سەيسەنبى, 27 ماۋسىم 2017
19 مامىر, 2017 ساعات 10:05 الاش ارىسى 1686 43 پىكىر

ولجاس – قازاقتىڭ بىلگەسى

قاسيەتى مەن كەپيەتى كۇشتى بولعان عوي ارۋاقتى اتا-بابالارىمىزدىڭ.

ولجاباي باتىر كوسەمدىگىنە قوسا كورەگەن بولسا كەرەك. جەتىنشى ۇرپاعىنىڭ بىلگە بولاتىنىن بولجاپتى. باتىر دا ەمەس، قاعان دا ەمەس. «بىلگە» دەپتى. بىلەككە سۇيەنگەن جاۋگەرشىلىك زاماندا بولاشاق ۇرپاعىنىڭ بىلىمگە ۇمتىلعان داۋىردە ءومىر سۇرەتىنىن بولجاي بىلگەن ءاز بابا.

باباسىنىڭ سول بولجامى راسقا شىقتى. ولجاس بىلىمگە قۇشتار بولدى.

ولجاستى ءسوز قۇدىرەتى قىزىقتىردى. «تۇگەل ءسوزدىڭ ءتۇبى ءبىر، ءتۇپ اتاسى – مايقى بي» دەگەندەي، بۇتكىل الەم حالىقتارىنا ورتاق ءبىر ءتىل بولعانىن ءبىلدى. ءتىل ارقىلى تاريحتى تانۋعا بولاتىنىن ءتۇيسىندى.

ءتىل – تاريحتىڭ تاڭباسى. ءار حالىقتىڭ ءجۇرىپ وتكەن جولى ءوز تىلىندە عانا ەمەس، وزگەنىڭ تىلىندە دە ءىز قالدىراتىن كورىنەدى. تەك سول سايراپ جاتقان ءىز-سوزدەردى تانىپ، سويلەتە ءبىل. «از ي يا» – سونداي تالپىنىستان تۋىنداعان ءاز دۇنيە.

«از ي يا» كەڭەستەر دۇنيەسىن ءدۇر سىلكىندىردى. اكادەميالىق اتاقتاردىڭ قۇنى كوك تيىنعا تۇرمايتىنىن العاش تانىتقان ەڭبەك وسى بولدى.

سودان كەيىن-اق جۇرت «ادامعا جەردى تابىندىرعان» اقىن ولجاستى عانا ەمەس، «تۇركى-سلاۆيستيكانى» تۋدىرعان عۇلاما ولجاستى دا تاني باستادى. جاڭا ءىلىمدى ءىلىپ الىپ، جاڭا بيىكتەرگە شىعارعان شاكىرتتەرى دە پايدا بولدى.

ويشىل ادام ازاماتتىق ءۇنىن بىلدىرمەي وتىرمايدى، ساڭلاق اقىن ساياسي ساحناعا شىقپاي قويمايدى. ولجاستىڭ يادرولىق سىناقتارعا قارسى حالىقتىق قوزعالىستى باستاۋى قوعامداعى قوردالانعان ماسەلەلەردىڭ ءتۇيىنىن شەشۋ نيەتىنەن تۋىنداعان-دى. قاشاندا تەرەڭىنەن ويلايتىن ول اتالمىش قوزعالىستى تەك قازاقستان اۋماعىمەن شەكتەمەي، «نەۆادا-سەمەي» دەپ اتاپ، حالىقارالىق، الەمدەگى دەڭگەيگە كوتەرە ءبىلدى.

اسىلى، اقىننىڭ عالامدىق اۋقىمدا وي ءپىشۋى ولجاستى «ادامزاتتىڭ ويشىلى» دەپ اتاۋعا مۇرىندىق بولدى. قازاقستاننىڭ يۋنەسكو-داعى تۇراقتى وكىلى قىزمەتىن اتقاراتىن ونىڭ ءوزى دە «الەم ادامى» دەگەن اتاقتان قاشپايدى. دەسە-داعى، ولجاس – قازاقتىڭ بىلگەسى.

ءجۇز جاساڭىز، ولجاس بىلگە!

جان تىلەۋ

Abai.kz

43 پىكىر
БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ КҮНСИЕК ТӨРЕГЕ 2017-05-22 16:42:36
Дұрыс айтасыз, қазақты мыңдаған жыл кірмелер басқарған, не күшті идеологиясы, не мықты басқарар адамы болмаған протоқазақ тайпалары моңғолдың Шыңғысханының /МОҢҒОЛДЫҢ/ қол астына түсті. Онан соң жерін моңғолға беріп, билетіп қойғанымен қоймай орыстың патшасына хат жазып, жалынып, әбден жалбарынып мені - сұлтан Төрені, Әбілқайыр деген ханды - қол астыңа алшы барлық бағыныштыларыммен деп, боданың, құлың болайын деп бүкіл қазақты орысқа байлап, матап берді.Өтірік пе, онда документтерді қара !
Есенғали, Антакиядан 2017-05-22 07:57:08
Мақсұт інім, мақтаған Төрең не жазарын білмей сасқалақтай бастады. "Бәрінен жоғары күнсүйекке" жолдаған сәлемдемесін келесі бетте айна қатесіз маған да жолдапты, өз нигі ("Төре") аздық етіп басқа лақаппен жаза бастапты. Ошшым, әкесі азан шақырып қойған есімнен безіп, ит сияқты "кличкамен" жүргендерге өз басым сенбеймін.
Мақсұт 2017-05-22 07:38:07
..."Құл құтандарды түп-тамырымен қырып" тастай алған жоқ! Небір текті тұқымдардың жапырағын от шалғанымен тамыры аман қалды. "Көн қатса -қалыбына" -деген бар, өмірде де осы аксиома еш өзгеріссіз орындалады: Бай, бақуатты әулеттердің ұрпақтары бүгінгі күні қайтадан еңсесін көтеріп жатса, қанында асылдық, бекзадалық бар ұрпақ елддің алдына қайта шықты. "Құл -құтандар" да өздерінің орындарын табуда. "Көн қатса -қалыбына келеді!"...Сөзінен, пиғылынан, бықсығынан "кімнің кім" екенін білу, ниетін түсіну - онша қиын емес.
Көрермен 2017-05-21 21:49:34
Мақсұт қыртып косемсіме, жалдамалы ма жоқпа көтінмен бал ашпа, қайдағы төремен ақсүйек қазан төнкерісіндегі құл құтандар ақсүйегінде боқ сүйегінде тұқұм тұяғымен құртып қырып тастады емеспе енді құлдан туғандардан китайски ақсүйек жасамақ, ана жер мына жерден үзіп жұлып оқыған оқымысты білгіштер бүгін төремін деп қыртиды,қайдағы ақсүйек жай малшының тұқымысыңдар бәрінде қыртпай елді адастырмай отырыңдар, елде жүріп көшеден көк көз көрсендер духтарын түсіп орысша сайрай жөнелетіндерің тектеріңнің осалдығы қырту төресымақтар
Төре, БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ КҮНСҮЙЕККЕ 2017-05-21 21:39:18
Мына БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ КҮНСҮЙЕК, Төренің көріпкел екенін әлі түсінер емес: Сіз бұрын коммунист болғансыз, қазірде сол партияның сойылын соғушы "кісісіз". Сіз сияқты коммунистің, "сөзінен" шығады: Амалсыздан сөзімді қор қылып отырмын?... Маған сіз сияқты бір адам мынандай "ғұламаға" тән пікір айтты. Жақсылап тыңдап алыңыз! Төрелер Қазаққа кірме дегенді. Кәдүмгідей ғылыми атағы бар "кісі". Мен ол "кісіге" - Сіз менің Қазағымды неге қорлайсыз деп едім. Ол қалай? деді. - Сонда дедім, Қазақтың Хандары, Сұлтандары Төрелерден болғанын сіз білуге тиіссіз, сонда Қазақты мың жыл кірмелер басқарған ба? Осынша менің Қазағымды ЕЗ санағаныңызба? Таяқтың екі ұшы болады, сабазым. Сондықтан болар Хан Кенесарыны аталарыңыз жау қолына тастап қашып кеткені ... деп қалып едім қызыл-қызыл-сұр болып, үнсіз қалғаны... Сөйтсем сол қашқын, сол "кісінің" аталары екен... Сізде сол "кісінің" бірісіз! Сау болыңыз!
Мақсұт 2017-05-21 20:37:39
Жүздеген өзендер ағып келіп құйылғаннан кейін үлкен көлдер мен теңіздер құралады, Есенғали аға! Төре сияқты кісілер біздің үміт еткен сол "Ұлы теңізімізге" тамшы тасыған мүдделестер емес пе?! Жолай тосқан "Сайран", "Оқырман" сияқты Биліктің талай жалдамалыларынан асып өтіп, Ұлттың ертеңі үшін уайым жейді. Бұл жерде кейбір тым әсірелеп тектілікті қуалауына түсіністікпен қарау керек -деп ойлаймын. Төрелерді "Ақсүйекті, текті әулет" еткен бабаларымыз ғой, олар да бірдеңені білген шығар...
Зейнеткер 2017-05-21 17:50:21
тТт өлтірдің
БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ КҮНСҮЙЕК 2017-05-21 15:49:26
Айтатын пікірін боқтап айтса да Есенғали тіліп айтады, ал Төреде ол жоқ, төре баяғыда орысқа өзі құл болып сұранып, әбден бейшара болып, енді демәкірәтия, семәкірәтия дейме бірдеңені пайдаланып, күжірейген болады, ал онысы күшігінде таланып, әбден жүні жығылған дүбәрәні елестетеді.Сондықөтан бүгінгі АҚСҮЙЕК ЕСЕНҒАЛИ АНТАКИЯДАН, ТӨРЕ - ЖЫҒЫЛҒАН ҚАРАСҮЙЕК ҚАНА.
тТт 2017-05-21 15:37:16
Ең дүрысы "азия" кітабын коп тиражбен шығарайық.егер өтіп кетсе ақын өз биігінде.өтпей сатып алыңыз деп жалынып жүрсе саудасының біткені
Есенғали, Антакиядан 2017-05-21 15:01:32
Мақсұт інім, менің екі атам оқыған сауатты молдалар болған болса да, әкем мақсым болған болса да "ақсүйек", "күн көсемінен" нұр алған Төре үшін - "қарасүйекпін". Мен туралы жазған пікірлерінен соны байқауға болады, інім.
Мақсұт 2017-05-21 12:56:30
Есенғали аға! Сіз неге "қалғандарымыз -қара сүйекпіз" -дейсіз? Сіздің әкеңіз "Мақсым" атанған кісі емес пе?!
Есенғали, Антакиядан 2017-05-21 10:50:14
Қайырхан, ақсүйек - осындағы Төре, қалғандарымыз - қарасүйек.
Қайырхан 2017-05-21 02:23:52
Ақ сүйек көк сүйек деген қырту сөз, ол баяғыдағы ойдан шығарылған ескі замандағы қытру,хан сұлтандарға жағынып жылы жұмсақ жеп соның сандуғашытары болған бейшара қызметшілердің шығарғандары, адамдар ақ сүйек көк сүйек емес, текті тексіз болып келеді, міне бүл нағыз халықтың оз ортасынаң шықан тұжырым
Төре, Оқырманға 2017-05-20 22:35:49
Оқырман, құлды қанша көтермелесеңде аристократ, ақсүйек бола алмайды! Иә, өз атыңызды ДӘЛ таптыңыз! Рахмет, шәйтанға! Сіздің аузыңызға осы сөзді шәйтан салған болу керек?
Төре 2017-05-20 22:23:05
Ей Қалмақ, сізбен Біз күндес ханымдардан туған Сұлтандар емеспіз бе? Әжем айтушы еді... Күндес ханымдар өздері тәрізді "күндес" Сұлтандарды тәрбиелейді! деп. Жолыңыз болғыр-ау, осы пікіріңіз Қалмаққа жарасама? Егер шынымен Қалмақ болсаңыз? Төреге қауіп, жолдан қосылған жалған-дүбәра, ата-тегін білмейтін "жолдыбайлардан". Бір Төре сөйлесе ОН сыншы сыртыңнан қарап тұрады... Қалмақтың түбіне жеткен Қазақ! Ал Қазақтың түбіне жететін қалмақың бір тұқымы деген аңыз "шын" болып жүрмесін?
Мақсұт 2017-05-20 22:21:36
Олжас -Ақын. Бірақ ешқандай да "Ұлы Ақын" емес, деңгейі де аса керемет биік -деуге келмейді. Артықшылығы сол- үлкен аудитория, Орыс тіліне тікелей шыға алатыны ғана. Кеңес кезінде екі Қазақ ақыны, Олжас пен Мұхтар Шаханов қана "Бүкіл Одақтық Ленин Комсомолы" сыйлығының лауреаты болды. Ауылдан шыққан, орыс тілінде үлкен акцентпен сөйлейтін Мұхтар мен қашанда қалалық пысықтығы басым "пробивной" Олжас екеуінің мүмкіндігін салыстыра беріңіздер?! Олжас -Кеңес заманында да Совет Ақындарының ортасында ерекше құбылыс болған жоқ. Ақын ғана бола алды. Ол кезде әдебиет Әлемінде әжептеуір әділдік болған еді. Ал енді "Аз и Я" кітабына келейік... Сол кітапта тыңнан түрен салған еш бір жаңалық жоқ! Басым бөлігі "Қазақ деген сөз көшіп бара жатқан аппақ қаздарға ұқсатқаннан шыққан..." деген сияқты пайымдар ғана. Бірақ, сол замандағы орысшыл тарихи түсінік-көз қарастарға кереғар келетін кейбір пікірлері үшін алғашқы уақытта кітапқа тиым салынғаны, кітаптың абыройын көтерді. "Запретный плод сладок" -деген осы. Ал біз білетін Олжас алаңғасар арда көңіл Ақыннан гөрі, ертеңін аңдағыш саясатшыл іскерлікке мығым. Қазақы ұғымдағы Халық оның "орысшылдығын "қаламайды, сол үшін кінәлап, жек көреді. Ал әсіре пысық Олжас "Көптің сөзі не, өзі не. Одан гөрі көпщілікті қойдай үйіріп отырған Нұрекеңнің көңілінен шықсам болды"-деген ұстанымды қалайды. Енді, егер Олжастан орысшылдығын, орыс тіліндегі өлеңдерінің қуатын алып тастасаңыз... қатардағы көп қаламгерлердің қатарынан аспай қалар еді! міне, сондықтан Ол Қазақ ішінде "Үлкен Ұлттың" мүддесін жанын салып қорғауға мәжбүр. Орыс тіл -Ол кісінің шынай бейнесін жасырар маскасы.
Төреге Қалмақ 2017-05-20 21:06:10
Жығылып жатып, сүрінгенге күлгеніңіз не? Сіздің қазақты орысқа отар бодан етіп жығып берген төре баба хандарыңыз емес пе еді кім көрінгеннен қатын алып /қалмақтан, шүршіттен, татардан, өзбектен шорт знайт тағы кімнен/, сөйтіп қазақты орысқа құл еткен.Енді келіп Олжасты мінейсіз! Не ексең соны орасың төре!
Оқырман 2017-05-20 21:00:12
Өз кадрымызды өзіміз білеміз ғой деген екен баяғыда бір басқарма болған төреге Оразбай деген қалқозшы. Сол айтқандай Алжас деп Олжасты қаба жөнелетіндерді дәл айтқан екенбіз. Тек көбі ұйықтап, ұйықтап, етін жеп, шәйін ішіп, есінеп, ерігіп, артынан барып "шабыттарына" мініпті. Бұл жерде Мұқағалидың қанша қатысы бар? Олжаспен теңесуге, тартысуға, дауласуға өзімнің Олжастың деңгейіндегі талантым, қабілетім бар ма, деп өзіне өзі есеп бермей қанден құсап шәуілдей жөнелудің өзі ұят емес пе? Біреуі бастап, қалғаны шәуілдей жөнелуі, намысына тиюі, отбасына тиюі нені көрсетеді? Төремін деп шіренген Төре, сұлтан-мұлтан сияқтылардың Олжастың ұлтаны ғана екенін. Төреге жараспайтын сөздерімен , ақымақ ұсыныстарымен ығыр қылған осындағы Төре қалған жанкүйерлері принимайт қылса осы сайттың кіләссігі болсынақ, бірақ Есенғали дегеннің атұлтаны ретінде ғана, төреге қарсылық жоқ езетін жерінде несін езсе де, бірақ ақымақ сөзден жоғары тұруды білмеген төре төре емес, шөре-шөре.Құлды қанша көтермелесеңде аристократ, ақсүйек бола алмайды.
Төре 2017-05-20 19:12:36
Қап! Әттеген-ай! Олжасқа Алла Тағала! Ұл бала бермеген екен? Еврейлер Аталық тізбекті әйелдерден бастайды емеспе? Сондықтан қыздары еврей. Ұлы болса, әке мен евреймін бе? деп сұрайтын еді?
Омар 2017-05-20 18:16:10
Олжекең ақын ретінде жақсы шығар ( бірақ мен үшін ол Мұқағалидың шаіына да ілеспейді), ал азамат ретінде оны еврейлердің күшті күйеу баласы деп білем. Әттең әлі екі ортадан (ебекең мен орекеңнің ортасынан) нағыз қазақ болуға өте алмай жүр, латынға көшуге де қарсы болуы сондықтан шығар.....
Оқырман 2017-05-20 15:27:05
Кенес өкіметті орыстандыру саясатты үшін мәдеиетте,әдебиете,басқада салаларда осындай қолдан жасаған тұлғалар көп,олар енді ешкімге қажет болмай қалды,рас қой мысалға Олжастың қазақ екені рас бірақ оны қазақтар оқымайды оқысада өзі сияқты орыстанған тілін білмейтіндер оқитын шығар, қазақ әдебиетінің тілі оның жазлу әлемі сол тілдегі халыққа зор әсер береді, Олжастың орысшадан аударған кітабы қазақты тартпайды ол үшін орыс болуын керек, Олжастардың өмір сүру әлемі тарлып келеді оны әрине өздері де сезеді,оның кітаптары орыстарғада қажетті жоқ өйткені орыс тілді жастар Олжекенді білмейді.Негізі қай салада жетістікпен енбек жаса ол өзін үшін,бізде кенес өкіметінен жұқан жаман әдет пе салтпа бар, біреу бастық боп немесе бір кітап жазып дегендей жұмыс жасайма ол әулие сияқты ол айтылып тұру керек ол мақталып тұру керек, бұл дұрыс емес мыңдаған миллиондаған адамдар жұмыс жасауда мөнкен олардың жұмыс енбегі ең ауыр жұмыстар шығар
Ерсайын 2017-05-20 14:46:48
Жәке, Олжекеңнің басты еңбектерін айтып, нақты жазыпсың. "Қысқа - нұсқа" жаза білетініңді тағы да айшықтадың. Жарайсың! Жазарманың мол болсын!
Есенғали, Антакиядан 2017-05-20 13:50:43
Космополит поэтті "Олжас Білге" деп атап отырған Жан Тілеу сияқты авторлар үшін, орысқұлдар мен көзқаман-мәңгүрттер үшін қазақта "ҚАРА КІТАП" болуы керек. Бұл қазаққа өш пенделердің жазған-сызғандарын сол кітапқа енгізіп, теле-радио эфирде сайраған оттаубайларын (қазаққа қарсы) цифрланған құжат ретінде келешек ұрпақ үшін сақтап қоюымыз керек. ******************************************************************************************************* Сонда бұл орысқұлдардың ұрпағы бұлардың жазған-сызғандарын оқып, видероликтен мордиаларын көріп, радиотаспадан айтқандарын тыңдап беттеріне түкіретін болады.
Есенғали, Антакиядан 2017-05-20 13:12:08
"Земля поклонись человеку !" деген поэма жазып орыстың шашбауын көтеріп жүрген "поэт" Білге болса, Білге шығар ? ! ************************************************************************************ Қарапайым мектеп оқушысы ЖЕР-АНА деген ұғымды түсінгенде, "ұлы ақындарыңыз" түсінбегені ұяттау емес пе ? ************************************************************************************ Қалқаман деген қарағым сүйікті ақынына қалқан болғысы келіпті ? "Невада-Семей" қорының 10 миллиард доллар ақшасын ұрлап алған ақыныңа 8 пәтердің құны 1 стақан шемішкінің бағасындай емес пе, соған да өрең жетпегені ме ? ! *********************************************************************************** Ілгеріде оппозициялық "СӨЗ" газетінде қарағандылық инвалид ақын (ұлты орыс) Алжас Амаровичтарыңа : "Сен жұмысшылар мен қолқозшылардың һәм студенттердің жазған-сызғандарын өз атыңнан шығарып жүрген ұрысың !" деп кінә тақты. "Ұлы ақындарыңыз" ол инвалид ақынға жауап қайтара алмады.Айтпақшы, сүйікті ақындарыңызды "Алжас Амарович" деп "старший браттары" мен "старшая сестралары" атайды.
Жекен 2017-05-20 12:57:17
Қалмақан! Зәмза Қоңырова - О.Сүлейменовтің ең белсенді пропагандисі және көбін беталды айтып, мақтай береді. Жазушылар одағы үйіндегі гәзет-журнал редакцияларына барып жүргенімізде Сүлейменовке кіруге жазушылар кезекте тұрғанын көрген емеспіз, оған баратындар осындағы не Мәскеуден, басқа жақтан келген орыс, еврей жазушылар болатын. Чешен қыли жігіт жанынан қалмайтын, журналистер: ол - ақынның телохранителі, деп күлетін. Одан кейін ақшасына "сегіз бірдей желтоқсаншыға пәтер сатып әперді де - өтірік! Сенбейтіндер, егер шындық керек болса, желтоқсан ұйымдарына барып сұрау салыңыздар, "маған Олжас аға пәтер әперді" деген желтоқсаншы табылар ма екен. "Өзімнің түрмеде отырғаным артық" деген сөз де - Қоңырованың сөзі, қиналып келген бір жігітке көмектескені рас болса да. Егер Сүлейменов желтоқсаншылар жағында болса, 17-желтоқсанда алаңға барып, таяқ жеп, жұмысқа әрең шыққан Антаева Шолпанды - Жазушылар одағының коменданты келіншекті: "Выгните ее как собаку!" деп жұмыстан шығарып жіберіп, ол екі баласын құшақтап еліне - Көкшетауға кетуге мәжбүр болған, сол ма Олжастың азаматтығы? Ш. Антаева ол жағдайды былтыр "Трибуна" гәзетінде айтып берді. Олжасшыл Қоңырова ол жағдайды білмеп пе? Жазушы Софы Сматаев "ұлы" ақынның 17-желтоқсанда ЦКда, Софының кабинетінде отырғанын, алаңдағы жастардың алдына шықпағанын "Жас алашта" мақаласында айтты, әлде ол өтірік айтты ма? Софыдан сұраңыздар. Ақын шіркін 18-желтоқсанда кабинетінен шықпаған, Одаққа "Ағалар! Олжас аға! Қайдасыздар?" деп келген жастарды кіргізбеуге сыртқы есікті жаптырып тастапты. Қоңырова да оны білмеген бе? О.Сүлейменовтің "азаматтығы" машкевичтердің миллиардер болуларына жағдай жасағаны ма, осында жазылғандай. Қалмақан мырза, Олжасыңыздың кітабы жыл сайын шығатынын АЗАМАТТЫҒЫ деуіңіз күлкілі бірдеңе. "Невада-Семей" қоры ақшасын бөліске салған ақыныңыз құралақан қалды деп ойлайсыз ба? Жылда кітап шығарып, баспа ашып отырғаны айлық жалақысы мен пенсиясы өзінен артылып жатқандығынан ба? Қоңырова көрген үйінің төбесінен су аққаны ақынның ең үстіңгі пәтерді алып, құрылысшылардың қателігінен оның төбесінен су аққаны Алматының талай үйлерінде болған, әлі де болып жатқан жағдай, кітабы жылда шығатын Сүлейменовтің ақшасы жоқ кедейлігінен емес. Әйтеуір, Қоңырова, тағыда басқа пропагандистері олжастарын күндіз-түні мақтауға жалданғандай дейтіндей, болмағанды болдылап жалықпайды, - құдай солай жаратқан ғой.
Қалмақан 2017-05-20 10:28:03
ОЛЖАСТЫҢ АЗАМАТТЫҒЫ Кітаптарының жыл сайын мыңдаған тиражбен жарық көруі, атқарған лауазымды қызметтері, қызметте жүріп жасаған азаматтығы – Олжастың тұлғасын биіктете түседі. «Олжас қай қызметте болса да, халық алдына ағылып баратын. Жазушылар одағында істегенінде кабинетіне кіруге кезекте тұрған жазушыда қисап болмайтын. Көп жазушының кітаптарының жарық көруіне, үй алуына Олжас ағаның шарапаты тиді», – дейді Олжас Сүлейменовпен 40 жылдан бері ағалы-қарындас, рухани дос болып сыйласып келе жатқан журналист Зәмзә Қоңырова. «Желтоқсан оқиғасының кезінде: «Олжас аға! Мен жазықсыз сотталған желтоқсаншымын. Түрмеден қашып шықтым. Мені не құтқарыңыз, не өз қолыңызбен ұстап беріңіз. Сіз қалай шешсеңіз солай болсын», – деп, Читадан қашып келген қазақ жігітін: «Сені ұстап бергенше өзімнің түрмеде отырғаным артық. Мен тірі тұрғанда сені жау алмайды», – деп, құқық қорғау орындарының басшыларына күні бойы телефон шалып, аман алып қалды. 1986 жылдың соңына таман «Жазушы» баспасынан шыққан «Каждый день – утро» жинағының қаламақысын отбасына апармай, сегіз бірдей желтоқсаншыға пәтер алып беруі Олжас ағамның ғана қолынан келді. Ол уақытта Олжастың өз отбасының жағдайы мәз емес еді. Үйінің төбесінен өткен судан едені жырылып кетсе де, сегіз бірдей желтоқсаншыға өз ақшасына үй сыйлауы ешкімнің қолынан келмейтін ірілік», – дейді Зәмзә Қоңырова. Қарлыға ИБРАГИМОВА
Руза 2017-05-20 07:39:31
Ойбуу, Абай кз, кейде сізді мүмде түсінбей қаламыз? толерастықтың да шегі барғой))
Әбу 2017-05-20 01:28:02
Жан ТІЛЕУ мырза, сіз Олжасыңыздың жазғанынан басқаны оқымау үшін туғансыз ба? Көзіңізді жұмып, құлағыңызды бітеп алып мақтап сайрауыңызға қарағанда "Олжас Сүлейменовті мадақтау Қорын" ашып, анау депутаттардан да көп айлық алып жүргеннен саусыз ба? Әйткенмен, қызуыңызды аздап азайтыңыз, Қазақтың ұлттық мемлекеттік университетінің, Аграрлық университетінің басшыларының алдына түсіп кетсеңіз, ойбай, ұят болып жүрер!
Сәкен Елеуұлы. 2017-05-20 01:16:59
«ГУМИЛЕВ Л. Н. СПОР С ПОЭТОМ По поводу статьи А.Кузьмина "Точка в круге, из которой вырастает репей». Олжас Сулейменов написал книгу "A3 и Я" (Алма-Ата, 1975), чтобы "вместе с раздражением чувств читателя вызвать и раздражение мысли". Читая отклик А. Кузьмина на эту книгу, видишь, что О.Сулейменову удалось выполнить только первую часть задачи. Количество фактических ляпсусов в книге Сулейменова превышает число страниц (304), и, видимо, многие из них сделаны нарочно, чтобы упрекнуть будущего рецензента в том, что он даже таких общедоступных вещей не знает. Кузьмин попался на эту удочку первым. Вместо того чтобы отметить десяток-другой фактических ляпов и тем самым показать, что перед читателем поэтическая мистификация, Кузьмин пускается в длинное рассуждение о преимуществе диалектического материализма над позитивизмом, что само по себе верно, но в Советском Союзе ни для кого не ново и, главное, не имеет никакого отношения к эмоциональным фантасмагориям Сулейменова. Огюст Конт никогда не предлагал смотреть на историю "глазами поэта"...». О.Сүлейменовті өлердей мақтаушы қазақтардың ешқайсысы Л.Гумилевтен артық білмейтіні анық. Ал Абай атамыз Жерді Анаға теңеп, емшегін еме білсең, қор болмайсың десе, О.Сүлейменов Жер-Анаға балаңа басыңды іи деп шатылды, ол өлеңі саяси декламация ғана! Қазақ тіліне о баста-ақ қарсы болып, Колбинді қолпаштап, қостілділікті қостап мақала жазды. Өзі құрған "Народный конгресс Казахстана" партиясының бағдарлама жобасынан "Возрождение казахской нации" дегенді алдырып тастағанын сол жобаны жасаған профессор А.Айымбетов ызалан айтып, "ұлы" ақынды "антиказах" деп жазған, "Казахская правда" гәзетінде. Сүлейменов қарамағындағы "Невада-Семей" Қорына "Атом полигонынан қасірет тартқан семейліктерге көмектесеміз!" деп жар салып, үкіметтен, жұртшылықтан 1992-жылы және 1993-жылдың алғашқы жартысында 10 миллиард доллардан астам қаржы жинап алып, одан семейліктерге соқыр тиын да бермей, машкевич-ибрагимов-шодиевқа бөліске салғаны ол Қорды тексерген КРУ Минфиннің актісінде көрсетілген, бірақ ол акт қалайда жауып тасталды. Досы жаптырған шығар. "Еуразиялық миллиардерлер" - мынау аталған үшеуі сол қамқорлығы үшін О.Сүлейменовке өле-өлгендерінше риза болар. Міне, осындай "адал қазақты" жер-көкке сиғызбай мақтайтын журналшы, жазушы, ректор, саясатшы, тағыда басқалар - О.Сүлейменовтің сонау Қоры табағынан тары жегендер, сонда тойып, қазақы намысты ұмытқандар. "Орыс тілінсіз қазақтың мәдениеті дамымайды", "Іс қағаздарын қазақша жүргізу орынсыз, мен бұл мәселені президентке мәлімдеймін", "Ресеймен конфедерация болуымыз керек", "Толық тәуелсіздік - Қазақстанға қатер" деген Алжас Амаровичтің башайын жалаушылар, көкелеріңнің Олжабай бабасына кереғар болып жүргені туралы дастан, роман жазыңдар, оған дайындық үшін интернеттен Эдуард Поның "Смерть министра" дегенін оқып алыңдар, қаламдарың жорға болады. О.Сүлейменов қазақ поэзиясына ешқандай жаңалық қосқан жоқ. Қалада өскен ол таңдана жырлаған дала, тау, теңіз, бүркіт және басқасы Мағжан,Ілияс, Қадыр, Мұқағали, Тұманбай,Темірхан жырларына астар да бола алмайды, қалада туып-өскендерге ғана керемет. Осындай О.Сүлейменов қазақты көгертіп жүргендей-ақ кездесулерде қымсынбай, жасанды күліп жүргені. Ол - қазақтың ақыны емес, Қазақстанның орыстілді ақыны.
Жас қазақ 2017-05-19 23:43:48
Олжас өз ұлтық тамырынан ажырап қалған сауатты бейшара оның білімі қазаққа зиян,өйткені ол ұлтқа берері жоқ керсінше өз ұлтын ол басқадан төмен қойып жүр солай өмір сүруде,ол өз ұлтын басқамен тен қоя алмайды өйткені оны солай тәрбиеледі,ол өзінің бейшара екенің мойындамайды өйткені оны сезбейді, жақында ел басының рухани жанғыру атты бғдарламасы жарияланды ал осыған байланысты Олжас ағамыз сияқты зиялыларға тапсырайық не шығарар екен күлкілі болар еді, олар үшін бұндай бағдарлама өздерінің түбіне жетту, Олжассияқтылар қазақ қоғамы толық орнаған кезде өз өзінен жойылатын трагедиялық аянышты тұлғалар
Адайшал 2017-05-19 23:10:05
Тәуелсізбіз деп айтуға жүрегі дауаламайтын адамды, өз тілінде қақпайтын, ұлт мүддесін мансабына айырбастаған пендені қалайша тұлға тұтамыз. Семейді жабуда Кешірім Бозтаевті таптап өтіп, қорға жиналған қаражатты еуразиялық үш бандитпен бөліске салғанын қалай ақтаймыз, мұның бәрі баспасөз бетінде жазылған. Кезінде Білге болғаны некерек, қазіргі сыйқы қарашалдың теңеуімен "Бір қап боқ"...
қара қазақ 2017-05-19 23:01:55
қай ұлттың тілінде ойлап, сөйлесең сол ұлттың өкілісің деген ғой бір дәнішпән. Олжас тегі қазақ болғанымен ол Орыс ақыны. Орыс мәдениеті мен әдебиеті үшін еңбек етті. мейлі Азияны жазсын, мың бір сөзді жазсын. Олжас жанынан ештеме қосып жазған жоқ. ол түркі дүниесінде бұрыннан бар, ежелден сақталып келе жатқан нәрселерді басқалардан бұрын көріп, пайдаланып кетті. Расул Ғамзатов, Давид Гугултинов, Шыңғыс Айтыматов, Мұстай Кәрім, Олжас Сүлейменов сияқты азсанды ұлттан шыққан ортан қол талантты адамдарды пайдалану, оларды көкке көтере марапаттау, атағын аспандату арқылы Орыс мәдениеті, Орыс құндылығы дәріптелді. олар шын мәнінде өз халқына, ұлтына емес, империяға қызмет еткендерін білмейде қалды. Олжас қазіргі күнде қазақсыз өмір сүріп келеді. Ал қазақ Олжассыз да жасай береді. Қазақстан тәуелсіздік алғалы 27 жылға таяп қалды. Орыстілді қазақтардың құдайына айналған Олжас қазақ тіліне, рухына, қазақ халқына, тәуелсіздікке,өршелене қарсы шығып келеді. Олжасты мақтағандарға айтарым: ит пішкен адамын жақсы кереді: дейді. қазақ рухын, тілін мансұқ еткен, жаныштаған екі адам болса соның бірі осы Олжас Сүлейменов .
Че 2017-05-19 20:24:56
Қи деген керемет береке ғой кейде байқамай жеп қоясың қи болмаса мал болмайды емес бірақ мал жоқ қиды өзім тауып әкелем.
Че 2017-05-19 20:03:24
Қи деген береке қи болмаса малыңда болмайды самозванец ЧЕ ))))
Че 2017-05-19 19:41:40
Алжастарыңды мақтай беріңдер мен өзімнің қи қорамның ішінде қиымды езіп отыра берем мені түзетпейақ қойыңдар.
Тәкен 2017-05-19 19:03:26
Олжас, Олжас болып шыққанда әлемнің 6,1 бөлігі "дірілдеген" болатын! Аз қуат емес! Адамзат ақыл-ойының арда арнасына 20 ғасырда құлаш ұрған да Олжас болатын, исі қазақта! "Арғымақтар" деп кітабына - Даланың сағыныш "сағынышының" сан саңлауын кезіп кеткен жыр жинағына ат қойып, талайды тамсандырған да Олжас болатын! ОЛЖАС - ҰЛТТЫҚ БЕЛГІ! "Әліп пен мен" деген Олжас "ұраныа" бірдемені білетіндер ер тоқымдарын бауырына ала тулады.... білмейтін қатыбастар Алжас деп кекетті... Ұлы Түркіден қалған 1001 Сөзді академиясы бар, ғылыми-зерттеу институттары бар елде, жалғыз Олжас жоқтады...Әлі жоқтауда! Диссертация жазып дірілдеп, академияға мүшеленіп гүрілдемей-ақ, ІСІП-КЕППЕЙ-АҚ, айды аспаннан бір-ақ түсіруге болатындығын да ЖАЛҒЫЗ Олжас Ұлы Далаға сабақ етіп ұсынып отыр... ӘЛЕМДІ ДҮР СІЛКІНДІРГЕН ДҮР ОҚИҒА КЕЗІНДЕ, ЖАП-ЖАС ОЛЖАС ЖАН ТОЛҚУЫН ЖАЛЫНДЫ ДА ЖАЛДЫ ЖЫР ЖОЛДАРЫМЕН ӨРНЕКТЕП ТАСТАДЫ. Светлов, Рождественский, Вознесенский, Ғамзатов, Кулиев, Евтушенколерден бұрын - азуларын айға білеген алыптардан бұрын... Олар да бұл ерлікті жырға қосты, бір-ақ Олжас биігіне жете алмады! Ұлы ерлік жасаған Ұлы Империяның бір таңы Олжас жырларымен атты!!! Енді не керек?! Олжас туралы айту - бір елі ауызға екі елі қақпақ қойып айту, "аспанға ұшты космонават (түп нұсқасы солай - ұйқас дегенің де бір айтқанға көнбейтін көк езу пәле ғой...), қайта оралды сау-саламат".... жазғыштар! Елін сұюдің үлгісі, елін ұлықтаудың үлгісі Олдастай-ақ болсын! Туған күніңіз бен Күн сәулелі ҚАЗАҚ!!!
Че 2017-05-19 19:03:08
Мүмкін осы алжас атаны оқып үлгі алып қақақ қыздарымыз басқа ұлттарға қалындыққа кетіп жатқан болар ???
Че 2017-05-19 19:01:48
Қазақ қоғамын болашағын мүдлесін ! )))))
Че 2017-05-19 19:00:57
Тұқымын ойламаған адам қоғамды қалай ойлай алады өзі ???
Че 2017-05-19 18:56:23
Білге болса тұқымын бұзбай орыстан қатын алмас еді деп ойлаймын.
Төре 2017-05-19 16:17:34
Олжас – Қазақтың Білгесі... Жарар, Олжасқа осы Сіз ұсынған атақты қимай отырғам жоқ. Ол АЗАМАТ оданда үлкен атаққа лайық! Бірақ, ... ешқашанда, Ана - Балаға табынбайды! ... "адамға Жерді табындырған» ақын... Қайта оқып, ойланарсыз? Жерге - адамды табындырса! ... Қалай болар еді? Сіз осы тіркеті, Олжасты әдейі арандату үшін жазған сияқтысыз? Мүмкін менікі ...? Тұздығы шамалы мақала... Жан ТІЛЕУ, философияңыз қалай ...
Серік 2017-05-19 15:50:23
Сонау тоқсаныншы жылдары 1978 жылы жарық көрген "Аз и я" кітабы қазақ үшін маңызы мәнді нақтылы ғылыми еңбек...
Оқырман 2017-05-19 13:12:57
Дұрыс жазылған мақала. Олжас әлем таныған, мойындаған қазақ. Тек әлгі Олжасты алжас деп қаба жөнелетін талантсыз, өресіз қызғаншақтардың неғып ауыздары жабылып қалды екен?

ۇزدىك ماتەريالدار

انىق

ولار قالاي بايىدى؟

رۋسلان احماعانبەتوۆ 18720