Бұ не мазақ?

АРАҚ ІШІП, ӘНҰРАН АЙТАМЫЗ БА?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

"АкРоосПищеПром" ЖШС өндіретін «Домбыра» арағының мойнына қазақ елінің Әнұраны жазылған стикерлер ілініп, сатылымға шығарыла бастады, - деп жазады Фейсбук әлеуметтік желісінде Nurka AD есімді қолданушы.

Арақ - алқаштың асы. Сонда мұнымен "АкРоосПищеПром" не айтқысы келеді? "Сенің әнұраның алқаштарға ғана керек" дегені ме? 

Бұл әнұранның авторы кеше ғана сексен жылдығын тойлаған қазақтың ақиық ақыны Жұмекен Нәжімеденов еді. Бұл біріншіден - Жұмекенді қорлау. 

Екіншіден - әннің музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқовтың рухына жасалған қиянат. 

Үшіншіден - мәтінді бүгінгі күнге лайықтаған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевті құрметтемеу.

Мәселе, авторларда ғана емес. Күллі қазақты, қала берді қазақстандықтарды ұятқа қалдырып, мазаққа айналдырарлықтай не жазығымыз бар еді?. 

Әлемдік сайыстарда қазақтың әнұранын шатастырып қою сәнге айналғалы қашан? Олар осы арқылы біздің тәуелсіздігімізді мойындағысы келмейтінін аңғартып жүр.

Ал, енді осындай кезеңде "харам су" шығарғыштар әнұранды аяқ-асты етіп жатса, оларда нақты мақсат бар деген сөз.  

Бізде "мемлекеттік рәміздерді қорғау" туралы заң бар. Сол заңның аясында "харам суға" әнұран жазғыштарды жазалау қажет. Сіз не дейсіз? 

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

11 пікір 2093 рет оқылды Қосылған: 31.12.15
    • #1
    • Сарыарқа
    • бн, 31/12/2015 - 9:31

    Осыған жәнеде ел басы жарлық шығару керек, сонда қазақтардың намысы ояна қалып бәрін тияды! болмаса Қазақ деп арақ екен тазалық қағаз шығарсада шіміркпей отыра беретін әдетіміз қанымызға сіңген!
    естеріңзде болса солтұстіктегі қазақтың бұгінгі кұнге жеткеніне ары жағы шымырлап ішіне қарыс сыймай қалатын көршіміз кезінде қазақстан ,астана деген тазалық қағазын шығарғанда лам мим деген біреу болмаған!!
    ал мынау оның жалғасы!! дұкенге кірсеңіз сыртында кәдімгі суреті бар ақорда, парламент.... деген сайтанның сусындары мен көк тұтіндері жетед оған кім қарап кім рұқсат беріп отыр білмейсің әлде сол біздің ақ ордамен парламеніттің оздері өндіреме?

    • #2
    • Сахих Муслим
    • бн, 31/12/2015 - 10:40

    Сендер, әлбетте, өздеріңнен бұрынғылардың
    ғұрыптарына ересіңдер
    2011. Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ
    елшісі (с.а.с.): «Сендер, әлбетте, өздеріңнен бұрынғылардың
    ғұрыптарына сүйем бе сүйем, білек пе білек ересіңдер, тіпті олар
    кесірткенің ініне барып кірсе де, оларға ересіңдер», – деді. Біз: «Уа,
    Аллаһтың елшісі! Яһудилер мен христиандарға ма?» – деп (сұраған) едік,
    ол: «Енді кім еді?!» – деді», – деп айтқан (2669/6).

    • #3
    • шал
    • бн, 31/12/2015 - 10:47

    Арақ - алқаштың асы.
    -------
    Дебилдын жазғаны (Мүмкін әке-шиесі алкаш болған шығар). Қымызда 3-4% спирт болады, алкаштардын сусыны ма?

    "Добыранын" сапасы жоғары болса, еш нәрсе жоқ. Осындай жалған патриоттарға жана әнұран жазудын орнына Жүмекеннін "Тың ігерушілер маршынын" сөздерін өзгерткен еш нәрсе емес, ал бір стикерге ұрыну керек.
    Кенес Одағы кезінде "Кармен сюита" балетінін музыкасын Бизе-Щедрин жазды дегенге күлетін еді, ал бізде депутаттар (арасында "тіл жанашырлары" бар) бірауыздан әнұрады бекітті.
    Мен соны Жүмекенді қорлау деп түсінем.

    • #4
    • Қалмақ
    • бн, 31/12/2015 - 11:31

    "АкРоосПищеПром" ЖШС өндіретін «Тың» арағының мойнына қазақ елінің "Тың игерушілер маршы" жазылған стикерлер ілініп, сатылымға шығарыла бастады....


    Алтын күн аспаны,
    Алтын дән даласы,
    Думанды бастады,
    Далама қарашы!
    Кен екен жер деген,
    Жерде гүл шықты ғой
    Дән егіп, терлеген
    Қазағым мықты ғой!

    Қайырмасы:
    Менің елім, менің елім,
    Жырың болып төгілемін,
    Гүлің болып егілемін, елім!
    Туған жерім менің — Қазақстаным!

    Айналап қарасам,
    Асықты жүрегім
    Заманға жарасқан
    Жарасып тұр елім
    Істіген орденді
    Көтерді туларды
    Желмен оу тербелді
    Тербеле жырлады

    Қайырмасы:
    Менің елім, менің елім,
    Гүлің болып егілемін,
    Жырың болып төгілемін, елім!
    Қазақстаным менің — Қазақстаным!

    Жеті жыл жоспары,
    Жеті қыр асқаны,
    Думанды бастады,
    Қазақтың жастары
    Біздің ел орденді
    көтерді туларын.
    Ел мен ол тербелді,
    Тербеле жырладым

    Қайырмасы:
    Менің елім, менің елім,
    Гүлің болып егілемін,
    Жырың болып төгілемін, елім!
    Қазақстаным менің — Қазақстаным!

    • #5
    • таң
    • бн, 31/12/2015 - 11:59

    мыналар өздері арақты ішіп көрмегендей көсемсуін қарашы, кәрі болсаңдар бір-екі жүз грамды тартып жіберіңдерші, көздерің жайнап, тіске жұмсақ екен деп ақталасыңдар.

    • #6
    • Қорлау
    • бн, 31/12/2015 - 12:24

    КНБ қайдасың? Мынау қазақты ғана емес,бүкіл Қазақстанды,оның Елбасын қорлау ғой! Бәрін тұтқындап,келмеске жіберу керек.

    • #7
    • Марат
    • бн, 31/12/2015 - 21:30

    "Судың да сұрауы бар" деген аталарымыздан қалған сөз бар.

    Елді, жерді, ұлтты, елбасымызды, мемлекеттік рәміздерді қорлауға жол беруге болмайды.

    • #8
    • Мен
    • жм, 01/01/2016 - 15:35

    "В Казахстане действует закон о «Защите государственных символов». Мы считаем, что производителей водки с Гимном необходимо наказывать», — пишет Шәріпхан Қайсар на портале Abai.kz." - согласна.

    • #9
    • Ауыл қазағы
    • жм, 01/01/2016 - 17:39

    Бізде "мемлекеттік рәміздерді қорғау" туралы заң бар. Сол заңның аясында "харам суға" әнұран жазғыштарды жазалау қажет. Сіз не дейсіз? Үйінің терезесінен Туды желбіреткен адамға айыппұл салғыштар қайда қарап отыр

    • #10
    • Адайшал
    • жм, 01/01/2016 - 23:50

    Расында әнұранның әр сөзіне үңілсең бізің қазіргі тірлігімізге керағар емеспе? Ұрттап алмаса сау адам мына әнұранды ұйалғаннан айта алмауыда мүмкін шынайы өмірге керағар болғасын. Мысалы: Намысын бермеген Қазағым мықты ғой... оу, көрінгенге қолжаулық боп жүріп сенде қайдағы намыс десе не демекпіз. Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар..., жерің туталақай сатылған жоқпа десе...? Сілтеп алып бір самғасын қазекең деп әдейі іле салған ғой.

    • #11
    • Күйгенқазақ
    • сб, 09/01/2016 - 10:22

    Адайшал қатты айтса да рас айтты. Қазақтың намысы аяқ киім сүртетін тряпка сияқты, әркім таптап кетеді. Оның бәрі өзімізден: өз тілімізді, өз ұлтымызды құрметтей білейік ағайын. Басқа ұлттар қазақ тілін білмесе үйренсін. Қазақша сөйлейік өзіміз балашағаңызбен қазақша сөйлеңіздер. Ұлтшылдыққа шақырып жатқан жоқпын өз тіліңді, ата-бабаң тілін құрметтеуге шақырып турмын сіздерді ағайын.

Пікір қосу

  • 9 + 26 =

Вход