Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5113 0 пікір 27 Мамыр, 2016 сағат 15:28

ЕРМЕГИЯЕВ ІСІ: 12 СОТТАЛУШЫ КІНӘЛАРЫН МОЙЫНДАДЫ

Ермегияев ісі бойынша 12 сотталушы өз кінәсін мойындады. Олар тергеу органдарымен ортақ келісімге келді. Яғни, қылмыстық жауапкершіліктің мерзімін қысқарту үшін олар қылмысты толық ашуға көмек көрсететін болады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Астана ЭКСПО-2017" ісі бойынша сотталушылар. Фото: newskaz.ru

Тергеу органдарымен процессуалдық келісімге келгендер арасында Қажымұрат Үсенов, Сейіт Сейітов, Нұрлан Ақпамбетов, Серік Найзабеков, Марс Шорманов, Алпысбек Тілекметов, Ерлан Тілеуов, Сергей Ильин, Самат Сардарбеков, Талғат Сағындыков, Ренат Ақылбаев бар.

"Жоғарыда аталғандар процессуалды келісімге келіп, өз кінәларын мойындады. Бұл тұлғаларға қатысты келісім тергеудің жан-жақты әрі толққанды жүргізілуіне кедергі келтірмейтін болады", - дейді төрағалық етуші Әділхан Шайхисламов.

Еске салсақ, аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша 23 адам сотталып жатыр. 2015 жылы маусымда компаниядағы қаржы жымқыру ісін тергеу аясында ұсталған Ермегияевке 4,2 миллиард теңге көлемінде заңсыз сыйақы алды, бөтеннің мүлкін иемденді деген айып тағылған.

Бұл іс бойынша компанияның бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Баркинхоевқа да аса ірі көлемде қаржыны заңсыз иемдену айыбы тағылған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499