دۇيسەنبى, 21 تامىز 2017
46 - ءسوز 570 5 پىكىر 19 ءساۋىر, 2017 ساعات 22:27

ءدىن مەن عىلىم ەگىز بولماسا...

ءدىن مەن عىلىم ەگىز بولماسا، ءسوزدىڭ دە سەگىز بولۋىنا ەشكىم توسقاۋىل بولا المايدى..

ەلباسىنىڭ "ۇلتتىق كود" دەگەنى ول سانا بولاتىن. ۇلتتىق سانا... ەندى قاراڭىز، ۇلتتىڭ تۇعىرى مادەنيەتتە جاتىر. ياعني، قازاقتىڭ ۇلتتىق كودى ونىڭ مادەنيەتىندە ساقتاۋلى. ال مادەنيەتتىڭ مازمۇنىندا ءدىن مەن ءتىل ارقىلى ورىلگەن بولمىس بار. سول بولمىس قازاقتىڭ قالپى، سيپاتى، پاسپورتى. ەلباسى ايتىپ وتىر: سول "ۇلتتىق كودتى" ساقتاۋ كەرەك دەپ... بۇل ايگىلى سوتسيولوگيالىق دامۋ تەورياسىنداعى "وزگەرمەستەن، دامۋ" ۇستانىمى. دۇرىسى وسى جول... ۇلت ءوز ۋاقىتى مەن كەڭىستىگىندە يممانەنتتى ءارى ترانستسەندەنتتى بولماسا، ول جاھانمەن ۇندەسە المايدى.

ەندى بۇگىنگى كەزدەسۋدەگى ەلباسى ءسوزى وسى ءدىني تانىم، ءدىني سانا، ءدىني تاجىريبە مەن ءدىني سەنىم اراسىنداعى ۇندەستىكتى كوزدەپ وتىر. بۇل وتە تەرەڭ عىلىمي ماسەلە. وسى قۇبىلىستى بۇگىنگى مينيسترلىكتەگى چينوۆنيكتەر قمدب وكىلدەرىنىڭ ءوزى جەتە ءتۇسىندى دەگەنگە كوزىم جەتپەي وتىر...

دوساي كەنجەتاي

Facebook-تەگى پاراقشاسىنان

5 پىكىر
Алмакуль апай 2017-04-23 02:01:09
Даналардың данасы да әлемдегі болып жатқан жаңалықты аша отырып та , еш уақытта мен ақылдымын деп тәккаппарсынбаған, оны ұлық болсаң кішік бол деген ұғымды - ұлт мәдениеті десе, дін дегеніміз тек имандылыққа апаратын жан дүниенің жоғарғы тіршілігі-бұлар егіз болмағанда не болсын, олар шексіз қасиетті болмыстық 1-сі сізді қажетті ғылымдылық жолымен болмысыңызды одан сайын дамытады. 2-сі жан дүниенің ең керекті азығы. /позитивті болмауыда сол , барлық адам баласының Жерге бейімделуі жоғарғы саналылығы-әлі даму процесінің жавлғасымен жүріп жатуында,яғни шыңында еместігімізден/Ендеше жоғарғы мадениетті адам иманды болып келеді, керісінше иманы бар адам да өте мәдениетті болып келеді.. Сіздер сол құранды аударған адамдар туралы айтсаңыздар, /эволюциялық даму процесіндегі болған ұрыс тартыстың қажеті жоқ әрине/онда оларда шексіз дүниеге тап болып отырған, сол сияқты ғалымдар да , діндарларда шексіз дүниемен арпалысып отырып, дүние таныған.. Екі жақта сол жолмен де бір тылсым дүниесі бар ,жауабы мүлдем жоқ нүкте жолында кездесе отырған.., Бірі адам организіміне көп өмір сүру үшін,жеңілдендіріп сізге не керектігін айтса, не қолданып, қалай реттікпен жүрсең десе ,екіншісі сенің жан дүниең өзінен өзі пайда болған жоқ, ол дүние бір керемет күшпен пайда болды, тіптен қаныңды айналдырған поршень қызметі де сол ғылымдар тапқан жоқққой оны бір тылсым дүние ғана жаратты, және инструкциясын сенім оррбитасына бөліп , оны тапсырып отырғаны , сонда ғана сіздер Жер бетіне жиырма миллиард болып сияр едіңіздер деп отыр, ал адамның аты адам ,олар реттілікті орындай алған жерде реттілік әрине бар да, саны да аз емес екен, соғысыда инквизицисы да , барымтасы мен зорлауы да аз екен..Ал шексіз дүние күшті қасиеттілікке апарса, ол да абсолюттік мағынада ғана тек Құдіретке тән нәрсе болғаны... Жәй адамзат әлі де тапшылықта болғанымыз.. сондықтан ол тапшылықты тақуашылықпен, имангершілікпен ғана теңестіріп, жан дүниемізді дамыта алады екенбіз, бірақ АДАМ мен ХАУА анамыздың жан дүниесі әлі де шарлап тұрғаны сондай , барлығымыз тек өзімізді ойлайды екенбіз, бірақ мәдениеті мен дін жоғарылығы егіз болған жерде мүмкін ,қара періштенің таккаппарынсыз-ақ аппақ заманымызда-АЛТЫН ҒАСЫР ЗАМАНЫ БАСТАЛАРЫна толық сенуге болады екен... Қазірде үлгеру үшін де,сену сенбеу мәселесі барлық халыққа шаққанда барлық жерде бірдей болғаны, яғни өмір танымы да шексіз балланста болғаны, ия сол сенімге де сену мәселесі адамдарға жан дүниесіне тапсырылса, олар әрине тек адамдарғой, арғы атасынан келе жатқан жан дүниелер ғой. Сол үшінде беріліп отыр ғой , жер инструкциясы ретінде, оны мың құбылтып отырғанда өзіміз ғой, адам бар жерде барлығы бар емес пе, ендеше сіз айтқан моральдарыңыз КЕҢЕС үкіметінің қолданған моралі-түсінігі болса, ол да әлемдегі даму процесіндегі , мемлекет болуы үшін де реттеу жолдары болғаны, барлығымыз солайда қашалып үлгердік ол жолмен де, енді тағысы тағы барлығы бола береді. Міне шексіздіктер де көп болғаны әліде, талай ғылыми жолдар мен сену сенбеу орбиталары да - догматикалық әлем тұрғысының құрылысымен байланысты шексіз болғаны..ендеше біз кімбіз не үшін, ия қалай пайда болдық деген шексіздікпен ғана болжай аласыз екен, сондықтан тәккаппарсыну да ,мен менсінуде/оларды қорқақтар класына жатқызғаныңыз адасқаныңыз қайта,/ тоқтап қалған нүктеге тең, оданда іштей де болса, Жер бетіндегі қасиеттілікке,рухтылыққа көнгеніміз жөн екен.. Планетамен жаңа басқа дүниелер ашылып жатса,болмаса небір ауруларды жеңіп жатса ғалымдарымыз , неге құанбасқа, ертең метеоритті ығыстыру үшінде керек болғаны, себебі құранда айтылған оқы -оқы кітап сенің ең сенімді досың, сонда сен өзіңді де басқаны да қорғай аласың деген екен.. Ендеше жасың ұзарып, ауруда азаяды. Барлығың инст-қа түсе беріңдер деп отырған ешкім жоқ, бірақ кір жуып тұрып та, тіл де үйреніп, жаттап, газет журнал кітаптар оқи алады екенсің, теле дидардан қайта евро ньюсті ,РБК ны ,өзіміздің хабарларымызды тыңдай алады екенсің.Әлем қызығы мен маңызын көре алады екенсің, міне осы. Қызыққан дүниеңді білесің екен, тіптен ағзаңның энергиясын реттей аласың деп отыр екен...Ендеше Жер өмірінің тездігі сондай бейімделіп ажырата алу ми процесі де шексіз екен , яғни Аспан заңының Жерде дұрыс орындалып жатқаны екен...Сондықтан даналардың Жер бетінде ғалымдылық шексіздігінде болмасаңда, соларға ұқсап бақ дегені екен- солармен де ілесіп түсініп отыру үшін оқы тағы оқы дегені екен,Сонда ғана уақытың тек жақсылықта болады екен деп отыр... Еш адам сенбеуі мүмкін емес , бірақ уақытысы пісіп жетілмей жатқаны да, Жердегі жақын ғалымнан сұрайсың, одан да бетер қиналсаң жаның қиналғанда аспанға қарайсың ол деген сөз - көзің мен жан дүниең көп оқымасаң да қайдан келгенінді түсінгенің ...
Дулат 2017-04-22 10:55:01
"Мәдениеттің мазмұнында дін мен тіл арқылы өрілген болмыс бар". Бір қарағанда дұрыс сияқты, Дін - мәдениет мазмұнының копоненті болса болар,бірақ оның өзегі (өрушісі) бола алмаса керек. Ұлттық мәдениет тек ұлттық тіл арқылы ғана өріледі, Тіл мен мәдениетті сиам егіздері десе де болады. Сол себептен болар, қазіргі уақытта ғалымдар тарапынан тілмәдениеттану (лингвокультуралогия) мәселелерін зерттеу - өзекті тақырыптардың бірі болып жүр.
Төре 2017-04-21 17:25:05
"ұлттық код" - деген не? Түсіндіріңіздерші қарапайым тілмен мына мен сиқты топастарға? Генетикалық немесе тұқым қуалау (генетический, наследственный) коды деген бар еді? Үлттық "кодты" айтуға оңай, оны түсінетіндерімізде, түсінбейтіндерімізде шулап жатырмыз? Ол өзі тұрақты тұқым қуалайтын затпа, әлде "рухпа"? Қалай, қандай ғылыми жолмен анықталған? Жауап күтем? Суырлып шығатын "даналар" қайдасыздар?
Мейрамбай 2017-04-20 17:23:18
Ия, ортағасырлық инквизиция, крест жорықтары, Салладиннің соғысы, Бейбарыстың крестшілермен соғысы, Египет пен Израйль арасындағы соғыс, Ливан мен Израйль арасындағы соғыс, қазіргі Йемен мен Сауд Арабиясы арасындағы соғыс, сорлы Палестинадағы қырғын, Индия мен Пакистан арасындағы соғыс айта берсек, жетеді. Діннің асқынып, радикальды бола бастағанда дінитөзімсіздік туады. Бұл, дінитөзімсіздіктің туындауының арғы түбі - надандықта жатқаны туралы (әдеп сақтап) айтпаймыз. Ал, шындығында "бір құдайды бөле алмай" жұмыр басты пенделер әлек-шәлегі шығып, бір-бірін өлтіруге дайын тұрады!!! Не үшін?! Не үшін бір адам, келесі адамды өлтіріп, бір нәрсені дәлелдеуі керек?! Міне, теорема шешілді, діншіл адамдар ерекше қорқақ, қорқақ болған соң ол эгоист, ал эгоист О-дүниеде де "жұмақта" өмір сүргісі келеді, армандайды, дұрыс жалбарынсам "жұмаққа" түсем деп эгоизмді өрбітеді. Қарап жүрмей өзі сияқты Эгоист, қорқақ адамдарды қасына жинай бастайды. Шындығында, тамақсау болу (чревоугодничество) нәпсіқұмар болу, алкоголик болу, наркоман болу, радикалды діндар болу - бұлардың барлығы дерлік БІРДЕЙ дүниелер!!!! Өйткені, оның түбі сауатсыздықта жатыр. Өзін - өзі сақтау инстинктінің асқынған түрі бұл радикализм болар. Мына Арстанбекке қосылам, дұрыс айтыпты.
Арыстанбек Абуұлы 2017-04-20 17:08:20
Адамзат тарихында, эволюциялық дамуында, қоғамның бір формациядан келесі формацияға көшу кезінде Діндер - ешқашанда позитивті фактор болған емес. Дін - қоғамның алға зайырлы түрдегі дамуының Панацеясы бола алмайды. Керісінше, адамзат өзінің біз білетін тарихында діни дүрдараздықтардың кесірінен қаншама қиыншылықтарды басынан кешірді. Ғылымның мақсаты бөлек. Діннің ғылымға қосатындай әсері О -деңгейінде. Себебі, дін, дінге сену, адамның сезімдерінен туындайтын психоэмоциональды дүние. Ғылым болса - бір алға қойған мақсатқа жетудің прагматикалық түрі. Сондықтан, қазіргі қоғамға діннің әсерін өршітпейтіндей модель ойлап табу керек. Иррационализм көп дінде, өйткені, қалай болған күнде де, әр адам Құдайды жеке, өзінің санасымен ұғынады. Осы, жақсы дәрежеде дамыған елдер, мысалы Жапония, анау айтқандай тақуа, діндар емес қой. Осы факторды неге еске алмаймыз. Немесе, жақсы дамып отырған Скандинавия түбегіндегі елдер, Оңтүстік Корея т.б. Қысқасы дінді жеке адамдардың өздерінің еншісіне беріп, тыныш, прагматикалық мәселелермен айналысайық.

ۇزدىك ماتەريالدار

رۋحاني جاڭعىرۋ

قانات ابىلقايىر. قارىز بەن پارىز

Abai.kz 3184
قاۋىپ ەتكەننەن ايتامىن

قازاقستاندا جۇرگەن قىتايلار كىمگە سۇيەنەدى؟ 

ن.قوشامانۇلى 8011