سەنبى, 21 قازان 2017
46 - ءسوز 1150 6 پىكىر 10 قازان, 2017 ساعات 07:19

الدىمەن ءوزىمىزدى جوندەيىك!

"وزىڭە سەن،ءوزىڭدى الىپ شىعار، ەڭبەگىڭ مەن اقىلىڭ ەكى جاقتاپ".

(اباي).

ءبىز ء"وز اعام" دەپ بىرەۋگە ءىنى بولعىشپىز، ء"بىر تۋعان باۋىرىم" دەپ اعا بولعىمىز دا كەلەدى. الدىمەن، وزىمىزبەن وزگە جۇرت ساناساتىنداي ەل بولىپ الايىق تا! ءوندىرىسىمىزدى وركەندەتەيىك. ونى ايتساڭ مامىتوۆتار "تەكستيل مەن جەڭىل ونەركاسىپ قىرعىز ەكسپورتىنىڭ 11 %-ىن عانا قۇرايدى" دەيدى. ال، ءبىزدىڭ ەكسپورت قۇرامىنداعى تەكستيل 0,3 % ەكەنىن، "جەڭىل ونەركاسىپ" دەگەن ءسوزدىڭ جوق ەكەنىن ايتپايدى. ونىڭ ءوزى جوق بولعان سوڭ اتى قايدان بولسىن! قازاق نارىعىن قىرعىز كيىمى جاۋلاپ العانىن (تۇرىك پەن قىتايعا قوسا) كورگىسى كەلمەيدى. "نامىستان ولمەي وزبەكتىڭ ماشيناسىن مىنەمىز" دەسەڭ، "ماشينا مەن وبورۋدوۆانيە وزبەك ەكسپورتىنىڭ نەبارى 5,5 % قۇرايدى" دەپ جاۋاپ بەرەدى. "جىلاۋىقتار" دەپ ات قويىپ العان بىزگە وزىنشە. ال، پەنسيا جايلى اتامباەۆتىڭ سوزىنە جاۋاپ بەرمەيدى. "وزبەك ماشيناسى" دەگەن ۇعىم بار، قازاق ماشيناسى دەگەن ۇعىم جوق... اگروەنەركاسىپتىڭ ءونىمى 2015 ج ەكسپورتىمىزىڭ 4,5%-ىن عانا قۇرادى. "ەكونوميكانى ءارتاراپتاندىرۋىمىز قاجەت" دەگەن (ديۆەرسيفيكاتسيا) ءسوزدى اۋىزعا دا المايتىن بولدىق، سوعان قاراعاندا قولدى ءبىر-اق سىلتەگەن بولساق كەرەك... اينالايىن بيلىك-اۋ، بىلىمگە، تەحنيكاعا، وندىرىسكە ۇمتىلۋ كەرەك قوي. قاشانعى مۇنايدىڭ كوبىگىنە، ءماز بولىپ جۇرە بەرەمىز؟..

ومىرزاق اقجىگىت

FB پاراقشاسىنان الىندى

6 پىكىر
Руза 2017-10-12 15:12:34
Алып қосары жоқ!
Ой 2017-10-11 10:16:07
Экономика аса ауыр да қүрделі сала. Шындығы бар, білместіктен (рас, кейде біліп те тұрып) кететін "жаңсақтығы" бар сала. Осыны пайымдасақ, отыра қалып өзімізді өзгемен салыстыра кету тиянақты нәтиже бермейді... Қазақ елінің даму қуаты басқаға қарағанда екпінді де ширақ екендігі даусыз! Оны біреудің шамына тиетін дәрежеде дәріптеудің де реті жоқ... "Итің жаман десе иесіне тиеді" дейтін мәтелдің мәнін ұмытпауымыз керек, ағайын!!!
Бәкен 2017-10-10 17:53:11
Атамбаев өте дұрыс , тек шындықты айтқан! Оның неменесіне тулайды біздің "атқа мінерлер"?! Расында да , ешкім өйтіп сынамасын десе өнеркәсіпті , ауылшаруашылықты , білім мен денсаулық салаларын түзесін! Бәрін өздерінің қара бастарына ғана жаратып , тырмаштап індеріне тарта бермей! Зейнетақы қоры мен әлгі "қауіпсіздік" қоры дегенді де талан-таражға салып , үлестіріп құртатын болды , өтірік пе?! Билік басындағы ат төбеліндей, аздаған топтың мүддесі үшін , солардың үрім-бұтақтарының баюына ғана жұмыс жасалып жатыр бізде! Өтірік пе?! НӘН-нің өзі алдымен халықаралық нормаларға қайшы әрекеттерге барып , ондағы билікке үміткерлермен жасырын келісім жүргізген , Қырғызстан жөнінде , ондағы жан басына шаққандағы ЖӨ туралы ақпаратты өз мүддесіне , мақтану үшін мысалға келтіріп, кемсіткен! Өтірік пе?! "Қырғызстанға жас президент керек" - деп "ақыл айту" қай нормаға сай келеді екен а? Өз жөнімізді жөндеп алмаймыз ба, алдымен?
$ 2017-10-10 15:21:02
Біздің қазақ қалаларында өте күшті фабрикалар заводтар болды.өзім тұратын жезқалада тігін фабр-сы бүкіл одақты киіндірген -киімдерін Бакуге барғанда 1989жылы жəне Алматыда дүкендер сөресінде көп жатпай өтіп кететін көргенбіз біздің қаланың фабрикасы тікті деп желпініп қалғанбыз.(қазір ол фабриканың қаңқасы тұр)ал Алматыда өте күшті аяқ киім бас киім жəне неше тұрлі фабр-лар болды,бəрін тып-типыл қылды,ойланбай істеген прихватиз-я болды,бұл тіпті қылмыс еді,бүтіндей республикадағы өндірістерді жабу.аяқ астынан бəрін жоқ қылып қазақ неге жалқау деп шыға келді.бірнəрсе тігіп сатайын.десе заңсыз деді былай барса заңсыз деді.
Фазылбек Усентаев 2017-10-10 10:20:47
"Ал, пенсия жайлы Атамбаевтың сөзіне жауап бермейді." Өмеке! Abai.kz бүгінгі сайтында, Атамбаев сөзі жарияланғаннан бері қанша жауап берілді!!!
Есенгелді 2017-10-10 09:22:30
Міне, Өмірұзақ дұрыс жазған!!!!! Шындықты мойындау керек. Қазіргі кездері бар шындықты ашық айтудан қорқатын адамдар көбейді. Экономикадағы тұралаулар мен коррупцияны біле тұра "білмейтіндер" көбейді. Бұл түптің-түбінде жақсылыққа апармайды.

ۇزدىك ماتەريالدار

رۋحاني جاڭعىرۋ

قانات ابىلقايىر. قارىز بەن پارىز

Abai.kz 7852
قاۋىپ ەتكەننەن ايتامىن

قازاقستاندا جۇرگەن قىتايلار كىمگە سۇيەنەدى؟ 

ن.قوشامانۇلى 15182