Бір сөзбен Тыныштықбекті XX ғасырдың соңындағы қазақтың лирикалық поэзиясының шыңы деп, түп сөзге түйін қоя салуға болады. Ақындар, қолына қалам ұстаған азаматтар бұл сөзімізді түсінеді!.. Алайда, қарапайым оқырманның көкейінде «неліктен?!»
Қытайдың Шәуешек қаласындағы өз үйінде мырзақамақта (үйқамақ) өмірін өткізіп жатқан, биыл 85 жасқа толған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романы 2010 жылғы Қазақстанның әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы...
Бүгінде көпшілік ортада «қазақтың ғылыми фантастикасы енді ғана аяғынан тұрып келе жатыр» деген пікір бар. Бірақ бұл «қазақтың арғы-бергі әдебиетінде фантастика жанры мүлде болмаған» деген ұғымды білдірмесе керек.
Кеше Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында арнайы мәжiлiс өттi. Мәдениет саясаты және өнертану институтының директоры Ерлан Сайыров мырза «осы институттың, «Тағлым»...
Прозаика, эссеиста, философа, миниатюриста Дидара Амантая я знаю более десяти лет, знаком с его творчеством, слежу за его публикациями.
Приходится слышать и разноречивые суждения о том, что он пишет. А причина одна: Дидар не похож ни на кого. Точнее, на многих, кого еще не удостаивает своим вниманием казахский читатель.
Бүгiнде сапалық жағынан өзгерiске түсуi заңды қазақ әдебиетiнiң жаңа буынының көрнектi өкiлi Дидар Амантайдың жаңа романы "Гүлдер мен кiтаптар" туралы жазуға ниеттенгеніме біраз уақыт болған.
Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдаушылығымен шығатын интеллектуалдық «Қазақ альманағының» кезекті саны оқырманға жол тартты. Әу дегенде-ақ қазақ ойы мен рухының жоғын жоқтап, барын түгелдеуге кіріскен басылым екендігін байқатқан альманахтың бұл жолғы қор жиыны да қомақты һәм салиқалы деуге болады.
Жиенқұм мен Жаушықұмның арасы Жолда келе жатсақ, бес-алты мәшине тізіліп тұрыпты. Айдалада. Айналада адам көп. Әлдеқандай жағдай боп қалды ма дегендей күдік¬пен тоқтағанбыз. “Тыныштық па?” дейміз. “Тыныштық”. “Жол болсын”. “Әлей болсын, Жиенқұм жақтан келеміз. Жаушықұм жаққа барамыз. Бесік тойға”.
Бірінші курста оқитын ботатірсек төрт студент бақыттан басымыз айналып, масайрағанымыз соншалық, жер-көкке сыймай отырмыз. Ортамызда асқар таудай болып жайғасқан Бауыржан Момышұлы атамыз шылымын дамылсыз сорып, әңгімесін ауық-ауық жалғастырып қояды. Демімізді ішке тартып, құлақ қақпай тыңдап отырмыз. Ара-тұра сұрақ қойған боламыз. Оның өзі сұрақ деуге келмейтін қиқы-жиқы бірдеңелер...
ҚАЙТҚАНДА
1
Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне шәкірт бала барын салды. Қорықтан күн шыға атқа мінейік деп асық-қанды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпастан өзі оятып тұрғызып еді.
Күнұзын аттан да түcпей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. Кей-кейде өзіне таныс Көкүйрім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып та алады.
| |
|