Бапи сынды біраз азаматтарды енгізу қажет еді. Төрағаның тағы бір орынбасары биліктің ықпалы жүрмейтін тұлға болғаны абзал.

    • #44
    • Бір кісі
    • жм, 13/05/2016 - 11:42

    Ертең бұл тізім өзгеріп кетсе, тағалмаймын...

    • #45
    • Казак
    • жм, 13/05/2016 - 11:48

    Жер ешкимге де сатылмасын, шет елге жалга берилмесин

    • #46
    • Сұрат
    • жм, 13/05/2016 - 11:52

    Мақсат Ілияс пен Мұқтар Тайжан бауырларыма сенемін! Олар анау-мынауға көне қоймас.

    • #47
    • Қиябай
    • жм, 13/05/2016 - 11:54

    Бұл комиссия Үкіметтің ойлап тапқан қулығы. Соған тағы сеніп, аузымыз аңқиятын болады.

    • #48
    • Табынбай
    • жм, 13/05/2016 - 14:28

    Комиссия құрамында жер иелері өте көп екен. Қарапайым қазақ баласы және ел, жер тарихынан хабары бар жандардан ешкім жоқ екен. Комиссия құрғаны қайтсеңдер де сатамыз дегені. Олар алған бетінен қайтар емес.

    • #49
    • Жоламан
    • жм, 13/05/2016 - 14:30

    Комиссиядағылардың басым бөлігі биліктің сөзін сөйлейтіндер.

    • #50
    • Бақытты жан
    • жм, 13/05/2016 - 15:36

    Тізімде Мұхтар Тайжан, Мұхтар Шаханов, Оразалы Сәбден, Ораз Жандосов, Зәуреш Батталова, Берік Әбдіғали, Айдос Сарым сияқты ұлт жанашырлары бар екеніне қуанып отырмыз.

    • #51
    • Қасқа болған
    • жм, 13/05/2016 - 15:40

    Вахаббит-Итболат, Азғанбаев Амирзақ, Йолдашбеков, протонов-платоновтарға қалай сенем, қасқа-ау?!

    • #52
    • Қазақ үні
    • жм, 13/05/2016 - 15:50

    Мына комиссияның құрамынан адамзаттың, ұлттың, діннің хас дұшпаны Бекболат Тілеуханов алынып тасталсын! Арам араласқан жерде ешқашан іс оңбайды! ТАЛАП ЕТЕМІЗ!!! Ал ана ішінара сатқындарды да аластап, орнына шын Ұлт жанашырларын: Р.Сәрсенбаев, Е.Бапи, Ә.Қосанов, Е.Раушанов, Т.Медетбек сынды азаматтарды кіргізу керек! Бұл - уақыттың, ұлттың талабы!

    • #53
    • Жумабай
    • жм, 13/05/2016 - 15:59

    Комиссия сы несi.Бул кандай махына бермек?.
    Комиссия деген ол таласып жаткан жерде шыгады.Мысалга: Таулы Карабак та екi ел .жерге таласып сохысып жаткан....
    Ал бiзде неге?.Оз жерiмiзде ол кандай комиссия?.Айтылып жаткан жокпа жер жалха да,сатылугада шыкпайды деп.Он жерден комиссия болсада куны кок тиын...солай емеспе...
    Билiк халыкты сатып кеттi.Халык ар село.кала .оздерi комиссия .Сатылуга шыгарамын деп жатса,саткызбауга жердi.жер ушiн согыс болады.Кандай китуркы арекет,халыкпен санаспай туркан а.
    Билiк аз хана тобыр,халык коп 16миллион карcы,екенiн бiлмeйме?..

    • #54
    • Абзал
    • жм, 13/05/2016 - 16:44

    Мухтар Шаханов. К. Айтаханов. М. Бокаев. ( А. Сарым. Б. Смагул. М. Тайжан ) осы кисилерге сенем ал калгандарын билмим бирак ишинде мулдем керек еместер журген секилди мысалы 2 сойлейтин Б. ТИЛЕУХАН ДЕГЕН.

    • #55
    • Абзал
    • жм, 13/05/2016 - 16:55

    Ж. Ушкемпировты торага орынбасарлыгынан алып орнына баска киси болганда дурыс болар еди себеби бул реформа дурыс деп халыкты кондируге талпынып угиттегеннин бири осы киси еди. Ех ех Палуаным-ай катты сыйлаушедим бирак жерге деген пикиринизге келиспедим.

    • #56
    • Жүре берсең көре бересің деген осы екен ғой
    • жм, 13/05/2016 - 17:28

    Мына тізімнің ішінде кезінде лауазымын асыра пайдаланып өз әкім болып тұрған ауданның көптеген шаруашылықтарын түкке тұрмайтын тиынға жекешелдіріп алған сабаз қайдан жүр? Мемекеттен қыруар қаржы алып шет елдерден сиырлар сатып әкеліп, оның сүтінен алынған сары майдың әрбір килосына мемлекеттен тағы 400 теңгеден субсидия алып отырса да сары майды натуралды қағазбен қаптамай қытайдың улы пакетіне қаптап халыққа бұзылған, көнерген сары май сатып отырып бұған не жоқ Жер Реформасын жөніндегі коммиссияда? Бұндайлардың еркіне салсаң шенділермен бірігіп тапқан арам ақшаларына бүкіл қазақтың жерін сатып алуға аянып қалмас қой.

    Менің де кімді айтып отырғанымды өзі түсінеді.

    • #57
    • Жүре берсең көре бересің деген осы екен ғой
    • жм, 13/05/2016 - 17:30

    Мына тізімнің ішінде кезінде лауазымын асыра пайдаланып өз әкім болып тұрған ауданның көптеген шаруашылықтарын түкке тұрмайтын тиынға жекешелдіріп алған сабаз қайдан жүр? Мемекеттен қыруар қаржы алып шет елдерден сиырлар сатып әкеліп, оның сүтінен алынған сары майдың әрбір килосына мемлекеттен тағы 400 теңгеден субсидия алып отырса да сары майды натуралды қағазбен қаптамай қытайдың улы пакетіне қаптап халыққа бұзылған, көнерген сары май сатып отырып бұған не жоқ Жер Реформасын жөніндегі коммиссияда? Бұндайлардың еркіне салсаң шенділермен бірігіп тапқан арам ақшаларына бүкіл қазақтың жерін сатып алудан (ДӘЛІРГЕГІ: ТАРТЫП АЛУДАН) аянып қалмас қой.

    Менің де кімді айтып отырғанымды өзі түсінеді.

    • #58
    • Мәди
    • жм, 13/05/2016 - 17:38

    ЕЛБАСЫҒА МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАҢЫЗ, ХАЛЫҚПЕН ОЙНАМАҢЫЗ деген ақын Қазыбек Иса қайда? Мыналарыңның басым бөлігі таразының қай жағы басса, сол жаққа ауып кететіндер ғой... Кеше ғана жер сатамыз, шетелге жалға береміз деген Бекболат бастаған депутаттарыңның бәрі жүр ғой ішінде.. "ЕЛБАСЫ ЕЛДІҢ ЖЕР ТУРАЛЫ СӨЗІН ЖЕРГЕ ТАСТАМАУЫ ТИІС"
    http://www.qazaquni.kz/?p=51191

    • #59
    • Секен
    • жм, 13/05/2016 - 17:39

    Озғанбаев, Жолдасбековтерің билік не айтса да қолдап шығатындар

    • #60
    • Атырау
    • жм, 13/05/2016 - 18:26

    Мына соловейлері көп құраммен халықтың болашақ үшін заңды тілеуін, талабын қанағаттандыратын шешім қабылданбай халықты одан әрі ашуландырып алмаса болар еді. Халық қолдамай жатқан адамдар елге масқара болмай тұрғанда өз еріктерімен комиссия құрамынан шығуы керек қой. Жерді сатқан, жалға берген анаңды сатқан, немесе жалға бергенмен бірдей екенін ұмытпаған жөн.

    • #61
    • Қайтейін
    • жм, 13/05/2016 - 18:48

    Пау дегенің. Көбі бізді қазіргі жерұйығымызға алып келгендер ғой. Мақтауға теңеу іздеп аласұратын ақылшылар ғой. Ештеңе шыға қоймас бұлардан. Мұхтар Шаханов кірсе кірсін. Іштеріндегі ақылдысы мен ғана едім деп кейін ақталып сөйлеуіне жақсы болады.

    • #62
    • Арлан
    • жм, 13/05/2016 - 18:50

    Бекболат Тiлеухан екiжуэдi саткын. Ол керек емес мында. Ондан халык ушiн пайда болады деп ойламаймын. Уйгыр Карiм Масимов кету керек. Сенбеймин мен оган.

    • #63
    • Бейбіт
    • жм, 13/05/2016 - 19:29

    Комиссия тізімінде Мұхтар Шаханов, Мұхтар Тайжан, Макс Боқаев, Мақсат Ілияс сияқты ұлтжанды азаматтардың қатарына Ә.Қосанов және т.б. белгілі адамдарды қосу керек еді. Өйткені, М.Жолдасбеков, Б.Тілеухан секілді биліктің адамдарына сенім жоқ.

    • #64
    • Бану
    • жм, 13/05/2016 - 19:32

    Жер сатылмасын! Шетелдіктерге жалға берілмесін!!!

    • #65
    • Мына аттары аталған 20 ұлт азаматына сенуге болады
    • жм, 13/05/2016 - 20:06

    1. Абдигали
    Берик – политолог (по согласованию)
    2. Абенов Мурат Абдуламитович – общественный деятель (по согласованию)
    3. Айтаханов Куаныш Айтаханулы – депутат Сената Парламента Республики Казахстан (по согласованию)
    4. Аким Жанузак – руководитель международного института человека (по согласованию)
    5. Бабамуратов Даурен – руководитель молодежного движения «Болашак» (по согласованию)
    6. Батталова Зауреш Кабылбековна – президент общественного фонда «Фонд развития парламентаризма в Казахстане»
    (по согласованию)
    7. Бокаев Макс Кебенович – председатель неправительственной организации «Арлан» (по согласованию)
    8. Даринов Ауезхан Камешевич – президент республиканского общественного объединения«Союз фермеров Казахстана»(по согласованию)
    9. Жандосов Ораз Алиевич – директор общественного фонда «Центр экономического анализа «Ракурс» (по согласованию)
    10. Кожахметов Асылбек Базарбаевич – президент образовательного учреждения «AlmatyManagementUniversity»
    (по согласованию)
    11. Косарев Владислав Борисович – почетный секретарь Центрального комитета коммунистической народной партии Казахстана (по согласованию)
    12. Куанбаев Нурлыбек – руководитель народно-патриотического движения «Желтоксан» (по согласованию)
    13. Кулкенов Мереке – общественный деятель, член союза писателей Казахстана (по согласованию)
    14. Нурыпбаев Максат Илиясулы – правозащитник (по согласованию)
    15. Сабден Оразалы Сабденович – президент союза ученых Казахстана
    (по согласованию)
    16. Сарым Айдос – политолог (по согласованию)
    17. Тайжан Мухтар – президент фонда Болатхана Тайжана
    (по согласованию)
    18. Туякбай Жармахан Айтбайулы =– председатель Общенациональной социал-демократической партии (по согласованию)
    19. Худайбергенов Олжас – директор товарищества с ограниченной ответственностью «Центр макроэкономических исследований»
    (по согласованию)
    20. Шаханов Мухтар – главный редактор журнала «Жалын»
    (по согласованию)

    • #66
    • Өзгермейтін қазақ
    • жм, 13/05/2016 - 20:29

    Белгілі бес би шыққан Бозарқаштан,
    Бәрі де қалмайт кілең піскен астан.
    Ішінде шұбартөстің бар баласы
    Кедейдің киіп тонын араласқан...

    • #67
    • Дос
    • жм, 13/05/2016 - 20:35

    66-қонақ В.Косаревке сенбеймін. Ол биліктің адамы болғандықтан, биліктің сойылын соғады.

    • #68
    • Тағы бір дос
    • жм, 13/05/2016 - 21:25

    Төрт миллионнан астам қазақты қырғынға ұшыратқан Компартияға сенген адамда ес жоқ.

    • #69
    • Дулат
    • жм, 13/05/2016 - 22:47

    Бұл комиссия деген бір кісінің кезекті ойыны. Мораторий деген жарасын жалап уақытша ес жию.
    Халық өз талабын қойды "ЖЕР САТЫЛМАЙДЫ ЖАЛҒА ДА БЕРІЛМЕЙДІ",-болды! Оны орындау халықтың сайлаған қызметкерлері ел басынан бастап. Орындамайсың ба орынды босат.
    Комиссия деген екі мемлекеттің арасындағы дауды шешетін құрылым. Неге қазақ халқы өзінің Атадан қалған мұрасы, меншігі, жеріне комиссия құру керек. Бұл тағыда қазақты қорлау.
    Халық мал немесе асфальттан шыққан шуылдақ емес 25 жыл бәріне шыдап соңғы мүмкіндігі жерін қызғыштай қорып шымшықтай шырылдап жүр.
    Кәзір халық жалғыз. Парламент, өкімет, күштік мекемелер, ақпарат құралдары бір адамның құзырында. Ал құрылған Комиссияның 90 пайызы биліктің ықпалындағы жандар. Өткен жылы қос қолын көтеріп
    жер туралы заңды қабылдаған Сағадиев пен Сабильянов не бетімен келіп отыр, . Сарай бұлбұлдары Жолдасбеков пен Тілеуханов, тіл мен жағына сүйенген Платонов пен Ерімбетовтер заңның дұрыстығын көсіліп те көпіртіп сөйлеп қол санын көбейту үшін жіберілген жандар.
    Ел басы Мораторийды бір жылға деді де 31ші желтоқсанға тіреп қойды. Яғни жер дауы желтоқсанға дейін созылады , екі жақ келісе алмаған жағдай да билік Ата заңға сәйкес желтоқсанда референдум өткізуі мүмкін. Ондай болған жағдайда Заң күшіне енеді. Біріншіден референдумның қортындысы биліктің қалауынан шығатынына біз әбден көнбіс болып алдық, екіншіден наразылық шеруге 31ші желтоқсанда 30-40 градус аязда көп қалық жиналуы күмәнді.
    Сондықтан ешқандай комиссияның халыққа керегі жоқ 21ші мамырда шеруге шығып түсінбейтін, ұқпайтын билікке түсіндіру керек. Мәсімовтың жауапқа тартылуын табандап тұрып талап етуіміз керек.

    • #70
    • Халықты енді алдау қиын
    • жм, 13/05/2016 - 22:50

    Өтірікші алаяқтар "митингіге шыққандарға көк қағаз таратты" деген жалған қауесет таратып жатыр (бір жағынан бұл жалған қауесетті таратқандары да жақсы, себебі келесі шеруге доллар береді деп халық бұрынғыдан да көп барады). Өздерінше "жасырын камерамен түсіріп алынған" деген көріністері де жоғарыдағы өтірікші алаяқтардың сценарилері екені беп белгілі.

    • #71
    • Ауыл адамы
    • жм, 13/05/2016 - 22:58

    Бұл сұмырайлар ауыл шаруашылығы жерлерінің бәрін ақшалы байларға сатып, ауылда бес-он бас ұсақ мал ұстап жан бағып отырған қазақтарға тіршілік еткізеуді көздеп отыр. Кезінде ауыл маңынан 20 шақырымға дейінгі жер ешкімге берілмейді деп еді, қазір ол ережені сақтап жатқан бірде бір әкім жоқ, бәрін арендаға беріп жатыр.

    • #72
    • халық
    • жм, 13/05/2016 - 23:21

    Спектакль.Бос жатқан жер,бос жатқан жер дейді алайын десең қаншама жастар үй күйсіз жүр.Неге соларға бермейді бос жерді.Көрмедік қой бос тегін жерді.Қазақтар аламаған жерді шетелдіктер алама.Тоқ етері Бекболатты кіналаймыз ол тоқ адам ғой.Бір басында қанша қатыны дүниесі бар екенін құдай біледі.Жылтыраған біреу .Жемге жемге келгенде сыр алдырып қойды белгілі болды кім екені.

    • #73
    • Жумабай
    • жм, 13/05/2016 - 23:34

    Мына 54.55.56.т.б.трольдар.куйыршыктар курып,ундерiн ошкенi дурыс болар едi...
    Митинг жасау керек.Кулактарына шалынсын.Маскара оз жерiмiзге комиссия жасандар дегенi.Мазак кылып турганыма сонда?.
    Булардын барiн отставкаге жiберу керек,деп талап койу керек болар ендi.Бул окiмет тарау керек.Жана окiмет курылуы керек....
    Бул окiмет халыкты талан - таражга салып жатыр.тонап бitipдi.
    Паленiн барi осы Астана дан болып тур.Бip аз хана тобыр осы нда жиналып алган,солар булдipiп тур.буларка салсан Казахстан ды болшектемек.Халыктын алi кeлмейме?.Осыншама милиондаган халык,карсы болып турканда,бул
    аз хана тобыр тук пайдасы жок,не жаксы icтерi жок,оздерi кету керек..Не бip реформалары жок.Icтерi халыкка карсы жумыстар.Халык унсiз журе бергенге баска шыкып кеткен.

    • #74
    • Н.Қошаманұлы
    • сб, 14/05/2016 - 0:12

    Жер қазақстандықтарға да, шетелдіктерге де сатылмауы тиіс, мемлекет меншігінде қалғаны дүрыс, Сатуды көздеген бүгінгі Жер туралы Заңды қайта жазу керек. Берілген күннің өзінде тек қана қазақстандықтарға ғана жалға берілуін қарастыруға болады. Қоғамдық пікір, комссия мүшелері осы ұстанымға ойысқаны дұрыс болар еді.

    • #75
    • Мұқан
    • сб, 14/05/2016 - 0:18

    Бекжан мен Серікжан сияқты тарихшылардың үндері неге шықпай қалған?

    • #76
    • Назым
    • сб, 14/05/2016 - 8:21

    Жер туралы заң қайта қаралу керек. Жер сатылмасын!

    • #77
    • Әбдияр
    • сб, 14/05/2016 - 8:41

    Шөпір мен Дымбілместер де көрінбейді.

    • #78
    • Жемқорлармен, сатқындармен, кулактар, помещиктермен
    • сб, 14/05/2016 - 15:33

    ауыз жаласпаңдар!

    • #79
    • Досмұхан
    • сб, 14/05/2016 - 18:47

    Мен олармен ауыз жаласу үшін іздеп отырған жоқпын. Олар әшейінде қазақтың мүддесін қорғаған адамдарды боқтап, балағаттап, айтпағандарын айтты деп жала жауып үнемі пікір білдіретін еді. Олардың кімнің сойылын соғып жүргендерін әлде де түбегейлі анықтау үшін іздеп отырмын.

    Тарихшылардың жер сату жөніндегі пікірлерін білгіміз келеді.

    • #80
    • халық
    • сб, 14/05/2016 - 19:27

    Бекболат Тілеухан ұяты болса комисия құрамында болудан бас тарту керек."Маған халқым қымбат,одан халқымның тыныштығы қымбат" деп жылтыр жауап пен құтылды.Онда халқымның тыныштығы қымбат десе,халық неге шықты ,неге тыныштығы бұзылды, жер дауына байланысты тыныштығы бұзылды.Сондықтан халықтын тыныштығын бұзатын нəрсе маған керек емес, жер жалға берілмесін,сатылмасын дедіма халық онда сатылмауда керек, жалғада бермеу керек деп пікір айтқанда халық сені төбесіне көтерер еді.Ал сен сұрақ қойған журналистерге халықтыңкі дұрыс деп айта алмай туырлықты айта алмадың,саған ешкім билікке қарсы шық деп жатқан жоқ,тек жер сатылмауда керек,жалғада бермеу керек деп айтқанда басқаша болар еді.Өзіңше білгішсініп Ақтамберді жырау Қазтуғандардан айтасың көсемсіп халықты қолдап бір сөз айта алмадың.

    • #81
    • қазақбай
    • сб, 14/05/2016 - 22:00

    Тізімге анау балғардың Бәңға дейме бәрі тамсанып қоймайтын бір соқыр кемпірі мен Алматыдағы көк базардың алдында ақшаға құмалақ салып отыратын бір апай бар ғой соларды қосқан жөн еді.

    • #82
    • Ызалы қазақ
    • сб, 14/05/2016 - 22:28

    Билік Макс Боқаевтың қойған талаптарын неліктен орындамай отыр? Ол бүгінгі комиисия отырысына қатыспады.

    • #83
    • СЕНЦАЦИЯ !!! ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫҒЫ 2003 ЖЫЛДАН БАСТАЛЫП КЕТКЕН !!!
    • сб, 14/05/2016 - 22:41

    http://www.azattyq.org/a/kazakhstan_astana_interview_with_samat_sarsenov/27714921.html «Шетелдіктердің жалға алғаны – 65 мың гектар»

    2003 ЖЫЛДАН БЕРІ 3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕР ЖЕКЕ МЕНШІККЕ САТЫЛЫП КЕТКЕН. БҰЛ РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ ! (Самат Сәрсенов, Ұлттық экономика министрлігінің басқарма басшысы)

    АЛ ОЛ ЖЕР ҚАНДАЙ ЗАҢ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ МЕНШІККЕ САТЫЛҒАН ???


    https://www.youtube.com/watch?v=OpfNRNvPjG4 МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАНДЫ, АЛАЙДА ЖЕР САУДАСЫ ТОҚТАҒАН ЖОҚ

    https://www.youtube.com/watch?v=Bm9ceTDtpv4 Мухтар Аблязов: "Нужно требовать, чтобы Назарбаев исполнил закон" / 1612

    https://www.youtube.com/watch?v=8tZ77CXRb1M Митинг 21 мая. Все на борьбу с джунгаром Назарбаевым!

    https://www.youtube.com/watch?v=YaEcTMoiESA Жасарал Куанышалин 21 мая - Митинг за Землю

    https://www.youtube.com/watch?v=bbZx3aQM4TA Жасарал Куанышалин. Митинг за землю. ч.2

    https://www.youtube.com/watch?v=uWPkcKtLXNo Обращение к сотрудникам МВД и КНБ #21мая

    https://www.youtube.com/watch?v=k9EszmD3JWw Айнур Курманов: Назарбаев «мораторием» обманывает народ! Надо продолжать борьбу! / 1612

    https://www.youtube.com/watch?v=C8HSnfiL47E Обще-Казахстанский митинг 21 Мая 2016

    • #84
    • Ағыбай
    • сб, 14/05/2016 - 23:00

    Б.Тілеуханға, А.Перуашевқа, М.Жолдасбековтерге мүлдем сенбеймін. Мына комиссия құрамында елдің сөзін сөйлейтіндер тым аз.

    • #85
    • Мумин
    • сб, 14/05/2016 - 23:49

    Бекболаттың өлең айтатынын тастамауын ұнатпасам да басқа көптеген әртістерден көрі мұсылмандыққа жақын ғой деп сыйлайтын едім, ал депутаттық нанын (қу нәсісін) Ұлт МҮДДЕСІНЕН жоғары қойып Жер мәселесіне келгенде жерді Қазақстанның көп ұлтты келімсектеріне қарамай азаматтарына сату мен шетелдіктерге жалға беруді қолдауынан (бұл заң онсыз да саны аз болып отырған қазақ халқының жеріне қара қытайдың қаптауына жол ашып, өзіне өзі өлім жазасын тағайындау деген заң ғой) кейін бұл ағамнан 100 пайыз теріс бұрылдым. Енді жылмаң еткен жүзін көрсем қаным қараяды.

    • #86
    • Арғынбай
    • сб, 14/05/2016 - 23:53

    Жағымпаздардың атасын ауызға алмаңдаршы, осы қылмыстардың сол жағымпаздың жартысы соның кесірі, Уәлихан Қайсар сияқты дені дұрыс азаматтардың аяғынан шалып кандидатын сайлауға өткізбеген.

    • #87
    • Сезгіш
    • жб, 15/05/2016 - 20:28

    "Назарбаев билiгiнiң 2011 жылы Қытайдан 10 мил­лиард доллар несие (қарыз) алғанда, аталмыш елге 1 миллион гектар жер беру келісімі"...

    Сол кезде Қытайда біздің Елші кім еді? Осы жағыдайды сол елші жақсы біледі? Ол әлі тірі болу керек. Сол адамнан сұрап білу керек?

    • #88
    • Сезгіш
    • жб, 15/05/2016 - 20:28

    "Назарбаев билiгiнiң 2011 жылы Қытайдан 10 мил­лиард доллар несие (қарыз) алғанда, аталмыш елге 1 миллион гектар жер беру келісімі"...

    Сол кезде Қытайда біздің Елші кім еді? Осы жағыдайды сол елші жақсы біледі? Ол әлі тірі болу керек. Сол адамнан сұрап білу керек?

    • #89
    • Жүре берсең көре бересің деген осы екен ғой
    • дн, 16/05/2016 - 11:58

    Имандосов Самурат Жұманұлы – президент акционерного общества «РЗА» (по согласованию)

    Менің айтып отырғаным осы көкем ғой. Менің айтқандарым өтірік болса жоққа шығарып мәлім етсін.

Пікір қосу

  • 7 + 29 =

Вход