سەنبى, 18 قاراشا 2017
46 - ءسوز 2260 18 پىكىر 13 قاراشا, 2017 ساعات 08:32

قاباتوۆ ءھام توبىرلىق مəدەنيەت

تۇرسىنبەك قاباتوۆ تابيعي تالانتى بار، تۋمىسىنان əزىلقوي بالا ەكەندىگىندە داۋ جوق. بىراق ساحناعا دا، ەفيرگە دە ەشبىر ستسەناريسىز، دايىندىقسىز شىعا سالىپ، تويلاردا ايتقان قالجىڭدارىن با نەمەسە ويىنا نە كەلسە سونى ءجوندى-ءجونسىز ايتا بەرەتىن سەكىلدى.

ءبىراز كوسىلگەن سوڭ باتا تىلەك ايتىپ اياقتايدى. بۇل ونەر ەمەس. مۇنداي توسىن ساندىراقپەن حالىقتى ۋاقىتشا الدارقاتۋعا بولادى. بىراق الىسقا بارمايتىن تىرلىك.

مۇنى باتىستىڭ وركەنيەتتى ەلدەرى توبىرلىق مəدەنيەتكە جاتقىزىپ قاتتى سىنعا الادى. ءبىزدىڭ جۇرت وندايعا تابىنا باستادى. ەستەتيكالىق تالعام دەڭگەيىمىزدىڭ وسىنشاما قۇلدىراپ جۇتاڭداۋى - الاڭدايتىن، ءتىپتى دابىل قاعاتىنداي-اق جاعداي.

قۋاندىق شاماحاي

Facebook-تەگى پاراقشاسىنان

18 پىكىر
Есболат 2017-11-17 10:31:59
Адамның құлағына түрпідей тиетін: - "Құдағи бір портия", "Қазір - зың-зың еткізем" - деген қалжың сымақтар сіздердің ойларыңзшы АНАЙЫ, Мәдениетссіз - емес пе? Т.Қабатов - қазақтардың енжарлығы мен топастығын, қызғаншақтығын, мақтаншақтығын (қазақтардың "жарасын") ойын арқылы көрсетеді. Міне, сондықтан көптеген қазақтарға жақпайды. Т.қабатовттың концерттеріне барған қазақтар; - сахнадан ӨЗДЕРІНІҢ ОБРАЗДАРЫН көреді дағы, налып, Т.Қабатовты жамандайды. Ал, шындығында Т.Қабатов М.Задорнов, Б.Евдокимовтар сияқты мықты актер, түрі болса Б.Хиллге ұқсайды. Бұндайда: - "Ішің күйсе - түз жала" - дан басқа айтар сөз жоқ.
Пікір жазу 2017-11-17 02:13:15
Қабатов һәм тобырлық мәдениет деген сөздің астында шамахай деп ал комментте шамахайұлы деп жазылып тұр. Өзініз анау постқа коммент жазып а біреуден комменті сен жаздын деп қалай көресін.
Пікір жазу 2017-11-17 02:03:56
Өзініз пікірді жаздыңыз. Мен сіздің атыныздан пікір жазатын уақыт жоқ. Ана посттын астында пікірді өзініз жаздыныз. Мен біреудін атынан пікір жазбайм. Бірақ лақап атпен жазам. Мысал Орал Пікір жазу,Гүлназ деп.
Даур 2017-11-17 00:00:02
Қабатов дегенің жұртты күлдірем деп не болса соны айта бередіі, бірақ ешқандайда күлкілі емес. Менің оны ешқандай қарағым келмейді. Оның сахнаға шығаратыны ауылдың әйелдерінің өсектері. Оның несі қызық? Сол да өнер боп па? Жұрт әйтеуір қол соғып қояды, соған Қабатов мәз. Баяғы Тұңғышбайлар күлдірүші еді.
Қуандық Шамахайұлы 2017-11-16 09:36:31
Мына жерде біреу менің атымнан пікір жазыпты. Ол мақаланы мен мүлде оқымасам қалай пікір жазады екенмін? Оның үстіне менің әкемнің атын қате жазыпты. Мына "Пікір жазу" деп атын жасырған біреу шығар, оның кім екенін де танып тұрмын. Өзінше мені билікшіл етіп көрсетіпті. Соны үкіметке неге жазып шағымданбайды екен? Өтірік жала жапқаны да бар. Оны ІР адресі арқылы тауып алып заңмен жазалай салу өте оңай ғой. http://www.qazaquni.kz/2017/11/01/76857.html#comment-133224 69
Пікір жазу 2017-11-16 03:42:37
http://www.qazaquni.kz/2017/11/01/76857.html#comment-133224 69 ыншы пікірді көре тұра еш болмағандай қабылданған латынды жақтауы Шамақайдын.
Пікір жазу 2017-11-16 03:35:28
Қуандық шамақай деген Біреуге тіл тигізген пост жазып кешірім сұрап құтылып кеткен. Қайдағы отарсыздану орыс кинолары самсап тұрса латын әрпінің тиімсіздігі туралы пікірді көре тұра ештене бомағандай биліктің қабылданған латының мақтаған. Биліктің табан жалағышы. Көз алдындағы қоғамның шындығын көрмейтін адам. Шәйнәған адам
Талғат 2017-11-15 12:33:53
Сөзіңнің жаны бар, Серік. Өз басым Қабатовтың да, Қазақстандағы басқа да сатира театрларының да бірде-бір концертіне барған емеспін, барғым да келмейді. Жалпы, эстрадалық сатира деген болмысынан қарадүрсіндеу, тұзы жеңіл татымсыз дүние ғой. Анау Ресейдің атақты Петросянының да айтатыны шатты- бұтты тобырлық дүниелер.Керемет деген Райкиндікі де соның әр жақ-бер жағы. Бірақ, бұлардың артист ретінде өте дарынды екенін мойындау керек. Қабатов та бұл тұрғыдан алғанда қабілетсіз емес. Мәселе жақсы авторлардың жоқтығында, қазақ сатирасының дүмсіздігінде болып тұр ғой.
серік 2017-11-15 09:57:50
Қабатов өнер иесі емес сайқымазақ,қарадүрсін бос адам! Ой өрісі төмен адамдар үшін күлкілі,ал парасаттылар үшін таза ақымақ. Атырауда екі рет көріп қатынасқанмын, концерттін ортасынан көптеген адамдар кетіп жатты, мен де кеттім! Қазақта келінін жамандаған ене болған жоқ? Кетсеңші сахнадан,ақшаға арыңды қашанғы сатасың?
kazakh 2017-11-14 09:35:03
эх Қызғаныш
Казак 2017-11-14 00:42:48
БАСКА ПРОБЛЕМА ЖОК АУ ДИМ АААА
Талғат 2017-11-13 19:41:32
Айтып отырған Батысыңда Қабатовтың иығынан да келмейтіндер жетіп артылмай ма. Солардың бірі - Саша Барон Коэн (Борат).
Айтқұл 2017-11-13 18:09:56
-бұл оң түстіктің бәсекеден құр қалғандығы,солардың ұйымдастыруы. Т.Қабатов проблемаларды әдемілеп жеткізуде.
Б.Шаяхметұлы 2017-11-13 18:09:13
"Эстетикалық талғам деңгейіміздің осыншама құлдырап жұтаңдауы - алаңдайтын, тіпті дабыл қағатындай-ақ жағдай"************************************************** Осыған алаңдамай-ақ қойыңдаршы! Онанда ана ҚАЗАҚ тілінің(Мемлекеттік!!!) мүшкіл жағдайына , ана ең жоғары жақтан төменге дейін "жайлап алған" ЖЕМҚОРЛЫҚ пен халықтың ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ күннен-күнге төмендеп , бағаның шарықтағанына АЛАҢДАҢДАР !!!! .
Көрген 2017-11-13 14:04:10
Шамақайұлы дұрыс айтып отыр, Қабатов таусылған, жаттанды, қайталау, жеңіл. Үш рет тойда көрдім, малтасын езу. Осыған көп ақша беру талғамсыздық. Мен оңтүстік емеспін, Қабатов еліненмін. Шындық осы.
Мейрамбай 2017-11-13 13:12:44
Қайтадан көреалмаушылық!!!! Т.Қабатов аса талантты тұлға. Бәсекелікке қабілетті. Т.Қабатов - Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораевтің және Туканың, Б.Ибрагимовтың "ауыздарына" құм құйды!!!! Енді, келді дағы "горячие южные ребяталарға" ұнамай қалған сияқты. Сахна көп емес пе?! Көрермендер де бірдей емес. Қызғанатын дәнеңе жоқ. "Шаншар" мен басқа түйреуіштердің айтатын пошлый сөздерін Т.Қабатов айтпайды. Дұрыс істейді. Өйткені, "плоский, убогий" әңгімесымақтанда басқа Қазақта проблема көп!!!! Сондықтан қызғанбаңдар.
Бақытбек 2017-11-13 11:14:38
Т.Қабатов сайқымазақ емес. Ол, қазақтардың сауатссыздығы мен ездігін, ашкөздігі мен малшашпақтығын сынға алып, ойын, әжуа-күлкі арқылы жеткізуші. Шындығында, сол Т.Қабатовтың айтқандарының бәріде дұрыс. Тобырлық эстетика, тобырлық мәдениет бүткіл әлемді жайлағанына көп уақыт болды. Бұл, үлкен жаңалық емес.
Eseng'ali', Antaki'adan 2017-11-13 09:22:30
Өткен айдың 21-де Алматыда үйлену тойында болдым. Тамада : "37-жыл" деп қақылдай берді. Сондағы айтпақ ойы - "2037 жылы жастардың бөпелі болған тойында кездесейік" дегені. Қазақ үшін қасіретті жыл болған 37-ні жүз рет қайталап қақылдаудың не қажеті бар еді деген ой келді маған. Бұл - тамаданың сауатсыздығын білдірсе керек ? Тобырлық мәдениет сауатсыздықтан пайда болады.

ۇزدىك ماتەريالدار

رۋحاني جاڭعىرۋ

قانات ابىلقايىر. قارىز بەن پارىز

Abai.kz 9984
قاۋىپ ەتكەننەن ايتامىن

قازاقستاندا جۇرگەن قىتايلار كىمگە سۇيەنەدى؟ 

ن.قوشامانۇلى 18071