Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3743 0 пікір 24 Тамыз, 2016 сағат 09:58

Бердымұхамедов Түркіменстанның спорт басшысын көпшіліктің көзінше сөкті

Түркіменстан президенті Гурбанғұлы Бердымұхамедов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Түркіменстан құрамасы нашар нәтиже көрсеткені үшін, елдің спорт жөніндегі комитет басшысын көпшіліктің көзінше сынады.

"Барлық мүмкіндікті жасап берген күннің өзінде, сіздің халық сенімін ақтай алмайтындығыңыз қылжылтады", — деді Бердымұхамедов телеэфирде комитет басшысы Какабай Сеидовке.

Риоға барған тоғыз түрік атлетінің ешқайсысы да іріктеу сынынан әрі аса алған жоқ. Түркіменстан Олимпиада ойындарында ешқашан жүлде алып көрген емес.

Бердымұхамедовтың пікірінше, Сеидов Түркіменстанның спорт беделін көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасай алмаған. Түркімен басшысы комитет жетекшісіне дұрыс жұмыс істемеген жағдайда қызметтен алынатынын ескертті.

2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында Түркіменстан жүлде ала алмаған соң, президент спорт комитетінің Сеидовке дейінгі басшысын жұмыстан шығарған болатын. Бердымұхамедов әлемдік деңгейдегі спорт кешендері құрылысына және 2017 жылы Азия ойындарын өткізуге миллиардтаған қаржы бөлді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610