Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4411 0 пікір 24 Маусым, 2016 сағат 12:53

Балалар үйінің тәрбиеленушілері бас мүфтимен бірге ауыз ашты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алатау ықшам ауданы «Арафат» мешітінде ауызашар берді, - деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

 Ауызашарға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ бөлім басшылары, «Нұр-Мүбәрак» университетінің ректоры, профессор, доктор Жуда Абдулғани Басюни, «Ақ Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері, жалпы 100-ден астам адам келіп, жайылған дастарханнан дәм татты.

Шара барысында ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Діни басқарма тарапынан «Ақ Үміт» балалар үйіне тұрмыстық техника (тоңазытқыш, кір жуғыш машина) сыйға тарту етті. Жағдайы төмен отбасыларыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиналған көпшілікті қасиетті Рамазан айымен құттықтап, шынайы лебізін жеткізді.

 «Рамазан рухани-жаңару айы. Адамды тазалыққа, қоғамды рухани келісімге шақыратын рамазан айының маңызы аса жоғары. Алла Тағала айлардан-рамазанды, күндерден-жұманы, түндерден - Қадір түнін қасиетті етті. Мұсылман баласы үшін бұл айдың орны ерекше. Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай. Алла Тағала отбасымызға амандық, елімізге береке-бірлік нәсіп еткей», – деді Бас мүфти.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3600