Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3222 0 пікір 23 Тамыз, 2016 сағат 12:39

Ресей-Армения газ құбырына жаруға талпынғандар ұсталды

Грузия ІІМ барлау департаментінің хабарлауынша, 20 тамызда ауқымды террорлық акт жасауға талпынған жеті грузин азаматы қолға түсті. Бұл туралы Азаттық радиосының Тбилисидегі тілшісі Георгий Кобаладзе хабарлады.

ІІМ мәліметі бойынша, ұсталғандардың бесеуі құпия қоймадан жарылғыш заттар шығару кезінде қолған түскен, олар сол заттардың көмегімен Ресейден Арменияға тартылған стратегиялық газ құбырын жармақ болған.

Тағы бір адам қылмысты хабарламағаны үшін ұсталды. Жетінші күдікті - полиция қызметкері. Оған теракт жасауға көмектескен деген күдік келтірілді.

Департамент өкілінің мәлімдеуінше, ұсталғандардың бірі үнемі Украинаға барып жүрген, оның нақты кімнің тапсырмасын орындағаны әзірге белгісіз.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565