Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 6879 0 пікір 9 Маусым, 2016 сағат 06:54

АҚТӨБЕ. ЛАҢКЕСТІК ОҚИҒА КЕЗІНДЕ ҚАЗА ТАПҚАНДАР...

Құлыным, сенің әкең нағыз батыр адам!

Суретте: лаңкестердің қолынан қаза тапқан Даниель Майлыбаевтың ұлы. Террористтер қандай дін ұстанса да, ол дінсымақтың баланың көз жасының алдында соқыр тиындық құны жоқ!

Ақберен Елгезектің FB-дағы парақшасынан алынды.

Майлыбаев Даниель Ақарысұлы, ҰҚК қарсыбарлау әскери Департаментінің қызметкері, майор. 1975 жылы 16 желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жаңақорған ауылында дүниеге келген. 1995 жылы ҰҚК-нің Алматы қаласындағы әскери иниститутына қабылданып оны 1999 жылы бітірген. Содан кейін Петропавлск қаласында Ішкі әскер жоғары әскери учелищесінде және Астанадағы ІІМ-нің Ішкі әскер Комитетінде қызметте болды. 2005 жылы қызметін жалғастыру үшін ҰҚК-ге ауысты.  2005-2014 жылдары Алматы және Павлодар қалаларында ҰҚК-нің қарсыбарлау әскери бөлімшелерінде қызмет етті. Ақтөбеге 2014 жылы қызмет бабымен келді. Соңында жары және төрт баласы қалды.

Қалиев Берікжан Ерланұлы, 1978 жылы 19 қаңтарда туған. Кіші сержант. Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылының тумасы. Артында жары – Нұрсұлу, екі ұлі екі қызы қалды. Төрт баланың кішісі Гүлдана 4 жаста.

Сапар Досбол Еркінбекұлы, 1997 жылы 25 қазанда дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Көксу ауылдық округі, Айдаркөл елді мекенінің тумасы. 2016 жылы 16 желтоқсанда әскер қатарына алынған. Солдат.  Артында әкесі Еркінбек, анасы Жұлдызай және інісі мен қарындасы қалды.

Максименко Андрей Владимирович, 1972 ж.т. 

Онищенко Николай Александрович, 1947 ж.т.

Тәжібаев Мерхан Есенбайұлы, 1983 ж.т.

Матросов Михаил Витальевич, 1981 ж.т.

Марқұмдардың артында қалған әке-шеше, туған бауырлары мен отбасына қайғырып көңіл айтамыз.

Abai.kz

 

 

 


0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565