Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4369 6 пікір 27 Қараша, 2019 сағат 12:52

Екпеге қарсы шығу - дүмшеліктен шығатын байлам

«Вакцинаны міндеттеуге болмайды» дейтін ұстанымдағы сақалды депутат пен «Қан тапсыруға я құйдыруға үзілді-кесілді қарсымын» дейтін Иегова куәгерінде еш айырмашылық жоқ.

Деструктивті дін өкілі қан құюды адам етін жеумен теңестіреді. Ал екпеге қарсы шығу - дүмшеліктен шығатын байлам. Детерменистік санадағы діншіл «Әлі келмеген, келуі күмәнді болған аурудан қорқып екпе егу – Алланың тағдырына қарсы шығу, болашақты болжау. Бұлай істеу - харам» дегенді алға тартады. Әлде сол бауырлар қажылыққа барарда менингитке қарсы екпені еріккеннен ектіре ме?

Сентиментал депутат Бекболат ағамыз өз баласына демді қобызбен салатын шығар, ал екі оттың ортасында әрі-сәрі боп қалған жұрт «Ниса» сүресіндегі «Олар сақтық шараларын қамтамасыз етіп, қарулансын!» деген аятты негізге алсын.

Усама ибн Зайдтан жеткен хадисте: «Қайбір жерде жұқпалы ауру тарады дегенді естісеңдер, ол жаққа аяқ баспаңдар. Егер оба ауруы сендер тұрған мекенде тарай бастаса, ол жерден кет­пеңдер» - дейді. Бұл хадисте аурудан сақтан, ал ауру басқа жаққа таралып кет­песін деген ескерту жатыр. Демек, депутат айтқан «Адам құқығына қол сұғу» деген критерий буынсыз жерге пышақ ұру ғана.

Бәлкім ол 1960 жылы қызылшаға қарсы екпе табылғанша үш миллионға жуық адам өлім құшқанын (ДДҰ мәліметі) білмейтін шығар. Әлемдегі қызылшаны таратын індет ошағына айналған мемлекеттер арасында үздік ондыққа кіретініміз - сол дүмшеліктен шыққан дилемманың нәтижесі.

Дәурен Дариябектің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322