سەنبى, 18 قاراشا 2017
430 6 پىكىر 13 قاراشا, 2017 ساعات 08:43

جيحادشىلار سيريانىڭ ءابۋ-كەمال قالاسىن قايتا باقىلاۋىنا الدى

"يسلام مەملەكەتى" ەكسترەميستىك توبى جەكسەنبى كۇنى سيريا ۇكىمەتى ارمياسىنىڭ اسكەرىن باسىپ العاننان كەيىن، شەكارا بويىنداعى ستراتەگيالىق قالا ءابۋ-كەمالدى قايتادان باقىلاۋىنا العان.

بۇل جونىندە باس پاتەرى لوندوندا ورنالاسقان ادام قۇقىقتارىنا مونيتورينگ جاسايتىن ورتالىق حابارلادى. سيريا ۇكىمەتىنىڭ اسكەرى ءابۋ-كەمال قالاسىنان كەرى شەگىنگەن. حابارعا قاراعاندا، قالا شەتىندە قاتتى ۇرىس بولىپ جاتىر.

وتكەن بەيسەنبىدە سيريا ارمياسىنىڭ ساربازدارى يم-ءنىڭ قورعانىسىن بۇزعان بولاتىن. ولار قالاعا كىرىپ، جيحادشىلاردىڭ سوڭعى قامالىن العان ەدى. جەڭىستەن كەيىن، ولار قالانى تەرروريستەردەن تازارتا باستاعان. كۇرەس ايماعىنداعى دەرەككوزدىڭ حابارلاۋىنشا، سيريا اسكەرى قالانى قورشاۋدا ۇستاپ تۇر.

Abai.kz

6 پىكىر
Адайшал 2017-11-13 23:15:50
Қырып тастаса, қырып тастаса деп екіленесіңдер, қоршап алып бірін құтқармай қыралса жақсы, ал қыралмаса ше? Қалғаны шағын топ-топ болып қала тұрғыны кейпінде мұқұм дүнияға тарап жарылыс ұйымдастыруға көшсе гәп сонда! Бұл бір басы жоқ, аяғы жоқ бітпейтін соғыс болды ғой, кет дегенде итте кетпейма, тағын тастағанда мұнша қырғын болмаспа еді, ақ қарасы Аллаға аян.
Есболат 2017-11-13 13:21:06
Бақылауға алды - деген қызық екен. Как будтто Сирияның әскері Бақылауға алған сияқты. Бұл ақппараттың атауы білместіктен дұрыс емес жазылған, әлде Әдейі (специально) осылай жазылған. Қалай болған күндеде, сол шыныменде еврейлердің ақшасы үшін өздерінің өлгендерін білмей қызылкөзденіп жүргендердің "дәурендері" бітті. Боқ сасып құмда қалатын болды. Себебі, анан-мынан қашып келген безродный шұбырындылардың өлекселерін бір үлкен шұңқырға көміп тастап жатыр дейді. Сол сасыған күйінде. Құтырған, алсумен ауырған сыйырлар сияқты көмілуде. Обалдары жоқ.
Eseng'ali', Antaki'adan 2017-11-13 10:31:32
"Саяси шолушы" нұрланған Нұргелді қайда, неге түсіндірмейді ? "Жихадшылар Сирияның Әбу Кемал қаласын қайта бақылауына алды" деген Nurnews агенттігінің айтқаны рас болса, орыстар "бала-шаға" деген желеумен әскери транспорт ұшақтарымен Шамдағы ИМ қатарындағы өз адамдарын Грозный қаласына тасып жатыр.
Бақытбек 2017-11-13 09:51:05
"Әбу - Кемал қаласын қайтадан БАҚЫЛАУЫН алды"!!!! Олар сонда нені "БАҚЫЛАЙДЫ"?????? Олар, сасық, қуыскеуде, еврейлердің құлақкескен құлдары, сатқындар - нені БАҚЫЛАЙДЫ??????? Түсіндіріңдер???? Нені БАҚЫЛАЙДЫ???? Өздері жазықссыздан, жазықссыз қырып тастаған өліктерді ме???
Есенгелді 2017-11-13 09:47:22
Шыныменде, мына ақппараттың атауы сол террористердің уақытша жеңісіне қуанып қойылған сияқты әсер береді екен. Бейбіт халықты қырып-жойып жатқан маймыл террористерді жақтайтындар нағыз көзссіз надан адамдар.
Мейрамбай 2017-11-13 09:44:39
Әбу-Кемал шағын қала, Алеппоның төрттен бірі бола алмайды. Ал, мақаланың тақырыбы қызық құрастырылған. Құдды "Игил" террористтерінің соңғы (агониялық) жеңісіне қуанып, құшырланып құрастырылған сияқты. Кейбір сауатссыз "қазақтардың" бүйректері қаншалықты сол террористтерге бұрып тұрса да, (елімізде, өкінішке орай ондай надандар да бар) ШАРУАЛАР олардың БІТТІ. Бітпесе жақын арада бітеді. Тақырыпты: "Сириядағы қырғынның соңғы нүктесі Дейр - аз - Зор мен Әбу-Кемал қаласында қойылмақ" - деп қойса да болар еді. Бұл, "қатын соғыс" 1941-1945 жылғы Екінші Дүниежүзілік соғыстан да ұзарып кетті.

ۇزدىك ماتەريالدار

رۋحاني جاڭعىرۋ

قانات ابىلقايىر. قارىز بەن پارىز

Abai.kz 9984
قاۋىپ ەتكەننەن ايتامىن

قازاقستاندا جۇرگەن قىتايلار كىمگە سۇيەنەدى؟ 

ن.قوشامانۇلى 18071