Саясат

ӨЗБЕКСТАНДЫ 27 ЖЫЛ БАСҚАРҒАН ИСЛАМ КАРИМОВ ДҮНИЕ САЛДЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

 

Өзбекстан президенті Ислам Каримов 78 жасында дүние салды. Өзбекстанның мемлекеттік телеарнасы Ислам Каримовтың 2 қыркүйек күні сағат 20.15-те Ташкентте қайтыс болғанын хабарлап, сөйтіп аптаға жуық уақытқа созылған алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойылды.

И.Каримовты жерлеу рәсімі оның туған қаласы Самарқанда бүгін өтіп жатыр. «Қоштасу рәсімі қала орталығындағы белгілі Регистан алаңында өтіп жатыр. Өзбекстанның тұңғыш президентін орта ғасырда өмір сүрген тарихи тұлғалар және Ислам Каримовтің ата-анасы жатқан Шахи-Зинда зиратына жерлейді. Соңғы 20 жыл бойы өзге ешкімді жерлемеген зиратқа Каримовті қоюға рұқсат етілген» деп жазады azattyq.org.

Қазақстан Президенті өзбек халқына көңіл айтып, жедел хат жолдады. Ақорданың ресми веб-сайтында жарияланған жеделхатта: «Қазақстандықтар бұл мезгілсіз әрі орны толмас қазаның ауыртпалығын бауырлас Өзбекстан халқымен бірге бөліседі. 30 жылдай қанаттаса жұмыс істеген досымнан айрылғаныма қайғырамын» деп жазылған.

Ал, жерлеу рәсіміне Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қатысады. Бұл туралы ол өзінің twitter парақшасында жазды.

 

Ислам Каримов Өзбекстанды 27 жыл басқарды. Жабық мемлекет ретінде сипатталатын Өзбекстанда Каримов басқарған кезеңде оппозиция қуадаланып, сөз бостандығы тарылып, тәуелсіз БАҚ жабылды. Алайда, Каримовты ұлттық мемлекет құра білді, өзбек ұлтының тілін, дінін, ділін, ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, экономикасын өсірді деп білетін адамдар да бар. Саяси сарапшылар Каримовтың қазасынан соң, Өзбекстанда саяси жағдайдың қалай өрістейтінін сөз етісіп жатыр. Мәселен, саясаттанушы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директоры Ерлан Қарин өзінің facebook парақшасында Өзбекстандағы жағдайға қатысты ойын жазған:

Өзбек саясатының жабықтығын және жергілікті саяси элита құрылымының ерекшелігін ескере отырып, биліктің қандай сценарийл...

Опубликовано Erlan Karin 1 сентября 2016 г.

Өзбек саясатының жабықтығын және жергілікті саяси элита құрылымының ерекшелігін ескере отырып, биліктің қандай сценарийлерімен ауысатынын болжау аса қиын. Әзірбайжандық деп аталатын сценарийдің - яғни, билік өкілеттігін отбасы мүшесіне берілуі – екіталай, тіпті бұл сценарий іске аспайды деп сеніммен айтуға болады. Өзбекістанда отбасы саяси ықпалдың факторы ретінде қалыптаса алмады.
Сондықтан ықтимал деген негізгі келесі сценарийлерді келтіруге болады:
Бірінші – «Арнаулы құрылымдар». Элитадағы бірден-бір ұйымдасқан топ – арнаулы құрылымдар өкілдері қазіргі кезде топтасып жұмыс жасауға қабілетті жалғыз күш. Жергілікті арнайы қызмет – Ұлттық қауіпсіздік қызметі өзбек билік жүйесіндегі негізгі құрылым болып табылады, және де сыртқы күштермен байланыстар осы құрылымдар арқылы жүзеге асып келген болатын, ал қазіргі жағдайда бұл да маңызды фактор.
Екінші - «Консенсустық фигура». Өзбек лидерінің денсаулығы туралы ресми ақпаратты президент баспасөз-қызметі немесе президент әкімшілігі құрылымдары емес, үкіметтің таратуы жергілікті билік иерархиясында премьер-министрдің қандай да бір ықпалды рөлі бар екендігін және оның тақ мұрагері ретінде сайлануы мүмкін екендігін байқатады.
Үшінші – «Конституциялық». Бұл сценарийдің болуы екіталай, десек те, оны мүлдем шығарып тастауға да келмес. 2011 жылы Өзбекстанның негізгі заңына Мемлекет басшысын ауыстыру схемасын нақтылайтын бірқатар өзгерістер енгізілді: «Президент өз міндеттерін атқара алмаған жағдайда, оның құзыреттері уақытша Өзбекстан Республикасы Жоғарғы мәжіліс Сенатының төрағасына жүктеліп, «Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау туралы» Заңға сәйкес үш айдың ішінде сайлау өткізілуі тиіс».
Осы аталған үш сценарийді келтіре отырып, ең ықтималы, ол араласқан аралас нұсқасының жүзеге асуы - яғни күштік құрылымдардың бақылауы арқылы екінші және үшінші сценарий жүзеге асуы мүмкін. Әрине өзбек саясатында саяси институттардың әлсіздігі ықпалы бар, бірақ сонымен қатар өзбек саясатының артықшылығы дәстүрлердің ықпалы мен белгілі бір нормалармен жүретіндігін ескеру қажет, ал бұл негізгі элита топтарының өзара келісімге келу қабілеттілігін қамтамасыз ететін бірден бір фактор болса керек.
Қалай болғанда да, Өзбекстанда билік транзиті техникалық тұрғыдан қалай өтетініне қарамастан, Орталық Азия турбулентті кезеңге енуде. «Өзбек мәселесі» биліктің тұрақтылығы мәселесін өткірлей (аймақ үшін негізгі әрі өзекті мәселе) түсті. Көшбасшының кенеттен кетуі, биліктің берілуі институционалдық негіздермен нығайтылмауы және билік транзиті тәжірибесінің жоқтығы билік үшін күресті шиеленістіріп, өршіту қаупін тудырып отырып. Бірақ, билік транзиті сценарийін кенеттен жүзеге асырудың әртүрлі қатерлері болғанымен де, бұл жағдай аймақтық үдерістерге оң ықпалын тигізуі де әбден мүмкін
».

 

Ал, заң бойынша Өзбекстан Конституциясына сәйкес, республика президентінің міндетін уақытша Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы атқарады. Ал, президент сайлау үш ай ішінде өткізілуі тиіс.

Түрлі сарапшылардың болжамдарына қарамастан, Өзбекстандағы саяси жағдайдың қалай өрбитіні әзірге белгісіз.

Abai.kz ақпараттық порталының ұжымы бауырлас өзбек халқына Президент Ислам Каримовтың қазасына орай, қайғырып көңіл айтады. Өзбек халқына болашақта тұтастық пен бірлікте өркендеу беруді тілейді.


Нұра Матай

Abai.kz

47 пікір 2561 рет оқылды Қосылған: 03.09.16
    • #1
    • ақтау
    • сб, 03/09/2016 - 16:14

    мәсім осындай кезде жылмаң едіп көрініп қаласың не деиміз өзбек ағайындар арты қайрлы болсын

    • #2
    • Шашты
    • сб, 03/09/2016 - 16:19

    Халқын қарызға батырмай, байлығын шетелге бермей тастап кеткеніне ризамын.Жаны жәнәттә болсын.

    • #3
    • Қыр қазағы
    • сб, 03/09/2016 - 16:32

    Қазасы иманды болсын, өзбек халқына еңбегі сіңді, қателіктері де болды, біздің ел тәрізді мұнайға бай болса өзбектерін де гастербайтер етіп қаңғытбас еді. Дегенмен Өзбекстанның аймақтық державаға айлануына, сыртқы қарызға белшесінен батпауына жағдай жасады. Келесі Президенті болып 3 айдан кейін Шавкат Мирзияев сайланатын шығар. Ең бастысы Қазақстан Өзбекстанмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсу керек, Кәрімов кезіндегі шешілмеген мәселелерді өзбектің келесі басшыларымен бауырлас ел ретінде шешуге тырысу қажет біздің елді басқарып отырғандарға...

    • #4
    • Серікжан
    • сб, 03/09/2016 - 16:38

    Мемлекетін қарызға батырған жоқ, ұлттық қор мен алтын-валюта (және зейнетақы қорын) қорларын жеп тауысып, жердің асты үсті байлығын сатып, енді жерді сатуға шыққан жоқ, ұлтының тіліне қарсы шабуылға шыққан жоқ, Еуразиялық одаққа кіріп, орысқа құлдық ұрған жоқ, "әлемнің кемңгер көшбасшысы" болам деп тыраштанған жоқ. Орнына тағы бір диктатор келіп, Исламның "ерен еңбектерін" іске алғысыз ететіні даусыз. Түрксенбашы қайтыс болған жылдардағы Түркменстанның ізімен кетіп бара жатыр Өзбектер. Жол болсын! Біздің де түсінде баратын жолымыз сол ғой, бәріміз Түрікменстанның артынан шұбырамыз әлі: Түрікменстан - Әзірбайжан - Өзбекстан - Қазақстан. Осындай Ұлы көштің ең артында келе жатырмыз.

    • #5
    • Қыр қазағы
    • сб, 03/09/2016 - 17:39

    Ташкентте, Самарқандта қаралы кортежді шығарып салып тұрған қаралы халықтың арасында жылап тұрған адамдар байқалды. Құдай бетін ары қылсын, ерте ме кеш пе, біздің НӘН кетіп бара жатқанда жылайтындар табыла ма екен?....

    • #6
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 03/09/2016 - 17:39

    "ЕАЭО-тың авторы менмін !" деп мақтанатынын қайтерсің ?
    Қазақты орыстың сасық қорасына айдап тығу да "көрегендік" һәм "кемеңгерлік" ? !

    • #7
    • Теріскей
    • сб, 03/09/2016 - 17:42

    Жылайтындар табылады қаласындағы жағынпаздар мен орысқұлдар өйткені ертеңгі күнім не болады деп.

    • #8
    • Қыр қазағы
    • сб, 03/09/2016 - 17:45

    Өзбектегі шын жылап тұрған қатындар сияқты жағымпаздар мен орысқұлдар шын жылай ала ма екен? Әй білмеймін...

    • #9
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 03/09/2016 - 17:58

    Біреу өлмей, екінші біреуге күн жоқ !
    Юртбашы мен Елбасының арқасында байып қалғандар, ертеңгі күнін ойлап шын жылауы мүмкін.

    Өзбекстандықтардың көпшілігі : "МАНГА БАРИБИР" деп шайханада ақпанбеттен "қиттай-қиттай олайлик" деп ош (палау) дамлап жатқандары анық (өзбек еректері "сообразим" жасап, кімі үйінен ет, кімі сәбіз, кімі ақмай, кімі пияз-помидор әкеліп шайханада өздері палау таярлайды).

    • #10
    • Білгіш
    • сб, 03/09/2016 - 18:33

    Тек артта қалған, кедей мемлекеттерде ғана сыртқы қарызы жоқ.
    Сол тізімді қарасаң өңкей Нигерия, Өзбекстан, Қырғызстан, Сирия сияқты кедей мемлекеттерде ғана қарыз жоқ.
    Ал қарызы көп мемлекеттер ең дамыған немесе бай мемлекеттер. Мысалы ең қарызы көп мемлекет АҚШ, сосын Англия, Германия, Жапония, Франция, Сауд Арабиялар (міне өзің көр https://ru.m.wikipedia.org/wiki/Список_стран_по_внешнему_долгу).
    Бұл негізінде қарыз емес товароборот.

    Сосын Өзбекстан діни проблеманы шешеміз деп бүкіл мұсылмандарды қудалап жіберген. Тіпті мешіттерде азан айтуға тиым салған. Діни басқарманың бас муфтиі Мухаммад Содиқ сауд Арабиясын біраз жыл паналаған. Ол ешқандай сектант емес, бүкіл əлем мойындаған орта азиядан шыққан жалғыз ислам ғалымы.
    Өзбек түрмелерінде миллиондаған жазықсыз мұсылмандар қамалған (бұл адасқан уахабилерден бөлек).

    2005жылы диктатор Ислам Кəрімов көшеге шығып өз құқықтарын талап еткен өз халқын қырып салған.
    Мұндай айуан перғауынды ешуақытта жақтауға болмайды, Аллаһ жазасын берсін ондай тиранның!!!

    • #11
    • Қазақ
    • сб, 03/09/2016 - 18:40

    Ислам әкәнің де дәмі таусылпм бақиға аттанды. Әркімнің де барар жері ғой. Иманды болсын. Бәріміз де бір Алланың құлымыз, біреу ерте біреу кеш дегендей. Еліміз тыныш болсын. Баршамызға екі дүниенің жақсылығын берсін.Бәріміз соған лайық болуға амал жасалық.

    • #12
    • Н.М.М.
    • сб, 03/09/2016 - 18:48

    "Ақылды бол"-депті соңғы сөзінде,өзі де парасатты,сабырлы адам ғой.Ислам ака жүректі ауыртып кетті,жаны жаннатта болсын!

    • #13
    • Н.М.М.
    • сб, 03/09/2016 - 18:48

    "Ақылды бол"-депті соңғы сөзінде,өзі де парасатты,сабырлы адам ғой.Ислам ака жүректі ауыртып кетті,жаны жаннатта болсын!

    • #14
    • Н.М.М.
    • сб, 03/09/2016 - 18:54

    Өзбекстан екі империяның арасында қылғынып отырған жоқ,30 пайыз жергілікті ұлтпен мемлекет құрған жоқ,біздің жағдай бөлек,Елбасы тыным таппайды,қайтсем өркендетем- деп.

    • #15
    • Қазақ
    • сб, 03/09/2016 - 20:12

    Өзбек халқына қайғыларына ортақтасып көңіл білдіремін. Бірден айтайын тролл емеспін, тапсырыспен пікір жазушы емеспін, өз ойым, өз сөзім. Өзбек басшысына көңіл білдірген Елбасымыз 30 жыл қанаттаса жұмыс жасаған досым деп пікір білдіріпті, көптеген БАҚ тар мен сарапшылардың айтуынша Ислам Кәрімовпен бірге тұтас бір дәуір өтті депті. Осындайда Елбасымызға Алла ғұмыр берсін деймін. Есенғали, Антакиядан дегеннің сөзіне толықтай қосылмаймын. Жақсылықты көрмей жамандықты теру әр адамның қолынан келеді. Қирандыдан мемлекет құрып, бүгінгі күнге жеткізген бұл кісілердің елге еткен еңбегі ерен. Кім жылайды, ешкім жыламайды деп тұтас ел үшін жауап беру құқығы ешкімге берілмесе керек-ті. Алла жылаудан, жылатудан сақтасын. Еліміз тыныш, ЕЛБАСЫМЫЗ аман болсын. Ол кісінің арқасында мамыражай заман болсын. (Пы-сы: Есенғали, Антакияданға: "Нұр Отан" мүшесі емеспін.))

    • #16
    • Төкен
    • сб, 03/09/2016 - 20:21

    Жаңа басшы келіп, Қазақстанмен байланысын жақсарту керек деген ой іске аспайтын дүние. Осы уақытқа дейінгі азғана жылымық қарым қатынанс бұрынғы кеңес уақытын көрген, сол кезде қалыптасқан ағайыншылықты жақтаушылар болса, қазіргі жас ұрпақ оқшауланған ортада өсіп қалыптасты. Өзбекстанның қазіргі билігіне келейін деп отырған адамдар да интеграцияға құштар емес.Бұл екі халық арасы алшақтай береді деген сөз. Осыны қалап отырған әлем ойыншыларына бұл да қолайлы дүние.Басшысыныан айрылып Ташкент көшесінде шын жылаған адамдарды көріп аяп кеттім.Өзі алуы керек несібесі сол патшаның балаларының байлығын арттырғанын білсе де, патшасын сүйетін қасиет өзбек халқының кең мінезді ерекшелігі болса керек.

    • #17
    • Дос
    • сб, 03/09/2016 - 21:11

    Озбек оз агам деген корши , дос Жаназага ози бару керек еды уйгур ды жибермей

    • #18
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 03/09/2016 - 21:24

    # 17, Дос !
    Қортық "стратег" ұйқылы-ояу Димонды жіберді, інісі кеңес берген ғой "Масаняны жібер" деп.
    Ислом бобойдың тірісінде талай рет айтысып, төбелесіп жүрген Эмомали Рохмон өзі барды.

    • #19
    • Түңілген көріпкел
    • сб, 03/09/2016 - 21:50

    Адам емес, адам кейпіндегі шайтан, ылғи құлақ кесті құлдар!
    Адам өлді.
    Күнде айналамызда дәм-тұзы таусылған мыңдаған адам өліп жатыр.
    Кәдімгі-Алланың күнәһар адамы.
    Алланың алдында кезкелген адам бірдей.
    Әрбір адамға жылай берген адамның ақыл-есі ауытқып, жынданып кетеді.
    Бір адам өлді деп, ақырзаман орнатпай-ақ қойсыңдар!
    Ешқайыссыңда ешқандай да қорқыныш болмай-ақ қойсын!
    Өзбекстанда да, Қазақстанда да ешнәрсе де болмайды, ешнәрсе де өзгермейді.
    О дүниеге кеткендерге, "Алла алдыңнан жарылқасын" деңдер, болды.
    Әрі қарай Алланың өзі біледі.

    • #20
    • 10 білгішке
    • сб, 03/09/2016 - 21:51

    Дамыған мемлекттер қарыз дейсің,мысал келтіріпсің Ақш,Германия,Франция деп.Сонда сенің ойынша қазақстан осылардың дəрежесіне жеткен деп ойлайсың ба.Айналайын Ақш ың сенен 100 жыл алда келе жатыр.Қарызды товаровород депсің ол дамыған елдердіңкі товаровород шығар,сеніңкі таза қарыз ғой.Қазақтың пайдасына жұмыс жасамаған пайда қазбаларың,сол қарызды толтыруға жұмсалып жатқан жоқ па.

    • #21
    • https://www.youtube.com/watch?v=0w5YMWS20KI
    • сб, 03/09/2016 - 21:55

    https://www.youtube.com/watch?v=0w5YMWS20KI

    • #22
    • Нураткатбай
    • сб, 03/09/2016 - 22:14

    Білгішпін депоттай бермей халқының жағдайын салстырсаңшы,,, Өзбекке Ислам ака құсамай нарыққа бейімді көршіні силайтын призидент келуін тілеймін

    • #23
    • 10 білгішке
    • сб, 03/09/2016 - 22:23

    АҚШ сияқты мемлекеттер өз қарыздарын айфон, майкрософ, фб немесе тағы осындай сияқты төрт-бес компаниядан түскен салықтардың есебінен қтыла салады. Ал Қазақстан ше? Егерде ертең қарыздан құтыл десе әр қазақтың отбасы 20-30 мың доллардан ақша шығарып құтылатын шығар. Өйткені қазбе байлықтан түсіп жатқан ақша қайда кетіп жатқаны белгісіз (өтірік айтамын халықтың бәрі біледі ол ақшалардың қай жаққа барып түсетінін, бірақ оны ешкім білмейтін сияқты. Бұл нағыз бишаралық ғой)

    • #24
    • мазақстан тұрғыны
    • сб, 03/09/2016 - 22:59

    биліктің бейшара екенін машиналарын арендаға береміз деп мазаққа қалатындарын түсінбеген , бишікештер енді бензин құюға ақшалары жоқ . бешара екендерін көрсетті.бұларға сеніп ел билеткенше көше сыпыртып қара жұмысқа жегу керек ұрлаған ақшаларын ащы терімен жусын.

    • #25
    • Жанашыр
    • сб, 03/09/2016 - 23:37

    Жаны жəннəтта болсын

    • #26
    • Мусулман
    • жб, 04/09/2016 - 2:36

    Нурсултан Назарбаев ел басымыз " патшамыз" аман болсын аллах узак берекелы омыр берсын .неге ел басы кыналы санаисындар егер оздерын омыр сурыуге икем болмасандар акша табалмасандар бай болмасандар жалкау болсандар тойымсыз болсандар шукыршылык етпесендер сабырлы болмасандар патшамыз барын жасап жатыр сендер казактар 25 жыл бойы озбек кусап кангыган жоксындар Россия жагалап кун коре алмаи 25 жыл бойы оз озбекке уй сараи кора салдырдындар жалкаулар егер казакстанда жагдаиларын нашар болса неге озбек жалдаисындар оздерын неге салмаисындар уйды .патшамызга олым тилегенше оздерыне омыр тилендер аллахтан акыретте осы жаман ойды жазган ушын жауап бересындер аллахтын алдында

    • #27
    • Серік
    • жб, 04/09/2016 - 2:52

    Мұсылман, кезінде арзан істейді деп өзбектерге берген жұмыстардың бәрін қазір бұзұып қайтадан өзіміздің қазақ жігіттеріне жасатып жатырмын.Олардың сапасыз жұмыстарына үйге бірнеше апта тегін жатқызып, тегін тамақ беріп бостан босқа ақша шашқан әрине ең алдымен мен өзім кінәлімін.....

    • #28
    • Қазақ
    • жб, 04/09/2016 - 7:37

    Түрікменстанның варианты болмай қалды. Енді билікке таласушылар сайлауды әділ өткізу үшін демократиялық принциптердің сақталуы үшін күрессе арғы жағында демократиялық жолмен Исламдық мемлекеттің құрылуына да мүмкіндік туады, инша Аллаһ. Біздің арақ пен темекіден жаралған, заратушра араласқан парсылық шиға, шамандық моңғол мен жоңғар, кәпірлік орыстың құлдығынан қалған дәстүрсымағыз құритын болды деп шырылдап жылап жүрген Досай сияқтыларға арқан дайындай берсе де болатын түрі бар.

    • #29
    • https://www.youtube.com/watch?v=2LaZWiuKLPg
    • жб, 04/09/2016 - 10:32

    https://www.youtube.com/watch?v=2LaZWiuKLPg

    • #30
    • Әбеу Шаған-Тоғай
    • жб, 04/09/2016 - 10:49

    Шаңыраққа ие болып қалатын
    Ұлдың аты ұл ғой шіркін қашанда,
    деген әнді марқұм кезінде естіп,қазақтар тауып айтқан деген шығар.Өзбекте қазақпен жүрсең адаспайсың деген мақал бар деп айтыпты да.
    Ресей артынан далақтамай өзінше дербес саясат ұстанып,шекарасын тарс бекітіп,өтпек болса атып тастағаны да есте.Дегенмен олай-бұлай болып кетсем осы саясатымды жалғастыр деп орнына кісі даярламаған сияқты.

    • #31
    • Ерсін
    • жб, 04/09/2016 - 11:05

    Есенғали Бұқар еврейі деген өзбектер емес пе түсіндірші.

    • #32
    • Төкен
    • жб, 04/09/2016 - 11:07

    Жуырда ғана бір сайттан осы өзбек пен тәжіктер арасында кездесетін туыстар арасындағы неке жайында оқыдым. Осының ар жағында не тұр деп зерттесе, олар ұзақ жыл тірнектеп жиған дүниесін басқа бір бейтанысқа қимайды екен.Орнына адам дайындамады дегеннен шығады, ол да қол жеткізген көл-көсір байлықты басқа біреуге қимаған шығар

    • #33
    • Әбеу Шаған-Тоғай
    • жб, 04/09/2016 - 13:01

    Кәрімов мұрагерлікке кіші қызы Лоланы болашақ президент ретінде атапты ,оны Мырзаев,Иноятовтар естіген деседі.Лола президент болса Дариға да осы бастан қамдана береді ау.

    • #34
    • Есенғали, Антакиядан
    • жб, 04/09/2016 - 13:03

    Ерсін !
    Бұқаралық еврей (бухори, махаллаи яхуди) Орталық Азияда жасайтын ебекеңдер.

    • #35
    • Шымқала
    • жб, 04/09/2016 - 13:34

    № 15 Қазаққа.

    Досы болса неге қазасына өзі бармады? Қазақ досы қайтыс болғанда бар жұмысын тастап барады. Сайтта да сенбі күні Елбасын Өзбекстанға барады деп жазып еді. Ал Қытайда жүрсе ол маңызды емес, себебі, әрі басты жұмыстары біткен, әрі біз 20-ға мүше емеспіз ғой. Олардың қандай дос болғаны көп адамдарға белгілі емес пе ? Көрші отырып шекараларын тас бітеп тастап, екі ортада халық жапа шеккен жоқ па ? Өзбекстанда малинаның (таңқурай) кг-мы 30- тенге болып, төгіліп жатқанда Қазақстанда 1000 тенгеден түспей тұрған, Өзбекстаннан қалай өткізудің жолын іздегендерді білем. Яғни, оңтүстік халқы көршілердің арзан жеміс-жидегінен қағылған. Бұдан 4-5 жыл бұрын Самарқанға бармақ (туристический) болсам, бірде бір туристік бағыт жоқ екен. Ол өз алдына, сол шекарада адам өлімі де болған жоқ па ?

    Мен № 17 -"Достың" пікірін қолдаймын. Негізі, Нұрекеңнің ондай жерлерге (ауыр, қаралы) дереу (жер сілкінісі болған, су алған, Жаңаөзендегі оқиға, оған соңынан барып, мен білмедім, маған дұрыс айтпаған-деген секілді әңгімелер айтқан ) барғанын көрген емеспін, тек позитив бар нәрселерге ғана барады. Үлкен кісінің бір жағынан сақтанып, күтініп жүргені дұрыс шығар? Марқұм Ислам ака спортшылардың жеңісіне қатты қуанып, арақ ішіп, содан давлениесі көтеріліп инсульт болған дейді ғой.

    • #36
    • Шымқала
    • жб, 04/09/2016 - 13:58

    Бір сайттан оқығанмын: Иордания королі Абдалла өлгенде , Ельциннің дәрігерлері мен айналасындағылар бармауға кеңес беріп, үгіттепті, бірақ, Ельцин маңызды жұмыстарының көптігіне де, денсаулығынада қарамай, "это необходимо сделать"-деп кетіпті. Дос болмаса да жеке басына құрметі болуы керек, ал, мемлекет атынан кім барса да, әйтеуір биліктің үш тармағының басшылары -Президент, Премьер, не Парламент басшысы барса болды емес пе ?

    • #37
    • Жанарыс
    • жб, 04/09/2016 - 15:00

    Дос дегені көп өтірігінің біреуі ғана ғой. Бармаған себебі, ертең таққа ол "досына" қарсы біреу отыра қалса арамыз суық боласын деп артын ойлап өлген кезде досын сатып кетті. Әрине, өзбексіз де күн көре алады. Бірақ Өзбекстан тәуелсіз ел болғаннан кейін оның басшылары қаласа тәліптерді де кіргізе алады, қаласа Ресейге қарсы АҚШ-тың әскеріне де әскери база ашып бере алады. Ал бұл екі жағдай Путинге жалтақтап отырған біздерге ұнамайтыны белгілі.

    • #38
    • http://abai.kz/post/view?id=4559
    • жб, 04/09/2016 - 15:06

    КАРИМОВ ЕЛ БИЛІГІН КІМГЕ ТАПСЫРАТЫНЫН АЙТТЫ
    Әріптің көлемі: Қалыпты

    Осы жылдың сәуір айында Өзбекстан президенті Ислам Каримов «Көксарайда» (Дурмень) өткен өзбек шенеуніктерінің шағын жиынында өзінің саяси мұрагерін жариялаған, – деп хабарлайды tribunakz.com сайты.

    Ислам Каримовтің бұл шешімін алғаш болып Рустам Иноятов, Адхам Ахмедбаев, Шавкат Мирзияев және Рустам Азимов сынды шенділер естіген.

    Ислам Каримов кез-келген адам ерте ме, кеш пе қартаятынын, мүмкіндігі шектелетінін айта келіп: «Мен бұл заңдылыққа қарсы тұра алмаймын. Сондықтан мұндай жағдайға дұрыс баға беріп, өзіме жағымсыз болса да дұрыс шешім қабылдауым керек», – деген.

    Ол алдағы бес жылда, яғни келесі президенттік сайлауда өз орнын анағұрлым жас, күш-жігері қайтпаған адамға беретінін айта келіп: «Мен президенттік орынға лайық деп тапқан адам Сіздердің де көңілдеріңізден шығады деп ойлаймын», – деген.

    «Менің ойымша президентіктің мерзімім аяқталғанға дейін Лоланы біртіндеп осы миссияға дайындай беру керек. Бұған Сіздер қарсы бола қоймассыздар», – деген өзбек президенті өзінің кіші қызының атын атап.

    Лола Каримова – Өзбек президенті Ислам Каримовтың кіші қызы. Ал, Ислам ака мен үлкен қызы Гүлнар Каримованың арасы жақсы емес.

    Абай-ақпарат
    35 пікір
    2722 рет оқылды Қосылған: 04.09.15

    Вконтакте Facebook Мой мир Twitter Одноклассники +1

    #1
    графен
    жм, 04/09/2015 - 15:28

    Лола болады ма, Дода болады ма, оны Бір Аллаһ шешеді.
    #2
    өзбекбай
    жм, 04/09/2015 - 15:30

    Осылар тезірек өлсе екен. Осылардың қисық саясатынан қанша адамдар зардап шегуде.
    #3
    3
    жм, 04/09/2015 - 15:41

    е сен сене берме Кәрім әкәга жай әзілдегем деуі мөнкен
    #4
    Аңқаубай
    жм, 04/09/2015 - 15:49

    Дұрыс қой, Лолаш ақылды қыз! Ең жақсысы, көп созбай, кәзір-ақ берсе болады папасы.
    #5
    графен
    жм, 04/09/2015 - 16:11

    бізде қай лоламызды жариялар екен? Ақылы мен қулығы, білімі, алғырлығы мен адамдығы өзінен елеулі мөлшерде төмен (ал қаталдығы жағынан өзінен асып түсетін сияқты) үлкен лоланы сүйреп жүргеніне қарағанда соны ұсынатын шығар бір 2-3 жылдан кейін?
    #6
    kaz
    жм, 04/09/2015 - 16:51

    катын бастаган кош онбас -халык макалы
    #7
    Кәрназ
    жм, 04/09/2015 - 17:24

    Каримов Назарбаевпен келіскен ғой ,әуелі сен баста ,сосын мен бір қызымды президент ете қойуым жеңіл болады деп .
    #8
    Руза
    жм, 04/09/2015 - 19:24

    Менің де пікірім Графендікідей.
    #9
    шын
    жм, 04/09/2015 - 19:24

    сонда сайлау, халық таңдауы деген қайда қалады?
    #10
    графен
    жм, 04/09/2015 - 19:34

    сонда сайлау, халық таңдауы деген қайда қалады?
    **

    а, не дейді? Бірдеңе шешетін халық деген де бар ма еді?
    #11
    графен
    жм, 04/09/2015 - 19:36

    бірдеңе шешетін халық Қырғыз елінде бар шамалы.
    #12
    Антиграфен
    жм, 04/09/2015 - 20:01

    Сен графен арабқұлдығынды атқарып жүре берсейші, өзбектерде нең бар.
    #13
    Қызығын-ай
    жм, 04/09/2015 - 21:29


    #8
    Руза
    жм, 04/09/2015 - 17:24

    Менің де пікірім Графендікідей
    *****************************

    Мына сөзің, "Менікі де апамдікіндей"-дегендей болды-ау.
    << жабу
    #14
    антиграфенді қолдаймын.
    жм, 04/09/2015 - 22:18

    "Сен графен арабқұлдығынды атқарып жүре берсейші, өзбектерде нең бар"

    Кейбір кездері құлдарға да тіл бітеді.
    #15
    графен
    жм, 04/09/2015 - 22:34

    12, өзін қолдап отырған 14 ке.
    **

    жөйттің тұқымын қолдайтын сендер сияқты жөйтқұлдардан Аллаһ сақтасын!
    #16
    Ерсін
    жм, 04/09/2015 - 22:58

    Есенғали қайда???
    #17
    Антиграфен
    жм, 04/09/2015 - 23:00

    Сен немене мені өзің сияқты құлдардың қатарына жатқызғын келіп тұр ма? Онда қателесесің. Мен тек Жаратушы Тәңірді ғана мойындаймын. Ешқандай жөйтіңді білмеймін. Ал сен сионист арабтың құлы болып дүниеге келдің, сол сионист арабтың құлы болып бұл дүниеден өтесің.
    #18
    Мақсұт
    жм, 04/09/2015 - 23:52

    "Болатын ел бірін бірі-батыр -дейді,
    Болмайтын ел бірін бірі қатын -дейді."
    Ауызына алдымен "құл" деген сөздер сұранып тұратын адамның жан-жүрегінде не азаматтық бар?!
    #19
    19
    сб, 05/09/2015 - 0:34

    Орта азияда сонау заманан отырған хан орнынан қозғалмаған,ол заман өті енді жана заман баяғы сол ауру отырды бітті сол жерге жабысадыда қалады,ол заманда ақсүиек дегенді өздері ойлап тауып халықтың миына құиды ақ сүек ол отыруға тиіс деп халық миайлан болып жүрді енді не ойлап табар екен, ақшыл түсі сүйек или тағы бірде ме...
    #20
    графен
    сб, 05/09/2015 - 0:38

    Мен тек Жаратушы Тәңірді ғана мойындаймын.
    **

    Аллаһты Тәңір деп мойындамайсың ба, жөйтқұл?
    #21
    Xxx
    сб, 05/09/2015 - 1:11

    ai Kazak ne bolar eken kunin...
    #22
    ШАЛА Казахпын
    сб, 05/09/2015 - 7:14

    Катын баскарган Озбектерде Сирия 2 болады !!!
    #23
    марғау
    сб, 05/09/2015 - 11:04

    Қанша партократ десең де, Гейдар Алиев Каримовтен де, Назарбаевтан да асып түсті ғой. Артыңда арқыраған ұлың болмаған соң не пайда, тем более осындай билікті беру деген "деликатный вопроста"...
    #24
    ШАЛА Казахпын
    сб, 05/09/2015 - 11:17

    Ближний восточный сценари по нотам повторится в ср. Азии.Скоро из Б.Востока выгоним КГБ,беремся за ср.Азию!!!
    #25
    Иртышбай
    сб, 05/09/2015 - 12:22

    Рузаның айтар сөздері таусылып қапты да, Графенге қосыла сапты. Сөйлеп қалған әдет айттырған ғой, үндемей-ақ қойса да болар еді. Заңнан да қорықпайды екен.
    #26
    қазақтың баласы
    сб, 05/09/2015 - 12:57

    оданда бірден монархия ензізе с алмай ма?
    #27
    еркек қатын
    сб, 05/09/2015 - 13:45

    қазір қазақ елінде еркектер жоқ
    #28
    ?
    сб, 05/09/2015 - 14:31

    Қап, еркек қатыннан ұят болдыау, әрі обал.
    #29
    Невроз казак
    сб, 05/09/2015 - 17:24

    Елде еркектер жок емес бар Гой. Тек биликке жакындауга мумкиндиги барлардын ишинде бир де бир Еркек жок, ол рас!
    #30
    Боранбай. Атыраудан, бірақ Ғалиев емес
    сб, 05/09/2015 - 19:24

    Ана 07 Кәрназ бір нәрсені біліп айтқаны ма?
    #31
    31
    жб, 06/09/2015 - 2:23

    Баяғыда "Ердің соңы Исатай" депті Мұрат Мөнкеұлы енді простой еркектерде қалмаған ба?
    #32
    Антиграфен
    жб, 06/09/2015 - 3:03

    Баяғыда "Ердің соңы Исатай" депті Мұрат Мөнкеұлы енді простой еркектерде қалмаған ба?--------------------------------------------------------

    Бар ғой графен деген. 365 қазақты бастап жорыққа шығуға дайын тұр
    #33
    графенге
    жб, 06/09/2015 - 9:11

    Мынау антиграфенмін деп отырған мұсылманның қасжауы ТАС деген, ал оны мамасын 5 араб по кругу во все дырки жасаған, сосын ол арабқа жау, необращай внимания Графен, енді кәзір өзі делелдеиді, күт.
    #34
    графенге дегенге
    жб, 06/09/2015 - 12:29

    Эй есек, нені дәлелдейін ТАС емес екенімді ма? әлде сенің шешеннің араб шейхтарының гаремінде жүріп рахат өмір сүргенің, сонда сені дүниеге әкелгенін, содан болар сен теледидардан араб шейхтарын көрген кезде менің әкем емес пе екен деп телміріп отыратындығын, тіпті кейін мені әкем тауып алса ұят болады деп құранның әрбір сүресін жаттап алғаныңды
    #35
    ....
    дн, 07/09/2015 - 22:54

    Әй қазағым ау, графен, срафен дегендей нешетүрліні табасың ғой.

    • #39
    • Абай-ақпарат 35 пікір 2722 рет оқылды Қосылған: 04.09.15
    • жб, 04/09/2016 - 15:09

    Бүгін 04.09.16. Ол мақала шығып талқылай бастағанымызға тура бір жол болыпты, бұл не сонда? Истидраж па әулиенің кереметі ме? Екеуі де емес.

    • #40
    • http://www.ktk.kz/kz/news/video/2016/08/29/71752
    • жб, 04/09/2016 - 15:15


    Өзбекстанда болашақ тақ иегері болуы мүмкін есімдер атала бастады
    Автор: Ербол Тұрымбет
    29.08.2016
    Өзбекстанда болашақ тақ иегері болуы мүмкін есімдер атала бастады. Олардың арасында елдің премьер-министрі мен Сенат басшысы және Ислам Кәрімовтің кіші қызы да бар. Бірақ, Лола Кәрімова-Тилляева әлеуметтік желі арқылы жұрттан дақпырт сөздерге ермей, әкесіне қолдау көрсетуін сұрады.


    Лола Кәрімова-Тилляева, И. Кәрімовтің қызы:

    ­­-Өткен демалыс күндері отбасымызда болған әкеме қатысты жағдайға байланысты мынаны айтқым келеді. Сенбі күні таңертең миға қан құйылу себебінен ол ауруханаға жеткізіліп, қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты. Оның алдағы жағдайына байланысты қандай да бір болжам жасауға әлі ерте. Сондықтан алып-қашпа әңгімеге ермей, отбасымызға құрметпен қарауларыңызды өтінемін.

    Ал өзбектің белгілі саяси сарапшылары қазірдің өзінде ел тұтқасын ұстайтын бірқатар есімдерді атап қойды. Ең алдымен өзбек басшысының кіші қызы Лола Кәрімованың аты аталып отыр. Өйткені, Ташкенттегі Оксарай резиденциясында өткен бір жиында Ислам Кәрімовтің өзі Лоланы ізбасар еткісі келетінін мәлімдепті-міс. Одан бөлек, саяси салмағы жөнінен Үкімет басшысы Шавкат Мирзяевтің аты озып тұр. Ол 2003 жылы Президент Кәрімовтің ұсынысымен премьерлікке келген болатын. Алайда заң бойынша Сенат төрағасы Нигматулла Юлдашевтың да президент болу мүмкіндігі бар. Ал өткен сенбі күні ауруханаға жеткізілген президент Кәрімовтің хал-жағдайы алдағы бес күн ішінде жария етілмек.
    --

    Әкесіне қолдау деп отырғаны өзін қолдауды бүркемлеген түрі байғұстың. Бір кандидаттың насихаты сайлаудан бұрын басталып кетіпті. #33 Қазақ болып жазған пікірім келетін сияқты. Алдағыны Бір Алла ғана біледі.

    • #41
    • Жанарыс
    • жб, 04/09/2016 - 15:18

    Ол алдағы бес жылда, яғни келесі президенттік сайлауда өз орнын анағұрлым жас, күш-жігері қайтпаған адамға беретінін айта келіп: «Мен президенттік орынға лайық деп тапқан адам Сіздердің де көңілдеріңізден шығады деп ойлаймын», – деген.
    --

    "Алдағы бес жылда" деп өзін Құдаймен шарт жасасқандай асыра бағалапты пақыр.

    • #42
    • Жәми
    • жб, 04/09/2016 - 15:20

    Ислам аканың иманы жолдас болсын!.. Ал осындағы кейбір ағайындарға өзімнің білгенімше мыналарды айтайын: 1. Мұсылман екенсің, онда құдай жолымен жүргін, еліне, халқына жарытып жақсылық жасамағанның тілеуін тілемегін. 1. Білгіш екенсің, жеріміздің асты-үсті байлығы таланып, сырттан үйіп-төгіп қарыз алып жатқанымыздың себебін білгін де, "қарыз" туралы содан соң айтқын. 3. Өзбектердің ТМД елдерінің базарын толтырып жүргендері тентіреу емес, ол - кеңестік кезеңнен бастап белгілібір жүйемен жүргізіліп келе жатқан, мемлекет бюджетіне тиісті пайызы құйылатын жариясыз ішкі экономсаясаттың бір түрі. Көкбазарда өте сенімді өзбек саудагерлерің болса, әңгімелесіп байқаңдар, бірақ олардың көбі бізге сенбейді, шынын айта қоймайды. 4. Ислам Каримовты өлмей жатып жамандағандар, әй, таза мұсылман емес. 5. Ел экономикасынан толық хабары барлар, халықтың, әсіресе қазақ ауылдарының қазіргі жағдайын жақсы білетіндер Каримов пен Луашенкодай "диктатордың" бізде де болуын қалар еді. Айтпағым осы. Жалған білгіштікпен, жалған намысшылдықпен қарсы шыққандарың болса, "нұрланып" 100 жасаңдар!

    • #43
    • ШАЛА Казахпын
    • жб, 04/09/2016 - 16:36


    У исламского финансирования блестящее будущее ........... www.aa.com.tr/ru/экономика/бюлент-гедикли-у-исламского-финансирования-блестящее-будущее-/639349

    Экономическая теория ибн Хальдуна актуальны и сегодня ......... ru.wikipedia.org/wiki/Ибн_Хальдун

    • #44
    • ШАЛА Казахпын
    • жб, 04/09/2016 - 16:39


    Турция продолжит защищать права мусульман во всем мире ........... www.aa.com.tr/ru/tурция/вице-премьер-турция-сердце-исламского-мира/640167

    • #45
    • қазақбай Есеңгіреген Антакияға
    • дн, 05/09/2016 - 9:55

    Апырай, мына Есенғали дегеннің құдайы беріп, Ислам ака ақыры жан тапсырды-ау, иманды болсын, елі тыныш болсын. Есенғали деген Каримов инсульт алды деген хабар тарағаннан жерден жеті қоян тапқандай құбылта, шұбырта әлі өлмеген адамды өлді деп өсек таратып, білгішсіп еді, құдайдан қорықпайтын саудагер екен.

    • #46
    • Ғабитке
    • дн, 05/09/2016 - 10:22

    Ғабит Есенғали саған хабарласады деп дәмеленбе. Ол көп оқып , көп білгенмен ,өте қорқақ адам.Ешқашан бетбе-бет келіп тіреспейді.Былай айтқандары 100% жалған деп айта алмайм. Тек бізден гөрі ойын адемі жеткізеді. Бірақ күрескер адам емес. Тек бұғып жатып ,әрекет етеді.

    • #47
    • Жанашыр
    • сн, 07/09/2016 - 9:03

    Ислам аканың жаны жəннəтта болсын 30 милионнан асатын өзбек елін қарызға кіргізбей қолынан келгенше өндірісін дамытып кетті

Пікір қосу

  • 4 + 35 =

Кіру