Қауіп еткеннен айтамын

ҚАЗАҚҚА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ ҰЛТ АРАБТАР МА?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Шариғат туралы сөз қозғап, Алла туралы әңгіме өрбісе арабтарды үлгі етіп ағынан жарылатындар жетіп артылады. Кейбіреуі өзінің ұлттық құндылығы мен ерекшелігін жат санап шариғатқа қарсы екенін дәлелдеуге тырысып бағады. Зерттеу нәтижесінде мұндай әсіре діншіл топтардың басым бөлігін  қазақ дәстүрі мен шариғаттан хабары жоқ сауатсыз  адамдар құрайтынын көрсетіп берді. Олардың қоғамдық пікірлері  «ең құрметті тіл – араб тілі, үлгі аларлық ұлт – арабтар» деген секілді панарабистік көзқарас қалыптасқаны байқалады.

Мұндай топтар ұлттық идеологияға төнген үлкен қасірет, арты панарабистік қозғалысқа ұласып, қазақ жерін араптардың ығына жығып беретін өте қауіпті  саяси процеске ұласуы бек мүмкін. Әсіредіншіл топтардың ислам хаққында түсінігі өте төмен. Басты қателігі ислам діні мен араб халқының  жергілікті дәстүрін айыра алмайды. Олардың дін етіп жүргені – арабтардың дәстүрі. Шариғат деп жүргені – жабайы арабтардың күнделікті қарым-қатынасынан пайда болған ережелер жиындығы.

Шын мәнінде жер бетінде қазаққа (мұсылманға) үлгі боларлық таңдаулы халық арабтар ма?

Ислам дінінің мәйегі қасиетті Құран кәрімнің  Хұжұрат сүресінің 13 аятында: «Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден  жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттарға және руларға жіктеп қойдық. Шынында, Алланың құзырында құрметтілерің тақуа болғандарың. Алла шексіз білгір, бәрінен хабардар» делінген. Аятта анық көрсеткендей адам баласын бір атадан жаратып түрлі ұлыстарға бөлудің хикметі олардың дәрежелерін бір-бірінен арттыру емес, бірін-бірі танып білулері үшін көрсетіп тұрғанын байқауға болады. Әрі қарай аяттың екінші бөлігінде «Аллаға жақындарың тақуаларың» деп айқын әрі ұғынықты етіп көрсетіп береді. Яғни араб болғаның үшін емес тақуалығың үшін Аллаға жақындай аласың дегенді меңзейді. Технология дамып, ғылым қарыштап өсіп жатқан заманда араб ұлтын қазаққа ұстаз етіп жүрген топтар араб тарихы мен ислам тарихының парқына жете алмай араб дәстүрінің көлеңкесінде қалып қойған дүмше діндарлар көбейді. Мұндай адасушы топтар  араб халқы болмаса ислам діні жер бетіне жайылмайтын еді деп есептейді.

Тарих куә ислам дінін жер бетіне таратуда арабтардың емес қазақтың түп атасы батыр түріктердің алар орыны ерекше. Орта Азия мен Балқанға, Солтүстік Африкаға дейін ислам дінін таратып, жабайы халықтарды мұсылман еткен түріктер екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Арабтар болса араб түбегінен әрі аспай құмды далада өз ара жанжалдасып жікке бөлініп кетті. Олар араб атының тұяғы Пиринейге дейін жетіп, Батыс Еуропада Кордова халифатын  құрғанымен мақтанады. Бірақ, ХІ-ғасырда бұл халифаттың тас талқаны шығып, христиандардың қолына өтіп кетті. Парсы шығанағы мен Кавказ аймақтары халифалыққа талас барысында өзара шаһари жауласып, шииттік сектаға бөлініп кетті. Соның салдарынан қазірге дейін өздерін мұсылман санайтын шииттер суннитермен біріге алмай отыр.

Арабтар қан мен кикілжіңге құмар, бір тұтастықты қолда ұстай алмайтын халық екенін тарих дәлелдеп берген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеден өте салысымен халифалыққа таласып  пайғамбарымыз жұмақпен сүйіншілеп кеткен, хазіретті халифа  Османға он үш түрлі жала жауып, Әлиді  кәпір деп айыптап қастандықпен өлтіреді. Жауыздықтың кең тарағаны сонша әзіз сахаба Абдулла ибн Хубабты қастандықпен өлтіріп, жүкті әйелінің қарнын аяусы ақтарып тастайды. Ислам тарихында өзара жікке бөлініп, «шынайы мұсылман мемлекетін құрамыз» деген жалған ұранмен сахабаларды қырғынға ұшыратқан екі үлкен қанды оқиғаны жасайды. Бұл шайқастар тарихта Жамал және Сиффин деген атпен қалғаны белгілі. Бұдан бөлек екі саяси топтың ымырасыздығынан пайғамбарымыздың сүйікті немересі Хусейінді Кербала қаласында азаптап өлтіреді. Осындай қанды оқиғаларды жасап, пайғамбарымыз с.ғ.с. немересін өлтіруден тайынбаған ұлттарды үлгі етуіміз сауатсыздықтан басқа ештеңеде емес. Тұтастыққа жаны қас, бүлікке құмар араб халқы бүгінге дейін «тура дін ұстану» мен «халифа орнату» сынды жалған ұранмен өзара қырық пышақ болып шиит, ғулат, алауит, зейдит, муғтазалия, имамия, исмаилия, қадария, харажит, уаһабия, хизбут-тахрир, таблиғ, тәкфир уәл хиджра, мадхали, сурури сынды түрлі жамағаттарға бөлініп кетті. Мұсылмандар әлемінде пайда болып жатқан осындай діни, саяси топтардың барлығы дерлік араб мемлекеттері арасында, немесе араб тілділер арасында ортаға шыққан, және бұл процес бүгінге дейін үздіксіз жалғасып келе жатыр. Бүлікке бір қадам жақын арабтар халифат үшін келісім шартты бұзып дінді өзгертуге дейін барады. Мысалға Сауд  ұрпақтары билік құрып отырған Арабстанда ресми мазһаб ағылшындарға қызмет еткен Абдул Уаһабтың  идеологиясына негізделген және бұл идеология араб сахарасына күштеп енгізілген. Себебі Сауд ұрпақтарының билікке келуіне бірден бір себепкер ағылшын отаршылдарына қызмет еткен Абдул Уаһабтың ықпалы болған. Абдул Уаһабтың діни сенімі мен шариғи ұстанымы ислам әлемі мойындаған төрт мазһабпен үйлесім таппайтын «бесінші мазһаб» болып саналады (асылында 5-ші мазһаб жоқ).

Қазіргі кезде тілі мен діні бір араб халықтары 22 мемлекетке бөлініп кеткен. Бір тілде сөйлеген бірнеше араб елі бір халифатқа бірікпей отырғанда, тілі мен дәстүрі бөлек түркі халықтарына «халифат орнатамыз» деп ұрандап жүрген саяси топтардың негізгі мақсаты халифат емес тұтас мемлекетті бөлуге негізделген теріс идеология екенін есте ұстағанымыз жөн.

Әсіре діншілдердің айтып жүрген осындай жалған ұрандарынан сақ болып, ұлттық болмысымызды жоғалтпай, Алладан алған аманатты жоғалтпай өзіне қайтарсақ, осының өзі үлкен сауапты іс болатыны хақ.

Марат Ержігітов

Abai.kz

25 пікір 2238 рет оқылды Қосылған: 22.06.16
    • #1
    • Сынбай
    • сн, 22/06/2016 - 10:49

    Насаралар 72 сектаға бөлінсе, мүминдер 73 сектаға бөлінеді. Ең сорақысы Абдул Уаһабтың (ордасы Ағылшын елінде, кеңселері Ресейде,Капказда) сектанттары Қазақстанға ,биліктің енжарлығынан, көптеп өтіп ел аймақтарында кең қанат жайған!!!

    • #2
    • 001
    • сн, 22/06/2016 - 10:52


    Бекболат Тілеуханға айтсайшы осы сөзіңді. Ол арабтан шыққан Мухаммад ибн Абдулуахабты мақтап аузынан суы құрып жүр ғой?

    https://www.youtube.com/watch?v=7SWO_xGEBOQ

    • #3
    • ШАЛА Казахпын
    • сн, 22/06/2016 - 11:32


    Евро союз сиякты Ислам союз курлатын болады, 21 гасыр ол Ислам гасыры болады. Адамзатка Ислам келгели онымен куресуде бир сатке токтаган емес Еврейлер.....Крестоносцы.....спецслужбы..........


    • #4
    • сержан
    • сн, 22/06/2016 - 12:08

    21-ғасыр еш қалай ислам ғасыры бола алмайды! Өйткені, қазіргі саяси, геосаяси және экономикалық, экологиялық, тұрақты даму стратегиялық зерттеулерді білмейтін сауатсыз адамдар ғана осындай "дешовый" ой айта алады. Діншіл болып пікір қосып жүрген адамдардың көпшілігі сауатсыз адамдар. Шырақтарым-ау, сіздер қазіргі ақппаратты заманда неге сауатсыз болдыңдар!

    • #5
    • сержан
    • сн, 22/06/2016 - 12:08

    21-ғасыр еш қалай ислам ғасыры бола алмайды! Өйткені, қазіргі саяси, геосаяси және экономикалық, экологиялық, тұрақты даму стратегиялық зерттеулерді білмейтін сауатсыз адамдар ғана осындай "дешовый" ой айта алады. Діншіл болып пікір қосып жүрген адамдардың көпшілігі сауатсыз адамдар. Шырақтарым-ау, сіздер қазіргі ақппаратты заманда неге сауатсыз болдыңдар!

    • #6
    • калбит
    • сн, 22/06/2016 - 12:12

    казах улги алган жане алатын улт Улы Славян Орыс халкы казахты адам кылды асырады коргады бизде Орыс болу ушин талпынып келемиз атымызга ов ев костык улы славян болгымыз келип орысша соилеимиз бирак бир жаманы туримизди озгерт алмаи киналып журмиз неге десен биздин туримиз кара сондыктан бизди чурки деиди жане дамымаи калгандыктан солаи орыс тили казахктын козин ашты нан жегизип отыр кун бугинге деин поетому Улы Славян улттынын хотя черныи жопы русскии болу ушин талпыну казахка миндет жане бугигни политика оте дурыс орыссыз казахты адам аиту акымактык

    • #7
    • ешмухамед
    • сн, 22/06/2016 - 12:24

    Террор және терроризм жер бетіндегі ең жиркенішті құбылыс! Ал, осы жауыздықты өздерінің "күрес қаруы" қылып алған араб мемлекеттерінің болашағы бұлыңғыр! Бұл, енді таза шындық! Қылғынып өліп кетсеңізде, таза шындық осы! Мойындау керек. Бейкүнә адамдардың қанын төгу, бейбітшілік заманда, қай дін өкілдеріне болмасын үлкен күнә болып есептеледі! Керек десеңіз еш бір дінге сенбейтін адамдар да бұндай сұмдыққа бармайды! Оған баратын фанатик, надан, қорқақ адамдар. Немесе, осы өмірде өздерін таба алмаған бейшаралар! Ал, олар көбейіп бара жатқаны шындық. Дінді, ақшаға бола тұтынуға болмайтынын білулері керек, жас ұрпақ. Оның үстіне ақшасы өте көп басқа дін өкілдерінің ақшаларына! (өздеріңіздің іштерің сезіп отырған болар, кімдер екенін, ақшалы адамдардың).

    • #8
    • Казак
    • сн, 22/06/2016 - 12:36

    Шынымен коп адамдардын пикирин окып отырып осы кезенде биздин халыктын сауатсыз болып кери кеткени байкалады гылым билимге умтылуы байкалмайды соз саптаулары Алланын атынан каргап силеу соган карап отырып шынымен катты кери кеткенимиз коринип тур мектепте алган билимимиз еш пайдага аспаганы коринеди ягни еш пайдасы жок окулыктар жазылган кадимги мангурттенип шыкканнан шошып отырмын

    • #9
    • Казак
    • сн, 22/06/2016 - 12:36

    Шынымен коп адамдардын пикирин окып отырып осы кезенде биздин халыктын сауатсыз болып кери кеткени байкалады гылым билимге умтылуы байкалмайды соз саптаулары Алланын атынан каргап силеу соган карап отырып шынымен катты кери кеткенимиз коринип тур мектепте алган билимимиз еш пайдага аспаганы коринеди ягни еш пайдасы жок окулыктар жазылган кадимги мангурттенип шыкканнан шошып отырмын

    • #10
    • Казак
    • сн, 22/06/2016 - 12:43

    Осынша кери кетуге биздин халыкка не болды ой сана сезим бари кери кетти газет журналдарын китаптар да тушымды бирдене жаза алмайтын болганы гой халыкты тарбиелеуге гылым билимге жетелеуге дарменсиз болганы ма

    • #11
    • Казак
    • сн, 22/06/2016 - 12:52

    Дулат ага дурыс айтады теледидар еш магнасыз болгалы кашан магнасыз кулки азил андер
    Казир халыкты тарбиелейтин термелер де айтылмайтын болды типти естимейтин болдык онын орнына "айта берсин айта берсин"деген Жанар Догалованын магнасыз кери тарбиелейтин андери айтылады айта берсин мен билгенимди истеймин дегендей содан кейн не болсын

    • #12
    • Казак
    • сн, 22/06/2016 - 12:58

    Биздин жастар арабка еликтегени сонша кара жамылып жур шубатылып ерте кемпир болган суренсиз кииммен жиркеништи коринеди ап адеми гулдей жайнап журетин шактарында
    Кара жамылгандарды коргенде "кара бастарына коринсин" деп кетемин бул деген жамандыкты шакыру гой казак кашан кара киинип еди

    • #13
    • Казак
    • сн, 22/06/2016 - 12:58

    Биздин жастар арабка еликтегени сонша кара жамылып жур шубатылып ерте кемпир болган суренсиз кииммен жиркеништи коринеди ап адеми гулдей жайнап журетин шактарында
    Кара жамылгандарды коргенде "кара бастарына коринсин" деп кетемин бул деген жамандыкты шакыру гой казак кашан кара киинип еди

    • #14
    • Шуақ
    • сн, 22/06/2016 - 13:12

    ... Біртұтас үстемдігін жүргізуге,
    Күш салып, барын жұмсап, дүрлігуде.
    Қазақты қырық бөліп, билеу үшін
    Сыналап түрлі дінді кіргізуде....
    20 жыл бұрын жазылған еді, міне нәтижесі де көрінді.

    • #15
    • Батпанбай
    • сн, 22/06/2016 - 13:22

    Қазаққа діни сауат керек. Бізге марқум жаның жәннәтта болғыр Өзбекстандық Мухаммед Солық Мухаммад Юсуф сиякты білгір алым жетіспей тұрғаны.
    Ол кісі шариғат , тарихат мәселелерін , Нахшбандия тарихат жолын өте әдемі түсіндіретін. Уағыздары Ютуб те тұр. Өзбекше тілін түсіне алатын қазақтар көріп тыңдасаңыздар болады.

    • #16
    • ШАЛА Казахпын
    • сн, 22/06/2016 - 13:56


    #14 Шуақ
    Оте дурыс айтасын, Казах пен Б.Восток тургалы мукым европаны кырык пышак кылып койды КАЛАЙ, КАШАН, КiМ екенiн итекеш итте бiледi ...........

    • #17
    • жебе
    • сн, 22/06/2016 - 14:12

    алаш арыстары туырдықты неге Еуропа жақтан ашты? қазаққа еуропаның шығыс оңтүстік Азияның ғылымға, білімге деген көзқарасы, еңбекқорлығы, демократиясы керек екенін олар бізден жүз жыл бұрын білген. мұсылманбыз, бірақ араб емеспіз. арабтың өз мәдениеті, біздің өз мәйегіміз бар.

    • #18
    • Француз
    • сн, 22/06/2016 - 14:51

    КАЛБИТ!!! ке
    Орыстар қазақтарды алы күнге КАЛБИТ деп жерге тығады. Орыстарды мақтағаныңызға қарағанда тамырыңыз таза емес ау сіздің. Немесе сіз ата-бабаңыз орыс үкіметіне құл болған тексіз қазақтардан тарағансыз.

    • #19
    • Кәлпе
    • сн, 22/06/2016 - 19:09

    арап, қытай, орыс, ассамбілә дегендер бәле болды

    • #20
    • Кози ашык
    • сн, 22/06/2016 - 21:34

    Бауырым Марат!
    Улкен рахмет макаланызга!
    Намыссыз, саткындыкка жакын кандастарымыз ойланатын шыгар деп умиттенемин.
    Саткындыктын аты саткындык, арабка сатылса да' орыска сатылса да. Мен казахпын деген намыстын жоктыгынан гой бул сорлыларда.
    Жабайы арабтарга келсек. Олар кеше гана туйесинен тусип, автога отырды. Ол сауатсыз жалкау немелер, 20-30 жылда мунай таусылган сон кайтадан туйелерине отыратынын естен шыгарма, еликтегиш, намыссыз, сорлы казах.
    Араб ертегилерине елтигенше, гылым-билим куала, ел болам десен.

    • #21
    • ШАЛА Казахпын
    • сн, 22/06/2016 - 23:25


    Разделяй и властью ......... https://en.wikipedia.org/wiki/Sykes%E2%80%93Picot_Agreement

    Болiп алда тобелестiрiп кой бiр-бiрiмен !!!



    • #22
    • Қазақ
    • бн, 23/06/2016 - 1:45

    ҚАЗАҚҚА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ ҰЛТ АРАБТАР МА?
    --

    Бар! Жалғыз қазаққа емес бүкіл адамзат баласына үлгі бола алатын МУХАММАД с.ғ.с. Пайғамбар бар. Одан кейін төрт халифа бар, одан кейін Сахабалар бар.

    • #23
    • Қасымбек
    • бн, 23/06/2016 - 3:58

    Марат Ержігітов осы бетіңнен қайтпа санасын ояат қазақтың!!!.Ал бізге үлгі болар ел арабтар емес,бізге үлгі болар Пайғамбардың надан топас қызын тірідей көмген қараңғы зұлымдарға тоқтау қойған өнегесі.

    • #24
    • Хахол
    • бн, 23/06/2016 - 10:07

    Казактарга арап елынен улгы алыу керек карандар араптар дуние жузынын экономикасын билеп отыр букыл турист арап.катар.иран.туркия.елыне барат арап елынде.турме.карттар уйы.жеттымдер уйы жок ата бабамыз арап тилын уиренген олар кандай адамдар еды тозымды сабырлы кыз канды еды казакстан латын тилыне кошып кетыу керек еды кателык жасадык кайдагы орыстын кулак кесты кулы болып калдык азербайжан дурыс жасады турик елынын жактасы болып

    • #25
    • қазақ
    • сб, 04/02/2017 - 1:13

    марат ержігітов Арабтан не жамандық көрдің дін солардан жетті,мәдениет солардан жетті, білім солардан жетті, оның үстіне Пайғамбарымыз (с.а.у.) Араб болған. Ей көкірек көзі соқыр тела сен ондай ұлтшыл болма ұлт жанды бол. Мақала дым жақсы шықпаған сауатсыз жазылған фуу

Пікір қосу

  • 3 + 34 =

Вход