سەيسەنبى, 27 ماۋسىم 2017
15 مامىر, 2017 ساعات 13:46 46 - ءسوز 1015 4 پىكىر

جاڭا پىشىندەگى سوۆحوز-كولحوزدى قۇرۋ كەرەك پە؟

قازىر عانا بەرىك ءۋالي جۇرگىزەتىن "1-ستۋديا" توك-شوۋى بولىپ ءوتتى. تالقىعا تۇسكەن ماسەلە كىشى شارۋاشىلىقتاردىڭ باسىن قوسىپ ىرىلەندىرۋ. اۋىل شارۋاشىلىعى ءمينيسترىنىڭ ورىنباسارى، ءماجىلىس دەپۋتاتى، مۇحتار تايجان جانە اۋىل شارۋاشىلىعىن وتىز جاسىنان باسقارعان شارۋاشىلىق باسشىسى ءسابيت سۇلتان قاتىستى.

وسىلاردىڭ ىشىندەگى ويىن ناقتى جەتكىزگەن ءسابيت بولدى.

كەزىندە سوۆحوز-كولحوزداردى تاراتقاندا ءوز ويىمدى بىلدىرگەنمىن. سول كەزدە ۇلكەن قاتەلىك جىبەردىك. بۇل قاتەلىك قانا ەمەس، اۋىل شارۋاشىلىعىنا جاساعان جاۋىزدىق بولاتىن. مەن ءالى سول پىكىرىمدەمىن.

قولجەتىمدى ساپالى ەت، ءسۇت، بيداي، كوكونىستەردى كەرەك ەتەتىن بولساق، قورىقپاي قايتادان جاڭا پىشىندە سوۆحوز-كولحوزدى قۇرۋ كەرەك. سوندا ەلىمىزدى اۋىلشارۋاشىلىعى ونىمدەرىمەن قامتاماسىز ەتىپ قانا قويماي، جىلدا كوكتەمدە اۋىلداردى باساتىن سۋ تاسقىنىنان دا قۇتىلامىز. قازىر اۋىل اكىمىنىڭ، ءتىپتى اۋدان اكىمىنىڭ قولىندا (قاراماعىندا) ءبىر ك-700 تراكتورى بار ما؟ جوق. وسىدان وتكەن سوراقىلىق بولا ما؟ تەحنيكاسىز، تەحنولوگياسىز اۋىل شارۋاشىلىعى قالاي وركەندەيدى؟

جۇمابەك تابىن

Facebook-تەگى پاراقشاسىنان

4 پىكىر
Алтай 2017-05-18 22:01:45
КСРО кезiнде барлык совхоздар мен колхоздар дотацидя болган. Жанар май су тегiн, техниканын куны тиын. Казир оны кiм iстей алады, жане меншiк иесi окимет болса кiм жарытып жумыс iстейдi? Сондыктан колхоз, совхоз керек емес, керегi жеке меншiк иелерiнiн кооперативi.
пайыз деп айта беремін. 2017-05-17 18:44:56
əрине құру керек!
Ердәулет 2017-05-15 15:46:00
Географиялық жағынан да, басқада критерилер жағынан да де-юре, де-факто да Қазақстан Аграрлық ел. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ та Аграрлық ел. Ата-бабаларымыз қой баққан. Қазіргі жағдайды көріп отырмыз. Мұай бітседе, табиғаттың Желі тоқтап қалмайтын болар (желдермендерді айналдыратын) электр қуатын алатын. Ал, етті барлығы жегісі келеді емес пе?! Өзі отырған бұтақты өзі аралаған Қожанасыр халық болып, әлемге танылдық қой.
Оқырман 2017-05-15 14:06:15
Ой көкелер қойындаршы сол кезде колхоз совхозда тұрғандардаң сұрандар,ел амалсыздан қалаға көшті,қаладағы орекендер ресейге қашты үйін сатуға да үлгермей жағдай қиын болды,жағдай түзелгенсоң әлгі қашып кеткен орекендер үйін даулап баспа сөзді шулатты ғой,сол кезенде елбасы қазаққа айқайлап жарияламайақ көмек жасады, легализация жүргізіп көп қазақ үйлерін заңдастырып алды, сол қиын заманда ауылдардың көбі иесіз қалды мал құнсыз болды ауылдағылар ішкіліке салынды 1шөлмек спиртке бір қой беріп алқаш боп ақыры дымсыз қалды қайдағы совхоз енді, одан аул жылын жариялағандағы миллиярдтар жөнімен жұмсалғанда ауыл ендігі қалыпқа кеп қалар еді, ауылға бөлген сол жылдардағы миллярдтарды солайымен жеп қоймаса қайда кетті,оны жеген кейбір белгілі қазіргі ақылды боп оппозициябоп жүрген ақылды көсемдер гой ауылдағы тракторшы мен қойшы жеген жоқ

ۇزدىك ماتەريالدار

انىق

ولار قالاي بايىدى؟

رۋسلان احماعانبەتوۆ 18720