Міне, көрдің бе?

МАҢҒЫСТАУДА «МАНГЫШЛАК» ДЕГЕН ЖЕР БАР МА?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ» басқарма төрағасы

                                                                   Қанат Қалиұлы Алпысбаев мырзаға     

Маңғыстау облысы, Маңғыстау кентіндегі «Маңғыстау» Темір жол станциясының поезд тоқтайтын алаңында тұрмын. Алдыма келіп «АСТАНА – МАҢҒЫСТАУ» жолаушы поезы тоқтады. Жолаушы вагонының қақ ортасында «М А Ң Ғ Ы С Т А У» деген үлкен әріптермен жазылған әдемі жазу вагонға сән берумен қатар осы позд атауын айқындап-ақ тұр. Ішім жылып сала берді.

Алайда вагондар қарсы алдыма келіп тоқтағанда, көтеріңкі көңілім су сепкендей басылды. Себебі, сол вагондардың сыртында «МАҢҒЫСТАУ» деген атаудан бөлек «Мангышлак - Астана» және тағы бір жерінде «Манкишлак» деп өзге елдің тілінде жазылған әр түрлі жазбалар болды.

Облысымыздың атауы Маңғыстау, сол поездар келіп тоқтайтын елді мекеннің атауы - Маңғыстау, поездың атауы - Маңғыстау.  Сонда мына өзге елдің тіліндегі «Кишлак» сөзі бұл поезда «не бітіріп тұр?» деген сұрақ өз-өзінен туындап тұрған жоқ па?

Тиісті шарасын алуыңызды өтінемін!

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Abai.kz

 

 

69 пікір 1544 рет оқылды Қосылған: 26.09.16
    • #1
    • қазақ - адай
    • дн, 26/09/2016 - 10:05

    Осы СССР- дің кезінен қалып қойған қателіктерді түбегейлі жою керек!!!! Мангишлак - деген сөз қазақ тілінде жоқ лексема!!!!!!! Оны ойдан шығарған келімсек орыс тілділер болды!!!! Олар әдейі Маңғыстау деп айтпай қойды. Өйткені ол кездері ұлттық құндылықтарды таптаған заман еді ғой. Қазір де жетісіп тұрғанымыз жоқ:, - мысалы-Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Семей жақтағы қазекеңдердің кейбіреулері (мектепте география оқымағандар) әлі күнгі Атырау мен Ақтауды шатастырады. Ақтауға құдалыққа келе жатып Атыраудағы маған соткамен хабарласып тұрып: -"Ау-ет асып қой, үйіңе соғып, ет жеп кетейін, құдалыққа келе жатырмын"- дейді. Просто - Казақстанский анекдот!!!!!!!!!! Осыны тоқтату керек. Сосын, қатар жатқан екі облыстың қызу қанды Беріштері (Атыраудан делік) мен Адайларын (Маңғыстаудан делік) шағыстыратын сөздер бар оңтүстік облыстарда : - батыс облыстар жөнінде сөз бола қалса -"Өй- ана адайлар ма?!" дейтін. айналайындар Батыстың төрт бірдей облыстарында тек ғана Адай руының адамдары тұрмайды, тоқтатыңыздаршы осы надандықтарыңды!!!!!! Ал Маңғыстау байырғы қазақтың топонимы, жер атауы!!!!!!! Барлығында өз атауымен атайық!!!!!!!!!

    • #2
    • Мангыт
    • дн, 26/09/2016 - 10:08

    Мангышлак деген мангыттардын жери. Манг, дегени озбектердин бир руы. Лак/лаг дегени озбектердин аффиксы. Лак/лаг дегени жер. Кишлак, - кыстайтын жер, кушлак, - кас аулайтын жер, таслак, - тас алатын жер (каменоломня). Сонымен Мангышлак, - мангыттар туратын жер. Казактарда мангыт деген руы жок.

    Мангуты (монг. мангуд — букв. «монголы») — монгольский род участвовавших в походах Чингисхана, представители этого племени, создали свою династию правителей в Бухаре 1756—1920 (с 1785 г. титул — «Эмир»). Название мангут в немонгольских источниках встречается в различных формах: манкгут, мангхит, мангкит. Возможно, слово мангут происходило от древнего звучания слово "монголы".

    На основании данных «Сокровенного сказания» («Тайной истории монголов») и «Алтан дэбтэр» («Золотой книги»), истории официальной, выдержки из которой приводит Рашид ад-Дин, можно проследить историю возникновения мангутов от монгольского рода Борджигин.

    От Бодончара, родившегося, согласно монгольскому историку Х. Пэрлээ, в 970 году, ведётся фамильный свод Алтан Уруг, Золотого древа, давшего монголам и всему миру Чингисхана.

    • #3
    • Мангыт
    • дн, 26/09/2016 - 10:26

    Мангышлак арзаманда Хива курамында болган. 1924 жылы Сталин Мангышлакты озбектерден сурансыз анексиялып Казакстанга косты.

    • #4
    • Мангыт
    • дн, 26/09/2016 - 10:33

    Мангышлак, Тохтамыш-ханнынг туган жери, мангыттар Тохтамыштынг туган журты.

    • #5
    • пiкip
    • дн, 26/09/2016 - 10:53

    Орыстар адейлеп( Манда.шлак.)/жаман сөз/ деген сөзден шыққан.
    Дұрысы, Маң қыстау.айдала,алыста ,деген мағынада шыққан.

    • #6
    • sag'yz
    • дн, 26/09/2016 - 11:02

    Mañg'ystaw bùryn Xiwa handyg'ynyñ qùramynda bolg'an türkmenderdiñ mekeni bolg'an. Äli künge dejin Xorezm Xiwanyñ zhùrty özin "Türkmänlik" dejdi. Mañg'yshlaq degen söz sol türkmendilkterdiñ dialektinen shyqqan söz. Mag'ynasy "mañda, shette ornalasqan qystaw". Basqanyñ bäri zhaj gipoteza

    • #7
    • Мен
    • дн, 26/09/2016 - 11:15

    "Астана-Мангышылак" поезын мен де көргенмін "Астана-Лениногорск" тағы бар. Қазақстанда Лениногорск деген қала жоқ. Риддер қазір. Бәрібір Лениногорскіні тастамайды. Бұл мәселені ШҚ облысы қазақ тілі жанашырлары көтерді. БАҚ беттерінде жазылды. Бірақ Темір жол осы атаудан айырылғысы келмейді. Неге?

    • #8
    • Мангқұртке
    • дн, 26/09/2016 - 11:29

    Маңгыт, қазақшасы МӘҢГҮРТ

    • #9
    • АНАРБЕК
    • дн, 26/09/2016 - 12:19

    Құрметті бауырлар Мангышлак деген атау ол елді мекеннің атын
    мәнзелдеп (мағаналап) түрған жоқ, ол темір жол бекетінің (станцияның) құрылған кезінен бергі аты. Ондай атаулар біздің
    елде өте көп, оларды дұрыс атаулармен атататын уақыт келген
    сияқты, бірақ сол мәселені кімдердің келісімімен шешілетінін
    білетін кісілер болса айтыңыздар, - атсалысайық.
    Ал адайлар сендердің атауларыңмен бүкіл батыс өнірінің
    аталуы, - сендер 25 ата алшыннан шығатындарыңды ешқандай
    жерде жария етіп айтпайсыңдар, оны мойындамайтын адамдарға
    ұқсайсыңдар, ал Арғында Тобықтылар біз Арғынбыз деп жария
    етіп айтпайды, ал Үсінде Дулаттар біз Үйсінбіз деп жария етіп
    айтпайды. Сондықтан батысты Адайлар, Семейді Тобықтылар,
    Шымкентті Дулаттар деп айта салу әдетке айналып кетті. Бұл
    атаулардың артында біз біле бермейтін сырлар бар сияқты.
    Білгеннің артығы болмас, білетіндеріңіз болса бұл сырдың ахиқатын ортаға салыңыздар.



    • #10
    • .
    • дн, 26/09/2016 - 13:17

    8 ші, сіз маңғыттың адресіне мәдениетсіз сөз айтпаңыз. Маңғыт бауыр, сен бізге бөтен емессің, 15 ғасырдың ортасына дейін бүгінгі қазақ даласындағы тайпалардың барлығының өзбек аталғаны да белгілі. Ең бастысы Маңғыстаудың қазіргі жері қазаққа мұраға қалған. Оның иесі Қазақстан. Бұрынғы тарих қызық, бірақ ол өткендегісімен ғана қызық. Өзің Қазақстанға көшіп кел, бөтен емессің, біздің бір бөлшегімізге айнал.

    • #11
    • М. Шындәулет.
    • дн, 26/09/2016 - 16:05

    КСРО-ның осындай ескі жұрнағы Қызылорда да көп екен. Пойызбен жүрсеңіз кез келгеніңіз куә бола аласыз. Темір жол бойында күріш айдайтын ескі элеваторлар сол қаңқайған күйінде әлі тұр. Сол элеваторлардың қастарында ұзына бойына үлкен-үлкен қоймалар орналасқан. Міне, осы қоймалардың қабырғаларында баяғы КСРО кезінде жазылған ұрандар әлі тұр. Мысалы, ,,КПСС ХХV съезінің шешімдерін жүзеге асырайық!,, деген сияқты Карл Маркс, Фридрих Энгельс, Владимир Ленин сияқты пролетариат көсемдерінің ,,жалынды,, сөздерін кездестіруге болады. Жалпы кеңестік кезеңнің ескі көріністерін, сондай-ақ Лениннің ескерткіштерін Қазақстанның көп жерінде темір жол бойларынан кездестіруге болады. Бұл деген сөз ,,Қазақстан темір жолы,, ұлттық компаниясы басшыларының ел тәуелсіздігі мен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың күнделікті саясатын мойындамайтындығының айқын көрінісі деп бағалауға болады. Мұндай сөздер Өзбекстанда әлде Түрікменстанда кездесер ме еді, басшылары сол күні жұмыстан кетер еді немесе ,,Уахабист,, деп сотталар еді. Маңғыстаудың Маңғышлак атануының себебі де осындай. Темір жол вокзалын жергілікті жұрт әлі Маңғышлак деп атайды.

    • #12
    • Оралман
    • дн, 26/09/2016 - 16:12

    Маңғыстау сөзі-маң қыстау, Яғни маңайдағы қыстау деген сияқты сөз. Қыстауды кейде қыстақ дейді. Қазақтар бұрын қыстауды қышлақ деп атаған. Маңғыстаудың бұрынғы аталуы маңғышлақ болуы мүмкін. Орыстардың жазылым ережесіне сәйкес маңғышлақ сөзі мәнгишләк болып жазылған болуы мүмкін. Дейтүрғанмен, сөздің қазіргі айтылым ережеміз бойынша Маңғыстау деп аталғаны дұрыс.

    #9 АНАРБЕК мырза, Қайдан тараса одан тарамай ма, қазақ па? Болды ғой.

    • #13
    • жебе
    • дн, 26/09/2016 - 17:03

    мұндай түзетуді қажет ететін сөздер жетіп артылады, "бешбармақ" деген секілді! Қытайдан келген қазақтар етке салатын жайманы нарын дейді екен. Тіл ғалымдары осындай нәрселерді зерттеп, қолданысқа енгізуге болса қабылдау керек. "жайма" деп те жүрміз.

    • #14
    • Құрманұлы Қ.
    • дн, 26/09/2016 - 17:42

    Рас, атауларда ала-құлалық бар, бүкіл әлемде солай. Үй менікі деп үйелеп жатып алмай, сол әркім өз жерін, өз аймағын гүлдендірсе, арғы тарихтың арнасы өз-өзінен ашылмай ма? Кезінде СССР министрлер кеңесі Маңғышлақ облысын ашқанда ләм-мим демеген жұрт бүгін былай дейді... Бұл, киелі Тәуелсіздігіміздің арқасы. Ауыздыға - тіл, атаулыға - діл бітті. Тілді де, ділді де өсіретін бірінші - бірлік, екінші - бір жапырақ нан! Қазақ шежіресі 25 жылда жырланып біте қалар шежіре емес! Бәріне уақыт керек! Асықпайық, аптықпайық, қажыр-қайратымызды Тәуелсіздік тәлейін тасытуға жұмсайық! Бәрі орнына келеді.

    • #15
    • Көпжасар
    • дн, 26/09/2016 - 18:18

    14-ке! Қазақ баласы өз аты мен тегінің, елі мен жерінің атауына ие бола алмаса толық қанды ел болуымыз қиындай беретін болады. Автор өзекті мәселені қозғап отыр. Темір жол басшылығы тезірек тиісті шарасын алса екен тілейік,

    • #16
    • Бекжан
    • дн, 26/09/2016 - 18:21

    14-ке! Асықпайық, аптықпайық депсіз. 25 жыл аз уақыт па?

    • #17
    • Қыр қазағы
    • дн, 26/09/2016 - 19:49

    Мақала авторы М.Қожырбайұлы деген Шыңғысханды Адай деп жүрген рушыл, әлі күнге дейін Маңғыстауды-Маңғышлақ қылып қойып шошқа тағалап жүр ме? Әлде Абай Бегей айтатындай: "Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын, сол жұлдыздың ішінде сен жоқсың арайлым",-деп лағып жүр ме?....Тарих егістігіндегі інінен шығып алып шақ-шақ етіп отырған тышқандардай, өзін сол тарих егістігін баптап-өсірген агрономмын деп ойлап қалып, Қожырбайұлы Шыңғысхан-адай деп том-том оттаған кітапсымақтар жазғанша, осы Маңғышлақ станциясының атауын түзеттіріп алмай ма екен!...

    • #18
    • Қыр қазағы
    • дн, 26/09/2016 - 19:49

    Мақала авторы М.Қожырбайұлы деген Шыңғысханды Адай деп жүрген рушыл, әлі күнге дейін Маңғыстауды-Маңғышлақ қылып қойып шошқа тағалап жүр ме? Әлде Абай Бегей айтатындай: "Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын, сол жұлдыздың ішінде сен жоқсың арайлым",-деп лағып жүр ме?....Тарих егістігіндегі інінен шығып алып шақ-шақ етіп отырған тышқандардай, өзін сол тарих егістігін баптап-өсірген агрономмын деп ойлап қалып, Қожырбайұлы Шыңғысхан-адай деп том-том оттаған кітапсымақтар жазғанша, осы Маңғышлақ станциясының атауын түзеттіріп алмай ма екен!...

    • #19
    • Түңілген
    • дн, 26/09/2016 - 21:04

    Ой, пірім-ай!
    Жоғарыдағы өтінім соңындағы, "Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау"-деген сөздерді оқып, "Қожырбайұлы бұл өмірде мәні бар бірден бір іс жасапты-ау",-деп, риза болып қалдым.

    • #20
    • А
    • дн, 26/09/2016 - 21:48

    дұрыс жазылған.Жер-су атаулары масқара жағдайда тұр.өз басым транзит жолмен Қарағандыдан көп өттім екі жыл бұрын.сонда вокзалда жұлқысып ұрысуға дейін бардым.таблодағы калагир деген атау не сұмдық деп.сол жолы əйдік айқас болды вокзалда.маған айтқандары забыли у вас спросить деді.хош.сонымен биыл жазда тағы жолым түсті қарасам-Құлаайғыр деп таблода жазулы тұр.мен ойладым кішкене де болса тамшыдан да аз сеп тиді ме деп

    • #21
    • мұрат
    • дн, 26/09/2016 - 21:52

    маң деген көне түркі тілінде қой деген сөз. Маңқыстау деген аты айтып тұр. Маңырау деген де маңнан шыққан

    • #22
    • Маңғыстау
    • дн, 26/09/2016 - 22:02

    Қыр қазағы! Маңғыстауда мұндай атаулар онша көп емес. Бар жоғы біреу ғана. Ол, Форт Шевченко. Ақ Кетікке ежелгі атын қайтару жөнінде аз айтылып жүрген жоқ. Ал, мына Манғышлақ деген сөз поездағы вагонның электронды таблосында тұр. Бұл поезд Сенің ауыл жағыңнан келеді. Дұрыстап жаздырып жіберсеңдер болады ғой.

    • #23
    • Ой қазағы
    • дн, 26/09/2016 - 22:10

    Қыр қазағы! Қожырбайұлының жағасына жармасқанша, Сенде осындай мәселелерді Қожырбайұлымен бірге осындай елдік, тілдік мәселелерді көтергенің де керемет болар еді. Бірақ олай жасау сенің қолыңнан келу қайда???

    • #24
    • 24
    • дн, 26/09/2016 - 22:29

    Әлнұр 2016-09-26 18:27:23 Осы мақаланы оқыған бәріңізден, өз өңірлеріңіздегі мемтілде емес жазбаларды жариялауларыңызды өтінемін. Білетіндер қазіргі Темір жол басшысын өте сауатты, қарапайым, мемлекетшіл, іскер азамат дейді. Құлағына жетсе тиісті шарасын алатынына еш күмәнім жоқ.

    Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Qamshy.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.
    http://www.qamshy.kz/home/show/10506

    • #25
    • Асан
    • дн, 26/09/2016 - 22:36

    Қыр қазағына! Ру мен Ата синоним ғой. Рудан қашсаң маймылға бала боласың. Маймылға табынғаннан гөрі Қожырбайұлына ұқсап Атаңды құрметтегенің мың, миллион, миллиард есе артық емес пе?

    • #26
    • Бектас
    • дн, 26/09/2016 - 22:38

    Мұқамбеткәрім аға! Маңғыстау деген сөздің мағынасын ашып беруіңізді өтінемін.

    • #27
    • sag'yz
    • дн, 26/09/2016 - 23:04

    #25 Асан zhäne sol sijaqtylar, jag'ni sinonimderi. Zaibalsyñdar. Özge ùlttyñ da atasy bar, biraq olar sizder sijaqty är zherde sinonimderin tyqpala bermejdi g'oj, retin bilip, al sizder är zherge kelip sinonimderiñizdi shasha berip qojmadyñyzdar. Atanyñ aty ata, rudyñ aty ru. ATA OL ATA, RU BÙL RU. Üntetiktiñ sinonimin taqtajdyñ sinonimine qojyp zhajlyqtyñ sinonimine zhatyñyzdar, kishkentajlar sinoniminiñ zaman sinonimi bitti.

    • #28
    • Алшын
    • дн, 26/09/2016 - 23:16

    27-ге! Мына жазбаларыңызды өзіңізден басқа кім түсінеді. Орысшалардан құтылып келе жатыр едік, енді тағы сендер шықтыңдар ма?

    • #29
    • Аранжан
    • дн, 26/09/2016 - 23:29

    Осы сендер неге қазақтың атасымен (руымен) жағаласып кеттіңдер? Сендер кімсіңдер және қайда тұрасыңдар?

    • #30
    • мен
    • сс, 27/09/2016 - 0:11

    "Көкшетау-Қызылорда" пойызына отырсаңыз ондағы кестеден Чу (Шу),Бурное (Жуалы), Яныкурган (Жаңақорған) т.б. атауларды оқисыз. Бұл - ең қазақи деген елді мекендерден өтетін пойыз бекеттерінің сиқы. Ал "Астана-Лениногорск" пойызына отырсаңыз, тіпті көп жерде қазақша атаудың иісі де жоқ. Жалпы қазақша орфоэпияны айтпағанда орфография да сақталмаған. Орысша қалай болса солай жазыла береді. Мысалы, Астана маңындағы мына бекеттер Танкерис (Тонкерис), Сары-Оба (Сароба), Еркеншелек (Еркиншилик) болуы керек емес пе?

    • #31
    • sag'yz
    • сс, 27/09/2016 - 0:12

    #28ge
    Assalauma g'alejkim. Orysshadan qùtylmadyñyz. Zhazbalarymdy tüsinetin zhan tabylar.

    • #32
    • каракалпак
    • сс, 27/09/2016 - 2:21

    каракалпакта ен улкен 6 ру бар олар кытай кыпшак кенегес мангыт муйтен конырат калган барше майда рулар соларга киред мысалы мен колдаулыман мен коныратка крем ал мангытка келсек ол рудан кадимги едиге батыр шгад кадимги дастандагы мангыстау сол маншытлардын жери мангыт кыстау боп аталган мен буны сол мангыстаудан шгатын газеттен окыгам

    • #33
    • Манан
    • сс, 27/09/2016 - 7:57

    "КАСПИЙ АТАУЫ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?" http://mtdi.kz/kz/a_tilshy/tilbilymy/soztarih/2016-08-08/156.html

    • #34
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 27/09/2016 - 8:47

    "360 ӘУЛИЕЛІ КИЕЛІ МАНҚЫСТАУ" деген атау қайдан шықты?


    Қазіргі жазба деректерде адайлардың ежелден бергі ата мекені, кәрі Каспийдің жағасындағы түбектің Маңғыстау аталуы:
    - Аты айтылмайтын белгісіз бір аймақтан Ман атты тайпаның Маңғыстауға келіп қоныстануына байланысты қойылғаны;
    - Мыңқыстау, немесе Мыңжол деген сөзден шыққаны;
    - Татарлар "әйгілі мекен";
    - Орыс империясы сөздігінде Ноғайлардың немесе оның менк деген руының қыстауы;
    - Түрікпендер Манды қойдың аты дейді.
    - Түрікпен ғалымы Қ.Аннаниязовтың айтуынша Ман сөзінің аудармасы "үлкен" қышлақ, поселок (үлкен поселок);
    - Кеңес үкіметі кезінде "қазыналар қоймасы";
    - Тағы бір деректе түбек аты «Маңғұс» деген моңғол халықтарының мифологиясына тән мақұлық (айдаһар, құбыжық) атымен байланысты Маңғыстау – «айдаһарлар тауы» делінеді.
    - Енді бірі «Маңғыстау... Мәңгі қыстау деген сөзден шықты ма екен? Әлде... мың қыстау деген ұғымды білдіре ме?... Малға қатысты айтылған ба, қалай? Мынау шетсіз де, шексіз даланың малсыз сәні келмесі анық. Әлде маңғаз тау ма екен?... деген сұрақ қоя жазады Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарасбай Сүлейменов «Түлеген Түбек» атты мақаласында. («Егемен Қазақстан» 2 сәуір 2011 жыл).
    - «Маңғыстау сөзінің шығу тегіне қатысты сан түрлі пікірлер бар. Соның бірі көшпелілердің құтты мекен, мың ауыл немесе мың қыстау дегені халық арасында кең таралған. 1985 жылы жарық көрген Е.Қойшыбаевтың "Қазақстанның жер-су атаулары атты сөздігі" кітабында Маңғыстау атауының шығу тегі туралы төрт болжам келтірілген. Біріншісі, өлке аты "мың" және "қыстау" тіркесінен шыққан. Екіншісі - ноғайдың "менк" деген тайпасының атынан ауысқан. Үшіншісі көне түркі тіліндегі "мен" төрт жастағы қой сөзіне "қышлақ" жалғауы арқылы қалыптасса, төртіншісі Е.Қойшыбаевтың өз болжамы бойынша "Маңғыштағ" "Құбыжықтар тауы" дегенді білдіреді.
    - «Маңғыстаулық өлкетанушы ғалым Серікбол Қондыбай "құбыжықтарға" қатысты болжам дұрыс деген ой айтады. Шығыс түркі (қазақ) және моңғол мифологиясында "маңғыш" (маңғыс, мангус) айдаһар, керемет құбыжықтар дегенді білдіреді. Моңғолдарда ол тек зұлым, зиянды сипатқа ие болса, түркілерде екіұдай жақсы - жаман қасиетке ие ретінде баяндалады. Қондыбайдың айтуы бойынша Маңғыстауды мекен еткен оғыз түрікмен тайпаларының арасында "салыр" руы болған, бүгінгі түрікмен ұлтының құрамында "салор" атты ірі ру тайпасы бар. Сонымен қатар Қытайдағы Цинхай өлкесіндегі түркі тілдес салыр мен осы салор арасында тарихи генетикалық байланыс бар деген тұжырым айтады. Маңғыстауға келген оғыздар Қаратауды "Маңғыштағ" деп атаған. Айдаһар туралы аңыздар түрікмен халқында да, қазақ халқында да (Айназар батыр туралы) бар.
    Оғыз салырлар "Маңғыштағ" атауын өздеріне дейінгі аңыздарға негіздеп жасаған, аударма (калька) топоним. Сондықтан "Маңғыстауды" маңғыш тау қорқынышты алып айдаһардың мекендеген тауы немесе "айдаһартау" дегенді білдіреді деген тоқтам жасауға болады» (Маңғыстау облысы. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).
    - «Маңғыстау – қазына жөнінен де, тарих жөнінен де, рухани құндылықтар жөнінен де теңдесі жоқ бай өлке. Соны жарқырата көрсете білсек, мына дүниеге нұсқа болар мысалдар жеткілікті. Жер жетпегендей 360 әулие неліктен Маңғыстау топырағына кеп, бас сүйеген? Мұнайдың қызуына жылынайық демеген шығар, одан да басқа, біз білмейтін ғарыштық мұраттар болуы да ғажап емес. Әйтеуір сансыз әулие осы өңірде неше ғасырлар бойы үн-түнсіз күзетіп жатыр. Жоқ әлде келешек жас ұрпақтан бір жақсылық дәмете ме? Мына ызы-қиқы алақұйын заманда Маңғыстау перзенттері осы бір мәселені жадыларына түйіп жүрсе деп тілеймін. «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен» киелі топыраққа адайларда осымен үш кетіп, үш келіп отыр. Бұл соңғы көш, соңғы келіс мәңгілік болсын деп тілеймін. Әр келіп, әр кеткен сайын бұрынғы тарихынан көз жазып қалған. Маңғыстау қатпарында ежелгі адайлардың ізі жатыр деп сенімдімін. Маңғыстау атауында, қазақ топырағында б.д.д. 3-1,5 мыңжылдықтар арасында жасаған арийдің ман тайпасының жаңғырығы жатыр. Маңғыстау, Ман-Ата, Манаш та осы қатардағы ұғым. Еділ-Жайық арасында арий тайпаларының ортасында пайда болған Зәрдөшт (Заратуштра) діні өз топырағында мойындалмағанда, абыздар Маңғыстауға қоныс аударған. Зәрдөштің өз жұртына келіп, жаңа жерде уағызын жалғастырған өлкесі осы Маңғыстауға ұқсайды. Зоастризмнің басты кітабы «Авестаның» ең ежелгі кейіпкерінің бірі – Сам. Кезінде Иран жұртында «Шаһнамамен» қатар «Самнаме» дастаны көп жырланған. Сам – Иран шаһы Манучеһрдің батыры Залдың әкесі, Рүстем батырдың атасы, Нариманның ағасы. Міне, осы Зәрдөшт дінінің кейіпкерінің есімі – тек Маңғыстау топырағында сақталған. Кейінгі талапшыл, ізденімпаз ұрпаққа бұлар бірде-бірі немкетті оқиға болмасқа керек. Көшті ілгері бастайтын, елді ел ететін тарихи санасы бар, ата-бабаларын мақтан тұтатын ұрпақ». Бұл Әнес Сарайдың «Тарих тұңғиығы тіл қатады...» атты еңбегінен алынған үзінді.
    Қазақ даласы тұрғындарының ежелгі тарихын, рулық шежіресін, жоғарыда көрсеткенімдей көрші елдердің де жорамал-болжамдарын, осы даладағы және бүткіл әлемдегі көптеген Ман атты топонимдерді саралай келе жоғарыда келтірілген тұжырымдардың қай-қайсысы да Маңғыстау сөзінің мән-мағынасын толық аша алмайды деп есептеп, төмендегідей тұжырым ұсынамын:
    1. Манқыстау - біріккен сөз. Ан, ман, ыс, қыс, ау, тау, қыстау.
    - Ан – тірі жан, пенде. Адамзат баласының сана сезімі жетіспеген кезеңі. Даланың
    Адамнан басқа тіршілік иесін «аң» дейтініміз осы. Біресе Ман, біресе Маң болатыны да осыдан. Демек алғашқы адамдардың санасы аңдардан айырмасы шамалы болған. Қазақтың «кісі киігі» осы. Тағы бір мағынасы Ан - ананың сөз түбірі. Ан екі рет, біреуі оң, екіншісі теріс оқылып қайталанғанда біздің күні бүгінгі сөздік қорымыздағы Ана деген ұғымымыз шығады. Жалпы қазақта ең киелі ұғымдардың (Ата, Аға, Апа, Аса) барлығы осылай туындайды. Демек, Ан екі еселеніп қайталанғанда Ана ұғымы шығады.
    - Ман - алғашқы адамдар, яғни алғашқы аталарымыз .
    - Ыс – ыс, қыс, ыссы, ыстық, (отқа, күнге, ыссылық пен суықтыққа байланысты ұғымның ең жоғарғы шегі).
    - Ау мен Тау - Ауа анамыздың лақап есімі. Назар аударайық, Ау – Ауа анамыздың есімінің сөз түбірі.
    Сонда Манқыстау дегеніміз «Анасының құрсағынан» жаңа шыққан, бүгінгі тіл мен
    айтқанда «Мандардың (алғашқы адамдардың) қыста қыстайтын мекені» болып табылады. Басқадай жорамал-жобалардың барлығы түп-тамырымен қате.
    Қазақ атам тарихты бір ауыз сөзбен жазған. Түсінген жанды тәнті етеді, түсінбеген, яғни сөз қадірін ұқпайтын жанға мәңгі жұмбақ болып қала береді. Алдағы уақытта бұл еңбектің өн-бойында «тақырыпқа тамызық» болған әр бір сөзді сөйлетіп отыратын боламыз. Басын Манқыстаумен бастадық, екіншіге «Мақал мен Мәтелді» саралайық. Себебі, осы бір ауыз сөз бізге Манның түп атамыз, Манқыстаудың ілкі төр екендігіне толықтай куәлік ете алады.
    Мақал – құрамы Ақ (ақиқат), Ал (алғы, алғашқы, алдыңғы) деген екі біріккен сөзден тұрады. Ал алдыңғы Ма жұрнағы Манның бірінші буыны. Сондықтан бұл сөздің толық тарихи мағынасы Мандардың алғашқы ақиқаты, яғни алдыңғы Мандардың өз бастарынан өткен әр-бір құбылысқа (жақсысына да, жаманына да) тұжырым жасап өз ұрпақтарына қалдырып кеткен өсиеті болып табылады.
    Мәтел – құрамы Әт (Ат, Ад) және Ел деген екі біріккен сөзден тұрады. Бұл жерде де Мә (Ма) жұрнағы Манның бірінші буыны. Мәтел сөзі жеке-дара айтылмай Мақал-мәтел деп мақалға тіркеліп айтылады. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл жерде Мәтел дегеніміз сол Мақалдардың авторлары кімдер екенін дәлдеп айшықтайды. Демек, мақалдардың авторлары Адам ата ұрпақтары, яғни МАД елі. Ал, олардың қарашаңырағы бүгінгі Адайлар.
    Тарих тағлымы: Күнделікті тұрмыс-тіршілігіңде, немесе өмірің тығырыққа тірелген «айшықты» кезеңдерде атам Қазақтың мақал-мәтелдерін басшылыққа алсаң шындыққа беттейсің. Ол сенің азаматтық арыңды сақтап, ұрпағыңа үлгі болуыңа, ел-жұрт алдында «қарабет» болмауыңа толықтай кепілдік бере алады.
    Манқыстау – қазақ даласының ауа райына да сәйкес келеді. Күні бүгінде де бүкіл қазақ даласының ең жылы жері Сыр алқабы (бүгінгі Түркістан) және Манқыстаудың қара ойы болып табылады. Суық жерлер Ақтөбе, Орал, бүкіл солтүстік өңірлер (Сарыарқа) жаз жайлауы деп аталған. Демек, аталарымыз жаз жайлауда жазды өткізсе, қысты, ең жылы жерде, қыстауда өткізген.
    2. Орыс империясы сөздігіндегі Маңғыстауды Ноғайлардың қыстауы деуі тарихи шындықтан көп алшақ емес. Бір кездері Ман атамыздың атына сәйкес Мандар деп аталғанымыз сияқты, кейіннен Ноғай атамыздың атына сәйкес Ноғайлы елі аталған кезімізде болған. Айтулары дұрыс. Олар Манды Мен деп отыр.
    3. Татарлардың "әйгілі мекені" мен Кеңес үкіметінің "Қазыналар қоймасы" Маңғыстау сөзінің мән-мағынасын ашпайды, тек қана оның әлемге әйгілі, алғы төр және оның жер қойнауының қазынаға өте бай екендігін сипаттаған мінездеме береді. Екеуі де Манқыстау тарихын жақсы біледі.
    5. Е.Қойшыбаевтың келтірген төрт болжамының ішіндегі шындыққа сәл ғана (онда да тек қана жанама түрде) қатысы бары «көне түркі тіліндегі "мен" төрт жастағы қой сөзіне "қышлақ" жалғауы арқылы қалыптасты» дегені. Бұл жердегі айтпағымыз, «мен» деген сөз күні бүгінде де сол бұрынғы күйінде қолданыста. Мен, Ман атамыздың лақап аты. Қазақтың сөз жасау жүйесінде (а, е) дыбыстары бір-біріне жақын, бір тектен шыққан атауларға балама мағына ретінде қолданыла береді. Ал қойға келсек, ең алғашқы даланың жабайы аңынан (арқардан) қой мен қошқарды дүниеге әкелген осы Маңғыстаудың ежелгі тұрғындары қазіргі Адайлардың ата-бабалары болатын. Оған айғақ ретінде айтарымыз, қой мен қойшының пірі (ұстазы) Шопан атамыз бен Қошқар ата бейіттерінің осы Манқыстауда орналасуы. Бұл жерде Ман (мен) атауы қойдың (қошқардың) атасы (авторы) ретінде беріледі. Маңғыстауда бұндай балама атаулардың қолданылуы табиғи жағдай. Мысалы, Шыңғыс қағанды Қазақтың суырып салма, ақиық ақыны Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) былайша жырлаған:
    ...«Кешегі Дүиім Баян кеткен соң
    Алты жыл анық өткен соң,
    Ар-сар болып жүрегі,
    Қанға толып білегі,
    Шыңғыс туды Арқардан?.(2)
    Оның туған тұқымы
    Патша болып таралған». Арқар Адайлардың лақап аты және олардың ежелгі ұраны. Бұл жерде Қашаған атамыз Шыңғыс ханның шыққан тегі Манқыстау, руы Адай деп отыр.
    «Ханыңыз онан соңғы Нұралы еді,
    Төренің «арқар» деген ұраны еді (Шернияз). Төре де Адайлардың лақап аты.
    4. Ал, түрікпен ғалымының "Манды" үлкен, кейбір "болжағыштардың" Мыңқыстау, немесе Мыңжол деген сөзден шыққан дейтіндері түп-тамырымен қате. Бұл атаулар керісінше, Мандардың атына сәйкес қойылған. Себебі, қазақта ру атымен және соған сәйкес жер, су, тау, елді мекен атаулары аталарымыздың атымен аталады. Топономикалық атауларды жер-суға адам баласы қояды емес пе? Мұның адам түсінбейтіндей несі бар? Осылайша ой түйіндеп, Мандардың шыққан тегі мен таралу аймағын саралайтын болсақ, Маңғыстау сөзінің тікелей мағынасы Манқыстау, Мандардың, яғни Ман елінің қыстауы болып шығады. Ман атаның моласы да, қыс қыстауы да Манқыстауда. Бұл жердің Манқыстау аталуы, осы жерді мекендеген жергілікті халықтың түп атасы Ман атамыздың атына сәйкес қойылған. Қазақ даласында ру, тайпалардың аталарының атын иемденіп, ұлыс пен ұлтқа айналуы ежелгі дәстүр. Сонау ежелгі заманнан бері аталарының моласы жатқан және сол жердің топономикалық атауына ие болған елге ешкім дауласпайды.
    5. Манқыстау Ман елінің қыстауы болатын болса, демек ол елдің көшпенді халық екендігіне және олардың жаз жайлауының да бар екеніне ешкім дауласпауға тиіс. Олардың жаз жайлауында, көші-қон бағыттарында түбірінде Ман сөзі бар ел, елді мекен, жер, су, тау, әулие-қорым атаулары арқылы-ақ анықтау анау айтқандай қиындық туғызбаса керек. Оған алда тоқталатын боламыз.
    6. Ман тайпасы басқа жақтан ауып келіп, ауып кеткен көп тайпалардың бірі болса, Адай ата ұрпақтары Ман атамызды әулие деп қастерлеп, ұлан-ғайыр аймаққа оның атын беріп қоймаған болар еді. Демек Ман атамыз - Қазақтың өз атасы.
    7. Мандар бұдан бірнеше ондаған мың жылдар бұрын, яғни жер бетін топан су қаптаған Нұх пайғамбар заманынан бұрын өмір сүрген. Бұлай дейтін себебім, қазіргі ғылыми айналыста жүрген деректер бойынша бұдан үш мыңнан да арғы жылдар бұрын осы аймақтарды мекендеген үнді-арий және алман (герман) тайпалары тілінде бірінші адамды Ману, Манн деп атаған. «Адам пайғамбардан Шис, Одан Ануш-Қина-Мекайл-Берді-Ыдырыс пайғамбар-Маңғышлақ-Уамақ-Нұқ пайғамбар-Иапес-Түркі (сегіз Иапес: Түркі, Хазар, Сақтаб, Қытай, Қамари, Тарха, Жапон, Манжүр) болып келетін ұрпақты тізбек те Маңғыстаудың Ман-Адам (Ман – Ата қауымы да осында) мекені ретінде дей-деймекен (Серікболша ежелден де ежелгі) болғанына, сондықтан онда сақталған таңбалардың адам санасы дамуы мен жаңғыруын көрсететіндігіне шүбә келтірмейді. Көпшілік ғылыми тұжырымдар оғұз-окуз-ғұз атаулары түркілік текті білдіретіндігіне тоқталады» дейді (М.М.Ақмырзаев «Адай уезінің жазба мұралары» 20 бет). Адам Атадан басталатын бұл шежіре дерек ежелгі тарихи жазбалардың бәрінде де осылай беріледі. Бұл деректердің өзге шежірелерден айырмасы, Иафес балаларының рет санының (үлкен-кіші, яғни аға мен іні) сақталмағаны. Көптеген шежірелерде Сегіз Иафестің кенжесі Манжур емес Тарих деп көрсетілген. Демек, Ата-баба шежіресінің «Тарих» аталатыны осы атамыздан қалған. Әрине, солай Ата шежіресі, қарашаңырақта сақталмай басқа жерде сақталуы мүмкін де емес қой.
    8. «Құпия шежіреде» көрсетілгендей Шыңғыс ханның билік басына келуіне елеулі еңбек сіңірген Құйылдыр ноян бастаған Маңғыт тайпасы, кейінгі Алтын Орда кезеңіндегі, осы Арал – Каспий аймағындағы Ноғайлардың (Қазақтардың М.Қ.) басын қосқан «Маңғыт үйі» осы Ман атамызға байланысты. Мына көрші елдің аты Түрікпен (Түрік-ман) болса, Жағалбайлының ұраны Манатау, он екі ата Жағалбайлы да Манатау, Ормантай аталары бар. Уақ руының екі тармағының бірі өз тегін Ерменнен (Ер Маннан) таратады. Қазақ елі ру, тайпаларының атауындағы «Т» жалғауы бар: Түркіт, Бауыт, Байауыт, Қоңырат, Керейіт, Келкіт, Меркіт, Қият, Якут, Бурят т.б. осы Маңғыт атауынан бастау алады.
    9. Ал, енді Ман атауын Манқұс (алып құс), Маңғыш (айдаһар, құбыжық) деген сөзден шықты дейтіндері ешқандай ақылға сыймайды. Бұны керісінше, бірінші Ман атамыздың атынан Манқыстау, одан осы жердегі алып айдаһар мен құс Манқұс аталыпты десек ақиқаты осы болар.
    10. Әлемнің көптеген елдерінің түсінігі бойынша Ман сөзі, ең алғашқы жаратушының жаратқан саналы тіршілік иесі Адам ата сияқты алғашқы адам деген мағына береді. Әлем картасында күні бүгінде түбірінде Ман деген сөз бар 513 топоним сақталған. Демек Ман атамыз да, бүкіл жер бетіндегі Ман аталған елдер де Манқыстаудан бастау алған.
    11. Адай шежіресінде Ман деген ру да бар. Адай – Келінберді – Мұңал – Жаулы – Жары – Жетімек – Ман.
    12. Ман алғашқы адамдар, Мұңал оның ұрпағы, кенжесі, қарашаңырағы. Себебі, Манның сөз түбірі «ан» пенде дегенді білдірсе, Мұңалдың сөз түбірі «ұң, ұңғы» өзек дегенді, оған «ал» жалғауы, жалғанып бұл жерде Мұңал атамыздың есімі «Алғашқы өзек» деген мағына беріп тұр. Маң, Мың, Мен, Мұң –бұлардың бәрі Ман атамыздың лақап аты. Бәрінің шығу тегі Ман атамыздың есімінің сөз түбірі «Ан» мен «Аң»-нан бастау алады.
    13. Ман атамыздың моласы Маңғыстаудың қара ойынан қырға шығатын жердегі «Қараған-Босаға» деген жердегі ернеуде. Ақтау – Бейнеу тас жолының бойында, қазіргі Сай Өтес станциясына жақын маңда. Атамыздың бейіті өте ескі, орнында тек қана үйінді қотыртастардың қалдығы жатыр. Бейіттің орналасқан жері де Ман Атамыздың алғашқы адам екендігіне куәлік бере алғандай. Себебі, бұдан ондаған мың жылдар бұрын Маңғыстаудың қара ойының суы тартылып, сол ернеуге алғашқы Ман аталарымыздың табанының тиюімен сәйкес келеді. Қазақтың түп атасы Әз әулиенің бейіті де осы маңға жақын, қыр үстінде. Адайлардың рулық қорымы Сейсем Ата да осы өңірде, Әз әулие мен екі арасы бес шақырым шамасында. Сейсем атаға зиярат етуің үшін, бірінші Әз әулиеге баруың керек. Бұл ежелден келе жатқан ұлы қағида, құдды бір, бір үйге барғаныңда алдымен сол үйдің үлкен атасына барып сәлемдескенің сияқты.
    14. Ендігі сөзді бар саналы өмірін туған елінің тарихына арнап, артына өшпес мұра қалдырып кеткен С.Қондыбай бауырымызға берейік: «Маңғыр немесе оған сырттай да болса ұқсас сөздерді тарихи құжаттардан кездестіруге болады. Мәселен, Қазақстан тарихының ортағасырлық қимақ, оғыз тайпалары жөніндегі тарауында былай делінген: қимақтардың кейбір топтары қыстауға Жайық пен Жем өзендері аралығындағы далаларға көшіп барса, ал жайлауын Ертіс маңында өткізген. Оғыздардың әлдебір бөлігі қыстауын Сырдарияның төменгі ағысы бойында, жайлауын Хасарлы маңылық далаларда өткізген. Әл-Бируни деген ортағасырлық автор оғыздардың қысқа таман Харезм шекарасына қарай жылжитынын хабарлай отырып, қимақтар еліндегі Манқур көлінің маңында көшіп жүретінінде айта кеткен (История Казахстана. 375-б; Абу-Райхан Бируни. Памятники минувших поколений. Ташкент. 1957. 211, 290-бб). Тек мұндағы Манқур көлін кітап құрастырушылар Ұлытау маңы (Орталық Қазақстан) болар деп шамалапты. Осы пікірді дәл деп айта алмаспыз, өйткені Әмірхан Балқыбектің Қазығұрт, топан су және жебірей інжілі деген мақаласында (Жас Алаш газеті. 2000. 17-тамыз) Қазығұрт тауының бір кездері Манкур деп аталғандығы атап көрсетіліпті. Ол Қазығұрт іргесіндегі Мансары тауы мен Мансары-әулиенің бар екендігін де айтады. Бұл Қазығұрт, сірә, - қазақ жеріндегі бүкіл Ман атаулының бастау алған қайнар-көзі, координаттар бастауы болып табылады. Міне нақ осы тұстан бүкіл ман атаулы өзінің тарихи-географиялық шеруін бастаған сыңайлы.
    Манқур-Қазығұрттан, оның іргесіндегі Мансарыдан басқа да мандарды іздеп сапарға шықсақ, бірінші болып қайда барып тоқтар едік? Әрине, бірінші болып Шымкенттің шығыс жағындағы Манкентке барар едік.
    Екінші бекет – Сыр бойындағы Баршынкент. Бұл – Қызылорда облысының Төменарық деген жерінде. Оны Көк кесене деп те атайды. Жергілікті қазақтар «Қызқала» деп атап кеткен тарихи нысанды Ә.Марғұлан оғыздардың Баршынкент – кәдімгі эпостық Алпамыс батырдың қалыңдығы болған Гүлбаршынның жұрты. Гүлбаршынның көне аты Бану-шешек, ал Бану сөзінің бастапқы аталуы Ману түрінде болғанын шамаласақ біздің жолымыздағы екінші Ман осы болмақ. Яғни, кесененің салыну уақыты оғыз-қыпшақ (Х1ғ) делінгенімен, сол өңірде кесене салынбастан бұрынғы ғасырларда да Бану (Ману) қыз туралы аңыз бен мифтің өмір сүргендігін жорамалдауға толық негіз бар.
    Үшінші бекет – Ақтөбе облысындағы Ырғыз өзені аңғарындағы Маны әулие. Жергілікті жұрт оны Мәні әулие немесе Мені әулие деп те атайды. Аңыздың бір нұсқасында Манының қазақ жігітіне ғашық болған қалмақ ханының қызы екендігі айтылады. Екеуі қашып келіп осы өзен жағасына келіп тоқтағанда қызды жолбарыс жарып өлтірсе керек. Ал екінші нұсқа да Маны – қыздың қалмаққа қарсы соғыста қаза тапқан жауынгер қыз екендігі айтылады. Екі нұсқа сарыны бір-біріне қарама-қарсы болғанымен, олардың ортақ тұсы – екеуінде де кейіпкердің қыз екендігі. Міне, осы Маны-қыздың мифтік-поэтикалық тұрғыда да алдыңғы Бану-шешекпен бір ортақ қайнардан шыққандығы көрініп тұр.
    Қазығұрт-Манкурдан басталып солтүстік-батысқа қарай жүрген із кесу Маны-әулиеге жеткен соң оңтүстік-батысқа қарай бұрылады. Ақтөбе облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі Шағырой жазығында Маныссай деген жер бар, оны – төртінші Ман деп атауға болады. Осы жерден Үстіртке қарай жүргенде қырдың солтүстік шетіндегі Мансуалмас деген жерге жетуге болады. Бұл – бесінші бекет. Үстірттің үстіне шыққан соң, Маңғыстауға қарай бұрылғанда Манашысайға жетуге болады. Бүгінгі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы осы бір жер мифтік-эпостық мандармен тығыз байланысты. Жыр желісі бойынша осы жерде Манашы батыр мен Орманбет би өлген, яғни осы көрсетілген екі есім де ман түбірі арқасында жасалған.
    Манашысайдан шығып, одан әрі Маңғыстаудың ойына қарай жүргендегі Үстірттен Маңғыстауға құлайтын жолдың аты Маната делінеді. Шыңның етегінде Ман атаның моласы тұр. Манашысай – алтыншы «ман» болса, Маната (Ман-ата) – жетінші. Құрманғазының – Айыр түйе – Маната күйіне негіз болған Манатамыз осы. Маната – Маңғыстау ойының бізге белгілі тарихы бар Маңғыстаудың соңғы 1100 жыл бойындағы қақпасы. Қай заманның көшпелісі болмасын, солтүстік-шығыс жақтан Маңғыстауды бетке алғанда осы Маната қақпасын айналып өте алмайтын болған.
    Одан әрі Маңғыстаудың ойындағы Отман тауы, бұл – сегізінші Ман. Ал, осы Манкур-Қазығұрттан басталып Маңғыр-Үстірт пен Маңғыстауға келіп тірелетін ман негізді маршруттарымыздың тарихи қисыны бар ма?
    Ман жұрты Маңғыстауға 900-жылдар қарсаңында печенег-қаңғарлардың соңғы легімен келуі де, не Х-ғғ дейін-ақ та баяғы қаңғар-қаңгюй жұртының құрамында осы түбекке қоныстануы да мүмкін. Қалай болғанда да тек 870-900-жж соңғы меже ретінде көрсетуге болады, ал Х-Х1 ғасырларда тарихи құжаттарда «Маңғышлак» деп кездесе бастайды.
    Міне, Отырар аймағынан Маңғыстау ауған осы «ман» жұрты Сыр бойына оғыздардың бастапқы топтары келгенге шейін қаңғар-печенегтер құрамындағы, ал оның алдында вар-дей булғарлар құрамындағы тайпалар болған деуге негіз бар. Оғыздардың Сырдария және Арал аймағына жетуі печенегтердің батысқа, хазарлар иелігіне қарай ығысуын тудырған. Олардың бір бөлігі Үстіртке, одан Маңғыстауға келген, сондай-ақ осы аймақтарда оғызданып кеткен де болар. Қырым цикліндегі Манашы (ман) мен Орманбет (ман), сондай-ақ Орманғали (ман, әлі) аттары да осы Ман немесе Манкур этнониміне байланысты. Бағзы Қаңға-Отырар-Қазығұрт аймағынан бастау алған миф пен эпос кешені батысқа қарай ығысып, Үстіртке (Маңғырға), одан Маңғыстауға жетіп тоқтаған. Үстірттегі Манашы сай мен осы жердегі Орманбет-Манашы эпостық оқиғасына карап ежелгі эпостық-мифтік кешеннің осы тұста пайыз тапқанын көруге болады. Нақ осы тұста Х1Ү ғасырдың аяғында бүгінгі қазақтың ноғайлы жырлары (Қырымның қырық батыры жырлары) бастау алған. Кем дегенде 1000 жылдық уақыттан соң (Ү-ХҮ ғғ) қайта тірілген ежелгі қаңғар-қазығұрттық жырдың жаңа тасқыны осы жерден басталған. Мыңдаған жылдар бойына сүрлеуін жоймаған рух сабақтастығы деген осы.
    Қазығұрт-Манкурдан бастау алған мифтік алғашқы адам – Манудың есімі Ү-Ү1 ғасырлардан кейін этнонимге айналса, Х ғасырдан кейін Маңғыстау деген топонимге айналды. Маңғыстаудың киелілігі, 360 әулиелілігінің де ең тереңгі қабаттары бес мың жылдық тарихы бар Қазығұрттан нәр алып отыр және оны тарихи маршрут арқылы көрсетуге болады» (Серікбол Қондыбай «Есен-Қазақ» Алматы-2002. «160-162 беттер).
    Келіңіз келтірілген деректерге сараптама жасап көрейік:
    - Келтірілген деректердегі барлық атаулардың сөз түбірі Ман. Бұлардың бәрі сол аталарымыздан қалған. Бұл атаулар сол Ман аталарымыздың лақап аты. Бүгінгіше айтқанда, авторлық құқық солардікі.
    - Қимақтар – Қидан, Қият, Қиян (Үш Қиян) бұлар Адайдың Мұңал аталығынан тарайды. Бүкіл жер бетіндегі ең терең екі ойпаттың бірі Қарақия (Маңғыстау облысы) ойпатының атауы осы аталарымыздан қалды. Ол жөнінде кейінірек тоқталатын боламыз.
    - Оғыздар – арғы тегі Тобыш Адайлардан тарайды. Қазақтың тоғыз санының авторы осылар. Тоғыз Тобыштың лақап аты. Тобыш пен тоғыздың алғашқы буындарының ұқсас және тоғыз санының сөз түбірі оғыз болатыны осы. Ол жайлы деректерді Тобыштар атты тарауда беретін боламыз.
    - Олардың бәрінің мекендері қазіргі қазақ даласы. Бұл жағдай қазақ қазақ болғалы солай. Әлем елдері тарихында бұл жерлерге менікі деп таласатын ешбір ел жоқ. Болуы да мүмкін емес.
    - Бану мен Манудың сөз түбірі бір болғандықтан бұл тұжырымға тоқтаймыз. Қазақта сөз түбірі жаңылыспайды. Оны тек мойындау керек. Бұл жайлы әлі алда талай деректер келтірілетін болады.
    - Шындығында, географиялық шеру Қазығұрттан емес, керісінше Маңғыстаудан басталады. Оған осы еңбекпен мұқият таныссаңыз көзіңіз толықтай жететін болады. Арғы жағын айтпағанның өзінде, көзге ұрып көрініп тұрған жағдай Манқур тауының Қазығұрт деп өзгертілуі, ал Маңғыстаудың күні бүгінде де Мандардың қыстауы деген ежелгі атауының сақталынып қалуы тек қана осыны білдіреді. Маңғыстаудағы атаулардың бәрі түп атаулар. Қазақтың «Қарға бойлы Қазтуған (Қазақтан туған Қазақ)» деген сөз тіркестеріндегі сол қара аталған қазақтардың түп атасының мекені Маңғыстауда Түпқараған (Қараған түп, Қараған түбек) деген атаумен бүгінгі күні де сақталып отыр. Және тағы бір аса көңіл аударатын жағдай Манқыстаудағы Ман атадан басқа өңірлердегі Ман түбірі бар атаулардың барлығының алды-артына жұрнақ пен жалғау жалғанады. Мысалы, Манқур, Мансары, Маны, Манашы, Орман, Орманғали, Отман, Бекман, Орманбет т.т. Ең негізгі, ешкімді ешқандай дау-дамайға жібермейтін басты дәлеліміз Ман атамыздың моласы Маңғыстауда. Әлемнің Маңғыстаудан өзге жерінде Ман атамыздың моласы бар деген дерек жоқ.
    - Мансары да, Манкент те, Мәні әулие де бастапқы нүкте бола алмайды, себебі олардың алдында, бәрінің бастау алатын Ман атасы бар. Ман атаның бейіті Маңғыстауда екенін жоғарыда айттық. Мансары да, Мәні де, тіпті барлық осы Ман атамызға байланысты атау сөзінің түбірінде Ан (Ман) түбірі барлардың бәрі Ман ата ұрпақтары. Манкентті салған солар. Ең алғашқы кенттің авторлары да Маңғыстауда. Ол атамыздың моласы күні бүгінде де Кенті баба деп аталады. Бейіті Таушық кентінен Кетікке қарай теңіз жағасымен 30-35 км жерде.
    - Қазығұртта бастау бола алмайды. Себебі, Қазығұрттың алдында Қаздың түп атауы Әз (Аз) әулие атамыз бар. Әз әулиенің де бейіті Маңғыстауда.
    - Қаңғар-Қаңғюй жұрты да өз бастауын Ман атамыздан, Маңғыстаудан алады. Оған ан (аң) деген сөз түбірі толықтай дәлел бола алады. Еске ұстайық, сөз түбірі жаңылыспайды.
    - Маңғыстаудағы Ман атамыздың өмір сүрген кезеңін Адай шежірелерінде айтылғандай 70 000 жылға ары қарай ысырғанымыз дұрыс.
    Қорытынды: Ман (Адам) ата миф, аңыз, ертегі емес, олар осы Манқыстауда өмір кешкен, яғни бәріміздің түп атамыз. Бұны мойындамағанымыз, бәріміздің «тегін білмейтін тексізге» айналғанымыз болып табылады.
    14. Манның сөз түбірі «Ан», сонда Қазақ шежіресіндегі Анес (Ан Ас) бабамыз осы кісі. Ан атасы, Ас баласы. Әйгілі Қожа Ахмет бабамыздың тегінің Иасы (Яссауи) деп айтылатыны осыдан. Демек, қазіргі тарихшылардың Қожа Ахметтің тегі ретінде жазылатын Иассауи-ді, Яссы қаласының тұрғыны деп түсіндіретіндері түп-тамырымен қате. Қаланың атының өзі осы Ас (Иасы) атамыздың есімі. Аспан (Ас Ман) сөзінің мағынасы да осы. Алдыңғы Ан Ас (Әнес) та, атасының аты бірінші, баласының есімі екінші болып, дүниеге келу ретімен берілсе, екіншісін де Аспан, Ас Манұлы деген ұғым береді. Сонда күні бүгінгі қолданыстағы «көк аспан» деген ұғымымыздың да, соған сәйкес ас (тағам), бас, дастархан деген ұғымдардың дүниеге келу төркіні осы. Ата-бабаларымыздың құрметті қонағына бас тартып, астан, дастарханнан (ақ дәмнен) ұлы жоқ деп айтылып та, жазылып та келе жатқанын бүкіл әлем білсе керек.
    Бүкіл әлемге билігі мен ықпалы жүрген ұлы Шыңғыс қаған бабамыздың заңдар жинағының Шыңғысхан иасысы (Ясы Шыңғысхана) деп аталатынының да сыры осы.
    Астың атасы нан, бұл атаудың негізі Ман, яғни «Нан» Ман атамыздың лақап аты. Ал, бидайымыз Би Адай, яғни ең алғаш бидай еккен атамыз осы кісілер, сондықтан бұл сөз астықтың атасы дегенді білдіріп тұр. Демек, алғаш рет бидай егіп, одан нан пісірген біздің аталарымыз. Оны нан пісіретін пештің Тандыр (сөз түбірі «ан») дейтіндерінен де көруге болады. Ал, тандыр сөзінің негізгі мағынасы бізді адамзат баласы тіршілігінің бастау алған кезеңіне сүйрейді. Себебі, Таң (н) жарық күннің басталу, ал «Ыр» адам баласының «Ырға» тілі келіп сөйлей бастаған кезеңі. Жырдың сөз түбірінің «ыр» болатыны осы. Бұл олардың «авторлық» құқығы. Оны тартып ала алмайсың.
    «Ман» дегеніміз «Ма» сөзіне - «ан» жалғаулығы қосылған таза қазақ сөзі. Сонда «Ан» атамыздың аты да, осы «Ан»-ға «А» әрібін жалғасақ «Ана» болып шығады. Бұған дәлел ретінде айтарым: Қазақта ел билеушісін тек қана «М» әрібін өзгертіп «Хан»; ал әлемді, яғни бірнеше хан басқарған елдерді билеген ұлы билеушіні «Қаған»; елді Қыз – Қызан; Қаз - Қазан; Қан – Қаңлы; Тұр - Тұран; Ал - Алан, Алман, Алшын; Қият – Қиан, Қидан; Абақ – Абақан; Абат – Абадан, Түрік – Түрікман, Найман, Албан, Жапан, Отан, Оман, Иран т.б. болып жалғасып кете береді. Қалай болғанда да Адам мен Манның біреуінің лақап ат екені сөзсіз. Ал, қайсысы шын, қайсысы лақап дегенге келсек, атамыздың шын аты Ман, ал Адам Сафиолла оның лақап аты. Себебі, ескі жыр, шежіре-дастандарда Адам Сафиолла атамыздың лақап есімі деп айтылады. Оған дәлел Адам деген сөздің түбірі Ад (Ат), Ада (Ата), Адам (Атам, менің Атам) деп ұрпақ аузымен айтылатын сөзден шығуы.
    Ал, Ман сөзіне келсек, осы сөзден адамның жеке қара басына және ел, жұрт, яғни бүгінгі тілмен айтқанда мемлекетке қатысты төмендегідей сөздер жасалған: Жан – адам жаны, рухы; Қан – адамды қозғаушы күш; Тән – адамның денесі, Сан, табан – адам денесінің мүшелері; Иман – сенім; Имам – дінбасы; Нан – адам азығының ең қастерлісі; Хан, Қаған – билеуші, лауазым; Ұлан (Оғлан) - ұл, Қыран – құс, Атан – түйе, Жылан, Ұран, Құран, Таң, Күн, Түн, Аспан, Тан (Таң), Сан, Тандыр, Ана, Пана, Сана т.т. Ман атамыздың Адам ата екендігінің тағы бір бұлтартпас дәлелі «Ман» сөзіндегі «н» жалғауы «ұлы», «баласы» деген де ұғым береді. Күні бүгіндегі «ов», «ев», «ова», «ева»-лардың (Адам и Ева) орнына Сарин – Сарының баласы, Алтынсарин – Алтынсарының баласы, Нұралин, Нұртазин, Майлин, Мамин деп қолданып жүрміз. Енді осылардың үстіне «Мен» деген сөздің де Ман атамыздың атынан шыққанын қосыңыз. Егер біздің тегіміз Ман болмаса бұлай деп аталмаған болар едік.
    Енді Манның алғашқы буыны Ма-ға келер болсақ: Мақсат, Мақал, Мақтау, Мата, Маң, Маңдай, Маржан, Мазар, Май, Мамыр, Майлық, Мал, Мамық, Мамыражай, Маман, Мама, Мат, Мата, Матай, Мас, Масыл т.т. болып жалғасып кете береді. Мына көрші орыстардың да Мамасы мен Мат деген ұғымдарының бастау алатын жері осы.
    Манның сөз түбірі «Ан» - ның пенде, тірі жан, яғни санасы толық жетіспеген дегенді білдіретін де мағынасы бар екенін жоғары да айттық. Бұған қазақтың Ан мен Аңы дәлел. Осыған сәйкес «Ан», «Аң» түбірінен Ана, Анам (анам менің), Анда, Аңшы, Аңқау, Аңсау, Аңдау, Аңдамау т.т. мағыналары осыған жақын сөздер туындаған. Демек, Ман атауы таза қазақ сөзі. Демек, алғашқы адамдар біз сөйлеп жүрген тілде сөйлеген.
    Дәлел ме? Тыңдап көріңіз:
    - Адам таза қазақ сөзі. Бұл дауға жатпауға тиіс. Біздер бұл сөз таза қазақ сөзі болғандықтан ғана бір-бірімізді Адам (Атам менің) дейміз. Әйтпесе, біздерде өзге елдер сияқты, мысалы, мына көрші орыстар сияқты «человек» немесе «люди» деген болар едік.
    - Атам Қазақ өз тілдерін өзге елдер сияқты туысқан (родной) деп атамай, «Ана тілі» дегенде бұл менің шешемнің тілі деп отырған жоқ. Шеше жұрттың бәрінде де бар. Бұл сөз қазақ тілі бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз.
    - Бүкіл әлемдегі сөйлеген сөзіне біздер түсіне алмайтын, бізге ең алыс елдердің де 30% сөз түбірі қазақтың сөздерінің сөз түбірімен сәйкес келеді. Мағыналары да тура біздікіндей, немесе соған жақын. Бұл тіл ғылымында толықтай мойындалған. Демек, бүкіл әлем елдерінің тілі өз бастауын қазақтың ана тілінен алады.
    - Адай шежіресі Адам ата мен бүгінгі ұрпақтың арасын 70 000 жыл деп көрсетеді. Сондықтан, бүкіл әлемде қазақтың ана тілінен бай тіл жоқ. 1980 жылдары әлем елдері өздерінің сөздіқ қорының құрамын санағанда ағылшындар 250 000, қытайлар 500 000, ал қазақтардың сөздік қоры 20 000 000 асқан. Ғұмыры ұзақ елдің тілі ғана осыншама бай болатыны ешкімге де дау туғызбаса керек.
    - Қазақтың тіл байлығының өзге елдермен салыстырғанда тағы бір ерекше көрсеткіші сөз құрамындағы дыбыстардың өте көптігі және бірнеше сөздердің бірігіп бір сөз құралуы. Мысалы, қазақта он, жиырма, тіпті отыздан аса дыбыстардан тұратын сөздер бар.
    - Сөздік қордың байлығының бірден-бір басты дәлелі, қазақтың ақын жанды халық екендігі және бізде ақындар айтысының ең жоғарғы деңгейде дамығаны болып табылады. Жер бетінде қазақтан өзге дәл біздегідей тілі мен айтыс өнері дамыған ел жоқ.
    - Ең бірінші Адам ата мен Ауа ананың тілі шықты. Адай Адам атаның қарашаңырағының иесі. Адайлардың «Тіл таңбалы Адайлар» делінетінінің сыры осы. Адайдың «Тіл таңбасы» ежелде бүкіл Қазақ (Түрік) қағанаттарының бас таңбасы (гербі) болған.
    - Каспий (Қас би) Қазақ - Адайлардың лақап аты. Ең бірінші тілі шыққан елдің Қас би атанбай басқаша аталуы мүмкін де емес қой.
    - Тілдің сөз түбірі «іл» - ілкі (алғашқы) төр дейтініміз осы. Адам-адам болғалы бергі 70 000 жылғы шежіре-тарихтың кілті Қазақтың ана тілінде. Кілт пен тілдің түбірлес болатыны да осыдан. Қазақтың ана тілін жоғалтып алсақ, сонымен бірге әлемнің шежіре-тарихын да бірге жоғалтамыз.
    - Адам ата мен Ауа ана бүгінгі біз сөйлеп жүрген қазақ тілінде сөйлеген.
    Егер де жер бетінен қазақ тілі жойылар болса бүкіл адамзат баласы тарихынан айрылып, шын мәңгүртке айналады. Аталарымыз «ақырзаман» деп осыны айтқан. Бүкіл адамзат баласы Атам заманның (Аталар заманының) ақырына, яғни Ақырзаманға таяп келеміз. Ата салтын ұстанған қазақ халқы Ақырзаманды алыстатуға жанын салса, бүгінгі орыс тілді билік соны тезірек жақындатуға барынша тырысып бағуда. Олардың басым көпшілігі Елбасымыздың жиырма жылдан астам уақыттан бері сан мәрте қайталап келе жатқан «Екі қазақ бір-біріңмен қазақша сөйлесіңдер» деген тапсырмасын орындап жүрген жоқ. Бір таң қаларлығы, орындамай жүргендер қара халық емес. Біздер және біз қатарлылар Елбасымыздың бұл тапсырмасын ең алғаш айтқанда ақ орындағанбыз. Орындамайтындар тек қана биліктің айналасында жүргендер. Бұл не сонда, бүкіл қазақ қолдап отырған Елбасымыздың тапсырмасын орындамау, ел билігінің тұтқасын ұстағандардың жетесіздігінен бе, әлде олардың еш қайсысы қазақ емес пе, әлде мұнда біз білмейтін тағы да басқадай сыр бар ма?
    Тарих тағлымы: Қазақ тарихында қазақ хандары мен қағандарының айтқандары екі етілмеген. Олардың қай-қайсысы да берген тапсырма-бұйрықтарын орындамаған билік иелерін қатаң жазалаған..., екінші қайта билікке жолатпаған.
    «Маңғыстау түбегі өзінің төл мәдениетімен, оның тұрғындары жанкешті ерлігімен бұл өлкені қаймана қазақтың құлағы елеңдер аңызды өлкеге айналдырды. Шынында да, Маңғыстау қыртысы сөгілмей, бар сырын бүк түсіп бауырына басып жатқан ұлы тарихи өлке. Маңғыстауды – мың қыстақ, малға жайлы мал қыстап шығатын өлке деп көп жаздық. Біздіңше, ман түбірі әріге сілтейтін ұғым. Бұл б.ж.б. үш мың жылдықта қазақ топырағында жасаған арийлерден қалған жұқана. Арийлердің Ман атты рулық тармағы болған. Кейін олар Иранға ауысып Манней қауымдастығын құрған. Осы қауымның кейінгі сілемдері Иран мен Түркияда отырған герман тайпалары. Сонда Маңғыстау – ман жұртының қыстағы деген ұғым боп шығады. Сондай-ақ Сам атауы да көне ұғым. Бұл үнді арийлерінің Күн құдайының аты. Ал б.ж.б. 1Х ғасырдан бастап Маңғыстау өлкесі сармат мәдениетінің ту тіккен аймағы болды. Қару-жарақты, өте бойшаң балбалдар сол сарматтардан қалған мұра. Сарматтар таза парсылар еді деген дәлелденбеген біржақты ұғым. Бұл қауым ғұн, түркі әлемімен мидай араласып, солардың атын шығаруға ат салысқан. Ас, аш, аз, азық, азақ аттары осы жұрттың руларымен байланысты атаулар. Осылардың бір тармағы ашөйдалар түркі қағандығының аналық тақтасын құраған» (Ә.Спан, М.Абылхан «Ермембет би» Астана-2003. 6 бет).
    Негізгі деректерінің бәрі дұрыс. Қосарымыз Манды Арийлерден таратпай, ең арғы «Түпке», ең ілкі төрге қарай ысыруға тиіспіз. Бүткіл жер бетіндегі саналы Адам баласы және оның мәдениеті осы Манқыстаудан бастау алады. Ман атамыз, ал Адай олардың қарашаңырағының иелері.
    Жер бетіндегі бүкіл адамзат баласы Аллатағаланың алғашқы жаратқан саналы тіршілік иесін «Адам» және «Ман» деп тек қана екі есіммен және сонымен қатар ең алғашқы елді, яғни мемлекетті Қаз деп атайды. Осы үш есімнің үшеуі де Манқыстауда дүниеге келген. Адам атамыздың атын (қарашаңырағын) Адай ұстап отырса, Ман атамыздың атын Манқыстау ұстап отыр. Адам атамыздың да, сонымен қатар бүгінгі күнге қазақ деген атпен жеткен, осы елдің

    • #35
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 27/09/2016 - 8:50

    Адам атамыздың да, сонымен қатар бүгінгі күнге қазақ деген атпен жеткен, осы елдің түп атасы ӘЗ әулие атамыздың моласы да осы Манқыстауда. Сондықтанда, ол басын ӘЗ әулие бастаған, 360 әулиелі, киелі Маңғыстау деп аталады.
    Кез-келген дүниенің, құбылыстың бастау алатын «нүктесі» бар. Мысалы, өзен, көл, теңіз, мұхит, құдықтың, сонымен қатар кез-келген іші қуыс ыдыс атаулының түбі болатыны сияқты, тірі жан иелерінің (он сегіз мың ғалам), оның ішіндегі адам баласының да түп аталары бар. Соған сәйкес сол құбылыстарға қойылған атаулардың да. Ол сөз түбірі деп аталады. Сөз түбірі жаңылыспайды. Оны тек мойындау керек. Түп атамыз Ман-Адам, соған сәйкес түп нүктеміз Маңғыстау болып табылады.
    Атам Қазақ тарихын бір ауыз сөзбен жазған. Бір ауыз сөзге тоқтаған. Екі сөйлемеген. Мақал: «Ердің екі сөйлегені, өлгені».
    Міне осылайша, Адам ата мен Ман атаның екеуінің де мағынасы бірдей. Алла тағаланың алғашқы жаратқан саналы тіршілік иесі дегенді білдіреді. Сонда, Манқыстаудағы Ман атамыздың моласы Адам атамыздың жерленген жері болып шығады. Міне біздің аталарымыз тарихты осылай жазған.
    Құрметті оқырман қауым! Бұл еңбекті оқып түсінуің үшін, сенде де бір ауыз сөзді түсінетін, бір ауыз сөзге тоқтайтын қазақи сана болуы шарт. Ондай санаң болмаса, бұл еңбектен бірдеңе түсінемін деп әлекке қалмағаның дұрыс.
    Киелі Маңғыстау. Ауызша да, жазбаша да Манқыстау жайлы деректердің бәрінде де Киелі (сөз түбірі ие мен кие) деген сөз қосылып айтылады. Ежелгі жыр-шежірелердің бәрінде де Манқыстау жері ежелгі адамдар, яғни түп аталарымыз мекендеген «киелі мекен» делінеді. Оған Манқыстаудың барлық топономикалық атаулары, жер құрылымы, тауы, тасы, сол таулардағы күні бүгінге дейін сақталған, ежелгі адамдар мекендеген үңгірлер куә.
    Киенің сөз түбірі – Ие. Демек, бұл бүткіл жер бетіндегі ел мен жұрттардың иесі Адам ата мен Ауа ана және солардың қарашаңырағының иелері деген сөз. Бұл ұғымды дүниеге әкелгендердің қарашаңырағының иелері Кияндар (олар тарихта Қият, Қидан, Қимақ қағанаты т.т. аталып келеді). Қарақия (Қарагие), (Маңғыстау), «Үш Қиян» (Еділ, Жайық, Маңғыстау), Хиуа (Өзбекстан), Қира тауы (Арабия), Хиросима (Жапония), бүткіл жер бетіндегі Ки (Хи) деген сөз түбірі бар ел-жұрт пен топономикалық атаулардың барлығы осылардан қалған.
    «Маңғыстау Машайықтың басқан жері
    Қасиет-кереметі тасқан жері.
    Жер жүзін желмаямен жеті айналып,
    Ауғанға Асан бидің асқан жері...
    ...Маңғыстау Машайықтың жатқан жері,
    Ашылған абыройын жапқан жері.
    Қаратау қақ ортасы қасиетті,
    Басына Отпан таудың шығып алып
    Адайым Ұран-отын жаққан жері!
    ...Маңғыстау – Машайықтың жатқан жері,
    Ағарып атқан таңның атқан жері» (Түмен Балтабасұлы «Маңғыстау»).
    «Машайық жатқан Маңғыстау
    Атқан таңы арайлы» (Ә.Қонарбаев «Түмен Балтабасұлы» Алматы 2009 114 бет).
    «Маңғыстау сонадайдан тозаңытқан...
    Жүрегін талай ердің қобалжытқан...» (Халық жырынан) Ол замандардағы «Тегін білетін текті, жеті аталарын білетін жетелі» ұрпақ түгілі, күні бүгінде де 360 әулиелі киелі Манқыстауға аяқ басқан жандардың жүректері дірілдейтінін көріп жүрген жоқпыз ба?
    «Ашылған абыройын жапқан жері» демекші, Адам баласының ең алғашқы алды мен артына жапырақ байлаған жері Маңғыстауда күні бүгінде де «Жапырақты», алғашқы етік тігілген жер «Кетік», бас киім тігілген жер «Төңірекшың», қойдың жүнінен алғашқы Шапан тігілген жер «Апажар» (алғашқы шапанды тіккен Апа мен жарың емес пе?) деп аталса, бәрінің жалпы киім деген атауын дүниеге әкелгендер Адай ата ұрпағы осы Қияндар болып табылады. Демек, барлық киім атаулының авторы осы Қиян, Қият, Қимак, Қидан атанғандар. Сөз түбірі жаңылыспайды.
    Шыңғысханның шыққан тегі жер бетіндегі барлық тарихи деректерде түріктің ежелгі Қият руынан шыққан деп толықтай мойындалған. Адайдың шежіре дерегінше Қияттарды Адайдың Мұңалынан таратады.
    «Ол ХҮ111 ғасырдың аяғы Х1Х басында Маңғыстау бойын зерттеген француз тау-кен академиясының белгілі ғалымы, геолог Д.Аббат деген кісінің: «Мен жер шарындағы ең биік тауды таптым» деген сүйінші жазбасы екен. Ол «Маңғыстау мегаантиклиналы» деп атаған орталық Қаратаудың бетіне жердің ең терең қабатындағы жыныстарының шығып жатқанын айтқан екен. Басқа биік деп жүрген тауларда мұндай құбылыс еш уақытта кездескен емес. Оның мега-аса зор, антиклиналь-дөңес деп жүргені осы болатын. Тергеу алғашқы курстарда оқып жүргенде профессорлар Г.Ц.Медоев, И.И.Бок жалпы геологиядан оқыған лекцияларында Маңғыстаудың геологиялық құрылыстарына жиі-жиі тоқталатыны тегіннен-тегін емес екен.
    Мәселен, Қаратаудың екі бетіне кей ретте теп-тегіс жерде де әр түрлі формада, бірақ домалақ диаметрі 1-2 метрдей конкрециялардың (қойтастардың) жердің ең тереңінен шыққан тау жыныстары деген тұжырымдары да еске түсетін. Сонда Таушық бағытынан Үстірт дөңіне дейін созылып жататын бұл Қаратаудың биіктігі осыдан миллиондаған жыл бұрын 10-15 километр шамасында болған.
    Жер асты (мұнай, газ) байлықтарының көптеп кездесуі тау жыныс сүзбелері неғұрлым қалыңдығына орай болады деген де тұжырымдар ғылымда кездескен. Айтқандай, сол бір биік таудың әсіресе оңтүстік ойпаты дүниедегі ең терең ойпат (Қарақия М.Қ.) екені айдан анық дәлелдеген» (Айтуар Өтегенов «Тергеу Айдарханов» Алматы 2011ж. 27 бет).
    Осы айтылғандардың ақиқаттығын ешқандай дау-дамайға жібермейтін айғақты дерек, қазіргі Арал-Каспий аймағына кіретін Манқыстауда Сыр бойы (Түркістан) аймағындағы Қаратау мен аттас Қаратау деген тау Манқыстауда да бар. Ташкенттің дәл жанында, Шымкентке баратын жолдың бойында Қарақамыс деген жер бар. Қазақ халқының атақты биі Төле би Әлібекұлы осы жерді мекендеген. Моласы да осы жерде. Ақтөбе облысының Мұңал-Жары, Темір аудандарының аймағы да Қарақамыс деп аталады. Сыр өңірінде Арыс атты өзен мен Арыс атты қала болса Ақтөбе облысының Байғанин ауданы жерінде Арыс әулие қауымы, Манқыстауда Жетыбай атты жер мен елді мекен болса Нарын құмында да (Атырау облысы) Жетыбай атты микротопоним бар. Түркістан, Созақ өңірінде «Жапырақты» деген жер болса, Манқыстаудағы Қаратау сілемдерінің екі биік Шерқала, Айрақты тауының қасында Жапырақты атты тау мен қазіргі Ресей жеріндегі Танау (Обь) өзенінің жағасында Шерқала атты елді мекен бар. Сол сияқты Сыр өңірі Түркістан-Қаратау аймағындағы Баба Түкті Шашты әзізбен аттас әулие Манқыстаудың Сазды-Үштаған жерінде, Түркістан аймағындағы Қошқар ата мен манқыстаулық Қошқар ата, түркістандық Шопан –ата мен манқыстаулық Шопан-ата, түркістандық Құсшы әулие мен манқыстаулық Құсшы ата, түркістандық Шақпақ-ата мен манқыстаулық Шақпақ-ата, Түркістандық Түлкібас пен Манқыстаулық Түлкілі сай, Түркістандық Адам ата мен Манқыстаулық Ман ата, түркістандық Баба Түкті, Шашты ана, Түкті аталар мен ақтөбелік Алып ана, Түкті аталардың бірін-бірі қайталап тұруы, осы есімдерді қойғандар бір атаның, бір елдің ұрпақтары екендігі ешқандай дау туғызбаса керек. ...Адайлар «Мұңал ошақты» Қазығұрт тауының оңтүстігінде күні бүгінге дейін сақтаулы деседі... Десе дегендей, қазіргі Оңтүстік Қазақстандағы Қазығұрт өңірі бір кездері Манқыр деп аталыпты. Осы Қазығұрт іргесінде Мансары тауы мен Мансары атты әулие бар. Сол аймақта Шымкенттің шығыс жағында Манкент деген елді мекен күні бүгінде де бар. Енді біз осы Мандарды ары қарай іздейтін болсақ, әрине Каспий-Арал өңіріне тап боламыз. Олар – Ақтөбе облысының Ырғыз өзені аңғарындағы Маны әулие, осы облыстың оңтүстік-батыс бөлігіндегі Шағырой жазығындағы Маныссай, Үстірттегі Манашысай, Үстірттен Маңғыстауға құлайтын жол Маната деп аталады. Сол жерде Ман атаның моласы бар. Одан ары Манқыстаудың ойы, оның қақ төрінде Отман тауы бар. Айтпақшы, осы аймақтағы Үстірттің де (қырдың), Манқыстаудағы Қаратаудың да бұрынғы атауы Маңғыр болған.
    «Барысымды сұрасаң,
    Маңғырдың қырын жайлаған
    Көп қалмақтың елі еді.
    Етегінде аққан су
    Малға жайлы дер еді.
    Бұл қырымдық циклдегі Әмет батыр жырынан алынған үзінді. Бұдан басқа «Маңғыр» деген жер-су аты қырымдық эпикалық циклдегі Шора батыр жырында кездеседі.
    Қапталында бар еді
    Көлденең жатқан Қаратау.
    Қаратаудың басында
    Ол Маңғыр деген тау еді,
    Таудың аты сол еді...
    Тауға шығып батырлар
    Бүл не қара деп қарады.
    Ол қараға көз салса,
    Шыққан әскер сол екен.
    Баралық жауға кел деді.
    Маңғырлардың тауынан
    Екі батыр құлап жөнелді. Осы топонимді бүгінгі Отпан (Отман) тауының көне аттарының бірі деп шамалауға болар». (Серікбол Қондыбаев «Есен Қазақ» 159 бет). Маңғыстаудың ең биік шыңдарының бірі неге Отман деп аталады деген сұраққа жауап іздер болсақ, біріншісі, ол атау «Маңғыстау түбегінің биіктігі жағынан екінші, бірақ ел аузында «бірінші биіктік» деп есептелетін Отпан (Отман, Утман 532м) тауының атымен Один (Вотан) тәңір есімін салыстырып көрудің реті келеді» (С.Қондыбаев «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» 55 бет). Екіншісі, Алаштың атасы Алау батырдың атынан шыққан деп тұжырымдауға болар. Үшіншісі, ата-бабаларымыздың ежелде отқа, күнге, табынғандығының киелі Манқыстаудағы тасқа жазылған тарихы. Демек, әлемге аты әйгілі Күндер (Ғұндар) өз тарихи бастауын осы Манқыстаудағы Отман тауынан алады. Сол сияқты қазақтың әрбір азаматы өз ошағындағы отты сөндірмей, көзінің қарашығындай сақтап қорғауға міндетті от жағушы От анасы (әйел), Отан деген ұғымдар да осы сөзден бастау алады. Себебі, Күн де, От та, Алау да бір-біріне жақын ұғымдар. Бірақ, үшеуі де шындықтан алшақ кетпейді. Себебі, осы болжамның үшеуініңде бір қайнардан шыққаны сөзсіз. Алау демекші, Кіші Қап тауында (Осетия) Алау жер атты қала, Қазбек тауы, Каспи, Қазақ елді мекендері бар.
    Осылайша, бүкіл қазақтың (Адамның) тегін Манқыстаудан шығаратын болсақ, осы өңірде Алаш (Алшын) атадан да бір із қалуға тиіс емес пе?! Ондай жер Манқыстаудың оңтүстік өңірінде, Қақпақты дөңіндегі аты аңызға айналған Көкбөрі. Шамамен Темір бабадан Бекдаш бағытына жүргенде 95-100 км жерде. Одан әрірек 5-6 км жерде Ожабай батырдың бейіті бар. Қазіргі уақытта көптеген зерттеушілер Көкбөріні де, Ожабайды да тек қана түрікпенге теліп жүр. Екеуі де қате тұжырым. Ожабай батырдың тегі Адай екендігі ешқандай дауға жатпайды. Себебі, атаның басындағы құлпытаста Адайдың тіл таңбасы тұр. Ал, Көкбөріге келсек, ол жерде ешқандай әулие қорым жоқ. Жол жиегіне жақын бір төбенің үстінде қотыр тас үйіндісі бар. Сондықтан бұл жерді күні кешегі түрікпен батырына телігеннен көрі Алшын атамыздікі дегеніміз дұрыс. Себебі, Көкбөрі Алшын атамыздың лақап аты екендігі баршаға белгілі емес пе?!.
    Бұл өңірде, яғни атап айтқанда ежелгі қазақ жерінде, қазіргі Манқыстау мен Түрікпен елінің шекара аймағында бұлай тұжырым жасауымызға себеп болған өзге де топономикалық атаулар жеткілікті. Теңіз жағасында әулие Темір баба, Ада (Ата) атты арал, Ар жазығы, Балқан тауы мен Шағадам (қазіргі Красноводск) атты елді мекен (қазіргі бала-шаға, ата, адам дейтініміздің топономикалық айғақтамасы осы), Қазаншық атты алқап пен елді мекен (меніңше Қазан (қ) деп аты айтып тұрғандай бұған комментарий керек емес), Одан ары Теңге, Ескі Өзен, Қызыл сай, Сенек, Сұмса, Шопан ата, Оғланды тауы мен Оғланды кесенесі бар. Теңге, Өзен, Қызыл сай, Оғыланды, Шопан атаға тоқталмаймыз, оларға түсінік бұл еңбектің басқа жерінде жасалған. Бұл атаулардың ішінде қазіргі ұрпақтың мән-мағынасына түсіне алмай жүрген атауы «Сұмса» мен «Сенек». Қазақта Сұлу, Сұқсыр, Сұмса деп өте әдемі, ару, жас әйел баласын айтады. Ал «Сұмса» сөзінің тікелей мағынасы әлі бала тумаған жас келіншек. Қазақта осыған сәйкес тумаған түйені де «Тұмса» деп атайды. Ал, Сенекке келсек, Сенек елді мекені Оғыланды (алқап, тау, қорым) мен Темір бабаның орта жерінде орналасқан. Демек, Сенек сөзінің мағынасын осы аймақтағы атаулармен бірлікте, бір сөйлемнің құрамындағы сөз деп есептеп, негізін осы сөздің өзінен іздеуіміз керек. Сенектің сөз түбірі «Ен» (ашығын айтқанда бүгінгі ғылымның дәлелдеуінше ішіне сан миллиондаған жасушалар орналасқан аталық мүше), осыған сәйкес «Ен» сөзі ен дала, кең дала деген мағынада қолданылады. Ал екінші түбір «Ене», ана деген мағына беріп тұр. Енге жалғанған етістік, ек пен егуге келсек, бұл жерде бүкіл тіршілік иесіне тән ұрпақ әкелу, яғни көбею, осыған сәйкес органикалық: арпа, бидай, тары, әр түрлі жеміс ағаштары т.б. сияқты өсімдіктерді егіп, көбейту болып шығады. «Сен» деген сөзге түсінік берудің қажеті болмас, мағынасы бес жасар балаға да белгілі. Сонда, «Сен ек» дегеніміз ата-бабаларымыздың бізге, яғни өз ұрпақтарына дүниеге ұрпақ әкеліңдер, көбейіңдер деп тікелей берген тапсырмасы, аманаты болып табылады. Көбейгенде де қалай болса, солай емес «некеге» (н-ек-е) отыруды міндеттеген. Неке сөзіндегі сөз түбірінің «ек» (еке, әке) екеніне көңіл аударыңыз. Сондықтанда бүкіл қазақ Аллатағаланың жаратқан табиғи болмысына, яғни әйел адамның жатырының кіреберісіне сәйкес өз үйлерінің кіре берістегі ауызғы бөлмесінде, яғни бүгінгіше айтқанда коридорды да Сенек деп атаған. Осылайша, қазақтың Сенек деген сөзі өз бастауын Манқыстаудағы осы Сенектен алады. Бір қызығы осы Сенек деген жердің өзі де (егер біз Манқыстауды көз алдымызға Қыстау үй деп елестетсек) ауызғы бөлмеден аумайды. Сенек жерінің Манқыстау жақ беті тау болса, Бесқала (қазіргі Түрікменістан) жақ беті Сенек құмымен жалғасып жатыр. Екі ортада ені бес шақырым, ұзындығы 20 шақырымдай еккен егініңнің бәрі шығатындай құнарлы жер Сенек деп аталады. Әрине бұл атаудың жалғыз өзін бөліп алып зерделегенде, шынында да мағынасын түсіну қиын. Ал қасындағы Ада (Ата), Сұмса, Сенек, Бала (Балқан), Шаға, Адам (Шағадам) деген атауларды және Оғыланды, Шопан ата қауымдарының басындағы тастан жасалған аталық белгілерді қосқанда, олардың тұтас бір сөйлемді құрап, өз ұрпақтарына жеті атадан асқан екі (бұнда да сөз түбірі «ек») жас (сөз түбірі «Ас», Алшын атамыздың лақап аты) бір-біріңмен некеге отырып, жұбай ( жұп (екеу)-ай) болып, дүниеге ұрпақ әкеліңдер, өсіңдер, өніңдер, саналы ұрпақ тәрбиелеңдер деп тұрғанын түсінуге болса керек. Демек, адам атаның екі ұрпағы ерлер мен әйел баласының, яғни жас жұбайлардың ең алғаш некеге отырып, отау тіккен жері осы Манқыстау болып табылады.
    Сенек - Ен, Ене, Сен, Ек, Енек, Сенек деген біріккен сөздерден тұрады. Бұл жерде айрықша тоқталып кететін жағдай «Сенек» сөзінің толық мағынасын «Садақ» пен салыстыра зерттегенде ғана толық түсіне аламыз. Өздеріңіз көріп отырғандай С-ада-қ, С-ене-к. Екі сөздің негізгі түбірлері Ата мен Ене, ал сырты ( яғни алды мен мен соңындағы екі дыбыс Сақ дегенді білдіреді. Міне аталарымыз тарихты осылай жазған. Сөз түсінген адамға бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?!
    Қазығұрт тауының ежелгі атауларының тағы бірі Айыртау. Осы Айыртау Манқыстауда Айрақты деп аталады. Айрақты деген тау Үлкен Манқыстауда екі жерде бар, бірі – Манқыстау түбегінің өзінде, екіншісі – Үстіртте. Сонымен қатар Манқыстаудағы Айрақтының терістік-шығыс іргесінде Айыртау деген тауда бар.
    «Құпия шежіре» мен Әбілғазының «Түрік шежіресінің» деректері бойынша Байұлы елі ХІІ-ХІІІ ғасырларда ұлы Мұңал даласын қоныстанған болса, қазір Байұлылар Каспий-Арал өңірінде отыр.
    Кентау атты тау Мұңалияда болса, Кентау атты тау да, Кентау атты елді мекен де Сыр өңірінде бар.
    Түрік елінде Шорым атты алқап пен қала болса Маңғыстауда Шорым атты жер мен әулие – қорым бар. Шор-ежелгі тайпа, ел. Шыққан тегі Манқыстау. Ұрпақтары қазіргі Түрік еліндегі Шорым алқабын мекендейді.
    Манқыстауда Қараман атаның әулие қорымы болса Еуропадағы Түрік жерінде Қараман атты өлке мен аттас елді мекен бар. Осы өлкенің біздегі Қараман атаға тікелей қатысты екені ешқандай дауға жатпайды. Себебі, осы өлке де, немесе оның айналасында Қаратау, Ақтау, Алатау атты таулар, Адана, Алан, Қыр елі, Ташкент, Қазаншы, Қазанлы атты елді мекендер бар.
    Мұңалиядағы Керілгеннің Көде аралының Долан бұлтығына аттас, Манқыстауда Доланапа деген жер бар. Ол Ақтау-Қаражанбас жолының 95 км-лік белгісінен батысқа қарай 3 км. жерде. Таушық ауылы мен Қаратаушық жотасының солтүстік-шығыс жағында.
    Алтай да Мұңал даласы мен Мұңалия атты ел болса, Каспий мен Арал аймағында (қазіргі Ақтөбе облысы) Мұңал – Жары тауы бар. Мұңал-Жары демекші, Мұңал-Жары руы Манқыстауда Адай халқының үлкен бөлігін құрайды. Себебі, Манқыстауда «Жарының мал іздегендері де бір үй толтырады», «Жары көп пе, тары көп пе», «Таяқ лақтырсаң Жеменейге тиеді, егер Жеменей бұғып қалса Жарыға тиеді» деген сөздер ежелден айтылып келеді. Ұлытау аймағындағы Шыңғыс таудың ең биік шыңы «Мұңал шыңы» деп аталады.
    «Құпия шежіреде» көрсетілгендей Мұңалиядағы Оба, Қособа, Көпоба, Қараоба деген микротопонимдер мен аттас обалар Маңғыстауда да көптеп кездеседі.
    Мұңалиядағы Кентаудан басталып Керілгенге қосылатын өзен Сеңгір (бұрын Сеңгір бұлақ деп аталған) деп аталады. Сеңгір таза қазақ сөзі. Көк сеңгір-көк аспан деген мағына да қолданылады. Сеңгір адам аты ретінде қазақтарда күні бүгінде де кездеседі. Мысалы, Мұңал-Жары ұрпағы атақты жырау Мұрынның тегі Сеңгірбек деп аталады. Сол сияқты, Ұлытау іргесіндегі өзеннің Сарыкеңгір, Ақмола облысы Атбасар өңірі Бағаналы-Балталы жайындағы Қаракеңгір өзендері аттарының ұқсастығы да бекерден-бекер болмаса керек.
    Мұңалия жерінде Байқоңыр атты жер болса, Қызылорда облысында Байқоңыр атты жер де, елді мекен де бар. Ақтөбе облысында Қарақобда атты өзен мен Қарақобда атты елді мекен болса, Алтайда Қобда атты тау мен Ордабалық атты қала бар. Сол Қобда тауының мұзтабанындағы үңгірден қазақтың қара домбырасы табылған. Мұңалияда Ақот атты жер болса, Қытайдағы ішкі Мұңалияның астанасының аты Көкот. Алтай өңірі, Мұңалиядағы сан жүздеген бұлақтарының аттары Ақбұлақ, Көкбұлақ, Орбұлақ, Кербұлақ, Жарбұлақ т.б. қазақша атаулармен жалғасып кете береді. Осы Мұңалияда дәл қазіргі қазақ жеріндегідей Тарбағатай, Ортау, Ұлытау, Кішітау, Кертау атты таулар бар.
    Бала кезімізден бәрімізге жақсы таныс, мектеп қабырғасынан жаттап өскен:
    «Әй, Тайқарбай дегенде, Әй, Тайқарбай, Қойыңды Тайқартасқа жай Тайқарбай», -деген жаңылтпашқа арқау болған Тайқар өзені де, Тайқар жазығы да, Тайқар тасы да осы Мұңалия жерінде. Тайқартас Қаңға үстіртіндегі Тарбағатай мен Ұлытаудан бастау алатын Тайқар өзенінің бойындағы көк жазықтың ортасында орналасқан. Қаңға үстірті демекші, осы Қаңға бабаның жерленген жері Манқыстаудың Түпқараған деген жерінде. Күні бүгінде де Қаңға баба деп аталады.
    Қазіргі Түрікпен жеріндегі «бесқала» Хорезм деп аталса, Манқыстауда Қаразым деген микротопоним; Манқыстауда Бесшоқы болса, Теріскей Қап (Кавказ) тауында Бестау; Манқыстауда Сарытас деген жер болса, Қырғызстанның Ош облысында, Тәжікстанның Душанбе қаласына жақын жерде Сарытас атты елді мекендер; Манқыстауда Дөңге, Қарадөң деген микротопоним болса Ресей жерінде де Дөң (Дон) өзені; Солтүстік Италияда бастауын Алып тауынан алатын Адда атты өзен; Қалмыкия да Адық, Тәжікстандағы Қорғантөбе қаласының маңында 7-8 ғасыр ескерткішіне жатқызылып жүрген пұтқа табынушылардың Аджы төбе атты көне ескерткіші; Манқыстау да Шетпе, қазіргі Днепр жағалауындағы ел У края (Украйна); Манқыстаудағы Шетпенің қасында Алта, Алталы атты киелі жер, қорым, бұлақ болса, сол Украйнадағы Қырымда Ялта; Манқыстау да Қыр болса, қазіргі Украйна жерінде Қырым, бастауын Манқыстаудағы Қырдан (Үстірт) алатын Қара теңіз жағасындағы Қырымда (менің Қырым да М.Қ.) биіктігі 577 метрге дейін жететін Қаратау атты тау; оңтүстік-Шығыс Түркияда Адайман деген әкімшілік аймақ; Манқыстаудағы Шетпе кентінің терістік бағытында Әуел Мейрам (Әлеу Мейрам) әулиенің қорымы болса, Түрікпен жерінде Байрам Али мен Азербайжан жерінде Али Байрам атты жер атауы мен елді мекендер бар. Бүгінгі қазақтың орта жүзінің негізін қалаған арғынның «бес мейрамы» да осы Алау-Мейрамның ұрпағы болып табылады. Ол жайлы деректер С.Қондыбайдың «Есен Қазақ» атты еңбегінің «Мейрамхан – арғындағы бес мейрамның атасы» деген тарауында деректі дәлелдермен талданып көрсетілген (114-118 бб). Ал, Ад, Ада, Адам, Ман, Қаз, Қазан атаулары әлемнің түкпір-түкпірлерінің бар жерінде де бірін-бірі қайталап кете береді. Мысалы, Манқыстауда Ада атты үш микротопоним болса, Ада атты елді мекен Сербияда және Батыс Африкадағы Гана елінде бар. Осы Ганадағы Аданың қасында Кете атты елді мекен орналасқан.
    Осылайша, Алшын – Адай шежіресіндегі ру (Ата) есімдері мен Арал-Каспий аймағы, оның ішінде әсіресе Манқыстаудағы жер, су, тау, елді мекен, әулие-қорым атауларын саралап, салыстырсақ осы өңірдегі атаулардың барлығы дерлік әлемнің түпкір-түпкірінде «әсем әннің қайырмасындай» болып үнемі қайталанып отырады.
    Мұңалдардың туыстары қидандар Мұңалияның бір бөлігі мен Қытайдың солтүстік аймақтарында Ляо мемлекетін құрып (916-1124 жыдар), мұңалдар оның солтүстік шекараларын мекендеген «Қидан мемлекетінің жазбаларының» (1180 жылғы) мәліметтері бойынша «мұңалдардың тұрақты мекені болмаған, олар жылдың төрт мезгілі бойы көшіп жүрген. Тек қана ет және қымызбен тамақтанған. Қидандармен соғыспаған, оларды сиырмен, қоймен, түйемен қамтамасыз етіп отырған». Қидан, Қимақ, Қият, Қиян дегендеріміздің бәрі бір халық. Барлық тарихи деректердің бәрінде де Шыңғысханның тегі Түріктің Қият руынан делінеді. Біз бұл деректен сол мұңалдардың қазақтар құрамындағы көшпенді тайпа, ал қазақтардың сонау ежелгі күндердің ұрпағы екендігін көреміз.
    Сол «Түріктің Қият руы» Адай шежіресінде былайша таратылады:
    Адайдан екі бала – Құдайке мен Келімберді.
    Келінбердіден алты бала – Құнанорыс, Ақпан, Балықшы, Жеменей, Тобыш, Мұңал.
    Мұңалдан - Әли, Бәйімбет, Жаулы, Шоғы, Алақұнан.
    Сонда Шыңғысханның шыққан Қият руы былайша өрбиді.
    Мұңалдан – Бәйімбет, Бәйімбеттен – Сабытай, Сабытайдан – Медет, Медеттен – Құл, Құлдан – Батыр, Батырдан – Қият. (Бұл деректер 1997 жылы Алматыда басылып шыққан «Маңғыстау энциклопедиясынан» алынды. 202 бет).
    Әлем тарихында біздің күн деген сөзіміз гун, гунн, ғұн, гунну, хун, хунну, гүн деп әр түрлі болып жазылып келеді. Осы атаулардың негізі Күн екенін Мағжан Жұмабаев «Пайғамбар» деген өлеңін де:
    «Ерте күнде отты Күннен Ғұн туған,
    Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам.
    Жүзімді де, қысық қара көзімділар
    Туа сала жалынменен мен жуғам.
    Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
    Мен – Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар.
    Мен келемін, мен келемін, мен келем,
    Күннен туған, Ғұннан туған пайғамбар!» – деп жырлаған.
    Күн – Қу және Үн деген екі біріккен сөздерден тұрады.
    Адамзат тарихында Күн ордасы және оның әміршісі Еділдің (Аттила, Ата ұлы, Ад ұлы) есімі ұмытылмастай орын алды. «Гүндер Шығыс Рим империясына қатты қауіп төндірді, олар шекараға жиі-жиі шабуылдап, барымталап тұратын. Олардан қорғану үшін 413 жылы Константинопольді айналдыра жаңа Феодосия қорғанын соқты, сөйтіп, Дунайдағы бекіністі нығайтты. 430 жылы Византия Күндерге алым-салық төлеуге мәжбүр болды және оның мөлшері жыл сайын өсе берді (Көне дүние тарихы, ІІІ-том, 356 бет). Сонымен, Күн державасы ыдырамай ауыздары бір болып, кемеліне келіп тұрған шағында екі ұлы империяға қамал тұрғыздырды. Бірі – шығыста Ұлы Қытай қорғаны, екіншісі – батыста Феодосия қорғаны. Олар қоғамдық формацияны өзгертті. Бірінші, Күндердің батысқа жасаған жорығы, осы дүниедегі ірі құл иеленуші мемлекет Рим империясын құлатуға себеп болып, адамзатты құлдықтан құтқарды. Ф.Энгельстің сөзімен айтқанда: «...Бұл қандай құпия сиқырлы күш, оның көмегімен германдықтар өлім аузындағы Еуропаға жаңа өмір нәрін берді» дейді. Екінші, Еділ патшамен жауласу арқылы Еуропа ұлттары бірікті. Соның әсерінен Италия мен Германияда одақ қалыптасты. Еділ патша екпінінен ықтап кеткен викингтердің ықпалынан бүгінгі Британия дүниеге келді. Греция, Франция, Румыния, Венгрия іспетті мемлекеттердің қалыптасуына ұйытқы болды.
    Еділ (Аттила) өлген соң (454 жыл) күн ордасы тез әлсірейді, бірақ күндер әлі үш ғасырдай Еуропада билік құрған еді. Сол кездерде күндер алман (герман) тайпаларымен бір мемлекет құрамында болып, солармен көп араласты. Аттила өлгеннен кейін, 22 жылдан соң Италияның түгел билігін Одоакр Едекон (Едіге) ұлы өз қолына алды. Оның құдіретті әскері күндер мен алман (герман) тайпаларынан тұратын еді. Аттиланың жеті баласының бірі Теңіз басқарған күн ордасының бір бөлігі Қара теңіз бен Паннония арасында көп уақыттар мекендеген. Олардың бәріде қазақ тайпалары еді. Себебі осыдан кейін көп ғасырлар бойы Қырым түбегі мен Қара теңіз жағалауын қыпшақтар мен арғындар мекендеген.
    ІІ ғасырда Каспий теңізінің жоғарғы жағында пайда болған күн ордасының құрамы негізінен түркі тілдес көптеген тайпалардан құралған болатын. Ал бұл тайпалар болса әлі күнге дейін қазақ және басқа түркі халықтарының ру құрамында. Бұл тайпалардың бәрі де түркі тілдес болған. Тіл білімінде көп жаңалық ашқан әйгілі ғалымдар күн тілінің түркі тілдес болғанын, яғни түркі тілдерінің атасы болғанын әртүрлі зерттеулер арқылы дәлелдеді. Мысалы В.Бартольд күн тілінің ескі түркі тілі екенін кең түрде дәлелдеді. Ал оның төркіні қазіргі қазақ тілі болып табылады. Оны сол замандағы, тарихта аттары қалған күндерден де көруге болады: Мысалы: Едіге (Едикон), Берік, Ақтар, Уар батыр, Баян, Мыңзық, ж.б; Еділдің әйелдері мен жеті баласының аттары (Еллақ, Есқалма, Ұзынтұра, Емназар, Өте, Теңіз, Ернақ) түгелдей қазақ тілінде қойылған.
    Еділді көзбен көрген грек жазушысы Приск және ХІХ ғасырда өмір сүрген француздардың ұлы тарихшылары, өздерінің тарихи еңбектерінде күн ордасының тұрмыс салты мен мәдениеті туралы көптеген мәліметтер қалдырған. Сонда Еділдің және басқа оның айналасындағы адамдардың – қымыз деген ішімдікті ішетіндерін жазған. Себебі, көшпелі азиаттар тұрмысында жылқы үлкен роль атқарды. Мінсе қанат, сойса ет, сауса сауын болар жылқы малы көшпелі түркілер елінде сонау ерте заманда пайда болған. Оның үстіне ертедегі түрік тілінде сүтті «Қым» деген, сондықтан «қымыз», «қымыран», «шұбат» деген терминдер осы күнге дейін қазақ халқы тұрмысымен біте қайнасып кеткен.
    . (Арал-Каспий өңірінің тарихи-мәдени мұралары. Ақтау 2007. 248-253 беттер).
    Ғұн тілінде Орал өзені Жайық «Яик» -деп аталған... «Жайық» таза қазақ сөзі, «жай ағатын су» деген мағына береді. Осы бір ауыз сөздің өзінен-ақ Ғұндардың өзі де, тілі де қазақ екендігі көрініп тұрған жоқ па?! Ал, Паннониядағы (Хунгриядағы) Ғұн Ордасының астанасын көптеген латын, неміс және француз тілдеріндегі мәліметтерде «Этзелбург» деп атайды....Бұлда Аттила есімінің түбірі. Сол кезде герман тілінде Аттиланы Etzel – деп, яғни Эціл деп хун тіліндегі Еділдің баламасымен айтылған. Демек Этзелбург – неміс тілінде Еділ қала болып шығады.
    Сондай-ақ Әлекең күндерге төтем болған малдар мен жануарларға кеңінен тоқталады. Ғұндарға ұлы тотем болғандар – көк бұқа, бөрі, марал – деп айта келіп бұған Рим жазушыларының еңбектерін мысалға алады...» Ғұндарға елес беріп, жол көрсетіп отыратын сұлу – Ақ марал» болған дейді. Бірде Меотий батпағында аң аулап жүрген бір топ ғұндар батпақтан шыға алмай көп қиындық көреді. Сол кезде кенеттен бір сұлу Марал кездесіп, батпақты кесіп өтіп, көлдің ар жағына шығып тұрады. Оған таң қалған аңшылар Маралдың ізімен бірге өтеді. Олар шыққан кезде Ақ Марал көзден ғайып болып жоқ болады... Осынау Рим жазушыларының күндер туралы аңыздарын мұқият зерттегендердің бірі ағылшын ғалымы Томпсон.
    Көк бұқаның бейнесі ғұндар қол өнерінен де көп орын алған. Ғұндардың ұғымында бұқа – мал өсірудің бір алыбының бірі...
    Сондай-ақ ғұндардың Өкр, оғыз деген сөздері де тарихта ел аты болып қалды. Мысалы, Өкіреш найман, Оғыз мемлекеті, Тоғыз-Оғыз т.б...
    Хун тілі түркі тілінің түп-төркіні және қайнар бұлағы екенін Әлекең өз еңбектерінде жан-жақты көрсетеді. Мысалы, ол ғалым Ю.Блеер келтірген көптеген сөздерді көрсете отырып, олардағы адам аттарының бізбен өте ұқсастығын, сондай-ақ кейбір терминдер: құл-кіші (құл, кісі, күл), қыз бала, ал заттардан қынлы (селебе) сөздерін айтады. Бұл сөздерді терең зерттеген Ф.Хирт пен В.В.Бартольдке сілтеме жасаған Әлекең: «Бұл ғалымның анықтауынша, хундардың тілі – ең ескі түрік тілінің бірі. Олар ерте кезде Орал өзенін Яик деп атаған. Түріктердің ең ескі сөзі осы хун тілінде сақталған. Хундардың ең ескі сөзінің бірі «қынлық». Қынлық-қынға салып жүретін селебе, қылыш, «парадный меч гуннов» деп Әлекең Бартольдке сілтеме беріпті. Әлі күнге дейін қазақта қылыштың қалтасын «қынап», ал қанжар мен пышақтың қалтасын «қын» деп атайды.
    Одан ары қарай «Бұл сөз біздің заманымыздан 47 жыл бұрын хундар Қытай өкіметімен келісім жасап отырғанда тағы кездеседі. Хундардың тілінде «иер», «су», «от», «тәңірі», «ажун», (дүние), сөздері айтылып отырады. Бұларды жақсылап тексерген Ф. Хирт, К. Шираторий, Л. Базин, О. Меншен-Хелфен, П. Пельо, Ф. Альтхейм, Ю.А. Зуев.
    П. Пельо мен В.В. Бартольдтің зерттеуінше хундардың ұрпағы сянбилер де түрікше сөйлеген. Шираторийдің зерттеуінше хундар мен үйсіндердің ел басқарған кісілері қазақ тіліне жақын сөйлеген, бірақ қытай ироглифі ол сөздерді бұзып жазған. Мәселен, Унгуйми-қазақша Оңғарбай, Тулехе-қазақша Төлеке, Хулхе-қазақша Күлке (бір тайпаның аты). «Ажа»-бұйрық, заң. Қазақтар: «Ай дерге ажа жоқ, қой дерге қожа жоқ»-дейді» - деп Әлекең өте құнды мәліметтер береді.
    Сондай-ақ одан ары қарай Әлекең белгілі ғалым Шираторийдің еңбектерін назарына ала отырып, оның хундарды «күн» атымен жазғанын көрсетеді... «Оның ерекше көңіл қойған сөзі «тәңірі»-аспан, көк «Хундар-біз көк тәңірінің ұлымыз»-деп атаған, енді бір ғажайып сөз «төз», қазақша «төзім», «төзімді», «төзу». Бұл сөзбен төзімді, ақылды, кемеңгер ойшылдарды айтқан.
    Біздің заманымыздан екі ғасыр бұрын жазылған Қытай тарихынан хундардың он төрт сөзін тапқан зерттеуші В.А.Панов, олардың ішінен белгілі сөз – Чэн-ли, тан-ли, (тәңірі), тоу-ло (таудағы тұрақ), гуту-құтты, цилынь-сілік, таза, қазақша сілку т.б. деп жан-жақты көрсеткен еді». Бұл деректерге Б.Көмеков пен С.Өтениязовтың «Хундар мен түркі тілдерінің сабақтастығы» атты еңбегі пайдаланылды. (Арал-Каспий өңірінің тарихи-мәдени мұралары. Ақтау 2007. 248-253 беттер).
    Күндердің тегінің қазақ екендігін сол заманғы қытай жылнамашысы Сыма Циянның мына сөзінен де анық көруге болады. «Ғұндар кең даланы кезіп жүріп, малын бағып, аң аулап күнелтеді. Аяқ астынан тап болатын кез келген қысылтаяң жағдайға үнемі даяр жүреді. Қарсы келген кез келген жаумен айқаса кету олардың сүйегіне біткен қасиет. Тәңірқұтынан бастап қатардағы адамдарына дейін етті сүрлеп жейді. Тері-терсектен киім киеді, төсеніші мен жамылғысы - киіз».
    Г.Рубрук, көзімен көргендердің ішінде қымыз дайындауды толық суреттеп, сонымен бірге оның дәмін татқан кездегі алған әсерін былай деп суреттейді: «Сол күнгі кеште, бізді шығарып салған қызметші, бізге қымыз берді, алғаш ұрттағаннан-ақ мен қорыққанымнан және жаңа нәрседен, қара терге түстім, себебі оны ешқашан ішіп көрмеген едім. Алайда ол маған өте дәмді көрінді, ол шынында да солай еді».
    Эфор «Тарихының» Европа атты жоғалған тарауында, Страбон жазбасы бойынша, Европадан Скифияға дейінгі Сарматтар мен өзге де Скиф тірлігінің біркелкі еместігін, адам айтса, нанғысыз қайран қалатын кереметтердің бірі – кейбір тайпалары қымызбен қоректенетінін тамсана жазды. Сол қымыз жайында екі жарым мың жыл бұрын жазылса, әлі күнге дейін сол әдетімен қымызын ішіп отырған түркі тілдес халықтар емес пе? Егер сол скифтердің тұқымы славяндар немесе Терістік мұхит жағалауынан қоныс аударған угор-фин тұқымдары варяға – орыстар болса, ескі әдетін сақтап қазір де қымыз ішер еді-ау, қымызды айтасың, олар он бірінші ғасырға дейін атқа да мінбеген ғой. Ал ат құлағында ойнаған түрік баласы әлі күнге дейін сол әдетін жоймады (174 бет).
    «Қытай дерегінде Түрік Гансу ойпатынан бастап Қытайдың батысы мен терістік батысына еніп, кейін түстіктегі түріктер Тибетке де араласады. Түріктің арғы атасы – Күн деп, не заманнан ауыз әдебиетінде де атадан балаға қалып келеді. Сол Хұндар қытайлармен төрт ғасыр айқасты. ...Тіпті Мөде би (шанью) кезінде ересен билікке ие болды.
    Мөде батыр Тұман аталып, ағайынды Хұн мен Донхулардың арасын алшақтатып, ақыры екіге бөлініп, қоныс аударуға мәжбүр болды. Мөденің әскери дайындығын көне жазба аузының суы құрып жазады. Соған қарағанда, Хұндардың әскери өнерін алғаш жетілдірген Мөде ме деймін, өйткені оның жасақ жетілдіруі соған ұқсас. Қандай да талантты қайраткер яки қолбасшы болсын, шектен шыққан ашудан, кектен, қорлықтан, зорлықтан шыңдалатыны бесенеден белгілі. Мұндайда барлық адам баласына тән қызғаншақтық, мансапқорлық, өзімшілдік деген рухын билеп алады. Хұн биінің (Шанью) мұрагері Мөде аталғанымен, оның нақ сүйер тоқалынан туған ұлын мұрагерлікке қалдырмақ болып, Мөдені юечждерге аманатқа аттандырады. Мөде ол елге келісімен, әкесі оларға қарсы соғыс ашады, ал юечждер Мөдені өлтірмек болғанда, ол айласын асырып, жаудың тұлпарын мініп, қашып кетеді. Тұман (хан) оның ерлігіне сүйсініп, түмен басы жасайды да, он мың атты жасақ бөліп береді.
    Мөде ысқырма жебе ойлап табады да, сарбаздарын ат үстінде садақ тартуға жаттықтырады, ал ысқырма жебе ұшқан жаққа садақ тартпаған сарбаздың басы алынады. Бірде Мөде өзінің тұлпарына қарай ысқырма жебе жөнелтеді, кейбір ұландардың батылы бармайды, ондай қоян жүректердің басы алынады. Арада біраз күн өткенде, ысқырма жебені сүйікті жарына бағыттайды. Ноян-нөкерлерінің кейбірінің жаны түршігіп, садақ тарта алмайды. Мөде оларды да жазалайды. Енді бірде аң аулауға шыққанда, Мөде ысқырық жебемен ханның (Тұманның) тұлпарын нысанаға алады да, барлық нөкері садақты солай тартады. Сонымен, Мөде әкесі хан Тұманды, өгей шешесін, одан туған інісін өлтіреді де, өзі әкесінің тағына отырады. Бұл оқиға б.з.д. 209 жылы болған еді.
    Қытай жазбасында Мөде қастандыққа қарсы күресуші ретінде жазылады, ол әкесін, інісін өлтіргеннен кейін, ата жауы Донхуларды құртуға бел байлайды. Бірақ қай оқиғаны алмаңыз, шындық, әділеттік Мөде жағында. Жоғарыда әңгіме жасадық-ау. Қытайдың терістігін мекендеген Хұн екі ұлысқа, яғни тайпалық бірлестікке топталады. Соның түстік ұлысы-Донху ханы Хун Тұманы өлген соң, елші жіберіп, ханнан қалған тұлпарды сұратады. Мөде уәзірлерімен кеңесіп, көрші елмен бір атқа бола жауығамыз ба деп, тұлпарды елшіге жетектетеді. Тағы бірде Донху Мөденің нақсүйерін (яньчж) қалайды, уәзірлері: «Донхулардың есі дұрыс па?! Әлде, бізді басынғаны ма, бұлардың қай қылығы, оның ханы арсыз, ұятсыз адам екен! Донхуға қарсы ұрысқа аттанайық!»-деседі. Мөде: «Көрші елден бір қатынды аяймыз ба?»,-деп өзінің нақсүйер әйелін Донхуларға жөнелтеді.
    «Кәнизағын үлестірген патшаларды естіп едім, ал нақсүйер әйелін берген ханды естісем, құлағым тас керең болсын»,-дейді менің бір қалжыңбас досым. Сенбеске амал жоқ, сол замандағы тарихшы жазып отыр емес пе?
    Сонымен, Мөденің нақсүйері қолына тиген Донхудың ханы есіріп кетеді. «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас, жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсы қондырмастың» кері келіп, Донху жерінің батысында 1000 лилік құм тақыр болушы еді (мұңғыл даласындағы Қалғанның оңт.-батыс жағы). Мұнда екі жақтың шекарашылары тұратын. «Осы аралық сендерге қолайсыз, маған тарту етіңдер»,-деп, Донхудың ханы Мөдеге тағы кісі жібереді. Мөденің кеңесшілері: «Пайдаға асып жатқан жер емес, берсе де, бермесе де болады»,-деп солқылдайды. Сонда Мөде қаны қайнап: «Жер-мемлекеттің негізі емес пе, жерсіз мемлекет бола ма?! Оны қалай бермексіздер!»-дейді де, жерді берейік дегендердің басын алдырады.
    Мөде енді атқа қонып: «Кейін қалғандардың бәрінің бас шабылсын», - дейді де, шығысқа бет алып, Донхуларға шабуыл жасайды. Дандайсып, қаннен-қаперсіз жатқан донхулардың быт-шытын шығарады, жерін қиратып, мал-мүлкіне ие болады (Б.К.Албани «Қазақия» Алматы. 1998. 33-35 беттер).
    Қазақтың өткен тарихын соңғы ғасырлар мен салыстырып қарасақ күндер де әрқашан күнге табынған. Мысалы, армян тарихшылары (5-6 ғасырлар) күндердің Тәңірге табынғанын айтады. Шыңғысхан заманында мұңалдар да тәңірге табынған. Шыңғыс ханның тәңірге табынғаны «Мұңалдың құпия шежіресінде» де көрініс тапқан

    • #36
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 27/09/2016 - 8:53

    «Мұңалдың құпия шежіресінде» де көрініс тапқан. Бұл жағдай І.Есенберлиннің «Шыңғысхан әлем сілкіндірушісі» атты еңбегінің 26 бетінде былайша суреттеледі: « Ол (Темүжін) белдігін шешіп алып, мойнына асып, өз бас киімімен кеудесін соғып, тоғыз рет бүгіп, сондай-ақ қымызды төкті. Моңғолдар, сол кезде әулиелерін осылайша құрметтеген, белдігін және бас киімін шешіп, жоғарыдағы тәңірге толық бағынышты екенін көрсеткен. Себебі дұрыс киінген бас киім мен белдік моңғолдарда өз иесінің еркіндігін көрсеткен (Б.Я.Владимировцев).
    Күндер Тәңірге, ата-баба аруағына бағыштап жыл сайын құрбандық шалған. Елшілікке келген басқа мемлекеттің өкілдерін ұлы ордаға бетіне күл жағып кіргізген. Бұл әдет-ғұрып жат-жұрттықтар күн билеушілерінің алдына именіп кірсін деген ойдан туындаса керек. Ал өз араларында қылмыс жасаған адамның бетін қылышпен тіліп отырған. Бір рет беті тілінген адамның екінші рет қылмыс жасауға жүрегі дауаламаған. Қазақ арасында әлі күнге айтылатын «бетің тілінгір» деген қарғыс сөз сол заманнан қалған.
    453 жылы Еділ патша өлгесін, орнына өз өсиеті бойынша үлкен ұлы Еллақ отырады. Еллақтың өмірі ұзақ болмай, бір жылдан кейін ажал құшты. Таққа талас басталды. Кезінде Руғила патшамен күннің шекарасын кеңейткен, Еділді тәрбиелеп, «ел атасы Едіге» атанған қарт Едіге би Еллақ өлген соң бүкіл ордаға сауын айтып, ұлы құрылтай өткізеді. Тақ иесінің тағдырын шешу қиынға соғады. Себебі, жеті әйелден туған ханзадалар бір-бірімен қырғи-қабақ еді. Оның үстіне, олардың арасында Еллақтан өзге әскер бастаған қолбасшы, Едіге сынды ел сүйер биде болмады. Сондықтан бас қолбасшылыққа Каталун қырғынынан күндерді аман-есен алып шыққан-Едіге бидің ер ұлы Адакер бас қолбасшылыққа ұсынылады. Осыны естісімен әскер екіге жарылып, Едіге бидің ықпалымен күн ордасы екі қағанатқа бөлінеді. Мұрагерлердің еншісіне ежелден бергі өз атамекендері Шығыс қағанат тиеді. Кейін бұл Қазар (қазақ) хандығы деген атпен тарихқа енді. Соған сәйкес қазіргі Каспий теңізі Қазар теңізі деп аталды. Еділдің тегіне келсек, Еділдің әкесі Руғила, Руғиланың әкесі Қарақаған, Қарақағанның әкесі Жұлдыз. ...Руғила патша Мөде тәңірқұтының тұқымы еді» (Т. Жұртбаев. «Дулыға-2» 50 бет). Адай шежіресінде Еділдің тегі Тобыш, оны тәрбиелеген Бегей батыр делінеді. Ол жөнінде кейінірек арнайы тоқталатын боламыз.
    Ал, Паннония (Хунгурия) мен Қара теңіз жағалауы Адакердің қарамағына көшті. Осылайша Адакер кейін жылнамаларда Уархұн (арғын) қағанаты деп аталған мемлекеттің ханы болып сайланды. Римді алып Италия кәрөлі атанды. Әйгілі Рим сарайында 17 жыл отырғанда, оның әр күні қауіп-кәтерге, сатқындыққа, қызғаныш-күндестікке толы болды. Түрлі қастандықтар жасалды. 493 жылы қаза тапты. Адакер мемлекеті әлсіз болды. Себебі, оның ол жерде табан тіреп, сүйеніш ететін ұйымшыл, бір текті тайпасы болмады. Қазақтың «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақалы осындайдан шыққан. Әрине Адакер құрған мемлекет бірден құрып кеткен жоқ. Ол Арғын қағанаты деген атпен IX-ғасырға дейін өмір сүрді. Арғындар кейіннен Қара теңіз жағасына бөлініп кеткен ежелгі туыстарымен қайта табысып, құдіреті күшті Византия империясын өзіне алым-салық төлеуге мәжбүр етті. Әсіресе, Баян ханның тұсында қайтадан дәуірледі. Арғын қағанатының құрамындағы алман (герман) тайпалары Франк кәрөлі Ұлы Қарлдің қол астына жасырын өтіп кетуге тырысты. Содан барып 791-жылы франк пен Арғын әскері кескілескен шайқасқа шықты. Күн қағанаты ойсырай жеңілді де, бірте-бірте тарих қатпарына сіңіп кетті. Хунгрия (Венгрия), Түркия мемлекеті мен бұлғарлар, аварлар, ғағауыздар ғана түркі тілін сақтап қалды. Олардың біразы батыс түрік қағанаты мен Шыңғыс ханның тұсында солардың әскеріне қосылып, Еділ бойына қайтып оралды. Осы айтылғандардың топономикалық айғақтамасы Кавказда Сунно өзенінің бойына Арғын ауылы орналасқан, осы өзенге Арғын шатқалын бойлай ағатын Арғын өзені келіп құяды. Амур өзеніне құятын Буриятиядағы өзен аты Арғын деп аталады. Алтайда Қатын өзенінің оң саласын құрайтын Арғұрт өзені бар. Қазіргі Жезқазған облысына қарасты Торғай мен Ақмола облыстарымен түйісетін аймақ Арғын ата (қазір орысша бұзылып Арғанаты деп жазылып жүр) деп аталады. Кезінде осы арғындардың аталары Арғын деген атпен Қазақтың орта жүзінің негізін қалаған болатын. Олар күні бүгінде де Орта жүзді құрайтын белді жеті тайпаның бірі болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды, бүкіл Еуропаға түгелге жуық билігін жүргізген Арғын мемлекеті де қазақ деп аталған. Себебі, Арғын атамыздың да, оның артына ерген елдің де қазақтың өз баласы екендігіне ешкім шүбә келтірмесе керек. Барлық шежіре деректерінде «Ұлы жүз – Үйсін», «Орта жүз - Арғын», «Кіші жүз - Алшын» деп айтыла да, жазыла да береді.
    Күн – Қу және үн деген екі біріккен сөзден тұрады. Қу – Адайдың екі баласының үлкені Құдайке (Қу Адай (Дай) Әке атамыздың «азан шақырылып» қойылған есімі. Үн Қудың баласы, ұрпағы. Қудың Үннен бұрын тұратыны тек қана осыны білдіреді. Соған сәйкес, Үн – тіл мен ауыздан шығатын дыбыс (дауыс). Бүкіл жер бетіндегі Үнді, Үндіс, яғни «Үн» деген сөз түбірі бар елдердің барлығы бастауын осы Күндерден алады. Өздеріңіз көріп отырғандай Қудың (Құдайке) әкесі Ад (Адай) болса, үннің ар жағында үн (дыбыс) шығаратын тіл тұр. Аллатағала ең бірінші Адам Ата мен Ауа Ананы жаратқанда, ең бірінші соларға сана беріп, солардың тіл шығарған болатын. Бүгінгі Адайлар сол Ман (Адам) аталарымыздың қарашаңырағының иелері. Тіл Адайлардың бас таңбасы. Бүкіл ауызша да, жазбаша да тарихи-шежірелердің бәрінде айтылатын «Тіл таңбалы Адайлар» деген сөз тіркестерінің мағынасы осы. Басын ашып кетейін, бұл дауға жатпайтын тұжырым. Мүмкін бұл тұжырымды біреу мойындар, біреулер мойындамас. Бірақ, сенің мойындамағаныңнан ештеңе өзгермейді. Бәрібір сен Ман (Адам) атамыздың және оның «қарашаңырағының» иелері Адайлардың авторлық құқығын тартып ала алмайсың. Ол тек қана сенің, санаң мен біліміңнің жеткен жерінің көрсеткіші болмақ. Санасыз бен білімсізге дауа жоқ. «Жеті атасын білмейтін жетесіз» бен «тегін білмейтін тексізге» қандай өкпе болуы мүмкін. Әр бір Адам баласы өз санасының, яғни ақылы мен білімінің жеткен жерінің «қонағы».



    Тарих тағлымы: Біз сөйлеп жүрген тілде Адам Ата сөйлеген. Егер де жер бетінен қазақ тілі жойылар болса бүкіл адамзат баласы тарихынан айрылып, шын мәңгүртке айналады. Аталарымыз «ақырзаман» деп осыны айтқан. Бүкіл адамзат баласы Атам заманның (Ата сыйлаған заманның) ақырына, яғни Ақырзаманға таяп келеміз. Алайда, ата-бабаларымыз сияқты «пирамиданың» шыңына ақшаны емес, арды қойып, бір ауыз сөзге тоқтайтындай, санамызды тірілте алсақ, әлі де кеш емес.

    • #37
    • .
    • сс, 27/09/2016 - 9:01

    Еще раз Қожырбайұлы в своем ипостаси!

    • #38
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • сс, 27/09/2016 - 9:07

    37-ге! "#26 Бектас дн, 26/09/2016 - 22:38
    Мұқамбеткәрім аға! Маңғыстау деген сөздің мағынасын ашып беруіңізді өтінемін".

    Бектас сұрады. Мен жауап бердім. Мақала сол сұрақтың жауабы.

    • #39
    • Қыр қазағы
    • сс, 27/09/2016 - 16:54

    Мына жерде тағы да Қожырбайшылардың тарихқа тікелей қиянат жасаушы, Алла алдында да, Ар алдында да, Аруақ алдында да, Болашақ ұрпақ алдында да ұяттары жоқ пенделердің сасық иістері шығып кетті!....

    • #40
    • Ауыл қазағы
    • сс, 27/09/2016 - 17:13

    Қыр қазағы! Сіз қайда тұрасыз? Қазақта "360 әулиелі киелі Маңғыстау" деген сөзді естімеген жан жоқ болар.

    Бұл сөз тіркестерінің мағынасын автор жақсы ашқан. Ежелгі қариялардың бәрі осылай сөйлейтін. Ол жайлы шежіре-дастандар мен жырлар өте көп қой.

    • #41
    • Кенжебай
    • сс, 27/09/2016 - 17:22

    Қыр қазағына! Сіздің пікіріңізден өз білім деңгейіңізді Қожырбайұлынан артық санайтыныңызды көріп отырмын. Сізге сұрақ? Өзіңіз лақап ет таңдап, иемденіп алған Қыр және Қазақ деген сөздің мағынасын ашып беруіңізді сұраймын.

    Өзге оқырмандар да жауап беріп жатса Нұр үсіне Нұр болар еді? Бірақ бірінші болып мына батырдың жауабын күтейік.

    • #42
    • Қыр қазағы
    • сс, 27/09/2016 - 21:28

    40-Ауыл қазағына: Маңғыстаудағы 360 әулие дегенді әрине бұрыннан бері естіп, оқып жүрміз. Осы асыра сілтеу, тарихты бұрмалау емес пе? Соншама әулие болса олардың мол рухани мұрасымен сусындаған Маңғыстау халқы баяғыда ақ рухани өрлеудің шынар шыңына шықпас па еді? Оның үстіне Бекет Атаға, басқаларға табыну Аллаға ширк қосуға жатпай ма?....41-Кенжебайға: Қыр Қазағы дегеніміз-биік, таулы жерде дүниеге келген қазақ деген мағынада айтылады. Шынында да мен өр Алтайдың төрінде дүниеге келгенмін....Сондықтан ойда туғандарға, оның үстіне оның ой-санасы сол төменде қалса, жоғарыдан төмен қараймын....

    • #43
    • Тау би
    • сс, 27/09/2016 - 22:53

    Қыр қазағына! Қыр мен тауды ажырата алмай отырсың ғой. Енді өз біліміңе өзің бағаңды бере бер.

    • #44
    • Қас би
    • сс, 27/09/2016 - 22:59

    Қазақ та "Халық айтса, қалып айтпайды" деген ұлағатты сөз бар. Ол аталарымыздан қалған сөз ғой.

    Өзің балаларыңа, немерелеріңе өтірік айтар ма едің. Аталарыңа сене алмасаң, демек үнемі балаларыңа өтірік айтатын болғаның ғой.

    Осындай біліміңмен біреуге ақыл айтқың келгені қызық екен.

    • #45
    • Асан би
    • сс, 27/09/2016 - 23:01

    Қыр қазағына! Қазақ даласының қай жерлері қыр деп аталады? Қыр деген сөз не мағына береді?

    • #46
    • Мененде болсын бір сұрақ?
    • сн, 28/09/2016 - 8:14

    Қыр қазағына! "ҚАЗАҚ" деген сөз қайдан, қашан шыққан және қандай мағына береді?

    • #47
    • Қыр қазағы
    • сн, 28/09/2016 - 20:02

    43,44,45,46-ларға: Тау би дегенге-қыр мен таудың айырмасын сізден артық білмесем, кем білмеймін. Дегенмен қазақ кең географиялық ұғымдарды қолданғанда биік жерлерді, тауды, қырды, теңіз деңгейінен биігірек жатқан жерлердің барлығын Қыр деген жиынтық атаумен атай беретінін білесіз бе? Қас би дегенге-Аталарым ешқашан Қожырбайұлы сияқты тарихты бұрмалап, өтірік айтпаған. Сондықтан барды-бар, жоқты-жоқ деп шындық жолымен жүрген дұрыс әрдайым. Қожырбайұлына салсақ сіздің ныспыңыз-Қас биден Каспий теңізінің аты шыққан. Моңғол-Мұңалдан, Үгедей-Ақ Адай, тағы сол сияқты....Айтылуы, жазылуы, естілуі ұқсас болса болды, ғылыми дәлел деп өтірік ұра беруге болмайды. Ол тарихқа, болашақ ұрпаққа жасалған қиянат. Қазақ атауы тарих сахнасына тек 14-15 ғасырларда, 1445-1465 жылдары Қазақ хандығының құрылуымен бірге шығып орнықты. Әрине одан бұрынғы тарихта да сирек болса да қазақ атауы әртүрлі версияларда кезігіп қалады: Хас сақ, Қос оқ, сақ, өзбектерде Өзбек хандығынынан бөлініп кеткен халықтарды Қашақ деп атау да қалыптасқан. Сондықтан тарих ғылымында қазақ атауына нақты шығуы бойынша бірізді версия жоқ....

    • #48
    • Тау би
    • сн, 28/09/2016 - 22:02

    "Дегенмен қазақ кең географиялық ұғымдарды қолданғанда биік жерлерді, тауды, қырды, теңіз деңгейінен биігірек жатқан жерлердің барлығын Қыр деген жиынтық атаумен атай беретінін білесіз бе?" депсіз.

    Меніңше қыр мен тау синоним емес. Екеуі екі басқа ұғым береді.

    Қожырбайұлы Сіз бұған не айтасыз?

    • #49
    • Қыр қазағы
    • сн, 28/09/2016 - 22:50

    Қыр сөзі сонымен қатар дала, түз сөздерінің де синонимі болып табылады: Қыр қазағы-Дала қазағы дегендей...

    • #50
    • Қыр қазағы
    • сн, 28/09/2016 - 22:56

    43,44,45,46,Кенжебай,Әбдияр, Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы деген ныспылармен жазып отыратындар осы бір ғана адамға ұқсайсыздар, біріңіздің аузыңызға біріңіз түкіріп қойғандай пікірлеріңіз де бір адамның пікіріндей, бір-бірінен алыстамай, өте ұқсас болып шығып жатады. бұл әдіс сол Қожырбайұлының менің жақтастарым көп, көрдіңдер ме дегендей қулығы емес пе екен деген ой келеді кейде маған....Әлде сыбайлассыздар ма.....

    • #51
    • 51
    • сн, 28/09/2016 - 23:14

    Қазақтың мүддесін тілін, дінін, жерін, салт-дәстүрлерін қорғап жүргендердің бәрі сыбайластар ғой. Бірақ бұлар жемқор, парақорларға ұқсамайды.

    • #52
    • Қыр қазағы
    • сн, 28/09/2016 - 23:20

    51-ге: мен атағандар қазақтың мүддесі емес бір жекелеген рудың ғана мүддесін қорғап жүрген, нағыз рушылдыққа қызмет етіп, тарихты бұрмалап, тарих үшін, болашақ ұрпақ үшін ең үлкен қиянат жасап жүрген адам-Қожырбайұлының сыбайластары сияқты....

    • #53
    • 53
    • бн, 29/09/2016 - 7:56

    52-ге! Ол кісі Ру мен Атаның синоним сөз екенін өте жақсы дәлелдеп жазды. Оны мемтілді жақсы меңгерген, ақыл-есі түзу жан жоққа шығара алмайды. Себебі, "Қазақтың руың кім?" дегені "Сенің ел танитын Атаңның аты кім?" дегені екенін ауыл қазақтарының бес жасар баласы да біледі. Ол, қазақтың Ата салты ғой.

    Сіз неге қазақтың Ата салтымен жағаласып кеттіңіз? Сіздің мұныңызда не сыр бар?

    • #54
    • 54
    • бн, 29/09/2016 - 14:43

    Жұрттың бәрі сәләфтар қазақтың Ата салты мен дәстүріне қарсы деп жүр ғой.

    • #55
    • Қыр қазағы
    • бн, 29/09/2016 - 18:46

    Румен, Атамен жағаласқан жоқпын, одан құдай сақтасын. Менің ондай қасиетті құндылықтармен ешқашанда жағаласуға құқым жоқ, ондай бассыздыққа ешқашанда барған емеспін. Тек Қожырбайұлы дегендердің тарихты бұрмалап, айтылуы, естілуі, жазылуы ұқсас терминдерді, сөздерді сөздің дәлелі деп ойына келгенін жазғанына қарсымын. Тарихи шындыққа қиянат жасауға болмайды! Бұл Алла алдында да, Ар алдында да, Болашақ ұрпақ алдында да кешірілмес күнә, үлкен қиянат!....

    • #56
    • 56
    • бн, 29/09/2016 - 20:49

    Онда неге қазақтың салт-дәстүрлері мен Ру (Ата) жайлы және оны талмай зерттеп, зерттеу қорытындыларын халықпен бөлісіп жүрген Қожырбайұлы жайлы жағымсыз сөздер айтып, оның арына тиетін сөздер айтасыз?

    Қазақ болатын болсаңыз ұлт тарихын зерттеп жүрген адаммен бірге зерттемейсіз бе?

    Келіспесеңіз, өзіңіздің қарсы пікіріңізді дәлелдеңіз. Сізге кім қой деп жатыр. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс біз өзіміз (оқырмандар) ажыратып аламыз.

    Өзіңіз ойлап қараңыз, Сіздің тек қана менің пікірім дұрыс деуіңіз кімнің ақылына сияды? Елдің бәрі тек қана сәләфтар осылай ойлайды деп жүр ғой.

    • #57
    • 57
    • бн, 29/09/2016 - 21:02

    42 (Қыр қазағына) онда мына сөзіңіз не? "Оның үстіне Бекет Атаға, басқаларға табыну Аллаға ширк қосуға жатпай ма?...)

    Қазақ халқы ешқашан ешбір әулиені Алла мен теңестірген емес. Қазақ халқы Бекет атаны Алланы өздерінен артық сүйгені үшін, ұрпағына үлгі болғаны үшін сүйеді.

    Қазақтар тірі де Атасы мен Анасын, марқұм болғасын олардың аруағын силайды. Тірі кезінде де сірә тірілей, марқұм болғасын олардың аруағынан да медет күтеді. Онда да тұрған еш жамандық жоқ. Қазақ болатын болсаң "Өлі жебемей, тірі байымайды" деген сөзді естіп өскен боларсың.

    Адам баласы әкесі мен шешесінен, атасы мен әжесінен тірісінде де, өлісінде де көмек күтсе оның несі айып, оның несі шірік. Сіздің "ширк" деп жүргеніңіз қазақтың осы сөзі ғой.

    • #58
    • Әбдияр
    • жм, 30/09/2016 - 14:18

    Есіңде жақсылап сақта. Қазақтың Ата шежіресін танбай зерттеп, қорытындыларын көппен бөлісіп келе жатқан Қожырбайұлының жағасына жармасқаның Ру мен Атаның жағасына жармасқаның болып табылады.

    • #59
    • Қыр қазағы
    • сб, 01/10/2016 - 14:12

    Тарихты ойына келген өтірікпен қиыстырып жазуға болмайды Қожырбайұлына да, басқаға да! Ғабит Мүсірепов айтқан:"Қиянаттың ең үлкені-кітапқа түскен өтірік",-деп. Сондықтан ойдан шығарып, тарихты бұрмалап, жұртты адастырып кітапсымақтар жазуға болмайды. Ол екі дүниеде де кешірілмейтін аса үлкен күнә екендігін ұмытпасын Қожырбайұлы дегендеріңіз!....

    • #60
    • Әбдияр
    • жб, 02/10/2016 - 13:02

    Қыр қазағы! Қожырбайұлының мына зерттеулерінің қорытындысы Сізді ойландыруға тиіс. Ол ештеңені Сендер сияқты ойдан шығарып жазбайды. Не айтса да ежелгі дереккөздерге сүйеніп жазады.

    Ол кісінің мына жазбаларын қалай жоққа шығарасың. Қолыңнан келсе байқап көр. Саған кім сенер екен. Танысып көр. Мүмкін ақылға келерсің.
    СОПЫЛЫҚ ІЛІМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

    Тарихат жолын ұстанып, сопылық ілімді меңгерген Ұлы Аталарымыздың біздерге аманаттап кеткен Ислам діні «Дәстүрлі дін» деп аталады.
    Осы «Дәстүрлі дінімізді» ұзақ жылдар бойы зерттеу барысында өзімнің көз жеткізген дүниелерімді Сіздермен бөліскенді жөн көрдім.
    Негізгі ұлы діндердің бәрі қазіргі қазақтың ата-бабаларының арасында дүниеге келген, ең алғашқы Алланың хақтығын танып, дін деген ұғымды дүниеге әкелгендер солар. Өзге елдердің дініне «дәстүр» деген сөздің қосылмайтыны осыдан.
    Аталарымыздан аманатқа қалған мұсылмандықтың бес парызын сақтай отыра, ата-бабаларымыз ұстанған тарихат жолымен жүру, соны ұстану, өзге дінге өтпеу, жат ағымға ермеу, ата-бабаларымыздың өлі де аруағын, тірі де өзін сыйлау, әулиелерді құрметтеу, ұрпақ қамын ойлап, артыңа ұрпақ қалдырып, оны мұсылмандыққа тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен тарихты дәріптеу, тіліңді жоғалтпау, ұрпаққа үлгі болу, Атамекенді сүйіп, туған жеріңді көзіңнің қарашығындай қорғау. Ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен үндесіп, қабысып кеткен Ислам діні, яғни дәстүрлі дініміз қазақ мәдениетінің алтын діңгегі болып табылады. Аталарымыздың «Дін діңгегің» дейтіні осыдан.
    Тарих тағлымы: Діңгегі әлсіз заттың да, діңгегі (діні) әлсіз елдің де өмір жасы ұзаққа бармайды.
    Түсініктеме: «Тарихат» деп аты айтып тұрғандай, бұл жол Ата-бабаларымыздың өткен тарихын зерттейді. Бұл ілім: Сопылық ілім, Хал ілімі, Ар ілімі, Хақ ілімі деп те атала береді. Бұл бүткіл жер бетіндегі Адамның жан дүниесін зерттейтін жалғыз ілім. Жер бетінде бұған тең келетін ілім жоқ. Себебі, өзге діндердің бәрі адамзатқа кітап арқылы жетсе, бұл ілім адамдарға жан-жүрегің арқылы жетеді.

    Қазақ даласының, яғни Алтын Орданың исламдануы Х1Ү ғасырдың бірінші жартысында Тоқтыдан кейін таққа отырған Тоғлық Темірдің Өзбек хан (1312-1342) мен оның ұлы Жәнібек хан (1342-1357) тұсында толық аяқталды.
    Қазақ халқы имандылықты аса қадірлейді. Имансыз адам барып тұрған есер, жауыз, қайырымсыз, көрсоқыр, қасиетсіз, яғни адамгершіліктен жұрдай адам саналады. Ондай жандардан есін білгендер көш жер қашық жүргенді тәуір көреді. Тіпті о дүниеге аттанарда да адамға: «иманың жолдасың болсын» деген тілек айтылады. Қазақта адамға берілетін ең жоғарғы баға «иманжүзді» деген аса қастерлі бір ауыз сөз бар. Осы бір ауыз сөзге бәрі сыйып кеткен.
    Ислам діні бүкіл жер бетіндегі ең жас дін. Солай болса да осы Исламды мойындаушылар бүгінгі таңда саны жағынан екінші орынға шығып отыр. Әлі де күннен-күнге көбейіп келеді. Былай қарасаң, өзге діндегі миссионерлер сияқты, мұсылман діндарлары Исламды уағыздап, әртүрлі жолдармен (іштерінде алдап-арбау, ақшамен қызықтыру, қорқытып-үркіту, т.б.) қатарына тартып та жатқан жоқ. Тіпті біле білсеңіз, мұсылманда ондайды үлкен күнәға санайды. Бірде-бір таза мұсылман діндарлары өзге діндегілерді мұсылман болуға уағыздамайды. Неге бұлай? Бар мәселе Алланың хақтығында және оның елшісі Мұхаммед пайғамбар арқылы Құранның бізге жетуінде.
    «Құран» деген сөздің өзі «оқу» деген мағынаны білдіреді. Алла тағаладан Мұхаммед арқылы бірінші түскен Алақ сүресінің өзі «оқы» деген сөзден басталады:
    «Жаратқан иенің атымен оқы! Адамды ол ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің тәңірің – ең жомарт! Ол қаламмен жазу үйретті. Адамдарға білмегенін білдірді» (Құран Кәрім, Алақ сүресі. 1-5 аяттар).
    Алла тағала адамзатты он сегіз мың ғаламның қожасы, иесі етіп жарата отырып, бұларды игеруге шақырады. Құран Кәрімде көрсетілген табиғи құбылыстар, әртүрлі ағымдағы ілімдер, көзқарастар, ойлар адамдардың ғылымды игеруінің нәтижесінде химия, физика, математика, астрономия, биология, тағы сол сияқты ғылым салалары болып бөлінген. Ислам дінінің бір ғана Орта Азия мен Қазақстанда орнығуы осы өлкелерден дүниежүзіне танымал Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри, Әбуали ибн Сина (Авиценна), әл-Бируни, Фердауси, Низами, Жүсіп Баласағұни, т.б. көптеген ғұлама-ғалымдардың шығуына жол ашты.
    Бүкіл әлемде өзге діндегі сан мыңдаған ғұлама-ғалымдар мен оқымыстылар, әдебиет пен өнер қайраткерлері Ислам дініне беріліп, Құран-Кәрімді оқып, оның таңғажайып ғибратына таң қалып, соның негізінде шығармалар жазды. Құран Кәрімнің бір аятында «Адамдарға баян еткен бұл мысалдарды ғалымдар ғана түсіне алады» делінсе, тағы бірінде «Пенделердің ішінде Алладан шын мәнінде ғалымдар ғана қорқады» делінген. (Қ.К. «Әл-Анкәбут сүресі, 43, 28 аяттар). Өмірдің қыр-сырын түсінетін жеткілікті білімі бар Құранды оқыған кез-келген адам Ислам дінін қабылдайды, деп жазды француз академигі Морис Букас. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой да қартайған шағында «Кез келген саналы адамның соңғы табан тірейтін жері - Ислам» деп ой қорытып, Ислам дінін қабылдағанын көбіміздің біле бермейтініміз анық. Лев Толстой әлемдік бес ұлы дінді өмір бойы зерттеп өткен ғұлама-ғалым адам. Ол жайлы Имам Валерия Порохова былай деп жазады. «Лев Толстой «Мені дін мұсылман санаңыздар» деген сөзін Құранды оқығаннан кейін айтқан. Ұлы жазушының мұсылмандық ғұрыппен жерлегенін білесіз ғой? (Павел Басинскийдің жақында жарық көрген «Лев Толстой: бегство из рая» кітабында жазушының жер қойнына тапсырылған шағын суреттеген тұста «Тело Л.Н. положили в дубовый гроб, без креста на крышке», «Толстого хоронили, как он и завещал, «без церковного пенья, без ладана», «без торжественных речей» деген сөйлемдер бар. Бұл қаламгердің христиан дініне сай жерленбегенін көрсетеді. Қазір бүкіл әлемде исламның өте қуатты экспансиясы бой көрсетіп отыр. Иә, интеллектуалдық экспансиясы. Адамдар имансыздықтан, ақшаның соңына түсуден, ұдайы көңіл көтеруден шаршап бітті. Адамдар парасаттылықты, тазалықты іздейді. Ал оның бәрі исламда тұнып тұр. Исламда жаратқан Ие мен адамның арасында бітістіруші, келістіруші, шын мәнінде делдал тұлға жоқ. Мұнда өзге діндегідей жасарыңды жасап алып, жексенбі күні күнәңді шіркеудегі діндардың кешірімімен жуып-шайып кете алмайсың. Исламда әр күнә үшін жауап беріледі. Ол үшін тәубаға келу аздық етеді, жасаған жамандығыңның орнын жақсылық жасаумен ғана толтыра аласың» («Егеменді Қазақстан» газеті. 24 қараша 2010 жыл). Тере берсек мұндай мысалдар шаш етектен.
    Ол ол ма? Әлемге әйгілі ағылшын ғалымы, дін зерттеуші Ричард Белл былай деп жазды: «Еуропа үлкен құлдырау жолында тұр. Салтанатты сарайлардың саясында жан күйзелісі, ақылдан адасу, өзіне қол салу, ұятсыздық, нашақорлық, маскүнемдік, әйел зорлау, қарақшылық, әр түрлі жыныс аурулары ақылға сыймастай өте көп мөлшерде қозып жатыр. Адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сенімі жоғалды. Өлім үрейі барлығының жүрегін толықтай жаулап алған. Отбасының бірлігі бұзылып, мүшелерінің арасындағы байланыс үзілген. Мемлекет басшылары бұл жағдайдан шығудың жолдарын таба алмай дал болуда. Зиялы қауым рухани жұтаңдықтан әрекетсіз. Еуропаның алдында жалғыз жол тұр. Құтылудың жалғыз жолы – Ислам жолы. Басқа таңдау жоқ?»
    «Сонымен біз Исламда қалуға тиіспіз... Мен бұған басқа ештеңе қоса алмаймын» (Иоганн Гете).
    Меніңше бұған ештеңені алып-қосып, түсінік берудің қажеті болмаса керек. Біздің көптеген жастарымыз еліктеп жүрген АҚШ, батыс мәдениетіне сол елдің атақты ғалымының аузымен өте салиқалы да, әділ бағасы берілген. Ал біз қолда бар алтынымызды бағалай алмай, өзгенің тот басқан теміріне қызығып жүрміз.
    Сол сияқты Құран туралы кейбір Қазақстандық атеистердің ішінде оны тілі жұтаң және қисынсыз құрастырылған деп, қасиетті кітаптың ішіндегі жайлардың терең мазмұнын талдап оқымай-ақ теріс баға беретіндері кездесіп жүр. Мысалы, Х.З.Ақназаров: «Құран тіл байлығы өте кедей, ертедегі араб тайпасы – куфа тілінде, түсініксіз қара сөзбен жазылған» деген пікір айтты. (Ислам діні және өмір шындығы. – Алматы, 1977ж., 18 бет). Тағы бір ғалым-атеист: «Құран - әр тұста жазылған, түрлі авторлардың діни көзқарастарының жиынтығы. Оның мазмұнының шым-шытырық, бір-бірімен байланыссыз болуының себебі де міне осында. Құранда айтылатын уағыздарда реттілік, қисынды байланыс жоқ, былайша айтқанда, діни жорамалдар қалай болса солай, құрастырыла салған» деп жазады А.Сұрапбергенов. (Ислам дінінің редакциялық мәні, Алматы, 1979ж., 20 бет).
    Осылайша жер бетіндегі адамзат баласына түскен қасиетті Құранды жоққа шығарушылар оның Алла тарапынан келген, Құдайдың сөзі екенін жоққа шығарып, «Құранды әлдебір адам қолымен жазды» деген пікірлер айтып жүр. Ал, шындығында, Құранды қолға алып, зер салып оқыған адам, оның шын Құдай сөзі екенін бағамдары хақ. Осы Құранның тағы бір кереметін ғалымдар анықтап отыр. Ғалымдар Құранның сырын білу мақсатымен оның аяттары мен сүрелерін қаз-қатарынан тізіп, олардың ұштасатын жерлерін қосып, қандай таңба шығатынын байқап көрмек болады. Нәтижесінде ырасымен де адам баласы таңданарлықтай «Аллаһ» деген жазу шыққан. Ақылы шектеулі адамның, бүкіл Құранды осылай құрастырып жазып шығуы мүмкін бе?! Ендеше Құранның Алла тарапынан келгені де ешқандай дау тудырмауға тиіс.
    Ислам тарихында исламтанушы ғұламалар Мұхамедтің мирасқорлары ретінде көрсетіледі. Ол ақырғы Пайғамбар болғандықтан, ғалымдар Мұхамедтің ісін алға апарушы болып саналады. Бүгінгі заманның ағымымен қарағанда ол екеуінің арасында айырмашылық жоқ. Ғылымы дамыған елдердің өркениетке жетіп жатқандығын әлемнің алдыңғы қатарлы көптеген мемлекеттерінің тұрмыс тіршілігінен бағамдауға болады. Ислам ғалымдары мұсылманшылықтың бес парызын өтеумен ғана шектеліп қоймай, әлемдік деңгейдегі алуан түрлі ғылымдардың дамуына алғашқылардың бірі болып жол салғандығын тарихи деректер дәлелдеп отыр.
    ХІІ ғасырға дейінгі Шығыс халқының ғылымы көптеген басқа шетелдерге үлгі-өнеге боларлықтай сатыға көтерілді. Сол өскелең өнер – ғылымның биік өрісін, Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген, қазақ ғұламасы әл-Фараби бабамыздың еңбектері әлемге паш етті. Оның «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдардың шығуы», «Мәселелердің түпкі мазмұны», «Жұлдыз бойынша болжамдар», «Вакуди туралы трактат» атты еңбектерінің және Платон, Аристотель, Птолемей, Порфирий шығармаларына жазған түсініктерінің маңызы өлшеусіз ерекше болды. Тіпті ұлы бабамыз ауа қысымын зерттеген италиялық ғұлама Торигеллиден бірнеше ғасыр бұрын ауа қысымын өлшейтін құралдар жасап, ғылыми тәжірибелерін жүзеге асырған.
    ХІІІ ғсырдан бастап Ислам ғалымдарының көптеген еңбектері латын тіліне аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тарады. Бұлардың ішінде әл-Фарабидің музыка, философия, оптика, геометрия, астрономия, медицина салаларына арналған ғылыми шығармалары болды.
    Ғылыммен айналысқан ғалымдар, оқымыстылар Исламнан басқа діндерде, әсіресе Батыс елдерінде көп қуғынға ұшыраған, тіпті өлім жазасына да кесілгендері болған. Мысалы, жердің дөңгелек екенін айтқан Италия ғалымы, философ Джордона Бруно ХVІ ғасырда шіркеу сотының үкімімен «күнәкар» деп жарияланып, тірілей отқа өртелген.
    1589 жылы 25 жасында Пиза университетінің профессоры атағын алған ұлы ғұлама Галилео Галилей жердің айналатынын дәлелдегені үшін шіркеу сотына берілген. Осы сотта ол жердің қозғалмайтынын мойындаймын деп жазылған қағазға зорлықпен қол қоя тұрып, «бірақ ол сонда да қозғалуда» дегені үшін Римдегі христиан сотының шешімімен үш жыл зынданға қамалған, қалған өмірін соттың бақылуында өткізген. Галилей 1642 жылы қайтыс болғанда, шіркеу оны христиан мазарына жерлетпей қойған.
    Сол сияқты испандық философ Липель Сервет қан айналысын зерттегені үшін ХVІІ ғасырда тірідей отқа өртелді, ал орыс патшасы Иван Грозныйдың дәрігері адамның мүше құрылыстарын зерттеу мақсатында өлікті сойғаны үшін дарға асылды.
    Ислам діні мен дүниетану ғылымы мың жарым жыл бойы бір-бірімен ажырамай қатар дамып, Қасиетті Құран Кәрім өзінің құпиясымен әлі де адамзат баласын таңдандырумен келеді.
    Қазіргі өркениетті дәуірдің өзінде де Құран Кәрімдегі кейбір аяттардың ғылыми сыры толық ашылмай жатыр. Мысалы, Алла тағала бір аятта: «Ей, екі топ (адамдар мен жындар тобы)! Егер сендер (Алланың бұйрығынан қашып) аспан мен жердің шекарасынан өтіп кете алсаңдар, өтіп байқаңдар. Ол үшін төтенше қуат керек (ол қуат сендерге қайдан келсін?)» (Рахман сүресі, 33 аят) деген екен. Ал осы аяттың мәні бүгінгі заманда ғана анықталды. Өткен ХХ ғасырда түрлі ғылымдар бірігіп, күш қуаттарын бір орталыққа бағындырып, ғылыми ізденістер жасауының арқасында қуат көзі табылып, адамзат ғарышқа ұшуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ жеті қабат жер астынан пайдалы қазбалардың кені ашылды. Ал, енді «жындар тобына» келсек, бұл ғаламда адамзат жалғыз емес, бұл дүниеде бізден де басқа «параллелль» өмір бар дегенге саятын сияқты. Бұған көз жеткізу әрине келешектің ісі.

    ХІІІ ғасырдың басында ағылшын елінде тас көмірдің иісі жаман, әрі түтін шығады деп қолдануға тыйым салынған. Біздің бабамыз Махмуд Қашқари «Диуаны Лұғат от-Түрік» атты еңбегінде көмір туралы мағлұматтарға тоқтала келіп, түрік елдерінде көмірдің жиі пайдаланатынын айтады. Ол жөнінде Құранда «Барлығын жаратқан, оларды әдемі мүсіндеген, бәріне пайдалы жол көрсеткен, кең жайылымдар жасаған, кейін қуратып, қоқысқа айналдырған Тәңірдің есімін ардақ тұт.» (Әғла сүресі, 2-5 аяттар). Құран тафсирлеріндегі түсініктемелерде Алла тағала жайылымдарда әр түрлі шөптер, ағаштар, өсімдіктер өсіріп, сонан соң бұларды қап-қара тыңайтқыштарға кейін көмірге айналдырады деп жазылған.

    Әлем ғалымдары адам баласының топырақтан жаратылғанын ХХ ғасырдың басында зерттеп, біліп, жаңалық аштық дегенде, Ү11 ғасырда түскен Құран Кәрімде адамның Дарвин айтпақшы маймылдан емес, топырақтан жаратылғаны тайға таңба басқандай анық жазылып қойылған еді.
    Құранда адамзат баласының жаратылысын дәлелдейтін бірнеше сүрелер бар. Осыларды оқып, ұғынған адамға бұл деректерге сенбеуі мүмкін емес деп тұжырымдауға болады. Бұл тұжырымдарды соңғы ғасырда ғылымда толықтай мойындады. «Адамды біз топырақтың ең асылынан жараттық (12). Одан соң оны ұрықтың тамшысына айналдырып, өте сенімді орынға (жатырға) орналастырдық (13). Одан әрі ұрықты ұйыған қанға айналдырдық. Ұйыған қанды бір жапырақ етке айналдырдық. Бір жапырақ етке сүйек бітірдік, одан соң сүйекке ет қондырдық, оған (жан кіргізіп) басқадай жаратылысқа айналдырдық... Аса шебер жаратқан ием (хикмет те, құдірет те) барынша ұлы (14)» (Мүьминун сүресі, 12-14 аяттар). Енді бір мезет «Зумар» сүресінің 6 аятына көңіл аударайық, онда: «Сендерді Алла әуелі бір адам етіп жаратты, сонан соң қастарыңа жұп жаратты. Сендер үшін сегіз жұп етіп, хайуанат берді. Ана құрсағында сендерді бір түрден екінші түрге (тұлғаға) ауыстырып, соның бәрін үш қараңғылық (құрсақ, жатыр, қағанақ) ішінде жетілдірді. Сендердің Тәңірлерің, әне, сол Алла. Патшалық (тек) соған лайық, одан басқа ешқандай Тәңір жоқ. Ендеше, неге теріс бағасыңдар?» деген Алла тағаланың хақ сөзі бар.
    Бір америкалық Нобель сыйлығы лауреатының: «Егер мен Құранды осыдан 20 жыл бұрын оқығанымда Нобель сыйлығын осыдан 20 жыл бұрын алар едім» деген. Эмбриология бойынша еңбегі үшін Нобель сыйлығын алған канадалық Кейт Мор Жаратқан иеміз сонау Ү11 ғасырдың өзінде Сауд Арабиясының құмды даласында, микроскоп та, ультрадыбыс та жоқ кезде эмбриология құпиясын пайғамбардың аузына салғанына қайран қалады. Құранда бала үш қабатты қапаста өсетіні айтылған. Микроскоп пен рентген шыққан кезде ана жатырының үш қабатты екендігі анықталды емес пе?!

    Осы жерде бір айта кететін нәрсе – Құран Кәрімде қаны жақын адамдардың бір-біріне үйленуіне шек қойылғаны хақында. Бұл мұсылмандарға тектен-тек айтыла салған уәж емес. Ислам діні жан тазалығы мен қан тазалығына ерекше мән берген. Бұдан дүниенің табалдырығынан аттайтын жас ұрпақтардың дені сау, ақыл-есі бүтін, түр-тұлғасы көрікті болуына баса назар аударғанын байқаймыз. Ал, қан тазалығына, яғни генетикаға байланысты жаңалықтар кешегі өткен ғасырдың басында ғана ғалымдарға белгілі болған.
    Құран Кәрімде мұнайдың (қарамайдың) жаратылуы хақында нақты дәлел келтірілген: «Ол, Алла жайылымдарды шығарды, сонан соң оларды қап-қара сел суына айналдырады!» деген аятта мұнайдың жаратылуы өте түсінікті және анық көрсетілген. Қазіргі ғылымда да мұнайдың пайда болуын дәл осылай баяндайды. Сан миллиондаған жылдар бұрын жер шарын қалың ағаш желектері жауып тұрған, осы жасыл желек орасан мол мөлшерде оттегін шығарып, атмосфераны толтырған, сонан кейін ғасырларға ұласқан күшті зілзаланың салдарынан ағаштар жер астында қалған және миллиондаған жылдар өткенде мұнайға айналған. Алладан келген жаңағы аятта мұнайды қара су емес, қара сел суы деп атайды. Өткен ғасырдың аяғында ғана бірнеше ғасырлар бойы жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижесінде мұнайдың жер қыртыстары арасында сел болып ағатыны дәлелденді. Бұл ғылыми жаңалық Алла тағала тарапынан адамзатқа жіберілген Құранда осыдан он төрт ғасыр бұрын айтылған.

    Дүние жүзіне әйгілі су астын зерттеуші ғалым Кусто зерттеулері кезінде таңғажайып құбылыстың куәсі болған. Атлант пен Тынық мұхитының ұштасқан жеріне келгенде, бұл екі мұхиттың араларын көрінбейтін перде бөліп тұрғанын, бірінің балығы екіншісіне өтпейтіндігін байқайды. Тіпті бірінің суы ащы болса, екіншісінікі тұщы және бір-біріне араласпайды. Осы құбылысты көріп, «жаңалық аштым» деп жар салғанда тағы да Құран аяттары бұл жаңалықтың осыдан он төрт ғасыр бұрын жарияланып, жазылып қойылғанын көрсеткен.

    «2001 жылғы 11-қыркүйекте АҚШ-та орын алған оқиғаны шын мәнінде кімдер жасағаны әлі күнге күмәнді. Ал сіз осы оқиғанының 14 ғасыр бұрын қасиетті Құранда айдан анық айтылып қойылғанын білесіз бе?
    Қасиетті Құранның 11-парасы, 9-сүресінің («Тәубә» сүресі) 110-аятында «Олардың салған құрылыстары, жүректері быт-шыт болғанға (өлгенге) дейін үнемі көңілдерінде күдік болған бойда қалады. Алла толық білуші, хикмет иесі». Мұны біз Халифа Алтай аударған Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігінен алып отырмыз. Мұны ауызекі тілде түсіндірсек, былай: кәпірлердің салған ғимараттары қирайды, бірақ оны кім қиратқанына олар өлгенше күмәнданып өтеді» болып шығады.
    Бір қызығы, бұл «Тәубә» сүресі 2001 әріптен (арабша) тұрады. Яғни 2001 әріп 2001 жыл, 9-сүре 9-ай, яғни қыркүйек айы, ал 11-пара 11-қыркүйекті білдіреді. Ал 110-аят Нью-Йорктегі 110 қабатты құлап-қираған ғимаратты айқындап тұр...
    Міне, Құранның ғажайып ақиқатының миллионнан бір бөлшегі. (Т.Тәшенов «14 ғасыр бұрын айтылған ақиқат» 27.02.2016 жыл "Айқын" газеті).

    «Нигерияның батыс оңтүстік аумағы Лагос облысының тұрғыны 32 жасар Киклемо Илори жуырда босанған еді. Сәби ана құрсағынан туылғанда алақанында Құран Кәрім кітабын ұстап туған, деп жазады muftyat.kz сайты Намыс.кз-ке сілтеме жасай отырып.
    Елдімекендегі әйелдер дәрігері Тавак: “Біз өте таң қалдық. Бала қалайша Құран кітабын ұстап туғанынан анасы да бейхабар. Біздің пайымдауымызша, Киклемо Илори жүкті болудан бұрын Құран кітабын байқаусыз жұтып қоюы әбден мүмкін. Бірақ тамағында қалды десек ана құрсағына Құран кітабы баруы мүмкін емес. Сондықтан бізді таң қалдырып отыр” дейді.
    “Баламды 10 ай көтердім, сол уақытта қолында сыртқы затты алақанында ұстағаны маған еш білінген емес”,- дейді Киклемо Илори. Ата-анасы баласына Устадз Абдуль Рахман деген ат қойыпты.
    (27.07.2012 жыл «Нұр Кз» газетінде (https://www.nur.kz/225289-nigeriyada-nereste-kolyna-kyran-ystap-tudy.html) жарық көрген).

    Осы заманғы аппаратура қолға тигеннен кейін ғана геологтар таулардың тұтас тұрқының он бестен бір бөлігі ғана жерден көтеріліп тұратынын білген. Ал Құранда Алла атынан Жерді жаратқаны, оны таулармен бекітіп қойғаны, былайша айтқанда, таулар жердің зәкірі сияқты екендігі жазылған.

    Орыстың аса көрнекті ғалымы Андрей Лапин исламды қабылдау үшін Құрандағы әр өсімдік пен әр жан-жануардың өзінің биоөрісі болатыны айтылған бір аяттың өзі жетіп жатыр деп санайды. Ал биоөріс тек кейінгі кезде, молекулярлық биологияны зерттеу барысында ғана ашылған жаңалық болатын.

    Өткен жиырмасыншы ғасырдың аяғында әлем ғалымдарымен толықтай мойындалған тұжырымда (бұл тіпті соңғы жылдары 9 сыныптың оқулығына да енген), нейтронды жұлдыздың (жұлдыздың термоядролық реакциясы тоқтап, жану процесі сөнгенде, орасан күшпен, жылдамдықпен ішіне қарай жиырылып сығылуы, қара құрдымға айналу процесі) тығыздығы 10 68 т/см3 деп көрсетілген. Ғарышта сөніп жатқан жұлдыздар тіркелуде. Жұлдыздар сөнгенде өз массасын ортасына қарай алапат күшпен қысады. Егер осындай күшке жер тап болса, радиусы 1см3 шарға айналар еді. Нейтронды жұлдыздың тығыздығы шексіздікке қарай өсуде.
    Ғалымдардың болжамы бойынша ғаламда 200 млрд галактика бар, әр галактикада 200 миллиардтай жұлдыз бар көрінеді, сонда бұл 4.1022 (төрт жүз квинтиллион) жұлдыз бар деген санды білдіреді.
    Жарықтың жылдамдығы 300 мың км/сек екендігін ескерсек, шартты түрде бір нүктеден жіберілген жарық бір жылда 10 трл км жолды жүріп өтеді, бұл бір жарық жылы деп аталады. Қазіргі заманның есебі бойынша ғарыштың бір шетінен екінші шетіне 10 мың жарық жылы жүріп жете алмайтын көрінеді. Міне, осындай ғаламда, бірлі-жарым сөніп жатқан жұлдыздар нейтронды жұлдыз болып тіркелуде.
    Егер біздің күнді орташа жұлдыз десек, күннен ондаған-жүздеген есе үлкен жұлдыздар бар делінуде. Біздің күннің диаметрі 1 млн 300 км екені белгілі. Осыған сүйене отырып, егер, диаметрі 5 млн. км жұлдыз сөнсе, онда диаметрі небәрі 10-15 км шар болып, нейтронды жұлдызға айналған болар еді. Мұндай, өте тығыз нейтронды жұлдыз айналасындағы заттарды өзіне үнемі жұтады да отырады. Қара құрдым (черная дыра) дегеніміз осы.
    Жерде зат төрт күйде болатыны белгілі, олар қатты, сұйық, газ және плазма түрінде. Ал, ғарыштағы сөнген жұлдыздың күйі, сингулярлық деп аталады (бұл бесінші күй, қарақұрдым, латыншасы пульсара). Осыдан сингулярлық күйде ядролық заттар бірігіп, сығылып, нейтронға айналып кетеді. Ал, нейтрон дегеніміз электрлік бейтарап элементар бөлшек, заттың атомының ядросында тұрғанда салмағы протонның салмағына тең. Нейтрон жеке тұрғанда бірнеше минут қана өмір сүреді. Ол заттың ядросында протонмен қатар тұрғанда ғана ұзақ тұрады. Егер, протон оң зарядты десек, электрон теріс зарядты, ал нейтронның заряды болмайды, бейтарап күйде болады. Бейтарап элементтер бөлшектердің табиғаты белгісіз, әлі зерттелу үстінде.
    Демек сөнген, нейтронды жұлдыздың тығыздығы дегеніміз, шамамен біздің жердің массасын сығып, оймаққа сыйдыру деген сөз.
    Енді, Құран кәрімге жүгініп көрейік. Бұл сұрақтың жауабы Құран кәрімдегі «Иасин» сүресінде былайша берілген. 39-аят: «Айдың да тұрақты орнын белгіледік. Кәрі құрманың қураған бұтағындай болғанға шейін ол аспанда кезіп жүреді». Бұл аяттың мағынасына үңіліп, қураған бұтақты қаламсапқа теңесек, қаламсаптың өлшемі 1 см³-ке шамалас.
    Бұл жағдай қазақтың ежелгі шежіре-дастандарын да Алла тағала 18 мың ғаламды «тарының қауызына» сыйдыра алады деп тұжырымдалған.

    Ұлы ғұлама ибн Синада Алла тағаланың құдіретіне ешбір шек келтірмеген. Өз еңбектерін: «Алла тағаланың атымен бастаймын! Бар мадақ әлемді билеуші Аллаға оның пайғамбарларына жарасады» деген сөздермен бастап отырған. Мәселен, «Нәжат» атты кітабында су мен ауа қысымдары ғылыми тұрғыда зерттеледі және соған байланысты нақты мәліметтер келтіріледі. Осы зерттеудің қорытындысының Құран Кәрімдегі Әнғам сүресінің 25 аятымен тығыз байланысты тұрғанын байқауға болады. Аятта былай делінген: «Кімді дұрыс жолға салғысы келсе, Алла оның көкірегін Ислам үшін кең ашады. Ал кімді аздырғысы келсе, оның көкірегін тарылтатыны сонша, (илану) олар үшін көкке шығудан да қиын сезіледі ...» (Құран Кәрім, Әнғам сүресі, 125 аят).
    Енді Құран аятының кереметін қараңыз: қазіргі ғылыми тәжірибелердің дәлелдегеніндей, әр жүз метр биіктікке көтерілген сайын ауаның қысымы да бір градусқа азайып, яғни тыныс алу қиындай түседі екен. Мысалы, 15-16 мың метр биіктікте ауа қысымы төмендеп, қан қысымы жоғарылайтындықтан қан тамырлары жарылып кетуі, ал 22 мың метр биіктікке көтерілгенде кеуде тарылып, оттегінің жетіспеуінен адам өліп кетуі мүмкін көрінеді. Мұхаммед Пайғамбардың өмір сүрген аймағында мыңдаған метрге жететін таулардың болмағанын, оның жазық шөлді далада туып өскенін ескерсек, онда осы мәліметтің оған Алла тағаланың тарапынан жіберілгенін мойындамай тұра алмаймыз. Демек, Құран Кәрім – Мұхамедттің сөзі емес, жаңағы аятта айтылғандай, бұл қағидалар Алланың өзінен болғанына шүбә келтіруге болмайды.

    Жиырма бірінші ғасырдың басында діннің саясаттануы қатты күшейіп кетті. Саясат деген өтпелі нәрсе. Демек, дін әу бастағы тазалығын сақтап тұруға тиіс. Дін саясаттанған жерде ол қолы лас, жаны лас адамдардың құралына айналмай қоймайды. Қазір мұсылмандардың талайы билікке моральді аяққа таптаған, рухтан безінген адамдар келген мемлекеттерде өмір сүріп жатыр. Террорлық актілерді ұйымдастырушылардың мұсылман елдерінен көп шығып жүргені бүкіл исламның жақсы атына кір келтіруде. Исламдық құндылықтар деформацияға ұшырағалы бері де біраз уақыт. Мысалы, Ауғаныстанда дін ислам бар деп айтуға бола ма? Жаратқан иеміздің құранды пайғамбарымыздың құлағына құйғандағы бірінші «Оқы!» деген сөз. Ал тәлібтер кітапқа тыйым салды.
    Дәстүрлі құндылықтардың құлдырай бастағанының бір белгісі – фитна. Мойынсұнбау, бүлік, бұлғақ атаулының бәрі – фитна. Радикальді мәзһабтың негізін салған Ибн Ханбал діннің діңгегін шайқап, қоғамдық моральды бұзатын ең алдымен осы фитна деген. Ол тіпті нашар биліктің өзі фитнадан жақсы деген.
    Жалпы, ислам барынша бейбіт дін ретінде қан төгудің қандай түрін де айыптайды. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) даналығына құлақ салсақ, бір хадисте егер екі мұсылман бір біріне семсер сілтессе, онда өлген адам да тозаққа барады делінеді. Пайғамбарымыздан: «Жарайды, өлтірген адам тозаққа барсын, ал өлген адам неге барады? деп сұрағанда, «ол өлтірмек ниетте болғаны үшін барады» деген.

    Құран – білімнің қайнар бұлағы. Құранда келешекте адам баласы қандай ғылыми жаңалықтар ашады, яғни Ұлы Жаратушы-Алла жасаған мынау жаратылыстың қандай құпия сырларын білетін болады, соның бәрінің жауабы жазылған. Тура математикалық есептердің жауабы сияқты. Ғалымдардың шамалауынша, қазірге дейін Құран мәтінінің небәрі 10 пайыздайының ғана мәні ашылған, қалған 90 пайыздайы өз уақытын күтіп жатыр. Қазіргі ғалымдардың жаңалық аштық деп, жар салып жүргендерінде олар ашқан жаңалықтарының жауабы Құран Кәрімде жазулы тұрғаны, ғалымдарды таң қалдыруда. Солардың барлығы Ислам дінін қабылдап жатыр. Бұның да жауабы Құранда күні бұрын көрсетілген. Онда Мені ең бірінші болып ғалымдар мойындайды, менен ғалымдар ғана қорқады делінген. Құран Кәрімде Алла тағала Адамды жаратқалы бергі олардың бастарынан өткен жақсылығы мен жамандықтары жайлы айқын баяндай отыра олардың өмірінен әртүрлі мысалдар келтіреді. Демек, Құран тұнып тұрған тарих. Бұл дегенің «тарихатқа» жүгінбей бұл киелі кітаптың сыры адам баласына толықтай ашылмайды деген сөз. Мысалы, Құранда баршамызға белгілі 114 сүре бар. Осы 114 cүренің 16-cынан басқаларының бәрінің алдына Әл (Ал, Алаш, Алшын) - 64, Әт (Ат, Ата) - 9, Ән (Ан, Ман, Ана) - 9, Әз (Аз, Қаз, Қазақ) - 4 , Әш (Аш, Ашур) - 4, Әс (Ас, Қас, Қас би) - 3, Әр (Ар, Арыс, Арап) - 2, Әд (Ад, Ада) - 1, Әли (Али, Ғали) - 1, Иа (Қиян, Иафес) – 1 деген алғашқы аталарымыздың (ру, тайпа, қауым, ел) есімдері қойылған. Бұл есімдер Құран сүрелерінің Алла тарапынан кімдерге қатысты уәхи етілгенін көрсетеді.

    Алла тағала барлық дүниені қос-қостан жаратқан: аспан мен жер, күн мен ай, ер мен әйел, өмір мен өлім, жақсы мен жаман, ақиқат пен жалған, мейірім мен қатыгездік т.т. дейтін ұғымдарымыздың бірінсіз-бірінің күні жоқ. Бірі болмаса, екіншісінің бар-жоғында біле алмаймыз. Құран Кәрімде міне осы ұғымдардың барлығының тепе-теңдігі мүлтіксіз сақталған. Мысалы:
    1. «Дүние» сөзі 115 жерде – «Ақырет» сөзі де 115 жерде кездеседі.
    2. Періштелер жайлы 88 жерде – шайтандар жайлы 88 жерде айтылып өтеді.
    3. «Адамдар» сөзі 50 жерде – «Пайғамбарлар» сөзі 50 жерде кездеседі.
    4. Ізгілік (салах) сөзі 50 жерде – Бүлік (бұзақылық (фасад)) сөзі 50 жерде кездеседі.
    5. Ібліс жайында 11 – Іблістен сақтанып, Ұлы Аллаға сыйыну жайында 11 рет айтылып өтеді.
    6. Мұсылмандар сөзі 41 жерде – Жиһад сөзі 41 жерде кездеседі.
    7. Зекет сөзі 88 рет – Берекет сөзі де 88 рет кездеседі.
    8. «Мұхаммед» сөзі 4 жерде – «Шариғат» сөзі 4 жерде кездеседі.
    9. «Әйел» сөзі 24 жерде – «Еркек» сөзі 24 жерде кездеседі.
    10. «Өмір» сөзі 145 жерде – «Өлім» сөзі 145 жерде кездеседі.
    11. «Ізгі істер» (салихат) сөзі 167 жерде – «Жаман» (сайиат) сөзі 167 жерде кездеседі.
    12. «Жеңілдік» сөзі 36 жерде – «Қиыншылық» сөзі 36 жерде кездеседі.
    13. «Махаббат» сөзі 83 жерде – «Итағат» сөзі де 83 жерде кездеседі.
    14. «Тура жол» (һуда) сөзі 79 жерде – «Мейірімділік» (рахма) сөзі 79 жерде кездеседі.
    15. «Бейбітшілік» (саләм) сөзі 50 жерде – «Жақсылық» (тайиба) сөзі 50 жерде кездеседі.
    16. «Қиыншылық» (шиддә) сөзі 102 жерде – «Сабыр» сөзі 102 жерде кездеседі.
    17. «Кесапат» (мусиба) сөзі 75 жерде – «Шүкір» сөзі 75 жерде кездеседі.

    Қорыта айтқанда, Құранды зейін қойып оқыған адам одан ғылыми ізденістерге кедергі келтіретін бірде-бір аятты кездестіре алмайды. Керісінше, көптеген аяттар Алла тағала жасаған нәрселердің бәрі адамзат игілігі үшін зерттеуге мүмкіндік беретін ғылыми қағидаларға толы. Тарихта ешқашан Ислам мемлекеттеріндегі ғалымдардың еркін ойлауына қарсы болатын, зерттеулері мен жаңа нәрселерді ойлап табуына тыйым салатын оқиғалар болған емес. Қашан да ғалымдарға рухани жағынан сый-құрмет көрсетіліп, олардың қоғамдық ортадағы мәртебесі жоғары деңгейде бағаланып отырған.
    «- Иә, рухы мықты адам өзін-өзі сендіру арқылы көңілде жүрген өкпе-араздықты, ренішті, уайымды өшіріп тастай алады. Көңілдің кірін тазаламай тұрып, емделем деп ойлаудың өзі бос әурешілік. Жанды емдемей тұрып, тәнді емдеу мүмкін емес.
    - Бұл жайында нақты кеңес беретін кітаптар бар ма?
    - Әрине бар. Басқаны былай қойғанда, орта ғасырда өмір сүрген ұлы бабаларымыз Әбу Әли ибн-Сина өзінің «Китаб әл-Қанун фиттиб» («Медицина заңдары туралы кітап»), Әбу Райхан әл-Бируни – «Хикметтер» («Даналық сөздер», Қожа Ахмет Йассауи – «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы»), «Мират-ул Құлуб» («Көңілдің айнасы») деп аталатын кітаптарында жан тазалығына жету жолдарын егжей-тегжейлі сөз етеді. Мәселен Қожа Ахмет Йассауи ар-ождан, рух, жан тазалығына жету жолында әрбір адам міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Бұл сатылар «шариғат», «тарихат», «мағрипат», «хақиқат» деп аталады. Бұл философиялық ұғымдардың мән-мағынасын «Ақыл кітабын» мұқият оқу арқылы ғана пайымдай аласыз» (Бұл жазушы Немат Келімбетовтың «Таң-Шолпан, 4-2006» жорналында жарияланған «Ұлыма хат» атты эссесінен алынған үзінді. 64 бет).

    Қазақ та бұл сатылардың бәрі бір ғана жиынтық атаумен Сопылық ілім деп аталады. Шын мұсылман деген – софы деген сөз. Исламнан софылықты бөліп алып қарау адамның кеудесінен жүрегін бөліп алып қараумен тең. «Барлық діннің тамыры бір, бірақ фурағасы (шариғаты) бөлек» деген. Софылық – пайғамбарлардан бері келе жатқан жүректің ілімі. Пайғамбарымыз айтыпты: «Ақырдың алдында менің дінім 73-ке бөлінеді, оның біреуі ғана хақиқат» деп. Қазір біз дәл сол кезеңге тап келіп тұрмыз. Көп ұзамай тұман айығады, күмән сейіледі. Дін қалпына, дүние орнына келеді. Діннің мақсаты – адамның жүрек көзін ашу.

    Манқыстаулық ақын Сәттіғұл Жанғабылұлы атамыз былайша толғанады:
    «...Әнбиялардың ақыры
    Расулы Мұхаммед
    Абзалы артық нұр өткен,
    Артынан келіп төрт имам
    Шариғат жолын күзеткен,
    Пәруәр пірдің басшысы
    Қожа Ахмет Яссауи
    Түркістанда бұ да өткен
    Туына жұртты түнеткен
    ...Айтқаны зікір-салауат
    Қашсын деп шайтан маңымнан.
    ...Пірлерден ізгі дұға алып
    Жамағаттар, құралып
    Ораза, намаз тұталық
    Ақиқат Хақтан сұранып,
    Құдай жалғыз, Құран шын,
    Ақиқат рас ол анық.
    Ахиретті ойламай,
    Ақылы қысқа пендеміз
    Дүниеге жүрміз жұбанып.
    ...Хазіреті ишандар
    Шариғат айтқан тыңдатып,
    Азаннан тұрған ыңлатып,
    Тағлым, таспих, салауат,
    Зікір айтқан түн қатып.
    ...Пайғамбар айтқан Хадисте:
    «Құрметтесең ғалымды
    Сүйікті маған үмбет» деп,
    Мойнымызда әртүрлі
    Ойласақ, борыш міндет көп.
    Шарғыда баян етулы –
    Ең әуелі пендеге
    Иманды дұрыс білмек деп,
    Парыз дейді ғалымға
    Бұқараға көрсетіп
    Шариғат жолын үйретпек.
    Алладан келген хабар бар:
    Әмірімді істемей
    Тәрк етсеңіз, махшарда
    Тартарсың ғазап-бейнет» деп.
    Астана халық ішінде
    Білімге терең жүйрік көп,
    Шайтан деген зор дұшпан
    Адастырып біздерді
    Басқа жолға сүйретпек.
    ...Тәуекел етіп Тәңірге
    Тарихат жолдан таймады,
    Сескенткендей серпіліп
    Шайтанға болды айбары.
    ...Ысрафил сүргін үрген күн
    Жан-мақұлық қырылмақ,
    Күнәһәрлар сол күнде
    Отқа түсер шырылдап.
    Тамұққа түсіп қалғандар,
    Шырылдап отқа жанғандар-
    Бұларды кім деп сұрасаң,
    Әмірін Хақтың тәрк етіп
    Біреудің хақын алғандар,
    Аузына харам салғандар.
    Орын алар жәннәттан
    Бірлігіне Алланың
    Ақиқат кәміл нанғандар.
    Ұжмақтан үміт етсеңіз
    Ізгіліктен танбаңдар,
    Жандарыңды шыбындай
    Өлмей тұрып қамдаңдар
    ...Бұрынғы шайхы, имамдар
    Жүргізген екен жұртына
    Шариғаттың хүкімін,
    Ұстаған діннің бүтінін.
    Тарихаттың жолынан
    Аудармай көңіл пікірін
    Қоймаған дәйім зікірін» (Сәттіғұл Жанғабылұлы «Аманат» Алматы -1996. 253-265 беттер). Сәттіғұл атамыз Тарихатты, яғни сопылық ілімді ДІННІҢ БҮТІНІ деп отыр.

    «...Осыларды үлгі еткен
    Кереметті пір де өткен.
    Жеті зікір тәмәмдап,
    Тарихат жолын үлгерткен,
    Шариғат жолын үйреткен.
    Шариғат пен тарихат,
    Ақиқатты бірге еткен-
    Мағрифатқа қол жеткен» (Ыбырайым ахун Құлыбайұлы (1886-1982).

    Бұл жол бізге: «Түркістанда түмен бап,
    Сайрамда бар сансыз бап,
    Отырарда отыз бап,
    Баптардың бабын сұрасаң,
    Ең үлкені Арыстан баптар» мен Пірлердің Пірі Құл Қожа Ахмет Иассауи және Әулие Бекет - Пір Аталар арқылы жетті.

    Ол жайлы Қожа Ахмет атамыз өзінің «Диуани хикмет» атты еңбегінде жалпы адам баласының қарапайым (ас ішіп, аяқ босатар десе де болады) адамнан кемел адам деңгейіне көтерілудің төрт сатысы болатынын, яғни ислам әлемінің төрт тірегінің үйлесім табуы қажет екенін ескертеді. Оларды ұлы ақын былайша сипаттапты:
    «...Өтті ғұмырым шариғатқа жете алмадым,
    Шариғатсыз тарихатқа өте алмадым.
    Хақиқатсыз мағрипатқа бата алмадым,
    Жолы қатты пірсіз қалай өтер, достар, - деп толғаған.
    Демек, шариғат та, тарихат та, хақиқат та мағрипатсыз (ғылым-білім) ешнәрсеге аспайды екен. Аталарымыздың айтуынша шындыққа апаратын бірден-бір жол ғылым болып отыр. «Ғылым таппай мақтанба» (Абай).

    Демек, тек «тірі жан» болмай, нағыз адам, яғни Қазақ болу үшін:
    Кәпір емес мұсылман болып, шариғатқа жүгініп, оның қағидаларын толық орындауымыз керек екен. Ата-бабаларымыз ең алғашқы Алынша ханнан бері мұсылмандықты мойындаған. Ешбір дінді мойындамайтындарды «кәпір» деп атаған. Бұл жайлы деректер Әбілғазының «Түрік шежіресінде» көрсетілген. Біздің аталарымыздың соңғы ұстанған діні баршамызға белгілі Ислам. Қазақ баласының өзге дінге, сонымен қатар дәстүрлі діннен безіп, өзге ағымдарға өтуі ата-баба жолынан ауытқығандық болып табылады және ондайлар қазақ деген атқа ие бола аталмайды.
    Осы жерде өткен тарихқа сәл шегініс жасайтын болсақ, мына көрші Ресей империясына бодан болғанымыздан кейін Кавказ сыртындағы қазақтар (Закавказские казаки), Дон қазақтары (Донские казаки), Орал (Уралские казаки) т.б. ана тілдерін сатып, дінін ауыстырып «шоқынып» кеткендіктен олар басында ел арасында «шоқынды қазақтар», қазақ-орыстар, соңынан «казактар» аталып жүрді де, кейіннен таза орыс болып шыға келді. Шоқан (Уәлиханов) айтқандай, бүгінгі кез келген оры

    • #61
    • Әбдияр
    • жб, 02/10/2016 - 13:05

    Шоқан (Уәлиханов) айтқандай, бүгінгі кез келген орыстың тегінің бетін тырнасаң астынан қазақ (татар) шыға келетіні бүкіл әлем елдерімен мойындалған шындық.

    - Ата-бабаларымыздың өткен тарихын білуіміз қажет. Қазақта бұл жайлы «Тегін білмеген тексіз», «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер, Жеті атасын білмеген құлағы мен жағын дер» делінеді. Тарих болғанда, қазіргі тарихшылардың айтып та, жазып та және ең басты мақсат етіп қойып жүргендеріндей, ұлы аталарымыздың туған немесе өлген күндері емес, олардың бүгінгі әлем мәдениетіне қосқан үлестерін және олардың аты-жөндерін біліп, сол үшін мерейленуіміз шарт. Келер ұрпақ сол ұлы аталарының ізгі істерін алға жалғастырып, олардан да асып түсуге, тіпті ең болмаса соларға ұқсап бағуға тиіс.
    Қазіргі көптеген Құран оқитындардың Құранды түсінбей жүргендерінің басты себебі олардың тарихатты мойындамайтындығында жатыр. Ал, Құран болса тұнып тұрған нағыз тарих пен ғылым. Онда адам баласының 70 мың жылғы тарихынан хабар беретін қаншама деректер келтіріліп, қаншама пайғамбарлардың, ұлы ғұламалар мен ұлы патшалардың атқарған игі істері мен есімдері аталады. Демек тарихатқа жүгініп, оны білмесең Құранды ешқашан түсіне алмайсың.
    Демек, Ата-баба тарихының жақсысын да, жағымсызын да білуге тиіспіз. Бұл бізге аталарымыз жіберген қателіктерге ұрынбай, жақсысын жалғастыру үшін қажет.

    - Құдай мен Құранды мойындамай, ата-бабаларыңның тарихын білмей адам баласының көзі ешқашан ақиқатқа жетпейді. Әрқашанда ақиқатты біліп, ақиқатқа жүгінген адам ғана Алланың сүйген құлы. «Алланың жолы ақиқат» делінетіндері де осыдан. Шындығында да, жер бетінде ақиқат пен әділетті іздемейтін адам жоқ. Тіпті өмір бойы Алланы мойындамай, адам баласына жақсылық жасап көрмеген, ең әділетсіз адамның өзі басына іс түскенде ақиқат іздейтіні кім-кімге де белгілі емес пе?! Демек, жоғарыда аттары аталған үш сатыдан (Шариғат, Тарихат, Ақиқат) өту әр бір қазақ баласы үшін парыз, міндет болып табылады.

    - Осы жоғарыда көрсетілген үш сатыдан өткенде адам баласының алдынан «мағрипат», яғни ғылым мен білімге кең жол ашылады. Адам баласы өз жанынан ғылым шығара алмайды, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезеді, көзбен көріп, ақылмен біледі. Яғни, тек қана жаратушы Алла тағалаға аян дүниелерге көзі жетеді.
    Көрсетілген үш сатыдан, яғни шариғат, тарихат және ақиқаттан өтіп барып жасалған ғылым халыққа қызмет жасайды, олардың аты ел аузынан ешқашан түспейді. Аттары әспеттеліп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мыңдаған жылдарға кетеді. Мысалы, Шопан атаны алайық, даланың жабайы аңы Архарды ең алғашында ұстап алып, қолға үйретіп, оны қойға айналдырған атамыздың аты Шопан. Сондықтанда бүкіл қазақ баласы Шопан атаны қойдың, қойшының пірі (ұстазы) деп ардақ тұтады. Сонымен қатар, Шопан атамыздың атын дәріптеп, ұмытпау үшін қой бағатын бүкіл малшы, қойшыны да шопан деп атай береді. Демек, Шопан атамыздың аты Қазақ пен оның ана тілі тірі тұрғанда өлмейді. Ал, үш сатыдан өтпей барып жасалған ғылым халыққа қарсы қызмет жасайды. Олардың есімдерін ешкімнің білгісі де келмейді және оларға қарғыс айтылады (Мысалы, адамзатты жаппай қыратын ядролық, нейтрондық, сутегілік қаруларды ойлап тапқан адамдарға қандай құрмет болуы мүмкін).
    Біздің аталарымыз осы төрт сатыдан өтіп, оларды толық меңгерген жандарды «әулие (әулеттің иесі)» деп атаған. Манқыстаудағы осындай әулиелердің саны 362.
    Ата-анамызды, бауырымызды қаншалықты құрметтеп қадірлесек, Отанды да солай қастерлеуіміз керек. «Отанды сүю-иманнан» деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисі бар. Ата дініміз Ислам Отанды сүю иманнан келетінін ашып көрсеткен. Демек, отан сүйгіш ұрпақты қалыптастыру үшін имандылыққа бет бұру уақыт күттірмес Алладан парыз болған амалды орындау. Намысымыздың температурасы жоғары болғанда, Қазақ елінде «Келін», «Тюльпан» секілді кино түсіріліп, халықаралық байқаулардан Қазақстан атынан танылып, телеарналарымызда көрермен назарына ұсынылып тамашаланбас еді. Ұялатын, намыстанатын нәрселер мақтанышқа айналып барады. Намысты қамшыламайтын бойкүйездікке, көнбістікке, бой үйрететін құндылықтар тым көбейіп барады...
    Біздер қолдағы алтынымызды бағалай алмай, өзгенің тот басқан теміріне қызығып жүргенімізде: «1995 жылы Алматыдағы «Фатима» қорының ұйымдастыруымен ораза айында ғылыми конференция өтті. Ғалым Бангладештік Мұхаммед (ислам қоғамында қызмет істеген) баяндамасында Америка мемелекеті конституциясының 80 пайызы «Құран Кәрімнен» алынған деген пікірді ғылыми түрде дәлелдеп айтты (С.Дәуітұлы «Диуани Хикмет» хақында. Алматы-1998. 94 бет).
    Демек, біз Исламда қалуға тиіспіз... Ұлы аталарымыз қолдарына қару алып қорғап қалдырған бұл жолдан ауытқыр болсақ бізге өзімізді Қазақ деп атауға құқығымыз болмайды. Аталарымыз ескі діннен ислам дініне өтер кезеңде, өтпей қалғандарды ұлты мен ұлысына бөлмей жалпылама «Қалмақ», яғни жұртта қалған ел деп атаған. Қазақ пен Қалмақ текетірестерінің басты себебі де осы. Бұл «соғыс» әлі жалғасуда.

    Соңғы 4-5 жыл шамасында Алла адамзатқа әр түрлі аяндар арқылы Хақ жолынан ауытқып, нәпсіге құл болып, иманнан безіп, азғындап бара жатқанымызды ескертуде. Оған жаңа туған қозыға, алмаға, қарбызға, асқабаққа, тіпті ашық аспан да ақша бұлтпен жазылған «Алла» деген жазудың шығуы куә бола алады. Ал, мына Дағыстандағы 9 айлық Али Якубов деген нәрестенің денесіне хадистердің жазылып шығатыны, кім-кімді де Алланы мойындауға мәжбүр етеді. Қасиетті жазулар адамды тәубаға келіп, Аллаға мойынсұнуға шақырады. Ғажайып бала Дағыстанның Кизляр ауданының Краснооктябрь ауылында туған. Баланың әкесі Шәміл – милиционер, анасы – Мадина үй шаруашылығындағы әйел. Нәрестелерінің бойындағы қасиет оларды түбегейлі дін жолына түсірген.
    Алғашқыда ата-анасы тіл-көзден қорқып, нәрестенің денесіндегі жазуларды ешкімге көрсетпей жасырған. «Менің хабарымды пенделерімнен жасырмаңдар» деген жазу шыққан кезде жергілікті имамның үгіттеуімен елге жария етуге келіскен. (Жас алаш. №101. 22.12.2009 ж.)

    Енді осының үстіне өткен 2013 жылы Маңғыстаудың Қызыл төбе кентінде бір қарғаның үш күн бойы бағана басында «Алла» деп айғайлап «Азан» шақырып тұрғанын еліміздің БАҚ-тары жарыса жазды. Тура осындай жағдайға 2011 жылы Қарағандыдағы Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ елдімекенінің тұрғындары да куә болған болатын. «Ауыл қарғалары қарқылдағанда "Алла" деген сөзді анық естуге болатынын айтады. Бұл көрініс көптен бері қайталанып келеді екен. Тіпті тұрғындар сол сәтті, аңдып жүріп, бейнетаспаға да түсіріп алған. "Бұл қарғаны ең бірінші рет біз екі ай бойы, аңдып, таңғы жеті кезінде түсірдік. Бұл қарға төрт рет Алла деп айтады. Енді одан кейін тағы басқа қарғалар бар еді оны таба алмадық. Жүрді, бірақ біздің ыңғайымыз келмеді. Екі айда бір, ақ рет түсірдік" (Ернұр Төлегенов-ауыл тұрғыны).
    Өткен Наурыз айынан пайда болған бұл құстар "АЛЛА" деген сөзді жиі емес, анда санда ғана шығарады екен. Әсіресе таң алдында шығады деп таң қалады ауыл тұрғындары.
    "Ұзақ кішкентай құс, мойыны, ақ. Ол таңғы таза ауада "Аллаһ" деп сөйлейді. Ал мына ала қарға „Алла“ дейді" (Қайыр Рахметуллин – ауыл тұрғыны).
    Десе-де қарғалардың Алла деуі адамдар үшін ескерту. Қарға екеш қарға да Құдайға өзінше құлшылық қылып жатқанда тұрғындар да тәубеге келіп, имандылыққа бет бұру ләзім дейді дін өкілдері». (Оқу үшін http://news.nur.kz/kk/198504.html).

    Біз жоғары да келтірілген деректерден Абай атамыз айтқандай, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» екенін және бүкіл тіршілік иелерінің Алла деп зікір салатынын көреміз. Тарихат жолын ұстанған сопылардың да салып жүргені осы зікір. Қазақи балалардың «Алақай» деп қуанатындары да Аталарымыздың «Аллаһай» деген зікір сөзі. Мешіттерде бес мезгіл намаз оқылар да, намаз оқудың басы бес мезгіл Азан шақырумен басталатыны да осыдан. Бұл да болса Ислам дінінің өз бастауын Әз (Қазақ) атамыздан алатынының айдай айғағы.

    Тарих тағлымы: Біріншіден, осы жолдарды оқыған бәріңізге Сопылық ілімді зерттеуге кеңес беремін.
    Екіншіден, Қазақ елін (мемлекетін) әр түрлі дағдарыстардан аман алып шығу, немесе тіпті ондайларға ұрындырмау үшін қазақтың әрбір отбасы қаражаты жетсе барлық балаларын, жетпесе әр отбасыдан, тіпті болмаса жақын туыстар бірігіп араларынан қазақтың ұлттық қасиетін бойларына толық сіңірген, ең талантты бір баласын білім бәйгесіне қосулары керек. Аталарымыз бұл қағиданы ежелден білген. Әйтпесе, «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деп айтпаған болар еді. Бұл біздің ежелгі ата-бабаларымыздай, әлем мәдениетінің қақ төрінен өзімізге тиесілі орынымызды иемденуіміздің кепілі болмақ.
    Үшіншіден, мемлекет құраушы ұлтты қадірлемейтін, ұлтың Ана тілін білмейтін, дәстүрлі дінінен ажыраған, адами қасиеті төмен, тек қана қарабасының қамын ойлайтын жемқор, парақор, ел билігіне араласатын жасқа жеткенше отбасын құра алмаған, немесе отбасын тастап кеткен мейірімсіз жандарды биліктің еш бір сатысына (тіпті бригадир етіп те) араластыруға болмайды. Адам ел билеу үшін, бірінші отбасын құруды, дүниеге ұрпақ әкеліп, оларға дұрыс тәрбие беруді және жағымды іс-әрекетімен елге үлгі бола білуді меңгеруге тиіс. Биліктің барлық сатысындағы лауазым иелеріне қиянатқа жол бермеуді және тек қана жақсылыққа жарысуды ұсынамын.

    ОСЫ ЖОЛДАРДЫ ОҚЫҒАН БӘРІҢІЗГЕ ҰЛЫ ЖАРАТУШЫ – АЛЛА ИМАН БЕРГЕЙ!

    Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

    • #62
    • Қыр қазағы
    • жб, 02/10/2016 - 16:50

    Қожырбайшыларға: Сіздердің дәлелдеу әдістеріңізге сүйенер болсақ, Қасиетті Құран-кәрімдегі Һұд сүресінде айтылғандай, ежелгі ғасырларда Нұһ пайғамбар қауымынан кейін өмір сүрген, қазіргі Йемен жеріндегі, оның астанасы Амман қаласынан оңтүстікке қарай өмір сүрген Ад тайпасы да Адайлардан шыққан демекшісіздер ме? Ад тайпасы Алланың ақ жолынан адасып, пұтқа табына бастағанда оларға Һұд пайғамбар жіберілгенін, оның айтқандарын Ад тайпасы құлағына ілмей, пұтқа табынуларын жалғастыра беріп, ақырында Алланың қаһарына ұшырап, алапат жел жіберіліп, қирап, жойылғандарын білесіздер ме? Айтпақшы Қожырбайұлы дәлелдеу жолымен Адасу сөзі мен Адай сөзінің түбірі де бір емес пе екен? Қожырбайұлыларыңыздан сұрап келмейсіздер ме? Дәлел дегендеріңіз осылай бола ма, сіздерше?

    • #63
    • Қыр қазағы
    • жб, 02/10/2016 - 17:08

    Йемен емес-Иордания деп оқуларыңызды сұраймын

    • #64
    • Әбдияр
    • дн, 03/10/2016 - 21:34

    Қыр қазағына! Мен Сізден Ад қауымын сұраған жоқпын. Мен Сізден Қожырбайұлының "Сопылық ілім жайлы" мақаласын теріске шығарып жауап жазуыңды сұрадым. Жауаптан неге қашқақтап отырсың?

    Есіңізде болсын. Айтылған пікірді жоққа шығарып жауап бере алмағаныңды оқырмандардың қалай түсінетініне ақылың мен білімің жететін болар деп үміттенемін.

    Ал, сенің Ад қауымы жөніндегі пікіріңді тек қана Қожырбайұлы емес, қазақтың рулық (тектік) шежіресін жақсы білетін кез келген қазақ баласы жоққа шығара алады. Себебі, бүкіл Адам баласы Сендер айтып жүргендей маймылдан (айуаннан) емес, Адам Ата мен Ауа Анадан тарайтынын бағамдасаң жарап жатыр.

    Базар жырау атамыздың мына толғауынан хабарыңыз бар болар деп үміттенемін: «Атасы алыс болғанмен
    Жамиғи қазақ бір туған» (Базар жырау. (1842-1911).


    Ал, Ад қауымына келсек, ежелгі Аталарымыз бен Аналарымыз сан мәрте адасты да, дұрыс жол салып, ұрпақтарын дұрыс жолға салды да. Адасу да, ізденіп дұрыс жол табу да бүкіл адам баласына тән құбылыс. Олардың дұрыс жолда болғандары да, адасқандары да осы сізбен біздің ежелгі Аталарымыз бен Аналарымыз болып табылады. Осындай қарапайым дүниелерге түсінбей жүргенің қызық екен?

    Ал, Қожырбайұлы Сенің мына пікіріңді оқыса жауап жазатын болар. Бірақ оған жауап жазбаса да болады. Себебі, ешкім "анонимшиктерге" жауап беруге міндетті емес. Бұл адами тұрғыдан қарағанда да, ҚР заңдарының талаптарына да сай келеді. Сіздің осындай қарапайым дүниеге түсінбей жүріп Сұрақ қойып, жауап сұрауыңыз да адам ақылына сиятын дүние емес.

    Дегенмен, Аты-жөніңмен шығып көрсең болады ғой. Байқап көр. Мен мысалы, Сіз егер толық аты-жөніңізбен шықсаңыз ол кісінің Сізге жауап жазатынана 100 пайыз сенімдімін.

    Неден қорқасыз? Байқап көріңіз? Ол Кісі Сіз сияқты ешкімнің атына қорлау сөздер жазбайды.

    • #65
    • Әбдияр
    • сс, 04/10/2016 - 9:05

    АДАМ АТАНЫҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ КІМДЕР?

    Ад (Ат, Атың кім? «Ат ердің серігі»), Ада (Ата), Адам (Атам), Адай (Атай), Дай (Тай), (Адтың орнын Дай басар, Аттың орнын тай басар), МАД (Мәд), Мадай, Маадай-Қара, Ман Адай (Матай), Дайжуыт (Тайжуыт) деген атауларды (ел есімдерді) дүниеге әкелген бүгінгі Қаз Адайлардың ата-бабалары, яғни олар осы ұғымдардың бәрінің «авторы». Бүгінгі Қаз Адайлар Адам атаның қарашаңырағының иесі болып табылады. Сондықтан да, Адам ата ұрпақтарының 70 000 жылғы шежіре-тарихы Қаз Адайлардың ұрпақтарының арасында сақталып отыр.

    Өзіңіз бір сәтке ой жіберіп қараңыз. Бүкіл әлем елдерінің барлығы Ұлы Жаратушы –Алланың алғашқы жаратқан саналы тіршілік иесін Адам және Ман, ал ең алғашқы елді (мемлекетті) Қазақ деп атаған. Осылардың үшеуі де Манқыстауда дүниеге келген. Адам атаның атын Адай ұстап отырса, Мандардың атын Манқыстау ұстап отыр. Ал бүгінгі күнге Қазақ деген атпен жеткен ұлы елдің түп атасы Аз (Әз) әулиенің де моласы осы Маңғыстауда. Сондықтан да ол 360 әулиелі киелі Маңғыстау деп аталады. Біздің сөздік қорымыздағы «Ол не соншама, Әз әулие ме?», «Тасташы әрі Әз әулие қылмай», «Ол Әз әулие емес қой» дейтіндеріміздің сыры осы. Әз әулие Маңғыстаулық 360 әулиенің бас әулиесі, яғни ең біріншісі, ең ұлысы, ең ардақтысы болып табылады. Қазақ елі атауының түбірі Аз (Әз) болатыны осыдан. Атам қазақ та сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) ешқашан жаңылысып көрген емес.

    Адайлардың ата-бабаларына ас бергенде бүкіл Ақарыс пен Жанарыстың, Алшындағы алты ата Әлім мен Жетірудың және он екі ата Байұлының бәріне «Аға баласы» деп төрінен орын беріп, иықтарына арнайы «шапан жабатындары» осыдан.

    Бұл дәстүр Адайларда сан мыңдаған жылдардан бері сақталып келеді. Мысалы, соның бірі Оғыз тарихында былайша суреттеледі: «Барлығы Оғыз тұсында мұсылман болды, кейбір халықтар, ағалары, ағаларының балалары Оғыздан басқа жерде еді. Олар күншығыс жақты мекен етті. Моғолдардың барлық жиынтығы солардың нәсілінен (ұрпағынан) тарады. Ол заманда олардың баршасы кәпір еді. Кейін олардың ұрпақтары «Үкіш қауымы» болып жүрді, өйткені Оғыз барлық уәлаяттарды, сондай-ақ оларды да өзіне бағындырып үлкен патшалық құрды. Сол жерде алтыннан Орда тікті, ұлы той жасады. Өз туыстарын, жасы үлкендерін құрметті орындарға отырғызып баршасына шапан жауып, сыйлықтар берді» (Қ. Жалайри «Шежірелер жинағы» Алматы-1997. 30 бет).
    Үкіш қауымы – Нұқ пайғамбар қауымының ежелгі атауы. Нұқтың сөз түбірі (өз түбі) Ұқ (Үк) болатыны осыдан. Қазақ келіндерінің сәукелесі мен домбыраға тағылатын Үкінің және үмітімізді үкілейтініміздің сыры да осы. Қазіргі «үкім» (жарлық), «үкімет» деген ұғымымыздың да авторы осы Үкіш (Нұқ) қауымы. Бізден басқа ешбір ел өз билігін үкімет деп атамайды.

    Ежелгі Иран тарихы былайша суреттейді: «Қалған алты кісі де оның шарттарымен келісті. Патшалықтан бас тартқан Утан өз еркіне кетті. Содан оның әулеті күні бүгінге дейін парсылардың еркін жүретін жалғыз әулеті болып қалды. Олар заңға қайшы «әрекет жасамаса, өз қалауынша жүре алады. Алты кісінің бірі патшалыққа қолы жеткеннен кейін Утан және оның ұрпақтарына ерекше жеңілдіктер жасауға міндеттенді. Аталмыш жеңілдіктер ішінде жыл сайын бір МАД киімін (Мадтардың ұзын, жеңі кең шапанын кию парсы ақсүйектер арасында дәстүрге айналған еді, және бұл киім патшаның ең жақсы шапандарының бірі болып есептелетін – ауд.) сыйлау және парсылардың салтында ең бағалы сыйлықтарды тарту ету. Алты адамның Утан шарттарына келісу себебі ол төңкеріс жобасын жасап, бәрінің басын қосқан алғашқы адам еді. ...Бұл оқиға б.з.б. 522 жылы 29-қырқүйекте болды. Осылайша Дариуш мемлекет тізгінін қолға алды» (Риза Шабани «Иран тарихы» Алматы. 2002. 35 бет).
    Бұл оқиға бұдан 2500 жыл шамасы бұрын болған. МАД - қысқартылған сөз. Мағынасы, бүгінгіше айтқанда Ман Адай (Мадай, Матай), яғни Манғыстаулық Адайлар патшалығы болып табылады. Ал, Иран (Парсы) тарихы өз тегін Мадтардан бастайтынын бүкіл әлем біледі. Бүкіл әлем мәдениеті өз тектерін осы МАД-тардан алады. Мына көрші орыстардың аналарын «МАТ» дейтіндерінің сыры осы. Демек, ежелгі орыстар шыққан тектерін білген. Бүгінгілері білмесе, естеріне салып ескертіп қою қажет. Мәдениет дегеніміздегі сөз түбірінің Мәд (Мад) болатыны да осыдан. Демек, әдеп, әдет, әдіс, әдеби, әдебиет, мәдени, мәдениет, мадақ, мадақтау деген сияқты киелі ұғымдардың авторы осы Адтар мен МАД-тар. Бүгінгі араб еліндегі Мәдине (Мадина) қаласының атауын қойғандар да біздің аталарымыз. Әлем тарихында өз тектерінің осы бізден басталатынын білетін елдер толып жатыр. Мысалы, Адық, Адыгей, Аджария, Мадай (Матай), Мадияр, Мадьян, Мадагаскар, Мадрид (Испания, Америка, Филиппин), Мадисон (Америка) т.т. болып кете береді.

    Енді осының үстіне күні бүгінге дейін Қаз Адайдардың сөйлеу мәнерінің көзге ұрып көрініп тұрған, бүкіл қазақ ру, тайпаларымен салыстырғандағы өзгешелігі, шындықтың бетіне тіке қарап, тік сөйлеп, бастарынан сөз асырмайтындықтарын қосыңыз. Әрине, Адам атаның қара шаңырағының иесі, ең алғаш Аллаға иман келтірген Мұса пайғамбар, он сегіз мың ғаламды билеген Сулеймен, әлемді билеген Қазақ, Оғыз, Еділ, Шыңғыс сияқты асыл ұрпақтарды дүниеге әкелген ұлы елдің қарашаңырағы осылай сөйлемей, басқаша сөйлеуі мүмкін бе?!

    Соған сәйкес, Маңғыстаулық Қаз Адайлардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінде қазақ даласының өзге өңірлерімен салыстырғанда да біршама айырмашылықтары бар. Мысалы, олар ешқашан өзінен үлкен адамның атын атамайды. Ата, Аға, Әже, Апа, Әке деген сияқты ең асыл сөздерді қолданады. Келіндер жұбайларының ата-аналарынан бастап, барлық жасы үлкен туыстарының бәріне иіліп сәлем етеді, аттарын «тергеп» атайды. Жасы кішілеріне еркелетіп ат қояды. Тұрмысқа шыққан қыздары ата-анасы мен өзге туыстарының үйіне келсе оларға төрден орын беріледі. Қыздарын ешқашан есік жаққа отырғызбайды. Ата-аналарының өсиеті олардың көзі тірі кезі түгілі, олар бақилық болғаннан кейінде екі етілмейді. Күніне неше рет ас ішілсе, соншама рет дастарханның батасы жасалып, бақилық болған ата-аналары және өзге туыстарына арнап дұға бағышталады. Маңғыстаулықтар бұл әрекеттерін тек қана өз үйлерінде емес, кез-келген жерде, тіпті қоғамдық асхана, тойханаларда да тастамайды. Ерте де қайтыс болған ата-аналарына арнап ас береді. Марқұм болған ата-ана, тумалас-бауырларының басына әлемде теңдесі жоқ сәнді сарайлар (кесенелер) салады. Мысалы: Қараман ата, Шопан ата, Қошқар ата, Оғланды, Сейсем ата, Шақпақ ата сияқты кесене-қорымдар еш бір елде жоқ. Қонағын Құдайындай сыйлайды. Қысқасы, қарашаңырақ иесі осындай болады. (М.Қожырбайұлының "Маңғыстау һәм Қазақтың құпия шежіресі" атты еңбегінен).

    • #66
    • Әбдияр
    • сс, 04/10/2016 - 9:15

    62 - Қыр қазағына! Ад қауымы және Сіз айтып отырған Һұд пайғамбар жайлы Ол кісінің өзінен сұрамай-ақ, оның кітабынан мынадай мақала таптым. Оқып пікір жазарсыз деп үміттенемін.
    ЛҰТТЫҢ ҚАУЫМЫ ЖОҚ БОЛДЫ
    Маңғыстаулық ұлы әулиелер, даналар мен данышпандардан қалған өсиетте егер Адам ата ұрпақтарының басым көпшілігі (елдер мен мемлекеттер) Алланы мойындамай үлкен күнәға батып, ауыр «салмақ» жинаса «Ақырзаман» жалпыға бірдей келеді деген. Одан ешкім ешқайда қашып құтыла алмайды. Демек, жамандық атаулымен күресу әр бір адам баласына Алламен аманат етілген парыз. Бұны Манқыстау шежірешілері былайша жырлаған:
    «Хазіреті Нұхының
    Заманында су тасып
    Көкке толқын шарпыды,
    Таулардан асып шалқыды,
    Айнала тегіс жер жүзі
    Ашығы қалмай қалқыды,
    Кемеге мінген болмаса
    Жоқ қылған дейді жалпыны.
    Кәпірлердің сол күнде
    Таусылды қалмай тамтығы.
    Мұсылман-кәпір болғалы
    Келе жатыр осылай
    Арамның соғып салқыны (266 бет).

    …Жамандықты, жарандар,
    Ете көрме «талап» деп.
    Хабарлаулы Құранда:
    «Он сегіз мың ғаламның
    Ақыр түбі — ғарап» деп.
    Ғаламды ғарап етпекке
    Ысрафил соры суырар,
    Он сегіз мың ғаламның
    Заманасын қуырар,
    Ахирет күні кәпірлер
    Гүрзіменен ұрылып,
    Шынжырменен буылар.
    Тамуғының сөнбейтін
    Лаулаған түтін-буы бар
    Ысыраттың тарылған
    Қараңғылық жолы бар.
    Ысыраттай көпірден
    Жаһан қалмай қуылар.
    Ұранымен Мұхаммед
    Көтеретін сол күнде
    Ләуәлиханды туы бар (272 бет).

    …Бұрынғы өткен заманда
    Жәһилдің қауымы жоқ болды
    Алланың қаһар желінен,
    Нухының қауымы тәрк болды
    Топанның тасқан селінен,
    Лұттың қауымы жоқ болды
    Жебірейілдің бір соққан
    Қанатының лебінен.
    Пиғылы азып адасқан
    Алланың тура жөнінен
    Әлек болды талай жұрт
    Бәдіғат істің көбінен.
    Азғындық тапқан әркімнен
    Дәреже сүйтіп кеміген (347 бет).

    …Оныншы жылдың шағында
    Аспаннан, ай күн тұлданып
    Жұлдыздар ақты атылып,
    Алланың нұры тамбады –
    Топырақ жауды сапырып,
    Жұлдызында қауыстың
    Күншығыстан бір дауыл
    Сегіз күн соқты ақырып,
    Қара жерден малды айдап
    Теңізге тықты батырып,
    Ғаламат болып ой мен қыр
    Бүліне жазды қапылып.
    Қаһарланса Тәңірім,
    Қауызына сияр тарының
    Он сегіз мың мақұлық…
    Налыттың Алла халқымды
    Болды ма құлық жақпаған? (Сәттіғұл Жанғабылұлы «Аманат» Алматы-1996. 349 бет).

    Осы ойымызды ары қарай сабақтасақ, күнәлардың жүрекке тигізетін зияны удың өз дәрежесіне қарай денеге тигізетін зияны сияқты. Бұл дүние немесе ақыретте болсын адамдарға жолығатын жамандық пен аурулардың көбісінің себебі осы күнәлар емес пе? Ойланшы Адам ата мен Хауа анамызды жаннаттан шығарған не нәрсе? Сондай бір ләззаттар мен нығметтердің, қуаныштар мен рахаттардың жайы болған жаннаттан, уайым–қайғы мен қиыншылық, сынақтардың жайы болған бұл дүниеге оларды не нәрсе түсірген еді?
    Ал, Ібілістің Алланың рахметінен алыстатылып, лағнетке ұшырап, оның ішкі-сыртқы дүниесінің қорқынышты да, ұсқынсыз бейнеге айналып аспан иеліктерінен қуылуына не нәрсе себеп болған еді? Иә, ол Ібілістің жақындықтан алыстыққа, рахметтен лағнетке, сұлулықтан ұсқынсыздыққа, жаннаттан тозаққа, иманнан күпірлікке, Раббысына болған достығынан дұшпандыққа, ұлықтау, пәктеу сөздерінен өтірік пен қиянатқа, серік қосушылық пен жаман жаққа, сауапты істерден күнәларға өтуіне себеп болған нәрсе ол – күнә. Соның салдарынан ол Алланың шексіз мейірімінен алыстап, қатты азабына душар болды. Және бүкіл кәпірлер мен серік қосушылардың, парасатсыз пасықтар мен күнәһар жасықтардың басшысына айналды. Алланың әмірлерін атқармай, тиымдарынан тиылмай Оның рахмет назарынан мақрұм қалып, қор болудан Алланың өзі қорғағай!

    Және кешегі Нұх пайғамбар қауымының ешбір құтқарушы таба алмай, топан су астында қалып өлім қауышуларына не нәрсе себеп болған еді?

    Ал, үстерінен жеті түн, сегіз күн тұрған жойқын желден жойылып кеткен Ад елінің сондай үрейлі азапқа душар болуларының себебі неде?

    Ащы дауыстан кеуделеріндегі жүректері тоқтап өлген Самуд елінің жойылуына не себеп?

    Періштелер жоғары аспанға көтеріп, кейін аударып жермен жексен етілген Лут қауымының
    зардабы неден?

    Төбелеріне қорқынышты бұлт шоғырланып, сол бұлттан үстеріне от жауып қырылған Шұғайып қауымының қасіреті неден?

    Кеше “Мен құдаймын” — деген Ферғауынды, оның жойқын әскерін теңіз астына шөктірген нәрсе не еді?

    Ал, байлығына мастанып, Құдайын ұмытқан Қарунды малымен, жанымен, үй-жайымен жерге жұтылуына себеп болған нәрсе не еді?

    Және кітап түсірілген қауым иаһидилердің бастарынан бірнеше азаптарды өткізіп, тіпті кейбір тайпаларының маймылға, шошқаға айналуларының салдары неде? Иә, Нух пайғамбардан кейін қаншалаған қауымдар өтті? Олардың қаншасы азаптарға душар болды? Не себептен? Әлбетте бәрі күнәнің себебінен!

    Бұл азаптардың бәрі Құран Кәрімде айқын көрсетілген:

    — «14.Әрі біз Нұхты өзінің еліне жіберген едік. Ол олардың арасында елу жылы кем мың жыл болды. Кейін оларды әділетсіз болған халдерінде топан су алды. 15.Сонда Біз оны әрі кемедегілерді құтқардық және мұны әлемдерге белгі-ғибрат еттік» (Құран Кәрім. «Әл-Әнкабут» сүресі). Тәпсір: Нұх пайғамбар, оған Аллаһтың сәлемі болсын, елін тоғыз жүз елу жылдан аса ұлы Аллаһқа бойсұнуға шақырды. Ибн Касир.

    6.Олар өздерінен ілгері өткен қанша халықты құртып жібергенімізді көрмеді ме? Біз оларға жер жүзінде сендерге бермеген күш-қуат бердік. Оларға аспаннан мол жаңбыр жібердік әрі астынан өзендерді ағызып қойдық. Содан кейін күнәлары себебінен оларды құртып жібердік те, олардан соң жаңадан басқа халықтарды пайда қылдық» (Құран Кәрім «Әл-Әнъам» сүресі).
    «36.Сонда Нұхқа уахи етілді: «Еліңнен иманға келгендерден басқалары, енді иманға келмейді. Сен олардың істеп жатқандарына қайғырма. 37. Әрі Біздің көз алдымызда кеме жаса. Әрі әділетсіздік еткендер жөнінде Менен сұрама! Анығында, олар суға батырылады. 38. Ол кемені жасап жатқанда, елінің уәзірлері мен бектері оның жанынан өткен сайын оны келеке етті. Ал, ол: «Егер бізге күлсеңдер, сендер бізді келеке еткендей, біз де сендерге күлетін боламыз. …40.Қашан әміріміз келіп, тандырдан су бұрқылдап шыққан кезде, Біз оған: «Оған (кемеге) әрбір түрден жұбымен және үй-ішіңнен (өздеріне байланысты) сөз бекітіліп қойғандардан басқаларын және иманға келгендерді мінгіз», — дедік. Онымен бірге иманға аз ғана (адам) келген еді. …42. Ол (кеме) оларды таулардай толқындарда алып жүзді. (Сонда) Нұх оқшауланып, шетте тұрған ұлына: «Әй, балам! Бізбен бірге (кемеге) мін әрі кәпірлермен бірге болма!» — деп үн қатты. 43. Ол: «Мен тауға (шығып) паналаймын, ол мені судан сақтайды», — деді. (Нұх): «Бүгін Аллаһтың әмірінен сақтаушы жоқ. Тек қана, Ол рақым еткендер ғана (апаттан құтқарылады), — деді. Сол кезде екеуінің арасын толқын бөліп, ол суға батырылғандардан болды. 44. (Кейін): «Ей, жер! Суыңды жұт! Ей, Аспан! Тоқтат!» — делінді. Сөйтіп су тартылып, әмір орындалды. Ол (кеме) Жуды (тауына) тоқтады. Сонда: «Әділетсіз адамдар (Аллаһтың мейірімінен) алыстатылсын!» — делінді. 45. Сонда Нұх Раббысына үндеп: «Раббым! Ұлым менің үй-ішімнен. Сенің уәдең хақ. Әрі Сен – ең әділ үкім етушісің», — деді. 46. Ол (Аллаһ): «Ей, Нұх! Ол сенің үй-ішіңнен емес. Анығында, бұл түзу амал емес. Сондықтан өзіңде білімі болмаған нәрсе туралы Менен сұрама. Мен саған надандардан болмауды насихат етемін», — деді (Құран Кәрім. Һұд сүресі).
    Тәпсір: Адай ата шежіресі бойынша Нұх қауымы Адай ата – Құдайке (Қу Адай әке) және оның екі баласы Тәзіке (үлкені) және Қосай (кішісі) болып таратылады. Суға қарық болған халық сол Құдайкенің екі баласының елі. Нұх пайғамбардың тегі Қосай. Кеменің тоқтаған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт (Қазық жұрт) тауы. Сол тауда «Кеме қалған» шоқысы мен осы аттас ауыл; Ленгер (Іліңгір, якор) елді мекені (ауданы); Әңгір ауылының аймағындағы тау шоқысының ернегінде Адам Ата мен Ауа Ана киелі тасы мен сол шоқының етегінде Қайып Ерен Қырық Шілтендер су ішкен бұлақ бар. Ол өңірде бұлардан да басқа «Пайғамбар тоқтаған», «Пайғамбар саусағы», Ақ бура, Көзді ата, Шілтер ата (Қайып Ерен Қырық Шілтен) атаулары сақталған. Тарих жазсаң осылай жаз. Бұл тарих Адам Ата мен Ауа Ананың қарашаңырағының иелері қазақ халқы тірі тұрса ешқашан өлмейді. «Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған» деп күні бүгінде де ел аузында айтылып келеді. Бұл күндері Қазығұрт атауының шығу тегі жөнінде әркімдер қазақтың шежіресі мен оның сөз жасау қағидасын білмегендіктен әр-түрлі жорамал-тұжырымдарға жол беріліп жүр. Дұрысы, Қазығұрт біріккен сөз, Қазық және жұрт деген екі сөзден тұрады. Атам Қазақтың сөз жасау жүйесінде «Қ» мен «Ғ» ауысып қолданыла береді. Манқыстау-Маңғыстау. Ал екі сөзден біріктіріліп бір сөз жасағанда, екінші сөздің бірінші дыбысы, немесе бірінші сөздің соңғы дыбыстары, дыбыс үндестігіне сәйкес түсіп қалады: Құдайке (Қу Адай әке), Тәзіке -Тәз «Таз,Тәж) әке, Манқыстау (Мандардың қыстауы), Бидай (Би Адай), Отан (От Ман), Оғыз (Оқ қыз), Үстірт (Үстіңгі жұрт), Қазір – Қаз бір (пір), Қырат (Қыра Ат), Торат (Торы Ат, Таурат), Әкел (Алып кел), Апар (Алып бар), Биыл (биылғы жыл), Кенжахмет (Кенжеахмет), Зейнолла (Зейін олла, Алдоңғар (Алдыоңғар), Қожахмет (Қожа Ахмет) т.т. Қазық қазақтың лақап аты, яғни бүкіл әлем елдерінің қарашаңырағы. Сол сияқты қарашаңырақ пен қазықта синоним сөздер болып табылады. Ал, Жұртқа келсек, бұл Қасиетті Құранда айтылатын ежелгі Жуды тауының атауы. Қазық пен Қазақтың, Жуды мен Жұрттың (Жұма, Жұмыс, Жұқа, Жуан, Жусан, Жуа, Жүгері, Жүз, Жүздеген, Жүздеп, Жүзінші, Жүзік, Жүзім, Жүзбасы, Жүзу (суда), Жүзгіш, Жүзбе-жүз, Жүздесу) түбірлес болатындары осыдан. Қасиетті Құранда айтылған Жуды тауы осы тау. Еске ұста! Қазақ та Сөз түбірі (өз түбі) ешқашан жаңылысып көрген емес.
    Мұны аз көрсеңдер сіздерге тағы дерек келтірейін: Бұл тұжырымым шындық болатын болса, онда Нұх пайғамбардың моласы неге сақталмаған деген сұрақтың өз-өзінен туындап тұрғаны анық. Шындығын да, Атамыздың моласын табудың еш қиындығы жоқ. Бұл жерде де, сөз түбіріне (өз түбіне), яғни сөздің атасына сөз береміз. Таптық па? Иә, Иә! Ұқ (Үк), яғни Үкаша ата. Өздеріңіз көріп отырғандай атамыздың есімінің сөз түбірі Ұқ (Үк), яғни Нұқ (Нүк).
    Үкаша Ата мазары – Қаратаудың күнгей бетінде, Өгіз тау шатқалы маңындағы қыратта, яғни Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласынан 42 км жерде. Кесенесінің жалпы ұзын 16 м, ені 5 м, биіктігі 3,5 – 4 м. Ғимараттың батыс жағында, диаметрі 3,5 – 4 м, биіктігі 4 – 4,5 м болатын шірімейтін қаңылтырдан күмбез тұрғызылған. Негізгі құрылысы тау тастарынан тік төртбұрышты етіп қаланып, сырты ақ және сұр түсті цемент қоспасына қиыршық тас араластырылып сыланған. Кесененің ішіндегі мазардың биіктігі 160 – 170 см, ені 150 см, ұзындығы 12 м-ге жуық. Кесененің батыс жағында 200 м жерде Үкаша ата құдығы бар.
    Ал, Ашаға келсек бұл екі дүниенің, немесе бір заттың екіге бөлініп айырылатын жері дегенді білдіреді. Мысалы, Ашатаяқ, Ашамай. Бұл қазақтың тектік шежіресінде де, сөз жасау жүйесінде де тек қана соны білдіреді. Алыпбидің (Әліппенің) бірінші дыбысы «А» мен басталып «А» мен аяқталатын сөздерде де солай: 1.Аға, 2.Ада, 3.Аза, 4.Ала, 5.Ана, 6.Апа, 7.Ара, 8.Аса, 9.Ата, 10.Ауа, 11.Аша, яғни Үкаша ата (Нұқ пайғамбар) 9-шы Ата мен 10-шы Анадан айырылып (бөлініп) кетіп тұр. Қайран Аталарым! Жарайсыңдар! Сөз жасасаң осылай Жаса! Тарих жазсаң осылай жаз! Бұл тарихты Ұлы Жаратушы – Аллаһтан басқа ешкім, ешқашан жоя алмайды.
    Себебі, жер бетінде бір қазақ тірі тұрса, домбыра жойылмайды. Қазақтың домбырасына, Салдардың бас киімдеріне, қазақ келіндерінің сәукелесіне «Үкі» тағатын себебі осы. Біздің үкілеп, аялап жүрген атамыз (Нұқ пайғамбар) осы Үкаша атамыз. Үкілі домбыра, Үкілі Ыбырай, үкілі почта, үкі, үкі ою, үкім, үкімет, үкімет басы атаулары осы атамыздан қалды.
    Бұны азсынсаңдар, тағы бір дәлел келтірейін: қазақтың тек қана сөзі емес, сөйлемдері де осылай жасалған. Сөйлем арасы мен соңына қойылатын тыныс белгілері де (үтір, нүкте, үтір-нүкте мен қос нүктелер) осыны білдіреді. Үтір дегеніміз Аллаһтың Ад еліне жіберген Һұд пайғамбардың есімі болса, қос нүктеміз — Қосай Нұқ атамыздың аты мен тегін білдіреді. Тағы қайталаймын. Сөз түбірі (өз түбі) жаңылыспайды.
    Нұх пайғамбардың тегі қазақ болатын, оның кемесі тоқтаған жерінде күні бүгінде де қазақтар отыр. Оларда осы біз сөйлеп жүрген тілде сөйлеген. Нұх пайғамбардың үш ұлының ең үлкені Қам өз әулетімен қазіргі Үнді елі жеріне кетіп, сонда қоныстанды. Қазақтан бөлініп өзге өңірге алғаш қадам басқан Қам атамыз болды. Қазақтың «Қадам (Қ-ада-м)» — Қамның атасы деген сөзі осылай дүниеге келді. Жылқы мен жылқышылардың пірі Қамбар атамыздың да тегі осы. Ортаншы ұлы Сам (Шам) өз әулетімен қазіргі Иран, Арабия жерлеріне барып қоныстанды. Ал, Нұхтың кенжесі Иафес, әке бұйрығымен солтүстікке (Европа жеріне) қоныс аударды. Нұқтың өз елі қазіргі қазақ даласындағы Қазығұрт тауы (Сырдария өзені) алқабын жаз жайлау, Маңғыстауды қыс қыстауы етіп, мәңғі тұрақтап қалды. Ата жұрт бүткіл жер шарындағы үш ұлының елдерін осы өңірден басқарды. Осы өңір 70 000 жылдан бері бүкіл әлем елдерінің астанасы болып келеді. Көшпенді ел (қазақтар) бүкіл әлем елдерінің ана тілін ешбір елдің тілімен будандастырмай бүгінгі күнге жеткізді. Біздер Нұх атамыздың қарашаңырағының иесіміз. Қазақтың Иа, Иә, Ие, Кие, Қия, Қарақия, Қиян, Қия деген сөздері сол Иафес атамыздан қалды. Еске ұста! Сөз түбірі жаңылыспайды.
    Құдайке қауымы ғұмырларының соңына «Қос нүкте» қойылуына олардың Аллаһқа иман келтіруден бас тартулары себеп болды.
    «Нұх пайғамбар үш ұлын үш тарапқа: Хам атты ұлын Үндістан жаққа, Сам атты ұлын Иран жаққа, Иафес атты ұлын солтүстік жаққа жіберді. Үшеуіне айтты: «Адам перзенттерінен үшеуіңізден өзге ешкім қалған жоқ, үшеуіңіз үш жұртқа отырыңыз, ұрпақтарыңыз көп болса, сол барған жерлеріңізді жұрт етіп отырыңыз».
    Иафес атасының әмірімен Жуды тауынан кетіп, Еділ мен Жайық суының арасына қоныс тепті. Иафестің сегіз ұлы бар еді, ұрпақтары көп болды. Олар мыналар: Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих. Иафес өлерінде өз орнына үлкен ұлы Түрікті отырғызып, өзге ұлдарына: «Баршаңыз Түрікті патша біліп, оның сөзінен шықпаңыздар», -деп өсиет қылды, оған Иафес ұғланы (оғланы) деген лақап қойды.
    Түріктің төрт ұлы бар еді; Түтік, Хакал, Барсажар, Амлақ. Түрік өзі өлер шағында үлкен ұлы Түтікті өз орнына отырғызып, қайтпас сапарға кетті» (Әбілғазы «Түрік шежіресі»).

    — «65. Сондай-ақ, Ад еліне бауырлары Һұд (жібердік). Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Қорықпайсыңдар ма?» — деді. 66. Оның еліндегі күпірлік етуші (қарсы болған) уәзірлері мен бектері: «Негізінде, біз сені бір жетесіз көріп тұрмыз әрі сені өтірікшілерден деп ойлаймыз», — деді. 67. (Һұд): «Әй, елім! Мен – жетесіз емеспін. Анығында, мен – әлемдердің Раббысынан (жіберілген) Елшімін. 68. Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіземін. Әрі сендерге сенімді кеңес берушімін. 69. Сендерге ескертуі үшін араларыңнан болған бір кісі арқылы өздеріңнің Раббыңнан еске салу, (ескерту) келгеніне таң қаласыңдар ма? Оның сендерді Нұх елінен кейін, халифа (олардың орнын басушылар) еткенін әрі жаратылыста үлкен еткенін естеріңе алыңдар. Жетістікке жету үшін, Аллаһтың игіліктерін естеріңе алыңдар», — деді. 70. (Олар): «Сен бізге, біздің Аллаһтың жалғыз өзіне құлшылық жасап, ата-бабаларымыз табынып келгендерін тастауымыз үшін келдің бе? Егер шын сөзділерден болсаң, бізге уәде етіп отырғандарыңды келтір», — деді. 71. (Һұд): «Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан азап және ашу келді. Сендер өздерің және ата-бабаларың (пұт құдайларды) атаған есімдер жайында менімен тартысасыңдар ма? Аллаһ олар жөнінде ешбір дәлел түсірмеген. Ендеше күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерден боламын», — деді. 72. Сонда Біз оны және онымен бірге болғандарды Өзімізден болған мейіріммен құтқарып, аяттарымызды өтірікке шығарғандардың артын үздік (толық жойдық). Олар иманға келмеген еді. …74. Оның сендерді Ад елінен кейін халифа (орнын басушылар) еткенін және жерде орналастырып, оның жазықтарында сарайлар тұрғызып, ал тауларынан қашап үй жасағандарыңды еске алыңдар. Аллаһтың игілікті істерін еске алыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар», — деді» (Құран Кәрім «Әз-Аъраф» сүресі). …«58. Әміріміз келген кезде, Һұдты және онымен бірге иманға келгендерді Өзіміздің мейірімізбен құтқардық әрі біз оларды ауыр азаптан құтқардық» (Құран Кәрім «Һұд» сүресі). 6.Ал, Адтықтар жойқын, аязды дауылмен жойылды. 7. Ол (Аллаһ) оны олардың үстіне жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде соқтырып қойды. Сен ол енді іші кеуек құрма ағаштарындай құлап жатқанын көресең» (Әл-хаққа сүресі).
    Тәпсір: «Ад қауымы сол замандағы адамдарға қарағанда дене бітімдері бойшаң, күш-қуаттары да мол еді» Ибн Касир. «Олар Елшімен өздері ойдан шығарған, ал шын мәнінде жоқ құдайлардың аттары жайлы таласты» А.Саъди. Адттықтар пұтқа табынған. Олар Аталарының мүсінін тастап жасап, оларды Құдай деп есептеді. Бізден күшті кім бар деп, Аллаһқа иман келтірмей, менмендікке салынғандары үшін аязды күнде жеті түн, сегіз күн дауыл соғып жоқ етілді. Бұл адамзаттың тарихи шежіресімен де толықтай сәйкес. Жеті саны жеті аталық жүйемен, яғни Бұзау атаның ұрпағы Жеменей атамыздың есімімен сәйкес болса, сегіз саны осы Жеменейден бөлінетін Семиттердің есімімен сәйкес келеді. Құран Кәріммен тыйым салынған нәсілшілдікті (расизм), ұлтсыздықты (интернационализм, космополитизм) уағыздайтын Иудаизм (Жаңа Өсиет, Евангелие) дінінің қозғаушы күші осы Семиттерден бөлінетін еврейлер болып табылады.
    Маңғыстаудағы Ақтау қаласының 16 шағын ауданында, Бейнеу ауданы Боранқұл кентінің оңтүстік шығысында 20 км. қашықтықта «Алты құлаш әулие» деген екі киелі орын және Маңғыстау ауданы Шайыр ауылының солт.-шығ. жағынан 12 км. жердегі «Қырықкез» қорымдары бар. Қазақта «құлаш» пен «кез» ұзындық өлшемі. Сонда аталарымыздың бойы 10-12 метр, тіпті одан да биік болған. Бұл атау сонау ескіден де ескі замандарда жер бетінде алып мамонттар (ертеректе Түпқараған, Саура маңынан мамонттың сүйегі (тісі) табылған болатын); алып қарақұстар (Манқұс немесе кейінірек Дегелек) «Отпан таудың басында, Дегелек деген бір құс бар, Аспанда тұрып ысқырса, Мың ордалы жылан басылған» деген Қашаған жыраудың жыр шумақтарын еске алайық (Адай ата. 1 кітап 127 бет); алып кесірткелер мен алып айдаһарлар өмір сүрген замандарда, ол заманның адамдарының бойлары да, соларға сәйкес 10-12 метрге дейін жеткен. Олар алып адамдар деп аталған. Бұл жағдай өткен ғасырдың аяқ кездерінде қазіргі Арабия жерінен бойы 10-12 метр адамдардың қаңқасы табылғаннан кейін ғылымда да мойындалған. Маңғыстаудағы Қараман ата және Оңтүстік Қазақстан облысындағы Үкаша (Нұқ пайғамбар) атамыздың қабірлерінің де ұзындығының 10-12 метр екенін қосыңыз. Маңғыстауда бойы үш, үш жарым метр адамдардың молалары күні бүгінде де кездеседі. Сондай молалар Сайөтестен теңізге қарай 35 км. жердегі Сисем ата әулие қорымында бар. Енді осы алып адамдардың қатарына Ерсары атамызды да қосып, белдеріне «Ерсарының қайрағын» байлап қойсаңыз өте әдемі үйлесіп кеткен жоқ па?! Қазіргі «білгіштер» Ерсарыны түркпенге телиді. Ал, оның жоғарғы жағында Адай таңба тұр. Білгішсініп, өз атаңды әркімге бір телігенше тастағы «таңбаларды» оқып үйренейік, Ағайын!
    Рашид Ад Диннің Оғыз дастанында былай деп жазылыпты:
    …«Сахарада Жәмік (ямік) деген бір уәлаят болды. Өзі күшті қуатты ел саналып, бір адамы басқаның он адамына қарсы тұрарлық еді. Бұлар Сыр бойын ерте заманнан қоныстанған.
    Байтақ ұлыс Оғыздарды билеген Инал Сыр Жабғухан еді. Оған Дада Керейжұқ уәзір болып, оның қызметін басқарды. Бұл Қарақожа ұлы Қорқыт ата еді. Шыққан тегі Оғыздың Баяты еді. Ол асқан ақылды данышпан, керемет адам еді. Өзі нақыл, сәуегейлік сөз айтқан. 295 жыл ғұмыр кешкен қария кісі…» («Оғыз» дастаны, тәржіма, 1972, 55-57 беттерде).
    Тәпсір: Нұқ атамыздың кемесі тоқтаған Қазығұрт тауы Сыр өңірінде. Жәм (Жем) Адайдың Бұзау тайпасына жатады. Оғыз бен Адай синоним. Шындығында Оғыз (Оқ пен қыз) Адайдың ұрпағы. Сыр өңірі, Сырдария өзені, Сыр (Жабал) елі сол атамыздан қалды. Қорқыт атамызға комментарий қажет емес. Баят – Бай Ад (Бай Адай) деген екі біріккен сөзден тұрады. Қазіргі он екі Ата Байұлының негізі солар.
    Әлемге әйгілі Египет пирамидаларын осы алып адамдар салған деп тұжырым жасасақ дұрысы осы болар. Ол жайлы Құран Кәрімде айқын аяттар бар. «38.Ал, Фиръаун: «Ей, уәзірлер! Мен сендер үшін өзімнен басқа құдай бар екенін білмеймін. Ей, Һаман! Лайды оттың үстіне салып (кірпіш құйып), маған Мұсаның құдайына көтерілуім үшін биік мұнара тұрғыз» (Құран Кәрім «Әл-Қасас» сүресі). Демек, Пирамидалар Перғауындардың Ұлы Жаратушы-Алламен мәңгі сөйлесу үшін салған мұнаралары. Адам қолымен салынған мұндай құрылыс жер бетінде бұрын-соңды болып көрген емес. Ол аса ауыр жер сілкіністеріне де, аса күшті дауылдарға да, тіпті топан суларға да төтеп бере алады. Пирамидаларды да салғандар осы қазақтың ата-бабалары. Оған Египет пирамидасының ішіндегі бөлменің қабырғасынан табылған «домбыра мен Адайдың «тіл таңбасы» толықтай куәлік ете алады. Енді осының үстіне Каир (Египет) мұражайына қойылған Тутанхамонның (Египет перғауыны, мүрдесі пирамида ішіне жерленген) бала кезінде ойнаған ойыншығы қойдың асығы және пирамидалардың ең биік шыңының Адайдың таңбасы «жебемен» сәйкес келетіндігін және Құран Кәрімде Перғауын әскерінің «қазық (қазақ)» деп аталғанын қосыңыз.
    «Жақында Египет ғалымдары Пирамида тастарының құрамына химиялық сараптама жүргізіп, оның адам қолымен жасалғандығына көз жеткізгендерін мәлімдеді» — деп жазыпты Экспресс газеті (http://kinofilms-online.ru/hot-news/novosti/nauka-i-tekhnologii/648-uchenye-raskryli-tajnu-stroitelstva-egipetskikh-piramid).
    Мысыр пирамидалары тастарының қолдан құйылғанын бұдан 20 жыл бұрын қазақтың біртуар ұлы, өнертапқыш Сейілбек Қышқашов дәлелдеп кеткен болатын.
    Жер бетінде әлемге әйгілі пирамидалар көп. Олардың санатына Қытайдың Сиан жазығындағы пирамида, Мексиканың Юкатан жазығындағы Кукулкан пирамидасы, Андадағы Норте-Чико мәдениеті пирамидалары жатады. Осы пирамидалардың ішіндегі ең әйгілісі жоғарыда айтылған Египеттегі Газе (Қаз) пирамидалары. Ғалымдардың дәлелдеуінше осы пирамидалардың бәрі бір мезгілде салынған. Осы пирамидалар соңғы кезде «ұйқыдан» оянып, бәрі де аспанға сәуле (жарық) шаша бастаған. Бұған түсінік беруге ғалымдардың білімдері жетпеуде.
    Бұл қауымның да азап шегіп ыдырауына, олардың менменсіп, «бізден күшті кім бар», — деп Ұлы Жаратушы — Аллаһқа иман келтіруден бас тартулары себеп болды.

    — «73.Сондай-ақ Сәмүд еліне бауырлары Салихты (жібердік). (Ол): «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Ақиқатында сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлел келді. Міне, мынау – Аллаһтың түйесі, сендер үшін бір белгі. Сендер оны жайына қалдырыңдар, Аллаһтың жерінде жайылсын. Оған ешбір жамандық тигізбеңдер. Онда сендерді күйзелтуші азап тұтады. 74. Оның сендерді Ад елінен кейін халифа (орнын басушылар) еткенін және жерде орналастырып, оның жазықтарында сарайлар тұрғызып, ал тауларынан қашап үй жасағандарыңды естеріңе алыңдар. Аллаһтың игіліктерін еске алыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар», — деді. …77.Сөйтіп олар түйенің тірсегін қиып, өздерінің Раббысының әміріне бағынбай, шектен шықты. Кейін: «Ей, Салих! Егер елшілерден болсаң, бізге уәде етіп жүргеніңді (азапты) келтір», — деді. 78. Сонда, оларға бір сілкініс тиіп, олар үйлерінде етпеттерінен жатқан күйі қалды. (Құран Кәрім «Әл- Аъраф» сүресі).
    «4.Сәмұд және Ад елдері «Қариъаны» (Қиямет күнін) өтірік санады. 5.Сөйтіп Самұдтықтар «Тағиямен» (шектен тыс қуатты нәрсемен) жойылды. 6.Ал, Адтықтар жойқын, аязды дауылмен жойылды. 7. Ол (Аллаһ) оны олардың үстіне жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде соқтырып қойды. Сен ол енді іші кеуек құрма ағаштарындай құлап жатқанын көресең» (Құран Кәрім «Әл-Хаққа» сүресі).
    Тәпсір: «Бұл елдер елшілерді теріске шығарып, міндетті түрде болатын Қиямет күніне сенбей, күнә, азғындық істерде болды». А.Саъди. «Бұл – үрейлі зор айқай. Бұл дауыстан олардың жүректері жарылды» А.Саъди. Құран Кәрімде бұндай теңеулер көптеп кездеседі. Самуд елі Нұх пайғамбардың үш ұлының (Хам, Сам, Иафес) ортаншысы Сам атамыздың елі. Атамекендері Арабия түбегі. Шам (Сам) шаһары атаулары солардан қалған. Шам шаһары — қазіргі Сыр (Сирия) елінің астанасы Дамаск (Дамашық) қаласының ежелгі атауы.
    Бұл қауымның да опат болуына олардың әділетсіздік танытып, қиянат жасап Ұлы Жаратушы – Аллаға құлшылық етпеулері себеп болды.

    — «54.Сондай-ақ Лұтта өз еліне: «Сендер өздерің көре тұрып, жиіркенішті іс істейсіңдер ме? 55.Сендер әйелдердің орнына, еркектерге тәни құмарлық (шаһуат) танытасыңдар ма? Иә, сендер – надан елсіңдер», — деді. 56.Оның елінің жауабы: «Лұттың үй-ішін кенттерінен шығарып жіберіңдер. Өйткені олар таза болуды қалайтын адамдар», — дегеннен басқа сөз болмады. 57. Сонда Біз оны және үй-ішін құтқардық, тек әйелінен басқа. Оның артта қалушылардан болуын алдын-ала белгіледік. 58. Сөйтіп, Біз олардың үстіне тастан жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жаңбыры қандай жаман» (Құран Кәрім «Ән-Нәмл» сүресі).
    Тәпсір: «Лұт Ибраһим пайғамбардың, оған Аллаһтың сәлемі болсын, ағайыны еді. Әрі оған еріп иманға келген болатын. Кейін аса ұлы Аллаһ Лұт пағамбарды, оған Аллаһтың сәлемі болсын, пұтқа табынатын, жиіркенішті істер істейтін және жолаушыларды тонаушылықпен айналысатын елге дін уағыздау үшін жіберілді. Лұт пайғамбар оларды тәубеге келуге шақырып, күнә істерінің күйзелтуші азапқа ұшырататынын түсіндірді. Олардың күнәдан қайтпайтыны анық болған кезде, оларға қарсы Раббысына дұға жасады. А.Саъди.
    Бұл қауымда әйел мен әйел, еркек пен еркек жаппай жыныстық қатынасқа түскен, яғни қазіргі тілмен айтқанда көптеген Европа елдеріндегі сияқты «лезби және гомосексуализм» — мен айналысқан. Оның әйелі күнәһарлардың қатарынан болғандықтан құтқарылмаған. Аллаһ олардың үстіне аспаннан тас (күкірт пен от) жаудырып қырғынға ұшыратқан. Бұл қауым пұтқа табынған және жолаушыларды тонаушылықпен айналысқан.
    Ұлы Жаратушы – Аллаътың хақ жолына қарсы шығып, азғындыққа: пұтқа табынып, жиіркенішті істер істегендері және жолаушыларды тонаушылықпен айналысқандары үшін жазаға тартылды.

    — «85. Сондай-ақ Мәдиян еліне бауырлары Шұғайыпты (жібердік). Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңбер, сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Сендерге Раббыңнан анық бір дәлел келді. Өлшеулі және таразыда туралықты ұстаңдар әрі адамдардың заттарын кемітпеңдер. Жер беті түзетілгеннен кейін онда бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар. Егер иманды болсаңдар, осылай етулерің өздерің үшін қайырлы. 86. Әрі адамдарды қорқыту үшін әрбір жолда отырмаңдар. Сондай-ақ Аллаһтың жолын қисайтуды қалап, одан иманға келгендерді қайтармаңдар. Өздерің аз болған кезде Ол сендерді көбейткенін естеріңе алыңдар. Бұзушы-бүлдірушілердің соңының немен біткеніне назар салыңдар!» (Құран Кәрім «Әл-Аъраф» сүресі).
    «36…Аллаһқа құлшылық етіңдер әрі Ақирет күніне үміт артыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасап жүрмеңдер»,- деді. 37. Олар оны өтірікшіге шығарды. Сонда оларды бір сілкініс ұстады да олар үйлерінде етпеттеп жатқан күйлерінде қалды» (Әл-Әнкабут сүресі).
    Тәпсір: «Аса ұлы Аллаһ оларды үйлерінде жазалап жойды» А.Саъди. Мадиян – Манғыстаулық МАД «Ман Адай, Мадай, Матай) патшалығы өзінің ұзақ ғұмырында кейбір істерде әділетсіз болғандықтарынан Аллаһтың бұйрығымен жер сілкіну салдарынан опат тапты. Қазақтың Шұғыла (күн сәулесі, білім сәулесі) деген сөзі Шұғайып пайғамбардан қалды. Авторлық құқық пен сөз түбірі (өз түбі) жаңылыспайды. Әділет пен әділетсіздік, мәдениеттілік пен мәдениетсіздік деген ұғымдар осылай дүниеге келді. Әйтпесе біз әділеттің де, мәдениеттің де не екенін түсінбеген болар едік.
    Мадиян – Ма, Ад, Мад, Ди, Иа, Ан және Н деген ұғымдардан тұратын біріккен сөз. Сөз түбірі, яғни түп атасы Ад (Әд). Ма – Ман (бүгінгі күні Манғыстау), Ад қауымы (бүгінгі күні Адай), МАД (ежелгі патшалық атауы), Ди – Мадтардың ежелгі есімдерінің бірі, қазақтың «дін» деген ұғымы солардан қалды. Иа-Иафес (Қиан). Нұх атамыздың үш ұлының кішісі, яғни қарашаңырағының иесі. Ан – Манның сөз түбірі, аналық текті білдіреді. Ананың да сөз түбірі «Ан» болатыны осыдан. Н – баласы, ұрпағы (Ыбрай Алтынсарин – Ыбрай Алтынсарының баласы, Майлин – Майлының баласы, Бокин, Мағауин, Мұстафин, Шанин, Сералин, Сарин, Мамин, Карин т.т. болып кете береді.
    Мадиян елінің де Аллаһтың қаһарына душар болуына, олардың да кейбір істерде әділетсіздік танытып, «таразыдан» жеп және Құдайға құлшылық етуден бас тартып, ақирет күніне иман келтірмегендері (сенбегендері) себеп болды.

    — «4.Негізінде, Фиръаун жер бетінде (өз елінде) өзін жоғары қойып, оның халқын бөлді. Ол (Фирһаун) олардың бір тобын езгіге салып, ұлдарын бауыздап, ал әйелдерін тірі қалдыратын еді. Ақиқатында, ол бұзушы-бүлдірушілерден болды. 5.Ал, Біз ол жерде (Мысырда) әлсіз болғандарға игілік көрсетуді, оларды жетекші етуді әрі мұрагерлер етуді қалаймыз, 6.Сондай-ақ оларға ол жерде билік беруді әрі Фирһаун мен Һаманға және екеуінің әскеріне олардың қорқып, сақтанған (қауіптенген) нәрселерін көрсетуді. …39. Әрі ол және оның әскері ешқандай құқығы болмаса да өздерін жоғары санады әрі олар Бізге қайтарылмаймыз деп ойлады. 40. Сонда Біз оны және оның әскерін ұстап (жазалап), теңізге тастадық. Әділетсіздердің соңы не болғанына назар сал. 41. Әрі Біз оларды Отқа (тозаққа) шақырушы жетекші еттік, ал Қайта тірілу күні оларға көмек берілмейді. 42. Әрі осы өмірде Біз олардың соңынан қарғыс ертіп қойдық, ал Қайта тірілу күні олар (Аллаътың мейірімінен) шеттетілгендерден (ұсқынсыз, жиіркеніштілерден) болады. 43. Біз алдыңғы ұрпақтарды жойғанымыздан кейін, Мұсаға адамдар үшін көрнеу дәлелдер, жолбасшы (тура жолды ұстауға басшылық) және мейірім ретінде, олардың еске алулары үшін Кітапты бердік (Әл-Қасас сүресі).
    Тәпсір: «Елді жіктеп, топтарға бөліп, Исраил ұрпақтарын езгіге салып, қысым көрсетті. Өзінің тағын қауіпсіздендіру үшін олардың ұлдарын өлтіріп, тек қыздарын қалдыруды бұйырды. Аса ұлы Аллаһ Исраил ұрпақтарын қорлық езгіден құтқарып, оларды имандыларға жетекші және дүние игіліктеріне мұрагер етуді қалады». А.Саъди. Аллаһтың қаһарымен (олардың әділетсізідіктерінің салдарынан) Перғауын әскері теңізге батырылды. Әділетсіз басшыны қолдаған бүкіл әскер Ұлы Жаратушы – Аллаһтың қаһарына ұшырап ауыр жазаға тартылды.
    Олардың да жазаға тартылуына әділетсіздіктері (жазықсыз жандарға опат келтірулері) себеп болды. Сөзсіз әрбір қиянаттың артында Аллаһтың жазасы бар.

    — «78. Ол (Қарун): (Бұл мал-даулет) маған білімім үшін берілді», — деді. Ол білмеді ме, Аллаһтың одан бұрынғы ұрпақтардан күш-қуаты одан мықты әрі жинағаны да көбірек болғандарды жойып жібергенін? Қылмыскерлер күнәлары жайлы сұралмайды. 79. Сонда ол елінің алдына сән-cалтанатымен көріктеніп шықты. Әрі осы дүние тіршілігін қалағандар: «Әттең! Қарунға берілгендей нәрсе бізге де берілгенде еді! Ол – сөзсіз, үлкен үлес иесі», — деді. 80. Ал, өздеріне білім берілгендер: «Сорларың бар болғыр! Иманға келген және ізгі амал жасағандар үшін Аллаһтың сыйы қайырлы әрі ол сабыр етушілерге ғана бұйырады», — деді. 81. Сонда Біз оны және оның үй-жайын жерге жұтқыздық. Оны Аллаһтан құтқаратын ешбір топ болмады әрі ол өз-өзін де құтқара алмады.
    Тәпсір: Ол өмірдің барлық қызығы тек қана дүние-мал жинау деп ұғынды. «Оған адамдар: «Бұл өмір сені ақиреттен тосып қоймасын. Аса ұлы Аллаһ берген игіліктерді, мүмкіншіліктерін Жәннатқа жету үшін пайдаланып, садақа беріп, Раббыңның разылығын табуға тырыс. Дүниеңнің бір бөлігін өзің үшін пайдалан. Сонда сен өз дініңе де, ақиретіңе де пайда келтіресің. Аллаһтың жаратқандарына жақсылық жаса», — деді. …Олар өздерін ізгілер қатарында есептеп, осылай жалғаса береді деген сенімде болды. Алайда, бұл оларды азаптан қорғай алмайды. Адамның байлығы оның өзгелерден артықшылығы деген сөз емес». А.Саъди. Игілікті іс (мешіт, көпір, жол, мектеп-медресе салу, ғылым-білімге т.т. жұмсамады) жасамады, қайыр-садақа бермеді, Аллаһтың рақымшылығын табуға тырыспады. Ол өте менменшіл және тәкаппар болды. Аллаһтың қаһарымен оны (Қарынбайды), үй-ішімен және барлық дүние-мүлкімен жер жұтты. Осының бәрі кеше ғана осындай бай болуды көксеген өзге жұрттың бәрінің көз алдында болды. Тура осындай жағдай күні кеше, бар-жоғы осыдан жүз жылдай шамасы бұрын (1917ж.), Кеңес үкіметі билікке келер тұста болып өтті. Бұнда бүгінгі тек қана қарабастарының қамын ойлап жүрген байларға және тек қана бай болуды көксеп жүргендерге үлкен ғибрат бар.
    «Қарун – Мұсаның руынан болған бай адам. Ол байлығына масаттанып, адамдарға әділетсіздік істейтін еді. А.Саъди. Қазақтың шежіре, аңыз-ертегілеріндегі ең жағымсыз кейіпкерлердің бірі «атақты» Қарынбайымыз осы.
    Бұл жерде жазаға тек қана «Қарынбайлар» мен «Шық бермес Шығайбайлар» тартылды. Бай болсаң, бар болсаң артық қаражатыңды еліңдегі кедейлердің (жоқ—жітімдердің) жағдайын жақсартуға жұмсауға тиіссің. Ал, қазіргі кейбір «азғындар» ел аузынан жырып шетелге тасыйды.

    — «10. Әрі Біз Ер Дәуітке Өз тарапымыздан артықшылық бердік. «Ей, таулар! Онымен (Дәуітпен) бірге жаңғырық беріп (Аллаһты дәріптеуін) қайталаңдар. Ей, құстар! (сендер де) қайталаңдар – дедік. Әрі оған темірді жұмсартып: 11. «Ұзын сауыттар жаса және оның бөліктерін (шығыршықтарын) мөлшерлеп ал. Әрі ізгілік істеңдер. Ақиқатында, Мен не істеп жатқандарыңды Көрушімін», — дедік. 12. Ал, Сүлейменге таңертеңгі шығуы бір айлық, кешке қайтуы бір айлық жолды басып өтетін желді (бағындырдық). Біз оған мыстан бұлақ ағыздық. Және Раббысының рұқсатымен оның алдында жындардан жұмыс істейтіндері болды. Әрі олардан кім әмірімізден шықса, оған Саъир азабын таттырамыз. 13. Олар оған, ол қалаған құрылыстарды (сарайлар мен мешіттерді), кескіндерді, әуіздей үлкен ыдыстарды және берік орнатылған қазандарды жасап беретін. (Оларға): «Ей, Дәуіттің әулеті! Шүкір ету (Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдіру) үшін амал істеңдер», — дедік. Құлдарымның азы ғана шүкір етуші (берген игіліктеріме разы болып, алғыс білдіруші). …15. Сәбалықтар үшін олардың тұратын жерлерінде белгі (нышан) — оң жақ және сол жақтарында (орналасқан) екі бағы — бар еді. (Оларға): «Өздеріңнің Раббыңның ризығынан жеңдер және шүкір етіңдер (Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер). Жақсы ел әрі аса кешірімді Раббы», — (делінген еді). 16. Алайда олар (шүкірсіздік етіп, құлшылықтан) теріс бұрылды. Сонда Біз оларға тасқын суды жібердік әрі олардың бақтарын жыңғылды әрі азғана сидры (тікенекті ағашы) бар екі бақпен алмастырдық» (Сәба сүресі).
    Тәпсір: Сәба – Иемендік елдің аты. Бұл елдің қытай жазбаларындағы атауы Сә (Са), олардың ұрпақтары Сақтар, Сарматтар. Бұл бүгінгі қазақтардың ежелгі ата-бабаларының атауы. Иеменнің қазақша атауы Жемен. Олар Адай атаның шежіре дерегі бойынша Адайдың жетінші буыны, яғни алтыншы немересі Бұзаудан тарайды. Иемен дегендегі «И» дыбысы, бұл Ата (Ада) деген ұғымға жалғанған, Адай дегендегі, атаның баласы, ұрпағы дегенді және сонымен қатар Нұқ пайғамбардың кіші ұлы Иафес дегенді білдіреді. Олардың ұрпағынан Ер Дәуіт пен он сегіз мың ғаламды билеген Сүлеймен шықты. Оларға Аллатағала көптеген артықшылықтар берген. Кейіннен, «Олар шүкірсіздік танытып құлшылық етуден, бойсұнудан бас тартқан кезде оларға жаза түсті. Бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша сәбалықтардың салып, пайдаланып келе жатқан су бөгетін (плотинаны) Алла Таъала егеуқұйрықтар жіберіп тестіріп, тоған құлап, бұларды сел басты. Сөйтіп Сәбалық тайпалар азапқа ұшырап, олардың бір бөлігі жан-жаққа тарап кетті». Ибн Касир. Бұлардың бір бөлігінің жазаға тартылуына, олардың шүкіршілік етпей, әділетсіздік танытып, Аллаъқа құлшылық етуден бас тартқандары себеп болды. Дегенмен, олардың артында Сақи, Мырза, Жомарт деген ең жақсы ұғымдар қалды.

    «41.Адамдардың өз қолдарымен жасағандарының (күнә, қылмыстарының) себебінен құрлықта және теңізде бүліншілік пайда болды. (Бұл) олардың істеген күнәларының кейбірінің жазасын татуы әрі олардың (қүнәлардан) қайтулары үшін». (Әр-Рум сүресі).
    Тәпсір: «Жердегі түрлі бақытсыздықтар және қиыншыл

    • #67
    • Әбдияр
    • сс, 04/10/2016 - 9:17

    Тәпсір: «Жердегі түрлі бақытсыздықтар және қиыншылықтар – адамдардың жаман істеріне берілген жаза. Бұл бақытсыздықтар жазаның дүниедегі бір бөлігі ғана. Сөйтіп, олар күнәдан аса ұлы Аллаһқа бойсұнуға қайтып, тура жолға түсуі үшін. Бұл барлық кемшіліктен пәк Аллаһтың құлдарына деген мейірімі. (А.Саъди). Аллаһқа иман келтірмей, күнәлі істеріңді ары қарай жалғастыра берсең, ар жағыңда, яғни келесі «дүниеде» сені тағы тозақ күтіп тұр.
    «116. …Ал, әділетсіздік еткендер, өздеріне берілген сән-салтанат, рахатқа ерді, сөйтіп қылмыскер болды» (Құран Кәрім «Һұд» сүресі). Тәпсір: «Әділетсіздер, тек дүние қызықтарына беріліп, одан басқа ештеңені қаламады. Соңында олар жазаға лайық болып жойылды». А.Саъди.

    Сөзсіз әрбір күнәнің ішінде азап бар. Егер кімде-кім сол күнәні жасаса және сол күнәлі істен бас тартып тезірек тәубе жасамаса, онда ол күнәнің қасіретті зардабы оған міндетті түрде айналып соғары сөзсіз. Бірақ өкінішке орай, Құдайын ұмытып жасаған күнәні, Құдай да ұмытады-деп ойлап, алданып жүргендер қаншама? Ақиқатында Алла еш нәрсені ұмытпайды. Алла бәрін көруші.

    Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

    • #68
    • Мұқан
    • сн, 12/10/2016 - 13:20

    Сол электро таблоның бес әрібін ауыстыру соншалықты қиын ба? Мына ТЖ басшыларының бәрін мемтілді қорғайтындармен ауыстыруды ұсынамын. Вагондардағы көрсетпе жазбаларда мемтіл заңының талаптары еш сақталмайды. Көпшілігі әліге дейін диаспора тілінде жазылулы тұр.
    Заң талабы бойынша солдан оңға қарай жазылса, бірінші болып қазақшасы тұруы, алдан жоғарыдан төмен жазылса үстінде қазақшасы тұруы керек. Вагондарда бұл ереже еш сақталмайды.

    • #69
    • Алшын
    • жм, 14/10/2016 - 9:06

    Мемтіл үшін күреспейтін адамдарға билік тізгінін беруге болмайды.

Пікір қосу

  • 4 + 30 =

Вход