Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3381 0 пікір 25 Шілде, 2016 сағат 14:00

Сирияда төрт аурухана бомбаның астында қалды

Сирияның Алеппо қаласындағы ауруханалар әуе шабуылының астында қалып, жиырмаға жуық адам қаза тапты, ондаған адам жараланды. Бұл жөнінде Reuters Сириялық адам құқықтары жөніндегі обсерваторияға сілтеме жасап хабарлайды.

Әуе шабуылына төрт аурухана мен бір қан құятын орталық тап болған. Үш ауруханаға Алеппоның шығысында көтерілісшілер бақылау жасап келген. Тағы бір батыста орналасқан аурухана билік әскерінің қолында болған.

Адам құқықтары жөніндегі Сирия обсерваториясы әуе шабуылдарын президент Башар Асадтың әскері мен ресейлік авиация жасады дейді.

Сириядағы екінші ірі қала Алеппоның жартысына Башар Асад күші билік етсе, жартысын оппозиция бақылайды. Соңғы аптада үкімет билігі көтерілісшілерге шабуылды күшейтіп, жолды жауып тастады. Осылайша мың жарым адамды азық-түлік пен медициналық көмектен айырды.

Маусым айында Пентагон Сириядағы ресейлік авиацияны сынға алып, сириялық оппозицияны шабуылдап жатыр, бұл Ресейдің міндеттемелеріне қайшы деген болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563