Жексенбі, 20 Қазан 2019
821 2 пікір 8 Қазан, 2019 сағат 11:47

Трамп импичмент жариялауды талап етті

АҚШ президенті Дональд Трамп 7 қазанда Конгресстің Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосиді "мемлекетке сатқындық жасады" деп айыптап, оған тездетіп импичмент жариялауға шақырды.

Ол бұл пікірін жексенбі күні Твиттер парақшасында жариялады.

Трамп «ауыр қылмыстар мен теріс қылықтар» (high crimes and misdemeanors) деген заңдық терминге сүйенді. Әдетте бұл термин импичмент жариялау үшін қолданылады. Бұған коррупция, қызметіне салақтық таныту, жалған куәлік ету, қызметін асыра пайдалану, пара алу, қорқыту, мемлекет қаражатын мақсатсыз пайдалану секілді айыптаулар жатады.

Трамптың Твиттердегі жазбасы оған қарсы арнайы қызметтің тағы бір өкілі куәлік беруге ниеттеніп жатқаны мәлім болғаннан кейін жарияланды.

Осыған дейін Ақ үй президенттің сөйлесулері жазылған стенограмманы жариялаған. Онда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украинаның мемлекет басшысы Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесіп жатып, бұрынғы вице-президент Джо Байден мен оның ұлы Хантер туралы пікір алмасқан. Зеленский Трамп өзіне қысым жасалмағанын айтқан.

Президенттің бұл сөйлесулері туралы мәліметті АҚШ-тың барлау қызметкері жетекшісіне жеткізген. Конгресстегі демократтар Трамп президенттік қызметін жеке өзінің саяси мүддесіне пайдаланды деп айыптап, оған қарсы импичмент жариялауды көтерген.

1 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп Өкілдер палатасының Барлау комитетінің төрағасы, конгрессмен-демократ Адам Шиффті "мемлекетке сатқындық жасады" деп айыптап, оны қамау туралы ұсыныс жасаған.

Шифф Конгрессте Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің телефон арқылы сөйлесулерінің мазмұны туралы баяндама жасаған.

Abai.kz

2 пікір