Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 5234 12 пікір 13 Тамыз, 2019 сағат 13:26

Интеллектісі дамыған адам ешқашан біреуге тəуелді болмайды

Адамның ақыл-ойы дамыған сайын психологты, "рухани лекторды", яғни, өзіне ақылы жетпей жүріп, біреуге ақыл үйрететін адамдардың ақылын қажет етпейді. Интеллектісі дамыған, IQ жоғары адам біреуге ешқашан тəуелді болмайды. Интеллектісі төмен адам қашанда біреудің "сауынды сиыры". Ақылы дамыған адамға біреудің ақылы мотивациясы керек емес. Бес-он мың теңге төлеп, өзін-өзі "рухани лектор" атағандардың лекциясына бармай, сол ақшаға бала(лары)ңа екі пакет азық-түлік апаршы, болмаса, "MEGAға", басқа да ойын алаңдарына апарып, соларды қуантшы, солардың қуанышын сырттай бақылап тұршы, сол мотивация, сол шабыт береді.

"Рухани лекторларға" ағылып барып жатқан адамдарға қарап, бізде тобырлық сананың өте үстем екенін, тобырды басқару билікке қаншалықты жеңіл екенін, неліктен биліктің білгенін істейтінін пайымдауға болады. Олар "рухани лекторларының", "рухани көсемдерінің" өзіне білім, рухани лектор, психолог керек екенін пайымдай алмайды. Ақылы шектеулі жұртқа ақылы ақыл айтып, мотивация беріп, өзін ақылды санап жүрген сол "рухани лекторлардың" ақылы, білімі шектеулі. Бірақ адамның басын қалай айналдыруды, қулық-сұмдықты, кешіріңіз, сайқалдықты жақсы меңгерген.
Адам білімді болған сайын, адам ақылды болған сайын біреуге ақыл айтудан тыйыла бастайды. Білімі, ақылы шектеулі адам ғана өзін ақылды, білімді санап, ақыл айтудан жалықпайды.

...Кітап дүкендеріндегі "Қалай баюға болады?" "Қалай ақылды болуға болады?" т.б. мотивациялық дүниелерге көзім түссе, жүрегім айниды. Рас, осыдан он жыл бұрын жүрегім айнымай қарай алатынмын. Адам сол кітапты сатып алып, оқығаннан ақылды болып не байып кетпейді. Адам ақылды болу үшін, бай болу үшін алдымен интеллектісін дамыту керек. Ол үшін көркем əдебиетті, философияны көп оқу керек, шамаң келсе, физика мен математиканы жақсы меңгер. Тісің батса, ғылыми еңбектерді оқы. Адам анадан интеллектуал боп тумайды ғой. Интеллектісі дамыған адамға психолог та керек емес. Рас, өте саналы, интеллектісі жоғары адамдар депрессияға түседі, оларға психолог керек емес, себебі, өздерін өздері құтқара алады. Ақыл-ойы шектеулі адамдар депрессияға түспейді, түссе де, пайымдай алмайды.

Біздің қоғамның бір бөлігі, жоқ, үлкен бөлігі өздерін өздері "рухани лектор", "рухани көсем" атаған мақтаншақ, даңғойларға барудан тыйылғанда рухани жетілу болады. Қоғам рухани жетілгенде билік өзгереді. Қоғамда өзгеріс, даму болады. Əйтпесе, бəрі бекер. 

Аягүл Мантайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3508