Аймақтар

Иса Момбаев, заңгер. Шекара бекеті қандықол қарақшының атымен аталмауы керек!

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Суретте: Кондюрин Василий

Хабарасу -Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай және Үржар аудандарының жерінде, Қытайға шекаралас орналасқан, Тарбағатай жотасының шығыс бөлігіндегі асу.
Қазақстанның Қытаймен арадағы шекараны заңдастырған «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 15 маусымдағы Жарлығына сәйкес, Тарбағатай жотасының (қытай картасында Таэрбахайшань тауы) қырқасындағы мемлекеттік шекара желісі он алтыншы нүктесінен он жетінші нүктесіне дейін осы Хабарасу арқылы созылып жатыр.

Осы аралықтағы мемлекетіміздің шекарасын күзететін және қорғайтын, еліміздің егемендігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін Зайсан шекара отрядының заставасы Кондюрин Василий Васильевич дегеннің атымен аталады.

Кондюрин Василий Васильевич деген кім?
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының басында солақай саясаттың салдарынан туған зобалаңда қазақтардың жан сауғалап арғы бетке – Шығыс Түркістанға қарай ауғаны тарихтан белгілі.

 "Совет өкіметі босқан жұртты өткізбеу үшін шекара жолдарын бітеп тастаған. Күзет мықты, қашқындар мен босқындардың ендігі амалы-Нарын өзені арқылы өту. Бірақ бұл аса қиын жол. Шұбырған ел ертең шекарадан өтпек ниетінде екі таудың аралық шатқалында түнеп жатқан еді. Кенет таудың екі қапталынан пулемет оқтары борап кеткені. Сасқан адамдар асау өзенге күмп берісті. Аналарына оқ тиген жас нәрестелер бесігімен ағып кете барды. Құрбандықтың молдығынан өзен суы қаңсырап ақты", деп осы оқиғаны жазушы Ахмет Жүнісұлы "Нарынның суы қызарды" повесінде жан түршіктіре суреттейді. (Ахмет Жүнісұлы, "Боғда", Астана, "Фолиант" баспасы,2004 жыл). Қырғын болған жерді, көмусіз қалған қу сүйектердің көптігінен, жергілікті халық "көп сүйек" атап кеткен деседі. Сол кезде шекара жолында босқындарды, жас демей, кәрі демей, әйел демей, бала демей, пулемет қойып қырған қаскүнем жауыз осы Кондюрин болатын.
Осы тақырыпты кеңінен зерттеген белгілі айтыскер ақын Қалихан Алтынбаев пен журналист Ерғали Жұмахан былай деп жазады: «Застава отрядының командирі Кондюрин аса мейірімсіз, қанышер адам болыпты. Шекарадан бері қарай немесе әрі қарай асып бара жатқандар қолға түссе сотсыз, тергеусіз атып тастай берсе керек. Жәй өлтірсе, бір сәрі,атылған қазақтың біреуін екіншісінің үстіне айқара салып, өзі өліктердің үстіне отырып, жайланып шылым шегеді екен. Қыз-келіншек қолға түссе, құдайының бергені. Күйеуінің, ата-енесінің көзінше не өзі, не қарауындағы шекарашыларға зорлатады. Шектен тыс жауыздығы өзінің түбіне жетіпті ақыры. Тәуекелге бел буған үш жігіт параға емексітіп, алдап, оңаша шығарып алады да, кескілеп өлтіреді. Итке-ит өлімі. Жауызға соның өзі сауап еді. Амал не, ұлыдержавалық шовинистік саясат жайлаған ол кезде застава Кондюрин атына қойылды. Сол Кондюринді өлтіруші үш жігіттің біреуі Қыржы руынан шыққан Әбіш Шәріпов 1990 жылы Сұлутал кеңшарына келіпті. Жасы тура 92-де. Жүрісі әлі тіп-тік. Сөзі түзу. Қатарынан ешкім қалмаған. Тек екі кемпір ғана танып, амандасыпты. Әбіштің басынан кешірген хикаясы бір кітапқа жүк боларлық. Кондюринді өлтірер алдында Көкпекті түрмесінен қашып шыққан екен. Қызылтасқа келіп, қызыл комиссар Кенесары Бакиннің басы артық тапаншасын қорқытып алып кеткен. Кондюрин өлген соң қашып Алтай өлкесіне барыпты. Сонда фамилиясын өзгертіп, басқа құжат алыпты. Сол жақтан Отан соғысына аттанған. (Қалихан Алтынбаев, Ерғали Жұмахан. «Ақсуат. Құнарлы топырақ, құдіретті ұрпақ». «Ер-Дәулет» ақпарат агенттігі. Алматы-1998 жыл.)

Қолдан батыр жасау түкке тұрмайтын совет заманында көрінде өкіргір кәззап Кондюрин ел қамы үшін жаумен айқасқан ержүрек жауынгер атанды. 1974 жылы ол туған Ресейдің Қорған облысының Шадринск қаласындағы Набережная көшесіне оның аты берілді. 1929 жылға дейін тұрған үйіне «Сын учителя, Василий Васильевич Кондюрин (1907-1931), герой-пограничник, погиб, защищая государственную границу СССР. Его именем названа пограничная застава» деген жазумен портрет-барельефы бар мемориалдық тақта орнатылды. Ол туралы кітаптарда: «13 сентября 1930 года командир отделения 23-летний Василий Кондюрин, пограничник призыва 1929 года из города Шадринска Курганской области, вышел в наряд вместе с бойцом Семеном Петровым. Едва забрезжил рассвет, пограничники обнаружили следы пятерых нарушителей, прорвавшихся в наш тыл. Вскоре они были настигнуты, завязалась перестрелка. Уже два бандита были убиты, когда упал замертво Петров. Василий забрал у сраженного товарища патроны, залег на более удобной позиции. Снова загремели выстрелы. Один против троих — не так уже страшно, ведь совсем недавно Кондюрин один преградил путь банде из тридцати человек, не дал уйти ей за кордон. Только бы удалось еще раз сменить позицию. Василий вскочил и рванулся было к бугру, но пуля настигла пограничника..Не сразу решились басмачи приблизиться к истекавшему кровью Кондюрину. И лишь когда убедились, что он не в силах поднять винтовку, подошли к нему и стали глумиться над смертельно раненным комсомольцем.. Расплата наступила скоро. Прибывшие к месту схватки пограничники уничтожили бандитов. 30 апреля 1965 года имя Василия Кондюрина присвоено заставе, на которой он служил.» деген, «В 1930 году пограничник Василий Кондюрин вместе с помощником перекрыли путь лазутчикам из-за кордона. Сражаясь с нарушителями границы, оба погибли. В память командира отделения Кондюрина В.В., застава, на которой он служил, была названа его именем». (А.А.Герасимов, руководитель шадринской рабочей группы по подготовке Книги памяти) деген сияқты өтірік ойдан шығарылған деректер жазылды.
Қазіргі күнге дейін жауыз Кондюрин В.В. өз елінде батыр ретінде дәріптелуде. Өткен жылдың 22 желтоқсанында жерлестері оны еске алуға арналған шаңғы жарысынан турнир өткізіпті. Тіпті Шадринск қаласында жауынгер-шекарашылардың Кондюрин атындағы қоғамдық ұйымы бар көрінеді.

Ал, енді біздікі не сорым десеңші! Надандық па, жоқ әлде топастық па? Тәуелсіздігімізді алып, ағарып таңымыз атқалы ширек ғасырға таяп келеді. Совет Одағы тұсында жалтаңкөз болдық, мүсәпір болдық, орыстардың айтқандарына көніп, айдауында жүрдік, ал қазіргіміз не? Үн жоқ, түн жоқ, отырмыз. Өткен жылы Парламент депутаты Н.Сабильянов аймақтағы жұртшылықпен жүздескенде Кондюрин атындағы заставаның атын өзгерту туралы мәселе көтерілген көрінеді, алайда бұқаралық ақпарат қөздері депутаттың кездесулерін жарыса жазғанымен, бұл мәселе туралы ләм-мим деп ауыздарын ашқан жоқ.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының орталық көшелерінің бірі қандықол Кондюриннің атында!

Ол аз болғандай, Кондюриннің аты дербес мемлекетіміздің шекарашылар тарихына алтын әріппен жазылған көрінеді. Қазақстан Республикасының Шекара қызметінің shekara.kz сайтын ашсаңыз: «Қаруланған шекара бұзушыларымен және контрабандашылармен болған үздіксіз айқастарда, жауынгерлер мен командирлердің қызметтік шеберлігі артты, шекара әскерлерінің жақсы дәстүрлері қалыптасты. Өз Отанына шын берілгендік, әскери антқа берілгендік, шекара күзеті міндеттерін орындау кезіндегі табандылық пен ерлік солардың негізгілері болып табылады. Осы бір қиын да қатаң жылдарда бірінші батыр-шекарашылар пайда болды. Атап айтқанда: Антон Онопко, Григорий Мезенцев, Василий Кондюрин сияқты батыр-шекарашылардың аттары шекара заставаларының атауларында мәңгілікке сақталды» дегенді оқисыз. Жансауғалап жосылған қорғансыз жұртты қынадай қырған «батыр шекарашыларды» аталған сайт былайша әспеттей түседі:  

"ОЛАРДЫҢ АТТАРЫМЕН БЕКЕТТЕР АТАЛДЫ:

ВАСИЛИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ КОНДЮРИН
1931 жылғы 8 маусымда, шекаралық нарядта бола отырып, бес қарулы бандитпен ұрысқа кірісті. Осы ұрыста қатты жараланды. Бандиттер оның денесін қорлады. 1965 жылғы 30 сәуірде  Василий Васильевич Кондюриннің аты Зайсан шекара отрядының шекара заставасына берілді.

ГРИГОРИЙ ФЕДОРОВИЧ МЕЗЕНЦЕВ
1930 жылдың 11 наурызынан 12 наурызға қараған түнінде ерлік жасады. Заставаға шекара шебін бұзып өткен банда туралы хабар келіп түсті. Алдыңғы шолғында бола отырып, ол бандиттердің тобымен тең емес айқасқа түсті. Бұл ұрыста Мезенцев қаза болды. 1965 жылы Григорий Федорович Мезенцевтің аты Мақаншы шекара отрядының шекара заставасына берілді.

СЕВАСТЬЯН СЕРГЕЕВИЧ КРИВОШЕИН
1932 жылдың 19 шілдесінде торуылда бола отырып, шекара шебін асу арқылы бұзып өтуге әрекет жасаған 30 бандитпен  айқасқа түсті. Жаудың оғы шекарашы жүрегін тесіп өтті. Жау өткен жоқ. 1968 жылы батыр Севастьян Сергеевич Кривошеиннің аты Үшарал шекара отрядының заставасына берілді".

Бүгінгі көзі ашық, көкірегі ояу адам үшін, Кондюрин, Мезенцев, Кривошеиндердің «бандысы» -   қолында қаруы  жоқ қазақтар екені айдан анық.

«Экспресс К» газетінің 03.05.2007 жылғы №76 (16224) санынан Андрей Кратенконың Зайсан шекара отряды туралы мақаласынан: «Майор Серик Камышев знакомит с историей отряда, который образовался 23 февраля 1924 года. Некоторым постройкам больше века. В бывшей казачьей церкви расположен клуб, в казачьем казино - медсанчасть. При разборе старого здания штаба найден медальон, который в качестве талисмана носили казаки, охранявшие рубежи Российской империи. В музее мы увидели фотографию первого командира отряда Дмитрия Бадейнова и узнали о подвиге пограничника Кондюрина. Вместе с нами в гости к пограничникам приехали школьники из села Даирово» деген жолдарды оқып, жас ұрпағымызға Кондюринді үлгі етіп тәрбиелесек жетіскен екенбіз деген ойға қаласың. Дайыр ауылынан барған жеткіншектер қандай өнеге, қандай тәлім алды? Біздің қатарымыздың миы уланғанмен, өсіп келе жатқан жас ұрпақ өз халқының өткенін екшеп, оң-солын тани білуі керек қой.
Шекара бекеттеріміздің сол өңірді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жаудан азат етіп, ұрпағына табыс еткен түмен басы Қаракерей Қабанбай, мыңбасы Би Боранбай сияқты қол бастаған батырларымыздың аттарымен аталмай, Кондюрин сияқты қанішер жауыздардың атымен аталуы қазақ деген атымызға, намысымызға ұят, сүйекке таңба,   аруақ алдында  үшін кешірілмес күнә. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, аталған шекара бекетін қайта атау туралы мәселені шешетін кез жетті.

Abai.kz

24 пікір 7090 рет оқылды Қосылған: 13.03.14
    • #1
    • Оралбек бей Өтеғұлов, Ақтөбеден.
    • сс, 25/03/2014 - 19:44

    Жалпы еліміздегі орыстың аты-жөнімен аталатын барлық нысандардың (қалалардың, көшелердің, елді-мекендердің) атауларын өзгерту керек. Олардың ешқайсысының да қазаққа иненің жасуындайболса да еңбегі сіңген жоқ. Керсінше қазақ халқын қай салада болмасын, орасан зор шығынға ұшыратты. Қазаққа еңбегі сіңген жер бетіндегі жалғыз орыс болса - ол Борис Ельцин! Басқаларының бәрі колонизатор!

    • #2
    • Талғат
    • дн, 07/04/2014 - 2:33

    # 1
    Толық қосылам.

    • #3
    • аман токин
    • жб, 20/04/2014 - 20:46

    сол орысты олтирген казахтынг атын койынгдар ат таппасангдар бари озингнен сол жогары жакка карап отыра бересин озгерт жергиликти бииликте отырсанг бомаса ана казах сиякты сенде сондагы душпанды олтир...

    • #4
    • Тура Би
    • бн, 24/04/2014 - 14:22

    Ия халқымыздың қанын төккен жауыз отаршылдардың аты мәңгілікке өшсін! Бұл иттерден ешқашанда жақсылық шықпаған. Осы ниеті бұзық арам пейілді отаршылдардың кесірінен 20 ғасырдың өзінде 90 пайызымыздан айырылдық. Зиялы қауымнң 99 пайызы жойылды. Сол асылдарымыз аман болса, құл ниетті, шала білімді, қанағатсыз мансапқор, жемқор сатқындар билікке келер ме еді. Енді міне экономикалық одақ болам деп өзім білемділікке салынған әңгүдік көсеуші тағы да қазақты сол отаршылдардың есірген тұқымдарының қолына байлап бермек. Экономикалық одақ керек болса ДСО (ВТО) ға кір. 170 миллионның емес, 4,5 милиард халқы бар ғаламдық нарыққа шығасың! Көрейік сонда сенің нағыз экономист - академик "ғасыр ғұламасы" екендігіңді. Орыстан таяқ жеп өскен, "сатқындық синдромы" диагнозымен асқына ауырған орысқұлдар билік құрған жүйенің келсаптары!

    • #5
    • тындаушы
    • жб, 27/04/2014 - 0:36

    "Зан шыгарушы органдар мен тарих гылымдарынын кызметкерлеримен биригип Казакстаннын барлык аумагындагы озге улттын атында турган кез-келген коше,мектеп,тау,кырат,кала,ауыл,сай,уйшик,тагы баска сол сиякты атауларды мемлекеттик жане жергиликти казак ултынын азаматтарынын аттары берилуине жагдай жасап,тынгылыкты битируине каулы етемин!"десем агалардын такияланына тар болмас.

    • #6
    • Баке
    • сн, 30/04/2014 - 7:03

    Иса Момбаев, заңгер. "Шекара бекеті қандықол қарақшының атымен аталмауы керек!".Мақала тыңғылықты дайылдалып жазылған екен.Өте орынды! Қолдаймыз! Көп жағдайда жергілікті әкімдерге,солардың отаншылдығына байланысты.Дабыра етпей-ақ ың-шыңсыз бітіретін шаруалар қанша ма?!

    • #7
    • Оңбаған Оралман))))
    • сб, 03/05/2014 - 22:53

    Бұл қателікті түзету қолынан келмеген 23 жыл бой орысқа жалтақтап , өз халқын шерменде еткен қазіргі биліктің кінәсі. Әлі күнге дейін құлдықтың қамытын киіп орыс не десе соған көніп отырған қазақстан өкіметі бұдан былай халықтың алдында қара бет болып отыра бергенше билікті ұлтшыл тұлғаларға өткізіп бергені дұрыс шығар?

    • #8
    • Асан қайғы
    • бн, 29/05/2014 - 20:36

    Ал құл қазақтар! Бүгін орыстарға бәрімізді құлдыққа сатып жіберді. Бақыттан бастарың айналып жатқан шығар. Енді атаңның басы, көшенің атын, қаланың атын өзгертесің. Қазақ өз елінде жұмыс таппай сенделіп жүргенде орыс төріне шығара қоймас, олар біз сияқты ақымақ емес. Олардың скинхенттері қазақтарды талтаңдатып жүргізіп қоймайды. Ал Қазақстандағы пятая колоннаның элементтері небір шұрайлы қызметтерге орыстарын отырғызады. Сенбесеңдер, мысалы, Сбербанкке барыңдаршы, онда кредитті де орыстарға ерекше жеңілдікпен береді, дейді. Ал қазақтар Ресейде жұмыс таба алмайды, себебі он дипломы болса да біліктілігі нөл. Ал енді отырып алып, ұлудан басқа ештеңе қалмады.

    • #9
    • Әділ
    • жб, 15/06/2014 - 15:14

    Жалпы шекара бекеттерінің атын өзгерту керек. Тек өз халқымыздан шыққан нағыз батырларға немесе жер аттарына қою керек. Бұрынғы заставлардың аттары қазіргі заман талабына сәйкес келмейді. ҚР ҰҚК халық болып жазу керек.

    • #10
    • Альберт
    • жм, 20/06/2014 - 15:34

    Кондюрин секілді Черненко, КПСС -тің бас хатшысы болған, Панфилов ауданының бір заставасының командирі болып, пулеметчигі Головацкий болған, Қытай ауған қазақтардың қанын суша ағызғанды газеттерге жазылған болатын. Қазақтаға аяушылық жасауды білмеген, сол заманда командир сымақ басқа ұлттар ғана емес надан қазақтар да аз болмаған. Мырзажанды да төбемізге көтеріп жүрміз ғой.

    • #11
    • Қуат
    • дн, 27/10/2014 - 19:55

    Аталарымызды өлтірген қандықолды мәртебелеу - мәңгүрттіктің айқын көрінісі деп білемін.
    Бұл атауды өзгерту - Зайсан ауданы әкімдігіне, аудандық мәслихат депутаттарына сын!

    • #12
    • Әлібек
    • сб, 10/01/2015 - 16:45

    ЩҚО елімжан азаматтар, әкімдер, тарихшылар бар солар ойласып жатқан шығар. Бұрын бұл тақыпта ешқандай ақпарат болған жоқ қой. Білгендер аузын жауып жүрді. Енді қалай өзгертем десе де жергілікті биліктің қолында.

    • #13
    • Есен
    • сб, 10/01/2015 - 16:51

    Кондюрин өз заманында үкіметтің тапсырмасын, командирлерінің бұйрығын орындады.

    • #14
    • наурыз
    • жб, 22/03/2015 - 13:31

    анау айтты деп мынау айтты деп ауыстыра берсек сонда қалай болады жоғарыда орыған депутат кісілеріміз бар сол кісілермен ақылдасып бір шешімге келіп сөйтіп ауысу керек шығар. егерде бәрі бірігіп бір шешімге келсе ауысады деп сонда ауысу керек деп ойлаймын

    • #15
    • www.xurl.es/molottora
    • дн, 23/03/2015 - 6:17

    Наконец то, Норвежское средство для лечения и профилактики ослабления потенции «Молот Тора», которое уже давно одобрено Всемирной Асоциацией Сексопатологов начали продавать у нас.
    Первый раз попробовал его действие в 2009, друг привез из командировки,там кстати оно в любой аптеке доступно. Буквально при втором приеме получил усиление сексуального желания и хорошую эрекцию, половой акт продлился дольше обычного, что меня больше всего удивило и обрадовало.Жена была в восторге.
    Теперь средство доступно в свободной продаже для каждого, я лично, беру тут ( www.xurl.es/molottora ) уже проверенно. Ознакомтесь СОВЕТУЮ ! Это когдато в Советском Союзе секса небыло, а сейчас то мы знаем что он есть.

    • #16
    • Т. Салқынбаев Ақсуаттан
    • сн, 13/01/2016 - 23:10

    Құрметті Иса Момбай ұлы! Сіздің мақалаңызда көтерілген мәселені жалғап 2014 ж. күзде "Еріс өңірі" газетіне көлемді мақала жазып едім. Заставаға да бардым, бірталай жазба деректер келтіргем. Алайда қолдаған ешкім болмады. Қайта кәзір Ақсуатта Кондюринге ара түсетіндер бар деп естимін, бәрінен сол қиын ба деймін, маған ол жонінде жергілікті әкімдікте ескертті.

    • #17
    • Айша
    • бн, 03/03/2016 - 1:29

    Озбек агаиындардан ен басты уйренетинимиз тилимиз бен динимизди сактау, курметтеу, жас урпакты соган тарбиелеу Озбек сонау Совет кезинде-ак Ресейде саудамен айналысып орыстармен араласып журседе, тилин, динин бузган жок,кок су ишуди уйренген жок, Озбек оз баырым деп бабаларымыз тегин айтпаган болар,Шакарим Кудайберди атамыздын енбегинен укканым- озбектер - негизи казактардын бирнеше руларынан куралган Озбек ханнын атымен аталган казактар дейди - озимизге жакын елди жау тутканша-Абай атамыз айткандай -жаксыга уйренип, жаманнан жирене билеик, Казак тилин жаксы билмей, орысша сойлейтин жастардын барин мангурт деуге болмайды,олардын ишинде тилин жаксы билмесе де журеги казак деп согатындар коп, Орыс империясынын саясатынын аркасында казак оз елинде саны жагынан аз болып калды, ол аздын да бираз болиги шала казактарга айналды, арине елимизде ен бастысы тыныштык болуы керек,бирак тыныштык ушин казактын тили мен улттык кундылыктарын курбандыкка шалу - кеширилмес кате! Тилимизге мемлекеттик тургыда катан колдау керек, Казакстанда туратын букил улт окилдери миндетти турде мемлекеттик тилди билуге миндетти , Балык денгшейдеги ис_кагаздары тек мемлекеттик тилде жургизулери тиис,казирги тил жонниндеги солкылдак саясат _ казак тилинин жогалуына тикелей жол, Биз 22 жыл ишинде казак улты ретинде толык калыптаса алмадык,кайта жыл откен сайын тилимиз оз жеринде огей баланын кунин кешуде, карыннын тойганына, бир кундик куйки омирге маз болмай,оянатын уакыт жеткен сиякты, Окимет басындаги агалар, казактын зияпы кауымы, кеиинги жас казак жастары-казак халкынын тагдыры сиздерге байланысты_ кеш калып журмеиик

    • #18
    • Айша
    • бн, 03/03/2016 - 1:44

    Озбек агаиындардан ен басты уйренетинимиз тилимиз бен динимизди сактау, курметтеу, жас урпакты соган тарбиелеу Озбек сонау Совет кезинде-ак Ресейде саудамен айналысып орыстармен араласып журседе, тилин, динин бузган жок,кок су ишуди уйренген жок, Озбек оз баырым деп бабаларымыз тегин айтпаган болар,Шакарим Кудайберди атамыздын енбегинен укканым- озбектер - негизи казактардын бирнеше руларынан куралган Озбек ханнын атымен аталган казактар дейди - озимизге жакын елди жау тутканша-Абай атамыз айткандай -жаксыга уйренип, жаманнан жирене билеик, Казак тилин жаксы билмей, орысша сойлейтин жастардын барин мангурт деуге болмайды,олардын ишинде тилин жаксы билмесе де журеги казак деп согатындар коп, Орыс империясынын саясатынын аркасында казак оз елинде саны жагынан аз болып калды, ол аздын да бираз болиги шала казактарга айналды, арине елимизде ен бастысы тыныштык болуы керек,бирак тыныштык ушин казактын тили мен улттык кундылыктарын курбандыкка шалу - кеширилмес кате! Тилимизге мемлекеттик тургыда катан колдау керек, Казакстанда туратын букил улт окилдери миндетти турде мемлекеттик тилди билуге миндетти , Балык денгшейдеги ис_кагаздары тек мемлекеттик тилде жургизулери тиис,казирги тил жонниндеги солкылдак саясат _ казак тилинин жогалуына тикелей жол, Биз 22 жыл ишинде казак улты ретинде толык калыптаса алмадык,кайта жыл откен сайын тилимиз оз жеринде огей баланын кунин кешуде, карыннын тойганына, бир кундик куйки омирге маз болмай,оянатын уакыт жеткен сиякты, Окимет басындаги агалар, казактын зияпы кауымы, кеиинги жас казак жастары-казак халкынын тагдыры сиздерге байланысты_ кеш калып журмеиик

    • #19
    • камбар
    • жм, 29/04/2016 - 10:39

    Шекара заставасының атын қоюға сол жердегі тарихи жер-су атаулары /топонимдер/ жетпеді ме? Осы, Қазақ халқында не көп жер-су атаулары көп емес пе? Өйткені біздің "жеріміз" үлкен ғой!

    • #20
    • камбар
    • жм, 29/04/2016 - 10:39

    Шекара заставасының атын қоюға сол жердегі тарихи жер-су атаулары /топонимдер/ жетпеді ме? Осы, Қазақ халқында не көп жер-су атаулары көп емес пе? Өйткені біздің "жеріміз" үлкен ғой!

    • #21
    • казак кызы
    • сс, 21/06/2016 - 16:01

    жергиликти акимдик коркады облыстан ондагылар орыстардан

    • #22
    • заңгер
    • дн, 31/10/2016 - 19:02

    Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға,
    теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен
    стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға,
    физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да
    объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың
    атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және
    мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды
    тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру
    қағидалары
    Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 395 қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

    1. Жалпы ережелер
    1. Осы Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге (бұдан әрі – объектілер) атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру тәртібін айқындайды.
    2. Объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру кезінде мынадай талаптар ескерілуге тиіс:
    1) тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктерді ескеру;
    2) әдеби тіл нормаларына сәйкестік;
    3) жеке адамның есімімен аталған, ол берілген (өзгертілген) күннен бастап кемінде он жыл өткен соң берілген есімді қайта атау, оны өзгерту;
    4) аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да жеке адамдар қайтыс болған күннен бастап кемінде бес жыл өткен соң олардың есімдерін беру;
    5) бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне бір атауды бір мәрте ғана беру.

    2. Объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың
    атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және
    мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды
    тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру
    тәртібі
    3. Объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру үшін тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мынадай құжаттар ұсынылады:
    1) орталық мемлекеттік органдар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қолдаухаты;
    2) орталық мемлекеттік органдардың қарамағындағы объектілерді қоспағанда, объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімі;
    3) физикалық-географиялық объектілерді қоспағанда, объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру бойынша заңды тұлғаның ұжымы өткізген жиналыстың хаттамасы;
    4) физикалық-географиялық объектілерді қоспағанда, объектіге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру бойынша объектінің бірінші басшысының ұсыныс хаты;
    5) объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы анықтамалық материалдар (мәліметтер, мұрағаттық және басқа да деректер);
    6) анықтамалық материалдар қоса берілген, осы Қағидалардың 2-тармағы 3) және 4) тармақшаларының талаптарын ескере отырып, объектіге, мемлекеттік заңды тұлғаға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаға есімін беру (қайта атау) ұсынылатын тұлғаның өмірбаян деректері;
    7) объектіге атау беру және қайта атау, сондай-ақ оның атауының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру жөніндегі қаржыландыру көздері туралы мәліметтер.
    4. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде тиісті құжаттарды Республикалық ономастика комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жолдайды.
    5. Комиссия келіп түскен құжаттарды қарағаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру жөніндегі қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) жолдайды.
    6. Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Комиссия қорытындыларын орталық мемлекеттік органдарға, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.
    7. Комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда орталық мемлекеттік органдар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Комиссия қорытындысын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және объектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру жөніндегі қаулы жобасын енгізеді.
    8. Объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру Комиссия қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жүзеге асырылады.

    • #23
    • авторга рахмет
    • сб, 26/11/2016 - 18:58

    Макала авторына зор алгыс

    • #24
    • АЛАШ
    • дн, 28/11/2016 - 12:51

    Бұл кейінге қалдыратын шаруа емес.Шекара заставаларының аттарын қазақтан шыққан батырлардың аттарын берген жөн болады.Тегі сол заставаға еңбегі сіңген,ерлік жасаған адам болса құба құп.

Пікір қосу

  • 8 + 36 =

Кіру