سەنبى, 21 قازان 2017
815 14 پىكىر 12 قازان, 2017 ساعات 09:44

بەردىمۇحامەدوۆ پۋتينگە ۆەرنىي اتتى الاباي سىيلادى

تۇركىمەنستان پرەزيدەنتى گۋربانگۋلى بەردىمۇحامەدوۆ سوچيگە ساپارى كەزىندە رەسەيلىك ارىپتەسى ۆلاديمير ءپۋتيننىڭ ءوتىپ كەتكەن تۋعان كۇنىنە ۆەرنىي اتتى الاباي كۇشىگىن سىيعا تارتتى.

كرەمل ءباسپاسوز قىزمەتىنىڭ حابارلاۋىنشا، رەسەي پرەزيدەنتى ۆلاديمير ءپۋتيننىڭ 65 جاسقا تولعان تۋعان كۇنىمەن قۇتتىقتاعان بەردىمۇحامەدوۆ الاباي كۇشىگىن وزىمەن بىرگە تۇركىمەنستاننان الىپ كەلگەن.

"رۇقسات بولسا، جاقسى داستۇردەن باستاسام دەپ وتىرمىن. جاقىندا ءسىز پەرىشتە كۇنىن اتاپ ءوتتىڭىز، سول سەبەپتى ءسىزدى شىن جۇرەكتەن قۇتتىقتايمىن", - دەدى تۇركىمەنستان پرەزيدەنتى.

ء"سىز ءوز ەلىڭىزدە عانا ەمەس، الەمدەگى ەكولوگيا ماسەلەسىن شەشۋ ءۇشىن كوپ ەڭبەك ەتىپ كەلەسىز. ءبىزدىڭ الاباي دوسىمىز بار. مەن ونى وزىممەن بىرگە الىپ كەلدىم. ونىڭ ەسىمى - ۆەرنىي", - دەدى تۇركىمەن باسشىسى.

بەردىمۇحامەدوۆ سوچيگە تمد ەلدەرى سامميتىنە قاتىسۋ ءۇشىن باردى.

Abai.kz

14 پىكىر
Есенғали, Антакиядан 2017-10-17 17:56:40
Иттің күшігін желкесінен ұстағанда қыңсыламаса ол күшіктен жақсы ит өсіп шығады, қыңсыласа "мал" болмайды. Тағы бір күшікті тексерудың жолы - күшік сататын үйге барып 5-6 күшік жиналған жерде қалтаңдағы ауырлау затты (тиын-тебен, кілттер бумасы ...) еденге тастап жібергенде көп күшік қорыққанынан қашып кетеді, ал қызықсынып тастаған затыңа жақындап, иіскеп көріп саған жақын келсе, сені жатырқамай аяғыңа оралса ол күшіктен зор ит өсіп шығады. Мұны жазып отырған себебім - өзім көп жыл ит бақтым. Қазақстанға көшіп келер жылы қасқыр иттің (овчарка) күшігін бағып, оны қазақша үйреттім. Көршілер (кәріс, орыс, татар, өзбек) : "Өзі Қазақстаға көшейін деп жүр, күшігін орысша үйретудің орына қазақша үйретіп жүрген түрі мынау, бұны жын қаққан екен !" деп жатып келіп күлетін. Қазақстанға келгенімде көрші қазақтар : "Нағыз кинолог екенсің, біз орысшаға (стоять, место, апорт, рядом, ко мне, фу ...) үйрете алмай жүргенде сен қалай қазақша үйреттің ?" деп таңданатын.
Мейрамбай 2017-10-17 17:09:58
Гурбангулы иттің күшігін тура мен сияқты ұстайды екен. баяғыда барахолкадағы неміс овчаркасының күшігін сатып тұрған орыс шалының жәшігіндегі күшікті желкесінен көтерем деп - орыс шалдан ұрыс естігенім есіме түсті. Бірақ иттің күшігін желкесінен ұстап көтеру азия халықтарында баяғыдан бар қасиет.
тТт 2017-10-17 16:27:22
Ырым бойынша,сыйлаған итті сатып алған боп, қалтасынан бір екі сөлкебай шығарып Арқадаққа ұстатуы керек еді.Әй бұлар ненің парқын біледі дейсің.
Есенғали, Антакиядан 2017-10-17 06:47:10
Ой, Алла өз есімін дұрыс жаза алмай жүргендер де біреуге ескерту жасайды екен ? ! Әлия қалқам, ол кісінің есімі "Торе" емес, "Толик" те емес, Төре болады.
Алия 2017-10-17 04:14:22
Тореге ескерту:Ешжерде де, ешкашан да создериндеги да, де шылау. Болек жазылады, келеси пикир таластыру аланына шыкканда ескерип журиниз
Төре 2017-10-16 14:37:58
Мына мен жастайымнан кітәпті "көп" оқыдым деп ойлаушы едім ... мені кітәп "ұрған", бала деп атаушы еді ... Ешжердеде, ешқашанда патшаға ит сыйлапты дегенді оқымаппын ... адам баласының білімсіздігінде шек жоқ, деген осы екен?
Мадина 2017-10-15 20:52:21
"Жаксы соз-жарым ырыс". Ит жети казынанын бири. Бул-бир. Жануарда иттен аскан шынайы дос жок.Корши елмиз, достыгымыз, татулыгымыз шынайы болсын деп сыйлаган болар. Мен достыктын белгиси деп тусиндим.
Айтпады демеңдер 2017-10-15 14:29:00
Алабайдың қасында сен де итпін деп жүрсің бе, дегені ғой
з 2017-10-15 02:20:21
Ит сыйламайды , дұрыс. Иттей ырылдасып, араз болып өтесің.
Азиз 2017-10-14 18:38:50
Итке басқа ат таппады ма, əлде Түркімен елі Ресейге Верный сияқты Верный дегені ме, түсініксіз ...
Есенғали, Антакиядан 2017-10-14 15:31:54
Адайшал, мұсылман елдерінің басшылары ит сыйламайды. Итті "харамға" жатқызады. ПУТИН, БОЙСЯ ТУРКМЕН, ЩЕНКОВ ДАРЯЩИХ ru.tsn.ua
Адайшал 2017-10-14 11:06:02
Сенің иттен нең артық деп әдейі берген жоқпа екен?
Ерсін 2017-10-13 13:09:09
"Верный" деуін қарашы Қазақ елін сыйлап тұрған сияқты мәз болып тұр ғой.
Есенғали, Антакиядан 2017-10-13 11:43:16
"Рыбак рыбака (диктатор) видит издалека". Шақшабастың Арқасы қиқымдалмай әжағасына Ақалтеке алып бармай ма ?

ۇزدىك ماتەريالدار

رۋحاني جاڭعىرۋ

قانات ابىلقايىر. قارىز بەن پارىز

Abai.kz 7852
قاۋىپ ەتكەننەن ايتامىن

قازاقستاندا جۇرگەن قىتايلار كىمگە سۇيەنەدى؟ 

ن.قوشامانۇلى 15182