Шынның жүзі

ҚАСЫМОВ МЫРЗА, ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАУЫН БІЛЕСІЗ БЕ?..

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді


Мен ешкімді алаңға шығуға үгіттемедім. Өзімнің демократиялық құқығым бойынша, ҚР Қылмыстық және әкімшілік кодекстерінде көрсетілген ережелерді сақтай отырып, алаңға бардым. Мен - журналистпін. БАҚ туралы заңда көрсетілгендей, менің ақпарат алуға және таратуға мүмкіндігім бар еді.  Сондықтан мен: Мен не көрдім, не істедім? Билік ше? - деген сауалдарға жауап іздеп байқамақпын.

Бірден естеріңізге сала кетейін, Қазақстан азаматтарының Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi заңда бекітіліп берілген (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U950002126_). Жұрт алаңға  билікті құлату, немесе мемлекеттік төңкеріс жасау үшін шыққан жоқ, Мәсімов Үкіметінің «Жерді сату және жалға беру» туралы шешіміне наразылығын білдіру үшін шықты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл шешімге мораторий жариялағанымен, бұл мәселеде соңғы шешімді жаңадан құрылған «Жер комиссиясы» ұсынатыны тағы белгілі. Алғашында 75 адамнан құрылған комиссияның екі мүшесі Мақсат Ілиясұлы мен Макс Боқаев мүшеліктен өз еріктерімен шыққан соң, оларды ІІД қамауға алды. Ал комиссия құрамында қалған азаматтық қоғамның аз өкілінің дауысы билікшіл құрамның басым дауысына төтеп бере алмайтыны бесенеден белгілі. Демек, ондағы ахуал түсінікті. Халық та, қазір ақпараттан мақұрым емес. Осының бәрін көріп-біліп отырған алматылық жұрт алаңға жиналып, Бауыржан Байбек мырзаға арыз-талаптарын айтпақшы еді. Өкінішке орай, билік диалогқа келмеді. Алаңға халықтың талап-тілегін тыңдауға кім келді? Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Саясат Нұрбек келді.(https://www.facebook.com/azattyq/?fref=ts). 

Екінші мәселе, алаңдағы оқиғаларды түсіріп, ақпарат таратуға нөпір журналистер де келді. Беттеріне бетперде киген ОМОН мен полиция жасақтары көзіне көрінген, қолына ұсталған адамды көліктерге күштеп тығып, Алматыдағы түрлі АІІБ бөлімшелеріне жеткізді. (Алмалы, Түркісіб т.б.) Осы нөпірдің ішінде алматылық оншақты журналист те бар еді (Тоқтарәлі Таңжарық, Қасым Аманжолұлы, Мақсат Толықбай, Асылхан Мамашұлы, Нұртай Лахан т.б.). 

Артынша мәлімдеме жасаған Ішкі істер министрі генерал Қалмұхамбет Қасымов «журналистерді қамамаңдар, жіберіңдер» демеп пе еді? Сонда, ІІМ өз адамдарына өз сөзін тыңдата алмағаны ма? Дәлірек айтсақ, алматылық полицейлер үшін министр Қасымовтың сөзінің құны көк тиын болғаны ма? ІІМ, Әкімшілік полициясының өкілі Игорь Лепаха журналистердің ұсталуын жәй ғана «түсініспеушілік» деді (https://www.nur.kz/1135364-v-mvd-nazvali-zaderzhanie-zhurna…

Сонда алаңдағы оқиғаларды түсіріп жүрген журналистердің кәсіби жұмысына кедергі келтіргені үшін министр Қ.Қасымов жауап бере ме, әлде кім?.. Әлде, ІІМ солдаттары (ОМОН, полицейлер) ҚР БАҚ туралы заңына түкіргендері бар ма? (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000451_).

Алаңға жұрт жиналды. Жұрт ішінде мен де тұрдым. Өктем билік өгей әкедей, халықтың құқығын таптап, езгілеп, жаншып, көліктерге сүйреп жатты. Ұсталдым, сытылып шықтым. Өзіме берілген мүмкіндікті (ҚР ҚК, ӘК, БАҚ туралы заңдар негізінде) пайдаландым, журналист екенімді айтып, берілген жоқпын. Бірақ... Ұсталғандар қаншама?!

Бейбіт мақсатта алаңға шыққан жұрттың көздегені не еді? Көздегені билікпен диалог құру еді. Бірақ, билік мұны қаламапты. Қаматты.

Үшінші, біз "құқық қорғаушылар" деп жүрген, шен таққан полицейлер құқық қорғаушы емес, құқық бұзушы болып шықты. Оған да 21-мамырда кезекті рет көзіміз жетті. Бейбіт жұрттың құқықтарын аяққа таптаған полицейлерге енді кім сенеді? Биліктің жауабы: «Олар тыныштықты қорғау үшін келді алаңға». Сұрақ: Кімнен? Халықтан ба? Билікті халықтан қорғау үшін бе? Иә, дәл солай. Сонда биліктің негізгі құрылымы қандай? Билік кім үшін? Халық үшін емес пе еді? Ашық диалогтан жалтарған биліктің әрекеті әлі де әшкерелене жатар. 

Бұған қатысты БҰҰ мәлімдеме жасап, Қазақстан билігінен азаматтардың сөз бостандығы мен журналистердің құқығын бұзбауға шақырды (https://www.facebook.com/azattyq/?fref=ts). Демек, Алматыдағы жағдай әлем наразына ілінді. 

БҰҰ немесе шетелдік БАҚ десек, Қазақстандағы халықтың демократиялық құқығын аяқа таптап, көпе-көрнеу жала жапқан Еуразия арнасы еске түседі. Кеше арандатушы арна тағы да ақпарат таратты (http://www.1tv.kz/ru/news/video20052016/glavnye/1).

Республика мен Алматы алаңдарының маңайынан жарылғыш заттар табылды деді. Аталған ақпарат пайда болған соң, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекпен жедел сұхбат жасадым.   «Біз жалған ақпарат тарататындай басымыз екеу емес» деді Салтанат Әзірбек. Өкінішке орай, Салтанат ханым алаңнан "табылған" "суық қарулардың" кімдер хабарлағанын  ашып айтпады. «Халық» деді бар болғаны. Бес адамның тұтқындалғанын айтқанымен, олардың кім екендіктерін қанша қазбалап сұрағанымызбен оны да таратып бере алмай тартынып қалды. Демек, әзірге олардың кім екендіктері белгісіз. Жаңалықтарда арматура, темір-терсектер, жанармай құйылған бөтелкелер мен қару-жарақ көрсетілді. Яғни, алаңға келетіндер дәл осындай жабдықталып келеді деген мәлімет жетті.

Ал кәне, айтыңыздаршы, Алматыда алаңға шыққан халықтың тым болмаса біреуінен жоғарыда аталған заттар табылды ма? Ұсталғандардың тым болмаса біреуінен қару тәркіленді ме? Жоқ, халықтың мақсаты да бұл емес еді. Өкінішке орай, әлгі арна тағы да жалған ақпарат таратқан еді.

Құрметті бауырлар, мен билікке қарсы немесе қандай да бір саяси топтың мүшесі емеспін, қатардағы журналистпін. 

Кұрметті, Қалмұхамбет Қасымов мырза! Бірінші кезекте мен - халық өкілімін. Біз - халықпыз. Бізді, яғни журналистерді қудалауды, қамауды, бізден арандатушы, билікті төкеруші күш жасауды доғарыңыздар! Халық билікке қарсы емес. Керісінше, биліктің халыққа келуін, ашық диалогқа шығуын ғана қалайды. Жері үшін, Елі үшін, керек болса, Елбасы үшін алаңға шыққан халықтан қылмыскер жасаудың керегі қанша? 

Құрметті министр, мырза! Мына сұрақтарыма жауап беріңіз: Сіздер кімнің құқығын қорғайсыздар? Кімді кімдерден қорғайсыздар? Алаңға шыққан халық кім еді? Полицейлер мен ОМОН неге ҚР Конституциясындағы ережелерді ескермеді? Ол үшін кім жауапты?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

43 пікір 1961 рет оқылды Қосылған: 25.05.16
    • #1
    • Нураткатбай
    • сн, 25/05/2016 - 11:17

    Мына суреттегі қарындасыммен бірге 4 сағаттай қамуда отырдым өжет қыз екен мына сылкадан көруге болады
    https://www.youtube.com/watch?v=_NZige_x01Y&feature=em-upload_owner

    • #2
    • Алматылық Ержан
    • сн, 25/05/2016 - 11:32

    Мамырдың 20-сы кештен бері сіздердің сайттан "көз жазып" қалдық қой, кеше де ашылмады. Бүгін ғана ашылды. Сіздерді де бұғаттап тастады ма, ол қаншалықты заңды нәрсе? Сол сияқты Азаттық та та жоқ болды.

    • #3
    • Жанар
    • сн, 25/05/2016 - 11:34

    Митингіге рұқсат берілмеді, сонда алаңға қызық көру үшін бардыңыздар ма?

    • #4
    • Айназ
    • сн, 25/05/2016 - 11:35

    Меніңше, митингісіз де шешуге, өз ойын білдіруге болатын шығар.

    • #5
    • Батыр
    • сн, 25/05/2016 - 11:37

    Полиция қызметкерлері жай ғана тапсырманы орындады, олардың еш кінәсі жоқ. Билік алдын алды, соңы неге ұласатынын кім білген еді?

    • #6
    • Трольдерге
    • сн, 25/05/2016 - 12:01

    #3 Жанар, #4 Айназ, #5 Сезім, #6 Батыр -ТРОЛЬдерге. Сендердің тапсырыспен өтірік жазатындарыңды бәрі беліді. Бастарыңда білім барма? Алған ақшаларыңды өтеу үшін жөндеп жазбайсыңдарма?!

    • #7
    • Қазақ үні
    • сн, 25/05/2016 - 12:05

    ҚАЗАҚ ЖЕРІ САТЫЛМАУЫ ЖӘНЕ ЖАЛҒА ДА БЕРІЛМЕУІ ТИІС!!! СЕБЕБІ ОЛ БИЛІКТІҢ МҰРАҒА ҚАЛҒАН ЖЕКЕ МЕНШІГІ ЕМЕС, ОЛ ТЕК ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНІКІ! ал сатуды қолдап дауыс бергендер ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙТЫНЫН САНАСЫ ОРЫНЫНДА БОЛСА ҰҒЫНУЛАРЫ КЕРЕК!

    • #8
    • Алматылық
    • сн, 25/05/2016 - 13:09

    Қазақстан мемлектінде ашық арандату жасап отырған "ЕВРАЗИЯ-1" арнасын жауапқа тартып жабу керек.

    • #9
    • Жас қазақ үні
    • сн, 25/05/2016 - 13:39

    Реформа жүргізу өте қиын екені анық. Менің білуімше бұл реформа не үшін жүргізіліп отыр? Мақсаты қандай? Нәтиже қандай болмақ? Үрейіміздің шындыққа айналып кетпесіне кім кепіл деген сұрақтарды қарастыру керек сияқты. Мына сілтеме де біраз дүние жазылған екен http://camonitor.kz/23340-kitayskaya-ugroza-sbyvayuschiysya-mif.html

    • #10
    • Шығыстан
    • сн, 25/05/2016 - 14:20

    Аткатбай Семейде 21-нде көшеден ұсталдың ба,көпхалық болды ма ,айта отсай.

    • #11
    • Асылзат
    • сн, 25/05/2016 - 14:58

    Митинг бұл диалог емес, ол елді дүрліктіру. Халық мәселенің шешілуін қаласа, хат жолдап, ұсыныс-пікірлерін білдірсін.

    • #12
    • Қанат
    • сн, 25/05/2016 - 15:00

    Еуропа елдерінде алаңға шыққандарды күшпен қаштыратынын көрмедіндер. Біздікін олармен салыстыруға келмейді.

    • #13
    • албан
    • сн, 25/05/2016 - 15:01

    Бұл ағаңмен ойнамаңдар, ол мерген, қалжыңды ұқпайды.

    • #14
    • Біз
    • сн, 25/05/2016 - 15:08

    Асылзат, Қанат дегендер, керемет ақылды, білгіш болсаңдар билік неге осындайға жеткізбей, бейбіт шеру өткізуге рұқсат бермеді, халықтан неге қорқады деген сауалдарға жауап неге іздемесіңдер. Бейбіт елді құқық қорғау органның адамдары бас салып ұстап қамағанын қай атаңнан көрдің. Нағыз бассыздық деген осы болар. Еуропа елдеріндегілер бір кісідей жиналып, қолдарына транспоранттар алып қарсыласу үшін шығады. Сол үшін таратады. Біздің халық жуас, оларды митинг болмай тұрып қойдай қуалап, байлап әкетті. Өсти берсе, бізде де Еуропа елдеріндегідей болады. Сонда рахаттанып тұрып Абай.кз жазасыңдар...Бейшара, сорлылар...

    • #15
    • Асылзат, Қанат
    • сн, 25/05/2016 - 15:22
    Пікір алынып тасталды!
    • #16
    • Батыр
    • сн, 25/05/2016 - 15:23
    Пікір алынып тасталды!
    • #17
    • Мақсат
    • сн, 25/05/2016 - 15:29

    Митинг өткізу жайында халық өз қалауын шеру жасау арқылы білдіруіне болады деп заңда көрсетеді де, митинг өткізу үшін әкімдікке өтініш жасап рұқсат алу керек дейді.Ал, осы рұхсатты осы уақытқа дейін ешкімге берген емес, бермейді де.Біздегі заңның сиқы осы.Бұны "заколдованный круг" дейді. Шешімін таппай тар шеңберде шыр айналып жүре бересің. Барлық заң осы тектес, корупция туралы заң қабылдадық , мынадай телефонға хабарласуға болады дейді, звондап көрсең бір адам тұтқаны көтермейді.

    • #18
    • Алдан
    • сн, 25/05/2016 - 15:30

    Қайдам, заңды мен заңсыз деген дүниені ажыра білейікші.

    • #19
    • Майра
    • сн, 25/05/2016 - 15:47

    Қалай десек те, бұл көріністі митингіге жатқызуға келмес.

    • #20
    • Berik SKO
    • сн, 25/05/2016 - 16:09
    Пікір алынып тасталды!
    • #21
    • Berik SKO
    • сн, 25/05/2016 - 16:10
    Пікір алынып тасталды!
    • #22
    • Berik SKO
    • сн, 25/05/2016 - 16:10
    Пікір алынып тасталды!
    • #23
    • Berik SKO
    • сн, 25/05/2016 - 16:10
    Пікір алынып тасталды!
    • #24
    • Рауан
    • сн, 25/05/2016 - 16:35

    Негізі, БАҚ өкілдерін қателесіп қамады ма? қайдам?! алдағы уақытта бәрі белгілі болар бұйырса

    • #25
    • Шара
    • сн, 25/05/2016 - 16:36

    Билік халықты қорғағсысы келген болар, көпір астынан табылған дүниелерді естен шығармайық ағайын

    • #26
    • Шынасыл
    • сн, 25/05/2016 - 16:39

    3, 4, 5, 6-қонақтарға айтарым, трольдар өздеріне берілген тапсырманы бұлжытпай орындап отыр. Жарайсыңдар!

    • #27
    • Зарина
    • сн, 25/05/2016 - 16:43

    Елбасымыз мараторий жариялау арқылы халыққа жауап берді, одан артық не керек?

    • #28
    • Лаура
    • сн, 25/05/2016 - 16:43

    Елдің амандығы бәрінен қымбат, ал журналист мырзаларды қателесіп қамаған болар

    • #29
    • Айкен
    • сн, 25/05/2016 - 17:28

    Енді болар іс болды, ендігі жұмыс абақтыларды шығару, сол патриоттарымызды жіберсін

    • #30
    • Азат
    • сн, 25/05/2016 - 17:31

    Ең бастысы жерімізді аман алып калды деп ойлаймын патриоттарымыз

    • #31
    • Ернар
    • сн, 25/05/2016 - 17:32

    Жерімізді енді сату немесе жалға беру деген сұрақтар болмайтын шығар

    • #32
    • Ауыл мұғалімі
    • сн, 25/05/2016 - 17:50

    Комиссияның екі мүшесі Мақсат Ілиясұлы мен Макс Боқаевтарды ІІД-нің қызметшілері не үшін тұтқындаған? Олардың қандай кінәсі бар? Ондай жалған , жасанды , қолшоқпар комиссиядан өз еріктерімен шығып кеткендері дұрыс қой , олардың әділ шешім шығаратынына сенбегендіктен сондай қадамға барып отыр емес пе?! Ол қылмыс емес қой! Бұлар Заңның не екенін өздері де ұқпайды ау шамасы , зорлап кіргізе ме, комиссиясына а?!

    • #33
    • Трольдерге
    • сн, 25/05/2016 - 17:55

    #33 Зарина ,#34 Лаура,#35 Айкен, #36 Азат, #37 Ернар - Айтайн дегенім Қазақстанның ТРОЛЬдарыда ұятсыз. Ақшаны аз төлейма білмеімн фантазиялыары жоқ. Әлде көшеден өңшең білімсіздерді жинайма?! Бұл жердеде жемқорлар бөлінген ақшаны жеп қойған болар. Билік оңбайды.

    • #34
    • шөпір
    • бн, 26/05/2016 - 1:42
    Пікір алынып тасталды!
    • #35
    • Түңілген
    • бн, 26/05/2016 - 7:55

    ПОЛИЦИЯ ЖҰМЫСЫНА ТОПАСТЫҢ ІШІНДЕГІ ТОПАСТАР ҒАНА БАРАДЫ ЕКЕН.
    ОҒАН ОСЫ СОҢҒЫ КЕЗДЕРІ ӘБДЕН КӨЗІМ АНЫҚ ЖАТТІ.

    Бейшараларды сапқа тұрғызып қойып, қорқақ, жағымпаз, жемқор басшылары оларды қорқытып-үркітіп, төпейді де жатады.

    Қит етсе ескерту, қит етсе-сөгіс.

    Қолынан басқа жұмыс келмейтін бейшаралар, "жұмыстан шығарам"- десе, "балашағаларымды енді қалай асыраймын"- деп, жоғарыдан қандай бұйрық болса да, оны ой елегінен өткізе алмай санасыздықпен орындай береді.

    Қаншама полицейлерді сөзге тартып, әңгімелескенімде ешқайыссының да басынан не білім, не адамгершілік, не өз ісінің білгірін таба алмадым.

    Жүрген бір сужүрек, қорқақ қояндар сияқты, көздеріне қос көрініп, басшыларынан да, айналасындаға асырап отырған халықты да жауындай көріп, олардан өлердей қорқып, қол-аяғы дірілдеп, қорғанумен жүреді.

    Саясатты олардан сұрағанша, шымкенттіктерше айтқанда-ешәктан сұрасаң, бұл өмірде осындай хайуандармен қатар-параллельно өмір сүріп жүргеніңе ренжіп, түңілмейсің ғой.

    • #36
    • Түңілген
    • бн, 26/05/2016 - 8:05

    Кто такой тролль?

    Это - специальные люди, на службе у государства, контролирующего интернет. Их задача: свернуть дискуссию в нужное русло, или вообще, повысить градус до такой степени, что статью уберут в архив.

    БҮГІНГІ ТРОЛЛЬ ТОПАСТАУ ЕКЕН.
    ОНЫ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРУ КЕРЕК НЕМЕСЕ "ЕҢБЕКАҚЫСЫН" ҚЫСҚАРТУ КЕРЕК.

    • #37
    • Төре
    • бн, 26/05/2016 - 8:23

    Көп қорқытады! дейді, біздің Қазақ. Осы жолы билік қатты сескенді... Егер билік арам ойын іске асырса ... "Қуырдақтың көкесі" сонда болар... деген уайым да бар Елде? Билік пен Елдің арасына ЖІК түсті. Бұл жақсылықтың нышаны емес? Байқайсыздарма, Байлар бір жақ, кедей Халық бір жақ? Бұл өткен ғасырдың басында болған "Таптық алпарысқа" ұқсай бастады ма, қалай өзі?... Ағайын САҚ болайық, БІРГЕ болайық. Бізді Бір Алла қолдасын?

    • #38
    • Айсұлтан. Н. Р.....
    • бн, 26/05/2016 - 8:51
    Пікір алынып тасталды!
    • #39
    • ШАЛА Казахпын
    • бн, 26/05/2016 - 9:54


    МВД-нi реформа жасайтын кез келдi !!!

    • #40
    • Түңілген
    • бн, 26/05/2016 - 21:25

    МВД-ға реформа жаса, жасама, бәрі-бір оған басында ақылы бар, білімді, нормальный адам бармайды ғой.

    • #41
    • Че
    • жм, 27/05/2016 - 0:12

    Азаматтардың конституциялық құқықтары тапталып ескерілмей жатқанда қандай комиссияның оң шешімі туралы сөз болуы мүмкін ? Атазан жоқ жерде кандай заң ? Неге соншама алаңғасар болып кеткен қазақтар ????

    • #42
    • Че
    • жм, 27/05/2016 - 0:14

    Темір терсек жарылғыш заттарды сол жерге апарып қойған ұқк қызметкерлеріне қылмыстық іс козгау керек еді.

    • #43
    • Че
    • жм, 27/05/2016 - 0:17

    Бір жағынан дұрыс жақсы өзі өзін тарихта диктатор жауыз халқына опасыздық жасағаннын көрсетіп кеткені.

Пікір қосу

  • 7 + 23 =

Кіру