Өз сөзім...

КЕШІРІҢДЕР БІЗДІ, БАУЫРЛАР!

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Өткен аптада үш отбасының ойранын шығарған оқиға болды. Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш кентіндегі мал базарына 18 қыркүйек күні мал әкелген 1979 жылғы Долданұлы Жарқынбек, 1973 жылғы Зарлыханұлы Мұқият пен Әлімхан Қадылбек есімді азаматтардың жоғалғаны белгілі болып, артынша ол жігіттердің сүйегі табылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін, елі мен жерін аңсап жеткен үш азаматтың қазасы әр қазақтың қабырғасын қайыстырып кеткені рас.

Қазақ қазір мыңға бөлінді. Рушылдығымыз асқынып тұр. Діншілдігіміз басымызды бір дастарханда түйістірмейтін болды. Орыстілділер мен қазақтілділер болып, тағы қырқысып жатамыз. Енді келіп, жергілікті қазақтар мен оралмандар атанып алып, қақ жарылудың алдында тұрмыз. Ақпарат құралдарынан естуімізше көрші елде «Қазақстанда Қытайдан келгендерді қырып жатыр екен?» деген қауесет тарап жатқан көрінеді.

Қазақтың басын қоспау, «елім мен жерім» деп отырған ағайынның ыстық көңілін суыту үшін әлі талай қитұрқы әрекеттер жасалуы мүмкін. Десек те, қазақтың саналы ұрпағы мұндай арандатушылдардың сөзіне ермейді деп ойлаймыз.

Үш жігіттің өліміне себеп, олардың оралман болуы емес. Бұл - іскер жігіттердің тапқанына көз алартқан жендеттердің ісі. Қылмыскерлердің көкейін тескен – ақша. Сол себепті ақша үшін жасалған қылмыс әлеуметтік наразылыққа ұласпауы тиіс. Шеттен келген түрлі диаспораны құшағына сыйғызған қазақ өз қандасын да өзектен теппейді. Осыны қандастар түсінсе дейміз.

Бірақ, әр елде, әр жерде бір тентектің болатыны рас. Қылмыскердің ұлты мен тегі болмайды. Сондықтан да, еліміздегі тентектерімізді бастықтыра алмағанымыз үшін, шеттен келген әр ағайыннан жергілікті қазақтар кешірім сұрауға тиіспіз. 

Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мырза бастап, өзге де құзіретті органдар тікелей араласып, кінәлілер әділ жазасын алуы қажет.

Біздің әзірге айтарымыз осы.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

57 пікір 4402 рет оқылды Қосылған: 26.09.16
    • #1
    • Арыс
    • дн, 26/09/2016 - 11:32

    Толықтай қосыламын.

    • #2
    • Азамат
    • дн, 26/09/2016 - 11:43

    Қылмыскерлер тексіз болады. Өзгенің қалтасына көз салу нағыз тексіздин, бейшараның әрекеті. Қолмен истегенди мойнымен көтеру керек

    • #3
    • ШАЛА Казахпын
    • дн, 26/09/2016 - 11:47

    СССР исчез а МЕНТЫ остались, любое преступление связано с МЕНТАМИ это научно доказано.

    • #4
    • Тобылғы Семсер
    • дн, 26/09/2016 - 11:52

    Әрине оралман болғагы ушин емес ақша ушин жасалған қылмыс қои...

    • #5
    • Есенғали, Антакиядан
    • дн, 26/09/2016 - 12:10

    Қылмыскерде ұлт болмайды.
    Қылмыскер ақша табу жолында Ібіліспен де ағайын болып кете береді.

    • #6
    • Еміл
    • дн, 26/09/2016 - 12:17

    Еміл қазағы 2016-09-25 08:44:21 Меніңше бул арнаиы қылмыстық топтың істегені олардың негізгі масаты қазақстан қоғамында тəртіпсіздік паида қылып оз мақсаттарына жетіу .қысқасын аиытқанда өкметке қарсы топтар басқада уиымдар болыуы мұмкін.ең маңыздысы еліміздің тауелсіздігінің бекем болыуы .сол ұшін қылмыстық топтың табыу кекек. ел ағалары осындаи қысыл-таиаң кезде атқа мініуі керек.

    • #7
    • .
    • дн, 26/09/2016 - 13:01

    Имансыздарға ара түсіп, ақша тықпалайтын имансыз туыстары да шығар ма екен?Көресіздер, имансыз, арақ ішкеннен кейін бата жасайтын бұл қазақ ,ана қанішер туыстарынан сырт айналып, қарғыс атсын деудің орнына, іштен шыққан шұбар жылан деп соларды құтқаруға кіріседі. Сондай ібліс соққандар заң жағынан да табылулары мүмкін. Жазықсыз жандарды қырғын жасаған оңбағандарды, зәу затымен қарғыс атсын!

    • #8
    • Айткул
    • дн, 26/09/2016 - 13:07

    Рушылдық,елге, жерге бөліну бүгінгі күнде жалайыр мен ұлы жұздің,бас көтеру басшыларында.Рушылдыққа баулу, бөліну Талдықорған аймағынан басталған. Кадр мәселесін де осылар шешеді. Басшысын табу аса қиындық тудырмас,ұстапұқымтұқымымен жазалау керек.Сонда басылады рушылдық. Ал тексіздер де осы рушылдықтан шыққан. Үш бірдей қандастарымыздың амандығын
    тілеймін,бірақ тірі емес шығар. Алла алдынан жарылқасын.

    • #9
    • Еміл
    • дн, 26/09/2016 - 13:31

    Тариқтан дəлелденген !кім жікке-руға болінгіш болса оны басқалар жек көреді өз тұбіне өзі жетеді.мұмкін басқалар жагынан жойлып жоғалыуыда мұмкін.

    • #10
    • али с к
    • дн, 26/09/2016 - 14:05

    арты қайырлы болсын бауырлар
    кешіріңіздер бізді
    іренжетіп алдық сізді
    бір қарын майын қазақтың
    бір құмалақ бұзды

    • #11
    • Сабыржан
    • дн, 26/09/2016 - 14:06

    Шәріпхан, мақаланы әдемі жазып келіп "шеттен келген әр ағайыннан жергілікті қазақтар кешірім сұрауға тиіспіз", – деген сөзді қосып қойыпсың. Міне, бөлу дегенің осы. Жергілікті қазақтар кешірім сұрайтындай екі жақ екі мемлекетте отырған жоқ. Екеуі екі ұлт емес. Үш жігіттің өліміне әлеуметтік желілерде көңіл айтылып, баспасөздер мәселе көтеріп жатыр. Шеттен келген қандастар мен жергілікті қазақтар қақ жарылғалы тұр дегендей сөз айтыпсың. Өтірік. Мұндай сөзді 15 жыл бұрын айтсаң жарасар ма еді? Шеттен келген қандастар мен жергілікті қазақтар бір-бірімізге сіңісіп, біте қайнасып барады. Қоғамда да, жұмыста да, оқу орындарында да солай. Жастар жағы бір-бірімен үйленіп, олардың алды 20 жастағы үл мен қызды үлкен өмірге қадам бастыртып жатыр. Соның бірі өзіммін. Иә, арыстай азаматтардың өлімі естіген жандарға оңай тиген жоқ. Алла оларға жәннаттан орын бұйыртқай! Артында қалғандарға екі дүниенің бақытын бергей! Қылмыскерлер олардың шеттен келгендері есепке алған жоқ. Қаніпезерлерге дүние керек болды. Оларды адам қаны жібермес. Жақсы сөз айтып, жаман ойды тықпаламайық. Сіз де, бізде бір қазақпыз. бір қазақ болып қалайық!

    • #12
    • али с к
    • дн, 26/09/2016 - 14:22

    иа келісемін сабыржан аға сізбен бірақ дегенменде елім жерім бауырларым деп келген азаматтардың үшеуі бірдей қылмыскердің қолынан қаза тапты өте қиын жагдай бұл жерде бөліп жаратын ештеңе жоқ тек әтеңайы көп болып тұрғой

    • #13
    • Azat KONYSBEK
    • дн, 26/09/2016 - 15:01

    Бұл қылмыс менттердің (полицей емес) көмегінсіз жасалды дегенге өз басым сенбеймін. Министрдің қолынан не келеді? Қасымов басшылық еткен кезде әр түрлі жағдайда (қылмыскер қолынан, жол апатынан) қанша адам қаза болды? Сауатты маман ІІМ тізгінін қолға алса ғой!?

    • #14
    • Руза
    • дн, 26/09/2016 - 15:10

    Оқуға дәтім шыдамайды... иманды болсын. Өлтіргіштерге еселеп қайтсын!

    • #15
    • білгіш
    • дн, 26/09/2016 - 16:39

    Алматы облысында барымтамен айналысып елдің малдын ұрлап келген қарақшыларды ешкім тоқтата алмай жүргенін талай рет 31 канал көрсеткен. Сонда кейбір малынан айырылған адамдар ол барымташыларды полиция қызметкелері қорғайтынын да айтқан. Содан бері мал ұрлайтын барымташылар еш жазаланбады да елдің жоғалған малы табылдмады. Енді қарақшылар ашық адам өлтіріп мал тонайтын дәрежеге жетіпті. Бұлардың артында сол полициялар тұр ма жоқ па соны зерттеу АБАЙ.КЗ сіздерге аманат бүкіл қазақ елінің атынан!!!!

    • #16
    • Сары қазақ
    • дн, 26/09/2016 - 18:18

    Арыстай азаматтардың жанын қиып, 9 баланы жәутеңкөз еткен қарақшыларға кешірім болмауы тиіс.

    • #17
    • Қ.Құрманұлы
    • дн, 26/09/2016 - 18:21

    Абай.кз - ке Рахмет, аталы сөз айтып отыр! Бұл қайғылы ғана жағдай емес, бұл үлкен қасырет! 9 бала жетім қалды дейді ақпарат, бұл орны толмас орасан трагедия. Қылмыскерлер де біреудің әкесі, біреудің баласы, біреуге құда, біреуге дос-жаран... Бұл олар үшін де мәңгілік масқара! Жалғыз министр не істей алады? Ұлт болып, ұлыс болып қолға алатын мәселе бұл! Оқыс оқиға, орынсыз ойран, санасыз сайранға барлық елде де "орын бар"... Ал, мынау дегеніңіз, мемлекет мұратына жасалған шабуыл, ұлт ұйытқысын ойрандау! "Моя милиция меня бережет" дейтін нақыл сөз бар еді, оған жұрт кәдімгідей иланатын. Неге иланды?... Осыны зерттеу керек. Атып-аспай-ақ, қызыл жағаның жанынан "жымын" білдірмей өтетін жұрт... Сондықтан, полиция да кәзір бір "қауым ел", мәселені министрден ғана емес, осы "бір қауым елмен" бірге талқылап барып, олардан "қанды керуенді" тоқтатуды қатаң талап ету керек! Қызыл сөзден қызу сөзге бет бұратын кез келді. Жардан құлап өлгенді жазым дейміз, ал мынау ...ұлтты, мемлекетті басыну, елді-жұртты көзге ілмеу! Боздақтардың жандары Жәннатта болсын, мархұмдардың туған-туысқандарына, жалпы қан жылаған қауыға қайғырып көңіл айтамыз!!!

    • #18
    • ххх
    • дн, 26/09/2016 - 18:50

    Лучший кент - мертвый мент...

    • #19
    • pikir
    • дн, 26/09/2016 - 18:55

    40 malga ush azamattyn zhany bul qazaqstandagy adam quny

    • #20
    • Қыр қазағы
    • дн, 26/09/2016 - 19:27

    40 бас малдың ақшасы 5,5-6 миллион теңге үшін үш бірдей атпалдай азаматты, 9 баланың әкелерін өлімге байлағандығы бүгінгі қазағымның азғындық дәрежесін көрсетіп тұр. Ақшаның құлдары, азғындықтың терең түбіне батқан қайран қазақтар-ай....25-жылғы тәуелсіздік, адамгершілік пен адами қасиеттерді ұмыту, тез баю мен ақшаға, байлыққа табыну қазіргі билік тұсындағы мәңгілік құндылықтардың деградацияға ұшырауының, көк тиынға дейін құнсыздануының белгісі болар....Алла-тағала, өзің кешіре көр, пенделеріңді....

    • #21
    • Мирболат
    • дн, 26/09/2016 - 19:34

    Қылмыскерлер міндетті түрде табылады. Үш бірдей азаматты өлтіру бір адамның ісі емес. Қылмыстық топ бар шығар. Оларға халықтың алдында қатаң жаза беру керек.

    • #22
    • шаруа
    • дн, 26/09/2016 - 20:06

    Алматы облысы -мал ұрлығы сонау 1993 жылдан өрбіп тұр.Жоғалған
    бірде бір малымыз табылған емес. полиция іздемейді де.хабар-ошарын хабарамайды да. Енді түсінікті болған сияқты,желдің қайдан соғып тұрғаны

    • #23
    • қазақ
    • дн, 26/09/2016 - 20:08

    Сонда полицейлер бұл қылмыстан алдын ала сақтандырмай осы
    күнге дейін ай қарап жүрген бе

    • #24
    • қазақ
    • дн, 26/09/2016 - 20:12

    Егер заң ұйымы бұл қылмысты тез арада әділетті түрде шешпесе ашынған халық көтерілуі мүмкін

    • #25
    • Астана Алашы
    • дн, 26/09/2016 - 20:28

    Құрметті ағайын!
    Қазаның артының қайырын берсін. Бізге, бәрімізге (іш, сырт демей) оңай болмай тұр. Қанпезерлердің жазасын бір Алла береді. Қай кезде де, екі дүниеде де. Біраз жұрт (автор да) мұның себебін шеттен келген қазақты шеттетуден көретін сияқты. Жоқ, олай емес. Өз шаранасын мәшинеден лақтырып жатқан, өз перзентін селофанмен тұншықтырып өлтірген бүгінгі ібілістерден не күтесіз? Олар ешкімді аямайды. Анасын да. Ал, бұл шайтан қайдан кірді? Билік, зиялылар, қоғам болып осы мәселені бірге талқыладық па? Жоқ, "жабулы қазан жабулы". Коммунизм шуағындамыз. Қазір қылмыс болса, өзі үшін, жалған намыс үшін бүркеп-жабатындар көбейді. Өткенде Астана медуниверситеті баласын қинап өлтіріп, артынан істі басқа жаққа бұру үшін өсек тартатып жібергендер кім? "Әділет" деген саланың ар жақ-бер жағында жүргендер. Рас, мұндай жағдай Ресейде де, Өзбексатанда да, Қырғызстанда да т.б. жүріп жатыр. "Ақырзаман" елесі кезіп жүр. Мұны кім тоқтатады?.. Ау, осы біз ел емеспіз бе? Өткенде бір қыз бір қызды пышақтап өлтірді. Сот өлтірушіні 16 жылға ғана кесті. Ол оның жартысын өтейді де, шығады. Америкада осы оқиға болсыншы, 1-2 "өмірбойғы түрмеде" отыруға кесер еді. Өз әйелін өртеп өлтіргенге де 18 жылдай уақыт берді... Бұл не болып кетті? Қазақстанның бар қаласында, тіпті ауылында да педофилдер қаптап жүр. Өткендегі Ақтаудағы оқиғаны жұрт естіп-білді. Көзін жұмды, құлағын басты. Ол тек алыс Ақтауда ғана болып жатқандай... Біз өз-өзімізді қорғауымыз керек! Сонда қылмыс әлемі аяғын тияды!

    • #26
    • ермек
    • дн, 26/09/2016 - 20:58

    Иманы салауатты болсын. Негiзiнде Казакстанда зан жок. Бул билiк толыгымен кетпей тыныштык болмайды. Бул билiк ату жазасын алып тастады неге оздерiнiн урпактары немесе атылып кетпес ушiн. Шаршадык бул билiктiн отipiгiнен. Екiадам олтipгенi куман тугызады. Южандар билikтi босатындар сонда Казактын басына бак орнайды.

    • #27
    • қазақ
    • дн, 26/09/2016 - 21:24

    Обал - ай! Не жазарымды білмей отырмын...

    • #28
    • Акжан
    • дн, 26/09/2016 - 21:26

    Козим ериксиз жаска толды,Алла жазаларын берсин!

    • #29
    • ттт
    • дн, 26/09/2016 - 21:51

    Бұл бір ақылға симайтын нәрсе болып тұр.Сонда қазақтар не болғанымыз әбден азғындап біткен сияқтымыз,білдей бір үйдің үш азаматын ақша үшін өлтіру деген қаніпезер қанішерлердің қолынан келетін нәрсе ғой.Біз сондай болдық па?

    • #30
    • Сәләфші хәләф
    • дн, 26/09/2016 - 22:30

    Қаза болғандарға Аллаһ имандарын берсін, қаралы отбасы мүшелеріне сабыр берсін! Арты қайырлы болсын!

    Бұл айуандық қылмысқа жергілікті полиция өкілдерінің қатысы болуы мүмкін деп мен де ойлаймын. Істі тергеуді жоғарғы жақтың жүргізгені дұрыс.

    • #31
    • Мақсұт
    • дн, 26/09/2016 - 22:38

    Шәріпхан Қайсардың жазып жүргендерінің көбінен орашолақтық көремін... Бұл жолы да солай. Үш оралманды "оралман" болғаны үшін өлтіріп отырған жоқ қой?! Кәдімгі қаскөйлік қылмыс, қарақшылық... Рет ретімен жүйелейтін болсақ- қанды қылмыс Қазақстанда асқындап тұр. Қоғамдағы дағдарыстардан туындаған кездейсоқ қылмыстармен қатар осындай қасақана ұйымдастырылған қарақшылықтың себебі не? Олар өздерінің жазасыз кететініне, артында арашалаушы күштердің тұрғанына сенуден туындайды. Бізде Заң қатал, керек болса шектен тыс аяусыз. Бірақ -қасақана қылмыс көп...өйткені бізде қылмыстық жүйеге құрылған. бәрін сатып алуға болатын, ақшаң болса ештеңеге де жауап бермеуге болатын система құрылды. Мысалы мына қанішерлер 5.5 млн теңге үшін түрмеде отыруға еш келіспес еді, олардың есебі -әдеттегідей , ақшаны қалтаға басып, полиция,прокуратура, сотты сатып алып талтаңдап жүру болды. Көп жағдайларда дәл осылай болатыны да рас. Тәртіпті жазаны күшейтумен орнату мүмкін емес. қылмыскермен, күнәліні жазасыз кетірмеумен ғана орнатуға болады. Ал бізде бәрі керісінше...
    Егер қапыда құрбан болғандарды 300 ге жуық азаматтар күн -түн демей іздеуге шықпағанда, Халықтың осы оқиғаға байланысты дүрлігуі болмағанда -бұл қылмыста ашылмаған күйі қалар ма еді кім білсін?! Неге Халықтың төлеген салығының арқасында нанын айырып отырған 153 мың полицейскидің жұмысын қарапайым жұрт атқарып, қылмыскерлерді іздейді? Неге әр 60-70 адамға 1 полицей келетін Қазақстанда Ұрылар мен Қарақшылар, Қылмыскерлер мен Алаяқтар тайраңдап, еш жазасыз сайран салады? Неге қыбыр еткен көлікті көзден таса етпей, жүк машинасы болса -тіпті қуанып "үлестерін" алып қалатын "жолполдар" 200-300 км аймақты аралап жүрген күдікті машинаны "көрмей" қалып. дерегі бір аптадан кейін шығады? "Негелер" неге көп? Көп болатын бір себебі -жергілікті жерлерде мал ұрлаушылырдың ұсталмауы, жай адамдар ұстап бергеннің өзінде еш жазасыз кетіп, ертеңінде -ақ "кәсібіне" қайта кірісетіні сұрақтарды көбейтеді. Мұның ақыры мына Ұзынағаштағы жағдайға алып келмегенде қайтсін! Қылмыстың асқындауы -жазаның жұмсақтығынан емес, жазалаудың әділетсіздігінен! Шын құндыкерлердің бәрі сатылған заманда жаза тартпай құтылып кетіп, жазықсыздардың тұтылып жататындығынан! Мұны жөнге қоюдың төте жолы мынау -153000 полицияны түгел таратып, олардың орнына былғанбаған 15000 ғана қызметкерді қалдыру керек! Олардың жұмыстары Биліктің байлығын күзету емес. Елдің тыныштығын қорғау болса, қасақана жасалатын қылмыстар да құйрығын бұтына қысып, жымып кетер еді.

    • #32
    • Елемес
    • дн, 26/09/2016 - 22:40

    Қайғы бірімізге де ортақ қайғы. Қай елде де азғын көп. Ақша үшін бірін-бірі өлтіріп жатқан жалғыз біздің елде емес. Қанды балақтар жедел ұсталып, тиесілі жазасын алу үшін, көрген, білген сезген жандар болса, жасырмай көмектесуі қажет.

    • #33
    • ШАЛА Казахпын
    • дн, 26/09/2016 - 22:54

    #31 Мақсұт

    Оте дурыс айтасын Система сгнила НКВД-дан келе жаткан бул система !!!

    • #34
    • Қуандық
    • дн, 26/09/2016 - 23:03

    Қойдан жуас қазақ жауыз боп барады. Орта Азия да күнделік ең жаман және жағымсыз хабарлар Қазақстаннан шығар меніңше. Өз өзін иттей қырган қазақ. Балалары ит құрлы болмаған қазақ. Қыздары өз ұлтын суймеген қазақ. Шалдары педофил болған қазақ. Өз өзін қырган қазақ неге балдарына, қыздарыңа, жесірлерине, жеріне, еліне кыргыйдай тиіп атырган өзге ұлт тарға тимеске.

    • #35
    • Айнаш
    • сс, 27/09/2016 - 0:41

    Қазақ ел болмас сірә Сөйтіп жүріңдер өз қазақтарыңды қырып Неге орыстың скинхедтері құсап өзгені қырмайсыңдар соншама жауыз іздесеңдер өзі аз қазақ Мынауымызбен бізді сырттан ешкім де қырмайды керісінше біз өзімізді өзіміз қырып жойып жатырмыз мисыздар Қазақ - хайуан және дәл табылған синоним сөз Ешбір ұлт мынадай бір біріне соншама жауыз емес Тек қазақ сондай

    • #36
    • гуманист
    • сс, 27/09/2016 - 0:47

    Дүние үшін жазықсыз адамдарды өлтіретін айуандарға елдің алдыңда дарға асу жазасын шығару керек. Айуандарға гуманист болуға болмайды.

    • #37
    • Үмбетов
    • сс, 27/09/2016 - 2:22

    бізің қоғамда ондай жағдай әлі бар оралманды шеттетіп.ал осында туылған орыс чечен болсын мықты болса соның сөзін сөйлейтіндерді көріп жүрміз.

    • #38
    • Үмбетов
    • сс, 27/09/2016 - 2:24

    алла артында қалған бала шағасына амандық тілейміз.

    • #39
    • ШындықЗз
    • сс, 27/09/2016 - 5:35

    Өткенде Елбасты Ұзынағаш жаққа барғанда жол боиында адым жерде бір мент тұр Соданақ білуге болады Біздегі ментердің кімді қорғау үшін құрылғанын Ол ментердің сенің халқыңда шаруасы жоқ Олар итаяқтарын жуындыға толрып қоятын рижимді қорғау үшін жаратлған құрлым Кезінде халық арасында баяғы реерессия кезінде шолақ белсендлер дің қазіргі жалғасы сяқты халықты қырғыга ұшратқан

    • #40
    • Дидар
    • сс, 27/09/2016 - 9:20

    Бұл оқиға елді дүрліктірді, тұтас ауыл бұл азаматтарға здеу салды. Иманды болсын. Оқиғаның бұлай айналарын кім білген.

    • #41
    • Дидар
    • сс, 27/09/2016 - 9:20

    Бұл оқиға елді дүрліктірді, тұтас ауыл бұл азаматтарға здеу салды. Иманды болсын. Оқиғаның бұлай айналарын кім білген.

    • #42
    • Мерей
    • сс, 27/09/2016 - 9:21

    Қоғамда қылмыстың өршіп тұрғаны ма, қылмыскерлерді жазалау керек қатаң түрде.

    • #43
    • Гүлжан
    • сс, 27/09/2016 - 9:22

    Сорлы дүние, сен үшін өмірінен айырылып жатыр бәз біреулер. Бұл масқара оқиға болды. Қылмыскерде ұлт жоқ, ол кез келген мемлекеттің соры.

    • #44
    • Асыл
    • сс, 27/09/2016 - 9:23

    Иманды болсын, өте қиын жағдай орын алған екен. Бұл оқиға жан жақты зерттеліп, қылмыскерлер жазаланады, мен оған сенемін.

    • #45
    • Сания
    • сс, 27/09/2016 - 9:24

    Арамдықпен, қиянатпен алған ақшалары бұйырмайды, әрі жамандықпен еселеніп қайтады. Обалын ай.

    • #46
    • Дамир
    • сс, 27/09/2016 - 10:15

    Ақшаның құлы, ібіліс болып, жемқор болып отырған ең бірінші жоғарыдағылар ғой. Сосын қалғаны не істемейді. Бұл жағдай тағыда болады, болмауы үшін бүкіл система ауысуы керек. Қасымов түкте істемейді, жазған ашық хаттарыңды ол оқида алмайды.Себебі қазақ емес, биліктегілердің бәрі солай.

    • #47
    • Асанбай
    • сс, 27/09/2016 - 10:22

    Есенғали брат Хабардың Хабарынан Украйна Қазақстанды алдап кетті деп жатыр еді.Ұшақ құрастырып берулері керек екен ақшасын алдын ала алып ұшақ жоқ деп фак көрсетіп кетіпті бұны қалай түсінеміз?

    • #48
    • Асанбай
    • сс, 27/09/2016 - 10:22

    Есенғали брат Хабардың Хабарынан Украйна Қазақстанды алдап кетті деп жатыр еді.Ұшақ құрастырып берулері керек екен ақшасын алдын ала алып ұшақ жоқ деп фак көрсетіп кетіпті бұны қалай түсінеміз?

    • #49
    • Асанбай
    • сс, 27/09/2016 - 10:22

    Есенғали брат Хабардың Хабарынан Украйна Қазақстанды алдап кетті деп жатыр еді.Ұшақ құрастырып берулері керек екен ақшасын алдын ала алып ұшақ жоқ деп фак көрсетіп кетіпті бұны қалай түсінеміз?

    • #50
    • https://www.nur.kz/kk/1264039-kolikten-shyqpay-daret-syndyrghan-poli.html
    • сс, 27/09/2016 - 11:59

    https://www.nur.kz/kk/1264039-kolikten-shyqpay-daret-syndyrghan-poli.html

    • #51
    • http://apostrophe.ua/article/society/2016-09-26/rejim-putina-kak-truhlyavyiy-bao
    • сс, 27/09/2016 - 12:05

    http://apostrophe.ua/article/society/2016-09-26/rejim-putina-kak-truhlyavyiy-baobab-ruhnet-zavalitsya-posyipetsya---viktor-suvorov/7419

    • #52
    • Жулдыз
    • сс, 27/09/2016 - 15:30

    Адам өлтіру тауық бауаздаганнан оңай болып кеткен сияқты ғой. Жетім қалған 8 баланың обалы кімге? Алла берсін айуандардын жазасын. Басқа не айта аламыз.Жүрегім ауырды естіп мына жағдайды. Қазақ қазақты аямайтын заман болды ғой.

    • #53
    • мурат
    • сс, 27/09/2016 - 21:44

    кешириниздер бизди бауырлар ,биздин окемет бундай олимдерге бюджеттен акша карастырылмаган екен?полицеилер уиктап жатып олип кетсе де карастырылган?мине биздин билик бет пердеси.

    • #54
    • Жанашыр
    • сн, 28/09/2016 - 23:58

    Соқталдай үш азамат, үш үйдің тірегі артының қайырын берсін.Адам азғанда қайуанға айналады.Бұған кінəлі қоғам.

    • #55
    • ақымақтар
    • бн, 29/09/2016 - 0:23

    сонда үш адамды өлтіріп, 40 бас ірі қараны ұрлап, ешкімге білдірмеймін дегені ме.. ақымақтықта шек жоқ ау осы..

    • #56
    • Азамат
    • бн, 29/09/2016 - 11:51

    Иманды болсын, артында калган бала-шагаларына Алла амандык, денсаулык, тауфик берсин.

    • #57
    • #55 - ке
    • бн, 29/09/2016 - 12:47

    Бүкіл ауылы көтеріліп шуламағанда кім білсін, ешкім білмей із түссір кетер ме еді... Осыдан он шақты жыл бұрын Қызылорда облысының, Арал ауданы Шижаға деген ауылында бір түнде бір отбасын түгел өлтіріп, үйін өртеп кеткенде ешкім ұсталмай кеткен. Отағасы пайызбен қарыз береді екен, соған байланысты өлтірген, өлтірушілер аудандық полициядан болуы мүмкін деп халық белгілі бір адамдардың аты жөндерін айтып жүрді. Отбасы мүшелерінің бірі жас нәресте екен. Одан кейін, осыдан үш жылдай бұрын Қазалы ауданының дәл осындай ауыл аралап кәсіп жасайтын екі азаматтын тағы да сол Арал ауданының шеткері бір ауыл аймағында атып өлтіріп кеткен. Оларды өлтіргендер де ұсталып сотталды деген хабар естілмеді.

Пікір қосу

  • 10 + 42 =

Вход