سەنبى, 21 قازان 2017
ايتقىش ەكەن 1403 16 پىكىر 12 قازان, 2017 ساعات 15:26

«جاساسىن، جاندايشاپيزم!»

مارحۇم بوپ كەتكەن س.دەگەن ءبىر ادەبيەت سىنشىسى انەبىر جىلى جازۋشىلار وداعىنداعى ادەبيەت ماسەلەسىنە ارنالعان ءبىر جيىندا سويلەپ تۇرىپ ءاي-ءشاي جوق باس سالىپ امەريكانى جامانداي جونەلىپتى. ونىسى ءتىپتى ۇزاققا سوزىلىپ كەتكەن كورىنەدى. سوندا زالدا وتىرعان ت. دەگەن جازۋشى «اپىر-اي، مىنا ءبىزدىڭ س. مەن امەريكانىڭ اراسى تىم اشىلىپ كەتتى-اۋ، بۇنىڭ اقىرى نەمەن بىتەر ەكەن؟» - دەگەن ەكەن.

سول ايتقانداي، انەبىر جولى قىرعىزستان پرەزيدەنتى قازاقستاننىڭ كەيبىر ساياسي دا الەۋمەتتىك جاعدايلارىنا قاتىستى كەيبىر كەمشىلىكتەردى اتاپ تۇرىپ ايتىپ ەدى، اشەيىندە توبەسىنەن «پروتون» قۇلاپ، بالا-شاعاسى مۇگەدەك بولىپ تۋىپ جاتقاندا جاعى قارىسىپ قالعانداي ءۇنى شىقپايتىن بىرەۋلەر «وتان ءۇشىن وتقا تۇسەتىن» پاتريوت بولىپ شىعا كەلدى. مەن بىلمەيتىن، بۇرىن اتى-ءجونى بەيماعلۇم، بۇعان دەيىن ەلىمىزدەگى قازاق ءتىلىنىڭ مۇشكىل ءحالى، يەسىز قالعان اۋىلدار مەن اۋىل تۇرعىندارىنىڭ قايىرشىلىق تۇرمىسى، ءۇيسىز-كۇيسىز جەتىم-جەسىرلەر، سوتتاردىڭ ادىلەتسىزدىگى ەلدى جايلاعان جەمقورلىق  پەن قىلمىس ەلىمىزدەگى ۇيرەنشىكتى جاعدايعا اينالعان تاعى باسقا ادام شوشىرلىق جاعداياتتار تۋرالى كوزى اشىق، كوكىرەگى وياۋ قازاق ازاماتتارى جانۇشىرا جازىپ، ايتىپ جاتقاندا اۋزىن بۋعان وگىزدەي ءۇنى ءبىر شىقپاعان ساياساتكەرلەر مەن ساراپشى دەپ اتالاتىندار شىقتى.

بۇلاردىڭ ەشبىرىنىڭ سوزىندە اتامباەۆتىڭ ايتقاندارىن تەرىسكە شىعاراتىن ەڭ بولماسا بىردە-ءبىر دالەل، دەرەك جوق. قۇر بايبالام، وتىرىك وكپەلەۋ. نە ءۇشىن نامىستانىپ جاتقانى دا تۇسىنىكسىز. ال قىرعىزستان باسشىسىنىڭ سوزىندە قازاق حالقىنىڭ نامىسىنا تيەتىن، قازاق پەن قىرعىزدىڭ ورتاسىنا وت جاعاتىن ەشقانداي زيانكەستىك ءسوز جوق ەكەنىن كورىپ وتىرمىز.

ءيا، قازاقستاندا قۇدايعا ءتىل تيگىزگەندەرگە ەشكىم تيىسپەيدى، ال اتى-ءجونى ايگىلى بىرەۋ تۋرالى بىرنارسە ايتساڭ،  ماۋگلي تۋرالى ەرتەكتەگى باندەرلوگا-مايمىلدارشا جابىلا كەتۋگە دايىن تۇراتىندار جەتەدى. قالاي دەسەڭىز ولاي دەڭىز، اتامباەۆتى كۇستانالاپ جاتقاندار جاندايشاپتىق پەن ءپاتريوتيزمنىڭ نە ەكەنىن ايىرا ءبىلۋى كەرەك. ايتپاقشى، بۇلار قازاق جەرى تاعى دا رەسەي زىمىراندارىنىڭ تالقانداۋىنا تۇسكەلى جاتقاندا نەگە ءۇنسىز وتىر ەكەن ؟ ەندى قازاقتارعا «جاساسىن، جاندايشاپيزم!»، «جاساسىن، جاڭا زامان جانتىقتارى مەن جىلماقايلارى!» دەپ ۇرانداۋ عانا قالعان جوق پا ەكەن؟

مىرزان كەنجەباي

Abai.kz

16 پىكىر
Бізден 2017-10-15 02:28:18
Мақсұтқа ! "Тәубешілдер" дейсіз, олар кімдер еді, ерінбесеңіз айтып жіберіңізші.
Дәуір Жақан 2017-10-15 01:35:19
Атамбаевты ақымақ деп дүрдие бастаған, әй, "мықтылар"! Біздің президент, премьер, т.б. бұрындағы сөздерінде өзбек, қырғыз халықтарының хал-ахуалы қазақтан төмен деген сияқты салыстырма пікірлер айтқан, қай елдің хал-ахуалынан не үлгі алу, не оларды сынап сөйлеу баяғыдан бар саясаттық дәстүр емес пе, онда тұрған қандай сұмдық бар? Шынтуайтында газымыз бен мұнайымыздың, орманымыз бен жерасты байлықтарымыздың пайдасын жателдіктер көріп келе жатқалы, қазақтың солардан қалғанға "жарып" жүргені бекер ме? Қымбатшылықтың қыл тұзағы қысқанның үстіне қыса түседі, оған қоса бүгінгі жағдай - бензиннің тапшылығы және қымбаттауы, көмірлі Қарағандының көмірге жарымай отырғаны, Назарбаевтың "өсиетімен" коммуналдық қызметақысының күрт өсіріле бастағаны бекер ме? Президент басымен коммуналдық ақыны қымбаттату керек дегенді қалай ғана қымсынбай айтты? Онсыз да тоналып жатқан қарапайым қазақты алда не күтіп тұр? Осындай жәйттерді ашып айтып, билікке орынды наразылық білдірудің орнына сол шындықтарды айтқан Атамбаевқа қарсы сөз жорығын бастаған сасық намысты "мықтылар", сендерде қазақы намыстың ұшығы да жоқ!
Төкен 2017-10-14 20:14:51
Орта азиядағы елдер тәуелсіздік алғасын әрқайсысы өз даму жолын айқындады. Бірақ түркітілдес елдер арасында тонның ішкі бауындай араласу жоқ еді.Марқұм Каримовтың өзімшіл мінезі себепті Қазақстанмен түсініксіз дүрдараздық бар еді.Ал мына жаңа сайланған президенттің келуімен екі ортада жылымық орнап, өзбек елі бізбен және қырғыз елімен қарым қатынасты біршама жақсартты.Түркі халықтарының бір бірімен әмпей жәмпей араласуы біреулерге , біреулер дегенім басқа елдегілерге ұнай қоймасы анық.Осы кезде ойын сахнасына ренжулі, араз мемлекетті шығару керек болды.Бұл ролге шағын бірақ тәкәппар қырғыз елі шыға келді.Ойын осылай болған екен, қазақ пен қырғыз, қытайда ережесіз жекпе жекке шыққан екі қазақ сияқты төбелестің түрін көрсетіп, бір бірімізге ауыртпай соққы жасай тұруымыз керек.Көп болса ұйымдастырушылардан "қызыл қағаз" алармыз.
Мәдениет 2017-10-13 16:18:13
Сөйлеу мәдениетіміздің күннен күнге құлдырап бара жатырғанына өкініш білдіріп отырмын.
Есенғали, Антакиядан 2017-10-13 13:03:32
Мақсұт шүкір Аллаға ! Мына тупой хуйежиктің көті тұрса, әдіріс берейін : censoru.net КРАСНЫЙ ДИКИЙ ЗВЕРЬ НЕ ПЕРЕСТАЛ СКАЛИТЬСЯ И БРОСАТСЬЯ Мырзан украин ұлты туралы жазып отыр ма ?
Мақсұт 2017-10-13 12:49:13
Есен а,ға! Есен -аман жүрмісіз? Менің сурет (живопись) өнеріне бір бүйрегім бұрып тұрушы еді, бірақ мына сырлы суреттің астарынан ештеңе ұқпадым...Жалаң аяқ "хохол" белгісі жоқ беймәлім жалаусымақпен айдалада, бағдарсыз қаңғып бара жатыр -дегені ме?! Олай болса-осы "жалауды" біздің "тәубешілдердің" қолына ұстатқаны жөн еді -ау...
Есенғали, Антакиядан 2017-10-13 12:01:55
Мен украинец болсам мына карикатураны жапсырып қойған дизайнерсымақты сотқа беріп шешесін көзіне көрсетіп жіберер едім ! ТУПОЙ !
Алтай 2017-10-12 22:45:19
Бул укимет жаман болсын, жаксы болсын халык сайлаган укимет. Сынаса сол халык сынасын, ал баска бир елдин призидентинин сынаганы барып турган бассыздык, дорекилик, турасын айтканда акымактык. Атамбаевтын казак халкын басынгандыгы, не айтсамда ундемейди, конбис, жуас, манка халык дегени. Тагы да айтам, оз президентин, оз окиметин тек кана оз халкы сынауга кукыгы бар, калгандарыныки басынгандык болып табылады.
Алтай 2017-10-12 22:45:16
Бул укимет жаман болсын, жаксы болсын халык сайлаган укимет. Сынаса сол халык сынасын, ал баска бир елдин призидентинин сынаганы барып турган бассыздык, дорекилик, турасын айтканда акымактык. Атамбаевтын казак халкын басынгандыгы, не айтсамда ундемейди, конбис, жуас, манка халык дегени. Тагы да айтам, оз президентин, оз окиметин тек кана оз халкы сынауга кукыгы бар, калгандарыныки басынгандык болып табылады.
Түңілген 2017-10-12 22:12:00
Ау, АРҒЫН қызы! Чингизиттерге неге сонша жаның ашып қалды? Атамбаев қазақтарды әлі Чингизиттер басқарып отыр дегені рас болды ма? Біреудің қол астында болмасаң өмір сүре алмайтын құлдық санадан әлі арыла алмай жүрсің бе? Мүмкін қалмақтың ұрпағына жаның ашып кеткен шығар.
Мақсұт 2017-10-12 20:33:51
Мырзан аға! Мен Сізден гөрі күштірек ақынмын ғой... (Кешіріңіз, ініңіздің еркелігі) Бірақ анау Алматыда, жылы бөлме, жақсы жағдайда, жалпы халықтан тысқарыда өмір сүре отырып елдің жағдайын өте терең түсінетіңіз мені қатты "сындырды". Мынау да өлең, асығыс қазір жазып отырмын...бірақ мына "Абайда" бұл шумақталып емес, тізіліп бір ізбен кетеді ғой, өзіңіз келегесін келтіріп аларсыз. \\Шикілей сіміріп мұнайды, \Байығандар ұмытты Құдайды!.\Құдайсыздардың қорлығына көніп, \ Халық сорлы жылайды.\ \Қиын екен сырттағы жаудан жау ішкі,\Қазақтың қазынасын тауысты!.\Сатып бәрін болғасын,\Ел мен Жерге ауысты.\ \Мазағы ма!....Жұртты жұттай жеп болып,\"Бақыттысың ба?" -деп сұрайды.\Көзіне жас, көкірегіне кек толып,\Сорлы Қазақ "Бақыттымын!" -деп жылайды.\ \ Сауап! Сауап! Халқым, Саған сол дауа!\Мойынсұнған Құдайы жоқ "молдаға", Билеуші емес, Ол еліне қызметші,\ Қызметшіге болдың неге қол бала?!\ \. ....Шикілей сіміріп мұнайды,\Ұмытпай қайтсін ол Құдайды?\ Қолынан қағатын еркек жоқ,\Көнбіс ел шыдайды, щыдайды, шыдайды! ...Мырзан аға! өлеңім ұнаса хабарласыңыз. Ұнамаса -қоңырау шалыңыз...!
пенсионер 2017-10-12 20:10:21
Ал ана Атамбай оттапты, сендер соттапсыңдар. сОнда, немене, шындық - шындық болудан қаламекен. Өз қотырымызды тырнауға батылымыз жетпейді, ал біреуге ренжиміз кеп. Аузына білгенімізді салып берген өзіміз. Ал, Атамбайп жаңалық аштыма!?
АРҒЫН қызы 2017-10-12 16:56:20
Қырғыз қазақ бір туған деген жалаң сөзді қою керек!!!олар Кенедей асылымыздың басын алған-ежелгі жау ел болмас деген жоңғардың тұқымдары.жағымпазданып біреудің сөзін сөйлейін деп отырғам жоқ.мен бұ халықты танып біліп сосын барып айтып отырған бетім.
Жанашыр 2017-10-12 16:01:25
Мырзан мырза сіз айтып отырған жандайшаптар мен жантықтар бүгінгі күнмен ғана өмір сүретін, болашақтан үміт үзген, үмітсіз шайтандар. Олардың ата - баба аманаты, ұрпақ болашағы туралы алаңдауға уақыттары жоқ Себебі жоғарыларға жарамсақтанудан арыға баратын сана - сізімнен жұрдай болғандар.
Айтарға сөз жоқ АҚИҚАТ! 2017-10-12 15:41:58
Айтарға сөз жоқ АҚИҚАТ!
Қайырхан 2017-10-12 15:37:59
Осы жерде елбасы ал Атамбайевты жабылып жамандандар деп тәртіп берген жоқ қой, көзге түсудің жандайшаптары ай жіберді гой аттың басын, әлемде жалпылдақтардан байқау болса қазақтар бас жүлдені бермейтіні кәміл ау

ۇزدىك ماتەريالدار

رۋحاني جاڭعىرۋ

قانات ابىلقايىر. قارىز بەن پارىز

Abai.kz 7852
قاۋىپ ەتكەننەن ايتامىن

قازاقستاندا جۇرگەن قىتايلار كىمگە سۇيەنەدى؟ 

ن.قوشامانۇلى 15182