Болған оқиға

Тұрақтылықты сақтау - тыныштықтың кепілі

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Діни тұрақтылықты сақтау мақсатында Кентау қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы тоқсан сайын өткізіліп, комиссия мүшелері діни бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып, шешілмеген мәселенің күрмеуін шешудің жолын қарастырады.

Жыл басынан бері өткізілген Кентау қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысында (12.02.16 ж., 27.06.16 ж.) Діни сенім бостандығы мен мемлекеттік зайырлылық принциптерінің сақталуы, Қазақстандық патриотизм мен біртектілікті қалыптастыру мәселелері туралы, өзге діни ағымдағы мектеп оқушылары және олардың ата-аналары, деструктивті ағымның жақтастарымен жүргізілген жұмыстар, діни тұрақтылықты сақтау мақсатында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы, мектепте орамал тағатын қыздармен жасалған жұмыстар, олардың неліктен орамал таққанына талдау жүргізу, арнаулы оқу орындарында діни тұрақтылықты сақтау мақсатында жастармен жүргізілген жұмыстар және өзге дінде жүрген жастар туралы мәселелер көтерілді.

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері қалалық ақпараттық түсіндірме тобы ауыл тұрғындарымен, мектеп оқушыларымен, арнаулы оқу орындарының студенттерімен діни экстремизмнің алдын алу бойынша 40 кездесу өткізді. Ақпараттық-насихаттау тобының өткізген бұл кездесулерінің мақсаты - радикалды діни идеологияның және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына ұшырамаған тұрғындар, әсіресе жастар арасында тағатты сана мен патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын алу болып табылады.

Abai.kz

0 пікір 213 рет оқылды Қосылған: 11.08.16

Пікір қосу

  • 5 + 41 =

Вход