Жұма, 22 Қараша 2024
Экономика 32305 0 пікір 18 Қараша, 2019 сағат 12:55

Жасанды интеллект арқылы өкпе ауруларына диагностика жасайтын онлайн қызметін іске қосылды

 

Нұр-Сұлтанда "Инновацияларды ынталандыру: ғылым мен бизнестің кооперациясы" атты конференция өтуде. Іс-шара Қазақстандағы ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибелерін таныстыру үшін маңызды оқиғалардың бірі болып саналады. Конференция "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ұйымдастырылды.
Конференция барысында қазақстандық ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибесі, сондай-ақ Қазақстан экономикасының үдемелі дамуын жүзеге асыру үшін бизнеспен жемісті ынтымақтастықтың нәтижелері таныстырылады.
Іс-шарада қазақстандық ғалымдар жасанды интеллектті медициналық мақсатта пайдалануға байланысты әзірлемелерді ұсынды. "Crystal Spring" компаниясының бас директоры Алексей Тучин осы өнертабыс туралы толығырақ айтып берді.
"Біздің жоба жасанды интеллектпен өкпе ауруын қашықтан анықтауға арналған. Қазақстанда бұл қазір қарқынды дамып келе жатқан өте жаңа тақырып. Қазіргі уақытта жоба іске қосылып, пайдалануға берілді. Нейрондық желілердің жасанды интеллект модельдерін сынақтан өткізу және басқару басталды. Сервистің негізгі артықшылығы ол 24/7 жұмыс істейді,яғни уақыт пен орынға қарамастан өз суретін сервиске жүктеуге және 14 өкпе ауруы бойынша нәтиже алуға болады. Және бұның барлығы онлайн түрде өтеді. Біз өкпе ауруымен қатар ауруды ерте кезеңде анықтау үшін мамограмма есепке алынып, талданатын болады. Қазір Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей, бірнеше мәселе бар. Біздің жүйе белгілі бір аймаққа байланысты емес, яғни Қазақстанның және бүкіл әлемнің кез келген нүктесінен суреттерді жүктеп, нәтиже алуға болады. Жоба өте ауқымды, өйткені біз қазір Өзбекстанның мемлекеттік органдарымен келіссөздер жүргізудеміз,олар бізге мүдделі. Бірақ коммерциялық мақсаттардан басқа біз әлеуметтік құрамдас бөлікті - медициналық қызметтердің жоғары деңгейін қамтамасыз етуді ескереміз. Біз 2019 жылдың маусымында Дүниежүзілік банк пен ҚР БҒМ Ғылым комитетінің қолдауына ие болдық. Қазіргі уақытта біз "Өнімді инновацияларды ынталандыру"жобасы шеңберінде ақпараттық және қаржылық қолдау алуды жалғастырамыз. Бұл біздің жобаны жүзеге асыруда өте жақсы көмек", - деді Тучин.
Конференция аясында "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының операциялық қызметі мәселелері бойынша пікірталас алаңы өтіп жатыр, онда ғылым мен бизнестің тығыз өзара іс-қимылының өзекті мәселелері, сондай-ақ қазақстандық ғылыми жетістіктерді дамытудың маңызды факторларының бірі ретінде инновацияларды ынталандыруды қолдау талқыланады.
Сондай – ақ, шара аясында "Өнімді инновацияларды ынталандыру-табысты жобалар" көрмесі өтуде. "BioMix" компаниясы бірінші отандық "BioMix7BLB" биопрепаратын органикалық ластағыштардан кәріздік ағындарды жинағыш көлдерді биологиялық тазарту үшін белсенді микроорганизмдер негізінде әзірледі. "EcoSave" агроөнімдерді қорғау технологиясын отандық әзірлеуші агроөнімдерді микробтық аурулардан және көкөніс қоймаларында ұзақ сақтау кезінде қамба зиянкестерінен қорғау үшін экологиялық қауіпсіз биопрепараттарды ұсынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1454
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5258