Құсни хат

НҰРТІЛЕУДЕН АМАНДЫҚ БАТАЛОВҚА АШЫҚ ХАТ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Аса құрметті, Амандық ата! Менің аты-жөнім Нұртілеу Тұрсынғалиұлы. Мен Сізге бүгін үлкен өтінішпен хат жолдап отырмын.

Мұндай хат жазу, әрине, мен үшін өте ауыр. Десе де, Сізден басқа мұңымды шағар адамым жоқ. Сіз облысымыздың басшысысыз. Сіздің де мен секілді немерелеріңіз бар шығар. Олардың қалауын әрдайым орындайтын шығарсыз. Мен өзімді Сіздің немереңізбін деп білемін. Қарға тамырлы қазақтың бәрі бір-бірімен туыс емес пе? 

«Әр бала бақытты болу үшін жаралады» дейді ғой үлкендер. «Мен бақытсызбын» дей алмаймын. «Бақыттымын» деуге де аузым бармайды. Ел қатарлы болуды ғана армандаймын. Бұл менің ғана емес, бауырларымның, әке-шешемнің, барлығы он адамның үшбу хаты деп қабылдағайсыз.

Алдымен Сізді өзімнің отбасыммен таныстырайын.

Міне, мынау менің отбасым. Алматы облысы, Талғар ауданы, Кеңдала ауылында біреудің қабырғасы көгерген, сыз үйін жалға алып күнелтіп жатырмыз.

Мына жігіттің аты – Бақытжан Тұрсынғалиұлы. Тоғызыншы сынып оқушысы. Менің ең үлкен ағам. Болашақта Оразалы Досбосынов секілді айтыскер ақын болуды армандайды.

Бұл – екінші ағам. Аты – Бауыржан Тұрсынғалиұлы. Жетінші сыныпта оқиды. Бауыржан Момышұлы секілді батыр болсын деп, әке-шешем атын Бауыржан деп қойған. Үш айдан бері бокс үйірмесіне қатысып жүр. Жуырда Есік қаласында өткен жарыста үшінші орын алды. Болашақта Қанат Ісләм секілді әлемді мойындатқан былғары қолғап шебері атанғысы келеді.

Үшінші ағам Қайсар Тұрсынғалиұлы төртінші сыныптың оқушысы. Біздің үйдегі сабақты өте жақсы оқитын бала – осы Қайсар. Оқымысты. «Сабаққа дайындалатын кең бөлмем болса ғой» деп қиялдайды. Сабақ үлгерімі – өте жақсы. «Ғалым боламын» дейді.  

Кейде суретші болғысы келіп, мынандай суреттер салады. Мынау «Өз үйіміз болса ғой» деген суреті.

Төртінші ағам Мирас Тұрсынғалиұлы «дәрігер болам» дейді. Қазір екінші сыныпта оқып жүр. Тұрып жатқан үйіміз сыз болғандықтан жиі ауырамыз. Әке-шешем ондай кезде емхананың табалдырығын тоздырады. Мирас сол үшін де дәрігер болғысы келеді. Кейде «Дәрігер болып, балаларды емдеп, көп ақша табамын. Сосын бай болып, біз секілді үйі жоқ адамдарға мынандай үй салып беремін» дейді.  

Бесінші ағамның аты – Дамир Тұрсынғалиұлы. Жасы алтыда. Әлі мектепке барған жоқ. Құдай қаласа, келер оқу жылында бірінші сыныпқа барады. Ол меніңше, аспаз болады. Анама қолқабыс жасап, ылғи да ас бөлмеде жүреді. Міне, ол тағы да біздің ас бөлмеде жүр.

Алтыншы ағамның есімі – Думан Тұрсынғалиұлы. Жасы бесте. Ағаларымның ішіндегі ең бұзығы осы. Мына мәшинеге мініп алып, бізге бір тыным бермейді. Түбі мықты шопыр болатын шығар. Үйімізде ойнайтын жер тар болғандықтан кейде аяғымды, кейде қолымды басып кетіп, мені жылатып қояды.

Жетінші ағамның аты Дінмұхаммед Тұрсынғалиұлы. «Дінмұхаммед Қонаев секілді ел басқарады» дейді әкем. Кім білсін, ол күнге де жетерміз.

Енді мен жайлы.

Мені қоя тұралық. Амандық ата, Сіз алдымен менің әке-шешеммен танысып алыңыз.

Анам Гүлмира сегіз ұлға жарық дүние сыйлаған – батыр ана! Қазақтың санын көбейтуге қомақты үлес қосқан «Алтын алқа» иегері.

Мынау менің әкем – Тұрсынғали Қабақов. Бізді ешкімнен кем қылмай өсіріп жатқан – батыр әке.

Әкемнің қолында отырған – менмін! Атым – Нұртілеу. Құдай бұйыртса, Нұртілеу Иманғалиұлы секілді мықты журналист боламын. Бірақ, оған дейін қайда? Қазір жасым әлі бірге толған жоқ.

 

Амандық ата, Сіз біздің отбасымен толық таныстыңыз. Біз ешкімге алақан жаймайтын, алақан жаюды намыс деп білетін отбасы едік. Әкем мен шешем өз күшімен үй салып алу үшін неше рет Талғар ауданына барып, жер сұрады.

 

Дәлел міне! Біз жер кезегінде 1036 адам болып тұрмыз. Бұл кезектің жылжитын түрі жоқ.

 

Жер кезегі келмеген соң, шешем көп балалы ана ретінде жалға берілетін тұрғын үй кезегіне жазылды. Оны алудың да уақыты әзір келетін түрі байқалмайды.

Енді міне, қабырғасы көкерген, едені сыз бір үйді отбасымызбен жалға алып күн көріп жатырмыз. Бұған дейін біз бірнеше пәтерді жалдап тұрдық. Көше-көше шаршадық, ата! Біз секілді көп баласы бар отбасыға ешкім үйін жалға бергісі келмейді. Әйтпесе, мына үйде бір күн тұрмай көшіп кетер едік.

 Амандық ата! Ақыр бастадым, бәрін айтайын. Біздің отбасылық бюджетіміз 65 мың теңге. Анам «Алтын алқасы» үшін айына 13 575 теңге алады. Менің бір жасқа дейінгі жөргекпұлым 18 800 теңге (бұл жақында тоқтайды). Әр үш ай cайын жәрдемақы ретінде 17 800 теңгені мемлекет береді.

Әкемнің айлығы бұрын 49 мың теңге еді. Қазір дағдарыс деп жалақысы қысқарып қалды. Қолына алатын ақшасы – 35 мың.

Енді өзіңіз есептеңізші. Осы 65 мыңның 15 мыңы пәтерақыға, 5 мыңы су мен жарыққа кетеді. Сонда, он адам 40 мыңмен өмір сүріп жатырмыз деген сөз.

Құрметті Амандық ата! Менің осы хатымды оқысаңыз бізге көмек көрсетіңізші. Өтінемін! Сізді іскер, қайырымды басшы деп білемін. Нұртілеу Иманғалиұлы айтпақшы біз де «бай қуатты болайық»!

Сәлемнен - мен (суреттегі) Нұртілеу Тұрсынғалиұлы!

Abai.kz

99 пікір 8436 рет оқылды Қосылған: 12.03.16
    • #1
    • Батыстың Самалы
    • сб, 12/03/2016 - 1:39

    Бұл кісілердің шаңырақ көтергендеріне 17-18 жыл болған екен, содан бері үй мен жер кезегіне тұрмай келген бе? "Жалға берілетін үй кезегіне жазылды"-дейді, ол соңғы 4-5 жыл турасындағы жағдай, ал бұдан 15-18 жыл бұрын неге жер алмаған, үйге неге кезекке тұрмаған?
    Бұрын 4-баласы барлар жеңілдік кезекте тұратын еді.

    • #2
    • Кемел
    • сб, 12/03/2016 - 1:44

    Нағыз - батыр ана! Мынандай балалары бар отбасы әлі-ақ аяққа тұрып кетеді. Осы бір қиын кезеңнен Амандық атасы демеп жіберсін деп тілейік. Лайым, көп балалы отбасылар аман болсын! Елім деген азаматтар қол созып, көмектесейік! Бұл балалар біздің ертеңіміз. Сұрларынан көрініп тұр, нағыз қазақы отбасы екені. Осы отбасыға көмектеспесе, Амандық Баталовқа сын!

    • #3
    • Колдаймын
    • сб, 12/03/2016 - 1:46

    Құдайдың берген ұлдары аман болсын! Мына балаларды көріп, біртүрлі аяп кеттім. Біз өзі қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Амандық Баталов жетім балаларға үй беріп жатушы еді. Мына періштелердің тілегін жерде қалдырмас деп ойлаймын.

    • #4
    • Ел
    • сб, 12/03/2016 - 1:48

    Дамыған елде тұрып жатырмыз дейміз. Мынаны көрген соң, жүрегім ауырды. Әр қазақ бапаналы болса екен. Мына бүлдіршіндердің алғысын алған адам екі дүниеде де бақытты болады.

    • #5
    • Fjjj
    • сб, 12/03/2016 - 1:50

    Келмейтін кезек қой. "Жыламаған балаға емшек жоқ" дейді қазақ. Балаларды жылатпайық. Амандық атасы немересін өкпелете қоймас.

    • #6
    • Бала
    • сб, 12/03/2016 - 1:54

    Барлық жағдайды ұғынықты етіп баланың аузымен айтқызыпты. Өте дұрыс жасаған. Суреттен-ақ жағдайлары қандай екені көрініп тұр. Әкесі мен шешесі де иманды адам екендіктері байқалады. Бізге осындай отбасыларды сақтап қалу керек. Осындай отбасылардың өмірін насихаттау керек. Сайлаубектен не тәрбие аласың. Нағыз қазақ қызының идеялы мына сегіз бала тапқан ана болуы керек. Баян Есентаева тарихта қалмауы мүмкін. Мына ана сегіз рулы елдің анасы болып, тарихта қалады. Амандық жігіт болсаң, қол ұшын соз!

    • #7
    • айбек
    • сб, 12/03/2016 - 1:57

    Мықты! Мықты! Мықты!
    Жарайсыздар!
    Үйлі болып, тағы да қазақтың санын көбейтіңіздер! Уақытша қиындыққа мойымаңыздар! Мен де Сіздердей көп балалы болғым келеді. Көбей, қазақ! Көбей!
    Жағдайын көріп, жүрегім ауырды. Сонда да қуанып отырмын! Бізде осындай отбасының барлығына.

    • #8
    • Идея
    • сб, 12/03/2016 - 2:08

    Жынды идея бар! Оны осындағы кім жеткізе алады.
    Айтыскер болғысы келетін балаға Ринат Зайытов көмек көрсетсе...
    Боксер болғысы келетін балаға Ермахан Ибрагимов көмек көрсетсе...
    Оқымысты балаға Асқар Жұмаділдаев көмектессе...
    Дәрігер болғысы келетін балаға мықты бір дәрігер көмектесе... жынды болар еді, иә... сол сияқты кете береді

    • #9
    • Мұқамбайұлы Қожырбеткәрім
    • сб, 12/03/2016 - 3:35

    Мұны nur.kz, tengrinews.kz-ке жазса, тиімдірек болар еді, онда оқырмандар көбірек.

    • #10
    • pikir
    • сб, 12/03/2016 - 6:18

    qazaqtyn zary

    • #11
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 12/03/2016 - 7:17
    Пікір алынып тасталды!
    • #12
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 12/03/2016 - 7:58
    Пікір алынып тасталды!
    • #13
    • Ащы шындық!
    • сб, 12/03/2016 - 7:59

    Капитализмге рахмет айт, шырағым! Әлеуметтік қорғау мәселесінен тыс қалған әлеуметтік мемлекет деген аты бар Қазақстанға рахмет айт, шырағым! Қазақсыз Қазақстанға рахмет айт, шырағым! Азғантай топты шексіз байытып, қалың қазақты қайыршыға айналдырған Нұркөкеңнің саясатына және оны жүзеге асырып жатқан Нұротанға рахметіңді айт, шырағым!

    • #14
    • Есенғали, Антакиядан
    • сб, 12/03/2016 - 8:17
    Пікір алынып тасталды!
    • #15
    • Аңқау қазақ
    • сб, 12/03/2016 - 8:55
    Пікір алынып тасталды!
    • #16
    • ШАЛА Казахпын
    • сб, 12/03/2016 - 9:16


    Казахстан мл.кв.площадь ЛАПША салады, Казахтын кулагына !!!

    • #17
    • Ерсін
    • сб, 12/03/2016 - 9:41

    Дамыған 30 елдің қатарына кірсек пәтесіздер пәтерлі, ақшасыздар ақшалы кедей бай болады байлар Тәңірге тәубе етеді. Ол енді 2050 жылға дейін болады деген экстрасенстер.

    • #18
    • Ардагер
    • сб, 12/03/2016 - 10:56

    Кәрі жүрегім ауырып кетті. Счет ашыңдаршы, пенсиямнан бөліп ақша жіберейін. Мұндай отбасылар қазір көп қой. Менің "құрдасым" әйелдер мерекесінде жас сұлу қыз-келіншектермен кездесіп, анекдот айтып, өзімен өзі мәз боп отырады. Шын халыққа жаны ашыса Нұртілеудің аналары сияқты әйелдермен кездесіп олардың мұң-мұқтажын білмей ме. Совет өкіметін жамандаймыз, бірақ ол кезде мұндай көп балалы семья айрықша қамқорлыққа алынатын.

    • #19
    • Нур
    • сб, 12/03/2016 - 11:35

    Отагасы биринши уйленбей турып уй алу керек еди...

    • #20
    • Нураткатбай
    • сб, 12/03/2016 - 12:06

    Бұндай Призидентке Әкімге ашықхаттың шегі болмайды, бұлай ашық хаттар билікке ұнайды өиткені халықтың өзіне тәуелді болғаны дұрыс, ашықхатты билік қарастырады да әлгі кісіге бір нашарлау нәрсені әпере салады, әлгі ұисіз күисіз жұрген байқұс билікке ризашылығын айтып билік халықтың алдында беделін жинайды, тегін берілетін нәрсені егер билік болмаса тентіреп далада қаласыңға меңзейді, Кажыгелдиннің басқарған ұш жылдағыдан кейін ешқандай реформа жұргізілген жоқ шала күиінде қалып қойды, Кажыгелдинан кейін ешкім реформа жасаған емес, әлі бұндай Призиденке Премерге Министрларға Депутаттарға Әкімге ашықхаттар көбеймесе азаймайды реформа, реформа тағы реформа керек

    • #21
    • ar
    • сб, 12/03/2016 - 12:22

    Иманғалилар бұны көрiп қалай тыныш ұйықтар екен?

    • #22
    • шындық
    • сб, 12/03/2016 - 13:14
    Пікір алынып тасталды!
    • #23
    • калбит
    • сб, 12/03/2016 - 13:29
    Пікір алынып тасталды!
    • #24
    • калбит
    • сб, 12/03/2016 - 13:37
    Пікір алынып тасталды!
    • #25
    • Құлыбек
    • сб, 12/03/2016 - 14:26

    Баладан артық байлық та, бақыт та жоқ. әрбір қазақ отбасы үшін де, еліміз үшін де солай. бала тағдырына беи- жай қарау біилік үшін де, мемлекет үшін де үлкен сын.

    • #26
    • bakyt
    • сб, 12/03/2016 - 15:01

    Құлыбек,әрбiр қазағымның перiште пәк сәбилер бақытты болулары керек едi. Әттең,әттең,әттең-ай.әттең жалған дүние-ай.

    • #27
    • врач
    • сб, 12/03/2016 - 15:01
    Пікір алынып тасталды!
    • #28
    • ШАЛА Казахпын
    • сб, 12/03/2016 - 15:16
    Пікір алынып тасталды!
    • #29
    • Самал
    • сб, 12/03/2016 - 15:54

    Амандық ағаның әділдігін, жанашырлығын, іскерлігін көріп жүрміз. Мүмкіндігінше көмектесетініне сенімдімін.

    • #30
    • мен
    • сб, 12/03/2016 - 22:03

    "Абай.кз"! Осы хаттың (кейін) нәтижесін жариялаңыздаршы...

    • #31
    • Оқырман
    • сб, 12/03/2016 - 22:10

    бытырлатып туа бермей алдымен үй алмады ма екен

    • #32
    • .
    • сб, 12/03/2016 - 22:22

    55тегi қубойдақ менде де үй жоқ

    • #33
    • Еркин
    • сб, 12/03/2016 - 23:01

    Нуртилеу инишек! Саган бул билик комектеспейди. Булар тек оз халкын урлап тонауды гана биледи. Бирак жакында казак даласында адилетти когам орнайды. Сол кезде сен,сенин бауырларын,ата анан озине тиесили несибесин алатын болады. Боган мына уры биликтин де, сенин де куманин болмасын!!!

    • #34
    • Еркин
    • сб, 12/03/2016 - 23:01

    Нуртилеу инишек! Саган бул билик комектеспейди. Булар тек оз халкын урлап тонауды гана биледи. Бирак жакында казак даласында адилетти когам орнайды. Сол кезде сен,сенин бауырларын,ата анан озине тиесили несибесин алатын болады. Боган мына уры биликтин де, сенин де куманин болмасын!!!

    • #35
    • Төреқали
    • сб, 12/03/2016 - 23:54

    Мәжіліс Депутатына үміткер Қайрат Нұртас кешегі Нұротаннын жиналысында сөйлеген сөзінде мен халыққа қызмет еткім келеді деген. Мүмкін көмекті Қайрат Нұртас беріп қалар ааа?

    • #36
    • Бас тарту
    • жб, 13/03/2016 - 3:30

    Мен сендерге бірден айтып қояйын, Қайрат Нұртас ешқандай көмек көрсете алмайды. Оның отбасында бес-ақ машина, үш-ақ үйі бар.
    Бірі-Алматыда, екіншісі-Астанада, үшіншісі-шамасы Түркістанда болуы керек.
    Үйлерінің, үйіндегі ваннасының тарлығы соншалықты, мамасының айтуынша Қайрат үйге симай, бассейіні бар Қонақ үйлерде түнейді екен.

    • #37
    • Есенғали, Антакиядан
    • жб, 13/03/2016 - 4:49
    Пікір алынып тасталды!
    • #38
    • ar
    • жб, 13/03/2016 - 8:11

    Ақырзаман болғандүр. Патша залым болғандүр. Арам шүбә толғандүр.қайран болар. Қожа. Ахмет. Құл. Қожа. Ахмет,басыңды и,жыламақты әдет қыл. Бәле келсе,сабыр қыл. Хақтан бәрi. Құл. Қожа. Ахмет.

    • #39
    • ШАЛА Казахпын
    • жб, 13/03/2016 - 13:31


    Журналистер Казахстан 25 жылда канша квартира салды соны жазындаршы, мл.кв. метр ЛАПША керек емес !!!
    мынау изгнивший капитализм сиякты ....... dw.com/ru/как-в-германии-решают-квартирный-вопрос-видео/a-19097339


    • #40
    • Куандык
    • жб, 13/03/2016 - 15:47

    Али ак бауырларым бари изине тусип баспаналы боласындар. Мын олип мын тирилген халыкпызгой. Бакытты болындар. Анан мен акелерине рахмет сендерди дуниеге акелген. Канеки казактын ар отбасында осындай улдар болса.

    • #41
    • Абзал Акеша
    • жб, 13/03/2016 - 19:31

    Менің айтарым,осындай отбасы елімізде бір ғана емес,бірнешеуі бар екен.Біріміз білсек те,біріміз білмейміз.Бұл отбасыға ой бұрғаным сегіз ұл,сегіз рулы ел.Бұл балалардың болашағы жарқын да,шынайы болуы тиіс.Қоғам ретінде,бауырлар ретінде бəрімізде ат салысайық.Біз міндеттіміз!

    • #42
    • Мақсұт
    • жб, 13/03/2016 - 20:17

    Сорлы қазақ неге әркімнен қолын жайып көмек сұрауы тиіс?! Нұртілеу сияқтыларлың әке, шешесі 25 жыл бойы әлеуләйліммен ән салып "гөләйттеп" жүрген жоқ шығар, тырбанып тіршілік еткен болар? Неге оларда не кұнкөріс жоқ, не баспана жоқ-итшілеген өмір?... Ал, Амандық сияқты әкімдер мен осы күнгі Қазақстандық байлар күндіз, түні жанын жалдап, мұрындарынан сүрлігіп жұмыс істеген жоқ шығар, ата-бабаларынан да мол мұра қалмаған болар? Неге олардың қағанағы қарқ, жағдайлары жақсы? ДЕМЕК -Нұртілеу сияқтылардың несібесі сол шенеуніктер мен солардың айналасындағылардың мойнында! Олар ол байлығын ешқашан нағыз иелерімен бөліспейді, өйткені -әділдікті білетін ақжүрек адам жұрттың ақысын, жетім-жесірдің несібесін жемес еді, ал жемесе -25 жылда аяқ астынан ғаламат байып кетпес еді. Ұры -ешқашан ұрлағанын иесімен бөлісу үшін ұрламайды!

    • #43
    • Ашынған
    • жб, 13/03/2016 - 20:40

    Дәл айттың , Мақсұт!

    Әнеу бір жылдары Шешенстандағы бір отбасына микроавтобус , Мәскеудегі бір көпбалалы орыс отбасына пәтер сыйлап жүрген қазақ байлары қайда жүр? Сыйлағыш болса осы өзіміздегі үйсіз-күйсіз жүрген қазақ отбасыларына неге бермейді?

    • #44
    • El estimes
    • жб, 13/03/2016 - 23:43

    Mina otbasinda jagdai ote kin osindai ot basilarina komek kop korsetilse agalarimiz kol berse wirkin. Otan ot basinan bastaladi!!!..

    • #45
    • Жолаушы
    • дн, 14/03/2016 - 9:44

    Мұндайда осындай отбасыларға көмек қолын қалталылар созуы керек. Бірақ біздің елбасымыздың әділ саясатының арқасында ақшалы қапшық үстінде отырғандардың бәрі өзінің құда жекжат, туыстары, қыздары мен күйеу балалары. Одан қала берсе, кәріс, бұқара жебірейі, тағы басқа да жәдігөйлері. Мәселен, Алматыдан шыға берістегі саяжайлық жерлерді КИМ деген дөкейінің қарындасы соткасын он жеті мың доллардан сытырлатып сатыпты. Соған кіл қазақ мәз болып, үй салып жатыр. Әлгі қатын Ташкенде тұратын көрінеді. Сонда қазақтың жерін қазаққа әлгіндей ақшаға сататындай ол жерді кәріс қатынға қай ата бабасы тастап кетті екен десеңізші!!! Түбінде осылардың бір сұрауы болады ғой!!! Адам асыққанмен, Құдай асықпайды деседі. Бір зауалын даярлап жатқан да болар!!!

    • #46
    • Жолаушы
    • дн, 14/03/2016 - 9:46

    Мұндайда осындай отбасыларға көмек қолын қалталылар созуы керек. Бірақ біздің елбасымыздың әділ саясатының арқасында ақшалы қапшық үстінде отырғандардың бәрі өзінің құда жекжат, туыстары, қыздары мен күйеу балалары. Одан қала берсе, кәріс, бұқара жебірейі, тағы басқа да жәдігөйлері. Мәселен, Алматыдан шыға берістегі саяжайлық жерлерді КИМ деген дөкейінің қарындасы соткасын он жеті мың доллардан сытырлатып сатыпты. Соған кіл қазақ мәз болып, үй салып жатыр. Әлгі қатын Ташкенде тұратын көрінеді. Сонда қазақтың жерін қазаққа әлгіндей ақшаға сататындай ол жерді кәріс қатынға қай ата бабасы тастап кетті екен десеңізші!!! Түбінде осылардың бір сұрауы болады ғой!!! Адам асыққанмен, Құдай асықпайды деседі. Бір зауалын даярлап жатқан да болар!!!

    • #47
    • Алашшыл
    • дн, 14/03/2016 - 10:21

    О, сұмдық, рас па? Осыны әлгі заң орындары неге тексермейді? Кимнің бе, кімнің қатыны болса да, жазасын тартқызбай ма?

    • #48
    • Алмас
    • дн, 14/03/2016 - 10:28

    Мұндай отбасыға жəрдемдесу қазақ қанында бар қасиет. Елбасымыздың өзі мұндай жандарға қамқорлық жасап жүргендігі баршамызға мəлім. Амандық Ғаббасұлы да осындай азаматтық танытарына сенеміз.

    • #49
    • #Ажар
    • дн, 14/03/2016 - 10:52

    Əр қазаққа тəн қасиет көмек көрсету. Ел ағалары, халық қалаулыларыда қамқорлық жасайды.Адамның ең бірінші бақыты бала.

    • #50
    • #Ажар
    • дн, 14/03/2016 - 10:52

    Əр қазаққа тəн қасиет көмек көрсету. Ел ағалары, халық қалаулыларыда қамқорлық жасайды.Адамның ең бірінші бақыты бала.

    • #51
    • #Ажар
    • дн, 14/03/2016 - 10:52

    Əр қазаққа тəн қасиет көмек көрсету. Ел ағалары, халық қалаулыларыда қамқорлық жасайды.Адамның ең бірінші бақыты бала.

    • #52
    • #Ажар
    • дн, 14/03/2016 - 10:52

    Əр қазаққа тəн қасиет көмек көрсету. Ел ағалары, халық қалаулыларыда қамқорлық жасайды.Адамның ең бірінші бақыты бала.

    • #53
    • #Ажар
    • дн, 14/03/2016 - 10:52

    Əр қазаққа тəн қасиет көмек көрсету. Ел ағалары, халық қалаулыларыда қамқорлық жасайды.Адамның ең бірінші бақыты бала.

    • #54
    • #Ажар
    • дн, 14/03/2016 - 10:52

    Əр қазаққа тəн қасиет көмек көрсету. Ел ағалары, халық қалаулыларыда қамқорлық жасайды.Адамның ең бірінші бақыты бала.

    • #55
    • Айгул
    • дн, 14/03/2016 - 11:00

    Қазақтығымызды сақтап отырған осындай отбасына Иншаллах комек корсетіледі деп сенемін. Қолы ашық, мәрт, жомарт жігіттеріміз жетерлік!

    • #56
    • оқырман
    • дн, 14/03/2016 - 11:01

    Шынымен, неменеге бытырлатып таба береді, бір уақ жан-жағына қарау керек қой. Балалар да сыныптастардың мазағына қалып, әрең жүрген шығар. Қазіргі заманда бір тал жусан артық шықпайды. Малшы болып жалданса, тамақтары тоқ, тұрар жерлері болады, еңбекақысы және бар, балалар интернатта оқи алады.

    • #57
    • болар-болмас
    • дн, 14/03/2016 - 11:04

    Сен 31... бытырлап туылган сен боларсын мумкін... Жанын ашыс булай запыран шашып кулмеген болар едін... Туса балаларын шашыратып тастаган жок кой, барі де мейлінше кутімді, көздерінде оты, журектерінде шоктары бар балалар булар, соны да кормей отырсын ба... Ессіз неме сол, одан да ундемей-ақ койганын әлдекайда дурыс болар еді... Урлыкпен байыган, айналасына катыгандер катарынан боларсын, сен де...

    • #58
    • Жандос
    • дн, 14/03/2016 - 11:31

    Жолың болсың Нұртілеу! Талабыңы нұр жаусын!

    • #59
    • # Арсен
    • дн, 14/03/2016 - 11:38

    Осындай қайсар қазақ жігіттері дүниеге келіп жатқаны қуантады. Алла денсаулық, талант берсін. Ал, Амандық ағамыздың мәрттігін, әділдігін, жанашырлығын бәріміз көріп жүрміз. Көмек көрсетеді деп сенемін.

    • #60
    • Субару
    • дн, 14/03/2016 - 11:46

    Не дейміз, үйлі болыңыз,қазағымыздың біртуар азаматтары болыңыздар,ең бастысы ауру сыркаудан аман болыңыздар!

    • #61
    • Алан Асхатулы
    • дн, 14/03/2016 - 12:00

    Интернатқа бер дегенің қай сасқаның.Өзің бəлкім интернатта өскен боларсың.Үйдегі анам интернатта жұмыс істейді.Көріп жатырмыз ғой көзімізбен жағдайды.Жəйтеңдеп екі көздері терезеде.Қарындары аш.Жалпы жағдайы мəз емес.Жоғарыдағы бауырымыз айтқандай бұл балалардың жанарынан,дидарынан отты,шуақты көресің.Алла қаласа балалардың (періштелердің)тілегі қабыл болады!

    • #62
    • ana
    • дн, 14/03/2016 - 12:33

    Жасаған иеме,әуелi,қалды ата-баба әруақтарға көп сиынып,дұға бағыштап оларға жалбарыну керек. Бала берген. Алла,жақсы пана да бередi. Әр руда әулиер болады,соларға зираттап,май жағып отырып,лә хәулә уәлә қуатыны көп айтулары керек. Анасы басына ақорамалды тастамау керек. Бiрiншi әрине ниетi дұрыс болса,тiлектерi қабыл болар.

    • #63
    • Балнур
    • дн, 14/03/2016 - 13:24

    Қазағымның батыр ана,қайсарлы, жігерлі, намысшыл ер азаматтары, қазақ арулары көп болса екен деймін. Осындай отбасылар көп болса екен дей отырып,..,әрине жағдай да жасау білу керек болашақ ұрпаққа. Құрметті Нұртілеу Сіздің өтінішіңіз назардан тыс қалмайтынына сенімдіміз. Деніңізге саулық,отбасыңызға амандық, тілеген тілектеріңіз қабыл болсын!

    • #64
    • Гаухар
    • дн, 14/03/2016 - 14:07

    Алматы облысының əкімі Амандық Ғаббасұлы халқындай қарапайым, жаны игі азамат мұндай көп балалы отбасына көмегін көрсетері анық. Көп балалы қазақтың отбасы көбейгей! Тек қана алға Нұртілеу!

    • #65
    • Гүлеке
    • дн, 14/03/2016 - 14:08

    қашан сұрайды деп күтіп отырғанша, бұлҮкімет тиесі жер мен үйді неге бермейд халқына?!!!! Жылағанның көзі жаман дегізбей, бер! БЕр! қазаққа қазақтың жерінен! жерді де бер, үйді де бер!

    • #66
    • Таза Қазақпын
    • дн, 14/03/2016 - 14:10

    Қазақты ойлайтын, қазаққа бас көз боп нағыз президент болатын жоғары жақта екі ақ адам ғана қалды. Олар менің президентім деуге лайық Бердібек Сапарбаев пен Иманғали Тасмағамбетов. Қалғандары қазақты ойламайтын сияқты!

    • #67
    • Айдос
    • дн, 14/03/2016 - 14:19

    Жігіттің жазғанын оқып әр түрлі сұрақтарға жолығуға болады. Мысалы отасып отан құрғандарына 20 жылдай уақыт өтті. Осы мерзім ішінде ата - анасы неге әрекет етіп, баспанаға қол жеткізе алмады деуге де болады, бір қырынан қарар болсақ тағдыр тәлкегіне түсіп әр түрлі қиыншылықтардан бас көтермеген де шығар. Мәселенің мән - жайын білмей тұра шешім шығару өте қиын. Сондықтан, ел басқарып жүрген аталарымыз дұрыс жолын тауып, шешім шығарар деген ойдамын

    • #68
    • ar
    • дн, 14/03/2016 - 14:42

    Қара су есiк алды ылайланды. Бай болмақ,кедей болмақ құдайдан-ды,демекшi,басшы болу да құдайдың қалауы,бұны сезiнетiн де сезiнбейтiн де болады. Жүрегiнде иманы бар басшы,жылы орын,жылы жұмсақты маған босқа бермеген шығар,халқыма риясыз қызмет қылайын,ертең ақыретте сұраса не деп жауап берем деп қорқады. Имансыз басшы,өзiмнiң бiлiктiлiгiмнен,деп,өзегi iсiп,ештеңе көргiсi,естiгiсi келмейдi. Хазiрет. Омар. Құдайдың досы,оған ырза болсын.мықты халифа болса да жаңғыз шапанмен жүрген екен,қарiп-қасiрлердiң үйлерiне барып жәрдем берiп тұрған екен,жарықтық,иманды болғыр.

    • #69
    • Нұр.
    • дн, 14/03/2016 - 16:05

    Облыс əкімі А.Ғаббасұлы қашанда халыққа жанашыр азамат екенін көрсете білген. Осы жолы да бұл отбасына бей-жəй қарамайтыны анық. Кішкентай Нұртілеудің тілеуі орындалар деген үміттеміз.

    • #70
    • #
    • дн, 14/03/2016 - 16:08

    Бұл кісілердің туып-өскен ауылы, тұрған үйлері болған шығар, үйленгенге дейін. Мүлдем үйсіз адам болмайды ғой. Ол туралы да айта кетулері керек еді, түсінікті болу үшін. Бұл жерге қайдан келді, немесе осында туып-өсті ме дегендей.
    Әрине, қиын жағдай.
    Мүлдем баспанасыз, көшеде, тротуарда өмірге келетін бір мемлекет бар, ол Индия. Олар о дүниеге де солай көшеде жүріп аттанады екен, бір жағынан климат та көмектеседі, үнемі жаз, жылы.
    Ал бізде үйсіз, далада өмірге келген адам жоқ қой, әйтеуір бір баспанасы болады. Бірақ кім біледі, ол баспанадан қандай да бір жағдаймен айырылып қалуы да мүмкін. Осы сайлау алдында бір байлардың құлағына жетсе мүмкін қол ұшын созар.

    • #71
    • Шым0ала
    • дн, 14/03/2016 - 16:12

    Айта береді екенсіздер. Әкім қалай көмектеседі ? Ол басқаратын облыста бұндай семьялар ондап емес, жүздеп емес, мыңдап саналады. Үй мен жер алу үшін тиісті құжаттар жинап, тапсырып, кезекке тұру керек. Кейбіреулер соларды жинап тапсыруды да қиындық деп біледі. Мына Нұртілеудің әкесі жер алуға неге тек 2010 жылы арыз жазған ? Ал шешесі арендалық үйге арызды неге тек 2014 жылы жазған? Бұрын қайда болды, қайда тұрды ? Мүмкін бұл ата-аналарының жауапсыздығынан болар? Автор неге осы жағын толық көрсетпеген ? Бізде Шымкентте қазірде тек 2002 жылы кезекте тұрғандар (арендалық үйге) алып жатыр. Әкім заңды бұзса өзі сотталып кетеді, әйтпесе бұл әкім әкімдердің ішіндегі ең қайырымдысы секілді, бірақ, оның да мүмкіншілігі шектеулі ғой, ақыл айтқанша счетын сұрап алып, неге мүмкіндігінше ақша салмайсыңдар. Көп түкірсе көл емес пе? Бірдеменің басын құрар, немесе жер сатып алар?

    • #72
    • Ақсу аудан жастары
    • дн, 14/03/2016 - 16:13

    Әр баланың өз несібесі бар. Мемлекеттен қолдау табады деген сенімдіміз.

    • #73
    • шонжы
    • дн, 14/03/2016 - 16:28

    Кішкентайымыздың тілегі қабыл болғай. Облыс əкімі Амандық Ғаббасұлы Нұртілеуіміздің арманын бақытқа ұластырарына сеніміміз мол.

    • #74
    • Ескелді ауданының жастары
    • дн, 14/03/2016 - 16:33

    Өмірде жақсы адамдар көп қой.Осы кісілердің мәселесін шешуге бірігіп көмек көрсетсек нұр үстіне нұр болар еді.

    • #75
    • Азамат
    • дн, 14/03/2016 - 16:47

    Әрине өте күйінішті жағдай. Болашақта облыс әкімдігі мен басшыларымыз көмек қолын созатындығына кәміл сенімдіміз

    • #76
    • Алакөл ауданы
    • дн, 14/03/2016 - 16:53

    Нұртілеу бауырымыздың отбасына шексіз алғысымызды білдіреміз. Үміттеріңізді үзбей, мемлекет тарапынан берілетін көмекті шыдамдылықпен күтулеріңізді сұраймыз! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!

    • #77
    • Ақмарал Эржанкызы
    • дн, 14/03/2016 - 17:08

    Біріншіден,Нұртілеудің анасына халық санын көбейтуге қосқан үлесі үшін Алғыс білдіргім келеді. Екіншіден,балаларының өмірге деген жігері мен ынтасы үшін...алған тəрбиелері үшін...Енді осы аталған отбасына керекті деңгейде көмек көрсетілсе,нұр үстіне нұр болар еді! Тек сол бөлінген ақша мен көрсетілетін көмек өз бағыты бойынша жұмсалса жарар еді,тағы бір қалтасы тереңнің қолына кетпей...

    • #78
    • Сарқан ауданы
    • дн, 14/03/2016 - 17:20

    Осындай батыр аналарымыз асқар таудай әкелеріміз аман болсын! Алла қаласа әлі бәрі жақсы болып баспаналы боласыздар!

    • #79
    • Сарқан ауданының жастары
    • дн, 14/03/2016 - 17:25

    Уақытша қиындыққа мойымаңыздар! Тілектеріңіз қабыл болып, тезірек баспаналы болыңыздар!

    • #80
    • Қаратал ауданы
    • дн, 14/03/2016 - 17:33

    Нұртілеу бауырымыз бәрі уақытша тек өмірмен күресе білу керек саған айтарымыз өмірге деген махабатын алға қойған мақсаттарын еш қашан сөнбесін тек қана алға!

    • #81
    • Жамбыл ауданының жастары
    • дн, 14/03/2016 - 17:39

    Мемлекет тарапынан тиісті көмек көрсетілетініне сенімдіміз!!! Нұртілеудің бауырлары мен əке-шешесіне сəттілік тілейміз!!!

    • #82
    • Еңбекшіқазақ ауданы
    • дн, 14/03/2016 - 17:50

    Нұртілеу інім, Сенің ата- анаң қазақтың нағыз батыр да батыл азаматтары деп білеміз. Сонымен қатар, ата - анаңа алғысымыз шексіз. Бұл сендердің отбасыларыңа берілген АЛЛАның уақытша ғана сынағы деп білгейсіңдер. Тек қана шыдамдылықпен күтіңіздер демекпіз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.

    • #83
    • Еңбекшіқазақ ауданы
    • дн, 14/03/2016 - 17:50

    Нұртілеу інім, Сенің ата- анаң қазақтың нағыз батыр да батыл азаматтары деп білеміз. Сонымен қатар, ата - анаңа алғысымыз шексіз. Бұл сендердің отбасыларыңа берілген АЛЛАның уақытша ғана сынағы деп білгейсіңдер. Тек қана шыдамдылықпен күтіңіздер демекпіз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.

    • #84
    • Еңбекшіқазақ ауданы
    • дн, 14/03/2016 - 17:50

    Нұртілеу інім, Сенің ата- анаң қазақтың нағыз батыр да батыл азаматтары деп білеміз. Сонымен қатар, ата - анаңа алғысымыз шексіз. Бұл сендердің отбасыларыңа берілген АЛЛАның уақытша ғана сынағы деп білгейсіңдер. Тек қана шыдамдылықпен күтіңіздер демекпіз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.

    • #85
    • Еңбекшіқазақ ауданы
    • дн, 14/03/2016 - 17:50

    Нұртілеу інім, Сенің ата- анаң қазақтың нағыз батыр да батыл азаматтары деп білеміз. Сонымен қатар, ата - анаңа алғысымыз шексіз. Бұл сендердің отбасыларыңа берілген АЛЛАның уақытша ғана сынағы деп білгейсіңдер. Тек қана шыдамдылықпен күтіңіздер демекпіз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.

    • #86
    • Еңбекшіқазақ ауданы
    • дн, 14/03/2016 - 17:50

    Нұртілеу інім, Сенің ата- анаң қазақтың нағыз батыр да батыл азаматтары деп білеміз. Сонымен қатар, ата - анаңа алғысымыз шексіз. Бұл сендердің отбасыларыңа берілген АЛЛАның уақытша ғана сынағы деп білгейсіңдер. Тек қана шыдамдылықпен күтіңіздер демекпіз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.

    • #87
    • Жандос
    • дн, 14/03/2016 - 18:12

    Көп балалы отбасына мемлекет әрдайым көмек көрсетіп келеді, көрсетеді де. Атқа мінер ел азаматтары қол үшін берсе, нұр үстіне нұр болар еді.

    • #88
    • Ереке
    • дн, 14/03/2016 - 18:42

    Бұл жанұяның не үшін, қалай бұндай жағдайда қалғаны біз үшін жұмбақ болып қала берсін. Десек те, осындай көпбалалы жанұясымен тағдырдың тəлкегіне түсіп, қиыншылықты бөлісіп, шешу жолдарын бірге іздеп жүрген отбасына алғысымды айтамын. Бастысы отбасын сақтап, балаларды қалдырмағаны. Осы хат Амандық Ғаббасұлына жетсе, бір амалын табады деп сенемін. Біздің əкім - "Үздік Əкім". Шыдамды болыңыздар, бәрі уақытша, балалардың армандары орындалсын!

    • #89
    • Мадина Абилкасым
    • дн, 14/03/2016 - 19:27

    Осы отбасыга комек керек! Балаларынын арманы орындалуы кажет!

    • #90
    • Самат Кансейт
    • дн, 14/03/2016 - 19:28

    Неге сорлы казак ойламайды, аким не истеп жур!

    • #91
    • Мухтар Кенесулы
    • дн, 14/03/2016 - 19:32

    Жалпы, елимизде кедейшилик кобейып барады! Буны аким корип жур ма ози? Кометесейын деген ойы бар ма ози?!

    • #92
    • Бибігүл
    • дн, 14/03/2016 - 23:42

    Кең байтақ қазақ жерінде неге жерге, баспанаға зәруміз?! Басқа ұлт өкілдері қарапайым қазақтың түсіне кірмейтін ғимараттарда, жайларда өмір сүреді.Қаншама үй - жайларды жалға береді. Жалдамалы үйде тұратын да қазақтар. "Қазақтан басқа кім квартир іздейді"-деп Тука айтқандай... Ең болмаса құдайдың қара жерін тегін үй салуға беруді реттесе ғой. Сонда қожайынға төлеген ақшасын өз үйіне жұмсап, көрінгеннің босағасында, "қорада" өмір сүрмес еді.

    • #93
    • Бибігүл
    • дн, 14/03/2016 - 23:42

    Кең байтақ қазақ жерінде неге жерге, баспанаға зәруміз?! Басқа ұлт өкілдері қарапайым қазақтың түсіне кірмейтін ғимараттарда, жайларда өмір сүреді.Қаншама үй - жайларды жалға береді. Жалдамалы үйде тұратын да қазақтар. "Қазақтан басқа кім квартир іздейді"-деп Тука айтқандай... Ең болмаса құдайдың қара жерін тегін үй салуға беруді реттесе ғой. Сонда қожайынға төлеген ақшасын өз үйіне жұмсап, көрінгеннің босағасында, "қорада" өмір сүрмес еді.

    • #94
    • Балжан
    • сс, 15/03/2016 - 0:11

    Ешбір кезексіз 18-ге толған әрбір қазақ азаматына кезексіз-ақ қалаған жерінен жер берілсе. Бұл қазақ балалары үшін болса. Елімізде қалталы азаматтар: кәсіпкерлер, бизнесмендер, ірі-ірі компаниялар бар. Қара нанмен күн кешіп жүрген қазақтардың айлық асын бір сәтте жұмсайды. Осындай табыскерлер ең болмаса жылына бір отбасын баспанамен қамтамасыз етсе де жаман болмас еді ғой...
    Қаншама қазақ отбасы кезекке тұрғаны бар, тұрмағаны бар үйсіз-жайсыз өмір сүруде. Ел әкімдері солардың қанша екенін білсе ғой.

    • #95
    • алаү
    • сс, 15/03/2016 - 12:46

    көзімнен жас шығып кетті ғөй, хат арналған адамына жетті ме екен ?
    әй,қалың елім қазағым, қайран жүртым,,,!!!

    • #96
    • 25=???
    • сс, 15/03/2016 - 16:04

    Елдiң,жердiң,ен байлықтың иесi бола тұра қазақтың осылай "рухын сындыру" кiмдерге керек боп тұр?

    • #97
    • Айгүл
    • бн, 17/03/2016 - 11:49

    Осында 96 адам пікір жазыпты. Ал енді осы отбасыға Амандық атасы үй алып беріпті, оны да Абай.кз сүйіншілеп жазып отыр. Жұрт лəм-лим демейді. Неге?

    • #98
    • Бақыт
    • бн, 17/03/2016 - 15:55

    Ертеректе қазақтар қиналған ауылдастарға, ағайынға қауым болып көмектесуші еді. Қәзір басшыларды қаралап, байларды күндегеннен аса алмаймыз. Баспана берілген екен, ал бұл отбасының басқа да мұктажы жоқ па? Ел болып көмек етейік дәл қәзір, әлі ақ балалар аяқтанып кетеді. Ел екенімізді білдірсек балаларымыздың көкіректеріне бірлік деген ұғым ұяламай ма?
    Есеп шот ашсын: ай сайын екі мың теңге аударып тұра аламын. Сол ауылдың көкірегі ояу жігіттері бар деп сенемін есепшот ашып беретін. Менің телефоным: 8 701 783 39 63

    • #99
    • Туысы
    • дн, 18/04/2016 - 18:00

    Нұртілеудің анасымен хабарласам деушілер болса,мына номерге хабарласыңыздар:+77756950249

Пікір қосу

  • 5 + 28 =

Кіру