Жексенбі, 4 Қазан 2026
4188 0 пікір 2 Желтоқсан, 2019 сағат 12:56

Гонконгта жексенбі күні наразылық акциялары қайта жалғасты

Гонконгта жексенбі күні полиция үкіметке қарсы наразылық акцияларына шыққан бірнеше мыңдаған адамды таратуға тырысты.

Жексенбі күні Гонконг тұрғындары "Гонконгты азат ету" деген ұранмен тағы көшеге шықты. Полиция бірнеше акцияға қатысушыларды ұстап, оларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды.

Өткен жексенбіде аудан билігіне сайлау өтіп, қала тыныш болған. Сайлау нәтижесінде Қытай саясатына қарсы үміткерлер жеңген.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, белсенділер үкіметке қарсы мәлімдемелерін жалғастыра бермек. Биыл маусым айынан бері басталған наразылық акциялары барысында халық әуежайға, мектептерге, жеке компаниялар және үкімет үйлеріне баратын жолдарды жапқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 640
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 899