Міне, көрдің бе?

ӨРМЕКШІ ТОРЫ ӘДІСІ НЕМЕСЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ТЕМІРЖОЛМЕН «ТОРЛАУ»

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Жердің кеңдігі – үлкен байлық. Мәселе сол байлықты халықтың игілігіне жарату. Жер игілікке айналу үшін оны игеру қажет. Ал игерілген жер ғана байлық көзі болып табылады. Қазақстанды теміржолдармен, автожолдармен «торлау» - жерді игеруге зор ықпал етер жұмыс болары сөзсіз. Әзірге, аталмыш саладағы күре жолдар Қазақ жерін шеттеп айналып жүретін бұрынғы кеңестік жүйеден толық арылып кете алмай отыр.  Сондай аймақтың бірі – Қостанай.


Қостанай – астықты, кенді аймақ. Еліміздің солтүстік-батысына орналасқан. Қостанай облысының территориясына Еуропадағы шағын мемлекеттер сыйып кетеді. Кеңес дәуірінде Алматыдан гөрі басты орталық Мәскеумен байланысы тығыз болып, Ресейге қарай шығар қарым-қатынас жолдары жақсы дамып, Қазақстанның ішкі жағымен байланысы кенжелеп қалған. Бүгінгі таңда Қостанай қаласы Елорда Астанамен, сондай-ақ оңтүстік, орталық өңірлермен тікелей теміржол арқылы тікелей байланыспайды. Қостанайға Астанадан келетін теміржол батысқа қарай едәуір бойлап барып, Тобыл станциясы арқылы Қостанайға кейін шегініп бұрылады. Себебі өткен ғасырда орын алған Сталиндік индустриализация кезеңінде Тобыл станциясы Қазақстанның оңтүстігі мен орталығынан шығатын қорғасын, мыс, көмір шикізаттарын Ресейдің оңтүстік Орал өңіріндегі зауыттарда өңдеу үшін тасымалға қажетті жол ретінде салынған еді. Осы Тобылдан теміржол тура Ресейге шығып кетеді. Ресейлік мүддені ойлаған сол кездегі саясат Қазақстан ішіндегі жол қатынастарына немқұрайлы қарап, соның салдарынан облыс орталығы Қостанай бір бүйірде қалып қояды. Сонымен бүгінгі таңда оңтүстік өңірден немесе Астанадан Қостанайға келген жолаушы 5 сағаттық уақытын айналма жолға «құрбан» етеді. Айналам жолдың қашықтығы - 240 шақырым.

Бұрын Мәскеуге қарап сағат түзеген бүгінгі тәуелсіз Қазақстан енді барлық бағытын Елордадан түйінделетін мақсаттарға орай қимылдауы тиіс. Осы орайда, Астана арқылы оңтүстік өңірді Қостанай қаласымен байланыстыратын теміржолды Тобыл арқылы айналдырмай «Құсмұрын» станциясының тұсынан бұрынғы «Целинный» теміржолына (орталық Қазақстанды солтүстікпен байланыстыратын жол, қазіргі Көкшетау-Қостанай бағыты) «Шоққарағай» станциясына қосып, төте жол салынса, жол қашықтығы едәуір қысқарар еді. Құсмұрын мен  Шоққарағай арасы - 90 шақырым.

 Егер осы аралық теміржолмен жалғасса, оның мынадай экономикалық-әлеуметтік пайдасы болар еді:

  1. Астана мен Қостанай арасы едәуір қысқарып, жолаушылардың уақыты әрі қаржысы үнемделеді. Бұл - адам капиталын дамытуға қосылған ерекше үлес. Жолаушының жол шығынынан үнемделген қаржысы басқа салаларға салынып, әсіресе, адамның өзін-өзі жетілдіретін салаға бағытталар еді (білім, денсаулық, туризм т.б.). Қазіргі таңда Астана-Ақтөбе, Атырау бағытында жүретін «Тальго» жүрдек пойызы Тобыл станциясына дейін 7 сағат жүреді. Егер ол Құсмұрын станцисынан Қостанайға тура бұрылса, әрі кеткенде сол 7 сағаттың о жақ, бұ жағында облыс орталығынан төбе көрсетер еді;
  2. Облыстың оңтүстіктегі шеткі өңірі Торғай аймағының орталығы болып саналатын Арқалық пен Қостанай арасындағы теміржол қашықтығы да кемінде 5 сағатқа қысқарар еді. Арқалық қаласы Шұбартау-Бейнеу теміржолына қосылғанын және алдағы уақытта ол жолмен жолаушылар пойызы да жүретінін ескерсек, оңтүстікпен солтүстіктің арасы теміржол арқылы едәуір жақындайды;
  3. Астанадан Батыс Қазақстанға қарай жүретін пойыздар облыс орталығы Қостанай арқылы өтіп (қазір олар бүйірдегі Қостанайға бұрылмай, Тобыл станциясы арқылы өтіп жатыр) қаланың транзиттік мүмкіндігі артар еді. Бұл – бір. Екіншіден, бұл жұмыстар өз кезегіде бір бүйірде оқшау тұрған облыс орталығы Қостанайды Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтармен түрлі бағытта тығыз байланысуына жол ашып, бизнестік байланыс, әріптестіктің жандануына септігін тигізері анық;
  4. Құсмұрын станциясы маңында тез жанатын қоңыр көмір кенінің үлкен қоры бар. Оған көрші Ресейдегі Троицк ГРЭС-і қызығыушылық танытып жүр. Темір жол тура Қостанайға тартылса, Троицкіге шығатын қашықтық қысқарады. Көмір кенінің екінші тынысы ашылады. Ал солтүстік аймақтағы ең үлкен көл Құсмұрын балық шаруашылығын дамытуға да қолайлы;
  5. Құсмұрыннан облыс орталығына тура тартылған теміржол табиғаты сұлу Қостанайдың ең әдемі жерлерінің бірі, курортты аймақ «Сосновый бордан» (Арақарағай орманынындағы «Шоққарағай» станциясы) өтуі тиіс. Бұл «Сосновый бор» курортына оңтүстік және батыс өңірлерден келеушілердің санын күрт асырады. Қазіргі таңда олар аталмыш курортқа жету үшін Қостанайға келіп, әрі қарай 50 шақырым көлікпен баруға тура келіп жүр, екінші сөзбен айтқанда, қиыншылық, жол азабын тартып жүр. Айтпақшы, «Сосновый бор» курортының емдік суының қасиеті даңқты Карлово Вародан кем емес. Еуропаның аталмыш курортына емделетін кісілерге дәрігерлер «Сосновый борды» да ұсынады;
  6. Жаңа теміржол егін және мал шаруашылығымен айналысатын Әулиекөл, Қарасу, Алтынсарин аудандарының тыныс-тіршілігіне теміржол өзгеше екпін, өзгерістер алып келері сөзсіз. Егін мен мал шарушылығымен айналысатын жеке шарушылықтардың қатары көбейеді. Олардың қолын байлап отырғаны инфрақұрылымдардың тапшылығы.  Теміржол аталмыш аудандарының үстінен өтіп, Алтынсарин ауданының орталығы Обағанға жақын Шоққарағайға аялдайды. Шағын Шоққарағай Көкшетаудағы Бурабай станциясы сынды алыс-берісі мол теміржол бекетіне айналып, сол маңдағы шағын ауылдардың тіршілігін жандандырар еді (таксишілер, сауда орындары, қызмет көрсету т.б.). Дәл осындай нәрсе табиғаты сұлу, қазыналы Құсмұрынға да туары анық;
  7. Құсмұрын мен Қостанай қаласы аралығын «Сосновый бор» үстімен теміржол арқылы қосу ішкі туризмді (өлкетанулық саяхат, балық аулау, табиғат аясындағы демалыс) жандандырады. Себебі Құсмұрын –  орманды, табиғаты көркем, жері бай тарихи мекен. Мұнда атақты Абылай ханның немересі Шыңғыс Уәлиханов Аманқарағай округінің дуанбасы болып қызмет етіп, қазақтың атақты ғалымы Шоқан Уәлихановтың балалық шағы өткен. Бала Шоқан осы өлкеде түркі халықтарына ортақ мұра, атақты «Едіге батыр» жырын жазбаға түсірген. Құсмұрын көліне Обаған өзені құйып, сол өзен көлден қайта ағып шығады. Бұл - табиғатта сирек кездесетін құбылыс. Қазақстанда мұндай құбылыс Ертіс өзенінің бойындағы Зайсан көлінде бар. Құсмұрын көлінің маңынан демалыс орындарын да ашып, оған облыс орталығының тұрғындары мен, «Сосновый бор» курортына келген демалушылардың қыдырып баруына мүмкіндік ашуға болады.
  8. Елімізде 2014 жылдан бастап Елбасы Н. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруды және еліміздің болашағы жастарды жұмыспен қамтамасыз етуді көздейтін, «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы қолға алынған болатын. Жобаның басты мақсаты – жұмыспен қамтамасыз етудегі әлеуеті төмен, бірақ демографиялық өсімі жоғары оңтүстік пен батыс өңірі жастарын индустриялды-инновациялық бағдарламаның ірі жобалары жүзеге асырылып жатқан солтүстік-батыс және шығыс аймақтарда орналасқан жоғары оқу орындарында білім алуға жәрдем етіп, кейін оларды сол өңірдегі бос жұмыс орындарына орналастыру. Екі жылдың ішінде Қостанайдың ЖОО-лары мен колледждеріне 1200 жуық жасөспірімдер келіп, білім алуда. Олардың алды индустрализация картасына енген нысандарға жұмысқа орналасып та жатыр. Бірақ Қостанайға «Серпін -2050» жобасымен келуші жастарға да, олардың ата-анасының жанына бататын жағдай – жолдың алыстығы. Қалған нәрсенің барлығы ауаның тазалығы, табиғаттың сұлулығы, елдің мәдениеті, оқу орындарының жағдайы – бәрі оларға ұнайды. Жолдың қашықтығы қысқарса, оңтүстіктегі ағайындардың солтүстікке келіп орналасу ағыны арта түсер еді. Қостанай сынды шекаралық аймақтың демографиялық, еңбек ресурстары тұрғысынан қауіпсіздігі - «Мәңгілік ел» идеясының терең  астарының бірі. Сондықтан бұл өлкеге Қазақстанның өзінің ішкі ресурстары есебінен инвестиция салу – елдің болашағына бағытталған нақты қадам;
  9. Құсмұрын-Шоққарағай теміржолын салу Хромтауда ашылған теміржол рельс зауыты өнімдерінің тоқтаусыз шығуына, сұраныстың артуына да септігін тигізеді.;
  10. Құсмұрын-Шоққарағай теміржолы еліміздің ішкі байланысын нығыздай отырып, жер игеруге, инфрақұрылымдарды дамытуға ішкі және шетелдік инвестицияларды кең тартуға да жол ашады. Қыс мезгілі боранды болып келетін бұл өлкені (жалпы, Сарыарқаны) темір жолмен өрмекшінің торындай әдіспен «торлап тастау» - жерді өз күшімізбен игерудің бір жолы.

 Алмасбек Әбсадық, Қостанай қаласы

Abai.kz

 

 

4 пікір 1889 рет оқылды Қосылған: 08.07.16
    • #1
    • Серік
    • жм, 08/07/2016 - 16:16

    Ішкі мәселелерге түбегейлі бет бұратын уақыт жетті. Ен байлықтың ішінде отырып жарымай отырмыз. Ұрылар ұрлаған ақшаларын осындай үлкен жұмыстарға салсын!

    • #2
    • Чурка
    • жм, 08/07/2016 - 17:24

    Е Мәңгілік ел идеясы болмай өл е.

    • #3
    • АЛТЫН ОРДА /АРМАН/
    • жм, 08/07/2016 - 18:16

    ПОЧЕМУ ГОСУДАРСТВУ ВЫГОДНО, ЧТОБЫ ЛЮДИ ЖИЛИ В ГОРОДАХ?

    Давно исследую этот вопрос. Пришло время опубликовать часть исследований. Горожане, вы уж на меня не обижайтесь... я ведь тоже пока в городе живу. Поэтому и смог исследовать этот вопрос, по разным направлениям и с разных сторон.

    Если вы живёте в городах, вы платите за квартиру, за воду, за электричество + разнообразные налоги.
    Из всех форм жизни на земле, только людей заставляют платить за своё существование. По сути вы платите российской индустриально-технократической Системе деньги за право хоть как-то существовать.

    Из миллионов платежей по всей стране складываются бюджеты разных уровней. Кто сосёт деньги из бюджета? Сами чиновники и другие структуры. Это огромная Система.
    А чтобы у вас была возможность платить за своё существование, вы вынуждены РАБотать несколько часов в день. Я не поленился и посчитал прибыль от РАБотающих горожан, которую получает Система.

    Допустим вы живёте в многоэтажке, в этой многоэтажке 8 подъездов, 9 этажей и 28 квартир в каждом подъезде. В итоге, в такой многоэтажке 224 квартиры. Допустим, с каждой квартиры платят 2000(как минимум!) рублей за квартиру и услуги ЖКХ.

    Итак, проводим простой расчёт: 2000р. х 224 = 448000р. И это только с одного многоэтажного дома, в месяц. А в год с каждой многоэтажки Система получает 5.376.000р. Причём, эти цифры получаются если использовать 2000р. как минимальную квартплату, а квартплата бывает и выше. А сколько многоэтажек в Москве.. А сколько многоэтажек в России...

    Многоэтажки создавались, в связи с "индустриализацией". Чтобы людей привлечь в города и превратить людей в РАБов. Это необходимо Системе, чтобы РАБы могли РАБотать на заводах, фабриках, в сфере услуг, в офисах и т.д., и чтоб жили относительно недалеко от места РАБоты. Многоэтажки - современные бараки, т.е. места для проживания РАБочей силы.
    Города - изначально не приспособлены для здоровой и счастливой жизни. Сейчас люди в костюмах(чиновники) пытаются создать "евразийский союз", опять говорят о "индустриализации" и о том, чтоб РАБочая сила могла свободно перемещаться между Россией, Белоруссией и Казахстаном. Вы для них - не люди, не свободные и яркие индивидуальности, вы для них - РАБочая сила из которой можно высасывать жизненные силы и деньги.

    Люди в городах, как пауки в банке. Город - негативно влияет на здоровье. И техническими излучениями, и шумом, и суетой, и грязным воздухом, и грязной водой... Город - делает людей более агрессивными, злыми и нервными. Кроме всего прочего, людей в городах - легче зазомбировать, потому что в городе - повсюду ТВ, радио, газеты и журналы, т.е. средства воздействия на сознание и на подсознание...

    Если каждый человек (семья) переедет из города, из многоэтажки в свой личный домик на природе, то почти вся рабская Система - разрушится.. Человек станет более самостоятельным. Человек\семья - будет питаться со своего огорода, пить воду из колодцев\родников.
    И вопросы обеспечения теплом\энергией - люди будут решать сами. А если несколько семей - объединятся и создадут нечто вроде Общины или ЭкоДеревни, то им будет ещё легче решать все вопросы. Начнут возникать свободные поселения\общины. Начнёт формироваться настоящее СамоУправление. Без участия Системы и чиновников. Люди поймут, что могут сами благоустроить свою жизнь и Планету, без чиновников. Так и будет. Это - неизбежный путь эволюционного развития Человечества.
    ==================
    Как думаете, чиновники хотят, чтоб вы перестали платить им?
    Как вы думаете, они хотят, чтобы вы лишили их зарплат, премий, процентов и других приятностей? Как думаете, они хотят, чтобы их жёны, любовницы и дочки лишились шуб и дорогих шмоток? Как думаете, чиновники хотят, чтобы у них не было возможности управлять и манипулировать вами?

    Думаю, ответ очевиден. Они не хотят, чтобы расселялись города. Поэтому, они не раздают землю (как минимум - 50 соток) безплатно всем гражданам. Поэтому, они не помогают людям уехать из городов и не помогают людям строить дома из ЭкоМатериалов (дерево, глина, саман, солома). Чиновникам - выгодно сохранение технократической Системы.

    Автор Кирилл Репьев

    • #4
    • Жумабай
    • жм, 08/07/2016 - 18:37

    Автор жаксы идея,жоспар айтып отыр.Бул Казахстан болашакына улкен пайдасы болады.
    Бул идеяны колдау керек.
    Мне Алмасбек нахыз азамат патриот оз елiнiн..
    Казахстан нын оз iшiнде темip жол торабы болганы дурыс ешкiмге тауелдi болмайсын..

Пікір қосу

  • 10 + 26 =

Кіру