"2019 жылдың басынан бері интернет-ресурс иелері мен сайт әкімшілігіне ұсыныс айтылып, 25 мыңнан астам заңға қайшы материал жойылды. Терроризм мен діни экстремизм идеологиясын насихаттаған 13 мыңнан астам материал жабылды" деді Дәурен Абаев.
Қазақстан билігі жыл сайын "экстремизмді насихаттаған сайттар мен материалдардың жойылып" жатқанын хабарлағанмен олардың тізімін жариялаған емес. Олардың арасында "билікке жақпайтын сайттар" болуы мүмкін екеніне алаңдаған кейбір құқық қорғаушылар бұл процедура ашық болуы керек деп санайды.
Abai.kz