سارسەنبى, 20 قىركۇيەك 2017
تالقى 727 17 پىكىر 11 قىركۇيەك, 2017 ساعات 12:09

ن.نىعماتۋلين: قازاق ءتىلىن جاڭعىرتۋدىڭ باستى كورسەتكىشى – لاتىن جازۋىنا كوشۋ

بۇگىن ماجىلىستە «مەملەكەتتىك ءتىلدىڭ لاتىن گرافيكاسىنداعى ءالىپبيىنىڭ بىرىڭعاي ستاندارتىن ەنگىزۋ ماسەلەلەرى تۋرالى» پارلامەنتتىك تىڭداۋ ءوتتى.

مەملەكەتتىك ءتىلدى جاڭعىرتۋ قاجەتتىلىگىن، ونىڭ ىشىندە لاتىن گرافيكاسىنا ءوتۋ تۋرالى مەملەكەت باسشىسى ن.ءا. نازارباەۆ «قازاقستان – 2050 ستراتەگياسى قالىپتاسقان مەملەكەتتىڭ جاڭا ساياسي باعىتى» اتتى قازاقستان حالقىنا جولداۋىندا اتاپ وتكەن بولاتىن.

پارلامەنتتىك تىڭداۋدا ءماجىلىس توراعاسى ن. نىعماتۋلين: «ءبىزدىڭ   ۇلتتىق سانا-سەزىم، رۋحاني دامۋ، وركەندەۋ جولىمىز، وسىنىڭ بارلىعى، قازاق    ءتىلىنىڭ    جاڭا    ءالىپبيىن  جاساۋدان   باستالادى. سەبەبى، ەلباسىمىز نۇرسۇلتان ءابىشۇلى نازارباەۆ ايتقانداي، قازاق  ءتىلى  –   ول   ءبىزدىڭ  رۋحاني  نەگىزىمىز. وسى جولدا ءتىلدىڭ حالىقارالىق مارتەبەسىن كوتەرۋ، ءبىزدىڭ الەمدىك وركەنيەتكە  جەتۋىمىزدىڭ  باستى  كەپىلى. سونىمەن  بىرگە،  جاڭا  ءالىپبي بۇكىل الەم قازاقتارىن بىرىكتىرەتىن  وتە ماڭىزدى فاكتور» - دەدى.

وسى رەتتە پالاتا سپيكەرى  تىل جانە جاڭا ءالىپبي ماسەلەسىندە قاتەلىككە جول بەرۋگە بولمايتىنىنا، قازاق ءتىلىن جاڭعىرتۋدىڭ باستى كورسەتكىشى لاتىن جازۋىنا كوشۋ ەكەندىگىنە جانە الەم قازاقتارىن بىرىكتىرەتىن ماڭىزدى فاكتور ەكەنىنە توقتالدى.

وتىرىس بارىسىندا حالىق قالاۋلىلارى مەن بەلگىلى ساياساتكەرلەر، زيالى قاۋىم وكىلدەرى، عالىمدار، ساراپشىلار مەن ءتىل ماماندارى، قوعامدىق ۇيىم مۇشەلەرى جاڭا ءالىپبيدىڭ جوباسىن ازىرلەگەن مامانداردىڭ ەڭبەكتەرىمەن تانىستى.

Abai.kz

17 پىكىر
а 2017-09-13 06:55:46
орыс тілді билік латыншаға көшпейді, бұрынғыша крилициямен тарта береді. ал қазақтар не орысша, не қазақша білмей латыншаға "көшеді".
ҒАЛЫМ ШӘКІРТТЕРІ ҚАЙТАЛАП ҰСЫНАДЫ. 2017-09-11 22:29:36
проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. 2017-09-11 22:17:15 Қадірлі зыялы қауым және Білім мен Ғылым уәзірлігінің басында отырған азаматтарға айтарым... алғаш рет ешкімнің сыртқы ықпалынсыз жасағалы отырған ТӨЛ - ӘЛІППИІҢДІ ... аса шебер БІЛІМДІЛІКПЕН жасай алмасаң, бұдан асқан надандық болмаса керек ?!.. Сондықтан... менің айтар ҰСЫНЫСЫМ... ЕКІ немесе ҮШ әріптен - БІР әріптің НҰСҚАСЫН жасау дұрыс емес !!... Өткеннен бір мысал... Орыстың - Н - әрпін... Қазақтың - Ң - әрпіне... яки, - У - ды... - Ұ - ға... К - ні ... - Қ -ға...айналдырғанымыз өте дұрыс тапқырлық еді ғой !!!... Міне, осы тәсілді ЛАТЫН әліппиіне қолдану керек ! Осы - ЕЛІКТЕУДЕН - есалаң болып біттік емес пе ?.. Енді - АҒЫЛШЫННЫҢ - ҮШ әріппен - БІР дыбысты белгілейтін сандырағына жармасуды азғындық десе болады. Мәселен, латынша - g - нің үстіне... - ^ - осындай белгімен Қазақтың - Ғ - сын белгілеу... - а - ның үстіне... - ^ - қойып - Ә - ні дыбыстасақ дұрыс болады. ..
$ 2017-09-11 20:18:32
Dalanews.kz.-те" қуана хабарлағанын" бұ адамның жазыпты
$ 2017-09-11 20:16:08
Бұ адам орыс тілінен бас тартпаймыз,латын тек қазақша сөйлейтіндерге ал ор тілінде шығатын ғазет журналдар со қалпы шыға береді,-деп "қуана"қуанта(өздерін)хабарлапты.сонда қазақша сөйлейтіндер автономиядағы сияқты боп қалмақшы ау.өздері баяғыша орғытып ор тілінде жазып сызып жүре бермекші екен.сонда бір елде 3-тілділік 2жазу("еш елде еш əлемде жоқ жетістік")
Акерке 2017-09-11 17:08:57
Жалпы дұрыс жасалған екен, біріміз жұмыла осы тілімізді дамытуға ат салысуымыз керек
Ғалия 2017-09-11 16:56:50
Қазір онсыз да барлық жастар сол таынды қолданып жүр ғой, аз халыққа ғана үйрену ғана қалды
Фариза 2017-09-11 16:55:10
Тілді дамыту үшін керектін барлығвн жасау керек, оған қоса бұл мүлдем қиын дүние емес
Samsunk 2017-09-11 15:26:52
Ең дұрысы да осы, Қазақстандықтар қарсылық танытып жатқанжоқ
Nekropolit 2017-09-11 15:25:37
Қазақ тілін жаңғырту біздер үшін өте маңызды кезең болып тұр.
Данияр 2017-09-11 14:47:02
Латынға көшу – болашақтың таңдауы
Маржан 2017-09-11 14:45:05
Жеке өз басым қазірден бастап үйреніп жүрмін. Ешқандай да тілде ештене де жоғалмайды
Карима 2017-09-11 14:42:28
Бұл мәселе бір жалдан бері ғана қозғалып жатқан жоқ, он жылдан астам уақыт өтті. Сондықтан, бір шешімге келетін кез жетті дер ем.
Арман 2017-09-11 14:42:07
Жаңа әліпбимен жазуды үйрене бергеніміз дұрыс!
Аида 2017-09-11 14:40:17
Латынға көшкеннен қазақ тілін жоғалтып алмаймыз, тіліміз өз құндылықтарын сақтап қала береді, өзгеретін графика. Кезінде қыпшақ тіліндегі жазбалар араб әлпбиімен де, армян әліпбиімен де жазылды. Одан қыпшақ тілінің құндылықтары ақсап қалғаны шамалы.
Зейнеткер 2017-09-11 14:23:25
Барлық әлемдегі қазақтар бірігіндер!
Тұран 2017-09-11 13:47:30
Қош бол қазақ тілі!..
Каспий 2017-09-11 12:44:07
Бір әріп бір дыбыс болсын! Әйтпесе өзбектер сияқты отырмайық буынға бөле алмай.

ۇزدىك ماتەريالدار

رۋحاني جاڭعىرۋ

قانات ابىلقايىر. قارىز بەن پارىز

Abai.kz 5712
قاۋىپ ەتكەننەن ايتامىن

قازاقستاندا جۇرگەن قىتايلار كىمگە سۇيەنەدى؟ 

ن.قوشامانۇلى 11941