سەنبى, 23 قىركۇيەك 2017
الاشوردا 1478 9 پىكىر 13 قىركۇيەك, 2017 ساعات 10:01

قابانباي باتىرعا قۋباس اتتى كىم مىنگىزدى؟

عالامتوردان «قابانباي باتىردىڭ قازاناتى – قۋباس» دەگەن ماقالانى وقىپ شىعىپ، ەكى ۇداي كۇيگە ءتۇستىم. ءبىرىنشىسى، اركىم-اق قابانباي باتىر تۋرالى ەستىگەن، بىلگەنىن ورتاعا سالعىسى كەلەدى، ءسويتىپ، ۇلى باتىردى زەرتتەۋگە شاما-شارقىنشا ۇلەس قوسادى. بۇل، ارينە، وڭ تالپىنىس. ەكىنشى، قاراكەرەي قابانباي باتىر ناقتىلى تاريحي تۇلعا. ەرتوستىك، كەندەباي، ەرتارعىن جايلى اڭىز-داستانداردى قۇلاققا جەتكەن قالپىندا ۇسىنا بەرۋگە بولاتىن شىعار. سەبەبى، اڭىزدىڭ اتى - اڭىز. بىراق قاراكەرەي قابانباي باتىر تۋرالى جازعاندا تاريحي تۇرعىدان قانشالىقتى دالدىگىنە باسا ءمان بەرىپ وتىرۋ قاجەت. وسى جاعىنان العاندا ماقالا اۆتورى ءبىرشاما قيعاشتىقتارعا جول بەرىپ الىپتى. مۇنى اتاپ ايتپاسا بولمايدى. سەبەبى، قازاق حالقىنىڭ قابانباي باتىرداي ەكىنشى قاھارمانى جوق ەكەنىن ءماشھۇر-ءجۇسىپ كوپەي اۋليە اتامىز ءجۇز جىل بۇرىن «قازاقتا قابانبايداي باتىر بولعان ەمەس، بولمايدى» دەپ جازىپ كەتكەن.

قابانباي باتىردىڭ ناعاشى جۇرتى كەرەيدىڭ بالتا تايپاسى. اناسى قىزىلجار وڭىرىنەن باشقۇرتتاردى سىپىرىپ ايداپ شىعاتىن اتاقتى باۋبەك باتىردىڭ قىزى، اتى ءنابيلا ەكەن. جۇرت ءمامي اتاپ كەتىپتى. بايبىشەسى-ءحانبيبى. ول دا وسى تايپادان. كىشى شەشەمىز - گاۋھاردىڭ  ازاندى  اتى -مايسارا ەكەن، بابامىز «گاۋھار» اتاپ كەتىپتى. اتاقتى مالايسارى باتىردىڭ قارىنداسى، ارعىن - باسەنتين. بۇل جاعدايتتار نەشە رەت گازەت-جورنالداردا جازىلدى. ۇرپاقتارى دا وسىعان قول قويعالى قاشان. اۋلەتتىك شەجىرەلەرى دە ءدوپ وسىنداي.

ال، مەرەي ءىنىمىز قابانبايدىڭ ناعاشىسى دەپ جازاعان بي بورانباي نايمان-قاراكەرەيدىڭ مۇرىن تابىنان. بۇل جونىندە وتكەن جىلى ماقالا Abai.kz اقپاراتتىق پورتالىنا جازعان ەدىم. ول كەزدە بەلگىلى جازۋشى قابدەش ءجۇمادىلوۆتىڭ قاتەلىگىن كورسەتكەنمىن. «انەۋ كۇنى جازۋشى قابدەش ءجۇمادىلوۆ قۋباس ات تۋرالى سويلەپ قالىپتى. بۇل «دارابوز» رومانىندا دا سۋرەتتەلەتىن، جازۋشىنىڭ ءسوز، قيالي شەبەرلىگىن اسا دارىپتەيتىن ۇلكەن تاراۋ. قۋباس اتتى قابانباي باتىرعا بورانباي بي ۇلانباي-بۇلانبايلاردان العىزادى دەپ جازادى جازۋشى. وسى شىن با؟ بورانباي بيدەن بەس ۇل، ۇلكەنى - قويگەلدى. قويگەلدىنىڭ بەس ۇلىنىڭ ەكىنشىسى - جانان. جانان دا بەس ۇل، ۇلكەنى - ۇلان، ونان كەيىنگىسى - بۇلان. كەيىن اسا بايىپ ەكەۋىن دە باي اتاپتى. سوندا ۇلان مەن بۇلان بورانباي ءبيدىڭ شوبەرەلەرى. ءبيدىڭ ءوزى دە قابانباي باتىرعا ءىنى تەكتەس، ونشاقتى جاس كىشىلىگى بار. سوندا ۇلانباي مەن بۇلانباي قابانباي باتىردان بەرى دەسەك - 80, ارى دەسەك - 100 جاس كىشى. ەكەۋى دە قابانباي باتىر باقيلىق بولعان سوڭ تۋادى. وندا قالاي ۇلان مەن بۇلان باتىرعا ات سىيلايدى؟

ۇلان مەن بۇلان اڭگىمەسى ەش مەسەلەگە سىيمايدى. شىندىعى - قۋباس مۇرىن ىشىنەن الىنعان بولۋى كەرەك. كەيىن شىققان داستان سول تۇستا اتى ءمالىم ۇلانباي مەن بۇلانبايلاردى قوسقان. قابدەش ءجۇمادىلوۆ وسى ەكى ارانى ايىرىمعا تۇسىرە الماي قالعان دا رومانىنا قيسىنسىز اڭىزدى قوسا سالعان».

مەرەي ءىنىمىز قابدەش ءجۇمادىلوۆتىڭ كىتابىندە كەتكەن ورەسكەل قاتەلىكتى سول قالپى قايتالاپتى. ءبىزدىڭ قابانباي باتىر تۋرالى سويلەگەندە اڭىز، داستان، ادەبي شىعارمالاردان تىس ءجۇرۋىمىز كەرەك دەيتىنىمىز وسىدان. مەرەيدىڭ جانە ءبىر قاتەلىگى بار. قابانباي باتىر قۋباس اتتى مولشەرى 1730 جىلدارى كەزىكتىرەدى. تارباعاتاي وسى كەزەڭدەردە قالماقتان ارىلعان جوق ەدى. قازاقتىڭ جەتۋىنە ءالى اتتاي 80 جىلداي ۋاقىت بار. وسى تاريحي سەبەپتى دارابوز قۋباستى مەيىر ءىنىمىز ايتاتىنداي تارباعاتايدا العاش كورۋى مۇمكىن ەمەس. بۇلاي دەۋ باسى ءبۇتىن قاتە. ول تۇستا ءتورت تولەگەتايدىڭ، قابانباي ەلىنىڭ ارقادا وتىرعانىنا ەڭ كەمى 150- 200 جىل تولعان. سىردان قۇلاعان، تۋ باستا ومبى مەن قىزىلجاردىڭ، ونان سوڭ ەسىل مەن نۇرانىڭ بويىن مەكەندەگەن نايمان تولەگەتايلار شىعىسقا بەتتەگەن جوق ەدى. قابانباي جۇرتىنىڭ از بولىگى 1790 جىلدارى عانا ارقادان كوتەرىلىپ، ءبىرشاما ۋاقىت قارقارالى، قازىلىق، شىڭعىستاۋدى مەكەن ەتەدى. م. تىنىشباەۆ ايتاتىنداي تەك 1810 جىلدارى عانا شىعىسقا قوزعالادى. مەرەي ءىنىمىز تاريحقا ىشكەرىلەسە ءتاۋىر بولار ەدى. قۋباس ات وقيعاسى ارقادا بولعان جاعدايت. ول تۇستا قابانباي ەلى ەسىل مەن نۇرا بويىن مەكەن ەتكەنى تاريحي شىندىق. ارقا ءتورى باتىردىڭ اكەسى - قوجاقۇل، اتاسى - مامبەت، ءتۇپ اتاسى - بايجىگىت تۋعان، قابانبايدىڭ قاسيەتتى وت ورنى.

نۇرتۋعان ايتساپين، پروفەسسور

Abai.kz

9 پىكىر
Сегіз сері 2017-09-17 20:48:38
Мен деген атпен шыққаннан сұрарым жазғаныңды ұқпай қалып тиісіп жаздым мысалы 5деп жазғанға айтарым мынау еді .Содан ары қарай айтарыңды жазсаң Ұғыныстықпен енен оқырман түсінетін дей .Арыстай бабамыз ескерусіз қалып жатқан да көзді тұман басады ғой ашудан айып болмасын мына бес деген х айуанға әйелің Екатерина 2 сияқты айғырменен ойнасы болғанан соң қубас атты жек көргенсің ғой түсінікті болды
Қайрат зарыпхан 2017-09-16 22:14:32
Қытайдың қазақ тарихына қатысты 3000 құжаты жария етілгенге жеткен соң кабдеш ақсақалдың көкжарлы барақ бабамыз туралы жазғандары да өтірік болып шықты. Сондықтан осы мақаланың авторы дұрыс айтқан. Қабдеш ақсақалдың айқандарына сілтеме жасап тарихты айту дұрыс емес. Менің нақты білетінім кеңес заманынан қалған қалдықтардың бірде біреуі шежірені білмейді. Арғықазақ мифологиясының не екенін де ұға алмайды. Қазақ хандығы ильяс есенберлин айтқандай құрылған жоқ. Барлығын жазушылар қ ұртады. Мекентас аға айтқандай олар өліп бітпей идеологиямыз оң алмайды. Мәселен мырзатай жолдасбек бұқар жыраудың қабанбайға айтқан асыл сөздерін абылай ханға айтты деп өткен де теледидардан көкіп отыр. Қубас қабанбайдан бұрын өзге қарай иесіз шауып келе жатыр жан тапсырған дейді. Қубас керейден құлагер қаратайдан алынған.
Сегіз сері 2017-09-16 20:57:24
Мен есектің көтіне ен сор маңдай хайуан мемлекеттік мәртебе жайында жазылуда есек долмасаң ойланбай миың сідікке толдыма мағана не туралы жазылған ежіктеп қарап жазу керек халықта мемлекетте бір ауыз дай қолдау керек Қабанбай бабамыз 10 жасында жетім қалғанда кім жеткізді қазірде сондай жағдайда К е ре йде батырда ақында данада сал сері де жетіп артылған соңы кешегі Сабит Мұқанов енді шатсаң артың қисаят сорлы
мен 2017-09-16 12:52:28
Бесіншіге, сен бейшара, тірі жүріп ешкімге керегің жоқ сорлысың, олген соң ертеңінде ұмытыласың.... Қабанбай халықтың рухы!.....Байқа, аузың қисайып қалмасын ....
сер ік Самарқанов 2017-09-14 22:23:18
)Қадірменді ағайындар Қабанбай -Ерасыл бабамызға қубас атты Абақ Керей дің ішінде Жантекей оның Сүйінбайдың екінші баласы Сәменбеттің уйірлі жылқы ішінен , қубас атпенен бірге Ер Жәнібек бабамызға керкөкті алғаны белгілі .Ал Қабдеш Жүмәділов кім әдебиетші ме әлде этногроф па .Соның тигізген кесірінен қарқадай бабамыз мәдени мұра бағдарламасына ілінген жоқ .Өйткені Қабанбай бабамыз қазігі қытайда жерленген деп мүйізін жерге тіреп болмай отыр .Оған мен мынаны айтпақпын біз Шығыста 2006 жылы Ақ Ертіс журналының 2 -кінші санында Ер Жәнібек атты мақала шығарттық 20-бетке жуық ,сонда айтылады кемеңгер ханымыз Абылай ханның бұйрығы жоңғардан азат етілген Шығысқа .Ер Жәнібек бабама елді қоныстандыру еді көштің алды Көкпектіге ШҚО қазіргі 1760 ,Арқадан хабар жеткен екен Қабанбай қайтыс болды деген суық хабар .Бармасқа нағашысы қымбат барайын десе Абылайханның берген бұйрығы қымбат жеткен жерінде отырып дұға бағыштап алға қарай көшті бастап жылжып кеткен көрінеді .Екінші айғақ 2012 жылдың сәуір айының ортасынан аса Павлодар дың Мойылды шипа жайында руы Арғын Назар есімді жігіт әңгіме арасында Қабанбай бабамыз жайында болғанда ,айтқаны Қабанбай бабамыз Есіл мен Нұра өзенінің жағасында жерленгені туралы етедегі Шағатай тілінде Қазіргі қытай архивінде бар екенділігі айтылды .Жасырын жерлеудің мақсаты ол кісінің қабірін ,Қырғыздар менен Қалмақтар дың жансыздары басын ұрлап кепек болған екен , Назардың айтуынша Арғын іште Найман сыртта болған дейді бұл әңгіме шындыққа жанасады .
Лескен 2017-09-13 19:31:57
Қабдеш аға мен камал ағаның дауынан соң өз бетіммен қаракерей-байжігіттердің Қабанбай батыр тұсындағы от орнын зерттеп көрдім. Өзім байжігіт ішінде Мәбет-Қожақұл-Едігемін. Қабанбай батырдың екінші ұлынанбыз. Тіл-әдебиет пәнінің ұстазы болғаным аса көп жәрдем жасады. Біздің қарттар аталарымыздың Тарбағатай, Алакөл, Зайсан маңына Арқадан, Есіл- Нұра арасынан көшкенін ұмытпапты. Қабанбай батыр дастандарын әлі күнге жатқа айтады. Үлкендеріміз де, біз де Қабдеш ағаның неге қаталасып жүргенін түсіне алмадық. мына мақала ой салды. Үлкендеріміз тірі тұрғанда бар білгендерін жазып алып қалуым керек екен.
Жарылқасын 2017-09-13 18:29:49
Риза болатыным- наймандар Қабанбай батырдың туғанынан бастап, бүкіл өмірін, мінген атына дейін сабақтастыра зерттеп келеді. Дауласса да, таласса да бабалары үшін қыруар жұмыс атқарды. қазақ батырларының арасынан Қабанбай атамыздай зерттелген ешкім жоқ. Басқалары аңыздан арыла алмай жатса Қабанбай батырдың нақтылы тарихи тұлғасын наймандар тарихи деректермен дәйектеп көрсетуде. Камал Абдрахманның жазуына қарасақ көркем екі роман, деректі сегіз кітап, екі пьесса, бірнеше поэма, оншақты ән жазылыпты, мултьфилм шығарылыпты. Оншақты ескерткіш Қазақстанда , Түркияда, Қытайда қойылыпты. Менің нағашыларым жарап тұр. Қабанбай нағашым қалай құрметтесе де лайық қазақтың Бас Батыры.
5 2017-09-13 17:50:54
сүйегі қурап қалған қу бас кімге керек.
керей 2017-09-13 16:50:33
Қабанбайдың керей қызынан туатындығы, жас кезінде де керей ішінде жүріп, ержеткенде найман ішіне келетіні - бұрыннан ауызекі әңгіме мен дастандар арқылы бекіп келген дүние ғой. Оны социализм заманындағы көбін ойдан құрап, иіп-қиған "тарихи шығармалармен" лайлауға болмас. Біздің керей рулары 1775-1890 жылдары Ертістің бойын игерген деп айтылады. Керейдің Арқадан Қалба, Тарбағатай,Сауырға ауғаны Тіленші бидің тұсында болған делінеді. Тіленші - Қаз дауысты Қазыбектің немересі. Найман рулары да керейлермен бірге қанат жайған жоқ па? 80 жыл емес, 50 десеңіз, сәйкесетін сияқты.

ۇزدىك ماتەريالدار

رۋحاني جاڭعىرۋ

قانات ابىلقايىر. قارىز بەن پارىز

Abai.kz 5879
قاۋىپ ەتكەننەن ايتامىن

قازاقستاندا جۇرگەن قىتايلار كىمگە سۇيەنەدى؟ 

ن.قوشامانۇلى 12385