Дей салдым-ау

ӘЛЕМДІ ТҮРЛІ АПАТТАН ҚАЗАҚҚА ТҮСКЕН ІЛІМ ҚҰТҚАРАДЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Бүгінгі таңда табиғат апаттарының жиілеп, қоғамды қиянат, лаңкестік, қатыгездік, қаскүнемдік жайлап алғаны, адамдардың мейірім-қайырымнан қалғаны, бір-біріне қару кезеп, пышақ салғаны, сәбилерді қоқысқа тастаудың, бүлдіршін қыздарды зорлаудың әдетке айналып бара жатқаны, жастарымыздың ұлттық бет-бейнесінің өзгеріп, батыстық жат әдеттерге бой алдыруы, жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауының жиілеуі үрей туғызады. Бұларға қоса обыр, ақ қан, бедеулік пен белсіздік секілді сан түрлі дауасыз дерттер, әсіресе аналар мен балалар ауруы көбейіп, сәбилер туа сала дертке шалдығып, дүниеге мүгедек балалардың келуі де жиілеп барады.

Бұларға тойтарыс беруге бүгінгі дамыған ғылым мен білімнің де дәрменсіз болып  отырғаны Әл-Фараби бабамыздың «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деген сөзінің шындыққа айналғанын көрсетеді. Осының бәріне адам баласы рухтың әлсіреп, Құдайға емес, жынның, нәпсінің, мансап пен байлықтың т.б. құлы болып құлдырауы, сананың да ішіп-жемдік, қарабасындық деңгейге түсіп кеткендігі, өзінің және бүкіл әлемнің жаратылыс заңдылығын ұмытып, Жаратушы иеден қол үзіп қалғандығы себепті душар болып отыр. Ең ақыры битімдей бір микробқа жем болып, адамдардың жылда қырылып жатқаны сол тәни де рухани да қуатсыздықтың салдары.

Сондықтан қазіргі басты мәселе адамның рухани-саналық деңгейін көтеру болып табылады. Бүкіл әлем ойшылдары да ХХІ ғасырда тек сана көгіне көтерілген адамдар ғана өмір сүре алады деген тұжырымға келіп, жер бетінде тіршілікті сақтап қалудың жолын іздестіруде. Мейірімі шексіз Жаратушы иеміз рухани тәрбиенің уызын қазақ халқы арқылы бүкіл адамзат баласына нұсқап отыр.

Ол – Құранның 29  сүресінің басында орналасқан, мағынасы Аллаға ғана аян делінетін Әлиф-Ләм-Мим, Әлиф-Ләм-Мим-Сад, Әлиф-Ләм-Ра, Әлиф-Ләм-Мим-Ра, Кәф-Һә-Йә-Ғайн-Сад, То-Һә, То-Син-Мим, То-Син, Йә-Син, Сад, Ха-Мим, Ха-Мим. Ғайн-Син-Қаф, Қаф, Нун «Хуруф-ул Мұқатта-а» әріптеріне негізделген, жаңа ғасырға арналған «Хуруф-ул Мұқатта-а»  рухани-саналық сауықтыру ілімі. Он бес ғасыр бойы құпия болып келген бұл әріптердің қазіргідей әлем дүрлігіп жатқан уақытта сырының ашылуы Құран түскен заманнан бергі ең керемет оқиға және Алланың адамзатқа түскен рахымы.

Сондықтан қазақ елі – қазақ жері қазақ халқы т.б. халықтар соғыс, зіл-зала, су, от және түрлі жұқпалы аурулар апаттарынан аман болып ел басы айтып жүрген мәнгілік бейбіт елге айналу ұшін «Хуруф-ул Мұқатта-а» бейбітшілік туын көтеріп, солтүстіктен оңтүстікке қарай «Хуруф-ул Мұқатта-а» әріптері таңбаланған мұнаралар тұрғызып, барлық су көздеріне  (бастауларға) тас құрандар (нұсқалары бар) тастау керек. Ал  балабақшаларда, мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында көрсетілген Қааааф, Нуууун, То-Һә, Йә-Сиииин, ҰЛЫ САНА бейбітшілік ұранын жастар бірігіп хормен сабақ басталарда оқыса, әлемде жүріп жатқан имансыздық тіршіліктерін тоқтатуға себеп болып  зор денсаулықта, көркем мінезде, терең білімді саналы адамдар қатарына қосылады. Отбасы мұшелері бірігіп оқып Алладан тілесе мал жандары аман болады.

Жаңа ғасыр ілімі  «Хуруф-ул Мұқатта-а» кітабынан

Ордабай Сандыбайұлы

Abai.kz

18 пікір 1979 рет оқылды Қосылған: 19.06.16
    • #1
    • Төре
    • жб, 19/06/2016 - 17:13

    Ордабай Сандыбайұлы, деген кешше, шала "ғұлама"! ел басы айтып жүрген мәнгілік бейбіт елдің не, екенін сіз түсінесіз бе? Мына біздерді қоршаған орта, яғыни, тәбиғатта мәңгілік емес, олда өзгеріп тұрады... Оны ғылымда ЭВОЛЮЦИЯ, деп атайды, Үқтыңызба, сорлы қазаққа "ақыл" айтушы тағы бір кешше? Шала молда дін бұзар... Екі Дүниеде мәңгілік-тек қана Жаратқан Иеміз Бір Алла, ғана!!! Данасынып күйдіріп жіберген соң ғана айттым. (Рабби эидни ғилмән. О Жаратқан Ием! Білімімді арттыр) "Таһа" сүресі, 114 - аяты. Йя Жаратқан Ием! кешір мына мені құлыңды?

    • #2
    • проф. Совет-Хан Ғаббасұлы
    • жб, 19/06/2016 - 18:11

    Ордабай Сандыбайұлы ініммен көптен таныспын. Жаңа ғасыр ілімі «Хуруф-ул Мұқатта-а» кітабын да оқығанмын. Иә-ә, бұл шын мәнінде - Әлиф - Ләм - Мим; Әлиф - Ләм-Мим - Сад ; Әлиф - Ләм - Ра ; – Құранның 29 сүресінің басында орналасқан, мағынасы бір Аллаға ғана аян делінетіні де - АҚИҚАТ !!!.. Тек, осынау құдіретті құбылыстың - АСТАРЫНДАҒЫ СИПАТЫН - түсіну арқылы ғана... АДАМЗАТТЫҢ парасаты мен сапасы өзгермек-ші ?!.. Сонда, ОЛ - НЕ ??.. Ғылымның тілімен айтсақ, бұл - ЖАҢА ІЛІМНІҢ - ТЕОРИЯСЫ тәрізді ҰҒЫМДЫ береді. Ендеше, қандай ТЕОРИЯНЫҢ болмасын - ӨМІРДЕ... яки ІС-ТӘЖРИБЕДЕ қолданатын ТЕХНОЛОГИЯСЫ немесе МЕХАНИЗМІ болатыны - БІЛІМДІ адамның бәріне де белгілі. ЖАРАТУШЫ БІР АЛЛАНЫҢ РАХЫМЫМЕН... осы ОРДАБАЙ айтып отырған ІЛІМНІҢ - технологиясы мен механизмі де - ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ - ИГІЛІГІ етіп түсіргенін АЙТУ ШАРТ !!!.. ОЛ - ширек ғасыр бойы айтылып жүрген - "АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ" - болып табылады. Қалың жұртым ҚАЗАҒЫМ - бұдан былай - ҮГІТ - НАСИХАТ - УАҒЫЗ - арқылы ғана ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ мүмкін емес. Адамның мәні - ЖАНЫН да - олай болса... тек АНА ҚҰРСАҒЫНДА ғана ашылатын - ЖАННЫҢ 12-АРНАСЫНЫҢ ТӘРБИЕСІН БІЛМЕЙ - жақсы ҰРПАҚТЫ күту қиын. Бұл менің - ПЕДАГОГИКА мен ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ - атты монографиямда толық айтылады. Бүкіл бір КІТАП түгелімен - 2011 жылы ПАТЕНТ алған, № 1408 - бекітілген. УА-А, асыл жұртым - АЛАШЫМ - "ҰЛТ ТАҒДЫРЫ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ" - екенін ұққандарың жөн. ТЫҢДА...

    • #3
    • Мумин
    • жб, 19/06/2016 - 20:40

    Пайғамбар с.ғ.с. білмегенді (не болмаса қандай да хикметпен Сахабаларға білдірмеген) нәрселерді бір сандалбай біліпті дегенге кім сенеді?

    • #4
    • Мумин
    • жб, 19/06/2016 - 20:42

    Пайғамбар с.ғ.с. білмегенді (не болмаса қандай да хикметпен Сахабаларға білдірмеген) нәрселерді бір сандалбай біліпті дегенге кім сенеді?

    • #5
    • Мумин
    • жб, 19/06/2016 - 20:51

    Пайғамбар с.ғ.с. білмегенді (не болмаса қандай да хикметпен Сахабаларға білдірмеген) нәрселерді бір сандалбай біліпті дегенге кім сенеді?

    • #6
    • Қазақ
    • жб, 19/06/2016 - 21:19

    Аллаға ғана аян. Алла ғана білуші, білдіруші. Алланың білімі теңіз болса, пайғамбарымыз с.ғ с.-дыкі -тамшы, егер оның білгені - теңіз болса, біздікі-тамшы деген. Алла-шексіз. Алланы тану үшін, оның жаратқан әлемін тану үшін үздіксіз ізденіс керек. Қасиетті Рамазан айында осы жазбаның жариялануы кездейсоқтық емес шығар. Сауабы болса, нәсіп етсін Алла, зияны болса,- сақтасын.
    Алланың атымен бастаймын, "бисмиллахи рахмани рахим" деген жоқ, сондықтан күдікті көрінер? Қабылдау қиын, ғылым да сын екен-ау пендеге. Бір Аллаға тәуекел. Тура жолды нұсқаушы жалғыз Алла. Ғылым іздену-парыз. Сақтаушы Алла адасудан сақтасын. Балағаттаудың да қажеті жоқ. Қабылдамасаңыз жай ғана "сенің дінің-өзіңе, менің дінің-өзіме" дей салуға болады.

    • #7
    • Мумин
    • жб, 19/06/2016 - 21:23

    Пайғамбар с.ғ.с. білмегенді (не болмаса қандай да хикметпен Сахабаларға білдірмеген) нәрселерді бір сандалбай біліпті дегенге кім сенеді?

    • #8
    • Аң-таң
    • жб, 19/06/2016 - 21:26

    Төреге де жан керек екен, Ордабайды кеще деп жазғырып алдады, да дінге сиынады. Келешекте бұрынғы тағына қайта отырып, қазақты орта ғасырға ысқырта қайта айдап апарат деп біз дәмеленіп сеніп жүрсек!..Қап, экспериментке босқа кеткен қойымай, сенген қойым ...

    • #9
    • Қазақ #7-ге
    • жб, 19/06/2016 - 21:44

    Әлем үздіксіз даму үстінде, демек, ғылым да дамиды. Алланы тану үшiн де ғылым ізденеміз. "Алиф, ләм, мим"-нің сыры не екен?- деп ойланып көрмеппін десеңіз, сенбес едім. Егер ашылып жатса, -уақыты келгені де. Әр нәрсеге- Жаратқанның қалауы

    • #10
    • Сұрақ #2-ге
    • жб, 19/06/2016 - 21:49

    Сіз исламист- ғалымсыз ба?
    "Білім кітабын" таратушылардансыз ба?
    "Исаға сенушілерденсіз" бе?
    Кімсіз?

    • #11
    • ҰСТАЗ АНА
    • жб, 19/06/2016 - 21:53

    Неткен бос сөздер ?! Не мағана... не мән жоқ ! Тіпті, АЛЛА ға- адалдықпен илану да жоқ ! Надандық пен Қараңғылықтан басқа түк жоқ . Рас ЖАЗЫЛҒАН МӘТІНГЕ пікір жазсаң... бос сөз емес, таяз болса да өз пікірлеріңді жазбайсыңдар ма ?..

    • #12
    • 10-ға жауап !
    • жб, 19/06/2016 - 22:20

    Жазылған - ПЕДАГОГИКА мен ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІН - ОҚЫСАҢ... кім екенімді білесің...

    • #13
    • Жаңа ғасыр ілімі «Хуруф-ул Мұқатта-а» кітабынан
    • дн, 20/06/2016 - 0:53

    Кітап сатып пайда табам деген ақымақтықты қойыңдар. Бұл заман киіз кітаптың заманы емес, ағылған тегін ақпараттың заманы. Оның үстіне қисынға симайтын өтірікті жақын жуық, дос жарандарыңа сата беріңдер. Онсыз да бір Бақтыбай деген алжыған аспаннан 600 ден астам кітап түсті деп жындардың сандырағының арасында шомылып жүр. Ал оны алтын уақытын құртып оқитындай бұл заманның адамында уақыт жоқ. 1500 жылдай өмір сүрген Нух ғ.с. Пайғамбардың замандағыдай таза ауа, таза тамақ, таза су болмағаннан кейін бұл заман адамдардың өмірлері тым қысқа. Бос мыжулармен кітап шығартып қаншама қағазды босқа құртқанша, одан да экологиялық таза туалет қағазын шығарып сатқандарыңыз халыққа да сіздерге де, үкіметке де пайдалы.

    • #14
    • Төреші
    • дн, 20/06/2016 - 1:13

    Кім жеңер екен?

    • #15
    • Қазақ
    • дн, 20/06/2016 - 1:45

    Елбасының халықты тірідей илеуіне қосқан үлесі бар дейді ғой?
    Халқыма қайыры болмаса, маған да қажеті шамалы.

    "Жақсылық көрсем-өзімнен..." деп жүр ғой және бір ғұлама қазақты қойша иірілуге дайындап.
    "Қасында экстрасенстері бар" деп айтушы еді, халықтың арасына шыққанына қарағанда, бір тықыр таянған-ау, шамасы?

    • #16
    • Бейтаныс
    • дн, 20/06/2016 - 3:47

    Жаксы соз жарым ырсы,кателессе бир сауап дурыс болса еки сауап,боска дауласпай жаксылгын алайык

    • #17
    • Төре, 8 Аң-таң-ға
    • дн, 20/06/2016 - 8:14

    Ұмытпасам, сізде анда-санда аталарыңызға Құран бағыштаушы едіңіз? Қабыл болсын? Жаратқан Иеміз, Бір Алла, сіздіде, қанша кәпірлік істесеңізде тура жолға салар? Ұрпағыңыз үшін. Алла Тағала кешірімді, мына менде Бір Алланың құлы сізді кешірдім! ӘМИН! Ал Ордабайдікі Ислам дініне қайшы, шатпақ екенін бұрынға атеист сізде жақсы түсінесіэ ғой. Сіздің пікір маған деген ызғарыңз ғана...Сау болыңыз!

    • #18
    • Кәлпе
    • дн, 20/06/2016 - 12:33

    Бісміллә сөз басы! Ләйлә қаилалла, мәжнүн икибәрәкәтуһ!

Пікір қосу

  • 8 + 5 =

Вход