Дүйсенбі, 20 Қаңтар 2020
Абай.tv 1765 3 пікір 31 Желтоқсан, 2019 сағат 15:42

Бекзат Саттархановқа арнау. «Дара тұлға»

Құнды туындының ауқымы кең, үш бөлімнен тұрады: Бекзаттың өмірі, жетістігі, өмірден жарқ етіп өткен сәті баяндалады. Шығарма авторы – Нұр-сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек.

Шығарманы халықаралық байқаулардың лауреаты «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы орындайды.

Қазақтың біртуар ұлы, жұлдыздай жарқ етіп, алаштың маңдайына сыймай кеткен Бекзат Саттарханов туралы күй шығарма жазу идеясын Шолпан Қорғанбекке халықтың Бекзатқа деген сағыныш көріп. Ойлана келе, композитор алаштың ұлы туралы деректерге көз жүгіртіп, шабыттанып, жазыпты.

Боксшысының жарқын жеңісі – 2000 жылы Сиднейде өткен ХХVІІ жазғы Олимпиада чемпионы атанған сәті. Өйткені, оның салмақ дәрежесіндегі қарсыластары мықты болды, көп еді. Атағы жер жарса да, Бекзат Саттарханов қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыр кешті. 20 жасында жол апатынан ажал құшты.

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дейді дана халқымыз. Бекзат мына бескүндік өмірден өтсе де, батырлығымен, адами асыл қасиеттері, елжандылығы, ақылды спорт шебері ретінде ел есінде қалды. Филармония ұжымы әрқашан дара ұлды естен шығармақ емес.

;feature=youtu.be

Abai.kz

3 пікір