سەنبى, 18 قاراشا 2017
46 - ءسوز 1378 7 پىكىر 13 قاراشا, 2017 ساعات 08:25

حاقى جوق!

جولداسىمنىڭ قىزمەتىمەن 1 جىل شىمكەنتتە تۇردىم. ول - "تۇگىن تارتسا، مايى شىعاتىن" ايماق. حالىقتىڭ 80 پايىزى جەرمەن كۇنەلتەدى. مۇناي جوق، گاز جوق، ءزاۋلىم زاۋىتتار دا كوپ ەمەس. كۇنكورىس كوزى - باۋ-باقشاسى، كوكىنىس پەن جەمىس -جيدەك ءوسىرۋ.

ءبىر بايقاعانىم، پلانتاتسيالار مەن تەپليتسالار كوپ ەكەن. سول پلانتاتسيالاردا ەرتەلى-كەش جۇمىس ىستەيتىن ايەلدەرمەن سۇقباتتاسقانىم بار. كۇنىنە 500 تەڭگەگە جالدانادى ەكەن. "نەگىزگى كۇنكورىس كوزىمىز وسى. جۇمىس جوق. قارا جەرىمىز اسىراپ وتىر ءبىزدى. بالا-شاعامىز كوپ. ۇيدە باۋ-باقشا وسىرەمىز. ال پلانتاتسيادان تاپقان اقشاعا باسقا ازىق-تۇلىك الامىز. ونسىز اش قالامىز عوي", - دەدى تولعاعى جەتكەنشە پلانتاتسيادا جۇمىس ىستەۋدى ادەتكە اينالدىرعان اياعى اۋىر كەلىنشەك.

ءدال وسىلاي ميلليونداعان وڭتۇستىكتىك تۇرعىن تىرشىلىك ەتەدى. ۇكىمەتىڭ، ەشكىمگە قول جايماي، وزدەرىن وزدەرى قارا ەڭبەكپەن اسىراپ وتىر! ولاردىڭ اسىراۋشىسى - جەر! سوسىن - ەرەن ەڭبەك، ماڭداي تەر! وسىلاي كۇنەلتىپ، ءار كۇنىن ءار كۇنىنە جالعاپ وتىرعان حالىققا ىشتەي شۇكىرشىلىك ەتۋدىڭ ورنىنا: "اتامباەۆقا ايتىپ، وڭتۇستىككە بۇرىلاتىن سۋدى جاپتىرىپ تاستاۋ كەرەك. باۋ-باقشالارى سۋعارىلماسا، حالىق اشتان قاتادى. سوسىن ەرەۋىلگە شىعادى" دەگەندەي اقىل ايتىپتى ءابىلازوۆ قىرعىزستان پرەزيدەنتىنە. نەتكەن ارامدىق! ول جەردەگى جەر ەمگەن حالىقتىڭ، بالا-شاعانىڭ تاعدىرى شە؟ قىرىق-ەلۋ گرادۋس ىستىقتا شىجىعان اسپاننىڭ استىندا الىپ پلانتاتسيالاردا ماقتا تەرىپ، باۋ-باقشا سۋعارىپ، ءشوپ جۇلىپ جۇرگەن بالا-شاعا، ۇلكەن-كىشىلەردىڭ ەرەن ەڭبەگىن كوزىممەن كورگەن سوڭ ايتام. ءابىلازوۆتىڭ شۋىلداقتارى قيقۋلاپ جاتىر. سولاردىڭ ءبارىن جيىپ الىپ، سول القاپتاردا جۇمىس ىستەتىپ قويار ما ەدى... كورەر ەدىك قالاي سايراعاندارىن... بيلىكتىڭ تاعدىرىمەن ويناسىن، بىراق xالىقتىڭ تاعدىرىمەن ويناماسىن! قاقى جوق!

دينا ەلگەزەك

Facebook-تەگى پاراقشاسىنان

7 پىكىر
Арағайын 2017-11-16 13:47:42
Мәселе Әблязовтың - бір адамның пікірінде емес, Дина! Мәселе - жоқ жерден жанжал іздеп, жарлы-жақыбай жұртты алаңдатып қойған топта. Атамбаев асырып айтса айтқан шығар, жаны қысылғанда "тал қармаған" шығар, қазақша айтқан да - "в конце-концов"... Бұрын "жерден" еміс-еміс естілетін "есірік" дауыстар, ойламаған жерден "көктен" естіліп есеңгіреп қалғанымыз рас па? Рас! Бүгінгі жарияланымдар да Қазақстан президенті Орта Азия елдері, тегі туыс халықтар тағдырына байланысты байыпты сөздер айтқанын білдік, қырғыз жағы да "эмоцияға беріліп кетсем керек" деп ағынан жарылғанын білеміз... Қою керек қой "қоқаңдаған" пиғылды! Ешкім елден үлкен емес, ешбір ел бір келіп кетер жарық дүниесін кез-келген "дүмдіге", тіптен пайғамбар болса да, айырбастамайды!!! Халық қана Жаратқан Иеден жарты сүйем аласа.... Жөн-жосықсыз пікір білдіріп отқа май құйып отырған сан-алуан "сарапшыларды да", "санақшыларды" да тию керек!!! Тіптен қазақ-қырғыздың түп тұқиянын "түгендеген" бір "білгірдің" бірдемесін де (жанрын өзіңіз қойып алыңыз...) оқыдық... "Қорқақты қуа берсең батырға айналады" - деген тұжырымды неге ұмытамыз??? Қызың туалет жуады, ұлың көше сыпырып жүр деп те мұқаттық, байлық салыстырып тағы бір тұқырттық... Кімнің жетіскеннен кедей болғысы келеді???!!! Қуатты елдің кеңдігі қайда? Парасатты елдің тентекті тезге салып алатын айласы қайда? "Ты сам дурак" пен ауызданған Ел емес едік қой!!!...
Айтмұхамет 2017-11-13 23:31:36
Дина қызым,жазғандарыңды оқып, үнемі риза боламын.Туған халқына жаны ашитын күрескер қыздарымыздың бірегейі деп білемін өзіңді. Ал Әбіләзовтың қазақ басшылығын қырғыздан келетін су жөнінде сақтандырғанын өз құлағыммен естідім. Оның айтқаны мынаған саяды: қырғыздаға қыр көсетуді тоқтату керек, егер олар қоймадағы суын ағызып жіберсе, оңтүстікте қаншама шаруашылық өнімсіз, халық жұмыссыз қалады.Бұның арты үлкен наразылыққа ұласуы мүмкін деді, Ютуптен көруңе болады.
Бәкен 2017-11-13 18:22:36
Тапсырыс бұл! Әбләзов тап осылай айтты дегенге сенбеймін! "Халықты аштан қатыру керек"- дегенді айтуы мүмкін емес! Жала жаппаңдар! Жағынудың жөні осы екен деп ...
нұртайn 2017-11-13 13:44:15
Әбләзовтікі тек айтылған сөз. Ең әуелі халықтың тағдырымен ойнап отырған өз билігіміз ғой. Бұның білінбейтіндігі сондай, оған етіміз өліп кеткен.
Eseng'ali', Antaki'adan 2017-11-13 10:39:40
Дина қызым, биліктің тағдыры халықтың қолында екенін Әблязов біліп отыр, "халық аштан қатса", халық ереуілге шығады, биліктің билігі тәмматул-таммам болады.
Сұрат 2017-11-13 09:59:51
Дина жақсы қыз, ақылды. Бірақ, біраз нәрсені түсінбейтін сияқты.
Фазылбек Усентаев 2017-11-13 09:57:55
Айналайын Дина, 2016 жылғы статмәлімет бойынша Қазақстанда сәбилер ең көп дүниеге келген өңір осы Оңтүстік, ал Оңтүстік ішінде - Түркістан екенін қоса жазғаныңда дұрыс болар еді. Бірақ осы жазбаңмен-ақ бір кездері атымен қазақтың тұтас рулары аталған әйелдер әлі де елімізде бар екенін дәлелдедің, Рахмет, бақытты бол.

ۇزدىك ماتەريالدار

رۋحاني جاڭعىرۋ

قانات ابىلقايىر. قارىز بەن پارىز

Abai.kz 9984
قاۋىپ ەتكەننەن ايتامىن

قازاقستاندا جۇرگەن قىتايلار كىمگە سۇيەنەدى؟ 

ن.قوشامانۇلى 18071