Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3988 0 пікір 31 Мамыр, 2016 сағат 09:13

Украина барлауы Қырымда Ресей әскерінің көбейгенін айтады

Украинаның Қорғаныс министрлігінің барлау қызметі аннексияланған Қырымда Ресейдің 24 мың әскерінің бар екенін, әскер санын одан әрі көбейтіп жатқанын айтады.

"Ресей Федерациясы Қырым аралында өзінің әскери күштерін күшейтіп жатыр. Қазіргі уақытқа дейін онда 24 мың әскери қызметкер, 613 танкі және бронекөліктер, 162 артиллериялық жүйе, 100 шақты әскери ұшақ, 56 тікұшақ, 16 зымыран, 30 әскери су кемесі және 4 суасты кемесі бар", – деп мәлімдеді Киевте украиналық әскери мекеменің өкілі Вадим Скибицкий.

Ол сонымен бірге Ресейдің 2020 – 2025 жылдар аралығында Қырымға әскер санын екі есеге ұлғайтуды қарастырып отырғанын айтады.

Ресей тарабы бұл мәлімдемеге әзір жауап бермеді. Бірақ Ресейдің қорғаныс министрлігі Қырымда әскери оқу жаттығуы жиі өткізілетінін жасырмайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563