Бейсенбі, 10 Сәуір 2025
Билік 2817 0 пікір 10 Желтоқсан, 2019 сағат 10:24

Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың есебін тыңдады. Онда Үкіметтің еліміздегі әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж тұрғындардың жағдайына қатысты атқарып жатқан жұмысы туралы айтылды. 2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек, ең алдымен, аз қамтылған отбасылардың балаларына беріледі.

Мемлекет басшысы облыстардағы азаматтардың арыз-шағымдарын әділ әрі тиімді қарастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Осыған байланысты барлық деңгейдегі әкімдердің жауапкершілігі айтарлықтай артатын болады.

Кездесу барысында міндетті медициналық сақтандыру жүйесін сапалы жүзеге асыру мәселесі де қарастырылды. Үкіметке нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевқа Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова  Қорғаныс министрлігіне, «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына және «Қазарнаулыэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы туралы баяндады. Есеп комитетінің төрағасы «Қазақстан инжиниринг» компаниясының қаржылық-шаруашылық жұмысындағы ретсіз шығындар, қарыз жүктемелерінің артуы, холдингтегі өндіріс жүйесінің әбден ескіргені жөнінде мәлімет берді.

Мемлекет басшысы аудит қорытындысы бойынша жинақталған материалдарды өкілетті органдарға жолдауды, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыруды тапсырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1705
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4462
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3454