Ханталапай

МАТАЕВ ІСІ ҺӘМ 143 МЛН. ТЕҢГЕ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Астанадағы №2 Есіл аудандық сотында Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, «ҚазТАГ» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың қылмыстық ісі бойынша куәгерлерден және зардап шеккен тарап өкілдерінен жауап алу одан әрі жалғасуда.

Соттың бүгінгі отырысында зардап шеккен тарап – «Қазақтелеком» АҚ Сейітқазы Матаевтан 143 млн. теңге өндіріп беруді өтінді. Зардап шеккен тараптың шағымын «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметкері Айгүл Даирова оқып берді. Тергеудің нұсқасы бойынша, «Ұлттық баспасөз клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Сейітқазы Матаев 2011-2013 жылдар аралығында қызмет түрлерінің құнын көтеру жолымен «Қазақтелеком» АҚ-на жарнамалық-ақпараттық материалдарды орналастыруға бөлінген 398 млн. теңгенің 143 млн-ын ұрлаған. Мұндай алаяқтықты іске асыруға «Қазақтелеком» АҚ-ның стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр Маханбетажиев көмектеседі. Ол куәгер ретінде сотқа берген түсінігінде өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, «Ұлттық баспасөз клубы» қоғамдық бірлестігінің мүддесіне қызмет еткенін жасырмай айтқан болатын.

«Сейітқазы Матаев үш жыл бойы «Қазақтелекомға» әдейі көтерілген баға бойынша есеп-шоттар мен атқарылған жұмыстар туралы актілерді тапсырып келген. Бұл әрекетін қылмыстық істің материалдары растайды. Осылайша С. Матаев «Қазақтелеком» АҚ-ын қызмет құнына қатысты шатастырып, материалдық шығынға ұшыратты. Қылмыстық істің материалдарында дәлелденгендей, «Қазақтелеком» АҚ-ның жарнамалық-ақпараттық материалдарын іс жүзінде компанияның өз қызметкерлері шығарып келген. Олар баспа БАҚ-тармен өздері келіссөз жүргізіп, материалдар шығаруға өтініш берген»,- делінген шағымда.

Тергеу барысында анықталғандай, Сейітқазы Матаев өзінің беделін пайдалана отырып, Батыр Маханбетажиевке компанияның қызметін жарнамалауға қатысты тендерді ұтып алуға көмектесуді өтінеді. Атап айтарлығы, С. Матаев жарнамалық материалдарды БАҚ-тарға орналастыруда газеттер мен компанияның арасындағы делдал ретінде әрекет еткен. Ал Батыр Маханбетажиев мемлекеттік сатып алу ережелері бойынша қосалқы мердігерлікке беруді ықшамдау қажеттігін алдын ала білсе де, Сейітқазы Матаевтың ұсынысымен келіседі. Сөйтіп ол өз қызметкерлеріне тендерлік құжаттарды белгіленген тәртіпке сәйкес дайындауға С. Матаевқа қол ұшын созуға тапсырма береді.

Сотқа дейінгі тергеуден мәлім болғанындай, Сейітқазы және Әсет Матаевтарға «алдау мен сенімді теріс мақсатқа пайдалану жолымен бюджеттің 300 млн. теңгесін ұрлады», сондай-ақ «200 млн. теңгеден астам соманың салығын төлемеген» деген айыптар тағылып отыр.

Әмірлан Әлімжан

Abai.kz

9 пікір 736 рет оқылды Қосылған: 14.09.16
    • #1
    • Оқырман
    • бн, 15/09/2016 - 9:34

    Әмірлан Әлімжан! "Һәм" деген не?

    • #2
    • Халық
    • бн, 15/09/2016 - 9:45

    Біз журанлистерді төртінші билік деп әспеттеп жүрсек, Қазақстан журналистер одағының төрағасын соттап отыр Ал олар неге үнсіз қалуда? Осыдан кейін журналистерді қайтіп сыйлаймыз, қайтіп құрметтейміз? Олардың газет журналға жазғандары енді кімге дәрі? Күні біткен журналистен көрі ақшалы бизнесмендер, қолында реалный билігі бар сот пен прокурорлар күшті боп тұр ғой. Ендігі түсінгенім: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЕРУЕНГЕ ҮРЕТІН ИТТЕР. Өздерін сол дәрежеге түсіріп отыр. Бүгіннен бастап журналист деген сөзді журналИТ деп ауыстыру керек!

    • #3
    • Оқырман һәм көрермен
    • бн, 15/09/2016 - 10:02

    Баламды журфакқа бар, адам боласың деп жүрсем, сөйтсем олар өз- өздерін қорғай алмайды екен ғой. Ең тәуірі юрфакка барғаны дұрыс. Әйтпесе, журналитикамен айналысып сөзінің тамтығы жоқ ит болып кетер. Енді телевизордегі жаңалықтарды көріп отырып иттер үріп жатыр, шуылдатпай дауыстарын басыңдар дейтін болдым- ау. Совет заманында олардың бірауыз сөзі құдыретті еді. Олар келеді дегенде күллі бастықтар дірілдеп, алдарында құрдай жорғалаушы еді. Енді редакторлардың өзін ұялы иттердің басшылары деп кекететін болдық...

    • #4
    • Алдияр
    • бн, 15/09/2016 - 10:33

    Өзін "халық" деген біреуге: Журналистердің басшысы түрмеге қамалса, миллиондап жегендері желкесіне шығып отыр....Бұған қалың журналистердің қандай қатысы бар?....Арандатудың еш реті жоқ....БАҚ өкілдерін "боқтан өзгеге" қатыстырмай тиыш отыру керек қой?....С.Матаев "миллиондап" жеді , әкесінен қалған ақшадай....Енді осы жемқорды "қорға" дейсіңдер, ұялмай-қызармай.....Қылмысты өз қолымен жасады, енді зауалын өз мойнымен көтеретін сәт туды.....Оның аты "түрме" болады...."Ұрлықтың арты - қорлық" деген осы....54

    • #5
    • арыстан
    • бн, 15/09/2016 - 11:16

    с. матаев ары таза журналист кой.

    • #6
    • жəй ҚАЗАҚ
    • бн, 15/09/2016 - 11:32

    Көрсетілетін қызметке орай баға ұсынылды,Ұлттық компания келісіп, Матаевқа тендерді женгізді. Ол істелген жұмыс есебін берді,ҰК ақшаны аударды. ҰК уақытында бəрекелді деді, ФИНПОЛДАН соң арызданды

    • #7
    • Бір қазақ
    • бн, 15/09/2016 - 11:50

    Қазтелеком бұрын неге аузын ашпай келген? Оларды да сотқа тарту керек. Бұлар да қылмысқа қатысты болып отыр ғой... Бүгін бейшара бола қалыпты. О сорлылар...

    • #8
    • Матаев рейдерлік құрбаны
    • бн, 15/09/2016 - 19:07

    Матаевтың жегені Құлыбаевтың жегенінің алдында түкке тұрмай қалады ғой. Біреуін айыптайды, екіншісі жоғар жақта тайраңдап жүр, ұрлаған ақшасын шетелге тығуда. Еліміздегі кез келген олигархты түрмеге отырғызда ақшасын кәмпескелсінше бюджет артығымен толып кетер еді. Балықтың қай жерден шіритінін біліп тұрып шелек жалағандарды соттағаннан әділдік орнамайтынын жай халық көріп отыр ғой...

    • #9
    • Сонда шындыгы кайсы?
    • бн, 15/09/2016 - 19:19

    Как было сказано, следствие отказалось принять официальное заключение независимого аудита бухгалтерии Национального пресс-клуба и агентства КазТАГ на сотни страниц, где нет состава преступления, то есть хищений госсредств, незаконного обналичивания средств и неуплаты налогов. Кроме обычных мелких нарушений, которые должны рассматриваться не в уголовном, а в административном порядке. Но самое поразительное, что инициаторы преследования такого аудита не проводили, поэтому все их обвинения совершенно обосновано считаются голословными. У Матаева есть все договоры с Казахтелекомом – это заказчик услуг, который выделял деньги, и все подписаны как выполненные.

Пікір қосу

  • 6 + 13 =

Вход