Маңызды

ДОС КӨШІМ: ЖЕР – ОТАН. СОНДА БІЗ КУЛАГИННІҢ ЖЕРІН ҚОРҒАЙМЫЗ БА?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Жер реформасы жөніндегі комиссияның Ақмола облысы – Көкшетау қаласында өтіп жатқан көшпелі отырысында комиссия мүшесі Дос Көшім митингі мәселесіне қатысты пікір айтты.

Дос Көшім:

- Митингіге шығу – азаматтардың Конституциялық құқығы. Ол заңда нақты жазылған. 1991 жылы 24 митинг өтті. Соның бірде біріне рұқсат берілмеген. Атырау шықты, Семей шықты, Көкшетау – біз шыққан жоқпыз, біз жақсымыз деуге болмайды. Жер деген ол – Отан. Сонда біз Отанды қорғауда Кулагиннің, Терещенконың, Ермегияевтың жерін қорғаймыз ба?

Нұра Матай

Abai.kz

23 пікір 2955 рет оқылды Қосылған: 03.06.16
    • #1
    • Біз
    • жм, 03/06/2016 - 15:41

    Солай болып тұр ғой. Лужковтыкі бар, Қытайлардыкі бар... Қазақтың жерін ішінен бөліп-бөліп алған. 49 жылдан кейін "мә саған жер" деп қолын шығармасына ешкім кепілдік бере алмайды. Келер ұрпақтың бас ауруы осы болмақ. Оны қолдан жасап, аурудың жазылмайтын түрін асқындырып жатырмыз. Жер комиссиясы соның алдыңғы қатарында. Ұрпақтың обал-сауабы осы комиссиядағылардың, Досаев пен Мамытбековтың, Мәсімов пен Қасымовтың және жоғарының сөзін сөйлеп, бас изеп шыбындап жүретін зиялы дейтін зиянды қауымның мойнында. Тоқтату керек бүкіл реформаны! Жер сатылмасын, жалға да берілмесін! Досеке халықтың көзқарасын мына кереңдердің құлағына, соқырлардың қолына қалай ұстататымыз: мыналар міз бақпайтын қара тас сияқты білгендерін істеп жатыр. Өте өкінішті!

    • #2
    • Қазақ
    • жм, 03/06/2016 - 16:09

    Әуелі "бейбіт шеру" туралы заң керек. Қарусыз өтетін митинге рұқсат сұрау емес, тек орынын , уақытын белгілеп, жергілікті әкімді құлақтандыру керек. Олар қамтамасыз етсін, көпшілік жиналатын болған соң, жедел жәрдем(қаттырақ айқайлап, кеңірдегі үзілетіндер болса), өрт сөндіру қызметі мен тәртіп сақшыларының( танктер мен омон, спецназ, снайперлер- тым артық енді, қазына қаржысын үнемдеу қажет) сол арадан табылуын. Журналист берсе, құба-құп.

    • #3
    • Астаналық
    • жм, 03/06/2016 - 17:58

    Ақмола облысында "БОГВИ" компаниясы Көкшенің ірі көлемді ең шұрайлы жерлерін банктерге кепілге қойып, алған несиесін қайтара алмай отыр. Осыған байланысты жергілікті тұрғындадың жұмыссыз қалуы мүкін. Тура осы проблемалар Қостанай облысында Розиновқа байланысты туындауда. Солтүстік Қазақстан облысында Лужковқа қатысты Транс авто компаниясы ірі көлемдегі егістік жерлер мен элеваторларға иелік етуде. Ол компанияның иелігіндегі шаруашылықтарда жалақы өте төмен және уақытылы төленбейді деген ақпарат таратылған. Бұл аймақтарда тек қана қазақтар қоныстанып отырған жоқ, басқа ұлт өкілдерінің үлесі басым

    • #4
    • солдат
    • жм, 03/06/2016 - 18:22

    Жерді қорғау жарғысын қоса шығарсын, сонда ойланармыз, не үшін қорғап жүргенімізді. Ақысын төлемесе өздері қорғасын.

    • #5
    • нарын
    • жм, 03/06/2016 - 20:42

    Досеке айтаның шын.Сондықтан жерді ешқімге сатпау керек.Сатылса жер кетті деген сөз .Ертең қайта сатылып не Қытай не Ресей жері болмақ. Осыны Қазақ ұғуы керек.

    • #6
    • ахау семей
    • жм, 03/06/2016 - 22:00

    мұхтар тайжан-бәрі жақсы болады деп еді-/есек дәме/,мен еш жақсылық көріп тұрғаным жоқ, көкшеден кейін әңгіменің арты көрініп қалды емес пе,досеке, сіздікі дұрыс-ақ,бірақ сіздер неге сонда отырсыздар,өздеріңіз қатысуларыңызбен биліктің заңын заңдастырып бересіздер емес пе,,,

    • #7
    • Үш жүз.
    • сб, 04/06/2016 - 0:07

    Жерді сатуғада,жалға беругеде болмайды!Өзіміздің байларғада сатуға болмайды.Жерді тек қана жермен айналысам дегендерге жалға беруге болады.Бірақ жерді жалға5-10 жылға ғана беруге болады,уақыты біткенде ол жерді тексеріп,экологияға зиян келгенін тексеріп,егер зиян келген болса,жерді тартып алып,айып салуған жөн.Ал зиян келмесе ары қарай сол 5-10 жылға беруге болады.Жер тозып кетеді деген бос сөз.Ауылда тұрғандар біледі,жер пайдаланбаған сайын тыңайып құнары арта түседі.

    • #8
    • ашынған қазақ
    • сб, 04/06/2016 - 2:19

    Сонда мына әкім Кулагин 80 мың гектар жерін кімге өңдетіп, қандай техникаларды қолданып жүр екен. Бұл жерде Шерлок Холмс болудың керегі жоқ, Кулагиннің сонша жерді әрине Көкшетау облысының есебінен ұстап отырғаны бесенеден белгілі. Тіпті 80 мың гектар ғана емес, бүкіл облыстың жері соныкі емес пе. Ал біз болсақ, Конституциямен шегеленген тиесілі он сотықты ала алмай қаям жееееп жүрміз... Не деген сорлы едік. Шынында да менің немерелерім енді әскерге барып Кулагиндердің жерін қорғай ма?.. Шіркін-ай, қашан Украинадағы сияқты люсстрация жасайтын күн туар екен?..

    • #9
    • Қазақ үні
    • сб, 04/06/2016 - 7:58

    Қазақ жерін келімсектерге көкпарға салып қойған, ай сен ұры жоңғар, оңбассын!

    • #10
    • Жарас
    • сб, 04/06/2016 - 8:02

    Шетелдіктерге жер сатылмайды деп насихаттап жатыр. Ал мен үшін келімсектердің де шетелдіктерден ешқандай айырмасы жоқ.

    • #11
    • Жарас
    • сб, 04/06/2016 - 8:10

    Шетелдіктерге жер сатылмайды деп қазақтың мүддесін барынша қорғап жатқандай көрініп алдап сулап насихаттап жатыр. Ал мен үшін келімсектердің де шетелдіктерден ешқандай айырмасы жоқ. Себебі сол жер иеленіп отырған латифундис олигархтардың қазақтың тілін мойындап, осы тілде ғана сөйлейік деп отырған ең болмаса біреуі жоқ. Барлығының мақсаты, арманы түбі Ресейге қосылу.

    • #12
    • Асеке
    • сб, 04/06/2016 - 8:34

    #11 Жарас
    Өте дұрыс айтасың келімсектер мен өзіміздің орысқұлдардың да шетелдіктерден айырмашылықтары жоқ, өйткені олар жердің қасиеті, отан деген сөздерді білмейді. Олар қай жер жақсы, сол жерде жүре береді. Неге жердің бәрі, Кулагин, Розинск, Лужков дегендерде? Неге Алпысбайлар мен Жұмабектерде емес?

    • #13
    • Varvar bashmach hasag
    • сб, 04/06/2016 - 9:50

    Терещенко деген майкөтта қанша жер бар?

    • #14
    • Бейтаныс
    • сб, 04/06/2016 - 13:27

    Жерi тiлi жок казак отанын ертен кiм ушiн коргап согысады???

    • #15
    • Ақиқат
    • сб, 04/06/2016 - 15:30

    Келімсек латифундистер отаршылардың ұрпақтары емес пе? Оларға Қазақстанның азаматы ғой деп неге жер сатылуы керек?

    • #16
    • Талғат
    • сб, 04/06/2016 - 20:38

    Кулагиннің шетелдіктен несі кем. Кетеді ертең шекара асып, жерін шетелден басқарып. Оның үрім-бұтағының Қазақстанда қалмайтыны айдан анық қой.

    • #17
    • Қазақ үні
    • сб, 04/06/2016 - 21:39

    Шетелге жайдан жай кете қойса жақсы ғой. "Жерді ақшама сатып алдым, жеке меншігімді не істесем де өзім білемін, бұл жерді Ресей империясына сыйлаймын" десе "бұл енді заңсыз" деп тап ұры жоңғар айта алмайтына кепілдік беремін.

    • #18
    • Руза
    • сб, 04/06/2016 - 22:09

    Қамшыда видеосы жүр. Керемет айтты! Тек осы ғана емес. 2 рет тыңдадым!

    • #19
    • Қияс
    • жб, 05/06/2016 - 9:26

    Биліктегілер ертең кетеді. Сорлап халық қалады. Ұрпағымыз жерді қайта ала алмайды. Келімсектер "ақымақ аталаларың беріп кеткен" деп мұртынан күліп, алшаң басып жүреді. Сорлылық деген осы емес пе? Сол сорлағндардың ішінде осы комиссиядағылардың да ұл қыздары жүреді. Атаңа нәлет! Жерге тиіскендердің желкесі үзілсін!

    • #20
    • pikir
    • жб, 05/06/2016 - 12:24

    kulaginnin zherin tartyp alaiyq

    • #21
    • Селқос
    • жб, 05/06/2016 - 16:06

    Кулагиннің бары қандай жақсы, оны қанша сынап, кекетсеңде ол үшін таяқ жемейсің, өзіңе зияны жоқ.

    • #22
    • #
    • сс, 07/06/2016 - 15:08

    Руза!
    Достың Көкшетауда Кулагиннің көзінше сөйлеген осы сөзін біреу уатсапыма салып жіберіпті. Сен екі рет тыңдасаң мен бес рет тыңдадым. Риза болдым! Мынау тек үзіндісі ғой.

    • #23
    • Төре
    • сс, 07/06/2016 - 19:19

    Өтірікшінің ШЫН сөзі зая кетедінің дәлелі. Міне соңғы ширек ғасырдағы Ел-жұртқа айтылған көл-көсір өтіріктің НӘТИЖЕСІ. Халқы биліктің бір сөзіне сенуден қалған. Бұл өте қауіпті "індет". Ел - жұрттың жан дүниесіндегі нағыз рухани азғындау, рухани ланкестік. Осыған кімдер кінәлі, кім жауап береді?...

Пікір қосу

  • 4 + 10 =

Вход