بەيسەنبى, 19 قازان 2017
باسە... 1606 9 پىكىر 11 قىركۇيەك, 2017 ساعات 17:34

سوتكاسىنان ايرىلعان ادام سوسكاسىنان ايرىلعان بالادان بەتەر بولدى

 

بۇگىن ماجىلىستە «مەملەكەتتىك ءتىلدىڭ لاتىن گرافيكاسىنداعى ءالىپبيىنىڭ بىرىڭعاي ستاندارتىن ەنگىزۋ ماسەلەلەرى تۋرالى» پارلامەنتتىك تىڭداۋدا ءسوز العان دەپۋتات بەكبولات تىلەۋحان «1929 جىلى ءبىزدىڭ قازاق ارابيكادان لاتينيتساعا بار بولعانى ەك-اق جىلدىڭ ىشىندە اۋىسقان. سودان قيىن ەمەس. ەڭ باستىسى نيەت كەرەك»، -دەپ قاداپ ايتتى. پارلامەنت دەپۋتاتتارىنىڭ ىشىندە سوزگە جۇيرىك، ۇنەمى تاۋىپ، بەينەلەپ سويلەيتىن ول: «وسى كۇنى سوتكاسىنان ايىرىلعان ادام، سوسكاسىنان ايرىلعان بالادان بەتەر زامان بولعانىن» دا ەسكەرتتى. 

 "ءبىز شىنىندا دا لاتىن ارىپىنە كوشۋگە دايىندالدىق، وسى نارسەنىڭ ءتۇبى بولاتىنى اركىمگە بەلگىلى ەدى. جانە ءبىز ءوزىمىزدى دايىنداعان جوقپىز، ۋاقىت دايىندادى. قالتا تەلەفونىمىزعا ورىس تىلىندە كەلەتىن اقپاراتتاردىڭ ءوزى   لاتينيتسامەن كەلىپ، ءبىزدى ابدەن دايىندادى. سوتكاسىنان ايىرىلعان ادام، سوسكاسىنان ايرىلعان بالادان بەتەر مىنا زاماندا شىنىندا دا كەتىپ جاتقان اقپاراتتىڭ بارلىعى لاتينيتسا. ويتكەنى ادەت دەگەن وسىنداي ادەت الۋدان تۋادى. وسى ۋاقىتتان ەرتە باستاساڭ ەرتە بولىپ كەتەر ەدى، ەندى كەشىكسەك كەش بولۋى ابدەن ىقتيمال».

الدىمىزدا ۇلكەن ءالىپبي رەفورماسى تۇر. بۇل رەتتە ءبىز  "ق" - ىسىنان ايىرىلعان تۇرىكتىڭ رەفورماسىن، ءوز ەلىندە وگەي شىققان وزبەكتىڭ رەفورماسىن، اڭگىمەسى بۇزىلىپ قالعان ءازىربايجاننىڭ، تۇڭلىگى ءتۇرىلىپ قالعان تۇركىمەننىڭ جاعدايىن جاقسىلاپ ەسكەرۋىمىز كەرەك.  ولاردىڭ قاتەلىكتەرىن جىبەرمەۋگە بىزدە  تولىق مۇمكىندىك بار دەپ ويلايمىز.

سوندىقتان دا ءسوز ىڭعايلارىڭىز نەمەنە دەگەندە، الىپپە اۋىستىرۋ استانا اۋىستىرعاننان قيىن ەمەس، الىپپە اۋىستىرۋ جوسپارلى ەكونوميكادان نارىقتىق ەكونوميكاعا كىلت بۇرىلعاننان قيىن دەپ ويلامايمىن. 1929 جىلى ءبىزدىڭ قازاق ارابيكادان لاتينيتساعا بار بولعانى ەك-اق جىلدىڭ ىشىندە اۋىسقان. سودان قيىن ەمەس. ەڭ باستىسى نيەت كەرەك".

Abai.kz

9 پىكىر
Бақытбек 2017-09-13 09:25:40
Естір құлаққа ерсі сөз, айтып отырғаны!!! Бекболат, шырағым, бүткіл әлемдегі 6,5 миллиард халықтың күнде тұтынып жүрген собалақ соткасын үлкен әңгіме қылғанша тұшымды мәселе көтермейсіңбе?! Әй, Бекболат-ай. Қазақ қоғамының басынан - бастап қожырап іріп-шіруге бет бұрғанын сезбейсің бе?! Сенің де жағдайың белгілі болды. Әнші екенің "Халауләйіміңнен белгілі болды" - дегендей.....
Ызалы халық 2017-09-12 21:20:19
Астанада креслода отырғандар не үшін шикі жоба ұсынып отыр? ЭКСПО- дан кейін қымбаттаған бағадан халықтың назарын аудару үшін бе? Не үшін бензин қымбаттады? Мемлекеттің есебінен жүретін шенеуніктер үшін бағаның қымбаттауы түкте емес шығар, ал жай адамдар үшін бұл катастрофа.
Сауал 2017-09-12 05:51:27
Енді Х мен Һ -ны қалай ажыратамыз. Халық қаһарманы дегенді халық қахарманы дейміз бе?
Че 2017-09-12 00:29:32
Бекболат деградацияға ұшыраған еліңді одан сайын дүбəрə қылуүа сені үоес қосады деп ойламапын. Ертең латын қаріпінен зиян шегетін жағдай туындаса аузыңа сосканы сорып үндемейсіңбе еліңе? Əлде жаңа басшы келсе соның сырнайын домбырасын тартасыңба ?
Эксперт 2017-09-11 23:29:44
SOS ! Zh деген керек емес сиякты ол дыбыс кириллица аркылы бизде пайда болган Ж- ны J деп белгилеу керек jaqsy / жаксы/ сойлегенде кейде ж боп естилсе де арип , танба осылай бедгиленсе жжж деп француз боп биттик кой жасайды ол
жəй Қазақ 2017-09-11 23:09:48
Қожайынның сілтеуі не қас-қабағынан байқап үре беретін шəуілдек жетерлік, оның үстіне оларға өресіне қарамай билік берген, не шара. Бір кісі айтты деп ұрандамамай ойлану керек, басқтапқы сөзде уақыт кең еді, өте қузамаңдар. Мұндағы қорқыныш : Онсызда құлықсыз Қазақшаға Латын арқылы меңгеру керек болған соң одан сайын нашарлап кетпесе. Жасырын емес жақсы тоқ отбасының балалары Қазақша сөйлеуге намыстанады. Ал Орысың пысқырмады, Қазақшаға. Сақ бол Қазақ: үш тіл, үш əліпби (Кирилица, Латын, естілуі бөлек English) көп болып жүрмесін.
Қай латын? 2017-09-11 20:45:15
Namazhana. Мұны "намажана" деп те, "намазхана" деп те оқисың.
Алып би 2017-09-11 19:40:23
Қазақтың алып биін жаңартуды Қожырбайұлына тапсыру керек.Барлық əріптердің сырын сол кісі біледі.
БАҒЫС 2017-09-11 18:48:13
БАСҚА ПӘЛЕ ТІЛДЕН ЕМЕС НЫҒМАТУЛЛИННЕН БОЛАЙЫН ДЕП ТҰР. ЛАТЫН ҚАЗАҚТЫ ТАЗА ШАЛА ҰАЗАҚТАНДЫРАДЫҢ СӨЗДІҢ ӘРІН, ҮНДЕСТІН ЗААДАСТЫРЫП ТҰРҒАН Ә, Ұ, Ү, Ғ, Ө, І әрпін алып орыстың В, Ц, Ф Ё, Щ,, Я, Ч, Ю, Э, Ь, Ъ, әріптерін алып тастаса, нұр үстіне нұр болып қазақ ЕВА дан ОВ тан құтылар еді. Мысалы НЫҒМАТ-УЛЛИН латынша NU-MAT-ULLIN түбірлері не мағына береді? НҰР СҰЛТАН латынша NUR-CULTAN Шала қазақ болмағанда неміз қалды? БӘРІ АЛТЫ ӘРІПТІҢ ЖОҚТЫҒЫНАН.

ۇزدىك ماتەريالدار

رۋحاني جاڭعىرۋ

قانات ابىلقايىر. قارىز بەن پارىز

Abai.kz 7675
قاۋىپ ەتكەننەن ايتامىن

قازاقستاندا جۇرگەن قىتايلار كىمگە سۇيەنەدى؟ 

ن.قوشامانۇلى 14919