سەنبى, 21 قازان 2017
باسە... 10269 26 پىكىر 9 قازان, 2017 ساعات 18:01

ءسۇيىنشى، ىقتيارحات داۋى شەشىمىن تاپتى!

 

ءCۇيىنشى، قازاق ەلى! ءسۇيىنشى، ەلىم دەپ جارعاق قۇلاعى جاستىققا تيمەي 251 قانداستىڭ تاعدىرىنا الاڭداعان Abai.kz پورتالىنىڭ وقىرماندارى!

قىتايدان تاريحي وتانىنا ورالىپ، جامبىل وبلىسى، تاراز قالالىق كوشى-قون پوليتسياسىنان ىقتيارحات العان 250-دەي ەتنيكالىق قازاقتىڭ ماسەلەسى شەشىلدى.

شەكارادان شىعارىپ جىبەرىپ، قىتايدىڭ تەمىر تورىنان «ءدام بۇيىرا ما» دەپ كوز جاسى كول بولعان اعايىننىڭ ماسەلەسى تولىق شەشىلەتىن بولدى.

بۇل جونىندە Abai.kz اقپاراتتىق پورتالىنىڭ تىلشىسىنە جامبىل وبلىستىق ىشكى ىستەر دەپارتامەنتى باسشىسىنىڭ ورىنباسارى ءبايىسوۆ رۋسلان ابدىعاپپارۇلى حابارلادى.

ول كىسى قوعامدا ۇلكەن ءدۇمپۋ تۋعىزىپ، قازاق زيالىلارىن، دەپۋتاتتاردى ءھام ەلدىڭ بەلسەندى ازاماتتارىن الاڭداتقان ماسەلە تۇپكىلىكتى شەشىلىپ، بارىنە ازاماتتىق بەرىلەتىنىن، ول ءۇشىن ەلىمىزدەگى باق بەلسەندىلىك تانىتىپ، ىقتيارحات العانىمەن، قۇزىرەتتى ورگانعا بارۋعا جۇرەكسىنىپ وتىرعان بارلىق ازاماتتارعا ۇگىت جۇرگىزۋ كەرەكتىگىن ايتتى.

ولاردىڭ ارقايسىسى جامبىل وبلىستىق ءىىد-نە بارىپ، وزدەرىنىڭ قۇجاتتارىن وتكىزۋى ءتيىس. ول قۇجاتتار تىكەلەي قر ىشكى ىستەر مينيسترلىگىنە جىبەرىلەدى. مينيسترلىك بارلىق قۇجاتتى جيناپ، ءار قانداستىڭ قازىر تۇرىپ جاتقان اۋدانىنا جونەلتەدى. قانداستار ەندى سابىلماي-اق وزدەرى تۇراتىن ەلدىمەكەننەن ازاماتتىققا قۇجات تاپسىرا الاتىن بولدى.

ءتىپتى، تۇراقتى تىركەۋ ماسەلەسىن دە وڭتايلى شەشۋدىڭ جولى قاراستىرىلىپ جاتقان كورىنەدى.

ەندى قر ءىىم مىنا ماسەلەلەردى ەسكەرۋى كەرەك. قۇجاتتان شاتاق شىققانى سەبەپتى قىتايعا ءوتىپ كەتكەن ازاماتتاردى شەكارادان بەرى وتكىزۋدىڭ جولىن قاراستىرۋى كەرەك. كەدەننەن ولاردىڭ قازاقستانعا قايتا كەلۋىنە ەسكى ىقتيارحاتپەن جۇزەگە اسىرۋعا بىرجولعا مۇمكىندىك بەرۋ كەرەك.

وسى ورايدا ءبىزدىڭ پورتال "250 وتباسىنىڭ تاعدىرىن ويرانداعالى وتىرعان جوقپىز با، ساعىنتاەۆ مىرزا؟!" دەپ ماقالا جازىپ، قوعامعا بەلگىلى ءبىر دارەجەدە قوزعاۋ سالعانىن، بۇل جەڭىس ءبىزدىڭ دە جەڭىس ەكەنىن بورىكىمىزدى اسپانعا اتىپ تۇرىپ ايتقىمىز كەلەدى.

ءبىز بۇگىن قىرىققا جۋىق قانداسىمىزبەن بىرگە تارازدا ءجۇرمىز. ءسۇيىنشى حاباردى ەستىگەن قانداستاردىڭ قۋانىشىن اۋىزبەن ايتىپ جەتكىزۋ مۇمكىن ەمەس.

قازاقستان ارناسىنداعا "مەن – قازاقپىن" جوباسىنا قاتىسۋشى، ءانشى مۇقاتاي بايمۇحاممەد: "مەن نە ازاماتتىعى، نە ىقتيارحاتى جوق، نە قىتايعا تيەسىلى ادام ەمەس بولا تۇرا "مەن – قازاقپىن" جوباسىنا قاتىسۋعا شەشىم قابىلداپ ەدىم. ەندى زاڭدى تۇردە «مەن – قازاقپىن» دەپ ايتۋعا قۇقىق الدىم»، - دەدى قۋانىشىن جاسىرا الماي. بىرلىك قاستەر بولسا: «ايەلىم ەكەۋمىز نەكە كۋالىگىن جاساتا الماعاندىقتان بالام ايەلىمنىڭ تەگىنە جازىلىپ ەدى. ەندى ءوز اكەسىنىڭ اتىمەن اتالاتىن بولدى»، -  دەپ شاتتانا ءتىل قاتتى.

بۇل قۋانىشقا جەتۋدە ""نۇر وتان" پارتياسىنىڭ، سونداي-اق،  قوعام قايراتكەرى، اقىن اۋىت مۇقيبەكتىڭ ەتكەن ەڭبەگى ولشەۋسىز ءسىڭدى. اۋىت سەكىلدى ونداعان ادامنىڭ كۇن-ءتۇن دەمەي ەرىكتى تۇردە جۇمىس ىستەۋىنىڭ ارقاسىندا قانداستارىمىز ەلدە قالاتىن بولدى.

ەمشەكتەگى سابيلەر انانىڭ قۇشاعىنان ايرىلمايتىنى ءۇشىن، وتباسىلاردىڭ ويرانى شىقپايتىندىعى ءۇشىن بار قازاقتى قۇتتىقتاۋعا بولادى.

قۇتتى بولسىن قۋانىش!

قانات بىرلىكۇلى

Abai.kz

 

26 پىكىر
DANA QAZAQ 2017-10-11 09:44:57
https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=kkEmfePshGo
DANA QAZAQ 2017-10-11 08:03:33
1. A --- A 2. Ә --- Ah ah 3. Б --- B 4. В --- V 5. Г --- G 6. Ғ --- Gh gh 7. Д --- D 8. E --- E 9. Ж - J 10. З --- Z 11. И --- U 12. K --- K 13. Қ --- Kh kh 14. Л --- Ll 15. М --- m 16. Н н --- N 17. Ң --- Nh nh 18. O --- O 19. Ө --- Oh oh 20. П --- P 21. Р --- R 22. С --- Ss 23. Т --- t 24. У --- W 25. Ұ --- Yy 26. Ү --- Yh yh 27. Ф --- F 28. Ч --- Ch 29. Ш -- Sh sh 30. Ы – ix 31. і ----- i..................МЕН МЫНАНЫ АБАЙ.КЗ АШЫЛГАНДА ЖАСАГАМ. СЕНБЕСЕНДЕР АРХИВТЫ АШЫНЫЗДАР.
DANA QAZAQ 2017-10-11 07:53:54
Суюнбай --Sy’i’y’nbai’,............Гулюм – Gy’li’y’m,.............Уюкбай – Y’i’y’kbai’,...........Алия – Ali’i’a,..........Ләйлә - La’i’la’,..........КАЗАХСТАНДА БАСПЕН ОЙЛАЙТЫН АДАМ КАЛГАНБА, АЛДЕ БАРI КОТПЕН ОЙЛАЙТЫН БОЛГАНБА. КАЗАХТЫН УТIРЛЕРI КУТТЫ БОЛСЫН.
Түңілген 2017-10-11 05:39:00
10 емес, 100пайыз дегенім ғой.
Түңілген 2017-10-11 05:37:13
"Асатпай жатып құлдық" деме! Ай, осы ақын-жазушылардың жан-жүрегі алып ұшып, істің қай жерде бітетінін білмей, құрғақ сөздер мен жасалған құр жоспарды көреді де іс біткендей елереді ғой! Олар өлең жазды, мақала жазды, сонымен іс біті. Ал, шешім деген бір нәрсе, оның орындалуы басқа-екінші нәрсе. Сондықтан, іс бітпей жатып қуану, сүйіншіге ие болуға болмайды ғой. Іс 10 пайыз бітсін сосын да үлгіреміз қуануға.
Нөсербек Заңәділ 2017-10-10 18:05:05
Аллаға шүкір, ағайынның елде қалғанына елге ел қосылса құт әкеледі. бұл ұлыіске белсене атсалысқан барлық азаматтарға Алла ыразы болсын! Қазақ елі жасасын!.қазақ көбеисін! ал шүйішіңді абай кз.
Айбол 2017-10-10 14:07:17
Құтты болсын қазақ елі қытайдан келген қандастарымызды қарсы алаиқ
Айбол 2017-10-10 14:07:07
Құтты болсын қазақ елі қытайдан келген қандастарымызды қарсы алаиқ
Түңілген 2017-10-10 13:57:12
Бұл оралмандар Алматыда тұрып, құжат ала алмай, айдаладағы Таразға барып, параға неге құжат жасатқан? Оралмандардың заңды құжаттарын неге Алматының "меграциясы" жасап бермеген? Себеп-салдарын зерттеп, оларды да жауапқа тарту керек? Жалғыз Тараздың "меграциясы" емес, Алматы мен Қызылорданың "меграциясының" қызметшілері де ұсталып, қамалып жатыр деген хабар бар. Оларды неге ашық айтпайды? Ортада неге шымкенттік "меграциялар" сүттен ақ, судан таза болып, мыңқ етпей отыр? Әлде шымкенттік "меграциялықтарға" пара керек емес болып қалды ма? Мүмкін, шымкент түгелімен солтүстікке көшіп кетіп, пара деген пәлені алуды қойды ма?
Түңілген 2017-10-10 13:44:25
Эй, қазақтар! Қуанған жақсы, әрине. Бірақ, сол қуаныштың размерін, соңын бағдарлап, терең талдау керек қой. Біз көңілі алабөртіп, өтпелі кезеңде тұрған жасөспірім бала емеспіз ғой. Қазақтың басына неге шексіз, шетсіз қайғы-мұң қайта-қайта орала береді? оған қандай себеп бпр? Сол себептердің тамырын зерттеп, түбімен неге қопарып тастап, босқа шығындалған энергиямызды неге өнімді шараларға жұмсамаймыз? Қазақ дамымай, бір орнынан жылжымай, керісінше, азғындап, кері кетіп бара жатыр ғой. Қай саланы алсаң да проблемадан көз ашпай жатырмыз. Өлген адамның ыстық палауын жегенді доғарып, Оны тыр жалаңаш қылып шешіндіріп, киім-кешегі мен бағалы заттарын тонауды доғарып, кредитке дүркіретіп той жасап, есі кеткенше арақ ішіп, артың ашылғанша ес-түсіңді білмей билеп, жын шақырғанды қойып, ел болуды қашан ойлайсыңдар?
Шығар жол: 2017-10-10 12:30:37
"Жат жарылқамайды, өз өлтірмейді" - деген сөз өмірдің ақихаты. Өз өлтірмейтіндігіне және де көзіміз жетті. Енді қалай өз ұлтыңды, өз еліңді сүймейсің.
DANA QAZAQ 2017-10-10 12:15:10
09.10.2017. частная аэрокосмическая компания SpaceX 9 октября вывела на орбиту 10 телекоммуникационных спутников связи ..................https://www.youtube.com/watch?v=4rcDt3yC2Ck
Ерсін 2017-10-10 09:24:03
АҚШ - на еліктегіміз келеді ол ел ағына да, қарасына да азаматтқы береді ал бізде өз аяқтарымен келген қазақты елден қуып әлем алдында ұятқа қала жаздадық. Осы жерде әр қазақ азаматы елдік танытып 1500 қазақты алып қалғаны абырой болды. Енді ары қарай осы ауызбірліктен қазақтарды айырмасын. Жалпы қазақ аузы дуалы азаматтарды қолдап жүретін ұлт қой осы жерде Абай кз бастама көтеріп атой салып елді артынан ерте білгеніне риза болдым. Ұжымға табыс тілеймін.
DANA QAZAQ 2017-10-10 03:54:59
250 КАЗАХТЫ ЛАКТЫРУ ДЕГЕН БУЛ ПОЗОР АКЕНIН БАСЫНА КУАНАСЫНБА ЖЫЛАУ КЕРЕК..................
Мирас 2017-10-10 00:29:56
Ризамыз. Ағаларға мың алғыс
DANA QAZAQ 2017-10-09 23:11:04
АТАМБАЕВКА МЕН ТОЛЫК КОСЫЛАМ ОЛ МУКЫМ КАЗАХТЫ АЙТТЫ бiрiн бiрi лактырады, сындырады, АКША ДЕСЕ БIР-БIРIН КЫРЫП САЛУГА ДАЙЫНСЫНДАР. ИМАН жок, КАЛАН ТОЛГАН ЛОМБАРД, футбол казиносы. УЛЫ ДАЛАН толган ментер. iШКЕН ЖЕГЕНiН КЫТАЙ-дiк, КЫРГЫЗ-дiкi, ОЗБЕК-тiкi. ТЕПКЕН МАШИНАН ОРЫСТIКI, ОЗБЕКТIКI. ЕЙ КАЗАХ-тар ТЕНДЕР УТЫП КОРIНДЕР ТУСIНЕСIН СОНДА АТАМБАЕВ ДУРЫС АЙТКАНЫН.
жаү жүрек 2017-10-09 22:15:20
алдымен бір АЛЛАҒА артынан ауыт мұхибек аға және абай порталының тілшілерге алғыс айтыңыздар , және басқада ат мінер ел ағаларға осы көші қон ға тер төгіп еңбек сіңіріп жүрген азаматтармен ел ағаларға!жәнеде қазақ көшіне қарсы жұмыс жасап жүрген сатқынбайларға бір соққы болсын !
жаү жүрек 2017-10-09 22:10:56
алдымен бір АЛЛАҒА артынан ауыт мұхибек аға және абай порталының тілшілерге алғыс айтыңыз мен дар ?, және басқада ат мінер ел ағаларға осы көші қон ға тер төгіп еңбек сіңіріп жүрген азаматтармен ел ағаларға осы!
Serik agang 2017-10-09 21:51:27
Jasa, Kanat!!!
Ертай 2017-10-09 20:16:10
Қуан қазақ. 250 адам дегенің 250 отбасы, 250 отбасы дегенің 500 ерлі-зайыпты адам. 500 ерлі-зайыпты адам дегенің бала-шағасымен кемінде 1500 адам. Ел-аман жұрт тынышта 1500 қазақты шетелге асырып жіберуге аз қалдық. Бірақ шетел аспады. Бір қазақ көбейсе бір түйір дән артық шығады ағайын. Біздің елде артығымен қазақ туатын зауыт-фабрика жоқ, қазақты тек қазақ туады. Онда дайын қазақты, дайын тұрған 250 тұлғаны, 500 ерлі-зайыптыны шетелге асырғанда ұтыларымыз көп еді. Мысалы, мемлекет бір адамның бір жасынан 18 жасқа, тіпті жоғары оқу орнын бітіргенге дейін неше қаржы, қанша уақыт жұмсайды?Ал, пысып-жетіліп тұрған жемістей болған еңбекке жарамды, білімді азаматтарды шетел асыруға қайтып қол барар еді? Қарға қарғаның көзін шұқымайды.
Ертай 2017-10-09 20:15:47
Қуан қазақ. 250 адам дегенің 250 отбасы, 250 отбасы дегенің 500 ерлі-зайыпты адам. 500 ерлі-зайыпты адам дегенің бала-шағасымен кемінде 1500 адам. Ел-аман жұрт тынышта 1500 қазақты шетелге асырып жіберуге аз қалдық. Бірақ шетел аспады. Бір қазақ көбейсе бір түйір дән артық шығады ағайын. Біздің елде артығымен қазақ туатын зауыт-фабрика жоқ, қазақты тек қазақ туады. Онда дайын қазақты, дайын тұрған 250 тұлғаны, 500 ерлі-зайыптыны шетелге асырғанда ұтыларымыз көп еді. Мысалы, мемлекет бір адамның бір жасынан 18 жасқа, тіпті жоғары оқу орнын бітіргенге дейін неше қаржы, қанша уақыт жұмсайды?Ал, пысып-жетіліп тұрған жемістей болған еңбекке жарамды, білімді азаматтарды шетел асыруға қайтып қол барар еді? Қарға қарғаның көзін шұқымайды.
Гүлжан Мұқатайқызы 2017-10-09 19:13:02
Міне азаматтық ! Оңынан шешімін тапқаны қандай жақсы болды .
жұмыр қылыш 2017-10-09 18:52:16
маша АЛЛА !! илаиым бұл хабар шын болсын ! еңбектеріңізге АЛЛА разы болсын abai.kz порталы және елім жерім деп еңбек сіңіріп жүрген азаматтармен ел ағаларға!
Дәукен 2017-10-09 18:51:58
Нәтижесі оң шешімін тапқан брлса шынымен қуантадатын жағдай екен . Бырақ , осы 250 адам түгелімен қазақпа ? Басқа ұлттың (қытай , ұйғыр )адамдары жоқпа ? "Суды лайлап , балықты ұстайтын " өзге ұлт өкілдері жоқ деуге куманім бар !!!
Мейрам Қабдырахманұлы 2017-10-09 18:50:03
Əлемде қанша қазақ болса соның бəрінің қуанышы құтты болсын! Тақырыпты көтерген абай. кз журналистеріне мың алғыс, НҰР ОТАНҒА РАХМЕТ!Хандыққа ұйытқы болған. Ауыт қа көп алғыс, Жүріп кеткен өңірде ұлтымызға сын болатын әрекет болмауы керек.БАУКЕҢНІҢ БІР АУЫЗ БАТАСЫН АЛҒАН БАҚЫТБЕККЕ СЫН САҒАТТА ЕРЛІККЕ БАҒАЛАЙТЫН БАТЫЛ ҚАДАМҒА БАРЫП КЕСІМДІ СӨЗ АЙТЫП ХАЛЫҚТЫ САБЫРҒА ШАҚЫРҒАНЫНА РАХМЕТ! Той құтты болсын.
ҚМДБ мұфтиятындағыларға өте маңызды Насихат 2017-10-09 18:38:22
https://www.youtube.com/watch?v=Igh4JNQPuJo

ۇزدىك ماتەريالدار

رۋحاني جاڭعىرۋ

قانات ابىلقايىر. قارىز بەن پارىز

Abai.kz 7852
قاۋىپ ەتكەننەن ايتامىن

قازاقستاندا جۇرگەن قىتايلار كىمگە سۇيەنەدى؟ 

ن.قوشامانۇلى 15182