سەنبى, 18 قاراشا 2017
410 9 پىكىر 13 قاراشا, 2017 ساعات 08:44

ترامپ سايلاۋعا ارالاسۋ تۋرالى ىستە ارنايى قىزمەتتەرگە سەنەتىنىن ايتتى

اقش پرەزيدەنتى دونالد ترامپ 2016 جىلعى اقش پرەزيدەنتى سايلاۋىنا رەسەيدىڭ ىقتيمال ارالاسۋى تۋرالى ءىستى تەرگەۋدە امەريكالىق ارنايى قىزمەتتەرگە سەنەتىنىن مالىمدەدى. بۇل تۋرالى ول 12 قاراشادا ۆەتنام استاناسى حانويدا جۋرناليستەرگە بەرگەن ءباسپاسوز ءماسليحاتىندا حابارلاعان.

ترامپ مۇنى رەسەي پرەزيدەنتى ۆلاديمير پۋتينگە سەنەتىنى تۋرالى سوزىنە قاتىستى كوممەنتاري سۇراعان جۋرناليستەرگە جاۋابىندا ايتقان. سەنبى كۇنى ترامپ رەسەي پرەزيدەنتى ۆلاديمير ءپۋتيننىڭ اقش-تاعى سايلاۋعا كرەملدىڭ ارالاسپاعانى جايلى ايتقانىنا سەنەتىنى تۋرالى مالىمدەگەن.

بۇعان دەيىن اق ءۇي باسشىسى Twitter الەۋمەتتىك جەلىسىندەگى پاراقشاسىندا وڭتۇستىك-شىعىس ازيا ەلدەرى سامميتىندە رەسەي پرەزيدەنتىمەن كەزدەسكەنى تۋرالى كوممەنتاري جاريالاعان.

ترامپ پۋتين ەكەۋى سيريا ماسەلەسىن "جاقسى تالقىلاعانى" تۋرالى جازعان. سونىمەن بىرگە ترامپ سولتۇستىك كورەياعا قاتىستى داعدارىستى شەشۋگە ءپۋتيننىڭ كومەگى مەن قىتايدىڭ جاردەمىنە ءۇمىت ارتاتىنى تۋرالى دا جازعان.

بۇدان وزگە ترامپ رەسەي سيريا مەن ۋكراينا ماسەلەلەرىن رەتتەۋگە رەسەي ەلەۋلى كومەك جاسايدى دەپ ۇمىتتەنەتىنىن جازعان.

اقش پەن رەسەي پرەزيدەنتتەرى سەنبى كۇنى ۆەتنامنىڭ دانانگ قالاسىندا وتكەن وڭتۇستىك-شىعىس ازيا ەلدەرى ءسامميتى بارىسىندا كەزدەسكەن. ولار سيرياداعى جانجالدى بەيبىت رەتتەۋ بويىنشا بىرلەسكەن مالىمدەمەنى قۋاتتاپ، "يسلام مەملەكەتى" ەكسترەميستىك توبىن ءبىرجولاتا جەڭگەنشە وعان قارسى كۇرەستى جالعاستىرۋ تۋرالى ۋاعدالاسقان.

ۆەتنامداعى سامميت كەزىندە اقش پەن رەسەي پرەزيدەنتتەرى رەسمي ەكىجاقتى كەلىسسوز وتكىزگەن جوق. وعان پرەزيدەنتتەردىڭ "جۇمىس كەستەسىنىڭ سايكەس كەلمەۋى" سەبەپ بولعانى حابارلاندى.

Abai.kz

9 پىكىر
жолан, Бақытбекке 2017-11-16 12:00:43
жəй Қазақтың жазғаны ізденген адамға қиын емес, бүкіл Жер жүзіне белгілі. Қазақ жек көретін Қортыққа сен неге жақ боласың, Орысқұл ма едің, ал Қазақ қашанда Орысқа калбит, чурка, черножоп . . Білгенің дұрыс, Жігітім.
Eseng'ali', Antaki'adan 2017-11-15 16:08:43
Трамп Путинмен кездессе, трамплиннен ұшатынын білмейтін ақымақ емес. АҚШ Конгресі Орыссияның ГосДурасы емес. Енді Трамп кремльдік "стратегпен" кездеспек түгілі, дәретханаға бару үшін АҚШ Конгресінен рұқсат сұрайтын болады.
Бақытбек 2017-11-15 15:22:08
жәй Қазақ - ал жақсы, жарайды В.Путин мен Д.Трамп кездескен жоқ. Онда тұрған не бар. Д.Трамп - В.Путинді "қабылдамайтындай" өзінің Вашингтонында отырған жоқ. Ол қонақ. Бұл ақппаратты қайдан алдыңыз? Әйтеуір, осы Жер бетінде қазақ жек көретін бір адам бар - ол сол баяғы Рессей президенті В.В.Путин. Сол В.Путин мүмкін сол Д.Трамппен кө..н..де сүртпейтін болар...........біздер қайдан білеміз..
жəй Қазақ 2017-11-14 22:01:29
Саясаттағы адам не демейді, істеген ісіне қарау керек. Абай. кз Өтірік жазғанды қойыңдар. Трам пен Путин ресми кездескен жоқ, суретке түсер алдында көп болса 20 секунт амандасты, ешқандай Сирия мəселесі қаралған жоқ, əуелі Ресей АҚШ-ты Игилді қолдау жасап отыр деп тулап отыр. Путин Вьетнамға тек Трампен кездесіп ұпай алу үшін барған, ұят болғанда Трамп Путинді қабылдамады. Бұған Лавровтың ашуланғанын көрсең, СІМ-де "большая разборка", ашудан Путин АСЭАН-ға қатыспай, Димонды жедел ұшыртты.
Сайран 2017-11-14 12:15:18
АҚШ - тың да, Рессейдің де президенттері "апама жездем сай"- дың кері. Екеуі де гегемон. Осылардың текетіресі қазір "қызып" тұрса да, біздерге қажеті шамалы.
Eseng'ali', Antaki'adan 2017-11-13 11:22:35
Бәрін айт та, бірін айт. Орыстың "Трампнашы" мен кремльдік "стратегтің" қол алысып көріскенін тойлап, ұлттық ішімдігі болған "Боярышник" қотарып, тұздалған қияр кеміріп отырған ватникті айт. 5 секунд қол алысқан не деген "қуаныш", не деген "ұлы державаның" "жетіскендігі" ? ! Бұл екеуі марқұм Леонид Ильич пен Хоннекер сияқты құшақтасып сүйіскенде, қуанышқа қойны толған ватник соңғы шошқасын сойып, "НЗ"-ға сақтаған самогон бөшкесін ашып дүрілдетіп той жасар еді.
Бақытбек 2017-11-13 11:09:55
Кинокомедия. "Игил"-ді АҚШ пен Англия ойлап табады. Сол террористтік ұйымға қару-жарақ арқылы миллиондаған қаржыны төгеді. Енді, сол сұрқия "Прожект" - жүзеге аспай қалғанда АҚШ пен Рессей сол "Игил" деген "Жобаны" бірігіп жоймақ. Әлем есінен ауысты. "Игил" - де басқа сұмдықтарда АҚШ - тағы мултимиллиардер еврейлердің ашкөздігінің нәтижесі. Жәй халық олар үшін құмырсқамен бірдей. Соның ішінде соры қайнаған сауатссыз арабттар.
Қазақ 2017-11-13 10:50:35
Төре, қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ! деген осы ...
Төре 2017-11-13 10:45:38
Біздің патшамыз Өркениет елдердің Ресейге салған санкциясынан, Ресей қатты зардап шегіп жатыр. Ресейге қолдау көрсетейік, дегенін Өркениет елдері қалай қабыл алар екен? Бұл саяси-экономикалық қателік болды! Америка Қырғызстан емес ... Ойланбай сөйлеген, ауырмай өледі! дейді емеспе біздің Қазақ...

ۇزدىك ماتەريالدار

رۋحاني جاڭعىرۋ

قانات ابىلقايىر. قارىز بەن پارىز

Abai.kz 9984
قاۋىپ ەتكەننەن ايتامىن

قازاقستاندا جۇرگەن قىتايلار كىمگە سۇيەنەدى؟ 

ن.قوشامانۇلى 18071